Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2
Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы

в соответствии с ГОСО 2006 года»

от 04.07.2007 г

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті




Физиология кафедрасы

ДӘРІС
Тақырып: «Зат және энергия алмасуы. Сыртқа шығару жүйесі. Жылу реттелісі»


«Физиология анатомия негіздерімен» пәні

051103 «Фармация» мамандығы

1 курс


Уақыты: 1 сағат

Дәріскер: м.ғ.д. Абушахманова А.Х.

Караганда

2008


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ 11 хаттама 17. 01.2008 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Ф.А.Миндубаева



Тақырып: «Зат және энергия алмасуы. Сыртқа шығару жүйесі. Жылу реттелісі»
Мақсаты: зат және энергия алмасуы тірішіліктің негізгі шарты мен белгісіекенін көрсету, тақырып бойынша негізгі түсініктерді ашу, рациональды тамақтанудың физиологиялық негіздерін, реттелудің негізгі механизмдері мен организмдегі зат алмасудың кезеңдерін айту; алынған білімнің студенттер мен болашақ дәрігерлерге организмнің көптеген мүшелері мен жүйелер қызметінің бұзылыстарын алдын алу мен емдеу бойынша шараларды жасау барысында қажет болатынын атап өту; Организмнің дене температурасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қызметтік жүйе ондағы ферменттік үрдістердің тиімді жылдамдығы мен ондағы гомеостазисты ұстауға бағытталған аса маңызды қызметтік жүйе екенін көрсету; Бөліп шығару қызметтік жүйесінің негізгі физиологиялық маңызы туралы көзқарас қалыптастыру, тері, өкпе, ас қорыту жолдары, бүйректердің ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстап тұрудағы ролін көрсету, аталған үрдістердің реттелу механизмін ашу.

Дәрістің жоспары:

  1. Зат алмасуы туралы түсінік. Азоттық тепе-теңдік. Оң және теріс азоттық баланс.

  2. Зат алмасуының реттелуі. Алмасудың өзіндік реттуші механизмі.

  3. Су-тұз алмасуының реттелуі.

  4. Ағзаның энергетикалық балансы:

А) Негізгі алмасу мен оны анықтайтын факторлар, оны анықтаудың клиника үшін маңызы;

Б) Коректік заттардың калориялылығы. Калориялық коэффициент. Энергетикалық баланс. Жұмыс алмасу. Түрлі еңбек түрлері кезіндегі энергия шығындары.



  1. Энергия түсуі мен жұмсалуының есебі.

  2. Тамақтанудың физиологиялық маңызы.

  3. Тамақтану қалыптары мен тағамдық рационды құрудың физиологиялық негіздері.

  4. Тағамның арнамалы динамикалық әсері.




  1. Жылу алмасу.

  2. Жылу өндіру. Зат алмасуы жылу өндірудің қайнар көзі ретінде. Жылу өндіруде жекелеген мүшелердің ролі, осы үрдістің реттелуі.

  3. Жылу бөлу. Жылу бөлу әдістері мен олардың реттелуі.

  4. Адам денесінің температурасы мен оның тәуліктік тербелістері. Ағзаның ішкі ортасының температурасының тұрақтылығын ұстап тұратын қызметік жүйе.

  5. Ағзаны шынықтыру.




  1. Ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін сыртқа бөлу үрдістерінің маңызы.

  2. Өкпе арқылы бөлінудің қызметтік жүйесі.

  3. Тер бөлінудің қызметтік жүйесі.

  4. Ас қорыту жолы арқылы бөлінудің қызметтік жүйесі:

  • Ауыз қуысының шырышты қабығы мен сілекей бездерінің экскрециялық қызметтері;

  • АІЖ-ның экскрециялық қызметі.

  1. Зәр түзілу мен зәр бөлінудің қызметтік жүйелері:

  • Бүйрек нағыз сыртқа шығару мүшесі ретінде, оның құрылысы.

  • Зәр түзілудің фильтрациялық-реабсорбциялық теориясы:

А) шумақтық фильтрация,

Б) каналшалық реабсорбция,

В) каналшалық секреция.


  1. Зәр түзілу мен зәр бөліну үрдістерінің реттелуі.

  2. Қышқылдық-сілтілі балансты ұстаудағы бүйректердің ролі.

  3. Зәр бөлінудің қызметтік жүйесі.



Зат және энергия алмасу.

Зат алмасу әр кезде жылу алмасумен бірге жүреді. Қоректік заттардан потенциальдық энергия бөлінеді, атап айтқанда, жылу, яғни ағзаның барлык жүйелерінің қызмет еткен белгісі, ағза үшін энергия көзі тағам. Диссимиляция процессі энергия бөлумен жүреді, яғни химиялық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бүл энергияның көп бөлігі жылуға айналады, 20-25%-механикалық энергияға айналады. Электрлік энергияға өте аз мөлшерге айналады. Энергия айналуының соңғы өнімі жылу пайда болу, ол жылу адам денесімен қоршаған ортаға ауысады. Барлық организмде клеткалық метаболизм 4 негізге арнайы қызмет атқарады:

-қоршаған ортадан энергия алу және оны күрделі қүрлысты қосылыстар энергиясына ауыстыру, клеткалардың энергетикалық мүқтаждылығын қамтамасыз ететін мөлшерде. -аралық қосылыстардың пайда болуы. -алдыңғы өнімдерден заттардың синтезделуі.

-арнайы қызметтердің орындалуы үшін арнайы биомолекулалардың синтезі және ыдырауы.

Клетканың барлық бөлімі бірдей 1-ға не, яғни клетка изотермиялы.Оның әр бөлімі қысымы жағынан шамалы ғана бірдей емес.Яғни, клеткалар энергия көзі ретінде жылуды пайдалана алмайды, себебі энергия (жұмыс) тұрақты қысымда қатты жылыған алаңнан аз жылитын алаңға жылу өткенде ғана орындалады.Тірі клетка және организмді тұтас изотермиялық машина деп қарастыруға болады.

Термодинамика тұрғысынан қарастырғанда тірі организм ашық жүйе, қоршаған ортамен энергия мен де, затпен де алмасады, нәтежесінде энергия және зат пайда болады. Бірақ олар қоршаған ортамен тепе-теңдікте болмайды, сондықтан олар тепе-теңдіксіз ашық жүйе деп аталады. Организмде химиялық заттар жеткілікті және жеткілікті қарқында жаңартылып отырады. Химиялық құрамның түрақты болып көрінуі стационарлық жағдай деген ұғыммен түсіндіріледі. Яғни қоршаған ортадан жүйеге келетін энергия мен заттардың жылдамдығы жүйелерден ортаға заттардың өту жылдамдығымен тең болады, яғни организм тепе-теңдіксіз ашық стационарлық жүйе. Организм тіршілігі үшін көмірсулардың күрделі органикалық қосылыстарының мысалы глюкозаның, түсуі энергия көзі болып табылады. Адам организмі гетеротрофты болып табылады, яғни СО2 сіңіре алмайды. Метаболизм кезінде глюкоза мен оттегін қолдана отырып, зат алмасудың соңғы өнімі ретінде атмосфераға СО2 бөліп шығарады. Тірі организм үшін маңызды зат бұл азот болып табылады. Организмге азот дайын күйінде белок түрінде түседі. Зат және энергия алмасу белгіленген тепе-теңдікпен анықталады, яғни, организмге түсетін заттар мен энергияның мөлшері мен одан шығатын зат алмасудың соңғы өнімі жылудың мөлшерімен анықталады. Зат және энергия алмасудың арасында бір мағыналы айырмашылық бар. Биосферада заттар тұтас цикл бойымен алмасады, ол бірнеше рет қолданылады. Ал, энергия тұтас жабық цикл бойымен алмаспайды, ол аздап сыртқы кеңістікте тарайды.

Алмасудың қарқыны, жалпы энергия шығынымен анықталатын, көптеген жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін ең алдымен атқаратын жұмысына байланысты. Зат алмасумен энергия алмасуға әсер ететін бірден-бір фактор бұл тағамның арнайы динамикалық әсері. Организм тағамдық заттарды қабылдағанда ,жылу беру қабылданған тағамда болатын калориядан басым болады. Ең жоғары арнайы динамикалық әсер (АДӘ) белоктық заттарда (30 % дейін).

Аралық зат алмасу. Қорытылған тағамдық заттардың қанға түсуінен бастап және зат алмасудың соңғы өнімдерінің организмнен шығарыла бастауына дейінгі аралықта организмде өтетін химиялық өзгерістердің барлығын аралық алмасу деп атайды. Олар екі кезеңге бөлінеді.-катаболизм (диссимиляция )-тотығу жолымен ірі органикалық молекулалардың ферменттік ыдырауы. Бүл энергия бөле жүреді.

-анаболизм (ассимиляция)- ферменттер қатысуымен ірі молекулалы клеткалық компоненттердің пайда болуы.Анаболизм және катаболизм процесстері клеткаларда орналасуымен ерекшеленеді

Негізгі алмасу.Тыныштық жағдайда да зат және энергия алмасу тоқтамайды, ішкі ағзалардың үзіліссіз қызмет етуін, і, еттер тонусын сақтап түру үшін белгілі мөлшерде энергия жүмсалады. Негізгі алмасу -бүл организмнің тыныштық жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін жүмсалатын энергияның ең тік мөлшері. Негізгі алмасу организмдегі зат алмасу процестерінің қарқынын көрсетеді. Бүл энергияның көп бөлігі жүрек, қан тамырлар жүйесі, бүйрек, бауыр, асқазан -ішек қызметін қамтамасыз ету үшін жүмсалады және басқа мүшелердің, і түрақтылығын үстап түру үшін. Тыныш жағдайда түрған адамның негізгі алмасуын белгілі стандартты жағдайларда, таңертеңгі уақытта, аш қарында, 2-Зтәулік бұрын белокты тағамдарды қабылдамаған жағдайларда анықталады. Негізгі алмасу көрсетілген жағдайларда организмнен бөлінген энергия мөлшерімен анықталады.ім кв дене аумағына немесе Ікг салмаққа 1 сағат ішінде. Тыныш жағдайдағы тканьдерде ететін тотығу процестері қарқынының көрсеткіші бола отырып, негізгі алмасу белгілі бір жағдайда организмнің жүйке жүйесінің және ішкі секреция бөлу бездерінің қызметтік жағдайына байланысты болады, ішкі мүшелердің қызметтік жағдайына байланыста болады. Негізгі алмасу деңгейі өзгеруі мүмкін:1)жеткіліксіз немесе артық тамақтанғанда 2)ұзақ уақытқа жүмыстың ауырлауы немесе жеңілдеуі, әр адамда негізгі зат алмасу оның жасына, бойына, салмағына, жынысына байланысты болады. Ортта есеппен, ересек адамда негізгі алмасу деңгейі -1600-1700 ккал тәулігіне, ал әйелдерде 10-15% төмен болады, ерлерге қарағанда жас балаларда, өмір сүруінің алғашқы айларында жылу өндіру жоғары және ол 2 жасқа толғанда шыңына жетеді. Балаларда негізгі алмасудың жоғары деңгейі протоплазмалық массаның көп мөлшері болуымен, зат алмасудың жоғарғы белсенділігімен, үлпалардың қарқынды өсуімен түсіндіріледі. Қартайған шақта клеткалар белсенділігі төмендеуімен бірге бүлшық еттер белсенділігі төмендейді,бүл әрине зат алмасу деңгейіне әсер етеді. Әртүрлі жануарларда негізгі алмасу қарқыны 1 кг салмаққа шаққанда әртүрлі болады, сонымен бірге, егер жануар неғүрлым кіші болса, соғүрлым Ікг салмаққа негізгі алмасу жоғары болады. Ал 1м кв ауданға шаққанда бүл шама аздап қана өзгереді. М.Рубнер (1883)-дене беткейінің заңын шығарады. Бүл заң бойынша, зат алмасу қарқыны дене бетінің мөлшеріне пропорциональды. Дегенмен бүл заң өзінің салыстырмалы маңызына ие, сондықтан организмнен бөлінетін энергияны жобалап есептеуге көмектеседі. Адамдарда негізгі алмасудың тәулік бойында өзгеріп түрады, күндерде, жылдың әр мезгілінде өзгеріп түрады. Негізгі алмасудың маусымдық өзгерулері қозғалыс белсенділігінің өзгеруімен байланысты, организмнің гормональдық іс-әрекетінің тербелістерімен байланысты.


Зат және энергия алмасуды зерттеу әдістері.

Организмде бөлінетін барлық энергия жылу бірлігі - калориямен ( Джоуль ) анықталып, белгіленеді. Оны тікелей және тікелей емес калориметрия әдістерімен анықталады. Әдіс организмнен бөлінетін жылуды өлшеуге арналған. Бұл үшін адам немесе жануар герметикалы жабылған 2 қабат қабырғасы бар камераға орналастырылады. Қабырға арасында айналымда су болады. Организмнен бөлінетін жылу қабырға арасындағы суға беріледі. Судың і гр жоғарлауымен бөлінген жылу мөлшері анықталады. Пашутинмен, соңынан Этуотер және Бенединмен құрастырылған калориметрмен организмнен шыққан жылудың мөлшерін анықтауға, сондай-ақ тағамдардың калориялылығын анықтауға болады. Тікелей калориметрия және газ алмасу арқылы анықталған энергия алмасу нәтижелері шамаларының дәл келуі тікелей емес калориметрия әдісін шығаруға мүмкіндік береді.

Тікелей емес калориметрия. Тыныс алу коэффициенті және оның маңызы.

Бұл әдіс сіңірілген О2 мен шығарылған СО2 мөлшерін зерттеуге негізделген. Сіңірілген О2 мен бөлінген СО2 мөлшері бір-бірінен мөлшері жағынан өзгеше болып келетінін ескеру керек. Өйткені организмде кейбір заттар толық жанбайды, әрі қарай тотығатын соңғы өнімдер пайда болады. Бұл ең алдымен белоктарға тән, оның азоты организмнен мочевина түрінде шығарылады, артық калория мөлшерін сақтай отырып кейбір заттардың алмасу мөлшерін сипаттайтын маңызды көрсеткіш, бұл тыныс алу коэффициенті, шығарылған СО2 мөлшерінің сіңірілген О2 -ң мөлшеріне қатынасы, көмірсулар үшін олі ге тең, майлар үшін -0.703 тең. Белоктың алмасуды бағалау үшін, қосымша зәрмен бөлінген азот мөлшерін анықтайды. Сонымен сіңірілген О, шығарылған СО2, зәрмен шығарылған азот мөлшері бойынша жылу өндіруді және осы уақыт аралығында алмасқан белок, май, көмірсу мөлшерін анықтауға болады. 1л О2 қолданғанда бөлінетін жылу мөлшерін О2-ң калориялық эквиваленті деп атайды. Қарқынды жүмыс кезінде тыныс алу коэффициенті жоғарлайды және 1-ге жуықтайды, өйткені көмірсулардың тотығуы басымырақ бола бастайды.


Зат және энергия алмасудың реттелуі.

Клеткалық метаболизм жоғары түрақтылықпен және сонымен бірге әжептәуір өзгергіштікпен сипатталады. Бұл еш қасиетте клеткалармен организмнің үнемі өзгеріп түратын қоршаған және ішкі орта жағдайына үнемі бейімделуін қамтамасыз етеді. Клеткада өтетін катаболизм жылдамдығы белгілі берілген уақытта клетканың энергияға мүқтаждығымен анықталады.Клетка амон қышқылдарын өзіне қажетті белоктық минимальды мөлшерінің пайда болуын қамтамасыз ететін жылдамдықпен синтездейді. Метаболизмнің мүндай экономдық және пластикалық қасиеті оның реттелу механизм болғанда ғана іске аса алады. Мүндай реттелу біртіндеп өсетін күрделіліктің әр түрлі деңгейлігінде іске асады. Реттелудің қарапайым түрі ферментативтік реакциаларда жылдамдығына әсер ететін барлық негізгі параметрлеріне қатысты болады. Күрделі метаболиттік процестердің реттелуінің келесі деңгейі-мультиферментативтік реакциялар. Бүл реакциялар бір түтас ферменттер жүйесімен ыдырайды. Реттеуші ферменттер реакцияның соңғы өнімімен жүргізіледі. Реакция өнімдерінің жиналуы белгілі бір концентрацияға дейін оның әрі қарай пайда болуын тоқтатады. Бүл құбылыс кері байланыс түрімен ингибриттену деп аталады. Реттелудің үшінші деңгейі бүл -генетикалық бақылау, күшті қүбылып түратын ферменттердің синтездену жылдамдығымен анықталады. Арнайы химиялық сигналдар ДНК-ның белгілі бөліктерін жауып тастайды. Гендер деңгейінде реттелу ферменттердің мөлшерінің, олардың түрлерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Генетикалық реттелу жоғары арнайылылықпен, үнемділікпен ерекшеленеді және метаболизмді бақылауды кең мүмкіншіліктерімен қамтамасыз етеді.Бірақ гендерді белсендіру процесі өте баяу және сондықтан реттелудің бүл түрі жедел жағдайларда жарамсыз. Жануарлар мен адамдарда зат және энергия алмасуының реттелуінің тағы да 2 механизмі бар. Осындай механизімнің бірі ішкі сөл бөлу жүйесі. Ішкі сөл бөлу жүйесі жасап шығаратын гормондар химиялық медиатор ретінде қызмет етеді, мүшелер мен үлпаларды зат алмасу процестерін жеделдейді немесе баяулатады. Мысалы: инсулиннің азаюы глюкозаның азаюына, глюкозадан май қышқылдарының биосинтезінің азаюына, бауырда кетонды денелердің пайда болуының жоғарлауына. Реттелудің ең жоғарғы деңгейі - бүл жүйкелік реттелу. Жүйке жүйесі, атап айтқанда оның орталық бөлімдері организімде жоғары интегративтік қызмет атқарады. Қоршаған ортадан және ішкі мүшелерден хабарларды алып, ОЖЖ-сі оларды өңдейді және белгілі бір қызметті орындау үшін белгілі бір уақытта зат алмасу деңгейінің жылдамдығын қажет ететін мүшелер мен үлпаларға жіберді. Көбінесе жүике жүйесі өзінің реттеуші қызметін ішкі секреция бездері арқылы іске асырады, қанға гормондардың түсуін күшейтіп немесе азайтып отарды. Зат алмасуға эмоцияның әсері жақсы белгілі. Мысалы: Спортсмендерде спорт алдында зат алмасу көрсеткіштерінің деңгейінің жоғарлауы, адреналиннің көбеюі және осыған байланысты емтихан алдында студенттерде қандағы қанттың концентрациясының жоғарлауы.



Сыртқа шығару ағзаларының негізгі функциялары

Зат алмасу процесі пайда болған калдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимиляция (ыдырау) процес-тері қорытындысында денеде зат алмасуының ең соңғы өнімде-рі — «қалдық зат» (шлак) пайда болады. Шлак организмде пай-даланылмайды, ал қор. болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп кышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыды-рау өнімі — көмір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу процесінің нәтижесінде бөлінген қалдық заттар организмнен шырару мүше-лері арқылы сыртқа шығады (экскреция).

Адам мен жануарлардың сыртқа шырару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.

Белок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар және сырттан келіп түскен әртүрлі организмге жат заттар (түрлі дәрілер, бояулар т. б.) негізінен бүйрек, аздап тер бездері аркылы, ал су мен көмір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алко-голь сияқты кейбір ұшқыш заттар өкпе арқылы сыртқа шығады.

Ас' корыту түтігінің кілегей қабығы арк-ылы, ет пигмент-терінің өзгерісінен пайда болған заттар, кейбір ауыр металдар-дың (қорғасын, кадмий т. б.) тұздары аласталады. Мұнымен бірге тоқ ішек және сілекей бездері арқылы кальций тұздары шығарылады.

Сонымең бәрімізге белгілі негізгі экскрециялык мүше — бүйрек, одан басқа экстраренальдық (бүйректен тыс) ағзалар: тер безде-рі, өкпе мен ішектер арқылы зат алмасу кезінде пайда болған ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады.

Сыртқа шығару тіршілікке өте кажет физиологиялық процесс. Онсыз тіршілік жоқ. Мәселен, екі бүйрегін бірдей алып тастаса, ит уланып бір тәулік ішінде өледі. ІСыртқа шығару процесі бұ-зылса, көптеген физиологиялық процестер бұзылады.! Солардың бірі — уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мо-чевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады. Ондай жағдай адамда да байқалады бүйрек қызме-тінің бұзылуынан анурия (несеп шықпай кою) болып, адам 4—5 тәулікте өледі. Бұны әдетте емдемесе (жасанды бүйрек аспабы- _ на қосу, пәрменді емдеу жолдарын пайдаланбаса) адам деиесін-де «мочевиналық қырау» пайда болады, яғни теріге мочевина кристалдары шырады:1,бүйрек қызметін тер бездері атқарады да, ерганизмнен мочевина теріге шамадан тыс көп шығарыладыЛ

Сонңмен, экскреторлық мүшелердің негізгі қызметі — дене-дегі зат алмасудың соңғы өнімдерін, өзге текті басқа заттарды, мәселен, дәрі-дәрмектерді сыртка шығарып отыру.

Сыртқа шығару ағзалары мүнымен қатар бірнеше косалқы қызмет атқарады. Гомеостаздың, яғни ішкі орта тұрақтылы-ғын — қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвор құрамының тұрақтылығын сақтайды.

/Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денеде-гі басқа сұйықтықтар қүрамындағы йондар концентрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтардың осмостық қысымының түрақтылығын (изоосмия), денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-тендігінің түрақтылығын (изогидрия) камтамасыз етеді. Экскрециялық 'ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отыра-ды. Мұнымен қатар клетка ішіндегі және сыртындағы сұйыктык-, тармен әрдәйім алмасып тұратын қанның тамырдары көлемдіктұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денеде белгілі бір жағ-дайда қалыптасатын су мен тұздар тепе-теңдігін (балансын) қамтамасыз өтш олардың артығын организмнен 'ніығарады Тер оездері дене температурасы тұрақтылығын сақтауға (изотермия) катысады. '

Соңғы жылдары сыртқа шығару ағзаларының бұлардан бас-ка тағы да бірнеше кызмет атқаратыны анықталып отыр.

Бүйрек қан тамырларьшың тонусы мен түтік кевдігін реттей-ДІ. СоІІың. нәтижесінде қанныц қысымын салыстырмалы бірқа-лыпта сақтаиды. Мәселен, бүйрек қызметінің бұзылуы салдары-нан кеибір адамдарда ұзақ уақыт қан қысымы шектен тыс көте-ріледі. Соның салдарынан бүйрек гипертониясы пайда 'болады. Бүйректің қанмен камтамасыз етілу деңгейі төмендесе, бүйрек тканініц юкстагломерулалық комплексі қан тамырыц тарылтатын арііайы гормондық зат — ренин қанға шығарылады. Рениннің майды ыдырататын ферменттерге тән қасиетінің бар екендігі дәлелденді. Сондықтан да ол қан плазмасында а — глобулиннен (ангиотензиноген) физиологиялық дәрітсіз пептидті бөліп және оны ангиотензин І-ге айналдырады. Қейін одан әртүрлі өзгеріс-тер арқылы тамырды тарылтатын өте белсенді зат ангиотензин II пайда болады. Бұл зат қан тамырларын тарылтып, тұрақты артериялық гипертонияға әкеліп соғады. Мұнымен қатар ангио-тензин II бүйрекүсті безінің қыртыс қабатынан альдостероннын. шығуын күшейтеді, ал ол шөлдеу сезімін пайда етіп бүйрек тү-тікшелёрінде натрийдың кері сіңуін тездетеді. Сондай-ақ қан та-мырын кеңейтетін медуллин, простагландиндер, жүрек қызметін баяулататын брадикинин сияқты заттар д'а бүйректе түзіледі. ^Бүйрек эритроцит түзілуі (эритропоэз) процесіне де қатыса-ды, ягни эритроциттердің пісіп жетіліп, қан арнасына косылуына әсер етеді} кан тузілуін күшейтетін арнайы полипептидтер (гемо-поэтин, эрит£опоэтин, лейкопоэтин) бүйректе түзілетіні дәлелде-ніп отыр. "

Бүйрек аса маңызды биологиялық процесс — кан ұюына ка-тысады._І Бүйректе канның ұюына кедергі жасап, қан тамырында тромба (ұйыған қан) пайда болуына қарсы тұратын фибрин сріткіш (фибринолиздік) арнайы зат урокиназа ферменті түзіле-ДІ. Урокиназа бүйректегі кан айналысын жақсартады. Бүйрек тамырлары арқылы бір тәулікте 1400—1800 л кан өтетінін еске алсақ, оның қандай маңызы бар екені айтпаса да түсінікті Уро-киназаның әлсіз-күштілігін білу арқылы бүйрек ауруларын дәл анықтауға болады, сондықтан да бұл адіс клиникада кеңінен паидаланылады.

^Бауырда түзілген дәрітсіз алғашқы гормон — витамин Д3 Оүиректе физиологиялық белсенді гормонға айналып ішекте кальцийдщ сшуш күшейтеді. Сүйек тканінен алынған витамин Д гормоны да бүйрек түтікшелерінен кальций ионынын кепі сі-ңуін тездетеді. к

Бүйректің белок көмірсу және липидтер алмасуына катысады Ьүирек түтікшелершің клеткасында төменгі молекулалы пептид-308

тер амин қышқылдарынан ажыратылады (дезаминделу) жүреді, кейін ол амнн қышқылдарын организм өз қажетіне жаратады. Мұньшен қатар глюконеогенез процесі де жүреді, басқаша айт-канда табиғаты басқа органикалық заттардан глюкоза синтез-деледі. Бүйректе клетка мембранасынын, құрамына кіретін ком-понент — фосфатидилинозит синтезделеді, бұдан басқа да липид-тер алмасуымен байланысты өте күрделі айналулар жүреді.



Бүйрек. Бүйректің нсгізгі қызметі — несеп тұзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару процесі диурез (несеп шығару) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөл-шеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000—1800 мл (орта есеппен 1500 мл) несеп тү-зіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диу-рез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауга болады: олигурия — тәуліктік диурездің азаюы; полиу-рия — тәуліктік диурездің көбегоі, анурия — несеп түзілуінің тоқта-уы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер — энурез («шыжың» немесе түнде несебін ұстай алмау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі). Бүйректегі күрделі зәр жасалуды терең түсіну үшін несеп пен қан плазмасының қүрам-дарындағы әртүрлі заттардың өзара қатынасыц салыстырып қа-рау керек, үйткені бүйрек арқылы зат алмасу процесінің соңгы калдықтары шығарылады.

Несеп қаннан түзіледі, оның құрамы және қасиеті биохимия пәнінде толық қарастырылады. Біз тек қана, оның кейбіреулері-тіе ғана тоқтап өтеміз. Ол — гипертопиялық (қаныққан) сұйық зат. Оныд қату температурасы 1,5—2,2° (қан 0,56—0,58° катады), тығыздығы 1,012—1,025, түсі сарғылт. Түсі несеп құрамьіндағы уробилин және урохром бояуларына байланысты. Несеп құра-мында 2—4% құрғақ зат бар.

Несептің негізгі органикалық құрамы мочевинадан тұратынын кестеден байкауға болады.Ересек адам несебініқ кұрамымен орта есеппен алғанда тәу-лігіне 30 г дейін мочевина (12 г-нан 36 г-ға дейін) шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белокқа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды (мысалы, гипертиреоз, дене температурасы өзгер-генде т. б.). Қалыпты жағдайда несеппен глюкоза, белок шыға-рылмайды.

Бүйрек жұп мүше, салмағы 120—200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы — нефрон, ол мальпиги шумақта-ры мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1_млн-_ға жуық нефрон бад| Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торлан~~ ға'н және араларында инте£С_тациальДШі-. сұйықтық болады. Әр-бір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі процестер жүріп жа-тады. Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі.

Нефрон құрылысы — өте күрделі (50-сурет). Ол Шумлян-ский — Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағьшан және түтікшелерден түрады. Нефрон-ның шумақтық бөлігі гломерулалык, бөлім деп аталады. Шум-лянский—Боумен капсуласы түптеп келгенде бүйрек түтікшелері-не айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл (құрамында проксимал және дистал ирек түтіктер бар), бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады. Әр бөлімнің өз құры-лымдық ерекшеліктері болады.І

Бүйрекке арып келетін қаннын. 85%-ке жуығы, бүйректің кыртыс қабатындағы қан тамырларында.

Қанды алып келуші артериола тамырынын, қабырғасында, оның шумаққа кіретін жерінде микроэпителиялық клетқадан пай-да болған қалың тығыз түйін (тасиіа сіепза) бар. Оны юкста-гломеруларлық (шумақ қасы) аппарат деп атайды. Егер де бүйректің қан мен қамтамасыз етілуі нашарласа, бұл аппарат ренин бөледі. Ренин артерия қан тамырының қысымын реттеп, қандағы электролиттердің мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді.

Несеп жасалу процесін терең әрі жан-жақты қарастыру үшін, онын. басқа да құрылысын, ерекшеліктерің білуіміз керек.

Бүйректің қаң әкелуші тамыры (үаа аНегепз) бүйрек артери-•ясынан (а. гепаііз) басталады. Бүйрек артериясы іш қолқасынын, бір бұтағы, осыған байланысты Мальпиги шумағы капиллярла-рында қан кысымы басқа мүшелер капиллярындары қысымына қарағанда (с. б. б. 25—30 мм) анағұрлым жоғары (с. б. б. 70—«0 мм).

' Бүйректің қан әкелуші тамырына қарағанда қан әкетуші тамырының диаметрі (үаз еііегепз) екі есе тар. Нефрон түтікшелерінің ұзындығы 35—50 см, ал бүйректегі жалпы барлық түтікше.лердің ұзындығы 70—100 км. Әр капилляр шумағы қабырғасы' сының жалпы ауданы 1,5—2 м2, яғни адам денесінің ауданымен бірдей. Бүйрек қанындағы (геморенальдық) тосқауыл негізінен жіңішке базальдық мембранасынаң түрады. Нефрон түтікшелерінін құрылымдық ерекшелігі, онық жоғарғы бөлімі цилиндр тәрізді эпителийден тұрады, олардьщ ішкі бетінде микробүрлер, яғ'ни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар. КейІн эпителийлердің пішіні өзгеріп куб тәрізді болады. Микробүрлер бүйрек аппараты түтікшелерінің ішкі ауданының жалпы көлемін <бірнеше рет үлғайтады.

Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналаскан: гсксокиназа Ыа+, Қ+—АТФаза жорарғы иірім тү-тікшелерде көбірек болады, .сукцинатдегидраза (N3+, Қ+ ионда-рын тасушы) негізінен Генле ілмешегінін. жоғарғы бөлімі эпите-лиінде көбірек, ал төменгі бөлімінде өте аз шоғырланған. Гиалу-ронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайтын түтіктің эпи-телиінде орналасқан. Бұл айтылған ерекшеліктер несеп түзілуі нефронының қай бөлімінде болса да өте күрделі процесс екенін көрсетеді.


следующая страница>


Тақырып: «Зат және энергия алмасуы. Сыртқа шығару жүйесі. Жылу реттелісі» «Физиология анатомия негіздерімен»

Бөліп шығару қызметтік жүйесінің негізгі физиологиялық маңызы туралы көзқарас қалыптастыру, тері, өкпе, ас қорыту жолдары, бүйректердің ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстап тұ

433.76kb.

14 12 2014
2 стр.


Тақырып: «Вегетативтік жүйке жүйесіне морфофункционалды сипаттама» «Физиология анатомия негіздерімен»

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық срекшеліктеріне байланысты сомалық және вегетативтік деп екіге бөледі

99.72kb.

02 10 2014
1 стр.


Тақырып: «ожж-не жалпы сипаттама» «Физиология анатомия негіздерімен»

Ожж-нің әрекетінің негізгі механизмі ретінде, рефлекстік доға мен оның бөліктері, жүйке орталықтары, ожж-де қозудың таралу ерекшеліктері, ожж-дегі тежелу үрдісінің маңызы, тежелу т

135.42kb.

07 10 2014
1 стр.


Вопросы к экзаменационным билетам по дисциплине: «Анатомия и физиология» для учащихся второго курса по специальности 2 79 01 01 «Лечебное дело»

Анатомия и физиология медико-биологические дисциплины. Методы исследований в анатомии и физиологии. Современные направления в анатомии и физиологии

128.78kb.

09 09 2014
1 стр.


Тақырып: Электр өрісі. Есеп шығару Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Электр өрісінің күштік және энергетикалық сипаттамаларын есептеу барысында сандық, сапалық, графиктік есептер шығару, өлшем бірліктері

37.44kb.

17 12 2014
1 стр.


«Алматы жылу жүйесі» жшс тоо «Алматинские тепловые сети»

Директор атынан, (жарғы, сенімхат, бұйрық) негізінде әрекет ететін, бұдан былай "Абонент" деп аталады, екінші жағынан, бірлесіп Тараптар деп аталады, төмендігілер жайлы Жылу қуатын

284.12kb.

07 10 2014
1 стр.


Анатомия цнс

Анатомия и физиология относятся к биологическим наукам; предмет их изучения – живые организмы

55.19kb.

02 10 2014
1 стр.


Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа «Құқық негіздері оқу курсының жүйесі» тақырыбы бойынша презентация дайындау. Студенттерге презентацияның жоспарға және қолданылатын әдебиеттерге сәйкес жасалуын

896.45kb.

25 12 2014
5 стр.