Перейти на главную страницу
Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен тығыз байланысты, өйткені, микроэкономикалық байланыстар макроэкономи-калық құбылыстардың негізі болып табылады.
Сонымен, макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
10.2 Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы
Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі.
Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі фактор-лар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанда, макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.
Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай айналымның бірнеше түрлері орын алады.
Осы сызбадан көріп отырғанымыздай, сағат тілі бойымен жүретін бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан өндіріс факторлары нарығына факторлық қызметтер (еңбек, капитал, жер қызметтері) келіп түседі. Өз кезегінде, игіліктер нарығы арқылы фирмалардан үй шаруашылықтары-на әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктер келіп түседі. Сағат тілі бойымен жүретін ресурстар мен соңғы өнімдер ағынын нақты ағындар деп атайды. Нақты ағындар ақшалай ағындармен қамтамасыз етіліп отырады. Сондықтан сағат тіліне қарсы жүретін бағытты ақшалай ағындар деп атайды. Фирмалардан үй шаруашылық-тарына факторлық қызметтердің төлемдері келіп түседі. Үй шаруашы-лықтары үшін – бұл олардың табыстары болып табылады. Ал фирмалар үшін – бұл олардың шығындары ретінде көрінеді. Әріқарай сағат тіліне қарсы бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан фирмаларға соңғы тауарлар мен қызметтерді сатып алғаны үшін төлемдер келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін бұл ақшалай төлемдер шығындары, ал фирма-лар үшін табыстары болып табылады.
Сонымен, бұл суретте жабық экономикадағы нақты игіліктер ағыны мен ақшалай ағындардың шеңберлі айналымы көрсетілген.
10.3 Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері
Экономикалық теория ұлттық өндірістің жиынтық көлемі мен нәтижелерін өлшеу үшін ұлттық шоттар жүйесін және оның құрамындағы агрегатталған макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады.
Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есеп-шоттар түріндегі өзара байланысқан статистикалық көрсеткіштердің жүйесі. ҰШЖ-н алғаш рет американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты жүйе ретінде ұсынылды. ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей алады, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете алады, экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰШЖ ұлттық экономиканың тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономикалық саясаттың жай-күйін анықтайды. ҰШЖ-де бір жағынан, қолда бар ресурстардың жалпы көлемі, ал екінші жағынан, сол ресурстардың қолданылу деңгейі анықталады. Ол экономикалық қатынастарға қатысушылардың арасындағы жиынтық айырбас операцияларының тепе-теңдігін көрсетеді.
ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ - бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады.
1. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес келісімдерді есепке алмайды. Оларға таза қаржылық келісімдер мен ұсталған тауарларды сату жатады. Қаржылық келісімдердің үш түрі орын алады: а) мемлекет-тің трансферттік төлемдері (сақтандыру жарналары, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар, шәкіртақылар, т.б.); ә) жеке трансферттік төлемдер (студенттерге ата-анасының ақша аударуы, туыстарының берген сыйлықтары, т.б.); б) құнды қағаздар бойынша келісімдер (акцияларды, облигацияларды сату-сатып алу, т.б.).
2. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес қызметтің түрлерін есепке алмайды. Оларға үй шаруасындағы отбасылық жұмыстар, көршіге көмек беру, қайырымдылық қызметтері және қызметтің басқа да түрлері жатады.
3. Бір жыл ішінде жасалған қоғамға зиян алып келетін кейбір келісімдерді есепке алмайды. Мәселен, есірткіні сату.
1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C).
2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I).
3) Мемлекеттік шығындар (G).
4) Таза экспорт (NX).
Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Y) құрайды және ол жылдық өндірістің нарықтық бағасын көрсетеді:
Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.
Шығындар мен табыстар бойынша есептелетін ЖІӨ-ді төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:
Шығындармен есептелген ЖІӨ |
Табыстармен есептелген ЖІӨ |
1. Тұтыну шығындары (С) |
1. Жалақы (w) |
2. Жалпы жеке инвестициялар (І) |
2. Пайыз (r) |
3. Мемлекеттік шығындар (G) |
3. Рента (R) |
4. Таза экспорт (NX) |
4. Пайда (P) |
5. Жанама салықтар (Tindirect) | |
6. Амортизация (d) |
Осы екі әдіс арқылы ЖІӨ бойынша шығындар мен табыстар бір-біріне тең болады, яғни нәтижесінде бірдей шаманы көрсетуі тиіс.
ҰШЖ-гі екінші макроэкономикалық көрсеткіш – ол жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖҰӨ - бұл ел азаматтарының ел ішінде және оның сыртында ұлттық факторлардың көмегімен өндірген соңғы тауарлар мен қызметтерінің жылдық құны.
ҰШЖ-гі ЖІӨ мен ЖҰӨ-нен басқа макроэкономикалық көрсеткіштер бар. Оларға таза ішкі өнім (ТІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) және қолда бар табыс (ҚБТ) жатады.
ТІӨ көрсеткіші тозған құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдарды аударып болғаннан кейінгі тұтынуға қажетті түпкілікті өнімдер мен қызметтердің соңғы нарықтық құнының жиынтығын көрсетеді. ТІӨ-нің құрамында акциздер, кедендік салықтар және қосылған құн салығы сияқты жанама салықтардың түрлері болады. Осы салықтарды ТІӨ-нен азайтсақ, макроэкономикалық көрсеткіштің келесі түрін аламыз.
Сонымен, ҰШЖ-гі аталған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтық өнім мен жиынтық табыстың сандық нәтижелерін бағалап көрсетеді. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді де атап өткен жөн. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза экономикалық әл-ауқат және ұлттық байлық деген көрсеткіштер тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін сипаттай алады.
2012 жылғы бағалар индексі = 64 / 50×100% = 128%.
ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі жылдар арасындағы өндіріс көлемін салыстыруға болады. Әртүрлі жылдар үшін алынатын бағалар индексінің жиыны бағалардың қаншалықты өскендігін немесе төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз ЖІӨ-нің ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз. Оның шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі де әсер етеді. Олай болса, біз ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:
Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы төмендегі формуламен есептеледі:
Біздің мысалымызда, 2012 жыл үшін атаулы ЖІӨ деңгейі 64 долларға тең, ал ЖІӨ дефляторы – 128, онда нақты ЖІӨ 50 долларға тең болады.
Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде есептей алады.
Тұтынушылық бағалар индексі. ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын «тұтыну себеті» (потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады.
ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды.
2) Ұлттық байлық және оның құрылымы.
А) ЖҰӨ-ді табыс бойынша. В) ЖҰӨ-ді шығын бойынша.
С) Мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидияны. D) Соңғы өнімді.
Е) Аралық өнімді.
А) М.Фридмен. В) И.Фишер және Хидоури. С) Й.Шумпетер.
D) Дж.М.Кейнс. Е) К.Маркс.
3. Францияда жұмыс істейтін Италияндық жұмысшылар сол жақтан жалақы алады. Олардың табыстары қандай көрсеткішті арттырады?
A) Францияның ЖҰӨ-ін; B) Францияның ЖІӨ-ін; C) Италияның ЖІӨ-ін; D) Италияның ТҰӨ-ін; E) Францияның ЖҰӨ мен Италияның ЖІӨ.
A) Ағымдық бағамен; B) Нақты бағамен;
C) Базистік кезең бағасымен; D) Өткен жылдың бағасымен;
E) Натуралды көрсеткішпен.
A) ЖТ; B) Амортизация; C) ЖҰӨ; D) ТҰӨ; E) ҚБТ.
A) экономикалық өсу; B) толық жұмысбастылық; C) тауар бағасын түсіру; D) табысты шынайы бөлу; E) сыртқы сауда балансы.
А) Жалпы ішкі өнімге территориялық сипат тән;
В) ЖІӨ - қосылған құндар сомасы;
С) ЖІӨ резиденттердің ел сыртында өндірген тауарлары мен қызметтерінің құнын есепке алмайды;
D) ЖІӨ - белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір елдің территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны;
Е) ЖҰӨ - нақты елдің ішінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі.
А) Мемлекеттік шығындар. В) Тұтыну шығындары.
С) Инвестициялық шығындар. D) Таза экспорт. E) Мемлекеттік табыстар.
10. Ұлттық байлық дегеніміз – бұл:
A) Мемлекетімізде өндірілген өнім көлемі. B) Қоғамдағы жинақталған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы.
C) Жаңадан жасалған құн. D) Ұлттық өндірістен алынған табыс.
E) Алтын қоры.
А) Қазақстанның ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖІӨ-не.
В) Қазақстанның ЖІӨ-не және АҚШ-ң ЖҰӨ-не.
С) Қазақстанның ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖҰӨ-не.
D) АҚШ-ң ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖІӨ-не.
Е) Қазақстанның ЖІӨ және АҚШ-ң ЖІӨ-не.
A) натуралды көрсеткішпен; B) ағымдық бағамен; C) өндірушінің бағасымен; D) тұрақты бағалармен; E) монопольді бағамен.
А) Ұлттық байлық; В) ЖҰӨ; С) Жалпы сыртқы өнім; D) ЖІӨ; E) ТІӨ.
А) Үй шаруашылығы мен фирмалар;
В) Үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет;
С) Инвесторлар, қаржылық агенттер, мемлекет және сыртқы орта;
D) Үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және сыртқы орта;
Е) Ішкі орта, сыртқы орта және мемлекет.
A) 2000. B) 1000. C) 500. D) 10. E) 20.
A) Жалпы инвестициялар. B) Тұтыну шығындары. C) Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты. D) Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы. E) Еңбекақы.
A) 1,25. B) 0,8. C) 8. D) 1. E) 25.
А) Базистік бағамен. В) Экспорттық бағамен. С) Ағымдық нарықтық бағамен. D) Әлемдік бағамен. Е) Алдағы күтілетін бағамен.
А) Корпорациялар төлеген дивидендтер. В) Жалақы.
С) Корпорацияның бөлінбеген табысы. D) Трансферттік төлемдер.
Е) Үй шаруашылығының несиеге берген капиталы үшін төлем.
А) ЖІӨ. В) Жиынтық сұраныс. С) Жиынтық ұсыныс. D) Жай табыс. Е) Қолда бар табыс.
А) Жиынтық қоғамдық өнім. В) Ұлттық байлық. С) Соңғы өнім.
D) Ұлттық табыс. E) Жалпы ұлттық өнім.
Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы
25 12 2014
23 стр.
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып
13 10 2014
13 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
06 10 2014
3 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
14 12 2014
3 стр.
Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М
15 12 2014
1 стр.
Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
14 12 2014
1 стр.
В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері
13 09 2014
1 стр.
Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы
25 12 2014
1 стр.