Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan


емблема ену

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Международная научно-практическая конференция

«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
International science-practical conference

«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»

devoted to 7th winter Asian games



Астана қаласы – 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева




«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

МАТЕРИАЛДАРЫ

4-5 ақпан, 2011 жыл


«Современные проблемы физической культуры и спорта»

МАТЕРИАЛЫ

Международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

4-5 февраля 2011 года

Астана
УДК______

ББК______

Қ________

Бас редакторы/Главный редактор
Редакция алқасы/Редакционная коллегия
Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск
«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет

«Современные проблемы физической культуры и спорта»:

Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.



ISBN________________

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.

В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.

ISBN _________ УДК_____

Қ ____________ ББК__________

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011



ҒАСЫРДЫҢ ҒАЖАП САҢЛАҒЫ ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТБАСОВ ЖӘНЕ 2011 ЖЫЛДЫҢ БЕТАШАРЫ АҚ АЗИАДА
М.О. Макибай

Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасының

қызметкері, қажымұқантанушы
ХХ ғасыр саңлағы , Қазақ даласының батыры , төрткүл дүние таныған атақты балуан, цирк өнерінің жарық жұлдызы, қазақ театрын алғаш құрушылардың бірі бүкіл түркі дүниесінің қайталанбас мақтанышы, ақынжанды Қажымұқан Мұңайтбасовтың туғанына биыл 140 жыл толады. Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздардай жайсаң ерлері бар. Сондай мақтан ететін, өмір бойы қастерлеп өтетін тұлғаларымыздың бірі халқымыздың ұлы перзенті – Қажымұқан палуан. Оның есімі - мәңгі ұмытылмайтын, ұрпақтардан-ұрпаққа аңыз болып қалатын қасиетті есім.

Биылғы 2011 жылында Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы , Қазақ елінің тарихы түгілі , ТМД республикалары мен мұсылман елдерінің тұңғышы - Қазақстанның қос астаналары Астана мен Алматыда өтіп жатқан киелі 7 саны мен әйгіленген Қысқы Азия ойындары мен Қазақтың Қажымұқанынын 140 жылдық мерейлі жылы бір-бірімен тұстас келуде. Осындай мерейлі де, мерекелі жылы Қажымұқанның Отаны – Тәуелсіз Қазақстан үлкен серпіліс үстінде.

ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырлардың тоғысында қазақты әлемнің 24 елінің 56 қаласына танытқан тұңғыш алыптардың алыбы Мұқан, палуандық пен цирк өнерінде әлемге дара шыққанда қазақ елі басқа мемлекеттерге тәуелді еді.

Міне Тәуелсіздік алған небәрі 20 жылға толмайтын уақыт ішінде Қажымұқаннан дәл жарты - 70 жас кейін дүниеге келген бүгінгі заманның алыбы Тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оның туған жері – Астанасына әлемнің 56 мемлекеттінің басшылары мен делегациясын қабылдап , жаңа ХХI ғасырдың басында өзінің саралы нұрлы жолындағы, қайталанбас істерін, қайтпас қажырлықпен атқара жүріп, елін әлемнің өріне сүйреуде.

Елбасы-Н.Назарбаевтың дәл Азиада күндері қарсаңында өзінің 15 жылға толған жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, 1 күн өтсімен 30 қаңтарда елордадағы «Астан-Арена стадионында VII Қысқы Азия ойындарын салтанатты түрде ашқанда былай деді: « Спортта шекара жоқ, ол халықтарды біріктіреді. Биылғы Қазақстанда өтіп отырған Қысқы Азия ойындарының тарихында бірінші рет оның саны 27 елден асты....Қысқы Азия ойындарымен біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шаралармен бетін ашамыз», - деп бүкіл әлемге тағыда жар салды. Мұндай сөзді кешегі оқу-білім мен қажырлы еңбекті, спорт пен саясатты қатар ұстап небәрі 19-20 жасы шамасында кешегі СССР-дің құрамындағы, бүгінгі шетелдік Украинада қазақтың күрес өнерін насихаттап,оны жастықтың жалындаған қызулы кезеңінде пайдаланып, қазақты сыйлату арқылы , оны құрметтеуді жанындағы әр түрлі ұлт өкілдеріндегі достарын біріктірген кешегі жұмысшы-студент, бүгінгі Президент Назарбаев қана айта алады.

Еуразия төрінде ЕЫҚҰ төбе би болып , абройлы іс атқарған Тәуелсіз

Қазақстанның осы бір 2010 жылы ерекше жыл болса, міне небәрі 1 жарым айдан соң, ұлы тұлғалы Қажымұқан бабаның өмір бойы елінде спорт нысандары мен онда дайындалатын елдің ертеңі болатын ізбасарларын дайындату арманы орындалды. Жүрген жерлерінде түрлі жайлар салып, онда қазақ күрес өнері мен циркті дамыта отырып, қазақтың сол кездегі өнер жұлдвздарының басын қосып көшпелі театрлар мен өнер ұжымдарын орналастыруға жалғыз өзі тырысқан... Бірақ оның соңы кейбірі маңызсыз той-домалақпен, күні бойыі аста төк тамақ ішумен уақыттарын бос өткізгуге жұмсалғанын көріп, ештеңе айтпай сол жерлерден дереу көшіп кетіп отырған..Ұлы күш иесі білімінің жоқтығынан орыс достары Иван Подубный,Иван Лебедев сияқты әлемдік спорт кешендерін сала алмағанына , өз арман-мақсатын сауатсыз халқына түсіндіре алмағанына іштей өкініп өткен екен. Оның жартылай орындалған арманын шәкірті , ізбасар палуан Икен ақсақал жиі айтушы еді. Осы Азиадада білімділік пен біліктілік , көрегендік пен әлемдік тәжірибені қазақтың өзіндік биік деңгейіне ұштастыру арқылы өнері мен тарихын мойындата білген жас Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі басшылығы бар мүмкіндікті пайдаланды. Аялы қамқорлықты сезінген еліміздің дүбірлі додадағы спортшылары қазақтың рухын аспандатып еліміздің абыройын одан әрі асқақтатты. Осындай жарқын күндердің әр күнін өз көзімізбен көріп күә болған біздер, Қазақстан төріндегі , дәл 1 күннен соң жүлделі Ақ Азияда тарихында болмаған үлкен жеңіс 1 –ші орынды алатын жарқын күн болады деп нық сеніммен айта аламыз. Еуразияның жүрегінде орналасқан ел ортасындағы елорада атанған – елімізге ертеңі мен зиялы қауымына рухани дем беруші ЕҰУ-інде өтіп жатқан кеше мен бүгінгі 5 ақпанда жалғасқан осы халықаралық конференцияның өтіп жатқанда,осы жылдардағы тыңғылықты дайындықтың жұлдызды сәттерінің әйгіленгені, ел болашағы бүгінгі жастардың рухтарын биіктете отырып, бірлік пен үндестікке толы істердің айшықты айғағы... 2008 жылы қазақтың маңдайына біткен, спорттың бірнеше түрін меңгеріп жас басшыларға , үлгі өнеге көрсетіп жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пекин олимпиадасының алауын өзі тұтатып 200 метр қашықтыққа жүгіріп, әлемде болмаған істің бастауын көрсеткен болатын. Осы істің жалғасын биыл Қазақстанның әр облыстарынан 60-100 деген алаушылар эстафетасы оны көруге тамашалаған мыңдаған халық, қатысып алаудың жалынан жүректеріне от алып жігерлілік пен бір-біріне деген жылылықты орнықтырды. Олардың ішінде спортшылар мен қатар 90 жастағы жастардың сүйікті жазушысы Әзілхан Нұршаихоа , Ұлы актер Асанәлі Әшімов Еуразия Университетінің ректоры болған құрметті профессоры,тәуелсіздікті тұғырландырған түрколог-ғалым Мырзатай Жолдасбековтер т.б бар . Бұл жаңалықты Азияда және Халықаралық олимпиада комитеттері төрағалары таңданыс пен өз көздері мен қөріп, жоғары дәрежеде өтіп жатқанына таңданыспен жоғары баға беріп 2022, жылғы олимпиада өткізуге сіздердің мүмкіндіктеріңіз бар деді. Айтқандары келсін!

Осындай еліміздің рухы көтерілген тұста қазақ спортының негізін сапған

Қажымұқан Мұңайтбасовтың аңызға толы өмірінің жастық шағының сәулелі сәттерін, ұлылық жолын бүгінгі рухы биік жастарға өнеге үлгі боларлықтай еске түсіріп отыру , замана талабы, ғасырлар еншісінде. Аты аңызға айналған ардагер палуа Мұқан /Қажымүқан /Мұңайтбасұлы 1871жылы 31 наурызда Ақмола облысы бұрынғы Сарытерек болысына қарасты Құрама атты шағын 7 ауылдан тұрған елді мекеннің Қоскөл деген жерінде дүниеге келген. Анасынан туысымен айрылып туа жетім атанған,туған әжесі Айсара мен әкесі Мұңайтбастың аялы қамқорлығында өскенімен туғанынан алып туған бала жетімдік пен жоқшылықты көп көреді. Оның досы Жүсіп Әлібекұлы осы Қоскөл-Құрама ауылында 1867 жылы 1 желтоқсанында туған. Ұзын Қыпшақ руынан, Мұқан атамен 4-ші атадан туысады..Ол туралы 2 атадан тікелей Қажыатаның туысы Сейітұлы Мұқаш атамыз бен палуанның күрестегі шәкірті болған жергілікті палуан Төлеуліұлы Икен ата, ауылдың шәжірелі ақсақалдары мен ардақты әжелер мен аналар Оспан Әбжанұлы,Орынбек Рәшұлы; Гүлшат пен Сарқыт Жүсіпқыздары көп естелік айтушы еді. Сары Оспан аталған Оспан Әбжанұлын ауылдың адамдары ел, ауыл тарихы мен жерлестерінің туған күндері мен басқа даталарды жатқа білгендіктен «Датке» атанып кеткен . Оспан-Датке ақсақал: «Мұқан мен Жүсіп жетімектер еді. Арғы аталары батырлар болғанымен кейінгі балалық, жастық шақтарың кезеңдері ,нағыз тақыр кедейлікпен өтті. Ауылдағы Жұрқа мен Қарбіке байлардың отымен кіріп күлімен шығып жалданып, тойып жейтін нандары үшін, балаға тән емес қиын жұмыстарды атқарып өмір кешті.Біздер оларды менсінбейтінбіз. Бірақ олар ештеңеден арланған жоқ, қайта тарихи қиссаларды жатқа айтып,түрлі ойын сауықтарда өнерлерімен, ерекшеленіп, көзге түсіп жүретін. Жастайынан қолы қысқа болсада барын ешкімнен аямайтын, дархан өнегесін атақты болған кезінде де, ашаршылық кезеңдерінде де танытып , бір мінезділікпен еш өзгерместен өмір кешті.Бір күні ауыл балалары Есіл өзенінің төменгі тұсында 2-3 тонна ауыр тас тұрған жерге келеді. Жүсіп аталарың, егер кімде-кім. осы тасты жардың жоғарысына шығарс, ауылдың нағыз батыры атанады дейді. Жиналғандардың 5-6-дан, 10 шақты болып бірге қосылып қанша мықшыңдағандарынан қозғалта алмай, түк шықпайды.Болып жатқан жағдайды бәрін бақылап, бағдарлап өзер тұрған Мұқан ең соңында жалғыз өзі қозғалтып, ауыл көрініп тұрған жарға- яғни төбенің тұсына шығарады..Ол кездегі Мұқанның жасы не бәрі 12-де ақ екен. Сөйтсек кейін білдік, ол әкесі Мұңайтпастың тапсырмасымен кішкене туған бұзауды өгіз болғанға дейін күнде көтеріп үй тәжірибесіндегі әдетін, ауыл сыртына да қолданып ешкімге білдіртпей таң біліне басталғаннан таң атқанға дейін жылжыту жолында , күнделікті қазырғы денені шынықтырғандай сияқты жаттығулар жүргізеді екен.

....Содан бастап оның күштілігі мен төзімділігі, мықтылығы мен сабырлылығы мойындалып беделі өсе түседі, жан-жаққа, сыртқы ауылдарға « батыр бала , күшті бала» атана бастайды. Жүсіп Әлібекұлы екеуі бір-бірінен ажырамаған, ағалы –інідей туыс, айнымас дос болды. Тіпті бір қызға да ғашық болды. Бозбала кезден сүйген қызы текті жерден шыққан Балтабайдың қызы Бәтима Жүсіп досына тұрмысқа шықты..Оның атын мәңгі жүрегінен орын беріп.,Қажыатамыз қанша ғашық болсада 1918 жылдың қыркүйегінде 51 жасында 7 баламен жесір қалған сүйгеніне ешпір жігіттік көрсетпей , тек ағасы тірі кезіндегіндай ғана қамқорлық көрсетіп, жүрген шет жерлерден түрлі сыйлықтарын тек бір өзіне арнап, ғашықтық пен пәктіктің адал үлгісін туған ауылына көрсетіп өтті, Оны түсінген Бәтима Балтабайқызы да өзінен тараған ұрпағына Қазақтың Қажымұқанның сан-қырлы қасиетін дарытып , соған ұқсап өсулеріне жан-жақты көңіл бөліп, артынан дарынды ұрпақ қалдырды,. Оның немересі бір Мұраттың өзі оның әнші-сазгерлігі мен серілігін жалғастырып. әжесінің аманатын одан әрі орындап кітап шығару ойында жүр. Бала күніне әжесінің жанынан бір елі шықпай , үлкендердің әңгімесі қағып алып, әндерін аунытпай салатын ол менен естелік алып жүргенінің өзіне 4-5 жыл болып қалды»,- деген еді Датке-Оспан ақсақал.



Бәтима Балтабай қызының дос-жарандары, жерлестері Қажымұқанның сүйіктісі ретінде неге мақтанбайсың дегенде ол кісі « Қажымұқан мені сүйгенімен ол бар қазақтың сүйікті ұлы және махаббаты, ондай ұл енді қазақта 1000 жылдан кейін ғана келер » деп ,екеуінің арасындағы сүйіспеншілікті ел жандылыққа ұштастырған.. Ал Мұқан ата 1909 жылы оны сүйген басқа ұлт өкілі Надежда Чепковскаяға үйленгенде Бәтимаға деген сезімін жадында сақтап ,атын атап жүруі үшін сүйген қызының есімін азан шақырып мешітте Бәтима деп ауыстырған. Мені сүйсең осы атқа сай өмір ссүр деп, шегелеп тұрып ескерткен. Ардақты Мұқан өз сүйгенін үлкен махаббатының символындай отбасына мәңгі орнықтыра білген , сол есім арқылы оған сүйгенінің қасиетін дарытбақ болғанға ұқсайды..

Мұрат Керейбайдың әкесі Орынбек Рәшұлының үйіне 1961 жылдары егін аяқталып, күзгі «сабантой» мейрамын өткізіп жатқанда Ақмола облыстық спорт комитетінің бірнеше жыл басқарған, 1948 жылы тамыз айында Қажымұқан атаның өмірінің соңғы күндерінде 1 жұма бойы туған жері туралы тебіреністі мұңын естіп, бірге болған, Мағда Ғарап Қосжанұлы Маубеев: Қажымұқан атты кітаптың екінші авторы болатын Мұратхан Тәнекеевті ертіп келіп, оның жинаған архив деректерін беруіне ықпал жасап кітап жазады деп алып кетеді. Орағаң Бөгенбай батырдың соң Қараөкел атанған Ақмоланың атауын ұмытпауын тапсырған екен, бірақ Мұратхан Тәнекеев кітаптың көркемдік жағына көңіл бөліп Сарытерек болысы мен Қараөткелді тең қолданған екен. Жылдар өткенде ХХ ғасырдың 20 жылдарынан басталған ауыл тарихын, әсіресе Қажымұқан мен осы ауылдың төрағалығынан Қазақ ССР Жоғары кеңесінің Президиумының төрағалығына дейін өскен Қазақ ауылын сол заманда әлемдік деңгейге көтеріп, қазақ парламентінің негізін салған және қазақ мәдениеті мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде елді патриоттық бастамаларымен нақты істер атқарып өлшеусіз үлес қосқан, Әбдісәмет Қазақпаев туралы тарихи материалдарын әркімге бере салғанына өкініп, сүйікті қызы Ақпашаға қалған мұрағат материалдарына ұқыпты болуына табыстай отырып, өз Мұратының да қалам тербер шағын көрсем деп, армандаған екен. Шежірелі қарттардың нұсқағанындай, біраз жылдар өткен соң, Астана маңайы батырлар мекені екенініне талай рет қалам тербеген белгілі қаламгер, Қажымұқан атындағы сыйлықтың жеңімпазы-, бірнеше дүркін халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Астана қаласында қазақ салт-дәстүрлерін тұңғыш жаңғыртып ел мақтанышына бөленген ұлағатты ұстаз, қажымұқантанушы Мұрат Орынбекұлы Керейбай талай рет тарих қойнауын ақтарып, тамылжытып жазды. Соның ішінде сегіз қырлы бір сырлы күш атасы Қажымұқан Мұңайтбасұлының ұлы ерлікке толы өнегелі өмірі туралы жазылған деректі бірнеше шығармаларының шоқтығы биік. Ақмола өңіріндегі сол кездегі атақты балуандардың көбін жығып, күштілердің күштісі атана бастағанда Мұқанның жасы 17-ге толмаған екен.1904 жылы цирк труппасының құрамында өнер көрсете жүрген орыстың тамаша балуандарының бірі А.Н.Злобинмен танысты, соның тікелей көмегімен Петербургтегі циркке балуан даярлайтын И.В.Лебедевтің мектебінде 1905-1907 жылдары оқып, күрес өнерінің қыр-сырына машықтанды. Оны бітіргеннен кейін дүние жүзіне белгілі Георг Лурих ұйымдастырған цирк труппасына қосылып, көптеген қалаларда күш өнерін көрсетті И.И.Подубный, И.М.Заикин, И.Шемякин сынды әйгілі орыс балуандарымен дос болды. Французша және еркін күрестен халықаралық жарыстарға қатысты..1908-1916 жылдары Саратов. Қазан, Омбы,Троицк, Уфв, Орынбор қалаларында өткен турнирлеерде, Москва, Киев, Рига, Минск, Париж, Варшава, Харбин, қалаларында болған халықаралық чемпионатттарда жеңімпаз,жүлдегер атанды. Америкада, Таяу Шығыс және Орта Шығыс елдерінде болып, ондағбалуандармен күш сынасты 1909 жылы Швецияның Гетебург қаласында французша күреспен өткенг дүниежүзілік біріншілікте алтын медальді жеңіп алды1910 жылы Мұқан Голландия чемпионы Шнейдер-Миллер, орыс балуаны Разумов. Грузияның аты шулы алыбы Апполон Старошвили, белгілі Европа Елдерінің чемпиондары Иоганссон мен Винтер, америкалық негр Сальватор Бамбула мен чех чемпионы Карл Поспешил және басқа күрес шеберлеріне басым түседі.

Мұқанның үлкен спорттық табыстарының бірі –1909 жылы Рига қаласында өткен чемпионат. Сол кездегі дүние жүзіне белгілі эстон Алекс Аберг, поляк Станислав Збышко-Цыганеевич, түрк Нурла, негр Чембр Ципс, жапон СаракикиДжиндофу сияқты балуандармен күресті. 1913 жылы Қажымұқан талай-талай халықаралық үлкен чемпионаттарда күш сынайды. Қажымұқан әсіресе 1914, 1915, 1916 жылдары зор табыстарға ие болды.

Стамбул, Мекке, Мадина қалаларында болған зор жеңістерден кейін Мұқанға,әрі сол жылы қажылыққа барғандықтан, сонымен қатар достары оның қажымайтынқажырлылығын әр қашанда мойындап «Қажы» деген атақпен қатар «Мұсылмандар мен Шығыстың ең күшті балуаны деген атақ қосылды.

Орынбор қаласында өткізілген халықаралық чемпионатында 18 балуанды жеңіп жауырыны жерге тимеген әлем чемпионы Мұқан Мұңайтбасовқа сол жылы, яғни өткен ғасырдың 20 жылдары қазақ тарихында ресми түрде арнайы сол кезеңдегі үкімет қаулысымен «Қазак даласының батыр атағын» атағын берген болатын. Әлемнің сол замандағы балуандары Қажымұқаннын жаурынын жерге тигізе алмаған. Осынысы мен ол қашанда алыптардың алыбы болып спорт пен цирк өнерінен әлем тарихында мәңгілік орнын алды. Оның спорттық жетістіктерін тізе бергеннен гөрі, қашанда ұлы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландыны аузынан тастамай, аруағына сиынып еске алып, ерліктерін еліне қисса-дастандар арқылы күн-түн демей жырлап өтуі, елі мен жерін емірене сүюді шын жүректен еліне езіле дарытқан, қазақ рухын асқақтатуды өзінің әр ісінде өмірінің соңына дейін дәлелдеген. Ұлы патриот, қазақ тарихында келер тәуелсіздікті өз қайрат жігерімен тұғырландырған қайталанбас тұлға.

Дарынды адам қай өнердің саласында да дарынды деген бар ғой. Бұл мәтел Қажымұқан атамызға арнап айтылғандай. Күрес, цирк әртісі ретінде, ақынжандылығы жайлы, өзіндік лирикалық баритон дауысымен айтқан әндерін ықыласпен тыңдап өткен сол замандағы ақын-жазушылар, өнер адамдары, достары,тегіс қалам тербеп естеліктерінде айтып кетті, әлі де жазылуда. Ол биыл 85 жыл толып отырған Қызылордада ашылған қазақтың алғаш театрының құрушыларының бірі болатын Ел аузында жүрген Қажымұқан айтты деген тапқыр сөздері,өлеңдері мен қалжыңдары да кездесіп қалады.Тағы бір қасиеті өнерлі, болатын жастарды жасаған ісіне қарап тез танып сен сондай боласың дегені дәл келген. Оларды демеп отырған. Жоғары да айтылған Әбдісәмет Қазақбаев соның дәлелі. Әсіресе бәйге де озып шығар талай тұлпарларды қайсы бірінші, тіпті екінші, үшінші т.б орын алатын бәйге аттарын дәлме дәл айта білген, көріпкел қасиеті де болған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жасының 75-тен асып егде тартып қалғанына қарамастан ел аралап, өнер көрсетті Одан жинаған қаржыны Қорғаныс қорына аударып, қазақ батыры «Амангелді Иманов» атындағы самолет жасатты.



Аңыз бен ақиқатқа айналған ҚажыМұқан әлемнің 24 елінің 56 қаласында болып, 48 медаль алып және талай жүлденің түрлі бағалы заттарын алған Ол жайында 1978 жылы «Қазақфильм» студиясында «Қажымұқан» атты екі бөлімді деректі фильм, ал 1985 жылы көрнекті режиссер Сұлтан Ходжиковтың «Күш атасын танымас» атты көркем фильм түсірілді. «Қазақстан»телеарнасы бірнеше рет деректі-танымдың документальді хабарлар ұйымдастырды. Астана, Алматы, Семей қалаларында орталық көшелердің бірі, Астана қаласының спорт стадионы, сондай-ақ ,1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің қаулысымен оның туған жері Астана қаласынына 15 шақырым жердегі Буденный елді мекеніне Қажымұқан есімі берілді. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданындағы бір ауыл Қажымұқанн есімімен аталады, Сол облыстың Темірлан селосында оның мемориалдық мұражайы ,ескерткіші бар. Ескерткіш Шымкент қаласында да бой көтерген. Онда мерейлі тойлары жылдары халықаралық турнирлері болып тұрады. Астанада 2-ақ рет, ең соңғысы Д.Тұрлыхановтың ұйымдастыруымен 2003 жылы болып өтті. Осындай да Қажымұқанның туған жеріндегі жерлестері оларға қашанда ризашылықпен алғыс айтып отырады. Оның туған жерінде небәрі 13 жылда еліміздің жүрегі Астана бой көтергендіктен,қазақтың жүрегінде мәңгі орын алған Қажымұқан Мұңайтбасовтың мәңгі есте қалдыру істері ерте ме, кеш пе қашанда орындалатынына зор сенімдеміз Астана қаласының Қажымұқан көшесі бойында орналасқан , ел ортасындағы елорда – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің Студенттер үйі ітапханасында Қажымұқан Мұңайтбасов жайында мол тарихи деректерге толы көшпелі мұражайы астаналықтар мен оның маңайындағы орналасқан елді мекендердегі оқырмандарға және ізденушілерге.қашанда қол үшін беруде. Былтыр университетіміздегі Л.Н.Гумилев мұражайының негізін қалаған тарихшы-ғалым, ҚР тарих институтының ғылыми қызметкері Сергей Васильевич Селиверстов, Омбы қаласындағы мұрағаттарға барып таңғалып келді. Қазақтың тарихы, оның ұлыларының өмірінен материалдар тұнып тұр. Тіпті олардың кейбірінің мұрағаттары ашылмаған. Қажымұқандыкі де бар.Неге бармайсыздар деп бізге ұялта сұрақ қойды. Болашақта дүние жүзіндегі мұрағаттарға көңіл бөліп, арнайы сапарлар болашақ ғалымдардың еншісінде 2011 жылғы Қазақсан төріндегі өткен Азиада, қазақ балалары үшін Қажымұқан әйгілеген тек күреспен, 1980 жылдардан бастау алған бокстен ғана емес спортттың бар түрін игеру керек екендігін көрсетуде. Өткен ғасырларда қазақ спортының еуразия құрлығындағы жаршысы, ұлы достықты ту еткен Қажымұқан Иван Поддубный тағы басқа достарына деген сағынышты көңілін ұмытпауын еліне тапсырған. Бүгіндері өткен заманның алыптарының ұрпақтары мен ізбасарлары қазақ спортын әлемге танытуларын жалғастыруда. Осы жолда үлкен жеңістердің жалғасы ұзағынан сүйіндірсін!. Тәуелсіздіктің 20 жылдығының қазақ спортының әлемге қазақ рухын асқақтатқан беташар айы жыл бойы есте болып, басқа салаларда жалғасын тапсын, ел тарихының алдағы жылдардағы жарқын кезеңдері мен болашағына де үлкен серпін берсін. Осы жолда қасиетті Қажымұқан аруағы желеп-жебеп, қазақ спортын , мәдениетін қолдай берсін!
Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Басталды! : VII Қысқы Азия ойындарын салтанатты ашу кезеңіндегі сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан.- 2011.- 1 ақпан.- №31-32.-1б.

  2. Базарянинов В.К, Цыганок Н. О. Предсказание: Тарихи-публистикалық повесть.- Днепропетровск. «Порога». 1997. - 62 б.

  3. Орынбекова М. Памяти Хаджимукана; ( К 120-летию) // Призыв. – 1990. –8 февраля.

  4. Керейбаева М.О Балуан есімін қастерлеп.// Арқа ажары.- 1990.- наурыз

  5. Қажымұқан есімі берілді.; (Целиноград ауданы Буденный селосы Қажымүқан селосы аталатын болды.). //Арқа ажары. – 1992.- 17 қыркүйек

  6. Орынбеккызы М. Асылымызды ардақтайық, //Арқа ажары. – 1997 жыл. – 27 ақпан.

  7. Керейбай Мұрат. Бала Мұқан.Палуан Мұқан.Қажымұқан. – Астана; «Фолиант», 2004. – 272 бет + 40 бет фотосуреттер.

  8. Керейбай Мұрат.. Қажымұқан. Нартұлға сериясы – Астана.- «Фолиант» 2006

«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

155.35kb.

25 12 2014
1 стр.


«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

89.28kb.

25 12 2014
1 стр.


«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

76.97kb.

25 12 2014
1 стр.


«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

103.22kb.

25 12 2014
1 стр.


«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

95.75kb.

25 12 2014
1 стр.


«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

103.36kb.

25 12 2014
1 стр.


«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

112.66kb.

25 12 2014
1 стр.


«дене шынықтыру және спорттың Қазіргі кездегі өзекті мәселелері»

«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм

145.52kb.

25 12 2014
1 стр.