Перейти на главную страницу
Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В.В. Давыдов пен Л.В. Занков ұсынған негізгі екі түрі жүйелі түрде зерттелген. Егер біріншісі Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, А.Н. Леонтьевтің ережелеріне негізделсе, екіншісі Л.В. Занков шығармашылығымен тұстас барлық психология-лық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тұрғыдан қайта өңделген тәжірибесі болып табылады. Соның өзінде Л.В. Занков бұл тәжірибеге өзінің эксперименталдық жүйесін әзірлемес бұрын және оны аяқтағаннан соң да біршама сенімсіздікпен бағалаған болатын. Ол педгогика мен психологияның жетістіктеріне сүйену мүмкіндіктері алдыңғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейген жоқ деп санады.
И.И. Аргинская, Н.Я. Дмитриева, З.И. Романовскаяның және т.б. «Л.В. Занковтың жүйесі бойынша оқытамыз» деген еңбектерінде (1991) Л.В. Занковтың әзірлеген принциптеріне негізделген оқытудың біртұтас жүйесі келтіріледі. Онда оқытудың басында, мысалы, бастауыш сыныптарда оқып үйретуде, «біртұтас эмоционалдық-эстетикалық күйзеліс» болуы тиіс. Сомдалатын образдың тұтастығы, оны қабылдаудың тұтастығы, мәтінді түсіну тұтастығы меңгеру пәндерін ары қарай тереңдету және саралаудың негізі және бастапқы нүктесі.
В.В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі айырмашылықтарын келтіреді (бұл жерде «білім» термині «абстракция», «жалпылау», «ұғым» үшін ортақ) [63, 129-130 б.].
Эмпирикалық білім |
Теоретикалық білім |
1. Білім заттарды, олар туралы ұғымдарды салыстыру барысында пайда болады; нәтижесінде оларда ортақ қасиеттер бөлінеді. |
1. Білім тұтас жүйенің ішіндегі кейбір ерекшелік қарым-қатынас-тардың рөлі мен міндеттерін талдау барысында пайда болады, қарым-қатынастар генетикалық тұрғыдан жүйенің барлық көріністерінің бастапқы негізі болып табылады |
2. Салыстыру барысында заттардың белгілі бір класқа қатысты бірқатар жиынтығы бөлінеді (олардың ішкі байланысын ашпай ортақ қасиеттерінің негізінде). |
2.Талдау барысында генетикалық бастапқы қатынас, жалпыға ортақ негіздеме, біртұтас жүйенің мәні ашылады. |
3. Байқауға негізделген білім, затты елестетуде оның сыртқы қасиеттерін бейнелейді. |
3.Заттарды ойша қайта құру ретінде пайда болатын білім түсінік шеңбе-рінен «шығып» олардың ішкі қаты-насы мен байланыстарын бейнелей-ді. |
4. Ортақ қасиет формалды түрде ерекше және жеке дарамен қатар қойылады. |
4. Іс жүзінде өмір сүретін біртұтас жүйе мен оның әртүрлі нышандарының байланысы жалпыға ортақ пен жеке дараның байланысы ретінде саналады. |
5. Білімді нақтылау пәндердің берілген класына кіретін мысалдар мен иллюстрациялар таңдаудан тұрады. |
5. Нақтылау біртұтас жүйенің жалпыға ортақ негіздемелерінің ерекше және бірегей нышандарын бөліп шығару және түсіндіруден тұрады. |
6. Білімді зердеге түю құралы термин-сөздер болып табылады. |
6. Білім ақыл-ой әрекетінің құралдарында, содан соң символ-таңбалық құралдар арқылы көрінеді. |
Теоретикалық білімнің және оқытудың негізгі бағытын осылайша түсіну, яғни абстрактіден нақтыға - қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа, психологиялық тұрғыдан түсіндіруіне негізделеді. Мысалы, В.В. Давыдов саналықтың, көрнекіліктің, сабақтастықтың, ұғынымдылық, ғылымилықтың жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардың басқа, психологиялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады [61].
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбіреуі психикалық дамудың әртүрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, «дамудың жылдамдығы мен мазмұнын заңда тұрғыдан білім беруші әсер етуді ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады». Үшіншіден, саналылық принципінің әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден, көрнекіліктік принципін В.В. Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды сипаттамасы, бұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс. В.В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:
Әдебиет
Возрастная и педагогическая психология. 2-е изд. / Под ред. А.В. Петровского. М., 1979.
|
«Ұлы ғалым мен жай орта мектеп оқушысы, қарама-қарсы жақтарда болғанмен де, екеуі де бір баспал-дақта тұр – тұлғалық даму мен кемелдену; біреуі оның шыңында, екіншісі – ең төменде... бірақ екеуі де бірдей еңбектенеді – әрқайсысы өз ақылымен өз білгеніше үйренеді; олар – бір даланың жасаушысы, бірақ екеуі екі баста. П.Ф. Каптерев. Дидактические очерки. Теория образования |
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С.Л. Рубинштейн бойынша келтірейік.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі. Осыған орай С.Л. Рубинштейн, болмысты танып білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған болмыстың» танып білушы адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект ретінде» [193, 326 б.].
Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі – бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект» [193, 326 б.]. Осы жерде А.Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап өту маңызды. «Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» жоюшы, өзара өтулер сақталады» [111, 157 б.].
Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.
Төртіншіден, «Мен» және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра отырып С.Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аудартады: «Мен» қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады, және керісінше, «ырықты, басқарылушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам (лицо), осы іс-әрекеттің субьектісі – берілге индивидтің «мені» тиісті ұйғарады» [193, 334 б.]. Бұл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде болады.
Бесіншіден, субъект – саналы әрекеттенуші – оның өзіндік сана сезімі – бұл «өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субьект ретінде – практикалық және теоретикалық, сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде түсіну» [193, 335 б.]. Бұл анықтама С.Л. Рубинштейн теориясында «Адам өмір субъектісі ретінде» афоризмі формасын алады.
Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы танылады (мұны тағы А. Смит, К. Маркс айна теориясында атап өткен, бұл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай қарап, оның бағалауын қабылдай отырып, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады).
Жетіншіден, әрбір «Мен», жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық субъект болып табылады. «Әрбір «мен», ол «мендердің» жалпылығы болғандықтан, ұжымдық субъект, субъекттер ынтымақ-тастығы, «субъектер республикасы», тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұлі «мен» іс жүзінде «біз» болып табылады» [193, 337 б.].
Субъектің сегізінші сипаттамасы іс-әрекет субъектінің осы іс-әрекеттің өзінде өзі қалыптасып, жасалынатынында болып табылады, оның пән мазмұнын ашудағы субъекттің өзін айқындап және анықтауы мүмкін. С.Л. Рубинштейн бойынша «субъект өзінің істерінде, өзінің шығармашылық дербестік акттерінде тек ғана табылып және көрініп қоймайды; ол мұнда жасампаздалады және анықталады. Сондықтан оның не істегеніне қарап, оның кім екенін білуге болады; оның іс-әрекетінің бағыты арқылы өзін анықтап және қалыптастыруға болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншілігі жоқ дегенде, үлкен стильдегі педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді» [35, 6 б. цит. бойынша].
Субъекттің тағы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап өтейік, ол бейнелеу процесін гносеологиялық және өзіндік психологиялық талдаудан, «субъективтік» бейне категориясынан туындайды (А.Н. Леонтьев бойынша). А.Н. Леонтьев пікірінше танымда, шын бейнесінде үнемі белсенді субьект болады («құмарланған»), ол өзі орналасқан объект пен байланыстарды моделдейді. Іс-әрекеттің мотивтермен, эмоциялармен, субъект ұстанымдарымен шарттастығының жалпы психологиялық тезисіне негізделе отырып, А.Н. Леонтьев бейнелеудің «құмарланғандығы» түсінігін оның іс-әрекет субъектіне тиістілігі ретінде енгізеді [112. 125-126 б.].
Субъект түсінігінен басқа – операционалдық – позициялардан келе отырып, Ж. Пиаже де белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының бірі ретінде қарастырғанын айта кету маңызды. «Объект субъектке дайын күйде «берілмеген», ол тек соңғысы тарапынан жаңа білім құрылымында жаңғыртылады, оны өзі үшін «тұрғызатындай», тура сол сияқты субъект те өзіне өзінің барлық ішкі құрылымдарымен «берілмеген»; өзі үшін обьект ұйымдастыра отырып, субъект өзінің жеке операцияларын да конструциялайды, яғни өзін өзі үшін шындық қылады» [104, 50 б.].
Ж. Пиаже бойынша, субъект үнемі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның көмегімен субъект өзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Белсенділік әрекеттерден байқалады, олардың арасында әр түрлі өзгертулер, объектілерді түрлендіру (орын алмастыру, комбинациялау, жою және т.б.) және құрылымдар жасау жетекші болып табылады. Ж. Пиаже, обьект пен субьект арасында қашанда, субъекттің алдыңғы өзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексінде жүретін өзара әрекеттесу бар екеніне қатысты, педагогикалық психология үшін маңызды ойды атап көрсетеді. Ж. Пиаженің және бүкіл Женева мектебінің осы позициясын талдай отырып, Л.Ф. Обухова келесі жағдайды атап өтеді: «стимул–реакция» формуласы, Ж. Пиаже бойынша, «стимул – субъект іс-әрекетін ұйымдастыратын – реакция» ретінде болуы керек [150, 23 б.]. Басқаша айтқанда, әрекеттердің, іс-әрекеттің және одан да кең мағынада – өзара әрекеттесу субъектісі, объектпен ара қатынаста болып, өз тарапынан белсенді, жаңғыртушы және түрлендіруші бастама болып табылады. Бұл әрқашан да әрекеттенуші болады [181, 5 тарау қараңыз].
Субъект және тұлға
Субъекттілік проблемасы соңғы он жылдықтарда, тұлға психологиясында арнайы зерттеу объектісі болуда (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, В.И. Слободчиков, В.А. Петровский) [1; 181 б., 9 тарау қараңыз]. Адамның «...дүниедегі болмысының өзін-өзі детерминациялау қасиетін» саналы түсінуші субъекттілігі идеясы (В.А. Петровский), берілген психология аймағы үшін демеуші ретінде қарастырылады. В.А. Петровский, осы категория арқылы тұлғалық пен субъекттік арасындағы ішкі байланысты қарастыра отырып: «Тұлға болу дегеніміз... іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, өзіндік сана-сезімнің субьектісі болу», – деп көрсетеді. В.А. Петровскийдің дәлелдерін келтірейік:
«Біріншіден, тұлға болу – өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік виталды (кең мағынада) қатынастарын құру». Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік ортасымен өзара қатынастарының физикалық, психофизикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарын қамтиды.
«Екіншіден, тұлға болу – өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың іс-әрекеттің субъектісі болу».
Төртіншіден, В.А. Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз өзіндік сана-сезім субъекті болуы, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз «Менін» ашуды және де басқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъекттілікті тұлғаның құрастыратын сипаттамасы ретінде қарастыра отырып, В.А. Петровский педагогикалық психология үшін маңызды түсініктерді енгізеді: «виртуалды субъект» түсінігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы тұлғалықтың пайда болуымен байланыстырылады; «бейнеленген субъекттілік» түсінігін – «нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен бірге алмайды және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субьектісі болмай қалмайды» [171, 42 б.].
Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық және психологиялық бағыттар мен мамандықтарда оқитын студен
14 12 2014
24 стр.
Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық және психологиялық бағыттар мен мамандықтарда оқитын студен
14 09 2014
24 стр.
Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады
25 12 2014
5 стр.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №295 Қаулысы
05 09 2014
1 стр.
Жұмыс Гуманитарлық-Педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалды
25 12 2014
1 стр.
В работе с тестом см лит-ру: Зимняя И. А. Педагогическая психология: Учеб. М.: Логос, 2001. Часть Гл. 1, 2; Лекции по педагогической психологии
25 09 2014
2 стр.
Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту тура
25 12 2014
3 стр.