Перейти на главную страницу
Жүйелі зерттеу жолының ең маңызды кезеңдерінің бірі австриялық биолог Людвиг фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясы, сонымен бірге әр түрлі кибернетика контексті және ақпараттық теориялар жүйесіндегі зерттеулер (Р.Л.Акорфф, М.К.Мессарович, А.Раппопорт, У.Р.Эшби) болып табылады.
ХХ ғасырдың 20 жылдары жүйелі жол, ең алдымен Л.фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерекшеленді және нақты пәндердің танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды.
Жүйелі зерттеу жолының принципінің кеңестік психологияда екі басты ғылыми ойлар аймағымен байланысты: философиялық- әлеуметтік және жаратылыс-ғылыми.
Орыс философиялық ойларындағы ең өңделген тақырыптардың бірі тұлғаның толықтылық идеясы болып табылады. (И.Б.Котова, 1996) Тұлғаны тәрбиелеу мақсатында толықтылық идеясымен байланысты мәселелерді көптеген ғалымдар қарастырды (Н.А.Бердяев, Н.Я. Грот,Э.В.Ильенков, Л.П.Карсавин, К.Н.Леонтьев, А.Ф.Лосев, Н.О. Лосский, М.К.Мамардашвили, Н.К.Михайловский,Л.И.Петражицкий, В.В.Розанов, В.С.Соловьев, П.А.Сорокин, М.М.Троицкий, П.А.Флоренский, С.Л.Франк, Г.И.Челпанов және т.б.).
Адамды жүйелі зерттеу психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктермен де тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы өңдеулер психологияның объектісі адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын түсінуге мүмкіндіктер берді.
А.П.Нечаев,В.М.Бехтерев,А.Н.Бернштейн;Н.Е.Румянцев,А.Ф.Лазурский, А.А.Токарский, С.С. Корсаков, Н.Н.Ланге еңбектеріде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.
Психиканың жүйелі табиғатын зерттеуде кеңестік психологияда мәнді қадам жасағандар: Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов және т.б. Мінез-құлық және іс-әрекеттің жүйелі талдауы П.К.Анохин, А.Н.Леонтьев, Н.А.Бернштейннің есімдерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезеңде психологиядағы жүйелі жолдың дамуы құрылым, деңгейлерді және олардың толыққанды қызмет жасауын зерттеумен қатар, ең алдыңғы орынға дамуы мен қалыптасуында қояды. Жүйелі зерттеу бойынша генетикалық бағыт доминантты болып отыр. Кілтті сапа ретінде толықтылық, даму кезеңдері мен деңгейлерінің қатынасы, олардың түрлері, критерилері, психикалық дамудағы өзекті және потенциялды өзара қатынастың туындау механизмдері мәселелерін қарастырады.
Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. ( В.С.Мерлин, 1986).
Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады:
Дифференциалды психология психология ғылымының басқа салаларымен тығыз байланыста. Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нәсілдік, гендерлік айырмашылықтарды,іс-әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады.
Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.
Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.
Индивидуалды психикалық вариацияларының көздерін анықтау – дифференциалды психологиядағы негізгі мәселе. Индивидуалды айырмашылықтар тұқымқуалаушылық пен орта арасындағы күрделі және көптеген өзара әсерден пайда болатыны белгілі. Тұқымқуалаушылық биологиялық түрдің тұрақты өмір сүруін қамтамасыз етсе, орта - өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделу мүмкіндігі мен өзгергіштігін қамтамасыз етеді.
Тұқымқуалаушылық эмбрионның ұрықтану кезінде ата – ананың гендері арқылы беріледі. Егер химиялық баланисровка немесе гендер толық емес болатын болса, дамып келе жатқан ағзада физикалық аномалия немесе психикалық патология болуы мүмкін. Бірақ, кейбір қарапайым жағдайда да биохимиялық, физиологиялық, психологиялық - әр түрлі деңгейдегі реакция нормаларының қосындысының нәтижесі тұқымқуалаушылық мінез-құлық вариацияларының кең спектрін беруі мүмкін. Ал тұқымқуалаушылықтың ішкі шекарасының соңғы нәтижесі ортаға тәуелді. Осылайша, адамның белсенділігінің әрбір көрінісінен тұқымқуалаушылықтың және ортаның әсерлерін табуға болады, ең бастысы – бұл көріністің мазмұны мен шегін анықтай алу.
Сонымен қатар адамда жануарда жоқ әлеуметтік тұқымқуалаушылық бар (мәдени үлгінің ізімен жүру, акцентуацияның берілуі, мысалы, анасынан баласына суық аналық тәрбиенің салдарынан шизоидты мінез акцентуациясының берілуі, жанұялық көріністің қалыптасуы). Бұл жағдайларда көбіне бірнеше ұрпақ барысындағы ерекшеліктердің тұрақты көрінуін анықтайды, бірақ генетикалық шегендеусіз белгілейді.
А. Анастази пікірінше, әлеуметтік мұра шын мәнінде қоршаған орта әсеріне қарсы тұра алмайды.
«Өзгергіштік», «тұқымқуалаушылық», және «орта» түсініктеріне қатысты бірнеше пайымдамалар бар. Тұқымқуалаушылық түрдің тұрақтылығына жауап береді, дегенмен тұқымқуалаушылықтың белгілері өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ортаның әсер ету салдары индивидтің психологиялық бейнесінде біршама тұрақты болуы мүмкін, дегенмен олар ген арқылы келесі ұрпаққа берілмейді (мысалы, туғанда алған жарақаттың салдарынан бала дамуының бұзылуы).
Даралықтың қалыптасуындағы екі фактордың үлесін түрлі теориялар мен ықпалдар әр түрлі бағалайды. Олардың биологиялық, орта, әлеуметтік – мәдени детерминацияны таңдауға байланысты келесі теориясылар тобы бөлініп шықты:
1. Биогенетикалық теорияларда индивидуалдылықтың қалыптасуы алдын ала анықталған туа біткен және генетикалық нышандар ретінде көрсетіледі. Даму бұл қасиеттердің уақытқа қатысты ашылуы, ал орта әсері өте шектелген. Биогенетикалық бағыт ұлт айырмашылықтарының бастауы туралы ұлтшылдық ілімнің теориялық негізі болып табылады. Бұл бағыттың жақтаушылары Ф. Гальтон мен рекапитуляция теориясының авторы Ст. Холл болды.
2. Социогенетикалық теориялар (тәжірибе приматын нақтылаушы сексуалды бағыт) алғашында адам таза тақта сияқты болады, ал оның барлық жетістіктері мен ерекшеліктері сыртқы шарттармен (ортамен) шартталған. Мұндай позицияны Дж. Локк ұстанған. Бұл теориялар біршама прогрессивті, бірақ олардың кемшілігі – баланы туғаннан енжар, әсер ету обьектісі ретінде түсінуі.
3. Екі факторлы теориялар (екі фактордың конвергенциясы) дамуды туа біткен құрлым мен сыртқы әсердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде түсінді. К. Бюлер, В. Штерн, А. Бине ортаны тұқымқуалаушылық факторына жатқызды.
Екі факторлы теорияның негізін қалаушы В. Штерн бір функция жайлы оның ішкі немесе сыртқы екенін сұрауға болмайтынын белгілеген. Бірақ екі факторлы теорияның шеңберінде де бала өзінде өтіп жатқан өзгерістердің енжар мүшесі болып қала береді.
4. Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функциялар туралы ілімі (мәдени – тарихи бағыт) даралықтың дамуы мәдениеттің – адам тәжірибесінің кеңеюінің арқасында екендігін пайымдайды. Адамның туа берілген қасиеттері оның даму шарттары болып табылады, ал орта – оның дамуының бастауы. Бала ересектермен қарым-қатынас жасау және бірлескен іс-әрекет ету нәтижесінде мәдениет мазмұнын игереді.
Тұқымқуалаушылық пен ортаның үлесінің маңыздылығын әртүрлі түрдегі дисперсия себеп мәндерін талдаушы сандық белгінің генетикасы анықтайды. Бірақ әрбір белгі қарапайым, бір аллельмен белгіленбеуі мүмкін (доминантты және рецессивтісі гендер жұбы болуы мүмкін). Сонымен қатар, қорытынды тиімділік әрбір геннің әсер етуінің арифметикалық қосындысы ретінде қарастырылмайды, өйткені олар бір уақытта көрініп, өзара әсерлесу арқасында жүйелі тиімділікке әкеледі. Сондықтан психологиялық белгінің генетикалық бақылау процесін зерттей отырып, психогенетика келесі сұрақтарға жауап алуға ұмтылады: 1. Даралық айырмашылықтардың қалыптасуын генотип қандай шекте анықтайды (яғни күтілген шектің вариациясы қандай)? 2. Бұл әсердің нақты биологиялық механизмі қандай (хромасомалардың қай бөлігінде сәйкес гендер шоғырланған)? 3.Гендердің ақуызды өнімі мен нақты фенотипті қандай процестер біріктіреді? 4. Зеттеуші генетикалық механизмдердің өзгеруіне әсер ететін сыртқы орта факторлары бар ма?
Тұқымқуалаушылық белгісі көрсеткіштер маңыздылығының абсолютті ұқсастығы бойынша емес, биологиялық ата – анасы мен баласының арасындағы көрсеткіштердің корреляциясының болуынан танылады. Зерттеу нәтижесінде биологиялық ата – ана мен баланы асырап алған ата – аналарының темпераменттерінің сипаттамаларының арасында ұқсастық табылады делік. Көбіне асырап алған жанұяда балалар жалпы және орта шарттарының айырмашылығын сезеді, соның нәтижесінеде абсолютті көрсеткіштер бойынша олар өздерінің асырап алған ата – анасына да ұқсап кетеді. Бірақ корреляциялар белгіленбейді.
Қазіргі уақытта тұқымқуалаушылық факторы мен ортаны жақтаушылардың арасындағы дискуссия өзінің өткірлігін жоғалтып отыр. Даралық вариацияларының көзін анықтауға арналған көптеген зерттеулер, ереже бойынша, ортаның немесе тұқымқуалаушылықтың нақты бағасын бере алмайды. Мысалы: 1920 жылдары егіздер әдісін қолданып жүргізген Ф. Гальтонның психогенетикалық зерттеулерінің арқасында биологиялық детерминацияланған сипаттамалар (ми көлемі, басқа өлшемдер) генетикалық анықталғаны, ал психологиялық сапа ( әртүрлі тест бойынша интеллектуалды коэфиценті) ортамен шартталатынына және үлкен айырмашылықтар болатыны анықталды. Оған жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусы, туу реті және т.б. әсер етеді.
Орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара әрекеттесуін зерттеу облысындағы қазіргі жағдай интеллектуалды қабілеттеріне орта әсерінің екі модельі бойынша иллюстратцияланады. Бірінші модельде Зайонч пен Маркус былай тұжырымдайды: Бала мен ата – ана қанша уақытты бірге өткізсе, соншалықты үлкен туысымен интеллектуалды корреляция коэфиценті жоғары болады, (Экспозиционды модель), яғни бала өзінің интеллектуалды қабілеті жағынан кім көп оны тәрбиелесе, соған ұқсайды, ал егер ата – анасы қандайда бір себептермен балаға аз көңіл бөлсе, онда ол апасына немесе тәрбиешісіне ұқсайтын болады. Екінші модельде қарама – қайшылық белгіленеді: Макаски мен Кларк оның идентификациясының пәні болып табылатын бала мен туысы арасындағы біршама жоғары корреляцияны бақылауға болады деген. (Идентификационды модель). Яғни ең маңыздысы – бала үшін интеллектуалды автаритет болу керек, сонда оған алыста тұрып әсер етуге болады, ал күнделікті бірігіп әрекет ету міндет емес. Бір – бірін жоққа шығарушы екі модельдің өмір сүруі тағы да дифференционалды – психологиялық теориялардың көбі тар органикалық сипатта екенін көрсетіп отыр, ал жалпы теориялар практика жүзінде қалыптасқан жоқ.
Орта түсінігі де өзгерді. Бұл жай ғана индивидтің барлық өмір барысында - ауа мен тамақтан бастап, жолдастарымен қарым қатнастарының дамып, қалыптасуымен аяқталаталып, жауап қайтаратын өзгертуші стимулдар қатары емес, бұл адам мен ортаның өзара әрекеттесу жүйесі. М. Черноушек ортаның келесі белгілерін көрсетті:
1. Ортада уақыт пен кеңістікте мықты шегенделген шектер жоқ. (яғни, фигура ретінде көрінетін адам болмыстың фоны болып табылады).
2. Ол барлық сезімдерге бірден әсер етеді.
3. Орта тек қана басты ақпаратты бермейді, сонымен қоса перефериялық ақпаратты береді.
4. Біздің қорыта алу қабілетімізге қарағанда, ол әрқашан біршама көп ақпараттан тұрады.
5. Орта іс - әрекетке байланысты қабылданады.
6. Кез келген ортаның материалды құндылыққа қарағанда психологиялық және символикалық маңыздылығы бар.
7. Қоршаған орта бір толық бүтін ретінде әрекет етеді.
Осыдан біздің бір уақытта бірнеше ортада өмір сүретініміз көрініп тұр.
У. Брофенбреннердің «Адамзат дамуындағы экология» атты кітабында экологиялық ортаны төрт концентративті құрлымынан тұратын ортадағы тұлғааралық өзара әсерлесулер мен рөлдердің іс- әрекет құрлымы болып табылады, яғни екі егіздерге қолданылады, біз ортаның дамуының ұқсастығын тұжырымдай алмаймыз, өйткені оларға түрлі талап, түрлі күтулер қолданылады, өйтекні олардың біреуі қолданылмастан ересегіне белгіленеді, ал басқасы – кішісіне белгіленеді. Мизожүйе – бір немесе бірнеше ортаның байланыс құрлымы. (жанұя мен жұмыс, үй және құрдастар тобы). Егер бауыры мен қарындасы бір мектепке барып, қарындасына үйге достарын әкелуге рұқсат беріп, ал ағасына рұқсат бермесе, онда екеуінің өмірлік әрекетінің мезожүйелері бір – бірінен айрықшаланады.
Экзожүйе – кеңістікте маңызды оқиғалар болатын орта (қарым – қатнас ортасы) балалар бір мектепке бара алады. Дегенмен сыныптастармен болатын өмірлік маңызды оқиғалар біреуіне маңызды, екіншісіне маңызды емес болуы мүмкін мысалы, драмалық үйірмеде. Және соңғысы макрожүйе – субкультура. (адамдар бағынатын заңдар мен дәстүрлер, құндылықтар). У. Бронфенбреннер макрожүйе адамның өмірін қалыптастыруында оның барлық «Ішкі» жүйелерін бағындыра отырып, маңызды рөл атқарады деп есептеген.
Егер елде туу мадақталмаса және балаға қарау үшін демалыс берілмесе, онда бала ананың депивациялық жағдайында өседі, ал осылайша микро, мизо,және экзожүйелер оның орнын басуға жеткіліксіз болып қалатыны түсінікті. Екінші жағынан, ішкі жеке жағдайларға тәуелсіз, негізгі өмірді қалыптастырушылар мен дүниетаным субкультурада сақталады.
У. Бронфенбреннердің көзқарасынша, орта екі негізгі өлшеуден тұрады: бұл адам өзі құмартып жүрген іс - әрекеті мен өзінің өмір барысында таңдайтын ұстаздарының мінездемесі. Адам дамуының әр сатысында ортаны таңдап, өзгертіп отырады. Сонымен қоса өмірінің барысында ортаның қалыптасуында өзінің белсенділік рөлін үнемі көбейтіп отырады.
Тағы бір орта құрлымын отандық атақты зеттеуші В. С. Мухина ұсынды. Ол орта түснігін – заттық әлем мен бейнелі – белгілік жүйелермен, әлеуметтік кеңістікпен, табиғи шынайылықпен түсіндіреді. Соған қоса адамның жетістіктерін көрсететін тілдік орта, қалыптастырушы орта жайлы айтады. (В. В. Рубцов). Сонымен бірге қазір еш күмәнсіз виртуалды орта жайлы айтуға болады. («томагоччн» феномендерінде компьютерге тәуелділікте және басқа обьективті өмір сүретін құбылыстарға қатысты аффективті тұрақты құбылыстарда көрінеді).
Осылайша, орта әсерлері (психикалық ерекшеліктермен) географиялық шарталған ландшафттпен, климатпен, және т. б. (географиялық детерминизм) – субьектке құнды және қажетті заттармен, культура және субкультураның мазмұнымен, және соңғысы адам қарым – қатнасының формасымен және сапасымен психикалық ерекшеліктердің анықтамасын білдіреді. Ортаның мазмұнын игеру – адамның өзіндік санасымен тұлғаға маңызды фактор болып табылады.
Биогенетикалық және социогенетикалықты жақтаушылардың концепцияларын қолданушының бірі Х. Вернердің ортогенетикалық концепциясы болып табылады. (Ортогенез – бұл тірі табиғаттың даму теориясы). Оның көзқарасы бойынша, барлық ағзалар өзінің төменгі дамуында кемелденген функциялармен туады. (Соның ішінде психикалықта). Олар ортамен әрекеттесе отырып, жаңа тәжірибе алады, ал бұл өз кезегінде әрекеттесудің минималдануын жаңадан анықтайтын жаңа функционалды құрылымдарда жаңа сапада бекітіледі. Осылайша, дамушы сатылардың ұйымдасуын білдіреді, бірақ келесілердің ұйымдасуын білдірмейді. Х. Вернер ағзаны сахнадағы актермен салыстырған: даму барысында сахнадан актерге жылжи бастайды. Оған тек қана енжар жауап қайтара бермей, саты жоғарлаған сайын ортаны басқаруды үйреніп келе жатқан, белсендірек болып келе жатқан индивидтің бастамашылығы жиі болады. Субьектінің мүмкіндігінің кеңеюі топтық мақсаттан кейінге қалдырылған және жоспарланған тапсырмаларға бас бұра алуынан көрінеді.
Басқа белгілі зерттеуші Дж. Вулвилл субьекттің белсенділігінің шегін өлшеуді белгілей отырып, субьект пен ортаның әрекеттесуінің төрт модельін ұсынды: «Ауруханалық төсек» модельі – адам өмірінің алғашқы айларын белгілейді, ол толығымен оның пассивтілігін білдіреді. «Луна парк» модельінде бала ортаның обьектілерін таңдай алады, бірақ олардың әсері өзгеріссіз қалады. «Жүзушілердің жарысы» атты модельде субьект өз жолымен жүреді, ал орта – тек қана өмір контексті. Және соңғысы «Теннис добы» модельі орта мен субьектінің үнемі өзара әрекеттесетінін сипаттаиды. (Бұл көзқарас жалпы Х. Вернердің ұстанымына сәйкес келгенін білдіреді).
Сонымен, психиканың индивидуалды айырмашылығын зерттегенде біріншіден, «Орта» және «Әлеуметтік әсер», екіншіден, «Тұқымқуалаушы» және «Биологиялық», үшіншіден, «Тұрақты» және «Тұқымқуаланған» деген түсніктерінің сәйкес келмейтінін мойындау маңызды факт блоып табылатынын есте сақтау керек.
Орта өзгеретіндіктен, адамның туа біткен мінез – құлық бағдарламасы да әр түрлі қарқынмен өзгереді. Адам психикасының өмір барысында дараланатыны көрініп тұр. Сонымен қатар онда ортаның әсерінің тұрақтылыққа қатысты көптеген нұсқалық және сезімталдық бөліктері орналасқан. Оған қоса психогенетикалық әдістерді қолдану ортаның әр адамға жалпы және ажырататын тұқымқуалаушылық үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпылықты, ерекшелікті және бірлікті белгілей отырып, әдетте индивид, тұлға, индивидуалдылық терминдерін қолданады.
Кеңестік психологияда даралықтың құрлымын бөліп көрсететін бірнеше ықпалдар бар. Олардың авторлары Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, және А. Г. Голубева болып табылады. Олардың көзқарастарын бір – бірімен салыстыру анализін жүргізген М. С. Егорова болды.
Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір – біріне қарсы қоймай, оларды бағындыруға тырысты.
Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.
Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы.
Бұл қиын анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады. Драмалықта ағза ретіндегі тұлға және өзіндік сана жетектеушісі адамдардың барлық көріністері сонымен қоса бір – біріне өзара әсер етеді, мұндағы өзіндік реттелудің қабілеті көрінеді. Яғни күрделендіріп айтсақ, мысалы темперамент адамдардың жүктемесін білдіреді, және оның мамандық таңдауына бейім келеді, ал мақсаты мен құндылықтары психотиппен байланысты болуы мүмкін деп айтуға болады (мінездік ерекшеліктермен). Адамның ұлпалық құрлымы жаңарып отыратынына қарамастан (ішкі өзгерістер), ал өмір жаңа (тапсырмаларын) міндеттерді қояды (сыртқы өзгерістер), адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды - бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама – қайшылықты, конфликтіні бастан кешіреді, былай айтқанда, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін.
Осылайша, біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдылық – бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады. Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады.
Сонда төменгі деңгейде (тұлғалық биологиялық іргетасы) біз барлық индивидті, формальді – динамикалық сипаттамаларды жинай аламыз (жыныс, темперамент, қабілеттіліктің қасиеттері, бас ми жарты шарының ассиметриясы). Екінші деңгейде біз заттық – мазмұнды сипаттамаларды қарастырамыз (тұлға түрлері, қырлар, қабілеттер, мінез – құлықтың стильдік сипаттамалары). Ал үшінші жоғарғы деңгейде рухани – дүниеге көзқарастық сипаттамалар болады (тұлғаның бағыттылығы, құндылығы, пайымдауы, көзқарастары, және ұстанымдары).
Есте сақтаудың ыңғайлылығы үшін мынандай схеманы қолдануға болады: Төменгі пәтер (табиғат) белсенділікті стимулдайды, «Өйткені» - қажеттіліктен, ортаңғы қабат адам іс- әрекетінің құрамдарын қамтамасыз етеді (қабілеттер, мінез, когнетивті функциялардың ерекшелігін, стильді сипаттамалар), ал үшінші қабат – бұл мақсаттар (тұлғаның бағыттылығы, өзіндік сананың ерекшеліктері – «Не үшін» іс - әрекет іске асады, адам неге ұмтылады). Даралық деңгейлері бір – біріне тек шығушы ғана емес, сонымен қатар кіруші әсерлердің өзара әсерлерін білдіреді.
Бағыныштылық тек қандайда қабаттардың бірігуінің әлеуметтік әсерлеріне мүлде берілмейді, ортаңғы тәрбиелеуді қабылдауға бейімірек (мінезді өзгертуге, ал қабілетті - қалыптастыруға болады), ал үшінші деңгейде биологиялығы өте аз, және ол көп дәрежеде өзгергіш келеді (шын мәнінде адам өмір барысына құндылықтарын, пайымдауларын, көзқарастарын, бірнеше рет өзгертеді).
Даралық құрлымын бөліп көрсетудің басқада талпыныстары бар. Мысалы, К. Леонгард үш сферасын бөліп көрсетеді: қызығушылық және бейімділіктің бағыттылығы (мазмұны жағынан біз бөліп көрсеткен рухани – дүниеге көзқарастық қасиеттеріне ұқсайды), сезім мен ерік («Темперамент» түснігіне жақын) және ассоциативті – интеллектілі ( қабілет пен стильдік ерекшеліктерге сәйкес келеді). Отандық психология шеңберінде қалыптасқан даралық құрлымы туралы көрсетілген салыстырмалы анализді қазіргі кітаптарда М. С. Егорова қарастырады. Осылайша, үш қабаттың бөлінуі әртүрлі ықпалдарда тұрақты қарастырылып келеді.
Даралықтың әр «қабатына» зерттеуде әртүрлі ықпалдар сәйкес келетіні тарихи қалыптасқан, «Мазмұнды – мағналы» ықпал танымына және мінезіне, біліміне, икемділігіне, қабілеттеріне, мағналарына, күйзелістеріне, және де басқа адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің даралық вариацияларын өлшеуге бағытталған «Мінез –құлықтық» ықпал (мұны бихевиористікпен шатастыруға болмайды!) адамның белсенділігін құрайтын моторлы, вегативті, биохимиялық – мінез – құлық формасының объективті тіркелген талдауымен байланысты. Б. М. Теплов бірінші болып ықпалдың барлық мазмұнды көңіл бөлдіртуіне қарамастан, онда көрсетілген психологиялық түсініктердің валенттілігін нақтылайтын теориялық негіз жоқ деп әділетті атап көрсеткен. Тұлға қырларына мысалы мінез – құлықтың таза жағдайлық флуктуацияларды сирек жатқызылады, ал олардың тұрақтылығы күмәнді. Тесттердің көмегімен өлшенген индивидуалды айырмашылықтарын кездейсоқ елес екеніне көз жеткізу үшін оларды міндетті түрде жүйке жүйесінің қызметімен байланыстыру қажет (және де басқа биологиялық факторлармен). Яғни, дифференциалды психологияның мазмұнды валенттілігін дәлелдегеннен кейін ғана обьективті ғылым болып мойындалуы мүмкін.
Дифференциалды психологиядағы обьективті бақылаудың мінез – құлық тапсырмасын дифференциалды психофизиологияға жүктеуі мүмкін.
Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту
25 12 2014
6 стр.
Область научных интересов: политическая психология; психология массовых коммуникаций; социальная психология
25 12 2014
1 стр.
Программа рассчитана на 2 года и предусматривает специализацию по направлениям: экономическая психология и кросс-культурная психология
06 10 2014
1 стр.
«Специальная психология». Данный курс реализуется в рамках специальности 020400 «Психология» и относится к разделу общепрофессиональных дисциплин, федеральная компонента
01 10 2014
1 стр.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері, объектісі. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. Қазіргі заман психологиясының міндеттері
12 10 2014
1 стр.
Психология личности [Текст] : принципы общепсихол анализа : Учеб для вузов по спец. "Психология" / А. Г. Асмолов. М. Мгу, 1990. 367 с. Б. ц
17 12 2014
1 стр.
У36 Интегральная психология: Сознание, Дух, Психология, Терапия / К. Уилбер; Пер с англ под ред. А. Киселева. — М: ООО «Издательство act» и др., 2004. — 412, [4] с. —
25 09 2014
22 стр.
Программа предназначена для преподавателей, ведущих данную дисциплину, учебных ассистентов и студентов направления 030300. 62 «Психология» подготовки бакалавра, изучающих дисциплин
23 09 2014
5 стр.