Перейти на главную страницу
Мінез – құлық пен жүйке жүйесі қасиеттерінің байланысына алғаш рет көңіл аударғандардың бірі көрнекті орыс физиологі И. П. Павлов өзінің итке жүргізген тәжірибесінің нәтижесінде күш, қозғалушылық, теңдік сияқты жүйке процесстерінің түрлерін көрсетті. Бұл сапалар дарақтарды ортаның өзгеруіне икемделуін қамтамасыз етеді. Дегенмен, бұл қасиетерді құрмалай отырып, теориялық тұрғыда жүйке жүйесінің 24 типін бөліп көрсетуге болады (соған қоса түр мінез – құлықтың кеңейтілген бейнесінде белгіленеді). Олардың төртеуі медицинада бұрыннан белгілі темперамент түрлеріне сәкес қойылады (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик), бірақ И. П. Павлов жануарларға жасалған эксперименттердің арқасында алынған заңдылықтар адам мінез – құлқына тура келтірілуі мүмкін.
Жүйке жүйесінің қасиеттері Даралық психологиялық айырмашылықтар ретінде Б. М. Павловтың ықпалынан біршама айрықшаланады.
Олар өздерінің зерттеулеріне тұрғызған принциптер әлі күнге дейін дифференциалды – физиологиялық зерттеулердің негізін білдіреді.
1. Қасиеттерді емес, түрлерді зерттеу қажет. Егер И. П. Павлов ситетикалылығын ұстанса, (типологиялық ықпалдың) онда Б. М. Теплов бірінші жеке қасиеттерді бөліп алу қажет, ал кейін олардың мүмкін болатын бірігуін зерттеуге болады деп тұжырымдайды.
2. Жеке жағдайлардың суреттелуін емес, сандық анализді іске асыру қажет. Бұл принцип зерттеудің обьективті парадигмасына жаратылыстану ғылымдарының нақты зерттеулеріне сүйенеді.
3. Жүйке жүйесі қасиеттерінің күнделікті көріністерді суреттеуін емес, ал лабараторлы эксперименттерді қолдану қажет.
4. Ағзаның тек еріксіз реакцияларын зерттеу қажет. Яғни өмірлік элементтердің реттелуі минимумға жеткізілуі қажет.
5. Психофизиологиялық сипаттамалардағы индивидуалды айырмашылықтарға бағалау ықпалдарын қолдануға болмайды (яғни жақсы және жаман қасиеттер болмайды, олардың әр қайсысы қандайда бір іс - әрекетке пайдалы болуы мүмкін).
Б. М. Теплов пен В. Д. Небылицын қозу және тежелу процестеріне қатысты барлығы төрт – төрттен қасиеттерді бөліп көрсетті, барлығы – сегіз.
1. Қозуға тең емес жүйке жүйесі болып табылатын күш (төзімділік) – бұл ұзақ ұстайтын немесе жиі қолданылатын қозу.
Бекітулермен бірге шартты рефлекстердің қысқа интервалдарының көптеген қайталанулар арқылы – эксперименталды әдіспен күшті зерттеу үшін қолданады. Күшпен бөтен тітіркендіргіштерге, концентрация ерекшеліктеріне, көру және естудің абсолютті болжамның жүйке жүйесінің күші – бұл И. П. Павлов қабілетті – дифференцианалдылық құрау үшін қажетті жиі қайталанатын тежелу тітіркендіргіштердің әрекетін ұстайтын қабілет деп көрсеткен. Сонымен, күш жүйке жүйесінің төзімділігі мен еңбекке қабілеттілігін білдіреді.
2. Динамикалылық – шартты реакциялардың қалыптасу жылдамдығы.
3. Жүйке процестерінің жігерлілігі – тітіркендіргіш белгілерінің қайта қарастырылуы, қозудың күйзеліспен, күйзелістің қозумен ауыстырылу жылдамдығы. Бұл қасиет оқытудың негізі болып табылады.
4. Лабильділік – жүйке процестерінің тоқтатылуымен пайда болатын жылдамдығы.
Парциалды сипат емес, бұл қасиеттердің валенттілігін бөліп көрсетуге кеңейтілген мидің белсендіру қасиеттерін білдіру мүмкін болатын және осылайша коррелятор негізі ретінде орталық жүйке жүйесінің қасиеті табылады. Э. Э. Г. көмегімен орталық жүйке жүйесінің қасиеттеріммен сәйкес келетін төрт интегративті қасиеттер: кеңістік – уақыттық синхронциясы, мидің бүтіні ретіндегі лабильділігі максималды жетістік жылдамдығы мен белсенділік жетістіктерінің минималды шегі. Көрініп тұрғандай, бұл қасиеттер психиканың барлық маңызды бөліктерінде индивидуалды айырмашылықтарды түсіндіре алады, - темперамент түрлері, мінездің, когнетивті стильдер, интеллектуалды және де басқа процестердің жылдамдығы бұл сипаттамалармен байланысты.
Жүйке жүйесінің динамикалылығы мен күшін зерттей отырып, В. Д. Небылицын орталық жүйке жүйесінің қасиеттері мен психологиялық көріністерінің анық байланысатынын белгілеген, - мысалы жүйке жүйесі әлсіз адамдар монотонды жұмыстарымен жеңіл шұғылданады, ал экстремальді жағдайда күш – қуаты мен динамикалылығы жоғары адамдар өздерін жақсы көрсетеді.
Жүйке жүйесінің жалпы қасиеті адам мінез – құлқының тұрақты негізін құрайды, сондықтан олардың тұқымқуалаушылығын зерттеу туралы сұрақ туады. Егіздерге жасалған зерттеулер Э. Г. Г. – нің ішкі құрсақтық ұқсастығы аса жоғары, оған қоса бұл балалар мен егде егіз адамдарға да қатысты екенін көрсетті. Сонымен қатар онтогенездегі орталық жүйке жүйесінің қасиеті (динамикалылық пен күштің) табиғи тұқымқуалаушылыққа қатысты тұрақты өмір сүреді.
Осылайша, Орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы жайлы қорытынды шығаруға болады, бірақ олардың шығу тегін түсіндіруге болмайды. Осылай адам мінез – құлқы мен оның индивидуалды вариацияларын биологиялық тұрғыда анықтай отырып, олар әрқашан тұқым қуаламайтынын көреміз.
Индивидуалдылықтың арнайы теориясы
Биологиялық әрекетті және арнайы индивидуалды теорияның бағытын ашып жазуды В. М. Русалов В. С. Мерлиннің интегралды индивидуалдылығына толықтырулар енгізді.
1.Индивидуалдылықтың биологиялық факторы – адамдардың денелік морфофунцкионалды ұжымы ғана емес, сонымен қатар тірі әлемнің эволюционды даму процесінде қалыптасатын мінез – құлық программасы. Бұл программалар өз әрекеттерін ұрықтану кезінде бастап, іске асырады және үш айда эмбрионды тұрақты индивидуалды мінез – құлық формасы пайда болады.
2. Бір уақытта әрекет етуші заңдылықтардың 2 түрі бар. Біріншісінің іс-әрекет етуінің нәтижесінде психиканың мәндік - заттық сипаттамалары қалыптасса, (мотивтер, интеллект, бағыттылық), басқасының нәтижесінде – индивидуалды мінез – құлықтың формальді – динамикалық ерекшеліктері қалыптасады.
Бұрын олардың пайда болуы туралы мәлмет болған жоқ, ал қазіргі уақытта мәндік – заттық сипаттамалар үшін жалпылану құрлымы психиканың өзгергіштігін қамтамасыз ете отырып, сыртқы ортадан беріледі. Ал формальді –динамикалық қасиеттің өзі арқылы биологиялық программалардың жлпыланған нәтижесін білдіретін басқа көзі бар. Осылайша, формальді – динамикалық қасиет адамзат іс - әрекетінінің барлық түрлерін сипаттай отырып, әлемде жоғалмай тұрақтылықты сақтай алады, ал заттық – мәндік - өзіндік өзгеру арқылы айналадағы ортада әр түрлі нәрселерге жауап бере алады.
3. Жалпыланған туа біткен программа үш бағыт бойынша жүреді. Бірінші бағыт – мінез – құлықтың динамикалы – энергетикалық сипаттамалары (төзімділік, пластиттік, жылдамдық). Екінші бағыт – эмоционалды сипаттамалар (көңіл – күйді басқаратын сезімталдық, лабильділік). Үшінші – қалауы (когнетивті стильдің, стимулды ортаның). Осылайша, өмірлік тұрақтылық, сезімталдық, алуан түрлілікке ұмтылыс немесе адамның бір сарынды өмір барысында мүлде өзгермейтін, тұрақты қасиеттерін білдіреді.
4. Формальді қасиеттер (дәстүрлі түрде жалпы «Темперамент» түсінігімен бірігеді) оқшаулана өмір сүрмейді, ал тұлғаның жоғарғы ұйымдасқан құрлымына енеді. Бұл жағдайды В. С. Мерлин иерархиялы жүйе ретінде берген индивидуалдылық анықтамасына жатқызуға болады.
5. Формальді – динамикалық сипаттамалар іс - әрекеттің шарты мен алғы шарттары ретінде ғана көрінбейді, сонымен қатар оның динамикасына, өзіндік әртүрлілікке, стильіне әсер етеді, яғни іс - әрекеттің соңғы нәтижесін анықтайды. Осылайша, формальді - динамикалық қасиеттер іс - әрекет стильін таңдауда біршама еркінділікті білдіреді, осымен оның мүмкін болатын өнімді шекарасын қалыптастырады.
Сонымен, индивидуалдылықтың арнайы теориясы - бұл адамның индивидуалды қасиеттерінің жалпы құрлымындағы биологиялық факторлардың орны мен құрлымы және пайда болуы туралы теория.
2. Адам индивидуалдылығының генетикалық негізі.
3. Адамның биохимиялық индивидуалдылығы.
4. Жыныстардың арасындағы психологиялық айырмашылықтар
5. И.П.Павловтың нерв жүйе қасиеттері мен типтері.
6. Темпераменттің типтері
7. Темперамент теориялары
8. Дифференциалды психология тарихы
9. Аналық (феминды)-аталық(маскулинді)стереотиптері
10. Жыныстардың арасындағы психологиялық айырмашылықтар
11. Индивидуалды-психологиялық дамуды зерттеудегі лонгитюдті әдісі
Білімді тексеруге арналған сұрақтар
1. Дифференциалды психология терминін енгізген: В. Штерн |
С |
2. Бихевиоризмнің негізін салушылар: Дж. Уотсон. |
д |
3. Ес және ойлаудың нейрофизиологиялық негізін салған : А.Р. Лурия. |
С |
4. Табиғи эксперимент әдісін ұсынған: B) А.Ф. Лазурский |
В |
5. Жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық негізін танытатын психологиялық қасиет: А) Мінез. В) Қабілет. С) Сезім. D) Темперамент. E) Ерік.
|
Д |
6. Сипаты тікелей темпераменттен көрінетін адам қасиеті: А) Әрекет-қимыл. В) Сана. С) Мінез. D) Сезім. E) Қабілет. |
А |
18. Тест әдісін алғаш қолданған ғалым? А.Бине
|
|
28. Дифференциалды психологияның дербес ғылым болуы A) ХІХ ғасырдың аяғы B) 1980 жылы C) 1935 жылы D) 1868 жылы E) 1991 жылы |
А |
29. Тұлғаны комплексті зерттеуді ұсынған: А) С.Л. Рубинштейн. B) Л.С. Выготский C) А.Р. Лурия. D) П.Я. Гальперин. Е) Б.Г. Ананьев |
Е |
30. “Адам индивидуалдылығы және акцентуацияланған тұлғалар” атты еңбек авторы А) К.Леонгард B) Э. Кречмер C) У. Шелдон D) П.Я. Гальперин. Е) П.Б. Ганнушкин |
А |
Детерминизм принципін енгізген ғалым? A) Декарт B) Демокрит C) Вольф
D) Аристотель E) Вундт
|
B |
Тұлға қасиеттерін көрсет: A) Темперамент B) Мінез C) Ес
D) Қабілет E) Ойлау
|
А,В,Е |
Сезімтал, әлсіз тип: A) Флегматик B) Сангвиник C) Холерик D) Меланхолик E) Атлетик |
D |
Қабілеттің дамуының алғы шартттары: A) тілек
B) дағды C) әрекет D) нышан E) дарын
|
D |
Мінез психикалық көріністің қай тобына жатады. A) Психикалық процесс B) Психикалық күй C) Жеке тұлғаның қасиетіне D) Физиологиялық процесс E) Эмоциональді-еріктік процесс |
C |
Мінездің физиологиялық негізі. A) Сигнал системелары B) Темперамент C) Анализатор D) Рецептор E) Нышандар |
B |
Жеке адамның қалыптасуына не биологиялық фундамент болып табылады? A) Темперамент B) Ақыл-ой C) Қабілет D) Сөйлеу E)Ойлау
|
A |
Жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктер жиынтығы: А) мінез
В) ерік С) темперамент Д) қабілет Е) сезім. |
A |
Қабілеттің көрінуіне және оның дамуына ықпал етуші адамдық фактор: А) Мінез
В) Зейін С) Темперамент D) Ойлау Е) Іс-әрекет |
Е |
Психологияның қандай бағыты адам мінез-құлық реакциялар тізбегі ретінде қарастырады? А) Психоанализ В) Бихевиоризм С) Гештальтпсихология D) Гумманистік психология Е) Интроспективті психология |
В |
МАЗМҰНЫ
1.1 Темперамент теориялары
1.2 Темпераменттің физиологиялық негіздері.
1.3Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.
2.1 Индивидуалды құрылымдағы мінездің орны жайлы сипаттама
2.2 А.Ф. Лазурский еңбегіндегі мінез психологиясы
2.3 Мінез акцентуациясының шетелдік психологтерінің еңбектерінде талқылануы
3.1 Қабілет анықтамасы.
3.2 Қабілет теориялары.
3.3 Қабілет және тұлға даралығы
4.1 Психологиядағы өмірлік стиль түсінігі
4.2 Кеңестік психологиядағы индивидуалды стиль түсінігі
4.3 «Мен» концепциясы өмірлік стильдің негізі ретінде
5.1 Тұлғаның бағдарлары мен қарым-қатынас стратегиялары
5.2 Индивидуалдылық құрылымындағы қарым-қатынас стилі
5.3 Лидерліктің стильдері
5.4 Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері
5.5 Ата-ана тәрбиесінің стильдері
Негізгі әдебиеттер
Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.
Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:
Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.
Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.
Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.
Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.
И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.
Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.
1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.
Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.
АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды; 2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты – тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.
У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).
Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:
1. Эмоционалды қозу;
2. Зейіннің қозуы;
3. Эмоцияның күші;
4. Мазасыздық;
5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;
6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;
7. Майыспалылық – регидтілік;
8. Резистенттілік;
9. Субъективтілік.
Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту
25 12 2014
6 стр.
Область научных интересов: политическая психология; психология массовых коммуникаций; социальная психология
25 12 2014
1 стр.
Программа рассчитана на 2 года и предусматривает специализацию по направлениям: экономическая психология и кросс-культурная психология
06 10 2014
1 стр.
«Специальная психология». Данный курс реализуется в рамках специальности 020400 «Психология» и относится к разделу общепрофессиональных дисциплин, федеральная компонента
01 10 2014
1 стр.
Психология пәні, мақсаты, міндеттері, объектісі. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. Қазіргі заман психологиясының міндеттері
12 10 2014
1 стр.
Психология личности [Текст] : принципы общепсихол анализа : Учеб для вузов по спец. "Психология" / А. Г. Асмолов. М. Мгу, 1990. 367 с. Б. ц
17 12 2014
1 стр.
У36 Интегральная психология: Сознание, Дух, Психология, Терапия / К. Уилбер; Пер с англ под ред. А. Киселева. — М: ООО «Издательство act» и др., 2004. — 412, [4] с. —
25 09 2014
22 стр.
Программа предназначена для преподавателей, ведущих данную дисциплину, учебных ассистентов и студентов направления 030300. 62 «Психология» подготовки бакалавра, изучающих дисциплин
23 09 2014
5 стр.