Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы




Дәріс

«Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиоактивті ыдырау заңы»


Пән RG 3221 «Радиациялық гигиена»

Мамандығы 5В110400 - «Медициналық –профилактикалық іс»


Ұзақтығы : 50 мин (1 сағат)

Курс: 3

ҚАРАҒАНДЫ 2012ж.


Жалпы гигиена, экология курсының

отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № _____ от ____ __________ 2012ж.


Жалпы гигиена, экологияға жауапты _______ Калишев М.Г.


  • Тақырып: Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиоактивті ыдырау заңы.

  • Мақсаты: студенттерге Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиоактивті ыдырау заңы туралы мағлұмат беру.

  • Дәріс жоспары:

1. Радиациялық гигиена пәні және мазмұны.

2. Ғылым ретінде дамуындағы негізгі кезеңдер.

3. Радиациялық гигиенада қолданылатын әдістер.

4. Заңды құжаттар


ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ДОЗИМЕТРИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУ – затпен әсерлесуі кезінде бұл затта белгісі басқа иондардың түзілуіне әкелетін сәулелену. Иондаушы сәулелену зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден, сонымен қатар фотондардан құралады. Иондаушы сәулеленудің энергиясын жүйеден тыс электрон-вольт (эВ) бірліктермен өлшейді. 1 эВ = 1×10-18 Джоуль (Дж). Еселік бірліктерді қолданады: килоэлектрон-вольт (кэВ), 1 кэВ = 1×103 эВ, менаэлектрон-вольт (МэВ), 1 МэВ = 1×106 эВ. Ультракүлгінсәулелену мен көрінетін жарық иондаушысәулеленулерге жатпайды.

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗІ – иондаушы сәулеленуді шығаратын немесе шығаруға қабілетті құрылғылар немесе радиобелсенді зат.

ГАММА-СӘУЛЕЛЕНУ – ядролық түзілу немесе бөлшектердің аннигиляциясы кезінде шығарылатын фотонды (электромагнитті) жанама иондаушы сәулелену. Жоғары өту қабілетіне ие (фотондардың ауада орташа жүруі шамамен 100 м, ал биологиялық ұлпада – 10-15 см). Сыртқы сәулелену көзі ретінде үлкен қауіп төндіреді.

РЕНТГЕНДІК СӘУЛЕЛЕНУ – рентген аппаратымен өндірілетін тежеуші және өзіне тән фотонды сәулеленулердің жиынтығы.

ТЕЖЕУШІ СӘУЛЕЛЕНУ – зарядталған бөлшектердің жылдамдығы өзгерген кезде шығатын, энергетикалық спектрі үздіксіз фотонды сәулелену. Рентген түтігінде, электрон жылдамдатқышында, бета-сәулелену көзі қоршаған ортада пайда болады.

БЕТА-СӘУЛЕЛЕНУ – ядролық түзілістердің кезінде шығатын, энергитакалық спектрі үздіксіз электронды (позитивті) иондаушы сәулелену. Е спектріне шекаралас энергиямен сипатталады.

Бета-бөлшектердің жүруі аз (ауада бірнеше метр,биологиялық ұлпада бірнеше см). Энергиясы 0,1-0,2 МэВ бета-бөлшектер теріге, көздің шырышты қабықшаларына әсерімен және асқазан-ішек жолы мен өкпеге түсуімен қауіпті. Энергиясы 2 МэВ-тан жоғары бөлшектер көздің нұрлы қабығына қауіпті.



АЛЬФА-СӘУЛЕЛЕНУ – ядролық түзілу кезінде шығатын, альфа-бөлшектерден (гелий ядроларынан) тұратын иондаушы сәулелену. Альфа-бөлшектердің жүруі төмен (ауада бірнеше см-дей, биологиялық ұлпада 0,1 мм-дей). Альфа-сәулендіргіштер тері мен көз шырышты қабықшасын залалдануымен, өкпе мен асқазан-ішек жолына түсуімен қауіпті.

НЕЙТРОНДАР – ядролық реакцияларда пайда болатын зарядталған бөлшектер. Энергия бойынша нейтрондардың үш тобын ажыратады: жылулық, аралық және жылдам нейтрондар. Жылулық нейтрондардың ауада орташа жүруі 10-20 м, биологиялық ұлпада шамамен 2,8 см, жылдам нейтрондардың сәйкесінше 110-130 м және 10 см.

БӨЛШЕКТЕР АҒЫНЫ – белгілі бір уақыт аралығында беткей арқылы өтетін бөлшектер санының бұл интервалға қатынасы, ағынды жиіліктің бірліктері/с-пен өлшейді.

БӨЛШЕКТЕР АҒЫНЫНЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ – уақыт интервалында сегментарлық сфера арқылы өтетін бөлшектер санының бұл сфераның кесіндісі мен бұл уақыт интервалына қатынасы. Ағынның тығыздығын жиілік/(с×см2) өлшейді.

РАДИОНУКЛИД – белгілі бір массалық саны мен атомдық номері бар, ал изомерлі атомдар үшін атомдық ядроның белгілі бір энергитакалық күйі бар радиобелсенді заттар.

РАДИОНУКЛИДТІҢ ЖАРТЫЛАЙ ЫДЫРАУ ПЕРИОДЫ Т½ - өздігінен жүретін ядролық түзіліс нәтижесінде бұл радионуклид ядроларының 2 есе төмендеуге кететін уақыт.

РАДИОБЕЛСЕНДІ ИЗОТОП – бұл элементтердің радионуклиді, мысалы йодтың радиобелсенді изотопы – йод-131, кобальттың радиобелсенді изотопы – кобальт-60.

КӨЗДЕГІ РАДИОНУКЛИДТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ (А) – уақыттың кішкентай интервал аралығында көзде өздігінен жүретін онда жүретін ядролық түзілістер санының бұл интервалының қатынасына тең радилбелсенділік өлшемі. Белсенділік бірлігі – беккерель. 1 Бк = 1 секундтағы 1 ядролық түзілу (ыдырауы) немесе 0,027 нКи. 1 Ки = 3,7×1010 Бк. Нанокюри, нКи = 1×10-80 Ки = 37 Бк. Тәжірибеде меншікті белсенділікті (Бк/кг немесе Ки/кг), сонымен қатар көлемді белсенділік (Бк/км2, Ки/км2) қолданылады.

СЫРТҚЫ СӘУЛЕЛЕНУ – сәулелену көздерінің ішінде болатын дененің сәулеленуі.

ЖҰТЫЛҒАН ДОЗА (Д) – затқа эдемнтарлық көлемде иондаушы сәулеленуде берілген орташа энергияның бұл көлемдегі заттың массасына қатынасына тең негізгі дозиметриялық шама. Жұтылған дозаныңөлшем бірлігі – грей, Гр. 1 Гр = 100 рад, 1 рад = 0,01 Дж/кг. 1 Дж = 0,293 калорий немесе 6,25×1018 электрон-вольт немесе 1×105 эрг. Грей кез келген типті затпен жұтылған сәулелену энергиясы мөлшерінің шамасы болып табылады.

ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗА (Н) – күнтізбелік жыл ішінде 5 шектеліп рұқсат етілген дозадан (ШРЕД), яғни 250 мЗв/жыл аспайтын эквивалентті доза кезінде еркін құрамдағы иондпушы сәулеленудің созылмалы әсерінен адам ағзасына ықтимыл зияндылықты бағалау үшін радиациялық қауіпсіздік саласына енгізілген негізгі дозиметриялық сала. Эквиваленттік доза жұтылған дозаның биологиялық ұлпаның көлемде бұл элементіндегі иондаушы сәулеленудің сапа коэффициентіне көбейтіндісіне тең. Эквмваленттік дозаның бірлігі – зиверт, Зв. 1 Зв = 100 бэр – эквиваленттік дозаның жүйеден тыс бірлігі (радтың биологиялық әсері). 1 бэр = 1 рад×k = 0,01 Дж/кг. 1 мЗв = 1×10-3 Зв, 1 мкЗв = 1×10-6 Зв. Эквиваленттік дозаны анықтаған кезде жұмсақ биологиялық ұлпаның келесі құрамы белгіленеді: 10,1% сутегі, 11,1% көміртегі, 2,6% азот, 76,2% оттегі (масса бойынша).

САПА КОЭФФИЦИЕНТІ (k) – белгілі бір эквиваленттік доза кезінде иондаушы сәулеленудің әр түрлерінің биологиялық тиімділікті есептеуге арналған коэффициенті. Энергетикалық құрамы белгісіз иондаушы сәулеленуді анықтаған кезде сапаның келесіорташа мәндерін қолданады: рентген және гамма-сәулеленуде k>1; электрондар, нейтрондар және бета-сәулелену k = 1; энергиясы 10 МэВ-тен төмен альфа-сәулелену k = 20; энергиясы 0,1-10 МэВ k = 10, энергиясы 20 кэВ нейтрондар k = 3.

ТИІМДІ ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗА (ТЭД) (Не) – әрбір мүшемен (Нt) алған сәулеленуге мүшелердің әр түрлі сезімталдығын ескеретін сәйкес салмақаты коэффициентке (Wt) көбейтіндісінің суммасы, ТЭД біркелкі сәулелену сияқты дененің біркелкісіз сәулеленуін дәл сондай бағалауды қамтамасыз етеді.

Не = Нt × Wt.

Бұл шама да Зв (зивертте) өлшенеді. Массалық коффициенттер тең: гонадалар (жыныс бездері) үшін 0,25; сүт безі – 0,15; қызыл жілік майы – 0,12; өкпе – 0,12; қалқанша безі – 0,03; сүйек беткейі – 0,03 және организмнің басқа мүшелерімен ұлпалары – 0,3 Wt=1.

Мысалы, өкпенің 1 мЗв (100 мбэр) сәулелену дозасы ТЭД = 0,12 Зв (12 мбэр) сәйкес келеді, яғни барлық денені 0,12 Зв біркелкі сәулелену кезінде сәулелену қауіпі өкпенің 1 мЗв дозада сәулелену сияқты.



ҰЖЫМДЫҚ ТИІМДІ ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗА – белгілі бір радиация сәулеленуден бір топ адаммен алған тиімді эквиваленттік доза. Өлшем бірлігі – адам-зиверт (адам Зв).

РЕНТГЕН ЖӘНЕ ГАММА-СӘУЛЕЛЕНУЛЕРДІҢ ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ ДОЗАСЫ (Х) – ауаның элементар көлемде фотондардан босаған теріс және оң электрондар (позитрондар) ауада толық тоқтаған кездегі ауада пайда болған белгінің барлық иондарының суммациялық зарядының осы көлемдегі ауа массасына қатынасы. Өлшем бірлігі – кулон килограмға, Кл/кг. Жүйеден тыс өлшем бірлігі – рентген. 1 Р = 2,58×10-4 Кл/кг, 1мР = 1×10-3 Р, 1 мкР = 1×10-6 Р, 1 Р = 0,88 рад.

ПЕРСОНАЛ, КӘСІПТІК ЖҰМЫСКЕРЛЕР – сәуленетін адамдардың А категориясы, яғни иондаушы сәулелену көздерімен тікелей үздіксіз немесе уақытша жұмыс істейтін адамдар. 18 жасқа толмаған адамдар сәулелену көзімен жұмыс істеуге жіберілмейді.

ХАЛЫҚТЫҢ ШЕКТЕЛГЕН БӨЛІГІ – сәуленетін адамдардың Б категориясы, яғни иондаушы сәулелену көздерімен тікелей емес жұмыс істейтін, бірақ өмір сүру немесе орналасу бойынша мекемелерде қолданылатын және (немесе) сыртқы ортаға бөлінетін радиобелсенді заттардың немесе өзге де сәулелену көздерінің әсеріне ұщырайтын адамдар. Б категориясының адамдарының сәулену деңгейі қауіп-қатер топ бойынша анықталады.

ХАЛЫҚ – сәуленетін адамдардың В категориясы – елдің, республтканың, өлкенің немесе облыстың халқы.

ШЕКТЕЛІП РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДОЗА (ШРЕД) – 50 мЗв (5 бэр) дозада сәуленетін адамдар үшін негізгі дозалық шек. ШРЕД – 50 жыл бойы біркелкі сәулену кезінде адамның денсаулық жағдайында қазіргі заманның әдістерімен анықталатын жағымсыз өзгерістерді туындатпайтын күнтізбелік жыл ішіндегі жеке эквиваленттік дозаның ең төменгі мәні. ШРЕД-ға табиғи фонның және медтциналық сәуленудің дозалары кірмейді.

ДОЗАНЫҢ ШЕГІ (ДШ) - сәуленетін адамдардың В категориясы үшін негізгі дозалық шек. ДШ – 70 жыл бойы біркелкі сәулену кезінде адамның денсаулық жағдайында қазіргі заманның әдістерімен анықталатын жағымсыз өзгерістерді туындатпайтын күнтізбелік жыл ішіндегі жеке эквиваленттік дозаның ең жоғарғы орташа мәні. Дозаның шегі территорияда және бөлмежайларда сыртқы сәулеленудің эквиваленттік доза қуаты және радиобелсенді шығарыстар мен сыртқы орта объектілерінің радиобелсенді ластану деңгейлері бойынша бақыланады.

ЭКВИВАЛЕНТТІК ДОЗАНЫҢ ҚУАТЫ (ЭДҚ) (Н) – уақыт интервалында эквиваленттік дозаның өсуінің бұл уақыт интервалына қатынасы. Эквиваленттік доза қуатының бірлігі – зиверт секундқа, Зв/с. 1 Зв/с = 100 бэр/с. Бірліктердің туындылары да қолданылады: мкЗв/сағ, мЗв/сағ. Өлшеу кезінде жұтылған және экспозициялық дозаның қуатын да қолданады.

ДОЗАНЫҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚУАТЫ – бір жыл ішінде орташа етілген эквиваленттік доза қуатының рұқсат етілген деңгейі. Сан ретінде шектеліп рұқсат етілген дозаның бір күнтізбелік жыл ішінде сәулелену уақытына қатынасына тең.

А категориясы үшін tА = 1700 сағ, мекемеде стандартты мәндегі категориясының адамдары үшін және санитарлық-қорғау аймағында tА = 2000 сағ және тексеру аймағында tА = 8800 сағ.



СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ТЕХНОГЕНДІ ФОНЫ – адамдардың іс-әрекет нәтижесінде өзгерген сәулеленудің табиғи фоны.

ҚАУІП-ҚАТЕР МҮШЕ – организмнің біркелкісіз сәулену жағдайында адамға және оның ұрпақтарының денсаулығына үлкен зиян әкеліп сәуленетін ұлпа, мүше немесе дене бөлігі. Радиосезімталдықтың азаюы бойынша қауіп-қатер мүшелер 1, 2, 3 топтарға жатады, олар үшін негізгі дозалық шектердіңмәндері белгіленеді: 1 топ – бүкіл дене, гонадалар және жілік майы; 2 топ – бұлшықеттер, қалқанша безі, май ұлпасы, бауыр, көкбауыр, асқазан-ішек жолы, өкпе, көз бұршағы және 1 және 3 топқа жатпайтын басқа мүшелер; 3 топ – тері жамылғысы, сүйек ұлпасы, алақан, білек, сирақ және табан.

Б категориясы және қауіп-қатер мүшелердің 1 тобы үшін суммациялық сыртқы және ішкі сәуленудің дозалық шектері – 1 жылда 5 мЗв (0,5 бэр), 2 топ үшін 15 мЗв (1,5 бэр), 3 топ үшін 30 мЗв (3 бэр).

Организмнің салыстырмалы біркелкі сәуленуі кезінде денсаулыққа келтіретін зиян бүкіл дененің сәулену деңгейі бойынша, яғни қауіп-қатер мүшелердің 1 тобына сәйкес деп қарайды.

БЕТКЕЙДІҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН РАДИОБЕЛСЕНДІ ЛАСТАНУЫ. Шектеліп рұқсатетілген дозадан (немесе доза шегінен) жоғары радиобелсенді ластанудың және радиобелсенді заттардың таралу салдарынан бөлмежайдың және территорияның ластануын алдын алу есебінен адамдардың сыртқы және ішкі сәуленуін болдырмайтын деңгейде белгіленеді.

РАДИАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ - радиациялық қауіпсіздік нормаларын және негізгі санитарлық ережелерді сақтауды бақылау, сонымен қатар адамдардың сәулену деңгейлері туралы және мекемелерде және қоршаған ортада радиациялық жағдай туралы ақпаратты алу. Ол радиациялық бақылаудың аспаптарымен әдістерін және есептеу әдстерін қолданып, мекеменің радиациялық қауіпсіздік қызметімен немесе арнайы бөлінген лауазымды тұлғамен, сонымен қатар сәйкесведомстволық қызметтермен жүзеге асады.

САНИТАРЛЫҚ-ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ – мекемені қалыпты эксплуатациялау жағдайында адамның сәулену деңгейі радиобелсенді шығарыстың доза шегінен асуы мүмкін мекеменің немесе көздің айналысындағы территория. Санитарлық-қорғау аймағында шектеу режимі белгіленіп, радиациялық бақылау жүргізіледі.

ДЕТЕКТОР – аспаптың иондаушы сәулелену энергиясын тіркеуге ыңғайлы энергияның басқа түріне (электр тогі, заряд, электр импульстары) айналдыруын қамтамасыз етеін сезімтал элементі. Детектордағы импульстардың орташа саны дозаға, ал орташа жиілігі доза қуатына пропорционал. Тұрақты доза немесе оның қуаты және бірдей шарттардағы көп ретті өлшеу кезінде тіркелген импульстар саны немесе импульстардың өлшенетін жиілігінің мәні құбылыстың статикалық тегі себебінен өзара сәйкес келмейді.

Доза немесе доза қуаты, егер оларды бірнеше өлшеулер бойынша орташа арифметикалық деп анықтаса, шынайымәнге жақын болады.



ГАЗРАЗРЯДТЫ САНАУЫШ – ионизация актілері шығуда электрлі импульстардың пайда болуына әкелетін, 1-ден жоғары газдық күшею коэффициенті бар, газға толтырылған ионизациялық детектор.

ИНДИКАТОР (индикаторлық аспап) – негізінен, иондаушы сәулеленудің дозасын және доза қуатын өлшеуге тағайындалған аспап.

РАДИОМЕТР (радиометриялық аспап) – негізінен, нуклидтің белсенділігін немесе бөлшектер ағыны тығыздығын өлшеуге тағайындалған аспап.

ӨЛШЕУ ҚАТЕЛІГІ –өлшеуіш аспаптың ондағы көрсеткіш пен өлшенетін шаманың шынайы мәні арасындағы айырмашылықты анықтайтын сипаттама. Өлшеудің салыстырмалы қателігі келесідей анықталады:

l = ((Н10)/Н0) × 100,

мұндағы, Н0 – шынайы, ал Н1 – дозаның (доза қуаты) өлшенген мәні.
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НОРМАЛАРЫ (НРБ-96)

ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАТИВТЕР ГН 2.6.1.054-96

Радиациялық қауіпсіздік Нормалары НРБ-96 жасанды немесе табиғи текті иондаушы сәулелену әсерінің барлық жағдайларында адам қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін қолданылады.

НРБ-96 құжатымен белгіленген талаптар мен нормативтер іс-әрекеттері нәтижесінде адамдардың сәулеленуі ықтимал бағыныштығы мен меншіктік формасына тәуелсіз барлық заңды тұлғалар үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы субъектілерінің әкімшілігі, биліктің жергілікті органдары мен азаматтары үшін міндетті болып табылады.

Осы Нормалар ҚР «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» талаптарын негізгі дозалық шектердің, иондаушы сәулелену әсерлерінің рұқсат етілген деңгейлерінің және адамның сәуленуін шектейтін басқа талаптардың формасында регламенттейтін негіз салушы құжат болып табылады. Ешқандай жеке нормативті және әдістемелік құжаттар Радиациялық қауіпсіздік Нормаларына (НРБ-96) қарсы келмеу керек.

Радиациялық қауіпсіздік Нормалары (НРБ-96) ИС-дің адамға әсерінің келесі түрлерге таралады:

- техногенді ИСК қалыпты эксплуатациясы жағдайларында персоналдың және халықтың сәуленуі;

- радиациялық апат жағдайларында персоналдың және халықтың сәуленуі;

- табиғи ИСК өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшаларының және халықтың сәуленуі;

- медициналық сәулелену.

Келесі көздер автоматты түрде регламентациядан босатылады:

а)келесі жағдайлардағы сәулелену генераторлары:

1.егер олар Мемсанэпидқадағалаумен радиациялық бақылаусыз қолдануға рұқсат етілген;

2.қалыпты эксплуатация жағдайында аппаратураның кез келген қол жетерлік беткейіннен 0,1 м қашықтықтағы кез келген нүктеде эквиваленттік доза қуаты 1,0 мкЗв/сағ-тан аспаса;

б)максимальды энергиясы 5 кэВ-тан жоғары сәулелену генераторлары;

в)меншікті немесе суммациялық белсенділігі арнайы құжаттарда көрсетілген радиобелсенді заттар.

БАҚЫЛАНАТЫН ЖАҒДАЙЛАРДА ТЕХНОГЕНДІ СӘУЛЕНУДІҢ

НЕГІЗГІ РЕГЛАМЕНТТЕУШІ ШАМАЛАРЫ
Иондаушы сәулелену көздерін эксплуатациялаудың қалыпты шарттары
Сәуленетін адамдардың келесі категориялары белгіленеді:

- персонал;

- бүкіл халық, соның ішінде олардың өндірістік әрекеттері саласы мен шарттарынан тыс тұлғалар.
Барлық сәуленетін адамдардың категориялары үшін нормативтердің үш класы қабылданады:

- негізгі дозалық шектер;

- жылдық түсудің шектері, рұқсат етілген орташа жылдық көлемді белсенділіктер және меншікті белсенділіктер және т.б. сияқты негізгі дозалық шектерінің туындылары болып табылатын монофакторлы әсердің (бір радионуклид немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) рұқсат етілген деңгейлері;

- бақылаушы деңгейлер (дозалар). Бақылаушы деңгейлер Мемсанэпидқадағалау органдарының келісімі бойынша әкімшілікпен қабылданады. Олардың сандық мәндері мекемеде белгіленген радиациялық қауіпсіздіктің деңгейін ескеру және радиациялық әсер рұқсат етілген деңгейден төмен шарттарды қамтамасызету қажет.


НЕГІЗГІ ДОЗАЛЫҚ ШЕКТЕР


Нормаланатын шамалар

Дозалық шектер

Персонал адамдары* (А тобы)


Халық

Тиімді доза

Кез келген қатар 5 жылда 20 мЗв/жыл, бірақ 50 мЗв/жыл жоғары емес

Кез келген қатар 5 жылда 1 мЗв/жыл, бірақ 5 мЗв/жыл жоғары емес

Жыл ішіндегі эквиваленттік доза:

- көз бұршағында

- теріде**

- алақан мен табанда



150 мЗв


500 мЗв

500 мЗв


15 мЗв


50 мЗв

50 мЗв

Ескерту: *Персонал, яғни техногенді көздермен (А тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша олардың әсер ету саласында (Б тобы) жұмыс істейтін адамдар. В тобынынң персоналы үшін сәулену дозалары барлық қалған рұқсат етілген өндірістік деңгейлер сияқты А тобы персоналы үшін мәндерінің ¼-інен апау керек. Кейін құжаттағы барлық нормативті шамалар тек А тобы үшін келтіріледі.

**Қалыңдығы 5 мг/см2 жамылғы қабаттың астындағы қалыңдығы 5 мг/см2 қабаттың орташа мәнге қатысты. Алақанда жамылғы қабаттың қалыңдығы 40 мг/см2.

Персоналдағы адамдардың және халықтың сәуленуінің негізгі дозалық шектеріне табиғи, медициналық ИСК дозалары және радиациялық апат салдарынан болатын дозалар кірмейді. Сәуленудің бұл түрлеріне арнайы шектеулер белгіленеді.

Жалпы (ішкі және сыртқы) сәуленудегі организмге радионуклидтердің түсуінен болтын үлесін есесптеген кезде жыл ішінде әрбір радионуклидтің түсуінің дозалық коэффициентіне көбітіндісінің суммасы алынады. Сәуленудің жылдық тиімді дозасы бір күнтізбелік жыл ішінде жиналған сыртқы сәуленудің тиімді дозасының бұл периодта организмге радионуклидтердің түсуімен сипатталатын сыртқы сәуленудің болжамдалатын тиімді дозасының қосындысына тең. Болжамдалатын тиімді дозаның шамасын анықтау үшін уақыт интервалы персонал арасндағы адамдар үшін 50 жыл, халық арасындағы адамдар үшін 70 жыл деп алынады.

Сәуленетін адамдардың әрбір категориясы үшін радионуклидтердің рұқсат етілген жылдық түсуі жылдық доза шегін сәйкес дозалық коэффициентке бөлу арқылы есептеледі.

Ішкі және сыртқы сәулену көздері бір уақытта әсер еткен кезде сыртқы сәулену дозаның доза шегіне қатынасының және нуклидтердің жылдық түсуінің олардың шектеріне қатынасының қосындысы 1-ден аспайтын шарт орындалу керек.

45 жасқа толмаған ИСК-мен жұмыс істейтін әйелдер үшін қосымша шектеулер қолданылады: іштің төменгі бөлігінің беткейіндегі терінің ішіндегі эквиваленттік доза жыл ішінде персонал үшін жылдың түсудің шегінен 1/20 бөлігінен аспау керек. Бұл кезде ұрықтың сәуленудің эквиваленттік дозасы жүктіліктің анықтамалған 2 айында 1 мЗв-тен аспайды. Аталмыш нормативті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы және ішкі сулену көздері әсер еткен кезде жоғары аталған шарт орындалу қажет.

Жүктілік анықталған кезде әйел әкімшілікті хабардар ету керек және ол жүктіліктің бүкіл мерзімінде және баланы емізудің бүкіл мерзімінде сәулеленумен байланысты емес жұмысқа ауыстырылу тиіс.

21 жасқа толмаған ИСК қолдануды меңгеретін студенттер мен оқушылар үшін дозаның жылдық түсуі халық арасындағы адамдар үшін белгіленген шамалардан аспау керек.
ЖОБАЛАНҒАН ЖОҒАРЛАҒАН СӘУЛЕНУ
Апатты жойған кезде бекітілген доща шектерінен жоғары жобаланған жоғарлаған сәулену олардың жоғалауын болдырмайтын мүмкіндік болмаса ғана рұқсат етіледі және адамдар өмірлерін құтқарумен, апаттың болашақ дамуын және көптеген адамдардың сәуленуін алдын алумен түсіндіріледі. Жобаланған жоғарлаған сәулену апатты жою кезінде болатын сәуленудің мүмкін дозалары және денсаулыққа төнетін қаупі туралы хабардар болған соң өз еркімен жазбаша түрде келісім берген тек 30 жастан асқан ер адамдар үшін рұқсат етіледі.

100 мЗв/жыл дозадан аспайтын дозада жобаланған жоғарлаған сәулену Мемсанэпидқадағалаудың жергілікті органдарының келісімімен, ал 200 мЗв/жыл дозадан аспайтын сәулену ҚР Мемсанэпидқадағалаудың келісімімен рұқсат етіледі.

Жоғарлаған сәулену тыйым салынады:

- апат немесе жобаланаған жоғарлаған сәулену нәтижесінде 200 мЗв/жыл дозаны алған жұмысшыларға;

- ҚР ДСМ тізіміне сәйкес медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға.

100 мЗв-тен асатын дозада бір реттік сәуленуге ұшыраған адамдар кейін 20 мЗв/жыл жоғары дозада сәуленуге ұшырауы рұқсат етіледі.

200 мЗв/жыл жоғары дозада бір реттік сәулену ықтимал қауіпті болып саналады. Бұл сәуленуге ұшыраған адамдар тез арада сәулену аймағынан шығарылып, медициналық тексеруге жіберілуі тиіс. Бұл адамдарға сәулену көздерімен жұмыс жалғастыруға жеке тәртіпте құзырлы медициналық комиссия шешімімен рұқсат етіледі.

Апатты және құтқаруға жіберілетін адамдар персонал ретінде қаралып, оларға бұл тараудыңжағдайлары таралады. Бұл адамдар радиациядық апат аймағында жұмысына оқытылып, медициналық қараудан өту керек.



ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙЛАРДА ТАБИҒИ КӨЗДЕРДІҢ СӘУЛЕНУІНЕН ҚОРҒАНУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Персонал категориясына жатпайтын жұмысшылар үшін өндірістік жағдайларда иондаушы сәулеленудің табиғи көздерінің сәуленуімен сипатталатын тиімді доза 5 мЗв/жыл аспау керек.

5 мЗв/жыл тиімді доза монофакторлы әсер еткенде, жұмыстың 2000 сағ/жыл ұзақтығы тыныс алудың 1,2 мЗв/сағ жылдамдығы және өндірістік шаңдағы уран және торий туыстастықтыры радтинуклидтердің радиобелсенді тепе-теңдігі кезінде радиациялық факторлардың сандық мәні құралады:

- жұмыс орнындағы гамма-сәуленудің орташа жылдық доза қуаты – 3,8 мкЗв/сағ;

- тыныс алу аймағының ауасындағы радонның (Rn-222) орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі – 310 Бк/м3;

- тыныс алу аймағының ауасындағы торонның (Rn-220) орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі – 68 Бк/м3;

- өзінің туыстастықтың мүшелерімен радибелсенді тепе-теңдікте болатын уранның-238 өндірістік шаңдағы меншікті белсенділігі 28/f кБк/кг, мұндағы f – тыныс алу аймағы ауасындағы орташа жылдық орташа шаңдануы, мг/м3;

- өзінің туыстастықтың мүшелерімен радибелсенді тепе-теңдікте болатын теорийдің-232 өндірістік шаңдағы меншікті белсенділігі 28/f кБк/кг.

Ғарыштық сәулелену дозасы дыбысқа дейінгі жылдамдықта ұшуларды жүзеге асыратын ұшақ экипажының өндірістік жүктемені шектемейді (ұшу биктігі 10-12 км дейін).



ХАЛЫҚТЫҢ СӘУЛЕНУІН ШЕКТЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР.
Халық табиғи және жасанды көздердің иондаушы сәулеленуінің (ИС) сыртқы және ішкі сәуленуіне ұшырайды. Табиғи көздерге ғарыштық сәулелену және қоршаған ортада болатын және адам организміне ауамен, сумен және тамақпен түсетін табиғи радионуклидтер жатады. Жасанды иондаушы сәулелену медициналық (диагностикалық және радиотерапиялық ем-шаралар) және техногенді (жасанды және адам арнайы концентрацияланған табиғи радионуклидтер, ИС генераторлары және т.б.) болып бөлінеді.

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі барлық негіздерден шығатын сәуленуді шектеу арқылы жетіледі. Негізгі көздердің қасиеттері және олармен халықтың сәуленуін реттеу мүмкіндігі әр түрлі. Осымен байланысты халықтың табиғи, техногенді және медициналық көздермен сәуленуі әрқилы әдіснамалық шешімдерді және техникалық тәсілдерді қолданудан бөлек регламенттеледі.

Халықтың сәуленуінің барлық көздеріне қатысты жеке адамдардың сәулелену дозаларын төмендеу бойынша әрі сәуленуге ұшыраған адамдардың санын азайту бойынша шараларды қолданған жөн.

Бақылауда және қалыпты эксплуатация процесінде болатын техногенді көздерді және бақылаусыз болатын көздерді (радиациялық апат нәтижесінде қоршаған ортада жоғалған, шашыраған) ажыратады. Халықтың бақылауға болмайтын көздермен сәуленуі дәрістік материалда берлген.


ТЕХНОГЕНДІ КӨЗДЕРМЕН СӘУЛЕНУДІ ШЕКТЕУ
Халықтың барлық техногенді көздерден сәуленуінің жылдық дозасы, оларды калыпты эксплуатация жағдайында, негізгі дозалық шектерден аспау керек.

Аталған дозалар шектері халықтың қауіп-қатер тобындағы ағымда жыл ішінде сыртқы сәулелену дозасы мен ағымды жыл ішінде радионуклидтердің түсу салдарынан 70 жылда болжамдалатын дозаның қосындысы деп қаралатын орташа дозаға қатысты [халық арасындағы сәулеленудің бұл көзі және сәуленудің бұл жолы үшін жынысы, жасы, әлеуметтік және кәсіптік белгілері бойынша бір текті топ (10 адамнан көп) қауіп-қатер топ аталады, егер оның мүшелері үшін сәулеленудің бұл көзі және сәуленудің бұл жолы бойынша (жағдайға байланысты) жоғарғы тиімді немесе эквивалентті дозаларды алу тән болса].

Халықтың жекелеген техногенді көздермен сәуленуін шектеу үшін, оларды қалыпты эксплуатация жағдайында, квоталардың қосындысы дозалардың қосындыларынан аспайтындай, көздердің әр түрлері үшін жылдық дозаның шектерінің квоталары (үлестері) белгіленеді.

Халықтың жекелеген техногенді көздермен сәуленуі ИСК сақьалуын қамтамасыз ету, технологиялық процестерді және қоршаған ортаға РН-терді шығаруды бақылау және ИСК жобалау, эксплуатациялау және пайдалануды тоқтату кезеңдердегі басқа да шаралар арқылы шектеледі. Территорияның р.б. ластануын анықтаған кезде кірісу критерийлері радиациялық апат дәрісінде қаралады.

Асқорыту мүшелері арқылы түсетін ПГП мәндерінің және доза шегінде квоталардың негізінде нақты жағдайлар үшін негізгі тамақтық азық-түліктердің белсенділігінің таралуын, рационның компоненттері бойынша және ауыз суда таралуын және тыныс алу мүшелері арқылы түсетін РН және сыртқы сәуленуін ескеріп, негізгі азық-түліктердің рұқсат етілген меншікті белсенділігі есептеледі.

Халық үшін тыныс алу және асқорыту мүшелері арқылы түсетін РН ПГП сандық мәндері, сонымен қатар сәйкес рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділіктер мен меншікті белсенділіктер қолданыстағы нормативтердің кестелерінде берілген.



ХАЛЫҚТЫҢ ТАБИҒИ КӨЗДЕРМЕН СӘУЛЕНУІН ШЕКТЕУ
Халық үшін табиғи ИСК суммациялық әсерімен сипатталатын тиімді дозаның рұқсат етілген мәні белгіленбейді. Халықтың сәуленуін төмендету халықтың сәуленуінің жекелеген табиғи көздерін шектеу жүйелерін орнату жолымен жүзеге асады.

Ғарыштық сәулелену дозасы бұл жергілікте өмір сүру мүмкіндігін шектемейді, ол барлық ИСК сипатталатын дозаны есептеген кезде ескеріледі.

Тағайындалуы тұрғын және қоғамдық жаңа ғимараттарды жобалаған кезде бөлмежай аусындағы радон және торон изотоптарының орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемді белсенділігі 100 Бк/м3 аспайтындай және гамма-сәулеленудің доза қуаты ашық жергіліктегі доза қуатынан 0,3 мкЗв/сағ-тан жоғары аспайтындай болу керек. Эксплуатацияланатын ғимараттарда тұрғын бөлмежайлардың ауасындағы радон изотоптарының орташа жылдық эквиваленттік тепе-тең көлемдік белсенділігі 200 Бк/м3 аспау тиіс. Көлемдік белсенділіктің үлкен мәндері кезінде бөлмежайлардың ауасында радонның түсуін төмендетуге және бөлмежайлардағы желдетуді жақсартуға бағытталған қорғаныс шаралары жүргізілу керек. Тұрғындардың басқа жерге көшуі (өз еркілерімен) және бөлмежайдың тағайындалуын өзгерту немесе ғимаратты жою туралы мәселелер радон изотоптарының орташа жылдық тепе-тең эквивалентті көлемді белсенділігі 400 Бк/м3-тан төмен азайту мүмкіндігі болмаса шешіледі. Қорғану шаралары бөлмежайларда гамма-сәулеленудің доза қуаты ашық жергіліктегі доза қуатынан 0,3 мЗв/сағ-тан жоғары болса жүзеге асады. Тұрғындарды көшіру егер бұл жоғарлаған мәнді 0,6 мЗв/сағ дейін төмендету мүмкіндігі болмаса ғана рұқсат етіледі. Пайда болу орныдарынан алынатын (щебень, гравий, құм, цемент пен кірпіш шикізаттары және т.б.) сонымен қатар күйеден, шлактардан жасалатын өнеркәсіп материалдарын жасауға қолданылатын қалдықтыр) құрылыс материалдардың табиғи РН меншікті тиімді белсенділігі НРБ-96 белгіленген мәндерден аспау керек.
ХАЛЫҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ СӘУЛЕНУІН ШЕКТЕУ
Медицинадағы радиациялық әсерлерді бақылау және шектеу принциптері сәуленудің минимальды мүмкін болатын деңгейлері кезіндегі науқас үшін қажетті әрі пайдалы диагностикалық ақпаратты немесе терапиялық эффектіні алуда негізделген. Бұл кезде шектелген дозаның мәндері белгіленбейді, радиологиялық медициналық ем-шараларды көрсеткіштерін және қорғау шараларын ұтымды етуге негізделген принциптер қолданылады.

Медицинада ИСК қолдануын жетілдіру және науқастарды сәулену деңгейін төмендету мақсатында рентгенологияда, радионуклидті диагностика мен терапияда, сәулелік терапияда әлемдік тәжірибенің таңдамалы стандарттарына негізделген медициналық сәуленудің бақылау деңгейлері қолданылады. Аталған деңгейлер радиологиялық медициналық ем-шаралардың әдіснамасын, жобалауды және жабдықтардың, радио-фармпрепараттардың және т.б. өндірісін дамытумен жетілдіруге қойылатын негіз ретінде қолданылу керек.

Медициналық қарсы көрсеткіштері жоқ сау адамдарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық, сонымен бірге ғылыми зерттеулерді жүргізген кезде сәуленудің жылдық дозасы 1 мЗв аспау керек. Жылдық профилактикалық сәуленудің белгіленген шегін қосымша зерттеулерді жүргізуді талап ететін қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлары немесе доза түзілуі жоғары әдістерді мәжбүр қолдану жағдайларда ғана жоғарлатуға болады.

Профилактикалық сәуленудің белгіленген шегінен уақытша мәжбүр жоғарлауы туралы шешімді санэпидқадағалау органдарының келісімі бойынша денсаулық сақтаудың жергілікті басқармасы қабылдайды.

Адамдарға ИСК-дерімен ғылыми зерттеулерді жүргізуді Мемсанэпидқадағалаумен келісіліп, денсаулық сақтаудың республикалық органдарының шешемі бойынша жүзеге асады. Зерттелушілердің міндетті түрде жазбаша келісімі болу керек, оған ем-шараның мүмкін болатын салдары мен қаурі туралы хабарлау керек.

Науқастарға (ауыр дерттері бар балаларға) көмек көрсеткен адамдардың (рентгенрадиология бөлімінің жұмысшылары болып табылмайтын) ренгтенрадиологиялық ем-шараларды жүргізген кездегі сәуленуі 5 мЗв/жыл аспау керек. Терапиялық немесе диагностикалық мақсатпен радио-фармпрепараттарды енгізген науқастан 0,1 м қашықтықта гамма-сәулеленудің доза қуаты радиология бөлімінен шыққан кезде 1 мЗв/сағ аспау керек.


НОРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУГЕ

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Радиациялық бақылау радиациялық қауіпті объектілерді жобалау кезеңінен бастап радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Оның мақсаты радиациялық қауіпсіздік принциптерін сақтау дәрежесін және нормативтердің талаптарын орындалу дәрежесін анықтау.

Радиациялық бақылауға жатады:

-атмосферадағы сұйық және қатты қалдықтар шығырыс көздерінің радиациялық сипаттамасы;

-жұмыс орындарында технологиялық процестерде пайда болатын және қоршаған ортадағы радиациялық факторлар;

-ластанған территорялардағы және радиациялық фоны жоғарлаған ғимараттардағы радиациялық факторлар;

-персонал мен халықтың сәулену деңгейлері;

-медициналық сәулену көздері;

-табиғи көздер.


Негізгі бақыланатын параметрлер:

-жылдық тиімді доза, жылдық эквивалентті доза;

-организмге РН түсуі және олардың организмге түсінебақылау жүргізу;

-суда, ауада, тағамдық азық-түліктерде, құрылыс материалдарда және т.б. РН көлемдік

немесе меншікті белсенділігі;

-тері жамылғысының, киім мен аяқ-киімнің, жұмыс беткейлерінің р.б ластануы;

-сыртқы сәуленудің доза қуаты;

-бөлшектер мен фотондардың ағын тығыздығы.

Оперативті бақылау мақсатымен барлық бақыланатын парметрлер үшін кәсіпорын әкімшілігі Мемсанэпиқадағалау органдарының келісімімен бақылаушы деңгейлерді белгілейді. Бұл деңгейлердің сандық мәні негізгі дозалық шектердің жоғарламауын және сәулену деңгейін төмендету принципін жүзеге асыруын кепіл беретіндей белгілену керек. Бақылаушы деңгейлердің анықталған жоғарлауы бұл жоғарлаудың себептерін тергеу үшін негіз болады.

Нормалаудың талаптарының кез келген оқиғалары кезінде әкімшілік міндетті:

-тез арада бұл бұзудың себептері, жағдайлары мен саладарын тергеу;

-бұзуға әкелген жағдайларды қалпына келтіру бойынша және оның қайталануын алдын алу бойынша шараларды қолдану;

-бұзу себептері туралы қадағалаудың және жоғары тұрған инстанциялардың органдарына хабарлау. Бұл талаптарды орындамауында қадағалау органы белгілінген тәртіп бойынша мекеменің жұмысын тоқтатып, ал кінәлі адамдар әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мекемелерде нормалардың орындалуына бақылауды жүргізу меншіктік формасына байланысты емес, мекеменің әкімшілігіне жүктеледі.

Медициналық сәуленуге бақылау емдеу мекемелерінің әкімшілігі жүргізеді, ал табиғи көздерге территорияның әкімшілігі жүргізеді.

Халықтың сәуленуімен байланысты емес жергілікті радиациялық апат пайда болған кезде оның дамуына бақылау жүргізу, мекеме персоналы мен апат бригадасын қорғау, егер мемлекеттің қадағалаудың басқа нұсқаулары болмаса, мекеме әкімшілігіне жүктеледі.

Халықтың сәуленуімен байланысты апаттар кезінде бақылау мекемелердің күшетрі мен құралдарын қолданып, биліктің жергілікті және мемлекеттік қадағалаудың органдарына жүктеледі.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ САНДЫҚ МӘНДЕРІ

Сәуленетін адамдардың әрбір категориясы үшін рұқсат етілген деңгейлердің сандық мәндері сәуленудің бұл жолы үшін 1 жыл ішінде жиналған доза шамасы жыл ішіндегі сәуленудің бір ғана факторы әсер етеін деңгейіндегі кестеде көрсетілген дозаның сйкес жылдық шегінің шамасына тең болу керек.

Персонал мен халықтың рұқсат етілген сәулену деңгейлерінің сандық мәндері НРБ-96 құжатының сәйкес кестелерінде берілген. Сонымен қатар кестеде техногенді көздермен бүкіл дененің сыртқы сәуленуі кезіндегі доза қуатының рұқсат етілген деңгейлері, персонал ішіндегі адамдар терісінің моноэнергетикалық электрондармен сәуленуінің рұқсат етілген деңгейлері, терінің, жұмыс беткейлерінің, арнайы киімнің және жеке қорғаныс құралдарының (бір жұмыс аусымының ішінде) жалпы р.б. ластану деңгейлері, персонал ішіндегі адамдардың моноэнергетикалық фотондармен сәуленуінің рұқсат етілген деңгейлері, персонал ішіндегі адамдардың моноэнергетикалық нейтрондармен сәуленуінің рұқсат етілген деңгейлері, персонал ішіндегі адамдар терісінің бета-бөлшектермен сәуленуінің рұқсат етілген деңгейлері, персонал ішіндегі адамдар терісінің протондармен сәуленуінің рұқсат етілген деңгейлері көрсетілген.

Сонымен бірге НРБ-96 құжатында халық пен персоналдың апаттық сәуленуі бойынша мәліметтер келтірілген, ол туралы дәрісте берілген.


Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Ильин Л.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: учебник для ВУЗов. – М.: ГЭОТАР–Медиа, 2010. – 381с.

  2. Архангельский В.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: практикум: учебное пособие. – М., 2009. – 432 с.

  3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. - Алматы, 2002. - 304 с.

Қосымша:

  1. «Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99» -Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999 - 79 с.

  2. «Санитарно-гигиенические требования по обеспечению радиационной безопасности». СанПиН. - Астана, 2003.

  3. Закон РК «О радиационной безопасности населения». - Акмола, 23.04.1998г.

7. А.А. Моисеев, В.И. Иванов/Справочник по дозиметрии и радиационной гигиене. Энергоатомиздат – М., 1984

8. У.Я. Маргулис /Атомная энергия и радиационная безопасность. Энергоатомиздат – М., 1988



9. Ф. Козлов/Справочник по радиационной безопасности, 4-е изд., перераб. и дополн. Энергоатомиздат. – М., 1991 С. 352

Иондаушы сәулеленудің дозиметриясы саласындағы негізгі түСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР иондаушы сәулелену

«Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиоактивті ыдырау заңы»

254.99kb.

04 09 2014
1 стр.


Дипломды қ ж ұ м ы с иондаушы сәулелердің бағыттарын анықтау тәсілі. Орындаған: 14-14 тобының студенті

Галактикалық ғарыштық сәулелер

442.67kb.

14 12 2014
3 стр.


Оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы:: «Иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істеуге арналған мекемелер мен қондырғылардың орналасуына қойылатын гигиеналық талаптар»

Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

69.65kb.

15 10 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі түсініктер > Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі Регламент) регламентінде келесі негізгі түсініктер қолданылады

143.7kb.

15 10 2014
1 стр.


Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы

Негізгі анықтамалар мен түсініктер: цифрлық сигнал, цифрлык қүрылғы, микропроцессор (МП), микро-энм. Цифрлық сигналдың көрсетімін беру формалары

42.1kb.

01 10 2014
1 стр.


Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Мақсаты: Негізгі термохимиялық түсініктер мен шамалар, эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар, химиялық процестердің энергетикасы және бағыты туралы жалпы түсінік беру

106.55kb.

04 09 2014
1 стр.


«Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) Директорлар Кеңесімен

«Казкоммерц-Life»Өмірді сақтандыру компаниясы»АҚ (Казкоммерцбанк»АҚ еншілес ұйымы) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізуді ішкі бақылау осы Ережелерінде (ары қарай – Ережелер) келесі т

205.18kb.

17 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі түсініктер > Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі Регламент) регламентінде келесі негіз

135.04kb.

16 12 2014
1 стр.