Перейти на главную страницу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Международная научно-практическая конференция
«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
International science-practical conference
«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»
devoted to 7th winter Asian games
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
4-5 ақпан, 2011 жыл
Международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
4-5 февраля 2011 года
Астана
УДК______
ББК______
Қ________
Бас редакторы/Главный редактор
Редакция алқасы/Редакционная коллегия
Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск
«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет
«Современные проблемы физической культуры и спорта»:
Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.
ISBN _________ УДК_____
Қ ____________ ББК__________
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011
АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАСАҚТАУДА ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Р.Е. Тасполатова
Аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Астана қаласы
М.И. Испандияров
П.ғ.к., доцент, М.О. Ауезов атындағы Оңтүстік - Қазакстан Мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Дене тәрбиесі жаттығуларын гиподинамияның әсерінен пайда болған көптеген аурулардың профилактикасы ретінде қарастыруға болады. Адамның денсаулығының тез жақсаруы мен еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде дене шынықтыру жаттығуларын емдік шара ретінде қолдану өте дұрыс.
Емдік дене шынықтыру жаттығулары ауру немесе сырқат адамның денсаулығын жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында емдік профилактикалық әдіс ретінде қолданылады. Емдік дене шынықтыру дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде, дене күшінің дамуына, қимылдың координациясы мен жылдамдығын артуына, ептілікті, батылдықты, төзімділікті және басқа да адамның еңбек пен қоғамдық өміріне қажетті физикалық психологиялық қасиеттерді дамытуға өз үлесін қосады. Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын қолданудың тек емдік ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік те мәні зор.
Емдік дене шынықтырудың негізгі құралы белгілі бір мақсатта қолданылатын, жалпы аурудың жағдайына және өту ерекшеліктеріне байланысты мөлшерленіп белгіленген физикалық жаттығулар. Емдік дене жаттығулары , адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Олар орталық жүйке жүйесі арқылы ауру ағзасындағы күрделі процестерді ынталандырады және қалпына келтіреді. Негізінде емдік дене шынықтырудың ағзаға әсер етуінің төрт механизмі бар: денені сергіту (тонусты жоғарылату), қоректендіру (трофикалық), қалыпқа келтіру (компенсаторлық) және реабилитациялық.
Сергіту қызметі (жалпы тонустың жоғарылауы) дене шынықтырудың барлық түрінде кездеседі және негізі болып табылады. Бұл кезде ОЖЖ-дегі жүйкелік процестердің артуы, ішкі бездердің қызметтерінің белсенділігі жоғарылауы, зат алмасу, тыныс жүйесі және жүрек-тамыр жүйесі қызметінің артуы болады. Дұрыс қолданылған дене жаттығулары ағзаны сергітіп, жақсы әсер береді.
Трофикалық қызметі тіндер қызметінің бұзылысында көрініс табады. Бұл кезде тіндер мен жасушалардағы қан айналысы жақсарады және олар қоректік заттармен қамтамасыз етіледі.
Компенсаторлық (қалпына келтіру механизмі) – бүлініске ұшыраған ағзалардың қызметін уақытша немесе толық қалпына келтіру.
Реабилитациялық қызметі – денсаулықты жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында қолданылатын психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік шаралардан тұратын кешенді емдік тәсілдері.
Гиподинамия салдарынан болатын аурулардың алдын алу мақсатында әрбір адам қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына орын алып отырған қиындықтарға қарамастан өз денсаулығына аса мұқияттылықпен қарағаны дұрыс. Адамзаттың данасы Аристотельдің «жанды дене қозмалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек.
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады.
Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Ал денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі, біз жоғары да айтып өткендей салауатты өмір салтын ұстану және күнделікті өмір тұрмысына дене шынықтыру жаттығуларын енгізу.
Дене шынықтыру жаттығулары деп жалпы және арнайы таңдалған қимыл кешенін, емшара ретінде дене шынықтыруда және дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығуларды айтады. Дене шынықтыру жаттығулары денсаулықты нығйтып, ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіреді және сонымен бірге дене шынықтыру жаттығулары адам ағзасындағы бұлшық еттерге физиологиялық әсер етеді.
- Қимыл белсенділігі әртүрлі түрткілердің әсеріне икемделу арқылы гемостазды тұрақты сақтайды. Жаттығулар нәтижесінде организм суыққа, жүктемелерге жоғары төзімділік көрсетеді.
- Жаттығулар организмнің әрекеттік қосалқы мүмкіндіктерін көтереді.Физиологиялық қосалқы пәрмен эволюция барысында қалыптасқан ағзалар мен жүйелердің өз іс-әрекеттік қарқынын бірнеше рет өсіре алатын қабілеті.
- Жаттығулар иммунитет жүйесін жақсартады. Дене жаттығулары мен жүйелі айналысу гуморальдық және жасушалық иммундық қорғаныш қасиетін өсіреді.
- Қимыл жаттығулары денсаулықты шыңдайтын дене шынықтырудың негізгі құралы болып саналады.
Қозғалыстың жүйке – бұлшық ет жүйесіне әсері ерекше байқалады. Қимыл кезінде зат алмасу, қан айналымы жақсарады. Сондықтан бұлшық еттердің физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріп, олардың өнімділігін қамтамасыз етеді. Жүйелі қозғалыс белсенділігі бұлшықеттердің гипертрофиясын тудырады. Олардың құрамында актин – миозин, миоглобин, гликоген, АТФ т.б.көбейеді. Тұрақты қозғалыстардан қантамырлары мен жүйке талшықтарының терең ұштары өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп тірек-қимыл жүйесінің құрылысы өсіп қалыптасады. Қимыл белсенділігі реттеуші жүйелердің қызметіне әсер етеді. И.П.Павловтың., П.К. Анохиндердің зерттеулері бойынша , қимыл-қозғалыс адамға «бұлшық ет қуанышын» береді. Қимыл кезінде ОЖЖ-нің өңдейтін ақпарат көлемі өседі, оның барлық құрылымдарының қызметі артады, қозу мен тежелу үрдістері белсендіріледі және теңестіріледі. Организмнің қосалқы міндеттері өсіп, оның тіршіліктік сергуі (тонусы) артады.
Ғалым Ушиинскиий қимыл дағдыларын қалыптастырудың маңызын өте жоғары бағалаған. Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу жолында, адамзаттың өзінің даму жолында қимыл қозғалысты дамытудың маңызы өте зор.
Әдебиеттер:
1.Икиманова Г.К. «Емдік гимнастика». Алматы-2001
2.Мустафина Т.К.-Спорттық медицина. Оқулық- А., 1997.
3.Нұрмұхамбетұлы Ә.Н. Патофизиология. Алматы-2007
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.