Перейти на главную страницу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Международная научно-практическая конференция
«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
International science-practical conference
«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»
devoted to 7th winter Asian games
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
4-5 ақпан, 2011 жыл
Международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
4-5 февраля 2011 года
Астана
УДК______
ББК______
Қ________
Бас редакторы/Главный редактор
Редакция алқасы/Редакционная коллегия
Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск
«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет
«Современные проблемы физической культуры и спорта»:
Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.
ISBN _________ УДК_____
Қ ____________ ББК__________
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011
П.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық
университеті, Астана қ.
С. А. Шыршықбаев
П.ғ.к., аға оқытушы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық
университеті, Шымкент қаласы.
Г.Б. Тоқсанбаева
Оқытушы, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжі, Шымкент қаласы.
Жарыссыз спорт болмайды. Ұлттық спорт түрлері мен спорттық ойындар жарыссыз өмір сүре алмағанымен, олардың қызметі спорт жетістіктері мен сайыстық мақсаттармен шектелмейді. Ұлттық спорт түрлері адамның дене қимылы қасиеттерін жетілдірудің, оның рухани табиғатын бүгінгі өмір талаптарына өзгертудің тиімді жолы және жеке адамды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі болып есептеледі. Ұлттық спорт түрлері сабақтарында спортшылар тек дене мәдениеті ғана емес, сонымен бірге парасаттылық пен интернационалдық, рухани және шығармашылық тәрбие де алады. Сондықтан да, ұлттық спорт түрлері мен ойындарының педагогикалық мәні өте жоғары.
Ұлттық спорт түрлері жеке-жеке түрлерден тұрады. Олардың әрқайсысының өзіндік сайыс түрлері, ерекше әрекеттер жиынтығы, спорттық сайыс жүргізу әдістері бар. Қазіргі уақытта спорттық қозғалыстар аясындағы ұлттық спорт түрлерінде екі бағыт бар: ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшілік түрі және жоғары спорттық жетістіктерге байланысты арналған спорт түрлері.
Ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшілік түрі оншалықты жоғары емес спорт көрсеткіштерімен және бұқаралық-көпшіліктік сипатымен ерекшелінеді. Мұндай деңгейдегі спорт сабақтары спортшының бос уақытында өткізіледі. Ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшілік түрі – бос уақытты дұрыс та, салауатты өткізуді ұйымдастырудың, денсаулықты шыңдаудың, белсенді демалыстың танымал жолдарының бірі, маңызы өте жоғары. Олармен тек тұрақты айналысқанда ғана сауықтырушылық әсер алуға болады. Осы мақсатта қолданылатын басқа жолдармен, шаралармен салыстырғанда, олар ағзаға жоғары талаптар қояды, сондықтан да өзіне жоғары да байсалды көзқарасты талап етеді. Олар қатаң тәртіпке түсірілген белгілібір жүйемен жүргізіледі. Спорт сабақтары, негізінен әртүрлі мамандықтағы жаттықтырушылар, оның ішінде қоғамдық бастамамен істейтін жаттықтырушы-нұсқаушылардың басшылығымен жүргізіледі. Спорттық дайындықтың және оның құрылымдық тәртібі спорттық база мүмкіндіктерімен, спорттық жабдықтар қорымен және басқа да жағдайларға байланысты ретке келтіріледі.
Ұлттық спорттың бұқаралық-көпшіліктік түрлерінің адамның бар мүмкіндіктерін дәлелдейтін әрекет ретінде зор қоғамдық мән-мағынасы бар. Спорттық машықтанулар барысында жетілген қимыл үлгілері жасалады, дене қимылы және психикалық қасиеттер сияқты, жалпы адамзаттық құндылығы бар қасиеттер анықталып, дамиды. Спорттық әрекет мұндай жағдайда адамның іске асырылған мүмкіндіктерінің жоғары үлгісін еске түсіреді, сонымен бірге, оларды әрі қарай кеңейтуге болатындығын айқындап отырады. Ұлттық спорт түрлері мен ойындарының бұқаралық-көпшіліктік түрлерімен айналысу барысында алдымен жекеленген, кейін көптеген спортшылар осы шекараны жеңіп шығады.
Ұлттық қимыл ойындары мен спорттың бұқаралық-көпшіліктік түрлері өздерінің табиғи заңдылықтарымен спортшының жан-жақты дамуын талап етеді. Сондықтан да, спортшыны тәрбиелеу тәжірибесінде жалпыжәне арнайы дайындық ұштасып жатады. Екеуінің де өзара әрекет етулері жан-жақты сипат алады. Барлық жағдайда да таңдап алынған ұлттық қимыл ойындары мен ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктерін, спортшы бойындағы жалпы және арнайы қасиеттерін дайындық деңгеін ескере отырып, дайындықтың екі түрінің арасынан ұтымды өлшемін табу керек. Осылардың бәрін ескере отырып, қазіргі заманғы спорт мектептері дене қимылы даму жүйесінің жалпы заңдылықтарына, спортшы көрсеткіштерінің өсу заңдылықтарына жауап беретіндей етіп, жалпы және арнайы дайындық бірлігінің ғылыми қағидасын жасап шығарды.
Спортшының спорттағы алға басуы оның барлық жағынан дамуына байланысты, ал ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшіліктік түрі таңдап алынған спорт түрінің мақсатына жауап беретін дене қимылы қасиеттерін жан-жақты дамытудың негізгі жолы және әдісі болып саналады, ағза қызметтерінің жалпы деңгейлерін арттырады. Ұлттық спорттың және қимыл ойындарының бұл түрі спортшылар бойында ерекше дене қимылы және психикалық қасиеттер болуын талап етеді.
Жоғары көрсеткіштерге негізделген ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары барынша жоғары жетістіктерге деген ұмтылыспен тығыз байланысты. Дегенмен, спорттық жетістіктер өскен сайын ол деңгейге көтеріле алушылар саны азаяды. Спорттың бұл түрлерін сан емес, сапа анықтайды.
Ұлттық спорттың бұл түрлерінде жарыстар кезінде де, спорттық жаттықтырулар кезінде де ағзаға түсіп жатқан жүктеме көлемі төмендейді. Соңғы кездері спорттық жетістіктердің күрт өсуі жаттықтыру барысындағы жүктеме көлемінің күрт өсуі салдарынан болып отыр. Тіпті, республиканың үздік спортшыларының жуырда ғана қол жеткізген жоғары жетістіктері мен көрсеткіштері көп ұзамай-ақ көптеген ұлттық спорт түрлері мен ойындарында күнделікті құбылысқа айналып кетіп жатыр.
Мұндай жүктемелердің педагогикалық мәні оның спортшыларды іріктеу жайларында жалпы және арнаулы жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған дене қимылы мүмкіндіктерін тәрбиелеудегі ең маңызды әдіс болатындығында.
Жүктеменің жоғары болуы бұл ұлттық спорт түрлерінің спортшы ағзасына қатты әсер ететін басқа да әдістер мен жолдардан ерекшелендіріп тұрады. Жүктемені қатаң бақылап отырмайынша және ол жүктемелердің ерекшеліктерін білмейінше, денсаулықты шыңдау орнына зиян келтіріп алуға болады. Ал, спорттың бұл түрлерінің негізгі мақсаты – спортшы денсаулығы. Сондықтан да, ұлттық спорт түрлерінен жаттығулар жүйесі дәрігерлік-педагогикалық бақылаусыз өтпеуі тиіс.
Ұлттық спорт түрінің белгілі бір түрімен қарқынды түрде айналысу кезеңі адам өміріндегі ағзаның жастық пісіп-жетілуінің аяқталу кезіне тура келеді.
Соңғы жылдары жас ұрпақтың дене тәрбиесі проблемасымен айналысатын ғалымдар халықтық ойындар мен дене қимылы жаттығуларының төл ерекшеліктеріне барған сайын айрықша қызығушылық танытуда. Шамасы, бұл өзгеше жағдайларда, мысалы, дала жер бедері, климаты, географиялық ерекшеліктері – дене қимылы қызметінің кез келген түрінің жеткілікті түрде тиімді болмауына байланысты. Оның үстіне, спорттың көптеген классикалық түрлері – жүзу, шаңғы, коньки және т.б. жергілікті орындарда тиісті спорт алаңдары мен басқа да қымбат тұратын құрылыстардың болмауынан, оларды салудың жер бедеріне немесе елді мекендердің шашыраңқы болуынан қиынға түсуіне байланысты, кеңінен қолдау таппай отыр. Демек, ұлттық қимыл ойындары жас ұрпаққа қажетті дене қимылы қасиеттері мен дағды-машықтарын дамытудағы өзгертуге болмайтын құрал болып отыр. Сондықтан, педагогикалық жоғары оқу орындары жағдайында осы ұлттық қимыл ойындары қызметтерін ұйымдастыруға дене мәдениетінен болашақ мұғалімдерін мақсатты даярлау осы өзекті мәселені шешудегі жүйелі көзқарасты талап етеді. Мұндай мәселенің қойылуы әбден заңды. Өйткені, бұл қызметке мұғалімнің қандай дәрежеде даярланғанына оқу процесінің табысты болуына қатысты. Осыған байланысты, жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, оқу процесіне ғылыми көзқарас туындайды, бұл ең алдымен қазіргі жастар дамып, жетіліп отырған жағдайлардың ерекшеліктерімен айқындалады.
Қимыл ойындарының маңызы туралы ілімдік та, сондай-ақ әдістемелік сипатта да көптеген отандық әдебиеттер бар. Онда ойынның ролі, оның таралуы, әртүрлі халықтардың ойын фольклорына ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады. Аса ірі педагогтардың, ғалымдардың пайымдауынша балалардың ойын қызметінде екі негізгі фактор ұштасып келеді: бір жағынан – балалар сарамандық-практикалық қызметке қосылады, дене қимылы қасиеттері жетіледі, дербес әрекеттер жасауға дағдыланады. Ал, екінші жағынан – орындалған жаттығу қызметтерінен моральдік және эстетикалық қанағаттану алады, өздерін қоршаған ортаны тану тереңдей түседі. Мұның бәрі, сайып келгенде, тұтастай алғанда жеке адамды тәрбиелеуге жәрдем береді. Сонымен, ойын – тәрбиенің кешенді құрылымының бірі болып табылады: ол жан-жақты дене қимылы даярлығына, ұжымдық қызметтің өзгеріп отыратын жағдайларында қимыл негіздері мен күрделі әрекеттерді жанама түрде меңгеру арқылы, ағза функциясын, ойыншылардың мінез-құлық белгілерін жетілдіруге бағытталған.
Сонымен, қазақтың ұлттық қимыл ойындары мен көңіл көтерулерінің шығу тегі мен қызметі жағынан сан қилы және әртүрлі болып келетінін атай отырып, олардың тарихи жолды объективті түрде көрсететінін, Қазақстан Республикасы аймағында мекен еткен халықтар мен ұлыс өкілдерінің дене қимылының дамуының әр кезеңіндегі этникалық процестерді бейнелейтінін атап көрсеттік. Дәстүрлі ұлттық ойындар әртүрлі тарихи кезеңдерде пайда болып, осы кезге дейін сақталып қалды және жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде бүгін де мәнін жоғалтқан жоқ.
Халық ойындары мен спорт ұзақ уақыт, ғасырлар бойы қалыптасқан. Біздің көбіміз мұндай күндерге де жеттік. Жаңа ойлау жүйесіне негізделген бүгінгі өмір жағдайы ұлттық спорт түрлерінің, ойындардың және дене қимылы жаттығуларының дамуына жаңаша қарауды талап етеді. Өткеннің бай мұрасы негізінде жергілікті жерлерде бұқаралық-спорттық көпшілік жұмыстарын жандандыру аса қажет және олай ету халық денсаулығын шыңдауға елеулі үлесін қосады. Ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытудың қазіргі заманғы тәжірибесі елеулі өзгерістерді, кейбір маңызды мәселелерді шешуді талап етеді. Ұлттық спорт дәстүрлері қайтадан жанданып келеді. Қазақстанда қайта өрлеу процестері жүруде.
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен спорттық ойындардың қоғамдағы өзіндік және негізгі қызметі дене қимылының дамуы мен денені жетілдіруімен ғана шектелмейді, олар адамның әлеуметтік белсенділігі мен еңбекке жарамдылығын қартаю жасына дейін сақтай отырып, оның психикалық және әлеуметтік белсенділігін дамытудың табиғи негізі болып табылады.
Қазіргі кезеңде адамдардың ұлттық спорт түрлері мен ойындарына қатысы, олардың кейбір ерекшеліктерімен сипатталады. Әлеуметтік зерттеулер бойынша, адамдардың спорттың бұл түрлеріне ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар мен байлықтар туралы біліммен тығыз байланысты психологиялық және адамгершілік факторларымен айқындалады. Ұлттық дене мәдениеті мен спорттың ең үздік түрлерінің мәні – олардың халықтың әлеуметтік мұң-мұқтажына бағытталғандығында ғана емес, олардың жылдан-жылға ұрпаққа түсінікті де қолайлы жаңа жетілген ұлттық пішіндерге ие болуында.
Ұлттық спорт түрлерін көп жылдар бойы республикамыз бен бұрынғы Кеңес елінің қажеттілігіне орай, классикалық спорт түрлері ығыстырып келді. Мемлекеттік саясат бойынша негізгі назар спорттағы жоғары жетістіктерге бөлінді де, ал спорттың бұқаралық-көпшілік, сауықтандыру түрлеріне, оның ішінде – ұлттық спорт түрлері мен ойындарына лайықты мән берілмей келді.
Қазіргі заман айрықша жоғары әлеуметтік-мәдени және рухани маңызы бар ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытуға жаңаша қарауды талап етеді. Яғни, оларға деген көзқарастарды да өзгерту қажет деген ойлар шығады.
Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі біртіндеп дене мәдениеті және сауықтандыру жұмыстарында, дене қимылының дамуында, дене қимылын жетілдіруде ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындарды және халықтың қолданбалы спорттық жаттығуларының бай мұрасын кеңінен қолдануды бір ізге салып келеді.
Қазіргі кезеңде дене мәдениеті мен спорттың қандайда болмасын пішіндері халықтың шығармашылық әрекеттері негізінде күнделікті тұрмыс-тіршілігіне енуі және олардың қажеттілігіне орай жауап берулері керек. Осы тұрғыдан алғанда, дене тәрбиесі ен спорттың ұлттық пішіндерінің маңызы өте зор. Әлеуметтік зерттеулерге ден салсақ, халықтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығы жылдан жыға артып келеді. Мысалы, қазіргі жиын-тойларда көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу секілді ұлттық ойын түрлерін көптеп, шамасына қарай, ресми жарыстарсыз-ақ өткізуге тырысуда.
Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында сұрақ-жауап бойынша сегіз жүз студенттің жергілікті ұлт өкілдерінің жүз пайызы, ал басқа ұлт өкілдерінің тоқсан алты пайызы ұлттық ойындарды дамыту керек деген ой айтты. Тек төрт пайызы ғана оларды “қазіргі заманға сай емес”, “ескі үлгіден”, “пайдасы жоқ”, “Олимпиадалық ойындар мен салыстырғанда бұлардың не керегі бар” дегендей ойлар айтты. Сөйтіп сұралған студенттердің басым көпшілігі ұлттық спорт түрлері мен ойындарын ұлт мәдениетін сақтайтын маңызды сала деп есептейді және дене тәрбиесінің ұлттық құндылықтарын салауатты өмір салтымен, бүкіл ұлттық құндылықтарын салауатты өмір салтымен, бүкіл ұлттың денсаулығымен сәйкестендіреді.
Халық ойындары мен жаттығуларын жеке адамның тәрбиесі мен дамуы мақсатында пайдалану ежелден келе жатқан құбылыс. Бұл қазба жұмыстары ежелгі шығыс ғұламаларының қолжазбаларында көрінісін тапқан. Осылардың барлығы халық ойындары мен жаттығуларының халықтың тұрмыс-тіршілігінде үлкен орын алғандығын және оның әскери-патриоттық бағыты болғандықтан емес, сауықтандыру-қолданбалы бағыты да болғандығы дәлелденіп отыр. Бұған Ибн-Сина, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни секілді қайраткерлеріміздің еңбектері, шығармалары арқылы көз жеткізуге болады. Бұл ғұламалардың өз заманының озық ойлары халық ойындары мен жаттығуларын денсаулығы мықты, өмір сүргіш ұрпақ тәрбиелеудегі ең басты жолы деп санауға болады.
Халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларында да суреттелген. Ол кезде ұлттық қозғалмалы ойындар мен халық спорты қазақ халқы өмірінің айнымас бір бөлігі еді: көктемгі немесе күзгі кештерде, әртүрлі жиын-той, мерекелерде түрлі аттылы-жаяу жарыстар өткізіліп тұратын. Осындай ойындар өткізілуі кезінде жігіттердің барлық керекті дене қуаты қасиеттерін көрсетіп қалуға тырысатын. Егерде ат жарыстары бозбала-жігіттерді ептілік пен икемділікке баулыса, аударыспақ ойындары- күштілік пен төзімділікке, ал жаяу жарыс – жылдамдық қасиеттерін дамытатын. Одан да басқа түрлері зейінділікке, тапқырлыққа, алғырлыққа байланысты қасиеттерін дамытатын еді.
Спорттың ұлттық түрлері мен қозғалмалы ұлттық ойындар қазіргі заманғы ғылым мен мәдениет қайраткерлеріінің де негізгі тақырыптары болып келеді. Оларды әрі қарай дамыту жөнінде Ә. Марғұлан, Қ. Қуанышбаев, М. Ғабдуллин, Б. Момышұлы сияқты қайраткерлер де айтып жүрді.
Ұлттық мәдениетке, оның өзгеше сипаттары мен белгілеріне тән ерекшеліктерді есепке алмай қандай болмасын қоғам мәдениетінің одан әрі дамуына мүмкін емес екендігі жалпыға мәлім. Қазіргі заманғы ұлттық мәдениет бос жерде пайда болған жоқ. Оның қалыптасуының аса маңызды принципі рухани өмірдің дамуында өте зор орын алып отырған сабақтастық принципі болып табылады. Халықтардың бүкіл өткендегі мәдениетін сыншылдық тұрғыдан талдау, сонымен бірге, адамның рухани қалыптасуына жәрдемдесетін оның элементтерін пайдалану мен дамытудың міндетті шарты ретінде қажет етілетін жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке адамды қалыптастыру сабақтастықтың түпкі мақсаты болады. Бұл мына себептен де маңызды бола түседі: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңіндегі мәдениет (оның ішінде, дене мәдениеті) дамудың осы бір бұрылысты дәуірінде осыншалық жауапты, сапалық жаңа мәнге бұрын-соңды ие болып көрген емес.
Дене мәдениеті жалпы алғанда адамзат мәдениеті қоғамдастығының ең бір маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық уақытта дене мәдениеті өмір салтын, өнерден, тәрбие мен адамның өз-өзін жетілдіріп отыруынан ажырағысыз болды. Дене мәдениетінің ұлттық өзгешелік ерекшеліктері туралы мәселе қарапайым мәселе емес. Ежелгі парсыларда, гректерде, римдіктерде, германдықтарда дене мәдениеті мен күш қуат тәрбиесінің ептілік пен басқа да денені дамытуға байланысты қасиеттердің жас жігіттерде жалпыға бірдей ортақ және өзгешелік белгілері болды. Қандай да болмасын халықтардың спорт пен дене тәрбиесінің негізіне денені жетілдіруге, салауаттылыққа деген ұмтылыс, адамдардың денсаулыққа зиянды дағдылардан назарын басқа жаққа бұру, барлық уақытта да барлық халықтар үшін ортақ болатын көңіл көтеретін сапалық жақтарды бойға сіңіру жетекшілікке алынды. Тұтастай алғанда, өмір сүру салты, географиялық орта, ұлттық дүние танымдық көзқарас өз таңбасын қалдырып отырды.
Сайып келгенде, дене мәдениеті әртүрлі нысандарының ұлттық өзгеше жақтары – бұл өмір сүру жағдайларының, халық психологиясы сипатының көрінісі болып келеді. Сонымен бірге, бұл әрбір халықта өзінің тарихи даму процесінің барысында қалыптасатын еркшеліктердің де көрінісі болмақ.
Спорттың, ойын мен дене қимылы жаттығуларының ұлттық түрлері де, егер олар жалпы адамзаттық дене мәдениетін байытатын болса, интернационалдық түрге айнала алады. Мысалы, кезінде «Самбо», «Дзюдо», «Шахмат» т.б. сияқты спорттың ұлттық түрлері уақыт өте келе жалпы адамзат мәдениетінің игілігіне айналып отыр.
Осы салаларды зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің дамуының проблемаларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: қазіргі жағдайда, ұлттық ерекшеліктер ақталып, ұлттық мәдениеттің дамуы жүріп жатқан кезде халықтардың өзара қарым-қатынастарын, оның ішінде, дене мәдениеті сияқты осындай маңызды саланы жүйелі де, жан-жақты зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі сақталып қалады.
Осындай түрде дене мәдениетінің әралуан ұлттық нысандарының өзара қатынасы және өзара етене бола түсуі олардың өздеріне ғана пайдалы емес, жалпы адамзаттық дене мәдениетін өз жетістіктерімен байыта отырып, адамзатқа қызмет етеді.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.