Алаңдар мен өтпе жолдар құрылысы бойынша жұмыстарды орындау
-
Жұмыстар атауы:
-
№153, 133, 116 ұңғымалар үшін өлшемі 70х80м алаң салу;
-
ұзақтығы 3800м өтпе жол;
-
өтпе жолдар астына футляр орнату.
-
Жолдардың техникалық категориясы:
-
V категориясы;
-
нормаларға сәйкес жол белгілері мен шектеу бағандарын орнату;
-
балық жолдар үшін бұрылыс радиусі 20м;
-
өтетін бөлігінің ені 5,5м.
-
Ұңғыма алаңының құрамы:
-
алаң геогрид пен геотекстиль төселген қалыңдығы 0,8 м себілген топырақтан тұрады;
-
жоғарғы қабаты қалыңдығы 0,20 м ҚГҚ тұрады;
-
қиябеті қалыңдығы 0,15м мергелмен қорғалады.
-
Жол төсемінің құрамы:
-
жол төсемі қалыңдығы 0,8 м себілген топырақтан тұрады;
-
жоғарғы қабаты қалыңдығы 0,20 м ҚГҚ тұрады;
-
қиябеті қалыңдығы 0,15м, жол төсемінің жалпы қаңқасына кіретін мергелмен қорғалады;
-
өтпе жолдардың астына жауын-шашын және еріген сулардың ағуына арналған футлярларды орнатуды қарастыру.
-
Негізгі техникалық талаптар мен жұмыстар көлемі:
-
өндіру ұңғымаларының алаңдары мен кәсіптік автожолдар құрылысы жобалық-сметалық құжаттамаларға қатаң сәйкестікпен орындалуы тиіс;
-
жолдар құрылысы кезінде геогрид пен геотекстиль ізденістер барысында анықталатын жерлерде қолданылатын болды;
-
жұмыстар қоқысты беттерде жүргізіледі және өндіру ұңғымалары алаңдарының құрылысы кезінде геогрид пен геотекстиль төсеуден тұрады;
-
Мердігердің жер иегерінен және жерді пайдаланушыдан карьерді қолдануға заңды рұқсаты бар екендігін растайтын құжаттардың барлығы бар карьерден шығару үшін Мердігер барлық материалдарды (топырақ, ҚГҚ, мергель) қамтамасыз етуі тиіс. Осы құжаттарды Мердігер сол жерде тендерлік құжаттармен бірге ұсынуы тиіс;
-
Мердігер Тапсырыс берушіге тәуелсіз сертификатталған зертхана жүргізген топырақ, ҚГҚ, мергельдің сынамаларын талдауды ұсынуы тиіс;
-
Мердігер жұмыстарды жүргізу үшін қажетті барлық материалдар мен жабдықтарды, шығын материалдарын, жұмыс жасау және басқару персоналдарын өз есебінен ұсынады, сапаны қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі бағдарламаларды (қажет болған жағдайда бөгде ұйымдарды тартады), ҚР нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес тексерулер мен сынаулар процедураларын қамтамасыз етеді;
-
Мердігер ұсынатын барлық жабдықтар, құралдар, автомобильдер жақсы техникалық күйде болуы және кен орнындағы жұмыстар кезінде оларды пайдалану кезінде қауіпсіз болуы тиіс. Мердігер техникаға техникалық қызмет көрсету бойынша, сонымен қатар сынған, жоғалған және бүлінген жағдайда оларды тез арада ауыстыруға жауап береді; Мердігердің жабдықтары мен автокөліктерін жөндеу жұмыстан тыс уақытта жүргізілуі тиіс. Мердігер ЖЖМ өз есебінен ұсынады;
-
Тапсырыс беруші Мердігер техникасы мен жабдықтары стандарттарға техникалық тұрғыдан сәйкес келмеген жағдайда оларды жұмыстарды орындаудан шеттетуге құқылы. Бұл жағдайда Мердігер техниканы немесе жабдықты 24 сағат ішінде Тапсырыс берушіні қанағаттандыра отырып ауыстыруға міндетті;
-
Геогрид пен Геотекстиль Мердігер есебінен ұсынылады. Мердігер топырақты тығыздау және шаңды басу үшін суды қолданады. Суды мердігер ұсынады;
-
Топырақ суының жақын орналасуы салдарынан бұрғылау жабдығын сүйреу кезінде салынған жолдар бұзылуы мүмкін, мердігер алаңдар мен жолдардың бұзылған жерлерін өз есебінен жөндейді.
-
Мердігер Мемлекеттік комиссияға ұсынғанға дейін тендер бойынша жүргізілетін Тапсырыс беруші қолданыстағы жолды және жұмысты қабылдаған күнге дейін шарттың қолданылуының барлық мерзімінде қолданыстағы және жаңа жолдың күйі мен жөнделуіне жауап береді;
-
Мердігер шарт қолданылатын барлық кезең ішінде жобаны инженерлік-геодезиялық қолдауды қамтамасыз етеді. Мердігер құрылыс жұмыстарын Компания бекіткен құрылыс графигіне сәйкес орындауға міндеттенеді. Жұмыстарды орындау Тапсырыс беруші кінәсінен кідірген және топырақ тасу үшін «Солтүстік Қаражанбас» кен орнындағы орталық жолды қолдану мүмкін болмаған жағдайларда жұмыстар графигі жұмысты кідірту мерзіміне автоматты түрде ысырылуы мүмкін;
-
Мердігер Компанияға «Солтүстік Қаражанбас» кен орнында құрылыс жұмыстарының басталғандығы туралы жұмыстарды бастағанға дейін 48 сағат бұрын хабарлауы тиіс;
-
Жұмыстарды орындау кезінде орын алуы мүмкін кез келген өзгертулер оларды жүзеге асырмас бұрын Компаниямен келісілуі тиіс;
-
Мердігер жұмыстарды Компанияның қауіпсіздік, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарына сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындауға міндеттенеді. Мердігер жұмыстарды орындау барысында аумақты таза күйінде ұстауы, жинастыруы және қоқыстар мен қалдықтарды шығаруы тиіс;
-
Тапсырыс беруші Мердігерді нұсқама жүргізу күні туралы және оқу-жаттығуларына қатысуға міндетті персоналдар саны туралы ақпараттандырады;
-
Солтүстік Қаражанбас кен орнындағы Мердігердің барлық көлігі үшін шекті жылдамдық – 45 км/сағат.
-
Қабылдау комиссиясының объектті тапсыруға қойылтын талаптары:
-
Жұмысты қабылдау комиссиясын жүргізу Мердігердің міндетті болып табылады: ол нормативтік құжаттарға сәйкес жұмыс комиссиясын дайындау үшін қажетті барлық талаптарды орындауы тиіс;
-
Мердігер сапаны қамтамасыз ету және бақылау бойынша бағдарламаларды (қажет болған жағдайда бөгде ұйымдарды тартады), ҚР нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды тиісті сапамен орындау үшін қажет болуы мүмкін тексерулер мен сынақтар процедураларын қамтамасыз етеді, барлық талап етілетін жұмыс құжаттамаларын тиісті көлемде және тиісті мерзімде дайындауды қамтамасыз етеді;
-
Мердігер атқару схемалары, журналдары, сертификаттары, паспорттары мен хаттамалары бар барлық атқару-техникалық құжаттамаларды ұсынады.
-
Ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау
-
Бұрғылау ерітіндісін дайындау кезінде жабдыққа, химиялық реагенттерге және персоналдарға қойылатын талаптар:
-
бұрғылау ерітіндісін дайындауға және онымен қамтамасыз етуге арналған зертхана, жабдықтар, химиялық реагенттер мен персоналдар ұңғыманы апатсыз дайындауы, өнімділік горизонтын сапалы ашуды қамтамасыз етуі, Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібіндегі техникалық талаптар мен нормаларға сәйкес келуі және сапа сертификаттарына ие болуы тиіс;
-
Қазақстан Республикасында жұмыстар жүргізу үшін қажетті рұқсаттар мен лицензияларға ие болуы тиіс;
-
оқытылған, біліктілігі жоғары персоналға ие болуы қажет;
-
химиялық реагенттер мен қоспалар стандартқа сәйкес келуі, сипаттамаларымен қолдану нұсқаулары бар зауыттық сертификаттарға ие болуы тиіс;
-
қолданыста химиялық реагенттер болуы тиіс: ұңғыма оқпанының қабырғасының төзімділігін жоғарылату, бұрғылау кезінде қиыншылықтарды (пайда болу, жұтылу) жою үшін;
-
бір ұңғымаға арналған кішкене партиялармен химиялық реагенттерді ылғал өткізбейтін ыдыстарда жеткізу және сақтау;
-
ұңғыма құрылысының технологиялық жобасында көрсетілген регламент пен параметрлер тізбесіне сәйкес бұрғылау ерітіндісінің параметрлерін өлшеу;
-
дайындалған бұрғылау ерітіндісі полимерлі дисперстелмейтін болуы және қатты фазаның төмен көлемдік үлесінен тұруы тиіс;
-
жұмыстар аяқталғаннан кейін бұрғылау шламын және қолданылған бұрғылау ерітіндісін кәдеге жаратуға шығару;
-
жұмыстар ұзақтығы: үздіксіз, тәулік бойы;
-
радиобайланыс құралдарына ие болу.
-
Бұрғылау ерітіндісінің келесі параметрлерін өлшеу үшін зертханадағы қажетті аспаптардың тізбесі:
-
тығыздықты (шекті салмақты);
-
шартты және пластикалық тұтқырлықты;
-
су беруді (сүзуді);
-
рН деңгейін;
-
ығысудың динамикалық және статикалық кернеуін;
-
қатты фаза (құм) мөлшерін.
-
Керн сынамасын алу бойынша жұмыстарды орындау
Керн алу интервалы: 655-680м (геологиялық қызмет анықтайды).
Керн алу кезінде орындаушыға қойылтын талаптар:
-
алу интервалынан кернді 100% шығару;
-
нашар цементтелген жыныстардан (құм, алеврит, алевролит, құмтас, саз) керн алу жөніндегі Hydrolift жүйесіне ие болу;
-
алюминий керн қабылдау құбырларымен керн алу;
-
керн сақтауға арналған ағаш жәшіктердің болуы.
-
Ұңғымаларды бұрғылау кезінде жиектеме мұнараларды цементтеу бойынша жұмыстарды орындау
-
Жиектеме мұнараларды цементтеу кезінде жабдықтарға, материалдарға, химиялық реагенттерге және персоналдарға қойылатын талаптар:
Цементтеуге арналған техникалық және технологиялық мүмкіндіктер, жабдықтар, персоналдар осы техникалық тапсырмада көрсетілген техникалық спецификациялар мен жабдыққа қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келуі тиіс. Мердігер цементтеу және цемент ерітіндісін зертханалық зерттеулерін талдау бағдарламасын, сонымен қатар қолданылатын химиялық реагенттердің спецификациясын цементтеу жұмыстарын бастағанға дейін «Физтех» фирма» ЖШС келісуге ұсынуы тиіс.
Мердігер қолданылатын техника мен технологияның тізбесін көрсетуі тиіс. Мердігер цементтеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қажетті жабдықтармен, персоналдармен және материалдармен қамтамасыз етеді. Цементтеу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету үшін Мердігер толығымен жинақталған цементтеу агрегаттарына, араластыру машиналарына, сулау ыдысына, манифольдтар блогына, бақылау станциясына, цемент ерітінділері зертханасына және білікті персоналға ие болуы тиіс.
-
Мердігер келесі жұмыстарды орындауы тиіс:
-
Ø324; 244,5 және 168,3мм жиектеме мұнараларды цементтеуді жоспарлау және орындау;
-
цемент көпірлерін орнату;
-
жиектеме мұнараларын түзететін цементтеу;
-
зертханалық талдауларды өткізу.
Мердігер жұмыстар жүргізілетін жерде келесі жабдықтар мен құралдарды мобилизациялауды қамтамасыз етуі тиіс (ұңғымаларды салудың техникалық жобасына сәйкес):
-
цементтеу агрегаттары ЦА-320 – 2 дана;
-
араластыру машиналары 20тн – 1 дана;
-
20м3 мобильді сулау ыдысы - 1 дана;
-
цементтеуді бақылау станциясы – 1 дана;
-
350 атм манифольдтар блогы – 1 дана;
-
рециркуляциялық миксер;
-
диаграммаларды жазуға арналған аппаратурамен жинақталған шығын өлшегіш және тығыздық өлшегіш;
-
қосалқы диаграммаларды қоса алғанда, қысыммен толтырылған цемент ерітіндісінің тығыздығын анықтауға арналған калибрлейтін рычагты таразылар;
-
орталықтан тарататын және араластыратын жабдықпен жабдықталған суды сақтауға арналған ыдыс;
-
цемент пачкасын араластыруға арналған араластырғыш;
-
жалпы салмағы 300 қаптан кем емес цементті тасымалдауға арналған көлік;
-
жалпы көлемі 200 қап цементтен кем емес алаңда орнатылатын сақтауға арналған мобильді ыдыс;
-
қос тығыны бар толық өтпелі цементтелген бастиек;
-
цементтеу бастиегін цементтеу агрегатымен байланыстыруға арналған топсалы қосылыстар, құбырлар, келте құбырлар;
-
жұмыстарды атқарушылар арасындағы байланыс құралдары (рациялар).
3. Мердігер ирек оймалы қосылыстардың өлшемдерінің, типтерінің, салмақтың және бұрғылау станогында қолдануға арналған жабдықтар мен материалдардың тізімінде аталған басқа да техникалық спецификациялардың сәйкес келетіндігіне жауап береді. Мердігер бұрғыланатын жерге цементтеу бағдарламаларын орындау үшін жеткілікті мөлшерде цемент өнімін жеткізеді. Мердігер «Физтех» фирма» ЖШС алдын ала жазбаша келісімінсіз иемденген немесе қолдануға келісілген химиялық реагенттерді өзгерте алмайды. «Физтех» фирма» ЖШС келісімі Мердігер ұсынатын жұмыстарды жүргізудің техникалық, экономикалық және экологиялық нәтижелеріне әсер ету мүмкіндіктері туралы құжаттарға байланысты болады.
4. Цемент мен қоспаларға қойылатын талаптар:
-
Атауы
|
ГОСТ, ССТ, ТШ
|
«G» класының цементі, ерітіндінің шекті салмағы 1,85г/см3
|
АМИ
|
Көбік басқыш
|
Су бергішті төмендеткіш
|
Кеңейтетін қоспа
|
Буфер сұйықтығына арналған саз қыртысын тазалайтын химиялық реагенттер
|
Мердігер цементтің, химиялық реагенттердің және басқа да материалдардың спецификацияларының АМИ Spec 10 стандартына сәйкес келетіндігіне кепілдік береді. Тиісті сапа тауардың әр жеке партиясы үшін зауыт сертификатымен расталуы тиіс.
Химиялық қоспалар негізінен ұнтақ тәрізді, шөгуге, сақтау кезінде қатып қалуға минималды бейімділікпен коррозияға төзімді күйде болуы, сапа сертификатына ие болуы тиіс.
Мердігер спецификациялар картотекасында химиялық реагенттің әр жеке түрі үшін өндірістік сипаттамалар болуы тиіс. Осы құжаттама «Физтех» фирма» ЖШС талап еткен кезде берілуі және келесі деректерден тұруы тиіс:
-
өнім мақсаты;
-
өнімді қолдану саласы;
-
сапаны тексеру және сынау жөніндегі нұсқаулық;
-
стандартты сапаны тексеру жөніндегі есептік ведомость.
-
Ұңғымаларды бұрғылау кезінде геофизикалық зерттеу жөніндегі жұмыстарды орындау
Негізгі талаптар:
Техникалық және технологиялық мүмкіндіктер, жабдықта, персонал, ашық байқау қатысушылары осы қосымшаларда көрсетілген техникалық спецификациялар мен жабдықтарға қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келуі тиіс. Жоғарыда аталған қызметтерді көрсету бойынша жеткілікті тәжірибесі бар, сонымен қатар жұмыстадың жоспарланған көлемі үшін тиімді коммерциялық жағдайларды ұсынатын Мердігерге артықшылық беріледі.
Геофизикалық станциялардың заманауи жабдықтармен (автоматтандыру деңгейі, БӨАжА және т.б.) техникалық жабдықталуы, ұңғыманың ашық және жиектеме оқпанындағы геофизикалық зерттеулер (ГАЖ) кезінде жаңа технологияларды қолдану, сонымен қатар жарылғыш заттар мен радиобелсенді материалдарды сақтауға арналған база мен қоймалардың болуы есепке алынады.
-
Жұмыстардың мақсатты мәні, негізгі бағалау параметрлер
Техникалық тапсырмаларға сәйкес каротаждық жұмыстарды жүргізу, соның ішінде:
-
Ашық оқпанда – ұңғыма забойына, қиманың геологиялық-геофизикалық параметрлерін сандық анықтағанға, қимаға тереңдігі бойынша ұңғымадағы басқа да зерттеулер мен операцияларды тіркегенге, ұңғыма траекториясына, қаттың сүзу қасиеттерін зерттеу мақсатында қат қысымын өлшегенге, құрылымдық талдау мен сызаттарды бағалауға дейін аршылған бөліктегі геологиялық қима құрылымын зерттеу мақсатындағы каротаждың стандартты және толық кешені.
-
Жабық оқпанда – жиектеме мұнарадағы цементтері көтеру биіктігін, құбырдан тыс кеңістікті цементпен толтыру толықтығын және оның мұнарамен және тау-кен жыныстарымен ілінісуін; бұрғылау ұңғымасындағы бұрғылау құралын қармау тереңдігін, жиектеме мұнаралардың муфтасы қимасындағы күйді; технологиялық жабдықтың орналасқан жерін анықтауға арналған каротаж әдістері.
-
Тесілген – жару жұмыстары:
-
кумулятивті тесілу;
-
кешендік пластик (саңылаулы) тесілу.
-
Ұңғыманың эксплуатациялық мұнарасындағы төрт бойлық саңылауларды жасау;
-
Қаттың забой маңындағы аймағын гидромониторлы өңдеу, шайып кету уақытын 60 минутқа дейін қысқарту үшін кавернаны алты мониторды перфоратормен тереңнен шаю;
-
ГМСТ кезінде жоғары қысымды ұстап тұру үшін агрегатпен қамтамасыз ету, өндіргіштігі жоғары сорғылы агрегатты қолдану;
-
Акустикалық профилометрия әдісімен тесілу интервалының сапасын бақылау.
-
Қорларды есептеу және оларды өңдеу дәрежесін анықтауға арналған ақпараттарды алу мақсатында кен орнын қазуды бақылау жөніндегі геофизикалық зерттеу. Жұмыстар нәтижесінде осы тапсырманың 4-тармағы бойынша геологиялық-геофизикалық материалдар алынуы тиіс.
-
Геологиялық және техникалық тапсырмалар, реттілігі және оларды шешудің негізгі әдістері
-
Геологиялық тапсырмалар.
Каротаж жұмыстарын жүргізу нәтижесінде келесі геологиялық тапсырмалар шешілуі тиіс:
-
литологиялық және стратиграфиялық бөліну және бұрғыланған ұңғымалары қимасының корреляциясы;
-
коллектор ұңғымалары қималарындағы бөлінулер;
-
Ю-I резервуарындағы коллекторларды бөлу және мұнаймен қаныққан және су соратын неокома;
-
қат флюидтері (ВНК), тиімді мұнаймен қаныққан қалыңдық, саздақ коэффициенттері, кеуектілік пен мұнаймен қанығу, өткізгіштік арасындағы контакт күйін анықтау;
-
қат және гидростатика қысымын өлшеу;
-
өнеркәсіптік ағын алуға арналған тесілу интервалдарын анықтау;
-
ұңғыма қабырғаларынан пластик флюидтер сынамасын алу, олардың қасиеттері мен құрамын зерттеу.
Каротаждық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде келесі техникалық тапсырмалар шешілуі тиіс:
-
цементті көтеру биіктігін белгілеу, құбырдан тыс кеңістікті цементпен толтыру көлемін анықтау, цементтің жиектеме мұнарамен және тау-кен жыныстарымен ілінісуін бағалау;
-
ұңғыма оқпанында сұйықтық бөлігінің статикалық деңгейін анықтау.
-
Тапсырмаларды шешу әдістері мен сатылары
Геологиялық тапсырмалар келесі реттілікпен кезеңдеп шешіледі:
-
геофизикалық кәсіпорын базасында және тікелей ұңғыма сағасында дайындық жұмыстарын жүргізу;
-
ұңғыма аспаптарын мерзімді және далалық калибрлеу, оларды өндірушілер мен метрологиялық қызметтер орындайды. Дала калибрлеулері мен дала жұмыстарының өндірісін бақылауды Тапсырыс берушінің - «Физтех» фирма» ЖШС өкілі жүзеге асырады;
-
бақылау жабыны бар ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер мен жұмыстарды жүргізу – 50 м кем емес;
-
деректерді тіркеуге арналған іске қосу-көтеру операцияларын жүргізу, олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін деректерді бастапқы редакциялау;
-
Тапсырыс берушіге - «Физтех» фирма» ЖШС өкіліне тікелей ұңғымада 1:500 масштабында қағаз тасымалдағышта көшірмелерді және бастапқы деректердің файлдарын беру.
-
Күтілетін нәтижелер және есептік материалдар
Жасалған жұмыстардың нәтижесінде келесілер алынады:
-
Бастапқы дала деректері. Дала деректері Тапсырыс берушіге каротаж жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден las, pds (tiff), etc форматында және қағаз тасымалдағышта ұсынылуы тиіс;
-
Тапсырыс берушімен шұғыл келісуге арналған кесте және график түрінде ұсынылған алдын ала тұжырым. Өңдеу мен интерпретациялаудың шұғыл нәтижелері Тапсырыс берушіге келесі мерзімдер ішінде las, word (EXCEL), tiff (pds, etc) форматында ұсынылуы тиіс:
ГАЖ толық жинағы (etcELAN) үшін – 1 тәулік
арнайы әдістер үшін – 3 тәулік
-
Кесте және график түрінде ұсынылған тұжырымдардан (есептерден) және интерпретациялау нәтижелерінен тұратын каротаждық әдістер кешенін өңдеу мен интерпретациялаудың соңғы нәтижелері. Қорытынды интерпретациялау нәтижелері Тапсырыс берушіге келесі мерзімдер ішінде халықаралық (конверттік) форматтарда ұсынылуы тиіс:
ГАЖ толық стандартты кешенін өңдеудің соңғы деректер - 2 тәулік
ГАЖ арнайы әдістерін өңдеудің соңғы деректері - 2 тәулік
Графикалық түрдегі дала және интерпретация жұмыстарының нәтижелері қағаз тасымалдағышта 4 данадан, соңғы тұжырымдар 3 данадан тұруы тиіс – орыс тілінде және las, pds, dlis, etc форматтарында 1CD электрондық тасымалдағыштарда.
-
«Физтех» фирма» ЖШС геофизикалық зерттеулерден тұрады:
Жазба масштабы
|
Зерттеу түрлері
|
Жазба интервалы
|
Зерттеулердің жүргізілетін интервалы, м:
|
бастап
|
дейін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Контурдың ашық оқпанындағы қызметтер көлемі
|
1:500
|
ПС
|
180
|
20
|
200
|
КС
|
180
|
20
|
200
|
ДС
|
180
|
20
|
200
|
ГК
|
180
|
20
|
200
|
Инклинометрия (25м арқылы жазу нүктесі)
|
180
|
20
|
200
|
Эксплуатациялық мұнараның ашық оқпанындағы қызметтер көлемі
|
1:500
1:200
1:500
1:200
|
ПС
|
500
|
200
|
700
|
КС
|
500
|
200
|
700
|
ДС
|
500
|
200
|
700
|
БК
|
500
|
200
|
700
|
ГК
|
500
|
200
|
700
|
Инклинометрия 25м арқылы жазу нүктесі)
|
500
|
200
|
700
|
Термометрия
|
500
|
200
|
700
|
Резистивиметрия
|
500
|
200
|
700
|
Өнімділік интервалындағы каротаж
|
1:500
1:200
|
ПС
|
150
|
550
|
700
|
КС
|
150
|
550
|
700
|
ДС
|
150
|
550
|
700
|
БК 2 зондты
|
150
|
550
|
700
|
ГК
|
150
|
550
|
700
|
ННК 2 зондты
|
150
|
550
|
700
|
1:500
1:200
|
МБК
|
150
|
550
|
700
|
ГК
|
150
|
550
|
700
|
ГГКП (2 зондқа компенсацияланған)
|
150
|
550
|
700
|
ИК (су негізіндегі ерітінді кезінде)
|
150
|
550
|
700
|
АК
|
150
|
550
|
700
|
Кондуктор және экс.мұнара артындағы цемент тасын анықтау
|
1:500
|
АКЦ
|
200
|
0
|
200
|
АКЦ
|
700
|
0
|
700
|
Ескертпе: Зерттеулердің түрлерін барынша ақпараттандырылғанымен ауыстыруға болады.
|