Перейти на главную страницу
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.
Павлов жіктеген жүйке процестері жүйке жүйесі деп аталатын белгілі комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан құралады – күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.
И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.
Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;
Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;
Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.
Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.
Темперамент типтері:
Мінезді зерттеуде Теофраст пионер болып саналады. 18 ғасырда Европада мінездің типологиясына көптеген зерттеулер жүргізілді, ал Дж.Ст.Милль жеке ғылым ретінде этологияны бөліп көрсетті (өйткені Теофраст кезеңінде мінезді этос деп санаған). Егер ескерсек, этика - бұл жақсылық пен жамандық туралы ғылым, онда мінез - адамның өзіндік жауапкершілігінің өлшемін шектейді және ашады, адамның басқара алатын қылықтарын анықтайды деген нұсқау алдық. Қазіргі уақытта “мінез” ұғымы дискуссионды болып саналады. Кейбір психологиялық ағымдарда бұл ұғымның өмір сүру құқығына мүлдем қарсы, ал көпшілігінде шетел анықтамалар баспасында және зерттеулерде мүлдем алынып тасталынған. Неге? Біріншіден, көптеген психологтердің ойынша, неғұрлым мінездің өзіндік көрінулерін қосатын және зерттелген, мінез бен тұлғаны жалпылай теңдестіру тенденциясы бақыланады. Екіншіден, феноменология бойынша мінезді этикаға жатқызады және сонымен қатар оның психологиялық жүйесіне қосу заңсыз болып саналады. Үшіншіден, жалпы өзіндік құбылыс ретінде мінезді зерттеу мүмкіндігіне күдіктену білдіреді. “Кейіпкер”, “тұлға” ағылшынша character деген мағына білдіреді.
Эго-психология өкілінің бірі Г.Олпорт: мінез-бұл бағаланатын тұлға, ал тұлға-бағаланбайтын мінез, яғни адамға бағалаусыз қатынаста, оның мінезі бақылай, өзгерте және дамыта алатынын өзіне шоғырландырады. Шынында да, мінез тәрбиенің және өзіндік тәрбиенің әсерінен өзгереді, жеткіншек жаста жалпы қырларында қалыптасады және адамның өмір бойында қалыптасады. Сөйтіп, мінез темпераментке қарағанда этикалық бағаға жатуы мүмкін.
Кеңестік психологияда “мінез қаңқасын” әрекетке тұрақтылықтың принципиалдылықтың, тұлға мен интеллектің өзара қатынасының, өмірлік мақсаттың бар болуы-ерікті құрайды деп үнемі ерекшеленеді. Шетелде, мінездің элементінескере отырып, өзіндік бақылау және өзіндік қалыптастырушыға синоним ретінде кейде “Мен Күші”, “Жоғары Мен Күші” ұғымдарын қолданады. Егер мінез және тұлға құбылыстары арасындағы бөлімдерді анықтау әр дайын мүмкін болмаса, онда мінез және темпераментті бөлу одан да қиын. В.Кречмер келесі дефинициялармен қолданды. Темперамент-бұл психофизиологиялық ағымдардың тума ерекшеліктері (олардың қозғалыстары, инерттігі, қызу тағы басқа). Мінез-бұл адамның өзіне, қоршаған адамға, әлемге деген қарым-қатынастың тұрақты ерекшелігі.
А.Г.Ковалев және В.Н.Мясищев индивидуалды зерттеу жолын 4 топқа бөлді:
Мінездің басқа психологиялық категориялар арасынан позициялық 2 тәсілін бөліп көрсетуге болады. Бірінші жол, Кеңестік психологияда артық көрінген болып табылады. Мінездің темпераментпен байланысын үзбей, мінезді тұлғаның мазмұнды және рухани дүниеге көзқарастың сапасына жатқызады. Екінші жол, психикалық сау еместікке, тәуелділікке және тіпті, потологиялық дамуға әкелу бағыты ретінде сипаттайды. Сонымен, тұлға дамуының биік шыңы мен төменге қарай көрсету жолы сияқты қабылдайды.
Егер темперамент тұлғаның мазмұнды жағын анықтай алмаса, ал мінез нақты соларды, яғнм қалау, белгілі бір қатынастар және психикалық сау еместікті сипаттайды. Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның қандайда бір қоршаған өмірге деген көзқарасын, олардың ішінде:
Психикалық даму деңгейінің тума сапасы ретінде адамның дарындылығы және оның нервті психикалық қуатының қоры анықталады. Психикалық жоспарда деңгейдің жоғарлау критерилері ретінде:
Психикалық өмір мазмұны жалпы табыстылықты анықтамайды. Бейімделу тәсілдерін ортаның құбылыстарына берген жеке тұлға вариацияларында көрінеді. А.Ф.Лазурский эндопсихика ( негізгі психикалық және психофизиологиялық функцияларды қоршайтын сезім, ес, зейін, ойлау, ерік, жылдамдық және моторика күші тағы басқа ). Эндопсихика жалпы “формальды-динамикалық мінездеме” ұғымына жақын; ол комплекстер арқылы сипатталады және тіршілік етеді және де тума биологиялық механизмдер негізінде беріледі.
Экзопсихика тұлғаның сыртқы объектіліерге қатынасын ( табиғатқа, адамға, рухани қолайлыққа, адамның қзінің рухани өміріне және тағы басқа ) қосады. Экзопсихика біз көріп тұрғандай, заттық-мазмұндық мінездемелерге, психикалық өмірге және орта әсерлеріне әсер етеді.
Эндо және экзопсихика өзара әрекеттеседі, шарттасады және эндосипаты экзоның көрінуінің латентті кезеңінен актуалдығы өзгеруі мүмкін ( мысалы қабілеттер әрекетте көрінеді, ал мотив пен қызығушылық-бұл экзопсихикалық сапа).
Әртүрлі даму кезеңдеріндегі эндо және экзопсихикалық комплекстердің үйлесімділіктерін негізге ала отырып, А.Ф.Лазурский күрделі типология құрастырды:
Бұл ой қазіргі психотерапияның рухани-бағдарына жақын және де ол экстремалды жағдайда және күнделікті өмірде туатын тапсырманың ойдағыдай шешілуінің жоғары идеалдың құндылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Психикалық өмірдің деңгейі өзгеруі мүмкін және тұлғаның әдепті бағаның критериі А.Ф.Лазурский ойынша, өзінің тұрмыс деңгейін жоғарлататын субъект болу керек ( қазіргі психологияда тұлғалық өсу деп аталады ).
Голланд психологтері Хейманс, Е.Вирсма және Р.ЛеСенна екі мың балаға сауалнама көмегімен зерттеу жүргізіп, өздерінің типологиялық негізіне 3 психологиялық сипаттаманы, мінездің негізгі элементтері ретінде жатқызды.
Сонымен, мінез тұлғаның әртүрлі жағдайлардағы тұрақсыздық, теңсіздігінің мөлшерін анықтайды.
Бірақ, белгілі болғандай, жағдай қиындығы – бұл субъектілік құбылыс; сондықтан бір адамға танысу қиын (бұл астеникалық тұлғаларда болады), басқаларға айырылысу қиын (оларды тұйықталған), біреулерге монотонды еңбек қиын, басқаларға экстремалды жағдайларда әрекет жасау мүмкіндігі қиын. Қалған тапсырмалар жеңіл шешіледі және де адамның өмір сүру жолы жалпы өнімді болып табылады.
Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, адамда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма варианттары. Соның салдарынан басқаларға тұрақтылық кезіндегі, психогендік әсердің негізгі түрі қатынасында таңдамалы осалы табылады (А.Е.Личко). Айқын акцентуация – “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның дезадаптацияға әкелу мүмкіндігін көрсететін шеткі норма варианты. Жасырын акцентуация бұл қарапайым норманың көрінуі.
К.Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма варианты деп түсінді. Сондықтан адамнығ күшті жағына қарағанда, оның жетіспеушілігін тізбелеу әсерін жасау түрін сипаттайды. Осында әдістің ерекшелігі, бірақ әрине, оған медициналық диагноз қою жеткіліксіз. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды төменде М және Т әріптерімен көрсетемін.
Қазір, әсіресе Кеңестік тәсілдер шегінде бұл бөлімдердің тарихи құндылығы бар, “таңдамалылық” түсінігі тоталды формалды – динамикалық сапа сияқты темперамент категориясына жатады. Міне, осы типтер:
10. Аффективті – экзальтировты тип (Т) – нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы әлемге ауыстырады.
Аталған белгілердің акцентуациясының әлсіз түрінде көрсетілген. Олардың кейде пайдасы да бар. Мысалы истероидты акцентуациясы бар Адам публикалық мамандыққа шизоидты акцентуация шығармашылық ойлауға және оригиналды шешім қабылдауға, параноидты мінез-құлқының мақсаттылығында көрінеді.
К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбінесе К. Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.
Белгілі MMPI тестінің авторлары С.Хатуэй және Дж.Маккинли мінез акцентуацияның көрінуіне қолданған, невротикалық триаданың 3 шкаласын және психикалық тетраданың 4 шкаласын бөліп көрсетті. Психопатия невротикалық бұзылулардан 3 белгі бойынша ерекшеленеді ( Ганнушкин бойынша ):
1. Тоталды ( яғни эмоционалды – аффективті, когнетивті сферасын және мінез-құлқын қамтиды ), сол уақытта неврозда локалды мінез болады ( мысалы, энурез, тұтығу, тиктар ).
2. Психопатия уақыт бойынша тұрақты және ұзақ емделеді, ( сол уақытта невроздарда өзіндік емделулер болады немесе аяқ асты ремиссия болады ).
3. Психопатияда әлеуметтік бейімделе алмаушылық, яғни өзіне деген қатынасының критикалық бұзылулар, мінез-құлық нормасының бұзылуларын сипаттайды, ( бұл уақытта невротиктарда кінә сезімдерінің аса айқын көрінуі ).
Сондықтан да кейде психопат – бұл басқалармен араласу қиын болған адам, ал невротик - өз-өзімен қиын болған адам.
Ф.Б.Березинаның невротикалық бұзылуларға берген классификациясы бойынша 3 түрін көрсетуге болады:
1 Әлеуметтік психопатия (мінез-құлықтағы қысым);
2 Параноялды синдром (аффект регидтілігі, қатып қалу, сандрау, жабысқақтық);
3 Мазасыздық-фобиалық синдром, психоастения (шектеулі мінез-құлықтың, мазасыздықтың шегеленуі);
4 Шизоидты синдром (мазасыздықтың аутизмы, бөлектену, «психикалық дистанцияның» көбеюуі).
Мінез – динамикалық құбылыс, өзін әр түрлі көрсетеді. Әсірессе, жас өспірімде. Біріншіден, акцентуация аффекттік реакцияларда көрінуі мүмкін. Оның бірнеше түрлері бар:
1. Интрапунитивті (өзіне жарақат түсіру жолындағы аффект күші);
2. Экстрапунитивті (қоршағандарға агрессия жолымен аффект күші);
3. Импунитивті (аффектогендік жағдайдан ақылсыз қашу);
4. Демонстративті (аффект «спектакльдан» қуат алады).
Екіншіден, өтпелі психопотологиялық мінез-құлықтың бұзылуы. Оның түрлері:
1. Делинквенттілік (ұсақ құқық бұзушылық);
2. Токсикоманикалық мінез-құлық;
3. Үйден қашу және қаңғыру;
4. Транзиторлы сексуалды девиация (ерте жыныстық өмір, жасөспірімдік гомосексуалға өтуі).
Үшіншіден, акцентуация фонында психикалық бұзылулардың дамуы мүмкін.
А.Е.Личко акцентуацияның өзгерісінің динамикалық бағытын анықтап, оған оның түрінен латентті түріне өтуді жатқызады, акцентуацияның «шеткі психопатияға» және трансформациясының мазмұны жағынан өзіне ұқсас акцентуацияның қосылуын көрсетеді (мысалы, гипертимдінің циклоидтыға ауысуы).
Мінез өзінің орнығуын жеткіншек шақта аяқтайтын болғандықтан, оның дамуына әсер ететін фактор – жанұялық тәрбие. Э.Г.Эйдемиллер және В.В,Юстицкий ата-ана тәрбиесі стиліндегі кейбір бұрмалалар мен акцентуацияның арасындағы байланысты анықтады.
Сонымен, гиперпротекцияға лайықты (бақылау жоғары және тыйым жоқ болғанда) истероидты және гипертимді түрі дамиды, ал басыңқы гиперпротекций жағдайында (жоғары бақылауда тыйым аса көп болса) психоастениктерде, сензитивтілерде және астено-невротиктерде астеникалық сипат басым болады. Ал гипертимділер ата-аналарынан босауға тырысады, үйден қашады. Эмоционалды шеттету жағдайында ата-аналар жағынан эпилептоидты акцентуация қалыптасады; ал алғашқы эмоционалды-лобилді фонында сензитивті немесе астено-невротикалық акцентуацияда декомпенсация күшейеді, невротикалық бұзылулардың тууын әкеледі. Жоғары моральды жауапкершілік психоастеникалық акцентуацияның пайда болуын әкеледі. Қадағалаумашылық стилі (ата-аналар мен баланың бақылауы, тыйым салулары,талаптары, қажеттіліктің қанағаттануы осал болғанда) гипертимді акцентуацияның пайда болуын немесе конформды акцентуацияның немесе баллада тұрақсыздықтың әлсіз психикалық қоймасына әкеледі.
Азды –көпті қалыптасқан акцентуация осымен өзқ дамуын аяқтамайды. Тұлғаның өмір сүру барысында акцентуация өзгеруі мүмкін. 25-30 жаста психопатиялы адамдар психикалық тұрақтылық жағынан өзгереді, қалыпты жағдайда еңбек етіп, өзінің психикалық сау еместігін көрсетпеуі де мүмкін деп П. Б. Ганнушкин көрсеткен.
Әрбір жеке адамды толығымен мінездің бір түріне жатқызуға болмайтыны түсінікті. Көбі араласқан типке жатады, олардың арасынан екі негізгі түрге: аралық (эндогендік факторлармен шартталған, мысалы лабилді-циклоидты, конформды-гипертимді) және амальгамды (бір типтің басқаның эндогенді ядросына сипаттарын телу салдары ретінде қалыптастырушы). Мынадай құқықтық сұрақ туады: табиғатта «қалыпты мінезі» бар адам өмір сүре ме? Қандай да мінезді сипаттағанда психологтар психикалық тепе-теңдікті араластыра отырып, қандай да бір айқын аспектіге топталады. Айталық, шын мәнінде сезімдері, ойлары және әрекеттері толық тепе-теңдікте болатын адамдар кездесе ме, онда бұл әр түрлі мінездің, индивидуалды түстің жойылуы емес пе? – деп Рибо жазды. Сөйтіп «мінезсіз» адам теоретикалық ойлар болып табылады, ал танымал психиатр П. Б. Ганнушкин сияқты адам акцентуациясы өмір сүруі үмкін емес деп саналған.
MMPI сұрақтамасы және оның модификациялары арқылы жүргізілген мінездің қалыптасуындағы тума және орта үлесін зерттеу, жеке акцентуация ретінде дамуға деген психогенетикалық әсерлердің, сонымен қатар жалпы көрсеткіштердің профильдердің жоқтығын көрсетті. Тек қана әлеуметтік интроверсия шкаласы ғана өзгеше болып табылады. Генотиппен неғұрлым көп байланысқан қарым-қатынас жағдайындағы мінез-құлық анықтайтын қасиеттер тобы болып табылады.
Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс - әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Іс - әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.
Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі сол адамның психикалық таным процестерінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.
Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту
25 12 2014
6 стр.
Область научных интересов: политическая психология; психология массовых коммуникаций; социальная психология
25 12 2014
1 стр.
Программа рассчитана на 2 года и предусматривает специализацию по направлениям: экономическая психология и кросс-культурная психология
06 10 2014
1 стр.
«Специальная психология». Данный курс реализуется в рамках специальности 020400 «Психология» и относится к разделу общепрофессиональных дисциплин, федеральная компонента
01 10 2014
1 стр.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері, объектісі. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. Қазіргі заман психологиясының міндеттері
12 10 2014
1 стр.
Психология личности [Текст] : принципы общепсихол анализа : Учеб для вузов по спец. "Психология" / А. Г. Асмолов. М. Мгу, 1990. 367 с. Б. ц
17 12 2014
1 стр.
У36 Интегральная психология: Сознание, Дух, Психология, Терапия / К. Уилбер; Пер с англ под ред. А. Киселева. — М: ООО «Издательство act» и др., 2004. — 412, [4] с. —
25 09 2014
22 стр.
Программа предназначена для преподавателей, ведущих данную дисциплину, учебных ассистентов и студентов направления 030300. 62 «Психология» подготовки бакалавра, изучающих дисциплин
23 09 2014
5 стр.