Перейти на главную страницу
2) Акселератор теориясы.
А) Табыс өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табыстың өсуіне қарағанда кем өседі.
В) Табыс өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табыстың өсуіне қарағанда артығырақ өседі.
С) Тұтыну қолда бар табысқа тәуелді, сондықтанда табыс өзгергенде тұтыну да өзгеріп отырады.
D) Табыс өскен сайын тұтынуға деген орташа бейімділік тұрақты болып қалады.
E) Табыс өскен сайын жинақтауға деген орташа бейімділік тұрақты болып қалады.
А) Инвестиция өсімінің тұтыну өсіміне қатынасын;
В) ҰТ өсіміне инвестиция өсімінің қатынасын;
С) Сұраныс өзгерісі мен баға өзгерісі арасындағы тәуелділікті;
D) Ұсыныс өзгерісі мен баға өзгерісі арасындағы тәуелділікті;
E) Инвестиция өсіміне ЖҰӨ өсімінің қатынасын.
А) барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары;
В) үй шаруашылықтарының және мемлекеттің жалпы сұраныстары;
С) мемлекеттің жалпы сұраныстары;
D) жоспарланған шығындар сомасы;
Е) үй шаруашылықтарының және фирмалардың жалпы сұраныстары.
A) ЖҰӨ – тұтыну – салықтар.
B) Мемлекеттік жинақтау – үй шаруашылықтарының тұтынуы.
C) Экономиканың барлық шаруашылық субъектілерінің жинақталған қорларының сомасы.
D) Салықтар – мемлекеттік шығындар.
E) Ұлттық жинақтауды елдегі халық санына бөлгенге тең.
А) 20 млрд. В) 2 млрд. С) 30 млрд. D) 200 млрд. Е) 10 млрд.
12.1 Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
12.2 Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
Негізгі ұғымдар: экономикалық цикл, жандану, өрлеу, дағдарыс, тоқырау, қысқа мерзімді толқындар, орта мерзімді толқындар, ұзақ мерзімді толқындар, экономикалық өсу, сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары, бөлу факторлары, экстенсивті өсу, интенсивті өсу, аралас өсу, экономикалық өсудің үлгілері, т.б.
12.1 Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
Қазіргі экономикалық даму ұзақ мерзімдік динамика ретінде тұрақты түрде өсу үрдісімен көрініп отырады. Алайда қысқа мерзімде сол экономикалық дамудың жағдайлары үнемі көтерілу мен төмендеу толқындарымен сипатталады. Олай болса экономикалық даму бірқа-лыпты болмайды. Макроэкономикалық динамиканың толқушылық сипаттағы заңдылықтары экономикалық (іскерлік) цикл мәселесі ретінде қарастырылады.
Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдері-мен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.
Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясымен қатар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қарастыры-лып, экономикалық жүйенің қозғалыстарын сипаттайды. Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқуларын, тұрақсыздық-тың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі тұрақты өзгерісте-рінің факторлары мен шарттарын зерттейді. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
шың құлдырау тірілу
түп
көтерілу
шың
түп
Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде сипатталады, яғни тренд дегеніміз – бұл ұлғаймалы тенденция фор-масында көрінетін экономикалық дамудың жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Толқын тәріздес қисық дамудың біркелкі еместігін сипаттайды, қоғамның экономикалық даму кезеңінің құлдырау кезеңдерімен жалғасып отыруын көрсетеді. Көтерілу мен құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып отыруы экономика-лық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл экономикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының өзара екі бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір құлдырауға дейін) арасындағы уақыт аралығын қарастырады.
Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэко-номикалық тұрақсыздық мәселелеріне алғаш рет аса дәйекті түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.
а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметр-лерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндір-гіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндірістік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капитал-дың құнсыздануы);
ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;
б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;
в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестиция-лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория экономикалық циклдің агрегатталған екі фазасын ғана қолданады: рецессия және көтерілу. Рецессия деп дағдарыс және құлдырау түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу және шың.
а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру кезеңділігі;
ә) негізгі капитал элементтерінің үнемі жаңарып отыруын сипаттайтын өзгерістер;
б) демографиялық үрдістермен және ауыл шаруашылығының дамуымен шартталатын өзгерістер.
Экономикалық циклдің негізгі типтері төмендегі кестеде берілген.
Кесте 12.1 Экономикалық циклдің типтері
№ |
Циклдің типтері |
Ұзақтылығы |
Басты ерекшеліктері мен себептері |
1 |
Дж. Китчин циклдері (қорлар циклдері) |
2-4 жыл |
Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік толқулар. |
2 |
К. Жугляр циклдері (инвестициялық немесе бизнес циклдер) |
7-12 жыл |
Банктердің әрекеттерінен туындайтын ақша-несие факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта мерзімдік толқулар |
3 |
К. Маркс циклдері |
10 жыл |
Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын алатын орта мерзімдік ауытқулар |
4 |
С. Кузнец циклдері (құрылыс циклдері) |
15-25 жыл |
Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар |
5 |
Н. Кондратьев циклдері («Ұзын толқындар») |
40-60 жыл |
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар |
6 |
Форрестерлік циклдер |
100 жыл |
Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер |
7 |
Тоффлерлік циклдер |
Мыңжылдықтар |
Өркениеттік дамулардың ұласуы |
Қазіргі уақытта бірқатар экономистер циклдің қаржылық, аграрлық, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, саяси деген түрлерін бөліп көрсетеді.
С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бетіндегі дақтардың адамдарға әсер етуімен түсіндіреді. В. Парето мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономикалық қызметтеріндегі оптимистік және пессимистік қатынастарға байланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін өндірілетін табысқа қарағанда тұтынылатын табыстың жетіспеушілігімен байланыс-тырады. М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-жабдықтары өндірісінің тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен деп тұжырымдайды. Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансиялаудан және шектеуден, есептік мөлшерлеменің қозғалысынан орын алатынын алға тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың артып кетуімен және инвестиция-лардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің негізгі қайшылық-тарынан іздейді.
Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша сыртқы факторлар экономикалық циклдердің бастапқы импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фазалық толқуларға айналдырып отырады. Сол себепті ішкі факторларды сипаттайтын бағыт аса көкейкесті болып табылады. Экономикалық циклдердің пайда болуында шешуші рөлді тұтынушылық сұраныс пен инвестициялық сұраныс ойнайды. Тұтынушылық сұраныс цикл-дердің өзгерісіне салыстырмалы баяу әсер етсе, ал инвестициялық сұраныс экономикалық циклдердің басты қозғаушы күші болып табылады.
Макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайларында экономика-лық циклді реттеу үшін мемлекеттің экономикаға араласуының әдістері алуан түрлі болып табылады және олар әр кезеңде шыңдалып жетілдіріле түседі. Мемлекеттің экономиканың циклдік дамуын тұрақтандыру бойынша саясатын төмендегі кестеден көруге болады (кесте 12.2). Бұл жерде мемлекеттің макроэкономикалық саясат құралдары циклдік толқуларды жұмсарту мақсатында экономиканың тұрақтандыру саясатына айналады.
Экономиканы тұрақтандыру саясаты – бұл инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономика-лық саясатының кешенді іс-шаралары.
Кесте 11.2 Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты
Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары |
Дағдарыс кезеңдерінде |
Өрлеу кезеңдерінде |
Бюджет-салық саясаты |
Бюджет шығындарын арттыру, салық ставкаларын төмендету |
Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын жоғарылату |
Ақша-несие саясаты |
Есептік ставканы төмендету, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, міндетті резервтер нормасын төмендету |
Есептік ставканы көтеру, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, міндетті резервтер нормасын көтеру |
Табыстар саясаты |
Жалақыны арттыру |
Жалақыны қысқарту |
Инвестициялық саясат |
Инвестициялық жобалардың іске асуын тездету, мемлекеттік қолдау көрсету |
Мемлекеттік қолдауды және инвестиция салуды тежеу |
Мақсаты: |
Экономикалық белсенділікті ынталандыру |
Экономикалық белсенділікті тежеу |
2007 жылдың тамыз айынан орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс қазіргі жаһандану үдерістерінің тереңдеуі қарсаңында көптеген мемлекеттерді әуре сарсаңға салғаны белгілі. Осы дағдарыс әлем елдерін оның себептерін жою бойынша тиімді жолдар мен әдістерді іздеуге мәжбүр етті. Жаңа құбылыстар жағдайында осының бәрі тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілікті көтеру мақсатында ұлттық экономикалардың жандану стратегия-ларын қайта түзетуге және өз кезегінде, экономикалық саясатты жетілдіре түсуге итермеледі. Әлем елдерінің дағдарысты еңсеру бойынша қабылдаған аса маңызды іс-шараларын төмендегідей топ-тастыруға болады:
Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың басында Қазақстанның коммерциялық банктері сыртқы көздерден 45 млрд. доллар көлемінде қаражатты қарызға алып үлгерген еді, сондықтанда дағдарыс басталғаннан кейін Қазақстанның банктік секторында жағдай күрт төмендеді: сыртқы көздерден арзан несие алу тиылды, қарыз құралдарының бағасы өсті, бұрынғы қарыздарды жабуда және экономиканың нақты секторын несиелеуде қиыншылықтар туында-ды. Банктердің банкроттыққа ұшырау қаупі күшейді.
Осындай жағдайдарда еліміздің билік басындағылары қалыптас-қан жағдаятты дер кезінде нақты бағалай алып ел экономикасын дағдарыстан шығарудың дұрыс шешімдерін қабылдай білді. Қазақстан ТМД елдерінің арасынан бірінші болып ҚР-сы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ҚР-сы Үкіметі, ҚР-сы Ұлттық Банкі және Қаржылық қадағалау Агенттігі бірігіп «Батыл бес қадам» деп аталатын 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-қимыл Жоспарын әзірледі.
Осы құжатқа сәйкес, ең алдымен, жүйе құраушы банктерге қолдау көрсетіліп 4 млрд. доллар қаржы бөлінді, бұл олардың өтімділігін көтеруге және нақты жобаларды қаржыландыруға мүмкін-дік берді. Банктік секторды қолдаудан басқа, ауыл шаруашылығына 1 млрд. доллар, шағын және орта бизнесті қолдауға 1 млрд. доллар, серпінді индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға 1 млрд. доллар және жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрғын үй мәселелерін шешуге 3 млрд. доллар бөлінді.
Тұтастай, мемлекеттің антикризистік саясатын іске асыруға бағытталған көлемді қаржы 2,2 трлн. теңгені немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 14%-дан астамын құрады. Сөйтіп, осы бірлескен іс-қимыл Жоспарын жүзеге асырудың нәтижесінде 2009 жылы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі қалпына келе бастады. 2010 жылы антикризистік бағдарламаларды орындау әріқарай жалғасып, Үкіметтің күшімен БТА банктің және Альянс банктің қарыздарын қайта құрылымдау жүргізілді және сол арқылы экономикалық құлдырауды жұмсарту және экономиканы посткризистік даму жолына салу міндеттері алға қойылды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына сәйкес, жаңа жұмыс орындары ашылды, жұмыссыздық қысқарды, қосымша өндіріс қуаттары іске қосылды, басымдықты жобалар белсенді қаржыландырылды, шағын және орта бизнестің жұмысы жандана түсті және олардың құрылымы өзгерді. 2010 жылдың қаңтарынан қабылданған экономиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы сәтті орында-лып келеді және осының аясында жаңадан ішкі және сыртқы нарықтар игерілу үстінде, атап айтсақ, мұнай мен газ, металл, бидай өнімдерін экспорттаудың қытайлық бағыттылығы, ислам елдерінен, Оңтүстік Кореядан, Қытайдан және басқа да елдерден тікелей инвестициялар тарту.
Қазіргі жүргізіліп отырған іс-шаралар өз жемісін беруде: нақты ЖІӨ 7%-ға өсті, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға қысқарды, инфляция қарқыны 7,8%-ды құрады, нақты жалақы 7,5%-ға өсті, банктердегі депозиттердің жалпы сомасы 13,7%-ға өсіп 6,8 трлн. теңгені құрады, банктердің жиынтық активтері де 4,2%-ға өсіп 12,0 трлн. теңгені құрады, валюталық активтерді қоса есептегенде Ұлттық қордағы қаражаттың көлемі 59 млрд. долларға тең болды, Ұлттық Банктің алтын валюталық активтері 22,5%-ға ұлғайып 28,3 млрд. доллар болды.
Қазіргі уақытта, Қазақстанның антикризистік және посткризис-тік жетістіктері халықаралық аренада мойындалып отыр.
Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы
25 12 2014
23 стр.
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып
13 10 2014
13 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
06 10 2014
3 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
14 12 2014
3 стр.
Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М
15 12 2014
1 стр.
Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
14 12 2014
1 стр.
В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері
13 09 2014
1 стр.
Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы
25 12 2014
1 стр.