12.2 Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
Экономикалық өсу кез-келген елдің экономикалық өмірінің аса маңызды мәселесі болып табылады. Алдымен,
«экономикалық өсу» мен
«экономикалық даму» ұғымдарын ажырата білу қажет.
Экономикалық даму экономиканың өсуімен қатар экономиканың құлдырау үрдістерін де өзіне жатқызатын аса кең мағыналы ұғым болып табылады.
Экономикалық өсу қандай да бір елдің ұлттық экономикасын-да белгілі бір уақыт аралығында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемінің өсуін сипаттайтын сол елдің экономикалық әлеуетінің ұлғаюын көрсетеді.
Экономикалық өсу - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – бұл халықтың әл-ауқатын материалдық тұрғыдан көтеру, ұлттық қауіпсіздікті қамтама-сыз ету, шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын жақсарту, орта есеппен бір адамға шаққандағы табыстың өсуін шапшаңдату, сонымен қатар, ұлттық табыстың халықтың әр топтары арасында бөлінуін жақсарту.
Қазіргі уақытта, Қазақстан да экономикалық өсудің осындай мақсатын көздей отырып, сапалы экономикалық өсуге жету үшін бірқатар міндеттерді орындауды алға тартады.
Экономикалық өсудің міндеттері:
-
Посткризистік даму жағдайында мемлекеттің экономикаға араласу саясатын оңтайлы үйлесімділікпен жүргізу.
-
Экономикалық өсуге негізделген өңдеуші өнеркәсіп салалары-на шетел инвестицияларын көптеп тарту және тиімді инвести-циялық саясатты жүзеге асыру.
-
2011-2014 және 2020 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық Стратегияны жүзеге асыру;
-
Отандық кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру және «Өнімділік – 2020» бағдарламасын орындау.
-
Отандық өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін көтеру және өндірісті әртараптандыру.
Алдағы уақытта, еліміз экономикалық өсудің осы және басқа да міндеттерін орындау арқылы экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасына маңызды түрде көңіл бөледі. Демек, экономикалық өсудің тиімділігі мен экономикалық өсудің сапасы кез-келген ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалайды.
Экономикалық өсудің тиімділігі – бұл тауарлар мен қызмет-тердің сапасын жақсарту, олардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру, өнімнің жаңа түрлерін жасау, өндірістің мамандандырылуын терең-дету, инновациялар мен жаңа технологияларды игеру сияқты эконо-микалық қызметтің әртүрлі бағыттарын қамтитын кең мағыналы ұғым.
Экономикалық өсудің сапасы – бұл халықтың материалдық жағдайларын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін арттыру, адам капиталына инвестиция құюды күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайларының қауіпсіз-дігін сақтау, толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғауды күшейту сияқты маңызды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел экономикасының дамуының әлеуметтік бағыт-тылығы.
Экономикалық өсудің қарқыны мен оның сапасы арасында белгілі бір өзара байланыс болады. Бірқатар жағдайларда, экономика-лық өсудің жоғары қарқыны сапаның өсуімен сәйкес жүрмеуі мүмкін немесе керісінше, экономиканың өсудің тым әлсіз қарқыны өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік беруі мүмкін. Сондықтанда, көптеген экономистер қазіргі уақытта, экономикалық өсудің тұрақтылығын көрсететін өсудің орташа қарқынын (жылына 2-3%) қамтамасыз ету әлдеқайда тиімдірек деп санайды. Олай болса, дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі орта есеппен жылына 2-3%-ды құрайды деген сөз. Бұл жерде осындай стандартты өсу жұмыссыздық пен инфляцияның қалыпты деңгейіне сәйкес келетін жұмыспен толық қамту деңгейімен ұштастырылуы тиіс. Бірақ, кез-келген экономикалық өсудің әрқашанда оң нәтижеге әкеле бермейтіндігін ұмытпағанымыз жөн, яғни теріс экономикалық өсу де болады. Экономикалық өсудің дағдарысы – бұл әлемдік тәжірибеде нақты жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы жалғасқан 9%-ға дерлік төмендеу көрсеткіші.
Ал қазіргі дамыған нарықтық экономика жағдайында экономикалық өсудің шын мәніндегі көрінісін тепе-теңдіктік эконо-микалық өсу сипаттайды.
Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу – бұл белгілі бір уақыт аралығында бір-біріне тұрақты түрде теңесетін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көлемдерінің ұлғаюын көрсететін ұлттық экономиканың ұзақ мерзімдік дамуы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңгерімді өсуі нәтижесінде бағалардың тұрақ-ты деңгейін ұстап тұруға болады.
Қандай да бір елдің экономикалық өсуінің нәтижесін жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс ретіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер сипаттайды. Олар белгілі бір уақытқа пайызбен өлше-неді.
Экономикалық өсуді өлшеудің тәсілдерін екіге бөлуге бола-ды:
-
Нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі. Бұл әдіс экономика мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
-
Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшан-дығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық өсу қарқыны – пайыздық көрсеткішпен әдетте бір жылға есептелетін нақты ЖІӨ-нің өсім қарқынының көрсеткіші. Бірақ, бұл көрсеткіш зерттелу сипатына қарай бір айға, кварталға, жартыжылдыққа, онжылдыққа, яғни уақыттың қандай да бір қолайлы кезеңіне сәйкес есептелуі мүмкін. Экономикалық өсуді өлшеудің мынадай негізгі көрсеткіштері бар:
-
Өсу коэффициенті – бұл қарастырылып отырған ағымдық кезеңдегі өсу көрсеткішінің базистік кезеңдегі өсу көрсеткішіне қатынасы:
Yt = Yt - Yt -1 / Yt -1, немесе,
ΔYt = Yt - Yt -1
-
Өсу қарқыны – 100%-ға көбейтілген өсу коэффициенті;
-
Өсім қарқыны – өсу қарқыны минус 100%.
Экономикалық өсу жиынтық динамикалық көрсеткіш болып табылады және ұлттық экономиканың жағдайын белгілі бір уақыт аралығында жалпы сипаттайды. Алайда, жоғарыда аталып өткендей, экономикалық өсудің көрсеткіші әрқашанда оң шама бола бермейді. Көптеген статистикалық деректерден экономикалық өсудің нөлдік немесе теріс шамаларын да көруге болдаы. Мәселен, Қазақстанда 1991-1998 жылдар аралығында экономикалық өсудің оң нәтижелері байқалмады. Себебі, тәуелсіздік жылдары еліміз өтпелі экономика жағдайында нарықтық қатынастардың бірнеше кезеңінен өте отырып экономикалық жүйенің жаңа құрылымын жасаумен болды. Осы кезде, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясы елдің экономикалық өсуіне мұрындық болды. Сөйтіп, 1999 жылдың екінші жартысында экономикалық өсу орын алды және 2,7%-ды құрады. Әріқарай, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын және жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді төмендегі кестелерден көруге болады.
Кесте 12.3 Қазақстандағы экономикалық өсу қарқыны,
2000-2011 жж.
Жылдар
|
Нақты ЖІӨ, пайыздық өсім
|
Жылдар
|
Нақты ЖІӨ, пайыздық өсім
|
2000
|
10,2
|
2006
|
9,5
|
2001
|
13,7
|
2007
|
7,7
|
2002
|
9,8
|
2008
|
2,0
|
2003
|
8,9
|
2009
|
-0,2
|
2004
|
8,8
|
2010
|
4,2
|
2005
|
8,7
|
2011
|
7,0
|
Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі, www.stat.kz
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2000-2007 жылдар аралығында эконо-микалық өсу қарқыны орта есеппен 9,7%-ды құрады. Ал 2008-2010 жылдардағы отандық және әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың салдарынан өсу қарқыны нөлдік деңгейге дейін төмен-дегенімен, 2010 жылдан бастап Қазақстан посткризистік экономика-лық өсу қарқынын қалпына келтіре алды.
Дегенменде, нақты ЖІӨ көрсеткіші экономикалық өсудің қарқынын нақты өлшей алмауы және экономиканың жалпы жағдайын дұрыс анықтай алмауы мүмкін. Осы жерде экономиканың жағдайын аса нақты анықтай алатын басқа да көрсеткіш қолданыла алады – ол жан басына шаққандағы ЖІӨ.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ – елдер арасындағы экономи-калық өсуді және экономикалық жағдайларды салыстыру үшін қолданылатын өсуді нақты өлшей алатын әдіс.
Кесте 12.4 Қазақстандағы жан басына шаққандағы
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) қарқыны, 1991-2010 жж.
Жылдар
|
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, теңгемен1)
|
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, доллармен2) 3)
|
Жылдар
|
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, теңгемен
|
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, доллармен
|
1991
|
5 234,0
|
-
|
2001
|
218 772,4
|
1 490,9
|
1992
|
74 072,8
|
-
|
2002
|
254 141,6
|
1 658,0
|
1993
|
1 796,2
|
696,2
|
2003
|
309 341,3
|
2 068,1
|
1994
|
26 227,9
|
735,9
|
2004
|
391 003,8
|
2 874,2
|
1995
|
64 123,3
|
1 052,1
|
2005
|
501 127,5
|
3 771,3
|
1996
|
90 880,0
|
1 350,4
|
2006
|
667 211,6
|
5 291,6
|
1997
|
109 045,2
|
1 445,5
|
2007
|
829 865,3
|
6 771,6
|
1998
|
115 001,7
|
1 468,7
|
2008
|
1 024 175,1
|
8 513,5
|
1999
|
135 075,4
|
1 130,1
|
2009
|
1 070 472,0
|
7 257,4
|
2000
|
174 682,0
|
1 229,0
|
2010
|
1 326 771,2
|
9 004,2
|
1) - 1990-1992 жылдары - рубль, 1993 жылдан бастап - теңге
|
|
|
|
|
2) - АҚШ долларында жан басына шаққанда ЖІӨ есептеу 1993 жылдан бастап жүргізіліп келеді
|
|
|
3) - АҚШ долларына аудару барысында ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша орташажылдық валюта бағамы қолданылады
|
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ел Үкіметіне жүктеген міндеттеріне сәйкес, 2011-2015 жылдар аралығында еліміздің эконо-микалық өсу қарқыны орташа есеппен 7%-ды құрап, жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың АҚШ долларына жетуі тиіс.
Кесте 12.5 2011-2015 жылдарға экономикалық өсу қарқынының болжамы
Жылдар
|
Нақты ЖІӨ, пайыздық өсім
|
2011
|
7,0
|
2012
|
6,9
|
2013
|
6,5
|
2014
|
7,1
|
2015
|
7,4
|
Дерек көзі: www.minplan.kz
Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді:
-
Нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макро-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі.
-
Әлеуетті экономикалық өсу – бұл экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дәрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мыналар жатады: а) еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарды арттыру; ә) технологиялық прогресстің көмегімен, өндірістің ұйымдастыры-луын жақсарту немесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар:
-
Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
-
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
-
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
-
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сан жағынан өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
-
жұмыс күші санының өсуі;
-
капитал көлемінің өсуі.
-
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар, техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан да, сан жағынан да өсуі.
Макроэкономикада экономикалық өсудің факторларын негізгі үш топқа бөліп қарастырады:
1. Ұсыныс факторлары – адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі.
2. Сұраныс факторлары – бағалар деңгейі, тұтыну шығында-ры, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі.
3. Бөлу факторлары – экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың тиімділігі, ресурстардың өндіріс үрдісінде толық, әрі ұтымды түрде пайдаланылуы.
Дегенмен, экономикалық өсуде маңызды рөлді ұсыныс факторлары ойнайды. Осының ішінде, еңбек және еңбек өнімділігін ерекше атап өтуге болады, яғни, еңбек экономикалық өсудің факторы ретінде еңбек өнімділігі көрсеткішімен анықталады. Еңбек өнімділігі – бұл бір жұмысшыға келетін өндірістің жалпы көлемі және ол мына қатынаспен анықталады: Y/L, мұнда Y-шығарылым көлемі, L-экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны немесе еңбектің істелген адам-сағат саны. Әртүрлі елдердің келтірген есептеулерінде еңбек өнімділігінің деңгейі неғұрлым жоғары болса, жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі де соғұрлым жоғары болады деп саналады.
Жоғарыда аталып өткендей, экстенсивті экономикалық өсу кезінде белгілі бір уақытта, еңбек өнімділігінің шамасы өзгермейді, яғни, Y/L шамасы тұрақты болып қалады. Ал интенсивті эконо-микалық өсу кезінде ЖІӨ-нің өсу қарқыны жұмыспен қамтылғандар санының өсу қарқынына қарағанда тезірек болады, яғни еңбек өнім-ділігі артады.
Еңбек өнімділігінің артуына технологиялық прогресс факторы аса маңызды түрде әсер етеді. Технологиялық прогресс – бұл өндірістік үрдісті ұйымдастырудың және басқарудың жаңа әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар, өндірістік үрдісте қолданылатын ғылымның әртүрлі салаларындағы ашылымдар мен жаңалықтар және басқа да заманауи жетістіктер. Сонымен қатар, білім және адам капиталы сияқты ерекше факторға және оның экономикалық өсуге қосатын үлесіне де маңызды түрде көңіл бөлген жөн.
Адам капиталына инвестициялар – қазіргі заманғы экономи-калық өсудің аса маңызды факторы. Осындай инвестициялар әлеу-меттік-экономикалық құрылымның ҒТП-нің даму ырғағына үздіксіз ілесіп, әрі бейімделіп отыруына жағдайлар жасайды. Демек, бүгінгі күні сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға, жұмыс орнында тәжі-рибе жинақтауға, инновацияларды енгізуге инвестиция салусыз, яғни адам капиталын дамытусыз экономикалық өсудің шынайылығына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Алайда, экономикалық өсудің теріс факторлары да болады. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды экономикадағы әлеумет-тік өзгерістер деп атайды. Оларға әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау саласын шектен тыс мемлекеттік реттеу деген факторлар жатады. Мәселен, қоршаған ортаның ластануын бақылау бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қысқа мерзімде экономикалық өсу қарқынының бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін.
Соңында, экономикалық өсудің институционалдық фактор-ларын да атап өткен жөн. Меншік құқығын мемлекеттік қорғау, қоғамдық тәртіпті орнату және қолдау, тәуелсіз сот сияқты институционалдық факторлар экономикалық өсуге оң әсер беріп еңбек өнімділігінің артуында ерекше рөл ойнайды.
Бүгінгі күнге дейін ұзақ мерзімді тұрақты, әрі теңгерімді экономикалық өсудің нәтижелері туралы ортақ пікір жоқ. Сол себепті, әртүрлі макроэкономикалық мектеп өкілдерімен түсіндіріле-тін экономикалық өсудің үлгілері әртүлі алғышарттар мен болжам-дарға сүйенеді.
Экономикалық өсудің теорияларын көптеген экономистер дамытты. Соның ішінде, Дж.Кейнс, Ч.Кобб, П.Дуглас, Э.Денисон, С.Кузнец, Й.Шумпетер, Р.Харрод, Е.Домар, Р.Солоу, Э.Фелпс, П.Ромер, К.Эрроу, Г.Мэнкью, Д.Уэйл, Д.Ромер, Р.Лукас, Х.Юзава сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты.
Әдебиеттер тізімі
-
С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.
-
Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
-
Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.
-
Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.
-
Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.
-
Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.
-
Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .
-
Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.
-
Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.
-
Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.
-
ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.
-
ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.
-
ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.
-
ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.
-
Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Циклдік толқулардың себептері қандай?
-
Экономикалық цикл неше фазадан өтеді?
-
Экономикалық дағдарыстардың түрлері қандай?
-
Экономикалық циклдің ұзақтылығына байланысты типтері қандай?
-
Экономикалық циклдің факторлары қандай?
-
Экономикалық циклге қарсы саясат шаралары қандай?
-
Экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштері қандай?
-
Экономикалық өсудің факторлары қандай?
-
Экономикалық өсудің Қазақстандағы ерекшеліктері қандай?
-
«Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі басым бағыттары қандай?
-
Экономикалық өсудің негізгі үлгілері қандай?
-
Экономикалық өсудің жағымды және жағымсыз жақтары қандай?
Студенттің өзіндік жұмыстары
-
Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
-
Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.
-
Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Ростоу моделі.
2) Қазақстандағы экономикалық өсудің негізгі бағыттары.
-
Тест тапсырмалары:
<предыдущая страница | следующая страница>