Ф КГМУ 4/3-08/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Гистология кафедрасы
Студенттердің өзіндік жұмысы арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: «Эпителий тіндері. Адамның жасына байланысты гистологиясы, мамандануы және қалпына келуі.»
Пән: гистология 1
Мамандығы: 5В130100 - "Жалпы медицина"
Курс: 2
Құрастырушы: оқытушы Алдабергенова Ш.Т
Қарағанды 2011 ж.
Кафедра отырысында талқыланған және бекітілген
Хаттама № 3. 01.09.2011 ж.
Каф. меңгерушісі, м.ғ.д Дюсембаева Н.К
Тақырыбы: «Эпителий тіндері. Адамның жасына байланысты гистологиясы, мамандануы және қалпына келуі.»
Мақсаты: Эпителий шекаралық тін, ол адам организмін (ішкі ортаны) сыртқы ортадан бөліп, тіндер мен мүшелерді әртүрлі зиянды факторлардың әсерінен сақтайды. Қалпына келу қабілеті өте жоғары. Эпителий тіндері зат алмасу процестеріне белсенді қатысады. Сабақтың мақсаты эпителий тіндерінің жіктелуін, морфологиясы мен қызметтерін зерттеу.
Оқытудың міндеттері :
-
гистологиялық препараттарда бір және көп қабатты эпителий түрлерін анықтауды үйрену.
-
Ас қорыту түтігінің, бронхтардың, зәр шығару жолдарының, терінің көздің мөлдір қабықшасының, жатырдың шырышты қабықшасының эпителийінің құрылысының ерекшеліктері мен мамандануын талдай білу.
-
гистологиялық препараттарда қарапайым және күрделі экзокринді бездерді анықтау.
-
гистологиялық препараттардамерокринді, апокринді және голокринді секреция түрлерін анықтауды үйрену.
Тапсырманы орындау түрі: әдебиетпен жұмыс істеп, реферат дайындау.
Қойылатын талаптар: Гистологиялық пепаратта эпителий тінінің түрлерін, бездерді, және секреция түрлерін анықтауды үйрену.
Тапсыру мерзімі: Шекаралық қорытынды бақылауда
Бағалау критериі: рефератты бағалау, қорытынды бақылау барысында компьютерлік орталықта тестілерді шешу кезінде пайызбен белгіленеді.
Әдебиеттер:
1. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология: Учеб. для мед. вузов / М.: Медицинское информационное агентство, 2007. – 600 с.
2. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология: Учебник / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 408 с.
3. Гарстукова Л.Г., Кузнецов С.Л., Деревянко В.Г. Наглядная гистология (общая и частная): Учеб. пос. для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2008. - 200 с.
4. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология. Цитология: Учебник для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 456 с.
5. Пуликов А.С. Возрастная гистология: Учеб. пособие / Ростов н/Д, Красноярск: Феникс, Издат. проекты, 2006. - 173 с
6. Кузнецов С.Л., Челышев Ю.А. Гистология: Учеб. пособие: Комплексные тесты: ответы и пояснения / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 288 с.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
-
Жабынды эпителийдің құрылысының жалпы заңдылықтары
-
Бір және көп қабатты эпителийдің құрылысы бойынша жіктелуі
-
Эпителиоциттер арасындағы байланыс түрі
-
Көп қабатты мүйізденетін жазық эпителий қанша қабаттан тұрады? Қай жерде орналасады?
-
Эпителийдің даму көздері
-
Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің жасушалық құрамы, маңызы
-
Бездердің өнімді бөлу жолына байланысты жіктелуі
-
Экзокринді бездердің жіктелуі
-
Секреторлық процестің сатылары
-
Экзокринді бездердің құрылысы
Тақырып бойынша тестілер:
-
Жабынды эпителий орналасады:
-
шырышты қабықшаның меншікті табақшасында
-
ас қорыту түтігінің шырыш асты негізінде
-
бұлшық ет арасындағы дәнекер тінде
-
организмнің сыртқы және ішкі ортасының шекарасында
-
фиброзды-шеміршекті қабықшада
-
Қандай мүшеде жабу эпителиінің барлық жасушалары шырыш бөледі, яғни безді болады
-
ауыз қуысы
-
өңеш
-
асқазан
-
аш ішек
-
тоқ ішек
-
Эпителий тінінің жасушалары бір-бірімен байланысады:
-
эластикалық талшықтар торы арқылы
-
коллаген талшықтарының торы арқылы
-
сұйық аморфты зат арқылы
-
минералданған аморфты зат арқылы
-
әртүрлі байланыстар арқылы
-
Жабынды эпителийдің даму көзі:
-
эктодерма
-
энтодерма, мезенхима
-
эктодерма, энтодерма
-
мезодерма, эктодерма, энтодерма
-
мезенхима, эктодерма, энтодерма
-
Көп қабатты мүйізденбейтін эпителий кездеседі:
-
несепағардың қабырғасында
-
тоқ ішектің қабырғасында
-
жатырдың қабырғасында
-
асқазан қабырғасында
-
көздің мөлдір қабықшасында
-
Жасуша толық зақымданатын секреция түрі
-
мерокринді
-
парокринді
-
эндокринді
-
гологкринді
-
апокринді
-
Эндокринді бездер гормондарын қайда бөледі
-
қанға
-
ауыз қуысына
-
тері бетіне
-
асқазан мен ішекке
-
өт қабына
-
Ішкі секреция бездері сипатталады
-
жолақты өзектерінің болуымен
-
шығару өзектерінің болмауымен
-
бөлікаралық шығару өзектерінің болуымен
-
ендірме өзектерінің болуымен
-
жалпы шығару өзегінің болуымен
-
Мына тұжырымдар мен олардың арасындағы байланыс дұрыс па: Эпителий тіндерінің құрамында қан тамырлары болады, өйткені олардың қалпына келу қабілеті жоғары.
-
иә
-
жоқ
-
Мына тұжырымдар мен олардың арасындағы байланыс дұрыс па: Экзокринді без күрделі, өйткені оның шығару өзегі тармақталады
-
иә
-
жоқ
Оқиғалық есептер:
-
Радиоактивті белгінің көмегімен ( Н3 –тимидинмен) эктодерма мен энтодерма жасушалары таңбаланды. Кейін қандай мүшелердің эпителийінде бұл таңба байқалады?
-
Бір қабатты эпителиймен қапталған ішектің атқаратын қызметтерінің бірі, асқорыту өнімдерін сіңіру. Эпителидің атын толық атаңдар. Сіңіру процесін не қамтамасыз етеді?
-
Тәжірибеде көп қабатты жазық мүйізденетін эпителидің базальды мембранасының өткізгіштік қабілеті төмендеген. Ол оның өмір сүруіне қалай әсер етеді?
-
Без бөлікшесінің секреторлық ацинусында цилиндрлік жасушалар және олардың ұштарынан ұсақ секреторлық көпіршіктер бөлінгені анықталды. Жасушаның ұшы зақымданған. Секреция түрін анықтаңдар.
-
Бездің бөлікшесінде ұштары зақымданған цилиндр тәрізді жасушалармен қапталған секреторлық бөлімдері бар. Жасушалардың ұшынан ірі белоктық вакуоль бөлінеді. Секреция түрін анықтаңдар.
-
Препаратта шықшыт безінің секреторлық бөлімдері берілген, олар апикальды бөлігі ұсақ белоктық өнімнің түйіршіктерімен толған, пішіні конус тәрізді секреторлық жасушалармен қапталған. Секреция түрін анықтаңдар.
-
Шифф-иодты қышқылмен өңделген бездің препаратында, секреторлық бөлімнің жасушаларында ашық қызыл түсті өнім анықталады. Бездің өнімінің химиялық компонеттерін ата.
-
Препаратта белок синтездеуші және оны сыртқы ортаға бөлуші секреторлық жасушалар берілген. Бұл жасушалардың цитоплазмасының түсі базофильді болуын қалай түсіндіруге болады.
-
Препаратта бездің шығару өзектері тармақталған, олардың әрқайсысы бірнеше қап тәрізді секреторлық бөлімдермен аяқталған. Бездің морфологиялық түрін анықтаңдар.