Перейти на главную страницу
Жасалған әдістемелік қосымша мен бағдарламаны бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты мұғалімдерге ақыл-кеңес, әдістемелік ұсыныстар берілді, оларды пайдаланудың жолдары, әдіс-тәселдері көрсетілді. Көркем шығарманы оқу үрдісінде пайдаланудың үлгі сабақ жоспарлары көрсетілді. Ол сабақ жоспарлары төмендегідей тақырыпьарды қамтыды: «Туған жер», «Отан туралы», «Туған өлкем», «Астана», «Сенің Отаның», «Мен ілімді сүйемін», «Ауыл таңы», «Өсіп келе жатырмын», «Сарыарқа», «Өзім – күнмін, өзім - от», «Бостандық таңы атты» т.б.
Бұл сабақтардың ұлттық сана-сезім мен идеологияны қалыптастыруға, халықтың салт-дәстүрлерін, ана тілін дамытуға, отаншылдық сезем мен ұлттық мүдлдені өсіруге, жастарды ата-баба тарихына құрметпен қарай білуге тәрбиелеуге ықпалы ерекше. Көркем шығарма үлгілерін пайдалана отырып сабақ өткізу бастауыш сынып мұғалімдеріне шығармашылықпен жұмыс істеуге зор мүмкіншілік ашты. Көркем шығарма арқылы тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіріп, бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында әртүрлі сыныптан тыс жұмыс формалары мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Өткізілген сыныптан тыс жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын анағұрлым арттырды. Олардың адамгершілік, гумандық қасиеттері дамып, патриоттық сезімдері қалыптасты.
Эксперименттің үшінші кезеңінде жасалған әдістемелік қосымша мен бағдарламаның тиімділігін анықтау үшін сауалнамалар тест жүргізіліп, сұрақ-жауап, әңгімелесулерн жүргіздік. Тексерулер қорытындысы бастауыш сынып оқушыларын патриоттық сезімдері анағұрлым кеңейгені, олардың көркем шығарма туралы білімдерінің, иүсініктерінің әлде қайда дамығандығын байқатты. Бақылай экспериментінің көрсеткішін кестеден көрсетеміз.
N |
Өлшемдері |
Оқушылар |
Эксперименттік топтар |
Бақылау топтар | ||||
саны |
т/д |
о/д |
ж/д |
т/д |
о/д |
ж/д | ||
% | ||||||||
1 |
Көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі |
160 |
30 |
60 |
70 |
80 |
48 |
32 |
% |
19 |
37 |
44 |
50 |
30 |
20 | ||
2 |
Көркем шығарма материалдарын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі; |
160 |
36 |
58 |
66 |
86 |
43 |
31 |
% |
23 |
36 |
41 |
54 |
27 |
19 | ||
3 |
Алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі. |
160 |
35 |
68 |
57 |
82 |
48 |
30 |
% |
22 |
42 |
36 |
51 |
30 |
19 | ||
4 |
Жалпы |
100% |
21 |
39 |
40 |
52 |
29 |
19 |
Бұл бақылау экспериментінің нәтижесін 2 – суретте көрсетеміз:
Егер тәжірибелік экспериментке дейін эксперименттік топтардың жоғары білім деңгейін тек 19% оқушы көрсетсе, тәжірибелік эксперименттен кейін аталмыш деңгей көрсеткіші 40%-ға дейін көтерілді. Орта білім деңгейіндегі оқушылар 24 % дан 39%-ға дейін жоғарлады. Ал төменгі білім деңгейі 57% -дан 21-%ға дейін төмендеді. Бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер байқалмады.
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Оқушыларды көркем шығарма арқылы патриоттыққа баулу мүмкіндіктері бойынша қалыптастыру экспериментін жүргізген мектептегі ана тілі сабағында оқушылардың айтылғанды қалай қабыл алғаны, қандай әсер қалдырғанын байқадық. Халқымыз елін қорғайтын саналы азамат тәрбиелеуге қашанда ерекше мән беріп келген. Батырлық, ерлік рухта патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары мынадай басты мәселелерді жүзеге асырылуы тиіс. Олар: патриоттық тәрбиеге байланысты озат тәжірибедегі мүмкіндіктерді толық пайдаланып, оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау, бастауыш сыныптарда негізгі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға тірек болатындай сипатта, яғни сабақтастыра жүргізуге баса назар аудару, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде туған елін, жерін, Отанын сүюге баулуда жергілікті жердің батырлары мен елім деген ерлердің ерлік, батырлық істеріне үлгі ету арқылы ұлттық намысын оятатын жұмыстарды ұйымдастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті,нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» - делінген.
Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымғы тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақөз кезі мен өткеннің талаптары,о бъективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: орта білім беру міндеттерінің бірі – азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді». Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандықпатриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің моделін құра отырып, өсіп келе
жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, отаншылдыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті.
Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік рухында ұлтжандылыққа тәрбиелеу екені айқын. Патриотизм – туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және оларды құрмет тұту. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұны: туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады.
Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.
Әр халық ұрпағының қайырыпмды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар ұяты мол елжанды болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Халқынга Жолдауында» жас ұрпақты жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегесімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды.
Патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім болып табылады. Отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың маңызы зор. Оның себебі, бастауыш сатыдағы кезең – бала дамуының ұйытқысы, іргетасы болып, оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезең. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбиені көркем шығармалар арқылы жүзеге асыруға болады.
Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет.
Ұрпақ тәрбиесінде көркем шығармалар баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және көркем шығарма жанрлары негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық ебектерде көрсетілгені зерттеу барысында анықталды.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өміріндегі өзгерістер қазіргі білім беру жүйесінің ізгіліктік және жеке тұлғаны қалыптастыру бағытын көздеп отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуынақажетті жағдай жасау» деп көрсетілген.
Көркем шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихы жүріп өткен тағдыры, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, өзіндік тілі, діні жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым-түсінігі көрініс табады.
Көркем шығарманы оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының патриоттық сезімін қалыптастырамыз, дүниеге көзқарасын дамытамыз.Көркем шығарма балаларда алуан түрлі сезім, ой туғызады.
Біз зерттеуімізге нысана етіп алған көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесін зерделей келе төмендегідей қорытынды жасаймыз.
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде көркем шығарма материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жүйелі әдістемелік кешенін жетілдіру;
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбие процесінде көркем материалдарын жүйелі пайдалану және сыныптан тыс өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, оларды дамыту;
- көркем материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға байланысты үлгілі ұстаздардың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау үшін бастауыш сынып мұғалімдерімен семинарлар, тренигтер өткізіп, әдістемелік кеңестер ұйымдастырып, ашық сабақтар өткізу.
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
14 12 2014
5 стр.
Шығармашылық тұрғыда өздігінен даму барысындағы тұлғаның қалыптасудағы психологиялық негіздері
15 10 2014
1 стр.
Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
25 12 2014
4 стр.
Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің көкейкесті міндеті оқушылардың танымдық шығармашылық іс -әрекетке баулу болып табылады
17 12 2014
4 стр.
Жұмыс бағдарламасы мжмбс-2009 негізінде «Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері» пәні бойынша құрылған
15 10 2014
1 стр.
17 12 2014
4 стр.
Психологиялық жағдай туғыза отырып,оқушылардың шығармашылық пен ізденіс қабілеттерін дамыту
23 09 2014
1 стр.
Мақсаты: оқушылырдың кітап оқуға құмарлығын арттыру, кітап оқу аркылы олардың сөздік қорының молаюы, ой-өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы
04 09 2014
1 стр.