Перейти на главную страницу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Международная научно-практическая конференция
«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
International science-practical conference
«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»
devoted to 7th winter Asian games
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
4-5 ақпан, 2011 жыл
Международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
4-5 февраля 2011 года
Астана
УДК______
ББК______
Қ________
Бас редакторы/Главный редактор
Редакция алқасы/Редакционная коллегия
Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск
«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет
«Современные проблемы физической культуры и спорта»:
Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.
ISBN _________ УДК_____
Қ ____________ ББК__________
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011
Оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Астана қаласы
А.Б. Мейірман
Оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Астана қаласы
Кез келген елдің болашағы – оның басты құндылығы - халқының денсаулығына байланысты. Біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Денсаулық», «Салауатты өмір» ұғымдары денсаулықты сақтаудың басты терминдері ретінде У. Жәнібеков, К.С. Әбішев, К.Д. Ордабаев, А.К. Айтпаев, К.Б. Жарықбаев, В.В. Цистов, К.Ж. Қожахметова және т.б зерттеуші ғалымдар еңбектерінің өзекті мәселелері болып табылады және қазіргі кезде де жаңаша өрлеу үстінде. Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Амосов Н.М., Ақбердиева Д.Ф., Колбанов В.В., Зайцев Г.К., И.И.Соковня-Сейшона, А.С. Иманғалиев, Г. Сисенғалиева, Т.Г. Тынынбаева, Ж.З.Торыбаева, С. Исаев, Е.Г. Жук және т.б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы оқушының алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін кезеңді тізбектей анықтау қажет екендігін айтады.
А.С. Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету. Г.Д. Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты «білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр». Ж.З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіреді.
Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы, тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,“…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Республикамызда жақсы дамып келе жатқан салалардың бірі - спорт саласы. Дүбірлі додалар мен байрақты бәсекелерден жүлделі орын алып жүрген спортшыларымыздың жеңісі осыған дәлел болса керек. Бұл ретте спорт саласының жаңаша серпіліс алып дамуына билік тарапынан игі бастамалар көтеріліп, тамаша жағдай жасалуда.
Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мәселелерді шешу қарастырылады:
● халықаралық талаптарға жауап беретін спорт кешендерін салу;
● білікті мамандармен қамтамасыз ету;
● спорт ғылымын дамыту;
● денешынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
● халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру;
● Қазақстан Республикасының оқу орындарында көптеген спорт шараларын ұйымдастыру арқылы жастар арасында спортқа қызығушылықтарын тудыру.
Заңды жетілдіру үшін мемлекеттік органдарда «Дене шынықтыру және спорт» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жасалды.
Республиканың әрбір аудан орталығында және қалаларда типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, сонымен қатар елдегі әртүрлі аймақтарында халықаралық стандарттарға жауап беретін және елдің құрама командасының сұранысын қанағаттандыратын ететін заманауи спорт ғимараттарының құрылысын қамтамасыз ету мақсаты тұр.
Саланың дамуына әсер ететін басты факторлардың бірі білікті мамандар болып табылады. Осыған орай, ҚР Туризм және спорт министрлігі келесі қадамдарды қабылдап отыр:
– Олимпиада, Азия ойындарында жоғары спорт нәтижесін көрсетуге қабілетті жаттықтырушылар мен спортшылармен келісім-шарт жасалды;
– жекелеген спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командамен жұмыс істеуге шетелдік жаттықтырушылар мен мамандар шақырылды;
– Олимпиада ойындарында спортшылардың көрсеткен сәтті нәтижесін материалды түрде ынталандыру ;
– спорт түрлері бойынша ұлттық құрама жаттықтырушы-оқытушылары мен республикалық спорт ұйымдарының басшыларының жалақылары көбейтілді;
– дене шынықтыру және спорт саласы мамандарына арналған біліктілігін арттыру орталықтары;
– бокс, күрес, велоспорт және ауыр атлетика бойынша 4 мамандандырылған олимпиадалық дайындау орталықтарын ашу мәселесі қарастырылуда.
Сонымен қатар, елімізде тек заманауи спорт түрлеріне ғана көңіл бөлмей, ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселесіне айрықша назар аударылатын болды.
Қазіргі таңда елімізде ұлттық спорттың алар орны ерекше. Бір кездері кенжелеп қалған ұлттық ойындарымыздың әлемдік ареналарда ойналып жүргені көңіл қуантады. Республикамыздың әрбір өңірлерінде ұлттық спортқа көңіл бөлініп, әртүрлі деңгейдегі шаралардың көптеп ұйымдастырылуы төл спортымыздың толағай табыстарды бағындыра бастағанын аңғартқандай.
“Ұлттық спортты Ата Заң да ұлықтайды” дегендей, еліміз егемендік алғаннан бері Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық спортты да қарқынды дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселесі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсанындағы №490 Заңында көрініс тапқан. Осы Заңның 2-бабы «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері» деп аталып, соның 10-тармағында «ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту» барысы айқын белгіленген. Бұл Заң дене шынықтыру мен спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көпшілік дене шынықтыруды, әуесқой және кәсіпқой спортты дамыту мен қызметін қамтамасыз етудің құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындап берді. Еліміздің басты құжаты ұлттық спорт ұлтымызды биік белестерге көтерері анық.
Қазіргі уақытта қазақ халқының ұлттық спорттық ойындарын дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Тіпті ұлттық спортқа жаны ашитын аптал азаматтардың көптеп шығуы қазақ спортының дамуына тың серпін бергендей. Дәл осылай ел арасында кең етек жайып келе жатқан спорттың бір түрі – Көкпар.
Кешегі ата-бабаларымыз келешек ұрпаққа мирас етіп қалдырған бұл спорт түрі барша қазақстандықтардың сүйіп тамашалайтын спорты десе де болады. Аталмыш спорт түрі өзге елдерге қарағанда Қазақстан Республикасында жақсы дамыған. Бұған көкпар ойыны бойынша 2001 жылы құрылған халықаралық «Көк бөрі» федерациясы дәлел бола алады. Құрамына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Түркия және Қазақстан мемлекеттері мүшелік ететін федерация көкпар ойынының әлемдік деңгейде дамуына көп септігін тигізіп отыр. «Көк бөрі» халықаралық федерациясының қолдауымен Ататүрік Кубогы, Еуразия Кубогы, Орта Азия және Қазақстан чемпионаты, Қырғызстан Республикасы Президентінің Кубогы өткізілетінін есепке алсақ, көкпардың әлі талай биіктерді бағындыратыны күмән тудырмайды. Жоғарыда аталған елдердің арасында қазақ елінің шоқтығы биік екені даусыз.
Азаматтарымыздың спортпен шұғылдануы - халық денсаулығын қорғауы, өскелең ұрпақтың сау генофонды, халықтың демократиялық өсуіне әсер ететін, ел экономикасын көтеру мен қорғаудағы басыңқы мақсат болып табылады.
Елімізде күннен күнге спорт және дене шынықтыру салаларының қарқынды дамуы байқалады. Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекетімізде спорттың өркендеуі тек спорт инфрақұрлымын дамытуымен шектелмей, сонымен қатар, халықаралық дәрежедегі шаралар өткізуде. Осыған басты дәлел - 2011 жылы Алматы қаласында 7-ші қысқы Азия ойындарының өткізілуі туралы шешім . Азия - 2011 өткізу Қазақстанның тек имиджіне әсер ететін емес, елдегі қысқы спорт түрлерінің инфрақұрылымын құруға әсер етуші саяси шешім болып табылады. Азия ойындарын жоғары дәрежеде өткізу - елімізге үлкен абырой. Бұл өз кезегінде Республикамыздың дүниежүзілік саяси аренада беделін биік дәрежеге көтереді. Демек, Елбасының тарапынан денешынықтыру мен спорт саласына жете мән беріліп, қамқорлық та жасалып жатыр. Демек, тұтас қоғамның белсенді іс-қимылы қажет. Жоғарыда келтірілген түрлі жобаларды ескеріп , оларды жүзеге асыру барысында мемлекеттің ең бағалы капиталы -дені сау азаматтар екенін ұмытпауымыз жөн.
Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер! Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанның әр азаматы дене шынықтыру мен спорт өнеріне көп көңіл бөлуі жөн. Өйткені, жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!
1.«М.Әуезов-жаңа дәуір данышпаны» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент, 2007. 112-114б.
2. Қазақстан 2030 бағдарламасы
3. Дене шынықтыру және спорт туралы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І Қазақстан Республикасының Заңы (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.