Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы Білім және ғылым Министрінің ............................ № ........... бұйрығымен бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылады.
Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан утверждена приказом Министра образования и науки ………………. № …..
и рекомендовано организациям непрерывного образования Республики Казахстан.
КІРІСПЕ
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.
Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (12, 27, 28, 29, 30 - баптарда), «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және т.б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыны тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, ҚР азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.
Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т.б. ұғымдардың жан-жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін демократия-ландыруға мүмкіндік береді. Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді.
Білім берудегі жаңа парадигма іскерлік сипатта байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі, орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда. Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011жылдарға арналған республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды.
Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.
Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.
Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, олардың бірінші тобына мыналар кіреді:
● Тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы.
● Ұлттық құндылық бағдарларының жоғалуы. Педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі.
● Өмірлік құндылықтардың шынайы патриоттық сезімді мойындамауға жетелейтін тар прагматикалық көзқарастармен ауыстырылуы.
● Қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы, заңға ден қоюшылықты қалыптастыруға мүмкіндік бермеуі.
● Ұлттық мәдени қабаттардың бұзылуы. Адамзаттың мұндай жалпы проблемасы біздің елімізде де тұрақсыздық, белгісіздік жағдайлардың шиеленісуіне және халықтың кейбір бөліктері негізгі күшін өмір сүруге қажетті қарапайым амалдарды жасауға бағыттауы. Бұл сияқты теріс ұғым бой алуы дәстүрдің, ұлттың мәдени көзінің жойылуына, білім алушылардың басым бөлігінің дүбаралануына алып келуі.
● Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.
● Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын елемеушіліктің басым болуы.
● Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі.
Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемалары екінші тобын жататындар:
● Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары.
● Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.
● Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі.
● Балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.
● Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы.
● Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потен-циалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз. Жоғарыда айтқанымызға орай үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр.
1. Кіріспе.
2. Тәрбие құндылықтары.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
4. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі
5. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
6. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.
7. Күтілетін нәтижелер.
8. Сөздік.
ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;
● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
● балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
● жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
● балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ
Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
● Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
● Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
● Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
● Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
● Жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
● Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.
Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.
Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын тәрбиенің ерекше құрамын анықтау маңызды:
● Танымдық; ● Еңбектік;
● Құндылық-бағдарлық; ● Спорттық;
● Көркемдік; ● Еркін қарым-қатынастық.
● Қоғамдық;
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:
● Адам ● Дос
●Ұл (қыз) ● Құқық қорғаушы
● Аға (қарындас) ● Патриот
● Немере (немере қыз) ● Азамат
● Туыс ● Қорғаушы
● Оқушы ● Ұлттық мәдениетті
● Ұжым, топ мүшесі қорғаушы және жасаушы
● Көш басшы ● Еңбекші
● Иегер ● Әлем азаматы
● Қалалық (ауылдық) ● Бейбітшілік орнықтырушы
● Көрші ● Эколог
● Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:
● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе.
●
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы Білім және ғылым Министрінің № бұйрығымен бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылады
17 12 2014
4 стр.
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Қр білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының үзді
15 10 2014
1 стр.
Непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики казахстан (проект)
14 12 2014
1 стр.
«проблемы экономики, информатизации, обучения и воспитания в системе непрерывного образования»
13 10 2014
1 стр.
Организация непрерывного образования в системе «школа – вуз» в современной России 7
13 10 2014
9 стр.
Формирование профессиональной компетентности будущего учителя-филолога в области литературно-краеведческой деятельности в системе непрерывного образования
12 10 2014
5 стр.
Промежуточные результаты работ сотрудников Казахской академии образования им. Ы. Алтынсарина по проблеме развития стандарта среднего общего образования Республики Казахстан
25 12 2014
5 стр.
Вступительное слово Министра образования и науки Республики Казахстан Б. Т. Жумагулова
14 12 2014
1 стр.