Перейти на главную страницу
мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.
Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес мақсаттарда қолданылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды. Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б. Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады.
Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы және ерекшелігі мыналардан көрінеді:
R
Кейбір жерлерге жеке меншік болғандықтан, олар тауар ретінде сатыла алады. Жер сатылатын жағдайда оның бағасын анықтауға тура келеді. Жердің бағасы жер рентасына және банктің пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады және ол рентаның пайызға қатынасы ретінде анықталады:
РN = 2000 теңге / 10 × 100% = 20 000 теңге.
Егерде, жерді сатқаннан түскен 20 000 теңгені берілген пайыз деңгейінде банкке салсақ, онда жыл сайын рентаның көлеміне тең табысты алып отыруға болады.
Сонымен, еңбек, капитал және жер сияқты өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын жалақы, пайыз және рента түріндегі факторлық табыстың түрлері қалыптасып отырады. Өндіріс факторлары нарықтарында фирмалар осы табыстарды олардың иелеріне төлейді немесе олар шығындалады, ал үй шаруашылықтары пайда көреді.
2) Дисконттау және дисконтталған құн.
3) Капитал бойынша уақытаралық таңдау мәселесі.
4) Жер рентасының түрлері: монополиялық рента, экологиялық рента, т.б.
2-ші жылы 200 доллар;
3-ші жылы 400 доллар;
4-ші жылы 600 доллар.
Егер сіздің ата-анаңыз осындай ақша алу үшін өз компаниясының жылына 12% дивиденд түрінде табыс әкелетін акциясын сату туралы шешім қабылдаса, онда сіз осы ұсынысты қабылдайсыз ба?
2. Айталық, жер телімі 300 мың теңгеге сатылады. Сіздің ойыңызша, бұл жерді жалға бергенде ол жылына 25 мың теңге көлемінде ренталық табыс әкеледі. Осыған байланысты, 300 мың теңге табысыңызды максималдауға ұмтыласыз, банктік пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Сіз жерді сатып алу жөнінде шешім қабылдайсыз ба?
3. Белгілі бір отбасының алдында мынадай мәселе тұр: кір жуатын машинаны сатып алу немесе кір жуу қызметін пайдалану.
Кір жуу қызметі аптасына 200 теңгеге тең.
Кір жуатын машинаның бағасы 30 000 теңге.
Коммерциялық банктің пайыз мөлшерлемесі 10%-ға тең.
Кір жуатын машинаны қолданудың басқа да шығындары (амортизация, электроэнергия) 100 теңгеге тең.
Анықтаңыз, отбасыға кір жуатын машинаны сатып алған дұрыс па?
С) 2 Дифференциалдық рента. D) 1 және 2 дифференциалдық рента. Е) Рентаның барлық түрі.
В) есептелген еңбек ақы сомасы.
С) инфляция шамасына реттелген номиналды еңбек ақы.
D) негізгі және қосымша еңбегі бойынша еңбек ақы.
Е) еңбек ақыдан ұсталған ақша сомасы.
В) Номиналды пайыз мөлшерлемесін жылдық инфляция қарқынына қосу арқылы.
С) Номиналды пайыз мөлшерлемесінен инфляцияның орташа қарқынын шегеру арқылы.
D) Ағымдағы жылы қалыптасқан пайыз арқылы.
Е) Өткен жылғы қалыптасқан орташа пайыз арқылы.
В) Дифференциалдық рента сапасы төмен жерлерден алынады.
С) Нақты пайыз мөлшерлемесі үнемі оң мәнді болып келеді.
D) Бағалар төмендеген кезде нақты жалақы өседі.
Е) Бағалар өскенде нақты жалақы да өседі.
В) Инфляция әсері. С) Салық ауыртпашылығының күшеюі.
D) Елдегі жұмыссыздар саны. Е) Осы аталғандардың барлығы.
С) 1-ші және 2-ші дифференциалдық рента. D) Абсолюттік рента.
Е) Экологиялық рента.
В) Басқа факторларға деген сұаныспен анықталады.
С) Сол фактордың өнімділігі арқылы анықталады.
D) Сол фактордың шекті өнімділігі арқылы анықталады.
Е) Сол фактордың абсолютті өнімділігі арқылы анықталады.
В) Айналыстағы соңғы өнімдер – тұтынушылық тауарлар мен қызметтер саласы.
С) Еңбек, жер, капитал сияқты ресурстардың тауарлық-ақшалай формадағы айналу сферасы.
D) Машиналар мен құрал-жабдықтарды сату-сатып алу.
Е) Ақшалай нысандағы барлық экономикалық ресурстарды сату және сатып алумен байланысты қатынастар.
В) Рента мөлшерін арендалық төлемге қосу арқылы.
С) Рента мөлшерінің пайыз мөлшерлемесіне қатынасы арқылы.
D) Рента мен арендалық төлемнің айырмасы арқылы.
Е) Рентаны арендалық төлем мөлшеріне көбейту арқылы.
15. Нақты жалақының атаулы жалақыдан айырмашылығы неде?
А) Ешқандай айырмашылығы жоқ. В) Ақшаның жалпы сомасында. С) Жұмсалған еңбектің саны мен сапасында. D) Олардың айырмашылығы төленетін жалақы формасына қарай. Е) Тауарлар мен қызметтерге деген баға деңгейінің әсерінде.
А) Жерге деген сұраныс артса. В) Жердің ұсынысы артса. С) Жердің бағасы төмендесе. D) Жердің ұсынысы төмендесе. Е) Жерге деген сұраныс төмендесе.
A) 14 % B) 6 % C) 2,5 % D) 4 % E) – 6 %
А) Номиналды пайыз мөлшерлемесін.
В) Нақты пайыз мөлшерлемесін. С) Күтілетін пайда нормасын.
D) Тәуекелді. Е) Номиналды және нақты пайыз мөлшерлемесін.
А) Нақты жалақы. В) Номиналды жалақы. С) Прогрессивті жалақы.
D) Келісімді жалақы. Е) Мерзімді жалақы.
20. Атаулы пайыз мөлшерлемесі дегеніміз не?
А) Инфляцияның жылдық қарқынын есепке алатын пайыздық мөлшерлеме.
В) Инфляцияның өткен жылдық қарқынын есепке алатын пайыз.
С) Ағымдағы нарықтық пайыз мөлшерлемесі.
D) Өткен жылғы нарықтық пайыз мөлшерлемесі.
Е) Тұрақты тағайындалған пайыздық мөлшерлеме.
А) Ағымдағы тұтынуды азайтады. В) Ағымдағы тұтынуды ұлғайтады. С) Бағалы қағаздарға көбірек инвестициялайды. D) Адам капиталына көбірек инвестициялайды. Е) Сақтық қорларын төмендетеді.
А) Тауар мен қызмет өндірісіне салынған ақша. В) Жалақы, рента, пайыз, пайда.
С) Бағалы қағаздан түсетін пайда. D) Адамның бойында қалыптасқан интеллектуалдық құндылықтар мен қасиеттер. Е) Жиналған байлық.
23. Мерзімді-сыйақылы жалақы 8 сағатқа 1800 теңгеге тең, соның ішінде сыйақы 200 теңгеге тең болса, онда 1 сағатқа жалақы мөлшері қаншаға тең:
А) 200 теңгеге. В) 250 теңгеге. С) 2000 теңгеге. D) 150 теңгеге.
Е) 1000 теңгеге.
24. Туынды сұраныс дегеніміз не?
А) Соңғы өнімдерге деген сұранысқа тәуелді болып келетін ресурстарға деген сұраныс.
В) Еңбек ресурстарының ерекше түріне деген сұраныс.
С) Болашақта туындайтын игіліктерге сұраныс.
D) Белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемді сұраныс.
Е) Белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемсіз сұраныс.
А) Нақты жалақы. В) Номиналды жалақы. С) Мерзімді жалақы.
D) Сыйақылы жалақы. Е) Келісімді жалақы.
10-ТАҚЫРЫП
Макроэкономика. Ұлттық экономика жүйе ретінде
Мақсаты: экономикадағы зерттелетін негізгі мәселелерді макроэкономикалық талдау тұрғысынан зерттей келе, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы шолу жасау және ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісін қарастыру.
Талқылау сұрақтары:
10.1 Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
10.2 Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы
10.3 Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері
10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
Негізгі ұғымдар: макроэкономика, макроэкономикалық талдау, агрегаттау, макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну қоржыны, атаулы жалпы ішкі өнім, нақты жалпы ішкі өнім, т.б.
10.1 Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
Экономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық және макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады. Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсеткен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі.
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады.
Сәйкесінше, негізгі макроэкономикалық мәселелерді зерттеу мемлекеттің қандай да бір экономикалық саясатын талдаусыз және жүргізусіз мүмкін емес. Кез-келген мемлекет өз қарамағында негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешудің өте бай құралдарына ие болып табылады. Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және макроэкономикалық мәселелерді шешуге атсалысатын мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының жиынтығы. Жалпы алғанда, макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері орын алады:
Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы
25 12 2014
23 стр.
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып
13 10 2014
13 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
06 10 2014
3 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
14 12 2014
3 стр.
Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М
15 12 2014
1 стр.
Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
14 12 2014
1 стр.
В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері
13 09 2014
1 стр.
Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы
25 12 2014
1 стр.