Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6

Қабілет теориялары
Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.

Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.

Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.

Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.


Қабілет және тұлға даралығы
Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады.

Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.

Қабілеттер құрылымында тірек қасиеттерін бөледі, онсыз қабілеттердің көрінулері мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер үшін көру анализаторларының сезімталдығы, сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі ес) және қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы қасиеттер. Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда, қабілеттер өздерін шыңдайтын, нышандар мен операцияларды бөледі.

Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті толығымен игеруді болдырады. Және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкеледі.



Психологиядағы өмірлік стиль түсінігі
Даралық деңгейдің барлық сипттамалары адамда және басқа ерекшеліктерде әлеммен өзара әрекеттесу барысында көрінеді, және оның нұсқаулары бар. Дифференциалды психологияда бұл әдісті анықтау үшін «Стиль» түснігін қолданады. Адам мінез – құлқының ренсалды стильінің маңыздылығын көрсетудің алғашқыларының бірі И. В. Гете, оның көрінулері даралықтың жоғары қасиетіне тән дейді. Ал психологияда өмірлік стиль түснігін алғаш қолданған А. Адлер. Ол оған мынандай анықтама берген: адам өмірінің қайталанбас картинасын анықтайтын әдеттер мен мінез – құлық тәсілдері, ерекше қырлардың бірігуі.

Өмірлік стиль әрқашан болады, бірақ адамның өмілік қиындықтарымен кездескенде ғана көрінеді. Бұл оның балалық шақта бастан кешірілген қиындықтарының әсерінен қалыптасуымен шартталған, және 4 – 5 жаста қалыптасып, мақсатқа ұмтылудан қалыптасады. Адлердің ойынша, адамның ересек өмірі тек өмірлік стильін сақтап, шегендеп отырады, сондықтан адамның мінез – құлқын болжауға мүмкіндік береді. Даралық психологияда жанұяда баланың туу қатары өте маңызды болады. Адамның бауырлары мен апайларының арасындағы орнын біле отыры, оның стильін анықтауға болады: мысалы Адлердің көзқарасы бойынша, үлкен балалар үнемі келесі балаларына қатысты күйзелісті бастан кешіреді, сондықтан, біріншіден жанұяда амалсыздан өздерін нақтылауы керек, одан кейін - үлкен социумда.

Өмірлік стиль қалай қалыптасады? Адам толымсыздығын алғашқы бастан кешіруі жайлы ойын дамыта келіп, Адлер бұл күйзелістер адам төзімсіздікке айналады да, адамды жағдайды түзейтін әрекетке итереді деп талқылайды. Нәтижесінде онда мақсат пайда болады, ол сол мақсатқа өз қолы жете алатын әдістермен жетіп, алғашқы дефектінің, жетіспеушіліктің немесе қбабілеттің төмен деңгейінің орнын толтырады. Сонымен стиль түснігі күрделі жүйелерді бір нәтижеге әкелетін түрлі жолдарға сәйкес келетін эквифиналық принцип жүйесіне жауап береді. Осылайша, стиль даралықтың үш деңгейіне орналасқан психологиялық сападан тұрады: бұл индивидтік сипаттама (дефект), рухани – дүниетанымдық (мақсат) және маңыздылыққа жету құралы, (заттық – мазмұндық сипаттама). Стиль тұрақты және адамдардың ерекше өмірлік тапсырмаларды орындауынан көрінеді. Оларға Адлер бір – біріне өзара әсер ететін іске асатын жұмысты, достықты, және махаббатты жатқызады. Тек стильдің тұрақтылығы тұлғаның тұрақтылығын білдіреді.Әр адамның өмірлік стильі қайталанбайды, дегенмен Адлер стильді тарату негізінде ұстаным классификациясын ұсынады, ол екі сапамен - әлеуметтік қызығушылық және белсенділік деңгейімен сипатталады. Адлер қалыпты өмір әдісі деп - жақсы бейімделген адамдарды оның келсе де, келмесе де одан қоғам оның іс - әрекеттерінен керектісін алатын жағдайды айтады.

Сонымен қатар психологиялық көзқарас бойынша, онда оның өмірінде кездесетін қиындықтар мен проблемаларды ашық жеңуге батылы және күш – қуаты жеткілікті: бұл психологиялық портрет өзінің мазмұны жағынан тұлғаның өзін өзектендіруге жақын, дегенмен психологиялық ықпал шеңберінде берілгенін атап өтейік.

Өмірлік стильдің қалыптасуы үшін адамдарға қатысты дұрыс дистанцияны орнату қабілеті, адамға тән қолдау тәсілі, батылдық пен қорқақтық, боашаққа сену сияқты сапалар маңызды болып табылады. Адлердің ойынша, соңғысы үнемі адамға өзінің өмірлік тапсырмаларын қабылдауға кедергі келтіреді, сондықтан пайдасыз.

Өмірлік стиль негізінен басқа адамдармен жалпылық сезімнің оянуын және бір уақытта – жеке тәуелсіздіктен тұратын корректілеуге мүмкіндігі бар. Стиль түснігін мақсатқа жету құралы ретінде қолданатын базалық тұлғаның қырлары мен инструменталды қырларды ажыратуға тырысқан Г. Олпорт қолданған. Қазіргі психологияда стильдік сипаттамалар ғылымның әр саласына бөлініп адамдардың затпен, субьектімен өзара әрекеттесуде ерекше жоғары өзіндік эвритикасын дәлелдеді, және адамдардың өмірлік ойландыратын тапсырмаларын шешудің әдістерін көрсетті. Сондықтан, стильдік сипаттамалар толығында әлеммен өзара әрекеттесудің индивидуалды әдісі ретінде қарастырыла бастады.



Кеңестік психологиядағы индивидуалды стиль түсінігі

Кеңестік ғылымдарда даралықты қозғалыста сипаттайтын стиль түсінігіне ерекше мән береді. Локализацияға байланысты орын толтырылатын немесе бейне өзгеретін сапалардан қарым – қатынас стиль, когнетивті стильді (қасиеттерді шынайылау әдісі), шебер іс - әрекет стильін бөлуге болады. Бір бүтін жүйеге бағынып, интеграциялана отырып, олардың барлығы адамның ортамен өзара әрекеттескенде, нәтижелі бейімделген, және оптималдандырылған көзқарасы бойынша, индивидуалды ерекшелігін орнату эвалюциялы маңыздылықты адамның стильін қалыптастырады. Адамның стильі екі негізден көрінеді: бір жағынан даралық құрлымдағы әрдеңгейлі параметрлердің бірігуі түрінде (темпераменттің, мінездің, интеллектінің және т.б), ал екінші жағынан физикалық және әлеуметтік ортамен индивидуалды өзара әрекеттесудің тұрақты партерін құрай отырып көрінеді. Яғни адам стильі – бұл даралықтың ішіндегі де, және оны іс - әрекет субьектісі деп қарастыруда. Интегралды даралық теориясының өкілдері стильдің оргаанизацичлық жүйесі туралы идеяны дамыта отырып, оның төменгі деңгейін даралықтың формальді – динамикалық қасиеттерімен, ал жоғарғысын пайымдау және «Мен» - концепция сияқты тұлғалықпен байланыстырады.

А. В. Либин адам стилінің әрқайсысы айрықшаланатын спецификасымен және түзетуді анализдеуде табылған бір – бірімен байлансықан жиынтығын білдіретін бес блоктан тұратын иерархиялық құрлым ретінде зерттеуді ұсынған. Стильді бұлай көрсетудің валенттілігі әр түрлі стильдік көріністерді көрсетумен байланысты нақтыланған: перцепция стильі, ойлау психологиялық аластау тәсілі, іс – ірекет пен қарым – қатнастың индивидуалды стилі.

Зерттеуші Л. Я. Дорфман адамдардың белсенді формасын стильдік көріну үшін негіз ретінде қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар ол белсенділік стильдері олардың дитерминациялану көзқарасынан қарағанда, субьекттің полюсіне қарай ығыстырылған (Олар - әр тұлғаның стильдерімен қатар қойылған және олар оны индивидуалды стиль ретінде анықтаған), басқалар обьектінің полюсіне қарай ығыстырылған. (Олар индивидуалды стильмен қатар қойылған және экологиялық стиль деп аталады).

Осылайша, адамның стильдік сипаттамалары даралықтың динамикасының ішкі ерекшелігінен және сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге бағыттылықтан тұады. (одан субьект таңдалған фрагментті Дорфман метаиндивидуалды әлем деп атады). Яғни стиль – бұл субьектіні обьектімен толық байланыстырушы, және процеспен олардың өзара әпекеттерінің нәтижесін анықтаушы ретіндегі фенотиптік құрлым.

Адамдардың стиль түснігі әзірге толық барлық деңгейде жасалған жоқ – көбіне анық ұсынылған тек кейбір деңгейлер ғана, бірақ сөз жоқ олар қолданбалы зерттеулерде қолдануда зор үлесін тигізеді. Мысалы: девиантты мінез – құлық зерттеушісі В. Т. Кондрашенко келесі өмірлік стильдерді бөліп көрсетті: идонистикалық (өзінің қажеттілігін

өтеуге ұмтылыс), созерцательді (ортамен қарым – қатнасты жеңілдетуге ұмтылысты шыңдау, сыртқы әсерге бағытталу), іс - әрекетшіл (жан – жақты дамуға және өзін - өзі өзектендіруге ұмтылу).

Автор аскетикалық стиль көбіне адам өлтірушілердің арасында, ал созерцательді – ұрлықшылар арасында көрінді деп белгілейді.

А. В. Либин бойынша адам стильінің иерархиялық құрлымы
«Мен» концепциясы өмірлік стильдің негізі ретінде
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.

«МЕН» концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН» концепция барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен – концепциясы өзінің шығу тегі жағынан – негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым.

Өзінің сананы құрайтын негізі өзіндік баға У. Джемстің қарапайым формасы арқылы шығуы мүмкін: Өзіндік баға = Сәттілік / Талаптар .

Ол дифференциалдылық (өзі туралы жеке ойлардың нақтылануы), жоғарғылық (ол жоғары, обьективті жетістіктерге сәйкес келуі керек), сияқты өлшеулерді қамти отырып, жасы жағынан өзгереді. Өзіндік баға бала кезде өзіндік қатынасқа айналып, сыртқы орта бағасымен интериоризацияланады. Бұл интеллектуалды даму кейбір тұлғаның деңгейінен ғана басталуы мүмкін. Өзіндік жалпылауы жоқ олигофренді – балаларда тұрақты өзіндік баға болмайды және қалыптаспайды.

Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ ( мысалы: жетінші сыныптар, жоғары сыныптар және отыз жасқа дейінгі ересек адамдар), индивидуалдылық вариациялар туындайды.

Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі. Бұл жеке тәжірибенің кеңдігімен байланысты және тұлғалық күрделі когнитивтілігін көбейтудің салдары, яғни өзінің «Менінің» әртүрлі қабілеттерін бағалау. Өзіндік бағаның дифференцияланбауы әлеуметтік және тұлғалық дамымай қалушылықты білдіреді («Өзің туралы еш нәрсе айта алмасаң, сен туралы басқалар не десін» деп жазған Козьма Нуфутков). Іс - әрекет табысты болу үшін адам өзін шынайы жетісіктерден жоғары етіп бағалауы керек, осылайша ол өзін мотивтендіреді. Төмендетілген өзіндік бағалау (объективті жетістіктерден төмен), дифференциялықты көрсетеді. Тұлғалық невротизацияға тез ұшырайтынын көрсетеді. Көптеген зерттеулер өзіндік баға мектептік үлгерімділікпен тікелей байланысты, бұл уақытта, интеллектуалды ерекшеліктер – тек өте қабілетті емес, бірақ өзіне сенімді оқушы дарынды, бірақ өзіне күдіктенуші балаға қарағанда жақсы оқиды деген сөз.

Негативті «Мен» концепциясы адамдардың қарым – қатынасы мен іс - әрекетін шектеу, психологиялық қорғанысты шектен тыс пайда болдырады. Өзін қабылдау – тұлғаның өзін - өзі өзектендірудің негізі болып табылады. Әлеуметтік мазмұны көп мамандықты таңдаған адамдарға өзін тануға мүмкіндік беретін ғылымдарды көп тереңдетіп оқу керек, ал негативті Мені – бұл мамандыққа қарама – қарсы болып табылады.

Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен – концепциясы позитивті көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың өзін - өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады:

а) Іс - әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы.

б) Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен шартталса.

в) Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар қоюдың жоқтығы.

Шынайы өмірде индивидуалдық мүмкіндіктеріне байланысты ситуацияны бақылағанда мінез-құлық тәсілдерінің барлық спектрлерін қолдану керек.



Тұлғаның бағдарлары мен қарым-қатынас стратегиялары
Адам индивидуалдылығының көпжақтылығы тек қана кәсіби іс-әрекетте емес, басқа адамдармен қарым-қатынаста көрінеді - реалды, гипотетикалық, күнделікті және конфликтілі. К.Хорнидің ойынша, адам бала кезінен бастап басқа адамдарға деген тұлғалық бағдарлар, 3 негізгі стратегия өндіріп, кейін оларды ұстанады: бұл адамдарға бағытталған қозғалыс, онда басты болып басқалар жағынан махаббат болып табылады, ал қалған мақсаттар оны ақтауға деген қалауға бағыңқы болады; адамдарға қарсы бағытталған қозғалыс, онда “джунгли философиясы” басымдық көрсетеді: өмір бұл тіршілік ету үшін тоқтамайтын күрес, соның ішінде басқа адамдармен; соңғысы, адамдардан қашу,тәуелсіздік пен қол сұғылмаушылық қажеттіліктерімен сипатталады, күрестің әр түрлі көріністерінен бас тартады, бірақ бір сәтте адамның бейімделуіне кедергі келтіреді (19).

Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияда өзара әрекеттесу стратегияларын көбінесе қарым-қатынасқа итермелейтін мотивтерге сүйене отырып анықтайды, соның ішінде күнделікті байланыстар ұйымында келесілерді бөліп көрсетеді:

1.Кооперация (жалпы ұтысты максимизациялау мотивы)

2.Индивидуализм (өзіндік ұтысты максимизациялау мотивы)

3.Бәсекелестік (ұтысқа қатысты максимизациялау мотивы)

4.Альтруизм (басқаның ұтысын максимизациялау мотивы)

5.Агрессия (басқаның ұтысын минимизациялау мотивы)

6.Теңдік (ұтыстағы әр түрлілікті минимизациялау мотивы)

Бұл стратегиялар қарым-қатынастың бағытын бағыттайды және жуықтап оның нәтижесін көрсетеді; қарым-қатынас мақсаттары үшін оның қатысушыларының мотивтері бірін-бірі толықтырып тұрса қолайлы болады, ал индивидуализм мен агрессия стратегиялары қолайсыз болады (4).

Конфликт жағдайында оның қатысушыларының мотивтері әр түрлі нәтижелерге әкеп соқтыратын мінез-құлықтың спецификалық стратегияларын анықтайды. Бұл білім аумағында өзіндік және басқалардың (ұжымдық) қызығушылықтарының ара қатынас шамасымен ерекшеленетін,

жарысу, ынтымақтастық,ымыра, қашу және бейімделу сияқты конфликтідегі мінез-құлықтың 5 түрін бөліп көрсеткен К. Томастың классификациясы неғұрлым танымал болып табылады (4).

Конфликтіден қашқалақтау адам өз жоғалтуларының бағасымен басқаның ұтысын минималдылыққа дейін жеткізіп, конфликтіден қашуға ұмтылған жағдайда көрінеді. (“Ешкімнің де қолына түспесін!” - бұл қашқалақтаушы адамның девизі). Қарсыласу-бұл “арқанды тарту” стратегиясы, бұнда әрбір ұтыс жеткіліксіз болып көрінеді, жеңістер көп болса да, қатысушылар жеңіске жетуден құмар болады. Шегінімділік-партнердің мақсатқа жету үшін, кез келген талаптардан бас тарту, бұл құрбандылықтың өз-өзін жоюшы стратегиясы. Ынтымақтастық-бұл бәсекелестіктің мотивын немесе адамдардың әлеуметтік мінез-құлқына сай кооперация мотивын жүзеге асыруға рұқсат ететін стратегия. Ымыра (стратегиялық ұтыс үшін тактикалық шегінім) неғұрлым өнімді стратегия болып табылады, өйткені жоғарыда атап кеткендерден гөрі, конфликтке қатысушылардың жақсы көңіл-күйіне және олардың ары қарайғы қатынастарынының жақсаруына әкеледі. Сонымен қатар жүзеге асыруда ол ең қиыны болып табылады.
























Индивидуалдылық құрылымындағы қарым-қатынас стилі



Кеңестік психологияда бағдарлар мен стратегиялармен бірге көптеген зерттеушілер адамға оларды жүзеге асыруға көмектесетін әдістер жайлы,басқаша сөзбен айтқанда қарым-қатынас стильдері туралы айтады. Кеңестік ғылымда қарым-қатынастың индивидуалды стилін (оны басқаша партнермен “өзара әрекеттесу стилі”, ”өзара қатынас стилі” деп те атайды) зерттеудің бастаушысы В.С.Мерлин болып табылады, ол оны іс-әрекет стилінің жеке жағдайы ретінде қарастырады. Алғашында интегралды индивидуалдылық теориясының авторы бұл түсінікті өзара қатынасты туғызатын операциялар, әдістер және тәсілдердің тұтас жүйесі ретінде анықтады. Сонда ол операциялардың арасынан тек қана қарым-қатынастың әдістері мен тәсілдерін емес, сонымен қатар өзара қатынастар түрін құрудың мақсатын бөліп көрсетті.Тек қана процессуалды емес, сонымен қатар мазмұнды стильдік көрінулерді түсінуге тырысатын қазіргі зерттеулерде, стиль құрылымына мәнді құрамдас бөліктерді қосып, өздерінің назарларын қарым-қатынастың мотивациялық жағына қояды-тек “қалай?” емес, сонымен қатар “не үшін?”. Қарым-қатынас стилі басыңқы қажеттіліктер, мақсаттар, құндылықтар және қарым-қатынас тәсілдерінің арасындағы тұрақты, үйреншікті байланыстардың құрылуының нәтижесі ретінде, басқа адамдармен өзара әрекеттесу нәтижесінде қалыптасатын және мотивтерді жүзеге асыратын тұрақты әдісі болып табылатын психологиялық қасиет ретінде анықталады.Жалпы индивидуалдылық құрылымы секілді, қарым-қатынас стилі өзіне мазмұнды және формалды құрамдас бөліктерді қосады.Біріншісі қарым-қатынас мотивтерінен, құндылықтарынан, қажеттіліктерінен және мақсаттарынан тұрады. Екіншісі әдістер, тәсілдер сияқты қарым-қатынастың мінез-құлықтық, инструменталды ерекшкліктерімен сипатталады. Бірақ, қазіргі уақытта қарым-қатынас стилінің құрылымы жеткілікті түрде зерттелді деп санауға болмайды (яғни қарым-қатынас тәсілдері мен мотивтердің әр түрлі бірлесуінің жүйесін беретін деп). Қарым-қатынастың индивидуалды стильдері мәліметтерді жүйелей отырып, кейбір авторлар, біріншіден, мақсаттарының, формаларының және мазмұндарының әр түрлілігіне байланысты қарым-қатынастың кәсіби, рөлдік (профессионалды) және тұлғааралық стильдерді шектетуді, ал, екіншіден, олардың әрбіреуінің шегінде қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және әлеуметтік-перцептивті стильдерін бөлуді дұрыс деп санайды.

Күнделікті қарым-қатынас әрқашанда нақты болады, сондықтан да психологияда әлеуметтік иерархияның әр түрлі сатысында тұрған адамдар арасынды, жанұя ішінде, сонымен қатар кәсіби іс-әрекет шегінде туындайтын қарым-қатынас тәсілдері жайлы көбірек белгілі екені кездейсоқ емес.Басқару (лидерлік), педагогикалық қарым-қатынас және ата-ана тәрбиесінің стиліне қысқаша тоқтала кетейік.


Лидерліктің стильдері
Лидерліктің (басшылықтың) стилі түсінігі Курт Левин және оның әріптестері Р. Липпит және Р.Уайтпен енгізілген, олар стильдің басты себебі ретінде шешім қабылдау әдісін қарастыруды ұсынды, соның негізінде автократиялық, демократиялық және еркін стильдері бөлінді.

Автократиялық (авторитарлы, директивті) стиль – басқарушы өзі ақпаратты жинап, өзі шешім қабылдайды, топтағы немесе ұйымдағы жұмыстардың жағдайын өзі бағалайды және бағынушыларымен негізінен анық, нақты бұйрық-талаптар арқылы өзара әрекеттеседі, кері байланысты қажет етпейді және де оны болдырмайды. Әсер ету тәсілдері лидердің өзімен анықталатын санкциялар болып табылады.

Осындай жағдайда тек басқарушыда ғана толық ақпарат, жұмыс істеудің жалпы жоспары болады, тек ол ғана өзінің бағынушыларын үнемі бақылауда ұстайды. Бірақ бұндай басқару жүйесінің күшті жағы өзінің қызметінің артында тығылып және өзінің ықыласын көрсетуге міндетті емес топ немесе ұйым мүшесінің әрбіреуінің жауапкершілігін нақты шектеу, жоғары шапшандылық, құпиялықты сақтау мүмкіндігі болып табылады. Басқарудың демократиялық (кооперативті, директивті емес) стилінде басқа ерекшеліктер бар. Бұл жағдайда шешім ақылдаса отырып, топтық дискуссия нәтижесінде қабылданады, лидер өзінің бағынушыларының ойларын біліп, оларды ескереді, үнемі топтағы кері байланысты қолдай отырып, өзінің жұмысына ескертулер мен түзетулерді енгізуге рұқсат етеді.Өзара әрекеттесу авторитарлы басқаруда секілді еңбектің нақты бөлінуімен емес, топ мүшелерінде жалпы бірдей мақсаттардың барымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар әрбіреуі тек өзінің ғана емес, басқалардың да іс-әрекеті жайлы біледі. Демократиялық лидер процессті емес, нәтижені бақылауға алады және топтың өзіндік басқарудың барлық әдістерін мадақтайды, сонымен бірге, әдетте ол жоғары әлеуметтік компетенттілікке ие болады.

Бірақ демократиялық құндылықтарға сүйенген басқарудың кооперативті моделінде кемшіліктер болмайды деп ойлауға болмайды. Бұндай басқаруды жөңге келтіру көп уақытты қажет етеді, ал егер де шешімді тез қабылдау керек болса, онда ол жарамсыз болады. Одан басқа үнемі талқылау жағдайында құпия ақпаратты сақтау мүмкін емес.

Және, ең соңғы, лидерліктің үшінші стилі, еркін (өз бетімен жіберуші, либералды, laissez-faire) стиль шын мәнінде, негізгі өмірлік қызығушылықтары топтық өзара әрекеттесу сферасынан тыс жатқан лидер жағынан басшылықтың жоқтығымен сипатталады.Бұл жағдайда шешім демократиялық түрде қабылданады, бірақ сәтсіздік кезінде жауапкершілік “қосақ арасында босқа кеткен” адамға артылады. Еркін басқару - әдетте автократиялық лидердің келуімен немесе топтың құлдырауымен аяқталатын топтың тұрақсыз күйі.

Табиғи топтық динамикаға және нағыз формалды емес лидердің келуі үшін жағдай жасалатын еркін стильді қоса, әрбір лидерлік стилінде күшті және әлсіз жақтары болады. Курт Левиннің басқаруымен өткізілген зерттеу демократиялық стильде шығармашылыққа деген ұмтылыста, жоғары қанағаттануда, топтағы қолайлы психологиялық климатта білдірілетін көбірек субъективті артықшылық бар екенін көрсетті. Бірақ еңбек өндірісінің көрсеткіштері (жұмыс өндірістік коллективтерде жүргізілді) автократиялық лидерлік жағдайда ең жоғары, демократиялық басшылық жағдайында сәл төмең, еркін стилі жағдайында ең төмең болды.

Сөйтіп, лидерлік стилі негізінен қолданылатын құралдар бағынған және басшының индивидуалдылығына сәйкес талаптар қоятын топтың өмір сүру мақсатын бейнелейді. Соңғы кезде, К.Левиннің бөліп көрсеткен стильдерімен қатар, басқа да стильдер туралы айтылып жүр: қойылған міндетке шоғырланған (“функционалды стиль”) және топтағы өзара қатынасқа шоғырланған (“аффективті”стиль). Зерттеулер көрсеткендей, “функционалды” стиль топтың шеткі, қолайлы және қолайсыз өмір жағдайы үшін неғұрлым эффективті болып табылады, ал “аффективті”стиль аралық жағдайларда жарамды болып келеді.


<предыдущая страница | следующая страница>


Дифференциалды психология Юнита Өскемен, 2007 Электронды юнита дифференциалды психология Курстың мақсаты

Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту

969.42kb.

25 12 2014
6 стр.


Михаил васильевич харитонов

Область научных интересов: политическая психология; психология массовых коммуникаций; социальная психология

71.77kb.

25 12 2014
1 стр.


Программа «Прикладная социальная психология»

Программа рассчитана на 2 года и предусматривает специализацию по направлениям: экономическая психология и кросс-культурная психология

324.44kb.

06 10 2014
1 стр.


Специальная психология

«Специальная психология». Данный курс реализуется в рамках специальности 020400 «Психология» и относится к разделу общепрофессиональных дисциплин, федеральная компонента

123.76kb.

01 10 2014
1 стр.


Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша) Жалпы психология

Психология пәні, мақсаты, міндеттері, объектісі. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. Қазіргі заман психологиясының міндеттері

93.16kb.

12 10 2014
1 стр.


Банк данных Психология личности 288036 88. 3 А905 Асмолов, Александр Григорьевич

Психология личности [Текст] : принципы общепсихол анализа : Учеб для вузов по спец. "Психология" / А. Г. Асмолов. М. Мгу, 1990. 367 с. Б. ц

158.16kb.

17 12 2014
1 стр.


Р интегральная психология сознание, Дух, Психология, Терапия Издательство аст издательство Института трансперсональной психологии Издательство К. Кравчука Москва 2004

У36 Интегральная психология: Сознание, Дух, Психология, Терапия / К. Уилбер; Пер с англ под ред. А. Киселева. — М: ООО «Издательство act» и др., 2004. — 412, [4] с. —

4483.17kb.

25 09 2014
22 стр.


Программа дисциплины Социальная психология (2 -3 курс) для направления 030300. 62 «Психология» подготовки бакалавра

Программа предназначена для преподавателей, ведущих данную дисциплину, учебных ассистентов и студентов направления 030300. 62 «Психология» подготовки бакалавра, изучающих дисциплин

603.2kb.

23 09 2014
5 стр.