Химия
Тәуелсіз емтиханның өткізілу уақыты: 2 сағат
Сұрақтардың саны: 20
Тәуелсіз емтиханның ең жоғары балл саны: 100
Тәуелсіз емтихан үш секциядан тұрады: «А», «В» және «С»
«А» секциясы 10 бірнеше жауабы бар сұрақтан тұрады. Жалпы балл саны: 10
«B» секциясы 9 ашық сұрақтан тұрады, бөлімде жалпы балл саны: 68
«С» секциясы 1 ашық сұрақтан тұрады, барлығы 22 балл беріледі.
Тапсырмаларды орындау үшiн оқушыларға химиялық элементтердiң периодтық кестесі және басқа керекті заттар берiледi. Калькуляторды қолдануға рұқсат етiлмейдi.
Химия пәні бойынша тәуелсіз емтихан тапсырмаларының үлгісі:
A секциясы
Әрбір сұраққа 4 жауап нұсқасы берілген A, B, C және D. Нұсқалар арасынан бір дұрыс жауапты таңдап белгілеңіз.
Барлық сұрақтар мысал ретінде берілген.
1 сұрақ
Реакция теңдеулерінің қайсысында бром мен метан әрекеттескенде тізбектің өсуі жүреді?
A CH
3• + Br
2 CH
3Br + Br•
B CH
3• + CH
3• C
2H
6
C CH
4 + Br• CH
3Br + H•
D CH
4 + Br
2 CH
3Br + HBr
2 сұрақ
Сынақ жүргізіп жатқан кезде 40 oC газдың көлемі 180 cм3 тең болды. Осы газ 80 oC температурада қандай көлем алады.
A 90 cм
3,
B 154 cм
3
C 206 cм
3
D 360 cм
3
[Барлығы: 2]
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
A
|
1
|
2
|
C
|
1
|
|
|
|
[Барлығы: 2]
|
B секциясы
3 сұрақ
РНК және ДНК – екі маңызды табиғи полимерлер.
(a) ‘Полимер’ дегеніміз не?
(b) Берілген екі полимерлерде ‘НК’ әріптері нені білдіреді?
(c) Т
өменде ДНК
молекуласының екi тiзбекті фрагментінің суретiн салыңыз.
Әрбір тізбек РНК және ДНК үшін жалпы үш нуклеотидтен тұру керек, ал жалпы тізбекке барлық төрт нуклеотид кіруі қажет.
Сіз орындайтын фрагменттің сызбасында төмендегі шарттар міндетті түрде көрсетілуі қажет:
- тізбек негізінің болуы;
- азоттық негіздің негізбен қосылуы;
- комплементарлы тәсіл бойынша азотты негіздердің қосылуы;
-
молекула аралық байланыстың қай түрі азотты негiздердiң қосылуына қатысатыны.
[5]
(d) Үш айырмашылықты көрсетіңіз.
-
РНК-ның үш түрі ағзаларға маңызды. Соның біреуі тРНК – тасымалдаушы РНК.
-
тРНК тірі ағзаларда болатын процесс үшін маңызды. Бұл қандай процесс?
-
Осы процесте тРНК-ның атқаратын қызметінің біреуін сипаттаңыз.
[Барлығы: 12]
3 сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
|
Ұзын тізбекті молекулалар/ бірнеше қайталанатын буындардан тұратын молекулалар
|
1
|
(b)
|
|
Нуклеин қышқылы
|
1
|
(c)
|
|
- нұсқаулар орындалды – әрбiр тізбекте, ең аз дегенде, үш нуклеотид бар (ГЦА), ал жалпы тізбекте барлық ГЦА және Т қолданылған
- негізі – бұл айнымалы дезоксирибоза қанты (“дезоксирибоза” термині кез келген түрде қолданылады) және фосфат (P қоршалған немесе белгіленген күйінде қолданылады)
- негiздер тек қана қантқа қосылады
- комплементарлық тәсілі бойынша байланыстыру бұл ГЦ және АТ
- “сутектік байланыс” немесе “H байланысы” айқын белгіленуі қажет (мысалы, пунктир сызықтарымен белгіленген) қосылатын негіздердің арасында
|
5 максимум
|
(d)
|
|
- РНК-ның құрамында рибоза, ДНК-ның құрамында дезоксирибоза бар
- РНК бір тізбекті, ДНК екі тізбекті
- РНК-ның құрамында урацил, ДНК құрамында тимин («тимидин» термині қабылданады)
|
3 максимум
|
(e)
|
(i)
|
Ақуыз синтезі/трансляция (аРНК)
|
1
|
|
(ii)
|
Немесе тасымалдау/аминқышқылдарымен байланыстырады немесе аРНК негізіндегі триплет/кодонын анықтайды
|
1
|
|
|
|
|
[Барлығы: 12]
|
C секциясы Ғылыми зерттеу
4 сұрақ
Химик белгісіз заттың эмпирикалық (ең қарапайым) формуласын тапқысы келдi. Үлгі бойынша бұл зат таза көмiрсутек – көмiртек пен сутегiнiң қосылысы болып табылады. Алдымен ол сұйықтықты аздап жағып, реакция нәтижесінде алынған судың және көмір қышқыл газының массасын анықтамақ болды.
(a) Химик қолданатын құрал-жабдықтардың толық сызбасын салыңыз.
Сіздің сызбыңыздан су мен көмірқышқыл газы қалай және қай жерде жиналатыны түсінікті болуы керек.
[3]
(b) Қажетті мәліметтерді алу үшін қандай өлшемдер жасалу керек?
(c) Таңдап алынған мәліметтердің
ақиқаттығына қалай көз жеткiзуге болады?
(d) Тәжiрибе процессiнде су 0,0612 г (M
r=18,0)
массасымен және көмірқышқыл газы 0,2992 г (M
r=44,0) массасымен алынады.
Бұл мәліметтерді қолдана отырып көмірсутектің эмпирикалық формуласын анықтаңыз.
[Барлығы: 6]
4 сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
- сызба реттілікті төмендегіні көрсетеді: сұйықтықтың жануы, суды жинау, CO2 жинау, аспирациялық қондырғы. Енгізетін және шығаратын бір тетікті тәсіл болуы керек
- су коллекторы: суды жинау үшін қажет, бірақ CO2 емес. Мысалы суытылған U-тәрізді түтік, коллекторы бар конденсатор, қажетті кептіргіш
- CO2 коллекторы: қажетті негізгі қоспасыз калдық, мысалы, натрондық әк (ерітінділер есепке алынбайды)
|
3 макс.
|
(b)
|
Екі коллектордың алғашқы және соңғы массаларын өлшеу
|
1
|
(c)
|
Кем дегенде екі рет қайталаңыз
|
1
|
(d)
|
CH
|
1
|
|
[Барлығы:6]
|
5 сұрақ
Химик натрий хлоридтерінің концентрациясы мен тығыздықтары арасындағы байланысты зерттегісі келді. Ол қаныққан натрий хлоридінің концентрациясы 5,8 моль/дм3 екенін біледі. Натрий хлоридінің молярлық массасы 58,5 г.
(a) бұл байланысты зерттеу үшін ерітіндінің қандай
минималді көлемін алу керек?
(b) ол алуы мүмкін сұйытылған және концентрленген ерітінділердің концентрациясын ұсыныңыз.
(c) b жауабын қолдана отырып, ол ерітіндінің қалай даярлануы мүмкін. Сіз өзіңіз қолданатын немесе ол қолданған барлық құрал-жабдықты атаңыз, массаны немесе көлемді көрсетіңіз.
-
Ол (c) бөлімінде көрсетілген ерітіндінің тығыздығын калай анықтады? Бұл жерде қандай өлшеулер жүргізілгенін және алынған өлшемдерді тығыздықты есептеу үшін қалай қолдануға болатынын сіз анықтауыңыз керек.
[Барлығы: 6]
Сұрақ 5
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
Кем дегенде 5
|
1
|
(b)
|
Максималды концентрация ең аз дегенде 3X минималдыдан жоғары және 5,8 моль дм-3 шамасынан аз немесе тең болуы керек
|
1
|
(c)
|
ареометр және өлшегіш колба
|
2
|
(d)
|
- ерітінді үлгісінің массасы мен көлемін өлшеңіз
Немесе барлық ерітіндінің массасын өлшеңіз және белгілі көлемді қолданыңыз (ол берілу керек)
Немесе барлық ерітіндінің массасын өлшеңіз судың белгілі тығыздығын қолдана отырып (берілу керек) және белгілі көлемді қолданыңыз (берілу керек)
- тығыздық = масса/көлем
|
2
|
|
|
|
[Барлығы:6]
|