Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan




«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Международная научно-практическая конференция
«СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
International science-practical conference
«MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND SPORT»
devoted to 7th winter Asian games
Астана қаласы – 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»
VII – Қысқы Азия ойындарына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
4-5 ақпан, 2011 жыл
«Современные проблемы физической культуры и спорта»
МАТЕРИАЛЫ
Международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм
4-5 февраля 2011 года
Астана
УДК______
ББК______
Қ________
Бас редакторы/Главный редактор
Редакция алқасы/Редакционная коллегия
Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск
«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері»: VII – Қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (4-5 ақпан, 2011 жыл)/ Жалпы ред. Басқарған А.Ә.Жұмаділханов. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет
«Современные проблемы физической культуры и спорта»:
Материалы международной научно-практической конференции посвященной 7-ым Зимним Азиатским играм 4-5 февраля 2011 года (4-5 февраля 2011 года)/ под общей ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр.
ISBN________________
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы Азия ойындарына арналған «Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне» арналған баяндамалар беріледі. Жинақ материалдарын жоғары білім саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.
В материалах международной научно-практической конференции предоставлены доклады посвященные 7-ым Зимним Азиатским играм «Современные проблемы физической культуры и спорта». Опубликованные материалы могут быть использованы в научно-исследовательских и практической деятельности специалистами, работающими в области высшего образования, учеными, соискателями.
ISBN _________ УДК_____
Қ ____________ ББК__________
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011
Секция 3. Спортивно-ориентированное физическое воспитание и развитие спортивных талантов
ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ АКАДЕМИЯСЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ ДЗЮДО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН МЕҢАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ АКАДЕМИЯСЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ ДЗЮДО ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРУІ
Ә.Е. Ағаділов
П.ғ.к., доцент, Қаржы полициясы академиясы, Астана қаласы.
Н.Қ. Қамбаров
Доцент, Қаржы полициясы академиясы, Астана қаласы.
Тарихи деректерге сүйенсек дзюдоның құрылуы жапон педагогы Дзагиро Кано есімімен тығыз байланысты. Ол 17 жасынан бастап дзю-дзюцудың әдістерін зерттейді, күрес барысында шеберлігін шыңдаған Д. Кано қалыптасқан тұжырымын жасайды. 1982 жылы өзінің жеке тәжірибесін ашқаннан соң, институт дзюдо Кодакон (Токиода) 5 бойы барлық әдіс тәсілдерді сынақтан өткізеді. Дзюдода адам денсаулығына кауіпті жарақат туғызатын, жанды нүктелерді зақымдайтын әдіс-тәсілдердін бәрін алып тастайды. Себебі бұл жаңа әдіс Д. Каноның пікірінше бейбіт заманда өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығының ғана емес жан дүниесінің де қалыптасуына да зор ықпал етуі керек. Осылайша дзюдо күрес өнері ғана емес, үлкен спорттық бірлестікке, жастарды тәрбиелейтін тұрақты спорт түріне айналды. Дзюдо дзю-дзюцу мектебінің мықты қарсыласына айналды. 1986 жылы Жапон министірі арнайы ашылған бірнеше дзюдо мектептерінде тәрбиеленушілерімен жекелеген кездесулер ұйымдастырады, оның ішінде кодокан-дзюдо да бар. Дзигоро Кано шәкірттері 13 рет жеке кездесуде жеңімпаз атанды, 2 рет теңбе-тең нәтиже көрсетеді.Осылайша дзюдоның қалыптасқан тәжірибе нәтижесі жаңа бағытта дзюдоны армияда, полицияда, арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқыту керек деген пікір енді толық орындала бастады.
Біздің зерттеулеріміздің мақсатын анықтауда Қаржы полициясы академиясы тыңдаушыларының оқу барысындағы дзюдо күресінің әдіс-тәсілін орындауын математикалық және эксперттік бағалау әдісі қолданылды.
Қаржы полициясы академиясының дене тәрбиесі сағаттары жалпы дене дайындығы, қоян-қолтық ұрыс, дзюдо бағыттарына бөлінеді. Жыл бойына жүргізілген жұмыстар барысында (1 кестеден) дзюдо бағытында тыңдаушылардын сынақ көрсеткіштерінің жақсарғаның көруге болады.
Қимыл-қозғалыстың корытынды бағасы оқыту барысында екі жағдайда оң көрсеткіш беріп отыр. Егер І-ші сессияда дзюдо бойынша сынақ көрсеткіштері 5 балдық баға бойынша, 4 балдан төмен болған болса, 2, 3 сессияда балл көрсеткіштері 4,11 балға дейін өскенің көруге болады. Одан әрі сынақ балдарының тек жоғары көтерілуі байқалады.
Өзін-өзі корғану үшін дзюдо күресі мен қоян-қолтық ұрысының барлық әдіс-тәсілдері қолданылады. Дзюдо күресінің әдіс-тәсілдері үрену барысында өзін-өзі қауіпсіздендіру, қауіпсіздендіру, тепе-теңдікті сақтау, одан әрі лақтыру әдіс-тәсілдері, аяқ-қолды ауырту және тұншықтыру бойынша жүргізіледі.
1 – кесте Қаржы полициясы академиясы тыңдаушыларының дзюдо күресі бойынша балдық көрсеткіші
Курс | Сессия | Статистикалық баға |
n |
| S |
-
| P |
1
|
1
2
|
9
9
|
3,83
4,11
|
0,78
0,33
|
-
0,28
|
-
-
|
2
|
3
4
|
9
9
|
4,00
4,33
|
1,00
0,71
|
0,17
0,50
|
-
-
|
3
|
5
6
|
9
9
|
4,67
4,22
|
0,71
0,83
|
0,84
0,39
|
<0,05
-
|
4
|
7
|
9
|
4,67
|
0,50
|
0,84
|
<0,05
|
Қаржы полициясы академиясы тыңдаушыларының дзюдо күресі боынша салыстырмалы көрсеткіш сапасын анықтау барысыда мынандай қорытынды алынды: жағары балл көрсеткіштері төрттағанға жатқызу 2,88 балл, алдыға және артқа лақтыру кешені, арқамен басып төрттағанда ұстау, алдынан аяқпен шалу, арқаға жатқызып төрттағанда ұстау, аяқ орауды көрсетіп аяқты алдынан шалу 2,78 балды көрсетті, төртағаннан шығу, иықтан асыра лақтыру, аяқтын сыртынан қағу, өзінен асыра лақтыру және аяқты орауды көрсетіп аяқты қағып лақтыру 2,75 балды көрсетті. Төмен балл көрсеткіштері аудару 1,67 балл, ұстаудан шығу 1,88 балл, қолды ауырту 1,89 балл, тепе-теңдіктен шығару, өзін-өзі қауіпсіздендіру, қауіпсіздендіру 1,89 балл, жағадан алып қылқындыру 1,89 балл көрсетті. Дзюдо күресінің әдіс-тәсілдері мен жаттығуларының төмен көрсеткіштерін тыңдаушылар бірінші оқу жылында көрсетеді.
Төртінші семестірде (екінші курста) тыңдаушыларда дзюдо күресінің кейбір әдіс-тәсілдерін дұрыс орындауларын көруге болады. Бұл арттан шалу 2,63 балл, аяқтың жанынан шалу, қолдан ұстап иықтан асыра лақтыру және ұстаудан шығу барлығы 2,75 балды көрсетті. Бірақта, семестр бойынша жалпы бағаның өсу көрсеткіштері шамалы ғана(4,33 балл P>0,05 болғанда).
Бесінші семестрде үретілген әдіс-тәсілдер жоғары техникалық деңгейде көрсетілді, көбінде бес деген балға. Өте жақсы нәтиже көрсеткен төрттағаннан аудару, алдыға лақтыру, артқа лақтыру, арқасымен басып ұстау және аяқты орап лақтыру 2,78 балл. Сонымен бірге арқадан асыра лақтыру 2,67 балл және шиіре лақтыру 2,56 балл әдіс-тәсілдерінің орындау техникасының жақсарғаның көруге болады.
Жетінші семестрде дзюдо күресі боынша салыстырмалы көрсеткіш сапасының өте жақсы деген бағаға жақсарғаның көруге болады. Өзінен асыра лақтыру және аяқты орауды көрсетіп аяқты қағып лақтыру 2,75 балл. Оқу-жаттығу жарыстарының да көрсеткіштерінің жақсарғаның көруге болады 2,63 балл.
Қорыта келе, дзюдо күресінің әдіс-тәсілдерінің оқу-жаттығу сабақтары және оны жетілдіру тыңдаушылардың дзюдоға деген қызығушылықтарын бойқауға болады. Бесінші семестрде, алдыға және артқа лақтыру нәтижелерінің сапасы жақсарғаның көруге болады. Тыңдаушылардың дзюдо сабағына қатысуы, қызығушылықтары, әдістерді игерудегі шеберліктері қатан бақыланады. Бұндай жоғары даму барысы жылдық оқыту жүйесінде де шешімі қиын әдіс-тәсілдерді жеңіп шығуда оңтайлы шешім беруде. Тыңдаушылардың дзюдо күресімен белсенді айналысуы және оқу-жаттығу жарыстарына қатысулары олардың сессия кезінде сынақтар мен эмтихандарды жоғары деңгейде тапсырулары байқалады. Дене дайындығының арнайы жаттығуларының көмегісіз экстремалды жағдайларда өзін-өзі қорғау әрекеттерін жасау мүмкін емес. «Дене дайындығы» терминінің астарында дене тәрбиесінің (күштілік, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) сапалары анықталады. Өзін-өзі қорғаудың алғашқы дайындықтарының деңгейі орташадан төмен болмауы тиіс.
Литература:
1. Дзюдо. Система и борьба: учебник / Ю.А. Шулика и др. – Ростов на Дону: Феникс, 2006. – 800 с.