Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 18страница 19страница 20страница 21страница 22страница 23

КДж = М ауданы / N ауданы

КДж шамасы шын мәнінде 0 мен 1-дің арасында болады, егер коэффи-циент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады деген сөз, алайда мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.

Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей топтағы азаматтар өмір сүреді.

Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-н азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен бірнеше көрсеткіштер байланысты: минималды жалақы, минималды зейнетақы, шәкіртақылар, бірқатар жардема-қылар. Өмір сүрудің осындай шегі кедейшіліктің негізгі сипатты белгісін анықтайды. Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғым туындайды.



Өмір сүру деңгейі – бұл адамдардың өмір сүруінің негізгі қажеттілік-терін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен қызметтер деңгейі, әл-ауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы.

Өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері (иникаторлары):



  • халықтың әртүрлі табыстары (орташа атаулы және нақты табыс, орташа жалақы, зейнетақының орташа деңгейі, өмір сүру минимумының деңгейі, т.б.);

  • баспана (бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы);

  • денсаулық сақтау (1000 тұрғынға келетін аурухана керуеттерінің саны);

  • білім беру (орташа және жоғары оқу орындарының саны, халық санындағы студенттердің үлес салмағы);

  • мәдениет (кітаптардың, журналдар мен газеттердің саны);

  • жылжымайтын мүлік және ұзақ қолданылатын тауарлардың болуы;

  • тамақ (калориялығы, азық-түлік құрамы);

  • демографиялық үрдістер (өмір сүрудің ұзақтылығы, туу/өлу, некелесу/ажырасудың күтілетін деңгейі);

  • қауіпсіздік (тіркелген қылмыстар саны).

Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген түсінік кеңінен қолданылады.

Өмір сүру сапасы – бұл өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерімен қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесін, адамды қоршаған ортаның жағдайларын, моральді-психологиялық климат жағдайларын, рухани ыңғайлылықты есепке алатын жалпылама әлеуметтік-экономикалық категория. Өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштер әдетте, статистикалық өлшемдерге бағына бермейді, соның салдарынан елдің өмір сүру сапасын бағалау аса қиынға соғады.

Дегенмен, 1990 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы әртүрлі елдердің өмір сүру сапасын және оны салыстырмалы бағалау үшін агрегатталған көрсеткішті қолданып келеді. Бұл көрсеткіш бастапқыда «адам дамуының индексі» деп аталды. Ал қазіргі уақытта, ол «адам әлеуеті дамуының индексі» (АӘДИ) деп аталады. Осы индекс мына үш көрсеткіштің орташа арифметикалық өлшенген шамасы ретінде анықталады:



  • жан басына шаққандағы ұлттық табыс немесе ЖІӨ (ЖІӨжбш);

  • ересек адамдардың білім деңгейі (1бд);

  • өмір сүрудің ұзақтылығы (1өсұ), яғни:

АӘДИ = (ЖІӨжбш + 1бд + 1өсұ) / 3.

Көптеген жылдар бойы осы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарлы орындарды Норвегия, Швеция, Австралия, Канада, АҚШ, Жапония мемлекеттері алып келеді.

Өмір сүру деңгейін анықтайтын басқа да көрсеткіштер бар. Мысалы, шетелдік әдебиет көздерінде халықтың өмір сүру қабілетінің коэффициенті, жан басына шаққандағы адам капиталы, қоғамның интеллектуалдық әлеуетінің индексі сияқты көрсеткіштер сипатталады.

Қазіргі нарықтық қатынастар еңбек ету құқығына, тұрақты табыс табуға, білім алуға кепілдік бермегендіктен және мүгедектерді, зейнеткерлерді және басқа да азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ете алмайтындықтан мемлекет әлеуметтік салаға, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға және табыстарды қайта бөлуге міндетті түрде араласады.

Елдегі табыстарды қайта бөлудің ең басты құралы мемлекеттік бюджет болып табылады, ол халықты әлеуметтік қорғау механизмін анықтайды.

Әлеуметтік саясатпен іске асырылатын халықты әлеуметтік қорғау жүйесі екі негізгі әдісті қолданады:



Әлеуметтік қорғау – қоғамның барлық мүшелерінің қажетті материал-дық және әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің шаралары.

Әлеуметтік кепілдемелер – қоғамның оның әрбір мүшесінің алдында ең басты қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша міндеттемелері.
Әдебиеттер тізімі


  1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

  3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

  4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

  5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

  6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

  7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .

  8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

  9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

  10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

  11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

  12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

  13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

  14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

  15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Қаржы жүйесінің мәні неде?

  2. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы қандай?

  3. Бюджет тапшылығы қалай орын алады және оны жабудың жолдары қандай?

  4. Мемлекеттік қарыздың түрлері қандай?

  5. Трансферттік төлемдердің түрлері қандай?

  6. Салықтардың экономикалық мәні неде?

  7. Қазақстандағы салықтардың түрлері қандай?

  8. Лаффер қисығы қалай сипатталады?

  9. Ақша жүйесінің негізгі элементтері қандай?

  10. Ақша массасының құрылымы қандай?

  11. Ақша-несие саясаты дегеніміз не?

  12. Несиенің түрлері қандай?

  13. Банк жүйесінің құрылымы қандай?

  14. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты дегеніміз не?

  15. Лоренц қисығы дегеніміз не?


Студенттің өзіндік жұмыстары


  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Қазақстандағы үш жылдық бюджет жағдайына талдау.

2) Ұлттық қор және оның экономиканы тұрақтандырудағы маңызы.




  1. Тест тапсырмалары:

1. Мыналардың қайсысы салық салудың негізгі қызметтері болып табылмайды?

А) Экономикалық. В) Ынталандырушылық. С) Бақылаушы.

D) Фискалдық. Е) Тежеуші.

2. Мемлекеттің қаржы жоспары қалай аталады?

А) Мемлекеттік жоспарлау. В) Мемлекеттік қарыз. С) Мемлекет бюджет. D) Салық салу. Е) Мемлекеттік бизнес - жоспар.



3. Мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемдер:

А) Субсидиялар. В) Дивидендтер. С) Зейнетақылар. D) Жалақылар.

Е) Несиелік төлемдер.

4. Қаржы қатынастарының ақша қатынастарынан айырмашылығы:

А) Ол жеке тұтынушыларға қызмет етеді.

В) Ол жеке тұтынушыларға қызмет етпейді.

С) Қаржы мен ақшаның арасында ешқандай айырмашылық болмайды.

D) Ол тек мекемелерге және ұйымдарға қызмет етеді.

Е) Ол тек жергілікті аймақтарға ғана қызмет етеді.



5. ҚР-да қандай институт ақша-несие жүйесі жағдайына жауапты?

А) Ұлттық банк. В) Қаржы министрлігі. С) Әділет министрлігі.

D) Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк. Е) Коммерциялық банктер.

6. Қай кезде ақша ұсынысының графигі вертикальді түзу болады:

A) Ақша ұсынысы тұрақты болғанда.

B) Ақша ұсынысы қысқарғанда.

C) Ақша ұсынысы өскенде.

D) Ақшаға сұраныс тұрақты болғанда.

E) Ақшаға сұраныс өскенде.



7. Несие беру принциптері:

А) Мерзімділігі.

В) Қайтарылымдылығы.

С) Ақылы болуы.

D) Бір мақсатқа бағытталуы.

Е) Аталғандардың барлығы дұрыс.



8. Коммерциялық банктің артық резервтері – ол:

A) Резерв нормасы + салымдар.

B) Салымдар - резерв нормасы.

C) Нақты резервтер + міндетті резервтер.

D) Нақты резервтер-міндетті резервтер.

E) Незерв нормасының салымға қатынасы.



9. Орталық банктің ақша-несие саясатының аралық мақсаттарына жататындар:

A) Толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету.

B) Пайыз мөлшерлемесі мен ақша массасы.

C) Экономикалық өсу.

D) Валюта нарығының тұрақтылығы.

E) Баға тұрақтылығы.



10. Маржа дегеніміз не?

А) Несиелер мен салымдар бойынша пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма.

В) Банктердің пайызсыз түрде беретін несиелері.

С) Несиелер мен салымдар бойынша пайыз мөлшерлемелерінің қосындысы.

D) Банктердегі бағалы қағаздардың бір түрі.

Е) Несиелер мен салымдар бойынша ақша сомаларының теңесуі.



11. Мыналардың қайсысы жанама салықтарға жатады?

А) Табыс салығы, акциздер.

В) Мүлік салығы, қосылған құнға салынған салық.

С) Акциздер, қосымша құнға салынған салық.

D) Көлік салығы, акциздер.

Е) Жер салығы, акциздер.



12. Субвенция дегеніміз не?

А) Белгілі бір даму мақсаттарына жұмсалатын мемлекеттік ақша жәрдемақысы.

В) Мемлекеттік салық жеңілдіктері.

С) Кәсіпорындар мен мекемелерге ақша қаражаттарын беру.

D) Шығындарды жабу үшін берілетін ақша қаражаттары.

Е) Бірлесіп шаруашылық жүргізетін жеке тұлғалардың қажеттіліктеріне жұмсалатын ақша қоры.



13. Қаржы дегеніміз – бұл:

А) Қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлудегі қатынастар жүйесі.

В) Қолма-қол нысандағы ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлудегі қатынастар жүйес.

С) Тек қолма-қол нысандағы ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу, пайдаланудағы қатынастар жүйесі.

D) Саяси, экономикалық және сфераларда көптеген қызметтер атқаруға қажет ақша құралдарын мемлекеттің құруы және пайдалануы.

Е) Өндірістік тауарларды сатып алуға, таратуға қажет ақшалар.



14. Салық мөлшері мен салық түсімдерінің көлемі арасындағы байланысты қандай қисық сипаттайды?

А) Салықтарға деген сұраныс қисығы. В) Лоренц қисық сызығы.

С) Лаффердің қисық сызығы. D) Филлипс қисығы. Е) Салықтарды анықтау қисығы.

15. Мемлекеттің нарықтық экономиканы реттеу құралдары:

А) Фискалдық саясат. В) Әлеуметтік саясат. С) Сыртқы экономикалық саясат. D) Ақша–несие саясаты. Е) Аталғандардың барлығы дұрыс.



16. М2 ақша агрегатына не жатады:

A) Қолма-қол ақша сомасы, мерзімсіз (ағымды) салымдар.

B) Қолма-қол ақша сомасы, мерзімсіз (ағымды) салымдар, үлкен емес мерзімдік салымдар.

C) Қолма-қол ақша сомасы, мерзімсіз, мерзімдік салымдар, сертификаттар, мемлекеттік займдардың облигациялары.

D) Мемлекеттік займдардың облигациялары, сертификаттары.

E) Тек қана қолма-қол ақша сомасы.



17. Коммерциялық банктің артық резервтері – ол:

A) Резерв нормасы + салымдар.

B) Салымдар - резерв нормасы.

C) Нақты резервтер + міндетті резервтер.

D) Нақты резервтер-міндетті резервтер.

E) Незерв нормасының салымға қатынасы.



18. Банк ай сайын 4 % алады. Сонда 1 жылда банкке қанша пайда түседі:

А) 48 %. B) 64 %. C) 10 %. D) 50 %. E) 14 %.



19. Несиелер мен салым ақшалар бойынша пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма не деп аталады?

А) Сыйақы мөлшерлемесі. В) Трансферт.С) Міндетті қорлар.

D) Маржа. Е) Биржа.

20. Қандай банктің ақша шығару құқығы болады?

А) Ұлттық банктің. В) Коммерциялық банктің. С) Халықаралық банктердің. D) Арнайы мамандандырылған банктердің. Е) Жинақ банктерінің.



21. Мыналардың қайсысы салық элементтеріне жатпайды?

А) Салық объектісі. В) Салық субъектісі. С) Салық мөлшерлемесі.

D) Салық ауыртпашылықтары. Е) Салық жеңілдіктері.

22. Шығындарды жабуға арналған ақшалай қаржылық көмек:

А) Субсидиялар. В) Субвенциялар. С) Дотациялар. D) Қаржы бөлу.

Е) Пайызды несиелер.

23. Мемлекеттік бюджет тапшылыққа ұшырайды. Егерде:

А) Мемлекеттік шығын табыстан өссе. В) Салық өссе.

С) Мемлекеттік табыс өссе. D) Мемлекеттік шығын қысқарса.

Е) Салық қысқарса.



24. Ақшаның сатып алу қабілеті:

А) Инфляция кезінде артады.

В) Инфляция кезінде төмендейді.

С) Инфляцияға әсер етпейді.

D) Дефляцияға әсер етпейді.

Е) Дағдарыс кезеңінде артады.



25. Ақша массасы дегеніміз – бұл:

А) Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

В) Қолма қол формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы. С) Айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

D) Берілген елдегі евро және американ доллары және өндірістік дамыған елдердің басқа да валюталары.

Е) Ақшаның салмағы мен көлемі.

26. Банктік жүйе келесі деңгейлерден тұрады:

A) Орталық банк және сақтандыру компаниялары.

B) Орталық банк және қаржылық-несиелік мекемелер.

C) Коммерциялық банктер және қаржылық-несиелік институттар.

D) Орталық банк, коммерциялық банктер және қаржылық-несиелік институттар.

E) Жинақтау банктері және Орталық банк.



27. Мыналардың қайсысы М1 ақша агрегатына жатады?

А) Мемлекеттік заим облигациялары.

В) Депозиттік сертификаттар.

С) Қолма-қол ақшалар.

D) Қолма-қол ақшалар мен чектік салымдар.

Е) Банктегі ағымдық шоттар.



28. Ақша ұсынысын азайту туралы шешім қабылдау үшін Ұлттық банк:

  1. Міндетті резервтер мөлшерлемесін арттыруы мүмкін.

  2. Ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алуы мүмкін.

  3. Есептеу мөлшерлемесін азайтуы мүмкін.

  4. Кәсіпкерлік құрылымдарды қаржыландыруды арттыруы мүмкін.

  5. Міндетті резервтер мөлшерлемесін азайтуы мүмкін.

29. Салықтар (алымдар, баждар, т.б) дегеніміз не?

А) Заң актілерімен белгіленген тәртіп және шарттар бойынша бюджетке және бюджеттік емес қорларға төленетін міндетті төлемдер.

В) Мемлекеттік бюджетке және бюджеттік емес қорларға төленетін міндетті төлемдер.

С) Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін төленетін.

D) Мемлекеттің халыққа төлейтін міндетті төлемдері.

Е) Жергілікті тұрғындардың мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері.



30. Банктің міндетті резервтері – бұл:

А) Банктің салым ақшалары.

В) Банктің несиеге беруге тиіс ақша қорлары.

С) Әр коммерциялық банктің орталық банкте сақтайтын салым ақшасы.

D) Банктің несиеге беруге тиіс артық ақша сомалары.

Е) Банктің бағалы қағаздарды сатып алуға тиіс ақша сомалары.



31. Мыналардың қайсысы мемлекеттік қаржыға жатпайды?

А) Мемлекеттік бюджет.

В) Мемлекеттік несие.

С) Мемлекеттік қарыз.

D) Мемлекеттік мекемелердің қаржысы.

Е) Үй шаруашылықтары мен фирмалардың қаржысы.



32. Субсидиялар дегеніміз не?

А) Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруға берілетін ақшалар.

В) Мемлекеттік бюджеттен төленетін ақшалай көмек түрі.

С) Мемлекеттік бюджеттен төленетін жоспарланбаған төлемдер.

D) Кәсіпорындардың шығындарын жабуға арналған қайтарымсыз қаржы.

Е) Әртүрлі салықтық жеңілдіктер беру.



33. Лаффердің қисық сызығы нені сипаттайды?

А) Мемлекеттік бюджетке төленетін салықтық түсімдердің тұрақтылығын.

В) Салық мөлшері мен салық түсімдерінің көлемі арасындағы байланысты.

С) Жекелеген тұлғалардың мемлекетке нақты қанша көлемде ақша төлейтіндігін.

D) Фирмалардың мемлекетке салықтарды төлемейтіндігін.

Е) Салықтың нақты көлемі мен мемлекеттік шығындар арасындағы байланысты.



34. Мемлекеттік борыш дегеніміз – бұл:

А) Мемлекеттің тек өз халқына беретін қарыздары.

В) Мемлекеттің өз халқына, шетел мемлекеттеріне, ұйымдарына, адамдарына қарызы.

С) Мемлекеттің тек сыртқы қарыздары.

D) Мемлекеттің басқа елдің халықтарына беретін қарыздары.

Е) Мемлекеттің басқа елдердің банктеріне беретін қарыздары.



35. Ақша агрегаттарын М1, М2, М3 деп бөлудің ерекшелігі:

A) Олардың өтімділік дәрежесі.

B) Айналыс жылдамдығы.

C) Қор жинау функциясы.

D) Төлем қызметі.

E) Альтернативтік құнын анықтау.



36. Арзан ақша - несие саясатын жүргізу кезінде:

A) Инвестиция қысқарады. B) Пайыз мөлшерлемесі өседі.

C) Ақша ұсынысы артады. D) Ақша ұсынысы қысқарады.

E) Салықтар қысқарады.



37. Банктердің инвесторлардан айырмашылығы қалай көрінеді? Олар:

А) Бағалы қағаздарды сатады және сатып алады.

В) Капиталдың көзі болып табылады.

С) Депозиттерді тарту арқылы ақша ресурстарын шоғырландырады.

D) Тартылған ресурстарға ақша төлейді.

Е) Тұрғындармен жұмыс істемейді.



38. Міндетті банктік қорлар дегеніміз – бұл:

А) Мемлекет қазынаның депозиттері.

В) Халықтың кез-келген депозиттері.

С) Орталық банктегі коммерциялық банктердің міндетті түрде сақталуы керек депозиттері.

D) Коммерциялық банкте сақталатын ақша массасы.

Е) Коммерциялық банктің Орталық банкке қарызы үшін төлейтін пайызы.



39. Үлкен жедел салымдар қандай ақша агрегатына кіреді:

А) Мо В) М1 С) М2 D) М3 Е) L



40. ҚР-да қандай салық түрі қолданылмайды:

А) Корпоративті табыс салығы.

В) Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары.

С) Жер салығы. D) Әлеуметтік салық. Е) Корпорацияның бөлінбеген пайдасына салынатын салық.



15-ТАҚЫРЫП

Халықаралық экономика.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты
Мақсаты: халықаралық сауданың негізгі теорияларына жалпы шолу жасау және мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беру. Сонымен қатар, Қазақстан-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін талқылау.
Талқылау сұрақтары:

15.1 Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары

15.2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

15.3 Төлем балансы және валюта бағамы

15.4 Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі

15.5 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі


Негізгі ұғымдар: әлемдік нарық, халықаралық еңбек бөлінісі, абсолютті артықшылықтар, салыстырмалы артықшылықтар, Хекшер-Олин дәлелдемесі, жаһандану, сыртқы сауда, экспорт, импорт, сыртқы сауда балансы, протекционизм, еркін сауда саясаты, төлем балансы, валюта бағамы, девальвация, ревальвация,
15.1 Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары
Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарым-қатынастарымен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер, жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы және сатып алынуы мүмкін.

Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы халықаралық еңбек бөлінісімен (ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға, капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда тиімсіз және мүмкін емес болып табылады.

Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер Адам Смит пен Давид Рикардо көңіл бөлді. А.Смит былай деп жазды: «кез-келген өнімді кез-келген елде өндіруге болады, бірақ олардың шығындары өте жоғары және сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс». Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша, А.Смит абсолютті артықшылықтар теориясын қалыптастырды. Ал Д.Рикардо болса, өзінің әйгілі салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытты. Айталық, Қазақстанға Қырғызстанға қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бұлай болса, онда Қазақстанға Қырғызстанмен саудаласудың мүлдем қажеті жоқ.

Алайда, салыстырмалы шығындар теориясына сәйкес екі ел арасындағы сауда тиімді болып табылады. Айталық, Қазақстанда бидайдың 1 бірлік құны матаның 1,5 бірлік құнына тең. Ал Қырғызстанда бидайдың 1 бірлігі матаның 2 бірлігіне тең. Егер, Қырғызстанға бидай шығарсақ, онда оның құнына матаның 2 бірлігін алуға болады. Олай болса, матаға қарағанда бидайды Қазақстанда өндірген аса тиімді болып табылады.


Қазақстан Қырғызстан

Бидай Бидай

450

b 400 f

300 300

200 200 d

100 100



0 а с 0 e

100 200 300 400 500 600 Мата 100 200 300 400 500 600 Мата



<предыдущая страница | следующая страница>


1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның

Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы

3564.5kb.

25 12 2014
23 стр.


1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып

2865.5kb.

13 10 2014
13 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім?

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

632.08kb.

06 10 2014
3 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім? Аристотель

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

631.06kb.

14 12 2014
3 стр.


Семинар сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М

54.39kb.

15 12 2014
1 стр.


Дәріс сабақтары 1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері

Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік

138.64kb.

14 12 2014
1 стр.


Пәнді оқыту бағдарламасын тақырып парағы

В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері

197.82kb.

13 09 2014
1 стр.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше

Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы

47.88kb.

25 12 2014
1 стр.