Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы




CИЛЛАБУС

PSZ3231 «Стоматологиялық аурулардың алдын алуы»

051302 «Стоматология» мамандығына арналған


Оқу сағат саны: 162

Курсы: 3


Семестр: 5

Қарағанды 2013ж.

Силлабус 051302 «Стоматология» мамандығы үшін 22.06.2012ж. PSZ3231 Стоматологиялық аурулардың алдын алу пәні бойынша жұмыс бағдарламасына негізделіп құрастырылды

Силлабус кафедра отырысында қаралды және бекітілді

29.08. 2013ж. Хаттама№ 1

Кафедра меңгерушісі, доцент _____________ Тулеутаева С.Т.


Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Тулеутаева Светлана Толеуовна, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санаттағы балалар дәрігер стоматологы. Педагогикалық жұмыс өтілі 19 жыл. Клиникалық жұмыс өтілі 21 жыл. Дәрістерді орыс тілінде оқиды. Телефон 42-52-67.

Ғылыми қызығушылығы: негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алуы мен емдеу әдістерін талдау және ендіру.

Ғылыми мектебі: «Применение индукторов интерферона в лечении рецидивирующего герпеса полости рта» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын А.С.Асфендияров атындағы КазММУ диссертационды кенесінде қорғады (2001), мамандығы «Стоматология» 14.00.21. Ғылыми жетекшілері: АГИУВ терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Мергембаева Х.С., гигиена және эпидемиология ҰО вирусқа қарсы препараттар лабораториясының жетекшісі, м.ғ.д., профессор Аспетов Р.Ж., вирусолог.

оқытушылар:



ассистент: Каспакова Лязат Аблановна, бірінші санаттағы балалар дәрігер стоматологы. Педагогикалық жұмыс өтілі 11 жыл, клиникалық жұмыс өтілі 19 жыл. Дәрісті мемлекеттік тілде оқиды. Телефон 42-52-67.

Ғылыми қызығушылығы: балалардың тіс жегілерінің алдын алу



ассистент Жармагамбетова Адина Габитжановна, ассистент-стажер, 2 оқу жылының магистранты. Тәжірибелік сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Телефон: 42-52-67. Ғылыми қызығушылығы: тіс-жақ жүйесінің ауытқулары мен бұзылыстарын емдеуді жетілдіру.

ассистент Куйкенова Дана Абдуллаевна, ассистент-стажер, ғылым магистрі. Тәжірибелік сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Телефон: 42-52-67. Ғылыми қызығушылығы: балаларда стоматологиялық аурулардың алдын алу

Байланысу ақпараты: ҚММУ стоматологиялық клиникасы, Алалыкин көшесі 14 - № 1, 34, 43 автобустармен; № 13,28,06,30 маршрутты таксилармен «Ерубаев көшесі» аялдамасына дейін жетуге болады.

Пәннің саясаты: балалар жасындағы стоматология кафедрасының оқу бағдарламасына және «Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже», «Ішкі еңбек тәртібінің ережесіне» сәйкес талаптары:

  • міндетті оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспары мен бағдарламаларда қарастырылған барлық тапсырмалардың түрлерін белгіленген мерзімінде орындауға

  • таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімдерді және практикалық машықтарды жүйелі түрде және терең меңгеруге

  • Университеттің және студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережесін сақтауға

  • дәрістер мен практикалық сабақтарда ұқыпты, тиянақты кейіпте болу

  • ҚММУ ПОҚ-на, қызметкерлеріне, студенттері мен колледж оқушыларына сыпайы қарым-қатынас көрсетуге

  • ғылыми және саяси білімдерді насихаттауға, сонымен қатар, Университетің тұрғындар арасында өткізген қоғамдық іс-шараларына қатысуға

Стоматологиялық аурулардың алдын алуы бойынша қорытынды бақылауға материалды толық игерген және қарыздары мен сабақты босатулары жоқ студенттер жіберіледі.

Білімі «Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ережесіне» негізделе отырып бағаланады.

Кафедра базасында стоматологиялық аурулардың алдын алуы бойынша студенттердің өзекті сұрақтарды меңгеруін және ҚММУ жас ғалымдардың жыл сайынғы конференциясына ғылыми жұмыстарды дайындауды қамтамасыз ететін студенттердің ғылыми отырысы ұйымдастырылған

Кіріспе.

Тұрғындардың негізгі стоматологиялық аурулармен сырқаттануы мен таралуының жоғары белсенділікте болуы, стоматологияда алдын алу мәселесін аса өзекті және маңызды етіп отыр. Стоматологиядағы профилактикалық бағыт мықты ғылыми негізге сүйенеді. Оның негізінде негізгі стоматологиялық аурулардың этиологиясы және патогенезі жатыр. Бұл пән болашақ мамандардың назарын біріншілік алдын алуға аударуға бағыттайды. Оған әлеуметтік, медициналық, гигиеналық және тәрбиелік шаралар жүйесі жатады. Ол денсаулық сақтаудың жоғарғы деңгейде болуына және пайда болу себебін жою жолдары арқылы аурулардың алдын-алуға бағытталады. Біріншілік профилактика міндеттері стоматологияның негізгі құрам бөлігі болып табылады. Болашақ стоматолог профилактикалық шаралар жүйесін жүргізе білуге міндетті.



Пәннің мақсаты.

Әр жастағы тұрғындар арасында негізгі стоматологиялық аурулардың профилактикасын жүргізгенде студенттердің теориялық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.



Пәннің міндеттері:

  • балаларға профилактикалық қарауды және эпидемиялық стоматологиялық тексеруді жүргізуді үйрету;

  • стоматологиялық ауруларды анықтауға үйрету және осы ауруларға әкелетін қауіпті факторларын жою;

  • жеке және топтық деңгейде әр жастағы тұрғындар арасында профилактикалық шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге үйрету;

  • тұрғындарды стоматологиялық денсаулықты сақтауға үйрету және стоматологиялық ағарту әдістеріне үйрету.

Студент міндетті:

Білуі:

  • алдын-алу бөлімінде науқастарды тексерудің тәртібін және әдістерін;

  • тістердің қатты тіндерінің, пародонт тіндерінің, ауыз қуысының тазалық жағдайын бағалау критерийлері;

  • тұрғындарға стоматологиялық эпидемиологиялық тексеруді жүргізу принциптері, оның мақсаты, міндеті, әдістері;

  • негізгі стоматологиялық аурулардың пайда болу себептері және қауіп-қатер факторлары;

  • стоматологиялық аурулар профилактикасында ауыз қуысы тазалығының ролі, ауыз қуысын күтуге арналған заттар және қойылатын талаптар, әр жастағы балалардың тазалық тәрбиесінің ерекшеліктері;

  • негізгі стоматологиялық аурулардың алдын-алу әдістері;

  • стоматологиялық білім берудің мақсаты, әдістері, әр жастағы балалар, тұрғындар арасында жүргізу ерекшеліктері;

  • тұрғындарды стоматологта диспансеризациялау принциптері, ауыз қуысының жоспарлы санациясын жүргізудің ұйымдасқан түрлері;

  • әр жастағы балалар арасында стоматологиялық аурулар профилактикасы бағдарламасының тиімділігін жоспарлау, енгізу және бағалау;

Істей білуі:

  • балалар мен үлкендерге профилактикалық тексеру жүргізе білу;

  • тістің қатты тіндері, пародонт, ауыз қуысы гигиенасы жағдайын тіркей білу;

  • балалар мен үлкендерді ауыз қуысын гигиеналық күту ережелеріне және гигиеналық заттарды жеке таңдай білуге үйрету;

  • науқасқа жеке гигиена сақтау заттарын таңдап білуге үйрету;

  • негізгі стоматологиялық аурулардың қауіпті факторларын анықтау;

  • негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдістері мен заттарын жеке және топтық деңгейде қолдану;

  • стоматологиялық аурулардың пайда болуы және алдын-алу сұрақтары бойынша стоматологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Дағдыларды меңгеруге тиісті:

  • КП, КПЖ, КПЖ+ кп индекстерін анықтау;

  • Грин- Вермильон және Федоров – Володкина әдісі бойынша гигиеналық индекстерді анықтау;

  • РМА, КПИ, ПИ индекстерін анықтау;

  • тістерді таңдамалы егеу;

  • қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс қақтарын тазалау әдістері;

  • тістерді фторлакпен жабу;

  • фиссураларды мөрлеу.

Оқытудың соңғы қорытындысы:

Дескрипторлар

Білім берудің қорытынды нәтижелері

Компетенциялар*

А

Сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу

Алдын-алу бөлімінде науқастарды тексерудің тәртібін және әдістерін қысқаша түсіндіру

1,3,4,6,7,8

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу

Жеке және топтық деңгейде негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдістері мен заттарын таңдау

1,3,4,6,7,8

С

Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу

Тұрғындар арасында санитарлы-ағарту жұмысын және салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізуді сараптау және бағалау

1,3,4,6,7,8

D

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру

Балалардың негізгі стоматологиялық ауруларының алдын алуын жүргізу бойынша ақпараттарды жинақтай алу

1,3,4,6,7,8




Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау

Студенттерге/оқытушыларға/емтихан алушыларға балалардың стоматологиялық аурулардың алдын алу бойынша өзінің білімі мен істей алуын жеткізе алу

1,3,4,6,7,8

Алғы реквизиттер: Патологиялық анатомия – 3 курс. Тақырыбы: Тіс, ауыз қуысының шырышты қабығы, жақтар мен бет ұлпасы ауруларының патологиялық анатомиясы;

Патологиялық физиология – 3 курс. Тақырыбы: Патология жағдайындағы организмнің патологиядағы реактивтілік рөлі, тұқым қуалаудың рөлі;

Эпидемиология – 2 курс. Тақырыбы: Клиникалық эпидемиология дәлелді медицинаның негізгі ретіндегі бірден-бір пән;

Коммуникативтік дағдылар – 1 курс. Тақырыбы: Сырқатпен дұрыс қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін дәрігердің жеке қасиеті.



Кейінгі реквизиттер: Терапевтік стоматологияның пропедевтикасы – 4 курс. Тақырыбы: Стоматологиялық бөлмені ұйымдастыру, оның жабдықтары;

Хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы – 4 курс. Тақырыбы: Хирургиялық стоматологияда сырқаттарды тексеріп қараудың ерекшеліктері;

Ортопедиялық стоматологияның пропедевтикасы – 4 курс. Тақырыбы: Тіс-жақ сүйегінің аурулары бар сырқаттарды клиникада тексеріп қарау;

Бала жасындағы стоматология мен ортодонтия пропедевтикасы – 4 курс. Тақырыбы: Мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердегі стоматологиялық бөлмеде істейтін стоматолог-дәрігердің балаларға қызмет көрсету ерекшеліктері.



Пәннің қысқаша мазмұны: дәрігер-стоматолог стоматологта балалар тұрғындарын диспансерлеуді ұйымдастырудың жанаша қағидаларын меңгере білуі, балалардағы негізгі стоматологиялық ауруларды және балалардағы ауытқулар мен бұзылыстарды емдік-профилактикалық ұйымдастыра білуі және ұйымдастырылған бала тұрғындарының ауыз қуысын сауықтыруды жоспарлы және қаралуына байланысты жүргізе білуі қажет

Тақырыптық жоспар

Дәріс тақырыбының жоспары:





Тақырыптың аталуы

өткізу түрі

сағаты

компетенттілік

1

Мамандыққа кіріспе. Балаларда стоматологиялық аурулардың алдын алу.

проблемалық

1

1,3,4

2

Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы. ДДҰ бойынша және дүниежүзінің әр елдеріндегі халыққа көрсетер негізгі стоматологиялық қызметінің үлгісі.

проблемалық




1,3,4

3

Емхананың профилактикалық бөлімшесінде тексеру жүргізу. Тұрғын халықтың диспансеризациясы

проблемалық

1

1,3,4

4

Балалардағы тісжегінің эпидемиологиясы.

проблемалық

1

1,3,4

5

Балалардағы пародонт ауруларының және басқа стоматологиялық ауруларының эпидемиологиясы.

проблемалық

1

1,3,4

6

Балаларда стоматологиялық ауруларды алдын алуды ендіруді ұйымдастыру негіздері.

проблемалық

1

1,3,4

7

Ауыз қуысы тазалығы.

проблемалық

1

1,3,4

8

Балаларды тазалыққа тәрбиелеу

проблемалық

1

1,3,4

9

Кіреукенің тісжегіге бейімділігі. Ауыз қуысындағы тісжегілік жағдай.

проблемалық

1

1,3,4

10

Тісжегінің дамуына әкелетін қауіпті факторлар.

проблемалық

1

1,3,4

11

Тісжегінің алдын алу және болжау. Тісжегінің асқынуларының алдын алу

проблемалық

1

1,3,4

12

Тісжегіге жатпайтын тіс бұзылуларының алдын алу.

проблемалық

1

1,3,4

13

Стоматологиялық аурулардың антенаталдық профилактикасы.

проблемалық

1

1,3,4

14

Балалардың пародонт ауруларына әкелетін қауіпті факторлар

проблемалық

1

1,3,4

15

Балалардың тіс-жақ ауытқуларына әкелетін қауіпті факторлар

проблемалық

1

1,3,4

16

Балалардың пародонт ауруларының алдын алу

проблемалық

1

1,3,4

17

Балалардың тіс-жақ ауытқуларының алдын алу

проблемалық

1

1,3,4

18

Стоматологиялық ағарту. Талдау, енгізу және профилактика бағдарламасының тиімділігін бағалау принциптері.

проблемалық

1

1,3,4




БАРЛЫҒЫ




18



Тәжірибелік сабақтар тақырыбының жоспары:



п/п


Сабақ тақырыбының аты

Сағ.

саны


1.

Емханадағы алдын-алу бөлімінде науқасты тексеру. Тексеру әдістері мен реті. Стоматологиялық науқастың медициналық картасы.

6

2.

Балаларда тісжегінің таралуын және белсенділігін анықтау /кп, КПЖ+ кп, КПЖ индекстері/. Тісжегінің өсімі мен редукциясы көрсеткіштерін есептеу. 6, 12, 15 жастағы мектеп оқушылары арасында тісжегінің таралуы және белсенділігі көрсеткіштерін анықтау /кп, КПЖ, КПЖ+кп индекстері/.

6

3.

Балаларда пародонт тіндерінің жағдайын CPITN, РМА, КПИ, ПИ және т.б. индекстерінің көмегімен анықтау. 15 жастағы оқушылар арасында пародонт ауруларының таралуы және белсенділігі көрсеткіштерін /СРIТN, РМА, КПИ индекстерімен/ анықтау.

4




Бөлім бойынша қорытынды сабақ

2

4.

Ауыз қуысының тазалағын сақтауда қолданалатын заттар мен құралдар. Ауыз қуысының жеке гигиена заттары.

6

5.

Федоров-Володкина, Грин-Вермиллион және т.б. гигиеналық индекстерін анықтау әдістері.

6

6.

Тіс тазалау әдістері /“Fones” , “Bass”, “Leonard”, стандартты әдіс/. Тіс тазалау түрлері: жеке, бақылау және кәсіби.

4




Бөлім бойынша қорытынды сабақ

2

7.

Тісжегіні алдын алу үшін фторидтерді экзогенді қолдану: фторы бар лактар, гелдер, жағуға және шайқауға арналған ерітінділер. Көрсеткіштер, кері көрсеткіштер, орындау техникасы, тиімділігі.

6

8.

Тістердің фиссулары мен соқыр шұңқырларын мөрлеу тәсілдері.

Материлдар, көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, әдістері, тиімділігі.



6

9.

Балаларда пародонт ауруларының жергілікті қауіпті факторларын анықтау және оларды жою әдістері.Қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс қақтарын тазалау әдістері. Пародонт ауруларының бастапқы көріністері бар 15 жастағы оқушыларда қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс қақтарын алу.

6

10.

Тіс-жақ ауытқуларының дамуына әсер ететін қауіпті факторларды анықтау әдістемесі және оларды жою. Окклюзиограмманы анықтау әдістері және тістерді таңдамалы егеу. Мектеп оқушыларында тістерді таңдамалы егеу және тістердің шамадан тыс түйісулерін жою. Балаларда окклюзиограмманы анықтау.

4




Бөлім бойынша қорытынды сабақ

2

11.

Дәрігер-стоматологтың ұйымдасқан ұжымдарында профилактикалық қабылдауда жұмыс орнын дайындау (дез. режимді бақылау, аспаптар және құралдар).

6

12.

Ұйымдасқан балалар мекемелерінде «денсаулық сабағын» өткізу. Стоматологиялық ағартуға көрнекі материалдарды дайындау. Оқушыларда тазалық индекстерін анықтау. Тіс тазалау тәсілдерін үйрету. 6-7 жастағы мектеп оқушылары арасында тістерін бақылап тазалау тәсілдерін орындау.

6

13.

Балаларда негізгі стоматологиялық ауруларының алдын алу үшін белсенділігі төмен лазер сәулесін қолдану.

6

14.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау /ДДҰ/ ұйымының профилактикалық карталары, толтыру және емдік профилактикалық шараларды қажет етуін анықтау. Балалар арасында стоматологиялық аурулардың алдын алудың кешенді бағдармасын құру Бағдарламаның тиімділігін, жиілігін бағалаудың критерийлері және стоматологиялық ауруларды болжау.

6

15.

Тісжегісі және пародонт ауруларын алдын алу мақсатымен диспансерлік топтар құру.

3




Бөлім бойынша қорытынды сабақ

2




Қорытынды бақылау

1




БАРЛЫЃЫ:

90

Кеңес беру уақыты: кафедрада барлық қажетті сұрақтар бойынша студенттердің кеңес алуға мүмкіндігі бар, кеңесті Жармагамбетова А.Г., Куйкенова Д.А.жүргізеді. Кеңестер әр аптаның сенбі күндері 9.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі, қорытынды кеңес №15 тәжірибелік сабақта жүргізіледі.

Межелік бақылау уақыты:

мамандығы

курс/поток/группа

пәні

апта/күні

уақыты

051302 Стоматология

3/1/301-302

Стоматологиялық аурулардың алдын алу

14/04.12.13

15/13.12.13



12.30-13.30

12.30-13.30




051302 Стоматология

3/2/303-304

Стоматологиялық аурулардың алдын алу

9/28.10.13

10/06.11.13



12.30-13.30

12.30-13.30




051302 Стоматология

3/3/305-306

Стоматологиялық аурулардың алдын алу

6/07.10.13

7/16.10.13



12.30-13.30

12.30-13.30




051302 Стоматология

3/3/307-308

Стоматологиялық аурулардың алдын алу

17/25.12.13

18/03.01.13



12.30-13.30

12.30-13.30




Қорытынды бақылау уақыты: оқу процессін жоспарлау бөлімінің кестесі бойынша оқу жылының аяғында емтихан

Оқушылардың өзіндік жұмысында арналған тапсырмалар

СӨЖ тақырыбының жоспары:



Тақырыптың аталуы

орындалу түрі

сағаты

компетенттілік

1

Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен

құрамы, оның тіс кіреукесінің жетілуі үрдісіндегі

ролі, ре- және деминерализация.


реферат дайындау

3

1,3,4,6,8

2

Тісжегімен және пародонттың қабыну ауруларының патогенетиялық даму механизмі. Балалардың

стоматологиялық ауруларының антенаталдық алдын алуы



әдебиеттермен, электронды жүйелермен және Интернетте жұмыс істеу

6

1,3,4,6,8

3

Пародонттың қызметі және құрылысы. Пародонттың

қабыну ауруларының даму механизмі



презентация

6

1,3,4,6,8

4

Ауыз қуысының тазалық жағдайын бағалау,

стоматологиялық ауруларының таралуы мен белсенділігі.

Ауыз қуысының тазалық жағдайын бағалау критерийлері


әдебиеттермен, электронды жүйелермен және Интернетте жұмыс істеу

6

1,3,4,6,8

5

Тісжегінің таралуы мен белсенділігін бағалау.

Пародонт тіндерінің зақымдалу белсенділігі мен

таралуын бағалау


студент талдаған клиникалық есеп бойынша тестілік тапсырмалар құру

6

1,3,4,6,8

6

Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік алдын

алу әдістері. Ерте жастағы балалар тісжегісінің

алдын алу бағдарламасы. Тұрақты тістер шығу

мезгіліндегі тісжегінің алдын алу.



жоба әдісі

6

1,3,4,6,8

7

Ауыз қуысының жеке басының тазалығы. Ауыз

қуысының кәсіби тазалығы



студент талдаған клиникалық есеп бойынша тестілік тапсырмалар құру

6

1,3,4,6,8

8

Амбулаторлы стоматологиялық кірісулерде науқастардың

ауырсынуы мен стресстік жағдайының алдын алу



әдебиеттермен, электронды жүйелермен және Интернетте жұмыс істеу

3

1,3,4,6,8

9

Дербес және топтық деңгейдегі алдын алу

бағдарламасының мақсатын, міндетін, заттары мен

әдістерін талдау. Әрбір жас тұрғындар топтарына

байланысты алдын алу шараларының ерекшеліктері.



әдебиеттермен, электронды жүйелермен және Интернетте жұмыс істеу

6

1,3,4,6,8

10

Жүкті әйелдерге арналған стоматологиялық аурулардың

алдын алу бағдарламасы. Балалардың жасына және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты

стоматологиялық аурулардың алдын алу


әдебиеттермен, электронды жүйелермен және Интернетте жұмыс істеу

6

1,3,4,6,8




БАРЛЫҒЫ




54







апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

СӨЖ бойынша тақырыптар №

























1

2

3

4

5

6

7-8

9-10








Әдебиеттер:

Орыс тілінде

негізгі

1. Алдашева М.А. Профилактика основных стоматологических заболеваний у

детей.- Алматы, 2004.- 143 с.

2. Курякина Н.В., Савельева Н.А. Стоматология профилактическая.- Москва,

Медицинская книга, Н. Новгород. Издательство НГМА 2005.- 283 с.

қосымша:

1. Кабулбеков А.А. Регионарная профилактика кариеса.- Алматы, 1992.- 110 с.

2. Мукаш Ж.К., Негаметзянов Г.М. Индивидуальная профилактика кариеса зубов у детей. – Алматы, 2003.- 133 с.

3. Пахомов Г.Н. Первичная профилактика в стоматологии.- М., Медицина 1982.- 240 с.

4.Супиев Т.К. и др. Диспансеризация детей у стоматолога в современных условиях (методические рекомендации).- Алматы, 1996.- 18 с

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Қабылбеков Ә.Ә., Есенкұлова О.Ш., Жұмаділаев Ж.Н. Ауыз қуысындағы жиі кездесетін аурулардан алдын ала сақтану. Алматы, 1996.- 61 б.



қосымша:

1. Ш.Ш. Абралина, Ғ.С. Абылкаирова. Балаларда тісжегінің дамуына әкелетін қауіпті факторлар. Біріншілік профилактика және тісжегіні болжау. Семей, 2006- 22 б.



Ағылшын тілінде

негізгі:

  1. DMFT levels at 12 years. 1995. Oral Health Programme. Word Health Organization. WHO/ ORH/95.2

  2. Marthaler T.M. Mullane D.M/ et al. The Prevakence of Dental caries in Europe 1990-1995. ORCA 1995. Simposium Report. Caries Res. 1996.- V.30.-P.237-255.

қосымша:

  1. Murray J.J. Rugg-Gunn A.J. Jenkins G.N. Fluorides in caries prevention.- Oxford, Wrigh, 1991.

  2. The World Health Organization.Regional Office for Europe. Continuous Quality of care development. The model of Oral Health care. Draft, February, 1999.

Сабақты үйрету және оқыту әдістері

Дәрістер: проблемалық

Тәжірибелік сабақ: командалық бағытпен оқыту (TBL), проблеманы шешуге арналған оқыту (PBL), клиникалық жағдайға негізделген оқыту (CBL); жағдайлық есептер, сабақта жұмыс істеу, оқулықтармен жұмыс істеу, жағдайлық есептерді шешу, практикалық сабақтардың жеке сұрақтарын тереңдеп оқыту, барлық сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу, тестілеу; ОКО муляждар, манкендер, фантомдарды қолданып дағдыларды игеру.

Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ): жобалау бағытымен оқыту (PrBL); реферат дайындау, студент талдаған клиникалық есеп бойынша тестілік тапсырмалар құру өзіндік жұмыс тақырыптарын талқылау, барлық сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу; Интернетте электронды базалармен жұмыс істеу.

Баға шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сан-дық эквивалент

% көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Межелік бақылаудың бағдарламасы:



  1. Балалардағы стоматологиялық аурулардың дамуындағы сілекейдің орны. Тамаққа баланс жасау қағидалары. Тісжегінің алдын алуындағы фтордың ролі. Тісжегінің, пародонт ауруларының, тістердің тісжегіге жатпайтын бұзылуын, тіс-жақ ауытқуын дамытатын қауып-қатер факторлары. Ас суын фторлау әдістері. Кіреукенің пісіп жетілуі.

  2. Балаларды тазалыққа оқыту және тәрбиелеу. Ауыз қуысының тазалығы. Тазалық ағарту жұмыстары – стоматологиялық аурулардан алдын ала сақтану шараларына бейімделген комплексті жыйнақталған әдіс.

  3. Жүкті, емізулі аналар мен әке-шешелерді ауыз қуысының тазалығына үйрету.

  4. Флюороз бен гипоплазия ауруларының шығуындағы қауіпті факторлар. Ауру шығуындағы қауіпті кезеңдер. Судың фторын азайту әдістері.

  5. Шайнау, жұтыну, дем алу, сөйлеу функцияларының қызметін қалыпты жағдайда және патологиясында анықтау әдістері.

  6. Балалардың бет-жақ ақауларына қарсы профилактиканың қағидалары.

  7. Стоматологиялық аурулардың профилактикасындағы ауыз қуысын сауықтырудың маңызы. Стоматолог пен педиатрдың санитарлық-эпидемиялық және ағарту мекемелерінің қызметкерлерімен жұмыс істеу қағидалары.

  8. Тістердің қатты тіндерінің тісжегісіз зақымдануларынан алдын ала сақтану

  9. Пародонт ауруларынан алдын ала сақтану

  10. Стоматологиялық аурулардан зардап шеккен балалар үшін жүргізілетін емдік физкультураның, массаждың негізі туралы

Қорытынды бақылаудың бағдарламасы:



    1. Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы

    2. Кіреукенің тісжегіге төзімділігі. Ауыз қуысының тісжегілі жағдайы

    3. Тісжегінің алдын алу

    4. Кіреукенің ошақты деминерализациясы

    5. Ауыз қуысының санациясы

    6. Тістердің қатты тіндерінің тісжегісіз зақымдануларынан алдын ала сақтану

    7. Пародонт ауруларынан алдын ала сақтану

    8. Тіс-жақ ауытқуларынан алдын ала сақтану

    9. Ауыз қуысының тазалығы. Тұрғындарды тазалыққа тәрбиелеу

    10. Балаларда стоматологиялық аурулардың антенатальды профилактикасы

    11. Стоматологиялық ағарту

    12. Алдын алу бағдарламаларын даярлау, талдау, енгізу және тиімділігін бағалау принциптері

Cиллабус psz3231 «Стоматологиялық аурулардың алдын алуы»

Кафедра меңгерушісі: Тулеутаева Светлана Толеуовна, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санаттағы балалар дәрігер стоматологы. Педагогикалық жұмыс өтілі 19 жыл. Клиникалық жұм

253.18kb.

12 10 2014
1 стр.


2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх

Тақырыбы: «Стоматологиялық емхана жағдайында балаларға жергілікті және жалпы анестезиядан кейін мүмкін болатын асқынулардың алдын алуы мен емдеуі»

44.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Тақырыбы: Менингококцемия. Пән: Балалардағы жұқпалы аурулардың алдын-алу Мамандығы 0511025, «Қоғамдық денсаулықсақтау»

Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар

83.2kb.

09 09 2014
1 стр.


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Тақырып 1: Протозойлы аурулардың лабораториялық диагностикасы және алдын алу. Саркодтылар класы. Талшықтылар класы

160.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау Тақырып: Халі ауыр науқастарды күту. Терінің ойылып қалған жарасының алдын-алуы. Мамандығы «Жалпы медицина»

МУ«Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

53.18kb.

14 09 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007ж. 14 маусым Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Стоматологиялық клиникасы, терапия бөлімін ұйымдастыру және құрылымы. Стоматологиялық терапиялық кабинеті. Құрал – жабдықтар, жабдықталауы, жұмыс орның ұйымдастырудың эргономикалық

54.52kb.

14 09 2014
1 стр.


Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Анаэробты инфекцияның жіктелуі, қоздырғыштары. Патологиялық анатомия-лық өзгерістері. Клиникасы, емі, алдын алуы. Шірітуші инфекция, себептері, клиникасы, емі

64.64kb.

12 10 2014
1 стр.


ҚР Ұко тiркеу куәлiгін алу жөніндегі пайдаланушының басшылыққа алуы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»

Р Ұко тiркеу куәлiгін шығаруға өтінімді табысты беру үшiн дк алдын ала дайындауды жүзеге асыру қажет

84.51kb.

11 10 2014
1 стр.