Ф КГМУ 4/3-08/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Гистология кафедрасы
Студенттердің өзіндік жұмысы арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: «Жүйке тіні. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Нейрондық теорияның негізгі қағидалары.»
Пән: гистология 1
Мамандығы: 5В130100 - "Жалпы медицина"
Курс: 2
Құрастырушы: оқытушы Алдабергенова Ш.Т
Қарағанды 2011 ж.
Кафедра отырысында талқыланған және бекітілген
Хаттама № 3. 01.09.2011 ж.
Каф. меңгерушісі, м.ғ.д Дюсембаева Н.К
Тақырыбы: «Жүйке тіні. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Нейрондық теорияның негізгі қағидалары.»
Мақсаты: Жүйке тіні – жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі. Ол тітіркенулерді, қозуды және жүйке импульсын өткізуді қамтамасыз етеді. Жүйке тінінің гистофизиологиясын білу жүйке жүйесінің құрылысын түсінуге, медико-биологиялық, клиникалық пәндердің сәйкес тарауларын игеруге негіз болады. Сабақтың мақсаты жүйке тінінің адамның жасына байланысты гистологиясы мен қалпына келуін зерттеу.
Оқытудың міндеттері :
-
Гистологиялық препараттарда жүйке тінін анықтауды үйрену
-
Нейрондар мен глиоциттердің әр түрін ажыратуды үйрену
-
Гистологиялық препараттарда жүйке талшықтары мен жүкелік аяқтамаларды анықтауды үйрену
-
Жүйке жүйесінің рефлекторлық қызметінің морфологиялық құрамын анықтауды үйрену
Тапсырманы орындау түрі: әдебиетпен жұмыс істеп, реферат дайындау
Қойылатын талаптар: Гистологиялық препараттарда жүйке тінін, нейрондар мен глиоциттердің әр түрін, жүйке талшықтарын анықтауды үйрену
Тапсыру мерзімі: Шекаралық қорытынды бақылауда
Бағалау критериі: рефератты бағалау, қорытынды бақылау барысында компьютерлік орталықта тестілерді шешу кезінде пайызбен белгіленеді
Әдебиеттер:
1. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология: Учеб. для мед. вузов / М.: Медицинское информационное агентство, 2007. – 600 с.
2. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология: Учебник / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 408 с.
3. Гарстукова Л.Г., Кузнецов С.Л., Деревянко В.Г. Наглядная гистология (общая и частная): Учеб. пос. для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2008. - 200 с.
4. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология. Цитология: Учебник для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 456 с.
5. Пуликов А.С. Возрастная гистология: Учеб. пособие / Ростов н/Д, Красноярск: Феникс, Издат. проекты, 2006. - 173 с
6. Кузнецов С.Л., Челышев Ю.А. Гистология: Учеб. пособие: Комплексные тесты: ответы и пояснения / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 288 с.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
-
нейроцит және нейроглия жасушаларының қызметін атаңдар
-
нейроцит және глиоциттің даму көзі
-
Жүйке тінінің дендритімен аксонының бір-бірінен ерекшелігін қандай морфологиялық және қызметтік белгілері бойынша ажыратамыз?
-
Нейроциттердің морфологиялық, қызметтік, медиаторлық жіктелуі.
-
Жүйке жасушасының дендрит пен нейриттің денесінде қандай органелла орналасады?
-
глия жасушаларының жіктелуі
-
жүйке жасушасы және глияның қандай аймағы жүйке талшығынан құралған?
-
жүйке талшығының түрлерін атаңдар
-
Синапстардың жіктелуі, құрылысы
-
рецепторлар қалай жіктеледі?
Тақырып бойынша тестілер:
1. Жүйке тінінің құрамына кіреді:
-
жүйке жасушалары мен нейроглия
-
фибробласттар мен жүйке талшықтары
-
ретикулярлық жасушалар мен қимылдатқыш жүйкелік аяқтамалар
-
гистиоциттер мен сезімтал жүйкелік аяқтамалар
-
эпителиоциттер мен синапстар
2. Жүйке жасушаларының өсінділер қабықшасының айналасы түзіледі:
-
эпендимоцит
-
олигодендроцит
-
мультиполярлы нейрон
-
астроцит
-
микроцит
3. Рецепторным нерв аяқтамаларына жатады:
-
аксодендриттік синапс
-
моторлы бляшка
-
сезімтал нейронның дендриттік аяқтамалары
-
ассоциативті нейронның дендриттік аяқтамалары
-
сезімтал нейронның аксондық аяқтамалары
4. Жүйке тініндегі нейрон қызметі бойынша көрінеді.
-
сезімтал
-
рецепторлы
-
ассоциативті
-
қимылдатқыш
-
секреторлы
5. Капсуламен қапталған нервтік аяқтамалар көрінеді:
-
рецепторлы
-
секреторлы
-
қимылдатқыш
-
орталық нерв жүйесінің нейронаралықтары
-
шеткері нерв жүйесінің нейронаралықтары
6. Жүйке тінінің нейрондарының өсінділері саны бойынша:
-
аполярлы
-
униполярлы
-
псевдоуниполярлы
-
биполярлы
-
мультиполярлы
7. Микроглия жасушаларының қызметі:
-
жұлын каналын қаптайды, ликвордың түзілуіне және жылжуына қатысады
-
миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарының қабықшасын құрайды
-
орталық жүйке жүйесінің сұр затының тіректік аппаратын құрайды
-
орталық жүйке жүйесінің ақ затының тіректік аппаратын құрайды
-
жүйке тінінің макрофагы
8. Жүйке талшығы тұрады:
-
осьтік цилиндрден және Шван жасушасынан
-
нервтің құрамындағы талшықтардың шоғырын біріктіретін талшықты дәнекер тіннен
-
эпителий тәрізді периневральды жасушалар қабатынан
-
әрбір жүйке талшықтарының арасында орналасқан борпылдақ дәнекер тіннен
-
жүйке талшықтарының шоғырын қаптайтын тығыз дәнекер тінінен
9. Жұлын каналы және ми қарыншалары қапталған:
-
олигодендроглиоциттермен
-
эпендимоциттермен
-
протоплазмалық астроциттермен
-
микроглиямен
-
талшықты астроциттермен
10. Нейронның цитоплазмасындағы нейрофибриллар сәйкес келеді:
-
нейрофиламент және нейротубула шоғырына
-
коллагеннің 1 типті шоғырына
-
түйіршіксіз эндоплазмалық торға
-
плазмолеммаға
-
цитоқаңқаның актинмиозинді жүйесіне
Оқиғалық есептер:
-
Препаратта үш нейрон берілген: жалғануниполярлы, биполярлы және мультиполярлы. Олардың әрқайсысында қанша аксон анықтауға болады?
-
Ниссль әдісімен боялған жүйке тіні препаратында нейроциттерде ірі базофильді түйіршіктер анықталалы. Нейроциттердің қызметтік түрін анықтаңдар.
-
Бас миы препаратында көптеген өсінділері бар екі түрлі глиоциттер берілген. Олардың біріншісі сұр затта, ал екіншісі ақ затта орналасқан. Бұл жасушалық элементтер глиоциттердің қандай түріне жатады?
-
Патологиялық үрдіс барысында жұлынның сұр затының нейроциттері қалпына келмейтіндей зақымданды. Нейронофагияға қандай жасушалық элементтер қатысады?
-
Схемада нейроглия жасушалары берілген. Біріншісінің пішіні цилиндр тәрізді, кірпікшелері бар, екіншісінде шектеуші мембраналарды құрайтын көптеген өсінділері бар. Нейроглия түрлерін анықтаңдар.
-
Жүйке талшықтарының импульсты өткізу жылдамдығы бірінші жүйке талшықтарында 1-2 м/сек, екіншісінде 50-120 м/сек. Бірінші және екінші талшықтар жүйке талшықтарының қандай түрлеріне жатады?
-
Сезімтал жүйке жасушаларының қандай өсінділері аяқтамалармен аяқталады?
-
Рецепторлардың жіктелуі.
-
Қимылдатқыш жүйке жасушаларының қандай өсінділері жүйке-бұлшық ет аяқтамалармен аяқталады?
-
Жүйке-бұлшық ет аяқтамаларының синапстармен қандай ұқсастықтары бар?