Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 15страница 16страница 17страница 18страница 19 ... страница 22страница 23

Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.

Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.

Жұмыссыздықтың осындай экономикалық және экономикалық емес зардаптарының болуы еңбек нарығына мемлекеттің араласуын әрдайым талап етеді. Мемлекет еңбек нарығын реттеуде мақсатты бағытталған саналы түрдегі экономикалық саясатты жүргізеді. Ол ұлттық деңгейде еңбек қатынастарын (жұмыс күнінің ұзақтылығы, жұмысқа жалдау және жұмыстан босату тәртібі, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақы деңгейі, демалыс күндерін және еңбек демалыстарын ұйымдастыру, т.б.) реттейтін заңдылық жүйесін әзірлейді.

Еңбек нарығын реттеудің негізгі мақсаттарын мыналар жатады:


  • толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, бұл жерде жұмыссыздықтың «табиғи» деңгейін сақтай отырып циклдік жұмыссыздықты болдырмау;

  • экономикалық дамудың ішкі және сыртқы өзгерістеріне тез бейімделе алатын «икемді еңбек нарығын» қалыптастыру, бұл жерде жұмыс істеуге ынталы әрбір азамат өзінің қабілетіне қарай жұмыс орнын таба алуы тиіс.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға болады:

  1. Еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталандыру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша бағдарламалар.

  2. Жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдар-ламалар.

  3. Жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарла-малар.

  4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарла-малар (жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар).

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің алғашқы үш бағытында мемлекеттің саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында мемле-кеттің саясаты енжар болып табылады.

Белсенді саясат әрқашанда толық жұмысбстылыққа қол жеткізу-ге бағытталады және дамыған елдерде еңбек нарығының басым бағыттарына жатады.



Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:

  • экономикаға инвестициялардың құйылуын мемлекеттік ынта-ландыру, бұл шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектеседі;

  • құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту және олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;

  • еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу және оларды дамыту, бұл шара фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

  • жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды әдісі болып саналады;

  • жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтарына жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін мемлекеттің салықтық және заңдық шаралар арқылы ынта-ландыруы;

  • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекен-жайын ауысты-руына көмектесу;

  • халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмысбас-тылық мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шара-ларын жүргізу;

  • білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салала-рында жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесі-дей кепілдемелер беріледі:

  • материалдық көмек, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды іске асыру;

  • тегін медициналық қызмет көрсету.

Дамыған едерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұмыс-сыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асырылады және сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі шығындарын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кетуге болады.



Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін сату және сатып алуды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады. Бұлар жұмыс-сыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа орналастыру және жұмыс-керлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуына және тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Сонымен, бұл жердегі мемлекеттің рөлі толық, тиімді және еркін жұмысбастылықты қамтамасыз етуге көмек беру үшін оңтайлы саясатты жүзеге асыру шараларынан көрінеді.

Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде еңбек нарығын реттеудің және жұмыссыздықты жоюдың жаңа бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде. Жаңа қабылданған «Жұмыспен қамту-2020» Мемлекеттік бағдарламасы және елді индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты қамти-ды:

1. Кәсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға алу.

2. Жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу;

3. Тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда осы бағдарлама бойынша дамыған өңірге баруға мүмкіндік беру.

Сондай-ақ, осы бағдарлама аясына «Дипломмен - ауылға» бағдарламасын да кіріктіріп оны сәтті түрде жүзеге асыру назардан тыс қалмайтын болады.

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ресми мәлі-меттері бойынша еңбек нарығының қазіргі экономикалық жағдайы туралы бірқатар мәліметтерді қосымша беруге болады.

2011 жылғы I-тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,6%-ға көп. Республика экономикасында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,2%. Өткен жылғы I-тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 105,2 мың адамға (1,3%-ға) артты.
Кесте 13.2 Қазақстан Республикасы еңбек нарығының қазіргі жағдайы




15 жастағы және одан жоғары халықтың саны

I тоқсан

2010ж.

IV тоқсан



2009ж.

2010ж.

2011ж.

Экономикалық белсенді халық, мың адам

8413,5

8555,5

8610,4

8616,1

Экономикалық белсенді халықтың деңгейі, %

70,3

70,7

71,2

71,2

Экономикалық белсенді емес халық, мың адам

3548,8

3544,1

3487,8

3483,4

Экономикалық белсенді емес (енжар) халықтың деңгейі, %

29,7

29,3

28,8

28,8

Жұмыспен қамтылған халықтың саны, мың адам

7830,4

8029,3

8134,5

8141,4

Жұмысбастылық деңгейі,

%-бен:


1) 15 жастағы және одан жоғары халық санына шаққанда

2) экономикалық белсенді халыққа шаққанда



65,5
93,1

66,4
93,8

67,2
94,5

67,3
94,5

Жалдамалы жұмысшылар, мың адам,

жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы үлесі,

%-бен

5199,1


66,4

5347,8


66,6

5465,9


67,2

5460,0


67,1

Өздігінен қамтылғандар,

мың адам


жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы үлесі,

%-бен

2631,3

33,6



2680,6

33,4

2668,6

32,8



2681,4

32,9


Жұмыссыз халық, мың адам

583,1

526,2

475,9

474,7

Жұмыссыздық деңгейі, %

6,9

6,2

5,5

5,5

15-24 жас аралығындағы жұмыссыздар, мың адам

100,5

81,5

60,6

56,3

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жастағы)

7,7

6,1

5,0

4,7

Ұзақ мерзімдік жұмыссыздық деңгейі, %

2,7

2,3

2,0

2,1

Дерек көзі: www.stat.kz
Жұмыспен қамтылғандардың құрамындағы жалдамалы жұмыс-шылардың пайыздық үлесі 67,2% болды, ал өздігінен қамтылғандар (самозанятые) 32,8%-ды құрады. Жалданып жұмыс істейтіндердің негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамтылды – 81,7% (4,5 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі өз қызметін ауыл шаруашылығында (62,1%), сондай-ақ, сауда саласында (22,6%), көлік қызметін көрсетуде (4,9%) және құрылыста (4,0%) жүзеге асырды.

2011 жылғы I-тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 475,9 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 50,3 мың адамға немесе 9,6% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 5,5% (2010 ж. I-тоқсанда – 6,2%) құрады.

Ағымдағы жылғы I-тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 43,5%, әйелдердің үлесі – 56,5% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 269,0 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 62,1 мың адамға (30,0%-ға) көп.

2011 жылғы I-тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 12,7% немесе 60,6 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,0% (2010 ж. I-тоқсанда – 6,1%) болды.


Кесте 13.3 2011 жылдың 1-тоқсанында жыныстық және жас құрамы бойынша жұмыссыз халықтың саны




Барлығы

соның ішінде

мың адам

жұмыс-сыздық деңгейі, %

ерлер

әйелдер

мың адам

жұмыс-сыздық деңгейі, %

мың адам

жұмыс-сыздық деңгейі, %

Жұмыссыздар, барлығы

60,6

5,0

32,3

4,9

28,3

5,1

Соның ішінде, 15-24 жастағы

100,2

7,5

45,2

6,4

55,0

8,7

25-29 жастағы

77,4

5,8

31,9

4,7

45,5

7,0

30-34 жастағы

50,1

5,6

20,3

4,5

29,8

6,7

35-39 жастағы

42,9

4,4

18,1

3,8

24,8

4,8

40-44 жастағы

49,4

4,8

19,2

3,8

30,2

5,7

45-49 жастағы

49,6

5,1

18,8

4,0

30,8

6,1

50-54 жастағы

32,4

5,8

13,1

5,1

19,3

6,4

55-59 жастағы

13,3

6,1

8,0

5,6

5,3

7,2

60-64 жастағы

60,6

5,0

32,3

4,9

28,3

5,1

Дерек көзі: www.stat.kz
2011 жылғы наурыздың соңында жұмыссыздар ретінде тіркел-ген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 53,7 мың адамды құрады, бұл 2010 жылғы осы кезеңге қарағанда 22,7 мың адамға немесе 29,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,6% (2010 жылғы наурызда – 0,9%) болды.
13.2 Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Филлипс қисық сызығы. Инфляцияға қарсы саясат
Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәреже-сінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды.

Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфля-ция ұзақ уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – «inflatio» – қампаю, тұнғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес үкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде көрінді.

Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаны алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуы-мен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.

Сонымен, инфляция – бұл бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.



Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.

Монетарлық емес себептер:

  • экономикадағы диспропорциялар;

  • әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;

  • тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың әлсіз дамуы;

  • ЖІӨ көлемінің құлдырауы;

  • халықтың инфляциялық күтулері.

Монетарлық себептер:

  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

  • ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. Орталық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілет-тілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нәтижесінде игілік-терге жалпы баға деңгейі өседі;

  • ақша айналымы жылдамдығының артуы.

Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көпте-ген түрлерін ажыратуға болады:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфля-цияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді.

Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляция-ның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:

π = Р – Р-1 / Р-1 × 100%.

мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі.



  1. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағалары-ның динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

  2. Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады.

  3. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляциянын мынадай түрлері болады: жылына 10%-ке дейін болса баяу, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда – өршімелі, немесе, «латындық», 200%-дан (Самуэльсон бойынша) артқанда – гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша – айына 50%-тен артық болса).

Мәселен, өткен ғасырда, бағалардың өсу қарқынының өте жоғары деңгейлерін, әсіресе, гиперинфляцияны бастан кешірген мемлекеттер көп, соның ішінде, Қазақстан да 90-жылдардың басында өтпелі экономика жағдайында нарықтық қатынастарға көшу бары-сында инфляцияның аса жоғары қарқынына тап болды. 1992-1994 жылдар аралығында елімізде гиперинфляция құбылысы байқалды (кесте 13.4).
Кесте 13.4 Қазақстандағы инфляция қарқыны

кезең соңына, өткен жылғы желтоқсанға пайызбен, өсуі



1991ж. – 147,1

1995ж. – 60,3

1999ж. – 17,8

2003ж. – 6,8

2007ж. – 18,8

1992ж. – 2960,8

1996ж. – 28,7

2000ж. – 9,8

2004ж. – 6,7

2008ж. – 9,5

1993ж. – 2165,0

1997ж. – 11,2

2001ж. – 6,4

2005ж. – 7,5

2009ж. – 6,2

1994ж. – 1158,3

1998ж. – 1,9

2002ж. – 6,6

2006ж. – 8,4

2010ж. – 7,8

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі, www.stat.kz


  1. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланс-тандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді.

  2. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

  3. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.

  4. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмей-тін инфляция болып бөлінеді.

  5. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығын-дар» инфляциясы болады.


<предыдущая страница | следующая страница>


1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның

Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы

3564.5kb.

25 12 2014
23 стр.


1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып

2865.5kb.

13 10 2014
13 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім?

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

632.08kb.

06 10 2014
3 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім? Аристотель

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

631.06kb.

14 12 2014
3 стр.


Семинар сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М

54.39kb.

15 12 2014
1 стр.


Дәріс сабақтары 1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері

Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік

138.64kb.

14 12 2014
1 стр.


Пәнді оқыту бағдарламасын тақырып парағы

В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері

197.82kb.

13 09 2014
1 стр.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше

Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы

47.88kb.

25 12 2014
1 стр.