Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – инспекциялар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағы 29) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде және инспекциялардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды қағаз тасығыштағы келісу (бұдан әрі –келісу) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – бес жұмыс күні;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде келісу берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда келісу берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларына арналған жобалық құжаттама.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселеріне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызмет алушыға:
1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;
3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;
4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің
атын;
6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке келген кезде беріледі.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда:
1) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғылары балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су тарту және гидротехникалық құрылыстарға түсуінің алдын алуы қамтамасыз ілмесе;
2) су тарту құрылыстарының балықты қорғау құрылғыларының жобалық құжаттамасында мынадай міндетті ережелер: қорғалатын балықтардың ең кіші өлшемін көрсете отырып, балық қорғау құрылғысының түрлік және өлшемдік құрамы, балықтардың сүңгу және көшу кезеңі, балықтардың тігінен және көлденен таралуы, уылдырық шашу және қыстау қамбаларының орналасу орындары, қорғалатын балық құртшабақтары үшін ағынның ағызып әкету жылдамдығы көзделмесе;
3) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын уылдырық шашу, қыстау қамбалары аудандарында, балықтардың қарқынды көшу және балаңқұрттары мен құртшабақтары көп шоғырланған учаскелерде, қорықтық аймақтарда орнату көзделсе;
4) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын су тарту және гидротехникалық құрылыстарға судың есептік шығысын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;
5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметті көрсететін инспекциялардың жұмысы олар бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың заң қызметінің мамандары жүзеге асырады
.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылық комитеті
төрағасының атына
Астана қаласы, Орынбор көшесі,
8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс, 367-кабинет, электронды поштасы: [email protected], телефоны: 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті инспекция басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде
), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым данған мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.
___________________