Перейти на главную страницу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Международная научно-практическая конференция
«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
International science-practical conference
«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»
devoted to 7th winter Asian games
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
4-5 ақпан, 2011 жыл
Международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
4-5 февраля 2011 года
Астана
УДК______
ББК______
Қ________
Бас редакторы/Главный редактор
Редакция алқасы/Редакционная коллегия
Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск
«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет
«Современные проблемы физической культуры и спорта»:
Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.
ISBN _________ УДК_____
Қ ____________ ББК__________
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011
ҚАЗІРГІ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
Д.Ж. Боранбаева
Оқытушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы
А.Б. Мейірман
Оқытушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы
Заман талабы отандық жоғары білім беру жүйесінің әлемдік білім үрдісіне интеграциялануын талап етеді.
Жоғары білім беруді жетілдірудің негізгі мақсаты біздің мамандардың әлемдік талапқа, бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім беру жүйесінің даму тәжірибесін зерттеу және ұлттық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Ұлттық білім жүйесін реформалаудың үрдісі тек қана отандық және шетелдердің білім саласындағы ең үздік жетістіктерін тиімді ұштастыра алғанда ғана нәтижелі болары сөзсіз.
XX-XXI ғасырда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі әдіснама дағдарысы, құрылым, мазмұн мен форма бөлінісі жағдайында дамыды. Идеологиямен тығыз байланысқан кеңестік жүйе ескіріп, ал жаңа жүйе деңгейі оның әлемдік білім кеңістігіне кірігуіне жеткілікті болмады. 1991-1999 жылдар аралығындағы қазақстан жоғары білім жүйесін тез арада қалыптастырудың ұйымдастырушылық нормативті шарттарының жасалынуы 2000жылы жоғары білім саласындағы қызмет көрсету сапасына және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу мүмкіндіктеріне жағымсыз әсер етуші басымдықтардың артуына әкелді. Ұлттық жоғары білім саласы дамуы бағытына адекватты түзетулер енгізудің объектіивті қажеттілігі туындады. Мемлекеттің әлемдік экономикалық міндеттерін шешуге қол жеткізу және әлемдік білім кеңістігіне бірігу жолында жоғары білім сапасын арттыру миссиясы аталмыш салада жүзеге асушы реформалар мазмұнын анықтайды.
1999-2007 жылдар аралығында білім саласында мемлекеттік саясатты сатылап жүзеге асырудың механизмі мен міндеттерін, мақсаты мен негізгі қағидаларын және білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін анықтаушы стратегиялық құжаттар жасалды (БСБҰЖ). Реформалар нәтижесінде бүгінгі күнге дейін Қазақстанда «Білім туралы» заңға сәйкес анықталған жалпыға бірдей мемлекеттік білім стандарты мен тұлға, мемлекет және қоғам қажеттіліктеріне сәйкес жасалған білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі қалыптасып қызмет етуде. 55 бапқа сәйек білімдік мониторинг білімді бағалаудың ішкі және сыртқы құралдары арқылы орындалады. Бұдан басқа бағалаудың білімдік ұйым қызметкерлері мен сыртқы субъектілердің қатысуымен жүзеге асатын аралас құралдары да қалыптасты. Ондай құралдарға білім алушыларды бағалау мемлекеттік және эмтихандық аттестациялық кеңес арқылы ұйымдастырылатын қорытынды аттестациялау (МАК және МЕК), сонымен қатар жоғары оқу орындары рейтингі үрдістері жатады.
Қазақстанның жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу әдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
ҚР Білім жєне Ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын” дайындап, көрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын.
Жоғары білім беру жүйесін дәстүрлі принциптермен басқару, жоғары білім беру саласындағы елеулі өзгерістердің қажеттілігінің арасындағы қайшылықтарды шешу қажеттілігі жаңа әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлармен байланыстырылады, жоғары білім берудің басты мақсаттары және құндылықтарының өзгертілуі барлық жоғары білім беру жүйесіндегі даму тенденциясын анықтайды. Жоғары білім беру қызметі саласында Сапа менеджмент жүйесін қалыптастырғанда ғана жоғары оқу орны қарқынды дамуы мүмкін.
Кәсіби қалыптастырудың немесе кәсіби мамандарды қайта қалыптастырудың теориялық негізін жетілдіру, олардың саласын кеңейту және педагогикалық зерттеулердің фундаменталдық және қолданбалы ғылыми жаңа бағыттарын дамыту, университеттің жоғары білім беру үдерісіне Сапа менеджменті жүйесін енгізу, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу негізінде білім беру және білім алу қызметтерінің саласын арттыру, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, соның ішінде дарынды жастардың потенциалдарының өсуіне инновациялық демеу жасалынатындай университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады. Жоғары оқу орындарындағы білім беру қызметінің сапасын арттыру мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық мақсат және нарықтық қатынас жағдайында ЖООның дамуы мен одан әрі жетілуін қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады.
Қазіргі жоғары білім сапасын басқару мәселесінің жай күйі ең алдымен сыртқы орта факторларымен, дәлірек айтқанда басты құрам түзушісі еңбек нарығы болып табылатын субъетілер іс әрекетінің әлуметтік экономикалық жағдайларымен анықталады. Еңбек әлемі радикалды түрде өзгеретіндіктен, студенттердің алғашқыда алған білімдерінің көп бөлігі жылдам ескіріп үлгереді. Өндірістік сектормен үнемі және интерактивті әріптестік байланыстар жоғары маңыздылыққа ие және барлық оқу орындарының жалпы міндеттері мен іс әрекетіне енуі қажет. Жоғары кәсіптік білім саласы саяси деңгейде экономикалық сипаттағы қажеттіліктерді қананағаттандыруға бағытталған реформалардан тыс қалмайды.
Бүкіләлемдік банк сарапшылары А. Адамс, Д. Мидлтон және А Зайдерман ЮНЕСКОның «Болашақ. Білім сауалдары» журналына жариялаған мақалаларында: «экономикалық және білімдік саясаттың тығыз байланыстылығы, сонымен қатар кәсіптік білімге бөлінген құралдар диверсификациясы оқытудың мемлекеттік құрылымы қолайлылығын жетілдіру, оның нәтижелілігі шараларымен толықтырылуы қажет», деп көрсетеді. Сонымен қатар өз еңбектерінде жоғары кәсіптік білімнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленген білім сапасымен қамтамасыз ету, еңбек нарығында білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби мобильділігін арттыруды атап өтеді.
Үнемі өзгермелі сипаттағы нарық жағдайында жоғары білім мен оқытуды жоспарлау өзінің механикалық қасиетін сақтамайды.
Жоспарлау – білім сапасын басқарудың бөлінбес бөлшегі. Оқытуды басқару үрдісі ретінде қарастырған В.А.Якунин педагогикалық іс әрекеттің келесідей қызметтік компоненттерін бөледі:
1. Мақсатты анықтаушылық – білім алушы, тәрбиеленуші тұлғасын жобалау немесе болашақ маман нобайын қалыптастыру үрдісі ретінде көрінеді.
2. Ақпараттық – оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын құрайды.
3. Болжамдық – оқытудың жүзеге асырылуының белгілі жағдайларындағы жақын және қашық нәтижелерін болжаумен анықталады.
4. Шешім қабылдау – тұлғаға жеке және ұжымдық ықпал етудің тиімді жолдарын таңдауға бағытталған.
5. Орындауды ұйымдастыру – оқу тәрбиелік жоспарлар, бағдарламалар мен педагогикалық шешімдерді жүзеге асырумен байланысты.
6. Қарым қатынас және коммуникация - оқуту үрдісі қатысушыларының өзара әрекет етуінің түрлі жолдары мен формаларын анықтайды.
7. Бақылау - түрлі уақыт аралығындағы оқыту мен тәрбие нәтижелерін бағалауды ұсынады.
8. Түзету – оқыту үрдісі қатысушылары мінез құлқы мен психикасындағы қажетсіз ауытқулар ен өзгерістерді болдырмауды білдіреді.
Өз кезегінде кейбір зерттеушілер түлек даярлау сапасын басқаруды болашақ маман қалыптасуын, білімі мен біліктілігін, дағдыларын тиімді қолдануды қамтамасыз етуші факторлар мен жағдайларға барлық деңгейде үнемі жоспарлы, мақсатты ықпал ету үрдісі деп түсіндіреді.
Бүгінде қазақстандық жоғары білім беру саласында екі түрлі тұжырымдамалық стратегия арасында пікірталастар туындайды: қазақстандық білімнің батыстық үлгіде модернизациялануы немесе білім жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін арттыру және дамыту мәселелері.
Білім сапасының батыстық стандартын қолдаушылар пікірі бойынша студент негізгі білімдік қызметті тұтынушы, бұл сипаттама кәсіптік білімді индивидке әлеуметтік рөлдік білім мен құндылықты бағдар беретін екінші реттік әлеуметтенуі ретінде түсіндіретін дәстүрлі тұжырымдаманы теріс айналдырады.
Батыстық жоғары білім сапасын басқару жүйесіне қатысты барлық келістері халықаралық сапа стандарты ИСО 9000 сериясында белгіленген TQM - Total Quality Management (Сапаны жалпы басқару) тұжырымдамасымен анықталған. Берілген стандарттарда сапа жүйесі терминдері мен анықтамалары, оны мекемелер мен ұйымдарға енгізу жолдары, сапаны басқару әдістері және т.б. ұсынылған.
Бүгінгі күні өркениет дамуының алдағы көріністері мен білім негізінде құрылымдалатын және қалыптасатын тұлға қабілеттері мен қасиеттері арасындағы іргелі байланыс айқын байқалады. Бұл тұжырым тұтастай қоғам өмірінің барлық жақтары: саясат, экономика, өндіріс, ғылым, мәдениет, әлеуметтік сала үшін әділ. Академиялық қауымдастықтың мүшесі ретіндегі, жоғары оқу орындарының өздерінің өмір сүруін, өздігінен даму қабілетін қамтамасыз ететін өз мақсаттары бар. Жоғары оқу орындарының мақсаттары азаматтардың жалпы, ғылыми және кәсіби мәдениетін көтеруге, олардың адамгершілік және мәдени даму қажеттіліктеріне сәйкес болуы керек. Білім берудің жалпы мақсаты бітіруші бойында кәсіби және тұлғалық сапаларды жоғары қалыптастыру, бұл оқу орны жұмысының соңғы нәтижесі болып табылады.
Жоғары білімнің даму тенденцияларын анықтауда келесі қарама-қайшылықтар орын алуда:
- болашақ маман дайындау мазмұнының білімдік бағыттылығы мен кәсіби іс-әрекеттің практикалық сипаты арасындағы;
- маман дайындау сапасын бағалауға консервативті, кертартпа келіс және кәсіптік еңбек нарығындағы динамикалық тенденциялар арасындағы;
- маман дайындау сапасын бағалаудың тиімді диагностикалық әдістемелер кешеніне деген қажеттілік пен ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі арасындағы;
- еңбек нарығының маманға қояр талаптары мен ЖООның бәсекелестікке қабілетті маман дайындауға дайындығы арасындағы;
- маман дайындау деңгейін бағалаудың қалыптасқан субъективті жүйесі мен студенттердің өз кәсіби сапаларын адекватты бағалауға бағыттылығы арасындағы. Дегенмен соңғы он жылдықта әлемдік жоғары білімнің дамуында келесі тенденциялар орын алуда:
- нарықтық қатынастарға қатысу; (Қаржы қиыншылықтары университеттердің нарықтық экономика субъектілеріне тасымалдануымен анықталады);
- дәстүрлі білім жүйесінің стандартталу, диверсификациялану, реформалану үрдістері;(жоғары оқу орындарының қоғам қажеттіліктеріне бағытталуы);
инновациялық оқыту технологияларының кең таралуы;(компьютерлік, дистанционды);
- ақпараттанудың жоғары дамуы;(ұлттық және жаһандық ақпарат желілеріне қосылу үрдісі);
- университеттік білім мен ғылымның интеграциялануының дамуы;
- қосымша білімдік қызметтердің дамуы;
- университеттердің автономдылығын кеңейту, басқару мен аккредитациялаудың эффективті механизмдерін қалыптастыру.
Жиырма бірінші ғасыр білімінде тұтастай, жауапты тұлғаның қалыптасуын бірнеше жүйе құраушы қағидалар шегінде анықтауға болады:
- Білімнің іргеленуі қағидасы оқу іс- әрекетінің онтологиялық және гносеологиялық аспектілерінің бірлігін жүзеге асырады, жаратылыстану және гуманитарлық білімнің бытыраңқылығын алдын алуға, білімдер жүйесінің транспәнділік идеясына сәйкес әлемнің тұтас бейнесінің қалыптасуына негіз болады;
- Ақпараттандырылуы мен компьютерлендірілуі негізіндегі білімнің ашық жүйелік қағидасы инновациялық, ғылыми білімдік технологияларды игеруге мүмкіндік туғызады;
- Білімнің озыңқылығы қағидасы білім беру саласының өзге әлеуметтік экономикалық құрылымдар аумағындағы приоритетті дамуын шамалайды, білімдік үрдістердің ерекше тобы ретінде зерттеушілік пен жобалауды нығайта отырып, білімнің барлық құрылымында дамыған ғылыми зерттеушілік және жобалық іс- әрекеттің өзарабірігуі мен арадағы органикалық байланысты қамтамасыз етеді;
- Білімнің тұтастылығы қағидасы жалпы, арнаулы және қосымша білімнің барлық формадағы, барлық білімдік институттар түріндегі бірлігі қалпын сипаттайды, білімнің мәдени және табиғи сәйкестілік және заңдылығына сәйкес біліми ортаның құрылуын, оның тұлғалық бағдарлы білім мазмұнына қарай білімдік үрдіске қатысушы әрбір тұлғаның жеке дамуына қажетті ресурстармен толығуын қамтамсыз етеді;
- Білімнің вариативтілігі қағидасы оның көпжақтылығы бірлігі ретінде әр адамға өзінің жеке білімдік бағытын таңдауға және оны жасауға, дамытушылық білімнің басты мәнділігіне сәйкес өз білімі мен өзіндік дамуының субьектісі болуға мүмкіндік береді.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.
«современные проблемы физической культуры и спорта» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
25 12 2014
1 стр.