Физика
Тәуелсіз емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Тапсырмалар саны: 33
Тәуелсіз емтиханның ең жоғары баллы: 100
Тәуелсіз емтихан үш секциядан тұрады: «А», «В» және «С»
«А» секциясы бірнеше ұсынылған жауаптан дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін 20 сұрақтан тұрады және бұл секцияның ең жоғары балы – 20
«В» секциясы ашық түрдегі 9 сұрақтан құралған. Ең жоғары балы – 39
«С» секциясы ашық түрдегі 4 сұрақтан тұрады. Секцияның ең жоғары балы – 41
Физикалық тұрақтылар емтихан парағының бірінші бетіндегі кестеде беріледі. Емтиханда калькулятор қолдануға рұқсат етіледі.
Физика пәні бойынша тәуелсіз емтиханның тапсырмаларының үлгісі:
A секциясы
Әрбір сұраққа 4 жауап нұсқасы берілген A, B, C және D. Дұрыс деп шешкен бір жауап нұсқасын таңдаңыз.
Барлық сұрақтар мысал ретінде берілген.
1 сұрақ
Төмен вольттық үстел шамы трансформаторға қосылған. Трансформатордың электр қозғауыш күшінің (э.қ.к.) шамасы 1.1 суретіндегі графикте көрсетілген.
[Сурет 1.1]
Шамның кедергісі 1,5 Ом.
Шамдағы энергия шығынын анықтаңыз.
А 54 Вт
В 27 Вт
С 24 Вт
D 12 Вт
2 сұрақ
Алыс ғаламнан қабылданған электрмагниттік сәулелену - қызыл ығысу болып табылады.
Бұл нені білдіреді?
А Алыс ғаламнан ешқандай қызыл жарық сәулеленбейді.
В Жерде тіркелген сәулеленудің жиілігі шын мәнінде галамнан жоғарырақ жиілікте сәулеленген.
С Жерде тіркелген сәулеленудің толқын ұзындығы шын мәнінде ғаламнан одан да ұзын толқын ұзындығымен сәулеленген.
D Егер ғаламға телескоппен қараса, ол қызыл түсті болады.
[Барлығы: 2]
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
D
|
1
|
2
|
B
|
1
|
|
|
|
|
[Барлығы: 2]
|
В секциясы
3 сұрақ
3.1 суретте қатаңдығы k серіппеге ілінген массасы m шарик көрсетілген.
[Сурет 3.1]
(а) Шарикті ілгендегі серіппенің созылу ұзындығын
e анықтаңыз.
(b) Шарикті үлкен қашықтыққа А (A
-
Шарик тербелістің төменгі тепе теңдік жағдайында болғандағы қорытқы күштің бағыты мен шамасын анықтаңыз.
Күштің бағыты=
|
|
|
Күштің шамасы=
|
|
[1]
|
-
Келесі теңдеуге бағынатын тербелісті сипаттаңыз:
1.
|
[1]
|
2.
|
[1]
|
3.
|
[1]
|
Барлығы:
|
[3]
|
-
Тербелістегі шариктің максималды жылдамдығын анықтайтын теңдеуді жазыңыз.
максималды жылдамдық =
|
|
[1]
|
(c) Шариктің ауытқуы тепе теңдік нүктесіне қатысты өлшенеді. 3.2 суретке шариктің ауытқуының уақытқа тәуелділік графигін салыңыз. Уақыт шарикті босатқан сәттен басталады.
[Сурет 3.2]
(d) Шарикті жібергенде, оның тепе теңдікке алғаш рет оралғандағы энергия өзгерісін сипаттаңыз.
(e) Массасы 0,24 кг шарик қатаңдығы 1,5 Н/м серіппеге ілініп, тік бағытта ығыстырылады.
Шариктің тербелу периодың анықтаңыз.
[Барлығы: 10]
3-сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
|
(e = )mg/k
|
1
|
(b)
|
(i)
|
Күштің бағыты = Жоғары
Күштің шамасы = kA-mg
|
1
|
(ii)
|
- Үдеу - күшке қарама-қарсы бағытталған және теріс мәнге ие.
- үдеу = (–)ky/m
- ω2 = k/m
|
максимум 3
|
(iii)
|
(максималды жылдамдық = ) Aω немесе A√(k/m)
|
1
|
(c)
|
|
- дұрыс периодтың синусоидты қисығының графигі
- дұрыс синусоидты период және Aω немесе A√(k/m) остеріндегі дұрыс қисықтың графигі
|
максимум 2
|
(d)
|
|
- серіппенің потенциалдық энергиясынан
- кинетикалық және потенциалдық (гравитациялық) энергияға
|
максимум 2
|
(e)
|
|
-(период = )2π/ω немесе 2π/√(k/m) немесе 2π√(m/k) немесе 2π/√(1.5/0.24) немесе 2π√(0.24/1.5) немесе 2π/√6.25 немесе 2π√ 0.16 немесе 2π/2.5 немесе 2π0.4, π=3.142
- 2.51 с
|
максимум 2
|
|
|
|
|
[Барлығы: 12]
|
В секциясы.
Ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыс сұрақтары
4 сұрақ
Оқушы, құрамында фотоэлемент және кернеуін өзгертуге болатын ток көзі бар схеманы құрастырады. Схема 4.1 суретінде көрсетіледі.
[Сурет 4.1]
5,20 × 1014 Гц жиіліктегі электромагниттік сәулелену фотоэлементке түскенде, миллиамперметр белгілі бір көрсеткішке ие болады.
Оқушы ток көзінің кернеуін өзгерте отырып миллиамперметрдегі көрсеткіш нөлге тең болғандағы вольтметрдің мәнін жазып алады.
(а) вакуумдағы жарық жылдамдығы 3,00 × 10
8 м/с.
Фотоэлементке түсетін сәуленің толқын ұзындығын анықтаңыз.
(b) Оқушы фотоэлементке түсетін жарықтың
f жиілігін өзгерте отырып, әрбір жиіліктегі ток нөлге тең болатын кернеудің мәнін жазып алды.
4.2 суретінде оқушының жасаған жұмысының нәтижесі берілген.
f, 1014 Гц
|
Vs , В
|
5.2
|
0.50
|
5.5
|
0.62
|
6.9
|
1.18
|
7.4
|
1.37
|
8.2
|
1.75
|
(i) Берілген нәтижеге сүйене отырып, Vs –тің f-тен тәуелділік графигін 4.3 суретіне салыңыз.
[Сурет 4.3]
[2]
(ii) Өзіңіздің құрған графигіңізді Планк тұрақтысын
h анықтау үшін пайдаланыңыз.
[Барлығы: 6]
4-сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
|
(λ = c/f = 3.00 × 108/5.20 × 1014 = )5.77 × 10-7 м/с
|
1
|
(b)
|
(i)
|
Барлық 5 нүкте ± 1 мм дәлдікпен салынған және Vs –тің f-тен тәуелділігі түзу сызықты және остердің аты мен өлшем бірліктері жазылған
|
максимум 2
|
(ii)
|
градиент = h/e немесе градиент табу үшін үлкен үшбұрышты пайдалану
градиент ( = 2.04/5.1 × 1014) = 3.8 - 4.2 × 10–15 (U) 6.08 – 6.72 × 10–34 Дж*с
|
максимум 3
|
|
|
|
|
[Барлығы: 6]
|
5 сұрақ
Оқушы қағаздың ортасына көлденеңнен түзу сызықты сызып АВ әріптерімен белгілейді.
Ол жарты шеңберлі шыны блокты табанымен (түзу қабырға жағымен) сызық бойына қояды және шыны блоктың сыртқы жағынан сызады.
Оқушы ақ түсті сәуле жарты шеңберлі шынының табанының ортасынан шығатындай етіп жарық көзін орналастырады.
Құрылғы 5.1 суретінде көрсетілген.
[Сурет 5.1]
(а) Оқушы жарық көзі мен жарты шеңберлі шыны арасындағы сәуле бойынан 2 нүктені Р
1 және Р
2 белгілейді.
Және жарты шеңберлі шынының табанынан шығатын сәуле бойынан да 2 нүктені Р3 және Р4 белгілейді.
Оқушы қағазының бейнесі 5.2 суретінде көрсетілген.
(i) 5.2 суретіне P1 –ден P4 –ке дейінгі сәуленің жолын сызыңыз.
[1]
(ii) Сызбаны қолданып, жарты шеңберлі шынының
n (жарықтың сыну көрсеткішін) анықтаңыз.
(iii) Жарықтың сыну көрсеткішінің эксперименталды түрде анықталған шамасының дәлдігін жоғарлататын екі тәсілді жазыңыз.
[Сурет 5.2]
(b) Оқушы сәулені сағат тілі бойынша қозғай бастайды. Бір мезетте ол жарты шеңберлі шынының табанынан сәуленің шықпағанын байқайды.
Бұл құбылыс не себепті болатынын түсіндіріңіз.
[Барлығы: 6]
5-сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
(i)
|
екі түзу: біріншісі P1 және P2 қосады; екіншісі P3 және P4 нүктелерін қосады; олар AB кесіндісінде (жанында) қиылысады
|
1
|
(ii)
|
- бірінші бұрыш: 36.5 – 41.5°; екінші бұрыш: 69 - 74°;
- (n = sin(α)/sin(β) = sin(72.5°)/sin(39°) = ) 1.52 немесе тапсырушының осы түрдегі көрсетілген дұрыс есептеулері
|
макс. 2
|
(iii)
|
екі кез-келген жауап:
- сәуленің ортасынан қосымша нүкте салу
- жұқа сәулені қолдану
- жақсы ұшталған қарандашты қолдану
- сәулені сызғанда қарандаштың ұшының қалыңдығын есепке алу
- транспортирді АВ кесіндісіне дұрыс орналастыру (кесінділердің қыйылысу нүктесіне орналастыру)
- кесінділерге жоғарыдан тігінен қарау, сонымен қатар бір көзді қысып тек бір көзбен қарау
- көбірек нүктелерді белгілеу
|
1
|
(b)
|
|
- сәуленің шыныға түсу бұрышы критикалық бұрыштан асып кеткен жағдайда
- сәуле толық ішкі шағылуға ұшыраған жағдайда
|
макс.2
|
|
|
|
|
[Барлығы: 6]
|