Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен 
бекітілді    

«Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.07 № 305 Қаулысымен.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе оны беруден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;
      2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең көп жол берілген күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-га дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетеді.
      10. Мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында көрсетіледі, оларда күтуге және қажетті құжаттарды дайындау үшін қолайлы жағдай жасалады (құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жабдықталады).
      Мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет ету үшін пандустар қарастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:


      1) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) тұтынушының жеке басын куәландырылған құжаттың көшірмесін;
      3) осы Стандартқа 4-қосымшада белгіленген біліктілік талаптарына тұтынушының сәйкес келетіндігін растайтын құжаттардың көшірмесін береді.
      12. Өтініш бланкін жергілікті атқарушы органның кеңсесі береді, оның нысаны сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында «нормативтік-құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажет құжаттар осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіне тапсырылады.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау күні мен нөмірі;
      2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
      4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар берілетін орын;
      5) жергілікті атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      15. Аттестаттау туралы куәлік тұтынушы өзі келгенде қолма-қол тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенімхатты көрсеткенде беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
      1) тұтынушының осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
      2) тұтынушының осы Стандартқа 4-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеуі негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жергілікті атқарушы органның уәкілетті лауазымды адамдары мынадай қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:


      1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдепті болу;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталу, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Жергілікті атқарушы органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Жергілікті атқарушы органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін тұтынушыға мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органның заң қызметінің маманы түсіндіреді.


      21. Егер тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қанағаттанбаса, шағымды жазбаша түрде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің атына жібере алады.
      Шағымдар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады.
      22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органның басшысы орынбасарының атына демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазбаша түрде жергілікті атқарушы органның жазбаша дәлелді бас тартуының көшірмесін немесе өзге құжаттарды қоса қабылданады.
      25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдары кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Жергілікті атқарушы органдардың байланыс телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында және жергілікті атқарушы органдардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.

«Байқаудан өткізушілерді және


тұқым сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мекенжайы мен телефондары

Астана қаласы
«Астана қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11; тел: 8(7172) 55-64-08; факс. 55-72-75
E-mail: [email protected]

Алматы каласы
«Алматы қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4; тел/факс 8(7272) 72-02-85
E-mail: [email protected]

Ақмола облысы
«Ақмола облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 85; тел/факс 8(716-2) 25-07-72, 25-55-11;
E-mail: [email protected], [email protected]

Алматы облысы
«Алматы облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 тел.8(7282) 27-08-18
E-mail: [email protected], [email protected]

Атырау облысы
«Атырау облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77; тел. 8(7122) 35-45-03
E-mail: [email protected]

Ақтөбе облысы
«Ақтөбе облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40; тел: 8(7132) 56-03-07, факс 54-17-39 E-mail: [email protected], [email protected]

Шығыс Қазақстан облысы
«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40; тел. 8(7232) 26-42-48
E-mail: [email protected]

Жамбыл облысы
«Жамбыл облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Абай көшесі, 125; тел: 8(7262) 43-28-94

Батыс Қазақстан облысы
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы, Достық көшесі, 179; тел/факс 8(7112) 51-35-41, 45-29-27
E-mail: [email protected], [email protected]

Қарағанды облысы
«Қарағанды облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік көшесі, 39; тел/факс 8(7212) 42-10-80
E-mail: [email protected]

Қостанай облысы
«Қостанай облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66; тел/факс 8(7142) 57-50-03
E-mail: [email protected], www.kostanay.kz; e.kostanay.kz

Қызылорда облысы
«Қызылорда облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Жақай көшесі, 76; тел. 8(7242) 26-26-44
E-mail: [email protected]

Маңғыстау облысы
«Маңғыстау облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 1-үй.; тел: 8(7292) 31-17-77
E-mail: [email protected]

Павлодар облысы
«Павлодар облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 49; тел. 8(7182) 32-25-67
E-mail: [email protected]

Солтүстік Қазақстан облысы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58; тел. 8(7152) 46-24-52, факс 36-07-45
E-mail: [email protected], [email protected], [email protected]

Оңтүстік Қазақстан облысы
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Тәукехан көшесі 6, тел. 8(7252) 53-03-33
E-mail: [email protected]

«Байқаудан өткізушілерді және


тұқым сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Аттестаттау туралы № _____________куәлік

_____________________________________________________________берілді,             (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)


оған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)жергілікті
атқарушы органының 20___жылғы «___» №_________________________бұрынғы
негізінде____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (егістіктерін байқаудан өткізуге рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдігі) сорттық егістерді байқаудан өткізу құқығына байқаудан өткізуші немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттың және себу сапасына сараптама жүргізу құқығына тұқым сарапшысы мәртебесі берілген.
      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы басшының Т.А.Ә.
_______________________________________________  ____________________
                  (қолы)
Лауазымы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________Берілген күні: 20___жылғы «____»________________
М.О.
200____жылғы «___»_________________ дейін жарамды

«Байқаудан өткізушілерді және


тұқым сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

_____________________________________________________________________


Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының атауы
_____________________________________________________________________
             (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және______________________


____________________________________________________________________
(егістіктерін байқаудан өткізу жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы өсімдігі) байқаудан өткізуші немесе тұқым сарапшысы мәртебесін беруді сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәліметтер:


Мекенжайы:__________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үйдің №, телефоны)

Қоса беріліп отырған құжаттар:


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (біліктілік талаптарына сәйкес)
20____жылғы «___»______________
_____________________________________________________________________
         (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Өтініш қарауға 20___жылғы «___»__________________ қабылданды.
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

«Байқаудан өткізушілерді және


тұқым сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша

Байқаудан өткізушілерге және тұқым сарапшыларына қойылатын біліктілік талаптары

      1. Байқаудан өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:


      1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі болуы;
      2) арнайы даярлығы туралы құжаттың болуы (байқаудан өткізуші курстары).
      2. Тұқым сарапшыларына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
      1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі болуы;
      2) тұқым мен отырғызу материалының сапасын сараптау бойынша зертханада жұмыс істеуі немесе тағылымдамадан өтуі туралы (2 айдан кем емес) құжаттың болуы.

«Байқаудан өткізушілерді және


тұқым сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері  

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Кейінгі жылы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты өткізген сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)

 

 

 

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің 1 сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің көрсету тәртібі туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

 

 

 

3.2. Электронды форматта қол жетімді ақпарат қызметінің % (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

 

 

 

«Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау»

Аудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау мемлекеттік қызметін (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың

90.25kb.

15 10 2014
1 стр.


Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысына

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

227.02kb.

15 10 2014
1 стр.


«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау»

Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» регламентінде (әрі қарай Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады

111.98kb.

05 09 2014
1 стр.


Регламенті Негiзгi ұғымдар

Осы «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»

228.17kb.

25 12 2014
1 стр.


«Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Лықтары республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орталықтары (бұдан әрі ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық о

747.57kb.

14 12 2014
3 стр.


«Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті

Мемлекеттік қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – сараптамалық ұйым) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді

72.95kb.

25 12 2014
1 стр.


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Гі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлек

739.32kb.

25 12 2014
3 стр.


«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі

Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың

455.88kb.

13 10 2014
4 стр.