Тақырып. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.
Қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесінің түсінігі және міндеттері. Қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесінің құрылымы.
Тергеу ситуациясы, түсінігі және оны тергеу әдістемесін жасаған кезде пайдалану.
Криминалистикалық топтастырудың түсінігі және оның қылмысты тергеу кезіндегі маңызы. Ұйымдасқан қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы және тергеу әдістемесінің ерекшеліктері.
Криминалистік болжаулардың түсінігі мен мәні, оның логикалық негіздері. Типтік болжаулар және олардың тергеудегі ролі. Тергеу барысында болжауларды құру және тексеру.
Тергеуді жоспарлаудың техникалық әдістері, тергеудің жазбаша жоспарларының түрлері және формалары. Болжаулардың тергеуді жоспарлаудағы атқаратын ролі.
Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың және қоғаммен қалыптасатын қарым-қатынастың түсінігі және оның түрлері. Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру жұмыстарының өзара байланысы. Екі органның бірігіп жоспар жасауы. Жедел – іздестіру органдарына тергеушінің беретін нұсқаулары. Тергеу әрекеттерін өткізуге жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерінің жәрдемдесуі.
Қылмыстың криминалистік сипаттамасының түсінігі және мазмұны.
Криминалистік сипаттама және дәлелдеу пәні. Криминалистік сипаттаманың құрылысы: қылмыскердің, жәбірленушінің жеке басының ерекшеліктері; қылмыс жасау әдістері, материалды жағдайлар, қылмыс жасау механизмі, қылмыстық қол сұғушылықтың заты.
Ұсынылатын СОӨЖ тақырыптары:
-
Қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі - реферат
-
Криминалистік болжау (түсінігі, мәні) - реферат
-
Тергеуді жоспарлау - реферат
-
Тергеуші мен басқа органдарының қарым-қатынастары - реферат
-
Тергеу кезінде арнайы білімді қолдану - реферат
-
Қылмыстардың криминалистік сипаттамасы - реферат
-
Қылмыстың криминалистік сипаттамасы және дәлелдеу пәні - реферат
Қолданылатын әдебиеттер:
-
ҚР Қылмыстық Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.
-
ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998жтолықт. мен түзет.2010 жыл.
-
Жәкішев Е. Г. , Исаев А. А. ,Тапалова Р. Б. , Найманова Г. Х. , Темірболат Н. С. Криминалистика. КазНУ, 2005
-
Видонов Л. Г. Криминалистическая характеристика убийств, типовые версии по делам об убийствах. Горький. , 1976.
-
Васильев А. Н. Проблемы методики расследования отдельных видов преступлений. М. , 1978 г.
-
Васильев А. Н. Проблемы методики расследования отдельных видов преступлений. М. , 1976.
-
Мозговых Г. А. Криминалистическая характеристика преступления. Алматы, 2001 г.
-
Колесниченко А. Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. Харьков. , 1965.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:
Жекеленген қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі
Жекеленген қылмыс түрлерін тергеу бөлімінің мазмұнын оқытады:
-
криминалистикалық идентификация туралы ғылым
-
іздер туралы ғылым
-
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын
-
тактикалық амалдар туралы ғылым
-
қылмыстарды криминалистикалық тіркеу
Жекеленген қылмыс түрлерін тергеу бөлімінің мазмұны оқытады:
-
трасология
-
құжаттарды криминалистикалық тіркеу
-
беттестіру тактикасын
-
криминалистикалық баллистика
-
кісі өлтіру қылмысын тергеу тактикасы
Жекеленген қылмыс түрлерін тергеу бөлімінің мазмұны оқытады:
-
криминалистикалық болжауды
-
тергеуді жоспарлау туралы ғылым
-
ұрлық, тонау, қарақшылық қылмыстарын тергеу әдістемесін
-
криминалистикалық диагностика
-
іздер туралы ғылым
Жекеленген қылмыс түрлерін тергеу бөлімінің мазмұнын оқытады:
-
кісі өлтіру қылмысын тергеу әдістемесі
-
ұрлық қылмысын тергеу әдістемесі
-
кәмелет жасына толмағандармен жасалынған қылмыстарды тергеу әдістемесі
-
тергеу мен анықтау органының қылмыстарды тергеуде өзара байланысын
-
барлығы дұрыс
Жеке қылмыстарды тергеу әдістемесінің жалпы мақсаттарын атаңыз:
-
материалдық іздерді табу, бекіту, алу, зерттеу әдістерін өңдеу
-
қылмыстарды ашудағы, тергеудегі, алдын алудағы бөлімнің ғылыми методикалық кешенін өңдеу
-
тергеу әрекеттерін рационалды жүргізудегі әдістер мен тәсілдерді өңдеу
-
криминалистика пәнінің және оның ұғым аппаратының теориялық аспектілерін өңдеу
-
қылмыстарды тіркеу
Криминалистикада қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу бөлімі бойынша қолданылатын негізгі түсінікті көрсетіңіз:
-
тактикалық амалдар
-
тактикалық ұсыныстар
-
объектінің жалпы және жеке белгілері
-
идентификацияланатын объектілер
-
тергеудің типтік ситуациялары
Криминалистикада қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі бөлімінде қолданылатын түсінікті көрсетіңіз:
-
сыртқы көріністері бойынша іздердің көрінуі
-
тергеу әрекеттерін жүргізу сатылары
-
тергеу сатысы
-
іздерді табу, алу, бекіту
-
тактикалық амал
Жекеленген қылмыс түрлерін тергеу бөліміне кірмейді:
-
криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
-
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
-
болжау және тергеуді ұйымдастыру туралы криминалистикалық ғылым
-
тергеу және анықтау органдарының өзара байланысы
-
криминалистикалық идентификация
Төмендегі ұғымдардың қайсысы криминалистиканың жекеленген қылмыс түрлерін тергеу бөліміне жатпайды:
-
криминалистикалық болжау және тергеуді жоспарлау
-
қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
-
тергеудің кезеңдері
-
типтік ситуациялары
-
криминалистиканың жалпы және жеке әдістері
Тергеу процесінің сатыларын көрсетіңіз:
-
алдын - ала және жұмыс істеу сатысы
-
алғашқы және кейінгі сатылар
-
қылмыстық іс қозғау, алғашқы, кейінгі және соңғы сатылары
-
қылмыстық іс қозғау, кейінгі және соңғы сатылары
-
дайындық, жұмыс істеу, соңғы сатылар
Тергеуді жүргізу кезіндегі маңызды қағиданы көрсетіңіз:
-
тергеуді жүргізудің үнемділігі
-
тергеу жүргізудің толықтылығы
-
тергеу жүргізудің объективтілігі
-
тергеуді жүргізудің тиімділігі
-
барлық қағидалар
Тергеудің алғашқы сатысында шешілетін сұрақтарды көрсетіңіз:
-
айып тағу
-
идентификациялауға жататын объектілерді іздестіру
-
кінәні жеңілдететін жағдайларды анықтау
-
қылмысты жасауға әрекет етуші жағдайларды анықтау
-
қылмыскердің жеке тұлғасын анықтау
Тергеудің алғашқы сатысында шешілетін сұрақтарды көрсетіңіз:
-
айыпталушының кінәсін жеңілдететін мән – жайларды анықтау
-
сезіктінің тұрғылықты жері туралы куәландыратын мән – жайларды анықтау
-
өзінің әрекетін қасақана жасау кезінде, жәбірленушінің жеке тұлғасының ерекшеліктері туралы куәландыратын мән – жайларды анықтау
-
сотқа шақыру үшін куәлердің тұрғылықты мекен – жайлары туралы ақпараттарды анықтау
-
айыпталушының ауруының диагнозын анықтау үшін медициналық мекемеге сұрау жіберу
Тергеудің кейінгі сатысында шешілетін сұрақтарды көрсетіңіз:
-
қылмыстық істі қозғауға негіздер табу
-
мүмкін қылмыскер туралы ақпараттар табу
-
қылмыстың ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді ұйымдастыру
-
әрекет арқылы қалдырылған іздердің тобын анықтау
-
кінәні ауырлататын мән – жайларды анықтау
Қылмыстарды тергеу кезінде заңдылықты сақтау талаптары көрініс табады:
-
іздерді дұрыс бекітуден
-
айыпталушының жауабын криминалистикалық талдаудан
-
тергеу әрекетінің тек ҚІЖК нормалары бойынша жүзеге асырылуынан
-
арнай білімдердің барлық түрін толықтай пайдаланудан
-
дәлелдемелерді табудан
Қылмыстық істі қозғау сатысында жүргізілетін іс – жүргізу әрекетін көрсетіңіз:
-
сараптама тағайындау
-
жәбірленушіден жауап алу
-
оқиға орнында көрсетпені тексеру
-
сезіктіден жауап алу
-
беттестіру
Қылмыстық іс қозғау сатысында жүргізілетін, тексерілетін әрекетті көрсетіңіз:
-
айыпталушыдан жауап алу
-
жәбірленушіден жауап алу
-
бухгалтерлік сараптама тағайындау
-
аудит тағайындау
-
тінту
Қылмыстық іс қозғау сатысында қандай тергеу әрекеті жүргізілетіндігін көрсетіңіз:
-
алу
-
заттарды қарау
-
жедел – іздестіру шаралары
-
тергеу эксперименті
-
тінту
Қылмыстық істі қозғау сатысының не үшін қажет екендігін көрсетіңіз:
-
қылмыскердің жеке тұлғасын анықтау үшін
-
жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін білу үшін
-
қылмыстың белгілерінің бар жоқтығын табу үшін
-
жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін
-
тергеу әрекеттерінің тактикасын анықтау үшін
Тергеу әрекетінің қандай сатыдан тұратындығын көрсетіңіз:
-
дайындық
-
жұмыс жасау
-
соңғы
-
алғашқы, соңғы
-
алғашқы, кейінгі және соңғы сатылардан
Тергеушінің қылмыстық іс қозғағанға дейін шешетін мәселелерін атаңыз:
-
тергеу экспериментін және басқа тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын бөліп қарау
-
тінту объектісі туралы мәлімет алу жөнінде жедел - іздестіру қызметкерлеріне тапсырма беру
-
тексеру әрекеттерінің қажеттілігі туралы мәселені шешу
-
тактикалық шешім қабылдау туралы мәселені шешу
-
қылмыскерді іздестіру
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы жүзеге асырылатын әрекеттерді көрсетіңіз:
-
айып тағу
-
жәбірленушінің құқықтарын түсіндіру
-
ұсталушыға не үшін сезіктенетінін түсіндіру
-
кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу
-
тексерілген әрекеттерді жүзеге асыру
Қылмыстық іс қозғау сатысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін көрсетіңіз:
-
тінту
-
тану үшін көрсету
-
оқиға болған жерді қарау
-
сезіктіден жауап алу
-
тергеу эксперименті
Тергеудің кейінгі сатысында тергеушімен шешілетін сұрақтарды көрсетіңіз:
-
жәбірленушіден жауап алу кезінде қылмыскердің белгілерін анықтау
-
болған оқиға бойынша куәларды табу
-
қылмыстың жағдайы туралы болжамдарды тексеретін жағдайларды анықтау
-
қылмысты жасауға итермелейтін, себептер мен жағдайларды анықтау
-
кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекетін жүргізу
Тергеуді жоспарлау
Тергеуді жоспарлау дегеніміз – бұл:
-
тергеу процесінің іс - жүргізу нысаны
-
іздестіру шараларының жиынтығы
-
мақсатқа жетуге бағытталған қызмет
-
тергеу әрекетінің бағдарламасы
-
тактикалық әдістің жүйесі
Тергеуді жоспарлаудың негізгі қағидасы:
-
ғылыми әдістерге негізделеді
-
индукция, дедукция тәсілдерін қолдану
-
қылмыс механизмін модельдеу
-
белгілі қылмыстық істің жекелілігі
-
эксперимент, салыстыру әдістерін қолдану
Тексеру әрекеттерін жоспарлағанда шешілетін сұрақтар:
-
қылмыс жасау тәсілін анықтау
-
қылмыстық істі қозғау үшін негіз табу
-
сезіктілердің шеңберін анықтау
-
қылмыстың салдарын анықтау
-
жауаптылықты жеңілдететін мән - жайларын анықтау
Тергеуді жоспарлаудың логикалық негізін көрсетіңіз:
-
қылмыстың іздері
-
тергеу болжауы
-
жедел - іздестіру ақпараттары
-
қылмысты тіркеудің деректері
-
жәбірленушінің арызы
Тергеуді жоспарлаудың міндетті емес элементін атаңыз:
-
болжауларды тексерудің кезектілігін анықтау
-
болжаулар ұсыну
-
орындау мерзімін көрсету
-
орындаушыларды анықтау
-
ұсынылған болжауларды тексеру кезіндегі тергеу әрекетінің шеңбері
Тергеудің логикалық негізі болып табылады:
-
оқиға болған жерді қараудың нәтижелері
-
сарапшы қорытындысы
-
тергеу болжауы
-
жедел – іздестіру қызметкерлерінің мәліметтері
-
жауап алудың нәтижелері
Тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлағанда шешілетін мәселе:
-
қылмыскердің кінәсін анықтау
-
қылмыскердің жеке басын анықтау
-
келтірілген зиянның мөлшері
-
қылмыскердің есі дұрыстығын анықтау
-
жауаптылықты ауырлататын мән - жайларды анықтау
Тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау кезінде тергеуші нені басшылыққа алады:
-
прокурордың нұсқауын
-
криминалистиканың бөлімін
-
типтік болжамдарды
-
тергеу бөлімінің бастығының ұсыныстарын
-
соттың нұсқауын
Тергеуді жоспарлаудың алғашқы кезеңінде шешіледі:
-
жауапкершіліктің дәрежесін ауырлататын мән - жайларды анықтау
-
дәлелдемелер мен оларды алудың қайнар көздерін іздеу
-
кінәні жеңілдететін дәлелдемелерді табу
-
қылмыстың жасалуына мүмкіндік туғызатын жағдайларды анықтау
-
айыпталушының көрсетулерін жоққа шығаратын жағдайларды анықтау
Тергеудің кейінгі кезеңін жоспарлағанда шешілетін мәселелер:
-
қылмыскердің кінәсін анықтау
-
қылмыстық зиянның мөлшері
-
қылмыскердің есі дұрыстығын анықтау
-
жауаптылықты ауырлататын мән - жайларды анықтау
-
барлығы дұрыс
Тергеудің кейінгі кезеңін жоспарлауда шешіледі мәселелер:
-
қылмыстың белгілерін анықтау
-
жәбірленушінің жеке басын анықтау
-
қылмыскерді іздестіру
-
іс қозғау үшін негіз табу
-
қылмыскердің кінәсін анықтау
Тергеудің кейінгі кезеңін жоспарлауда тергеуші қандай мәселелерді шешеді:
-
қылмыскерден қолдың, аяқ киімнің іздерін табу
-
қылмыскердің аты – жөнін анықтау
-
оқиға болған жерде көліктің іздерін табу
-
көзіңмен көрген куәлерді анықтау
-
қылмыспен байланысты қару, құралдарды идентификациялау
Тергеуді жоспарлаудың кейінгі кезеңі қандай мәселелерді шешуге бағытталған:
-
қылмыс жасалғаны жөнінде куәландыратын белгілерді анықтау
-
қылмыскердің кінәсінің түрін анықтау
-
жәбірленушінің жеке басын анықтау
-
қылмыскердің жеке басын анықтау және оны іздестіру
-
бөлшектенген мәйіттің бөлшегін анықтау
Тергеуді болжау
Болжауларды жасағанда міндетті түрде ескеру керек:
-
сезіктінің жеке басын анықтау
-
өзгертілген факторларды ескеру
-
қарсы болжауларды құру
-
іздердің пайда болу механизмін анықтау
-
көрсетулерді нақтылау
Жалпы болжау - бұл:
-
қолданылған қарудың калибрі туралы болжау
-
қолданылған бұзу құралдары туралы болжау
-
бұзу тәсілі туралы болжау
-
жәбірленушінің тұрған жері туралы болжау
-
қылмыскердің жеке басын анықтау туралы болжау
Жалпы болжау - бұл:
-
қылмыс немесе жай оқиға ма
-
қылмыстың іздері қай жерде орналасуы туралы болжау
-
қылмыскердің жасырын жүрген жері туралы болжау
-
бұзу құралының ерекшеліктерін болжау
-
ұрланған заттардың қай жерде болуы туралы болжау
Жеке болжау - бұл:
-
қылмыскердің кінәсі жайында болжау
-
қылмыспен келтірілген зиян туралы болжау
-
жауаптылықты ауырлататын мән - жайлар туралы болжау
-
қылмыс құрамы туралы болжау
-
шаппанның ізі бойынша тапаншаны идентификациялауға бола ма
Жеке болжау - бұл:
-
жауаптылықты жеңілдету мән - жайлар туралы
-
қылмыскердің есі дұрыстығы туралы болжау
-
қылмыс объектісі туралы болжау
-
қылмыстың объективтік жағы туралы болжау
-
қылмыс ізін қай жерде қалдыруы мүмкін екендігі туралы болжау
Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы болжауларды құру тәртібіне жатады:
-
қарым - қатынасты қалыптастыру
-
мамандармен кеңесу
-
логикалық заңға қайшы келмеуі
-
техникалық құралдарды қолдану
-
психологиялық жағдайларды ескеру
Төменде көрсетілген ережелердің қайсысы болжауларды құру тәртібіне жатады:
-
ғылыми негізделгендікке
-
қылмыстың іс жүргізу заңына негізделуі
-
қылмыстық құқыққа негізделуі
-
теориялық негіз болуы
-
белгілі қылмыстық істің мән - жайларына сәйкестігі
Тергеу тактикасынан шыққан тергеу болжамдарын тексерудің оптималды тәртібін атаңыз:
-
болжамдар бірінен кейін бірі ретімен тексеріледі
-
алғашында жалпы болжаулар тексеріледі
-
ең алдымен мүмкін болатын болжамдар тексеріледі
-
болжамдар қатар тексеріледі
-
алғашында жеке болжамдар тексеріледі
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы – бұл:
-
қылмыстың белгілі бір түрін жасаудың типтік әдістерінің сипаттамасы
-
қылмыстың белгілі бір түрін тергеу кезінде қолданылатын тактикалық әдіс - тәсілдердің сипаттамасы
-
қылмыстардың белгілі бір тобының криминалистикалық маңызы бар белгілерінің сипаттамасы
-
қылмыстарды тергеу процесінде туындайтын типтік тергеу ситуациясының сипаттамасы
-
қылмыстарды тергеу процесінің сипаттамасы
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:
-
қылмыстарды жасау тәсілінің сипаттамасы
-
қылмыстың себебі туралы ақпарат
-
жеке қылмыстардың белгілері, жасалу себебі, түрі, тобы жөнінде
криминалистикалық маңызы бар жүйе
-
адамның сыртқы келбеті бойынша сипаттайтын жүйе
-
атыс қаруын сипаттайтын жүйе
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:
-
қылмыс жасау әдісі, типтік тергеу ситуациялары, белгілі қылмыс жасайтын адамдар және т.б.
-
қылмыстық істердің статистикалық жиынтығын арнайы бағдарлама бойынша талдап қорыту, өңдеу
-
жалғаспалы қылмыстық әрекет туралы бүтіндей жүйелі көрініс
-
қылмыс тобы түрінің және жеке қылмыстардың криминалистикалық маңызды белгілерін сипаттау
-
қылмыстың жасалу механизмінің заңдылықтарын айқындау
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы құрамына кірмейді:
-
қылмыстың жағдайы
-
қылмыскердің және жәбірленушінің жеке ерекшеліктері
-
қылмыстың қол сұғушылық құралы
-
қылмысты жасауға дайындалу әдісі
-
шығармашылық портретті құрастыру
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы элементтері болып табылмайды:
-
қылмыстың тәсілі
-
қылмыскердің жеке ерекшеліктері
-
іздерді табуға арналған ғылыми – техникалық құралдар
-
қылмысқа қол сұғушылық құралы
-
қылмыстың жасайтын орны, жері
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы элементтері болып табылмайды:
-
қылмыскердің жеке тұлғасы
-
қылмыстың тәсілі
-
жәбірленушінің тұлғасы
-
қылмыстың жағдайы
-
сезіктіден жауап алудың тактикалық тәсілі
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы элементтері болып табылмайды:
-
қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері
-
қылмыс жасалу тәсілдері
-
қылмыстың жасалу жолы
-
қылмыстың қол сұғушылық заты
-
тактикалық шешім
Тақырып. Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу
Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.
Адам өлтірудің криминалистік сипаттамасы. Нақтыланып, анықталатын жағдайлар. Тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшелігі
. Әдеттегі тергеу жағдайлары. Куәлардан жауап алу. Мәйіттің аты-жөнін анықтаудың әдістері мен тәсілдері. Мәйітті тану үшін әкелу және аты-жөнін анықтау жөніндегі басқа да шаралар мен оның ерекшеліктері. Тергеуші мен анықтау органдарының арасындағы қарым-қатынастар. Сот-медициналық және басқа да сот сараптамаларын тағайындау.
Адамның хабар-ошарсыз кетуіне байланысты оның біреу өлтірген болар деген болжаумен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел-іздестіру әрекеттері. Адам өлтірудің тәсілдеріне байланысты тергеу болжауларын жасау. Мәйітті бөлшектеп, оны жойып жіберген істер бойынша тергеу жүргізуінің ерекшелігі.
Қылмыскердің жалдап кісі өлтіру қылмысын тергеу ерекшелігі.
Әйелді зорлаудың криминалистік сипаттамасы. Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы тергеушінің әрекеті. Алғашқы тергеу әрекеттері және тергеу жағдайына байланысты орындалатын жедел-іздестіру шаралары. Оқиға болған жерді қарау. Жәбірленушіден жауап алу. Аталған категориялардағы іс бойынша тағайындалатын сот сараптама түрлерін анықтау. Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу. Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.
Тақырып. Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу 2 сағат
Тәжірибелік сабақтын мақсаты:
-
тақырыпқа байланысты теориялық негіздер туралы сұрау,
-
қажет ғылыми-техникалық құралдармен танысу,
-
адам өлтіру істері бойынша фабулаларды талдау
-
тергеу жағдайларды негізге ала отырып, тергеудің алғашқы кезеңінің
ерекшеліктерімен таныстыру.
-
адам өлтіру қылмысын тергеуге байланысты болжау мен жоспар жасауға үйрету
-
адам өлтіру қылмысын тергеуге байланысты жеке тергеу әрекетін жүргізуді үйрету
-
оқу құралы ретінде қолданылатын бейнежазбаларды көрсету
-
көрсетілген бейнежазбаларды талқылау
Теориялық негіздер туралы бақылау сұрақтары
-
Адам өлтірудің криминалистік сипаттамасы.
-
Дәлелдеуге жататын мән-жайлар.
-
Типтік тергеу жағдайлары
-
Адам өлтірудің тәсілдеріне байланысты тергеу болжауларын жасау..
-
Тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшелігі.
-
Оқиға болған жерді қараудың маңызы
-
Куәлардан жауап алу.
-
Мәйіттің аты-жөнін анықтаудың әдістері мен тәсілдері.
-
Тергеуші мен анықтау органдарының арасындағы қарым-қатынастар.
-
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімді қолдану
-
Сот-медициналық және басқа да сот сараптамаларын тағайындау.
-
Адамның хабар-ошарсыз кетуіне байланысты оның біреу өлтірген болар деген болжаумен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел-іздестіру әрекеттері.
-
Мәйітті бөлшектеп, оны жойып жіберген істер бойынша тергеу жүргізуінің ерекшелігі.
-
Қылмыскердің жалдап кісі өлтіру қылмысын тергеу ерекшелігі.
-
Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу.
-
Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.
-
Әйелді зорлаудың криминалистік сипаттамасы.
-
Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау.
-
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы тергеушінің әрекеті.
-
Алғашқы тергеу әрекеттері және тергеу ситуациясына байланысты орындалатын жедел-іздестіру шаралары.
-
Оқиға болған жерді қарау. Жәбірленушіден жауап алу
-
Сот сараптама түрлерін анықтау және тағайындау .
-
Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу. Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.
-
Бақылау сұрақтары және жалпы өткен тақырып бойынша қорытынды шығару.
Есептер
1. Ауыр жарақаты бар әйел табылды. Ол ауруханада есіне келместен қайтыс болды. Сот–медициналық сараптама қортындысы бойынша, өлім ішкі орган жарақатынан болды деп көрсетілген.
Әйел киімін қарау кезінде юбканың алдыңғы жағында формасы сызықты қара және қоңыр түсті іздер табылды. Жедел іздестіру және тергеу әрекеті нәтижесінде К. және Г. анықталды.
Тергеу кезінде К. және Г. кінәсін мойындату мақсатында, тінту кезінде және диагностикалық сараптама нәтижелеріне экспертиза тағайындауды жөн көреді. Тінту кезінде сезікті К. үйінен қоңыр түсті аяқ киім кремі алынады.
Сезікті Г. үйінен қоңыр және қара түсті аяқ киім крем қорабы алынады.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
2. 19 қаңтарға қараған түні 13-үйдің подвалында 22 жасар Куликова Н.-ның зорланып, өлтірілген денесі табылды. Оқиға болған жерді қарап шығу кезінде подвалға түсетін баспалдақ асуының (периласы) және тірегінің қоңыр түсті бояумен, ал подвалдың қабырғалары ашық-жасыл түсті бояумен боялғаны анықталды. Соңғы баспалдақтан қызыл түсті кірпіш табылды.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша Куликованың өлімі басына келтірілген қатты затпен жарақаттау нәтижесінен болған.
Қылмыс жасады деген күдікпен азамат Абузяров ұсталған, оның киімін қарап шыққан кезде қоңыр түсті сүртілген іздер және оның оң қолының тырнақ астын тексергенде қызыл және жасыл түсті микробөлшектер табылған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
3. 23.00 сағатта полицияның кезекші бөліміне Велихов келіп ағасы 22 с. 30 мин. жолығып, оның мәйітін тапқанын хабарлайды. Ағасы ажырасқан соң бір бөлмелі пәтерде өзі тұрған.
Оқиға болған жерді қарау барысында анықталды: мәйіт бөлменің сол жағында еденде жатты. Оң қолы арқа жағына қарай майысып жатыр. Сол қолы алдына қарай созылған. Одан 15 см. жерде колибрі 7.65 вальтер жүйелі пистолет жатты. Бастың маңдайы жағында, сол жақ самайына жақын жерде атылған қару жарақаты бар.
Стол үстінде шеттері түзу емес қағаз табылды. Қағазда: «бәрі құрысын, шаршадым» - деген жазу болған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
4. 2001 жылдың 25 желтоқсаны күні Алма-Арасан санаторийіне апаратын жолдың 13-і шақырымдағы Подгорный өзенінен денесі бөлшектенген ер адамның денесі табылған. Барлық денесінің бөлшектері зат салатын қапқа салынып, жаймамен оралып, үстінен таспен бастырылған. Зат салынған қап екіге бөлінген. Біріншісіне дененің кеуде бөлігі, екіншісіне қалған бөлшегі салынған. Қаптың екі жақты жартысына қарағанда анықталғаны: қаптың жоғарғы бөлігінде ашық түсті темір бекітпелермен бекітілген, 2 дана темір табақша табылған.
Тергеу кезінде анықталғаны мәйіттің аты-жөні 1949 ж. туған Прохин болып шыққан. Ал сезікті Жуйкова Л.Г. сәуір айында күйеуі Н.М. Жуйковпен ажырасқан. Прохин ажырасқан кезде Жуйковаға екі жайманы тастап, біреуін өзіне қалдырған. Барлық үш жайманы да өзі темір жапсырмалар көмегімен жөндеп, содан соң оларды екіге бөліп, темір шегелердің көмегімен оларды бекіткен.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
5. Малидовты ұрлаған қылмыстық топты ұстау кезінде арнаулы бөлім қызметкерлері Ниязбекова көшесі 15 үйдегі кепілді босату үшін қару қолданған. Оқиға болған жерден оқ тиіп жарақаттанған танылмаған екі адамның мәйіті, күштеп өлтіру белгілерінсіз өлген бір белгісіз адамның мәйіті табылған.
Оқиға болған жерден 40 оқ табылған. Оның біреуі қызыл түсті сұйықтықпен баттасқан. Сот медицинасы дәрігерлермен екінші ер адамның денесіндегі екі атылмай қалған оқ алынған. Оқиға болған жерден қылмыскерлердің МР-40 тапанша-пулемет алынған. Зауыттық нөмірі: 663437. Сонымен қатар нөмірі кесілген АКМ автоматы алынған, ал арнаулы бөлім қызметкерлерінің орнында АКМС автоматтары болған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
6. 2001 ж. 30 желтоқсанында Жетісу аудандық ІІБ Самбетбаев және Нүсіпбеков полиция қызметкерлері полицияда қызметті өтеу жөнінде инструктажды өтіп, сериялары сәйкесінше ИС және СТС № 8691 және 8823 және екі оқтықта 16 патроны бар қызметтік «Макаров» пистолетін алады.
Сағат 21.00-де екеуі күзетілетін обьектіні өз беттерімен тастап, алкоголь ішімдіктерін ішеді. Содан соң олар мас күйінде пистолетпен қорқытып адамдарға тиісе бастайды. Азаматтардың пистолетті тарту жөніндегі сұрауларына назар аудармайды. Керісінше олардың біреуі азамат Азербаевты атады. Бұл атыстан соң азаматтар қаша бастайды. Ал полиция қызметкерлерінің біреуі қашып бара жатқандарға оқ ата бастайды. Нәтижесінде екі азамат Шахов және Герман қаза табады. Оқиға болған жерде 9 қауыз және 3 оқ табылған. Мәйіттерден дәрігерлер 4 оқты алған. Нүсіпбековты ұстағанда СТ № 8823 серилы тапанша және 15 оқ алынған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
7. 2000 ж. 5 қыркүйекте УЧ 172-2 мекемесінде бастық болып қызмет атқаратын Иппоитов үйіне шамамен 23.00 сағ. келген. Үйінде әйелі екеуінің арасында ұрыс пайда болады. Пәтерде оқ атылған дауыс естіледі. Ипполитов көршілеріне шығып, әйелі өзін-өзі өлтіргенін айтады.
Оқиға болған жерді қарап шыққанда: Ушакова ішкиімде төсек үстінде қанға оранып жатқаны, басының оң жағында атылған оқтың жарақаты бары анықталады. Оның қолында «Беби» модельді Браунинг тапаншасы, оқтығының каналында тұрып қалған оқ, тапаншаның оқпанында екі оқ болады. Ушакованың басынан оқ алынады, төсек үстінен қауыз табылады.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
8. Азамат С. мәйіті өзеннің жағасында табылды. Оқиға болған жерді қарап шыққанда жолда автомобиль дөңгелегінің протекторының ізі табылған. Мәйіттен 1 м. қашықтықта 2 адамның аяқ киімдерінің ізі және «Camel», «Стюардесса» темекілерінің 2 темекі тұқылы (окурок) табылған.
Тергеу барысында күдік жәбірленушінің жиеніне Н. азаматына қатысты пайда болған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
Ұсынылатын СОӨЖ тақырыптары:
-
Адам өлтіру қылмысының криминалистік сипаттамасы - реферат
-
Адам өлтіру қылмысының типтік тергеу ситуациялары - реферат
-
Адам өлтіру қылмысын тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшеліктері – реферат
-
Адам өлтіру қылмысын тергеу кезіндегі жедел-іздестіру шаралары– реферат
-
Адам өлтіру қылмысын тергеу кезіндегі сот-медициналық және басқа да сот сараптамаларын тағайындау – реферат
-
Адам өлтіру қылмысын тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері – реферат
-
Жалдап өлтіру қылмысын тергеудің ерекшеліктері – реферат
-
Әйелді зорлау қылмысының криминалистік сипаттамасы - реферат
-
Әйелді зорлау қылмысын тергеу - реферат
Қолданылатын әдебиеттер:
-
ҚР Қылмыстық Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.
-
ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.
-
Жәкішев Е. Г. и др. Криминалистика КазНУ 2005
-
Видонов Л. Г. Криминалистическая характеристика убийств, типовые версии по делам об убийствах. Горький. , 1976.
-
Васильев А. Н. Проблемы методики расследования отдельных видов преступлений. М. , 1978 г.
-
Гусев С. И. Руководство по расследованию убийства. М. ,1977 г.
-
Звирбуль А. К. Расследование и предупреждение детоубийств. М. , 1967.
-
Мозговых Г. А. Криминалистическая характеристика преступления. Алматы, 2001 г.
-
Яковлев Я. М. Расследование убийств. Душанбе. , 1960.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:
Адам өлтіру қылмысын тергеу
Адам өлтіруді криминалистикалық топтастыру, өлтіру тәсіліне байланысты ғана жүзеге асырылмайды, сонымен қатар:
-
жүйке психикалық артықшылықтардың әлсіз, өшіп қалған формаларын белгілеумен
-
қылмыс мехнизмін құрайтын бүкіл элементтер бойынша
-
қоршаған ортамен қарым - қатынасқа түсіп отырған біртұтас организмнің процестерін ұйымдастыру тұжырымдамасы бойынша
-
саусақ іздерін идентификациялауға
-
қылмыс қабылдаушылар тобының шеңберіне
Адам өлтіру істері бойынша алғашқы шаралардың түрі мен сипаттамасына әсер етуші себептерді көрсетіңіз:
-
тергеу ситуациясынан туындайтын
-
жәбірленушінің денесіне келтірілген жарақаттың сипаты
-
мәйіттің орналасқан жері
-
өлімнің қаруын табу
-
аяқ киім іздерінің болуы
Мәйіт табылған кезде қылмыстық іс қозғау үшін тексеру жүргізу әрекеттері:
-
тергеу эксперименті
-
тінту
-
оқиға болған жерді қарау
-
баллистикалық сараптаманы тағайындау
-
туыстарынан жауап алу
Мәйіт табылған кезде қылмыстық іс қозғау үшін тексеру жүргізу әрекеттері:
-
туыстарынан жауап алу
-
сот – медициналық сараптама тағайындау
-
сезіктіні куәландыру
-
куәлардан жауап алу
-
құжаттарды алу
Адам хабарсыз кеткен жағдайда, қылмыстық іс қозғау сатысында жүргізілмейтін әрекет:
-
туыстарынан жауап алу
-
медициналық мекемелерге, мәйітханаларға сұрау салу
-
танылмаған мәйіттердің тіркеуін тексеру
-
куәлардан, туыстарынан жауап алу
-
қамауда және уақытша қамауда тұрғандарды тексеру
Адам хабарсыз кеткен кезде қылмыстық істі қозғау мүмкіндігін жоятын негіздерді атаңыз:
-
қоршаған ортадан жасырын өз еркімен кетуге себептердің болмауы
-
құжаттар мен заттарды қалдыру
-
хабар - ошарсыз кеткен адамды жұмыстан шығару және тіркеуден алу шараларын жүргізбеу
-
хабар - ошарсыз кеткен адамның өліміне біреудің мүдделілігі, қауіп төндіруі және құрал мен жағдай дайындау әрекетін орындауы
-
жеке басы анықталмаған өліктің табылуы
Адам өліміне байланысты негіздер мен амалдарды және өлтіруге қатысты күдікті тұлғаларға байланысты іс - әрекеттер негізін көрсетіңіз:
-
жәбірленушінің күн тізбесі
-
жәбірленушінің жол жүруге қолданатын көлігі
-
жол жүру бағыты
-
жәбірленушінің кәсіби мамандығы
-
жәбірленушінің жоғарғы білімінің болуы
Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатысқандығы туралы болжам жасаудың негізі бола алады:
-
жәбірленушінің денесіндегі ашық жарақат
-
мәйіттің жанынан дөңгелек іздерінің табылуы
-
мәйіттің киіміндегі түйменің үзілуі мен киімінің жыртылғандығын анықтау
-
жарақаттардың көптілігі
-
жәбірленушінің денесінде әр түрлі көлемдегі жарақаттардың болуы
Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатысқандығы туралы болжам жасаудың негізі бола алады:
-
мәйіттің ашық алаңда табылуы
-
мәйіттің құбыр шұңқырларынан табылуы
-
мәйіт өлтірілген жерінен қашықта табылуы және ол жерден көлік құралдарының іздерінің табылмауы
-
бір түрдегі аяқ киім ізінің болуы
-
денесінен атылған оқтың табылуы
Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатысқандығы туралы болжам жасаудың негізі бола алады:
-
жәбірленушінің денесінде странгуляциялық сайдың табылуы
-
шатасқан странгуляциялық сайдың болуы
-
жәбірленушінің киіміндегі жыртықтар
-
мәйіттің сіресіп қалуы
-
мәйіт дақтарының және қолынан қан кетудің болуы
Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатыстылығы жөніндегі болжаудың негізі болып табылатын жағдайлар:
-
ату қаруын қолданған іздерінің болуы
-
әртүрлі аяқ киім іздерінің болуы
-
киіміндегі жыртықтардың көптілігі
-
үлкен көлемдегі жарақаттардың болуы
-
шанышпалы кесетін қаруды қолдану іздерінің болуы
Адам өлтіруге негіз бар және оған қатысты тұлғалар жөнінде болжау жасаудың негіздерін атаңыз:
-
жәбірленушіге тиісті материалды құндылықтардың болмауы
-
мәйіттегі жарақаттың түрі мен сипаты
-
өліктік құбылыстар
-
қолдың іздері
-
оқиға болған жердегі қарудың жүргізілмеуі
Тұрғылықты жерде мәйіт табылған кезде жауап алынатын адамдардың санатын көрсетіңіз:
-
медициналық мекемелердің қызметкерлері
-
таныстары
-
көршілері
-
қызметтестері
-
өтіп бара жатқандар
Оқиға болған жерді қарау хаттамасында қандай жарақат пен қан іздерінің көрінісі сипатталуы қажет?
-
орналасу орны
-
іздердің көлемі және олардың пішіні
-
түсі
-
қанның аққан бағыты
-
жоғарыда аталғандардың барлығы
Адам өлімінің шабатын қарумен жасалғандығына тән белгілерді көрсетіңіз:
-
дөңгелек саңылау диаметрі 9 мм
-
жарақат қиғаш түрде
-
қиғаш түрдегі зақым кетірілу салдарынан шетінің жыртылуы
-
сызық түріндегі жарақат ұзындығы 1 - 2 см.
-
сызық түріндегі жарақаттың ұзындығы 4 – 5 см. және одан жоғары
Адам өлімінің атыс қаруымен жасалғандығына тән белгілерді көрсетіңіз:
-
ашық жараның сызық түрдегі көлемінің бар болуы
-
қиғаш түрдегі ашық жараның диаметрі 9 мм – ден артық емес
-
терең ашық жараның болуы
-
қанталаудың және жаралардың болуы
-
доғал түрдегі ашық жараның болуы
Адам өлімінің улы заттан туындауына тән белгілері:
-
қиғаш түрдегі зақым келтірілу салдарынан шетінің жыртылуы
-
терең және тесікті жарақаттың болуы
-
ісік, қызару, іріңді жарақаттың болуы
-
адамның денесінде қандай да бір жарақаттың болмауы, құсу белгілерінің болуы
-
жәбірленушінің мойнында қанталау іздерінің болуы
Ерекше аса қатыгездікпен және азаптау сипатынан туындайтын өлім жағдайында, сезіктіні қандай адамдар санатынан іздестіру керек?
-
рецедивистер
-
кәмелет жасына толмағандар
-
туыстары
-
ақыл – есі дұрыс еместер
-
қызметтестер
Жәбірленушінің жақындарымен жасалған кісі өлтіру әрекетінің белгілерін көрсетіңіз:
-
жәбірленушінің жоқ болып кетуі туралы арызды берудің кешіктірілуі
-
өлімнің жағдайы немесе жәбірленушінің хабарсыз кетуі туралы түсініктегі қайшылық
-
жәбірленушінің басын немесе бет - әлпетін адам танығысыз күйде ету
-
жәбірленушінің мүлкін сату, тұрғылықты мекен – жайын өзгерту
-
жоғарыда аталғандардың барлығы
Адам өлімі болған жағдайда қандай тіркеу түрі қолданылады?
-
тегі бойынша
-
дактилоскопиялық
-
хабар – ошарсыз жоғалып кету
-
танылмаған мәйіттерді тіркеу
-
қылмыстың жасалу тәсілі бойынша
Сот медициналық сарапшының құзырына анықтау кірмейді:
-
өлімнің туындау себебі
-
жәбірленушіге жарақат келтіру кезінде, ол қандай жағдайда болды
-
жәбірленушінің өлімі нақ сол тұлғамен жасалынған ба
-
жарақат бір не бірнеше қарумен келтірілген бе
-
жәбірленуші өлімнің алдында қай уақытта ас ішті
Сот медициналық сарапшының құзырына анықтау кірмейді:
-
жарақат өлімге әкелетін сипатта болды ма
-
жәбірленушінің ағзасында алкоголь болды ма
-
жәбірленушінің жарақат алғаннан кейін қозғалу мүмкіндігі болды ма
-
оған қандай қарумен жарақат салынды
-
жәбірленушінің өлімі күйзеліс жағдайында жасалуы мүмкін бе
Адам өлтіру туралы қылмыстық істерді қозғауға барлық уақытта негіз бола алмайтын жағдайларды атаңыз:
-
бөлшектелінген мәйіттің болуы
-
тұйық странгуляциялық сайдың болуы
-
өліктің денесінде бірнеше қару қолдану іздерінің болуы
-
мәйіттің табылуы
-
шаншылған жарақаттардың болуы
Мәйіт табылған кезде кісі өлтіру істері бойынша жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттерін атаңыз:
-
алу және тінту
-
тергеу эксперименті
-
оқиға болған жерді, өлікті қарау
-
көрсетпелерді оқиға болған жерде тексеру
-
салыстырмалы үлгілерді алу
Мәйіт табылған кезде алғашқы тергеу әрекетін жүргізудің дұрыс кезектілігі:
-
сот - медицина сараптамасын тағайындау
-
куәлардан жауап алу
-
оқиға болған жерді қарау
-
мәйітті қарау
-
ұстау
Өлімнің басталу уақытын анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді атаңыз:
-
жарақат саны
-
өліктік құбылыстар (дақтар, өліктің сіресуі т.б.)
-
өліктің жату жағдайы және оның киімдері
-
жарақаттардың орналасу орнын анықтау
-
кеткен қанның көлемі
Нақты жердің қылмыс болған жер екенін анықтауға мүмкіндік бермейтін оқиға болған жердің белгісін көрсетіңіз:
-
өліктің жату жағдайы
-
жәбірленушінің киімінің, аяқ киімінің жағдайы
-
жарақат кезінде қанның болмауы
-
өлік денесіндегі жарақаттарға сәйкес өліктің жатқан жерінде қанның болуы
-
өліктің жанындағы заттар
Қандай белгі бойынша өзін - өзі асты деген болжауды жасауға болады:
-
асылған адам білегінің қанталауы
-
аяқ астында тіреудің болмауы
-
жәбірленушінің алақанында талшық іздерінің болуы
-
жәбірленуші киімінде жарақаттың болуы
-
тұйық странгуляциялық сайдың болуы
Қоршаған ортаның қай элементіне байланысты мәйіттің орналасуы анықталады?
-
үстел, орындық
-
теледидар
-
қабырға
-
төсек
-
шкаф
Қоршаған ортаның қай элементіне байланысты мәйіттің орналасуы анықталады?
-
көлік құралы
-
аяқ киімнің іздері
-
темекі қалдығы
-
ағаштар
-
тастар
Өзін - өзі өлтіру, абайсызда апатқа ұшырау немесе табиғи өлім түрінде көрсетуге тырысқан, бүркемеленген кісі өлтіруді тергеуде, оқиға болған жерді және өлікті қарау үстінде мынадай жағдайды анықтаудың ерекше маңызы бар:
-
естен тану жағдайын
-
жағымсыз жағдайларды
-
жанжал ситуациясын
-
мәйіттің сіресуін
-
мәйіттің астында қан дақтарының болуын
Кейбір жағдайларда кісі өлтіру қылмыстық ісі бойынша төбелеске қатысушылар жәбірленушіні өлтіргенін мойындай отырып, қажетті қорғану жағдайында болғанын айтады. Мұндай көрсетулер жан - жақты және обьективті тексеруден мынадай жолмен өтеді:
-
дактилоскопиялық тіркеу бойынша
-
оқиға болған жерді қарау, сезіктінің киімін қарау, жауап алу
-
сот - трасологиялық сараптама тағайындау
-
сезіктіні тінту
-
таныту жүргізу
Адам өлтіру ісін тергеу кезінде оқиға болған жерді және өлікті қараумен, куәлерден жауап алумен, сот-медициналық сараптама жүргізумен қатар алғашқы тергеу және жедел іздестіру шараларының жиынтығына мыналар кіреді:
-
айыпкерді танытуға ұсыну
-
кісі өлтіру кезіндегі жәбірленушінің тәртібі (оның тарапынан қорлау, тіл тигізу,бопсалау, кісі өлтірушіні қорқыту әрекеттерінің болуы не болмауы)
-
өлікті танытуға ұсыну
-
сот - тауартану сараптамасын тағайындау
-
тергеу эксперименті
Мәйітханада мәйітке сараптама жасауға дейін сот - медициналық сарапшының қатысуымен тергеуші төмендегі зерттеу үлгісін алады:
-
мәйіттің тырнағының астындағы заттарды
-
санитардың алақанының және денесінің басқа да ашық жеріндегі микробөлшектерді
-
өлікті әкелген автокөлік ішіндегі ауа үлгілерін
-
өліктің қалтасынан табылған заттарды
-
өліктің киімін
Тақырып. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу
Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.
Ұрлықты, тонау мен шабуыл жасап тонаудың криминалистік сипаттамасы. Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау.
Алғашқы тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру шаралары. Куәдан және жәбірленушіден жауап алу. Қылмысты тіркеу органдарынан алынған мәліметтерді пайдалану. Ұрланған бұйымдарды іздестіру.
Ұрлықты тергеудің ерекшелігі. Алғашқы тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру шаралары. Жәбірленушіден жауап алу. Оқиға болған жерді қарау. Сот сараптамасын тағайындау және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу ерекшелігі. Ұрлықты, тонауды инсценировкалау, оны әшкерелеудің әдістері. Тергеудің қорытынды кезеңінің ерекшеліктері.
Алаяқтық пен қорқытып алудың (рэкет) криминалистік сипаттамасы. Болжаулар жасау және тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшеліктері. Сот сараптамасын тағайындау. Айыпкерден жауап алу және жауап алудан туындайтын тергеу әрекеттері мен олардың орындалу ерекшеліктері.
Т
ақырып. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу 2 сағат
Тәжірибелік сабақтын мақсаты:
-
тақырыпқа байланысты теориялық негіздер туралы сұрау,
-
қажет ғылыми-техникалық құралдармен танысу,
-
істері бойынша фабулаларды талдау
-
тергеу ситуацияларды негізге ала отырып, тергеудің алғашқы кезеңінің
ерекшеліктерімен таныстыру.
-
қылмысын тергеуге байланысты болжау мен жоспар жасауға үйрету
-
қылмысын тергеуге байланысты жеке тергеу әрекетін жүргізуді үйрету
-
оқу құралы ретінде қолданылатын бейнежазбаларды көрсету
-
көрсетілген бейнежазбаларды талқылау
Теориялық негіздер туралы бақылау сұрақтары
-
Ұрлық, тонау мен қарақшылық қылмыстардың криминалистік сипаттамасы.
-
Дәлелдеуге жататын мән-жайлар.
-
Типтік тергеу жағдайлары (ситуациялары)
-
Тергеу жағдайларына (ситуацияға) байланысты тергеу болжауларын жасау
-
Тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшелігі
-
Оқиға болған жерді қараудың маңызы
-
Жәбірленушіден, куәлардан жауап алу
-
Тергеуші мен анықтау органдарының арасындағы қарым-қатынастар.
-
Қылмыстарды тергеуде арнайы білімді қолдану
-
Сот сараптамаларды тағайындау.
-
Топпен жасалынған қылмыстарды тергеу ерекшелігі.
-
Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу.
-
Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.
-
Қорқытып алу, алаяқтық қылмыстардын криминалистік сипаттамасы.
-
Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау.
-
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы тергеушінің әрекеті.
-
Алғашқы тергеу әрекеттері және тергеу ситуациясына байланысты орындалатын жедел-іздестіру шаралары.
-
Оқиға болған жерді қарау. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу
-
Сот сараптама түрлерін анықтау және тағайындау .
-
Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу. Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.
-
Бақылау сұрақтары және жалпы өткен тақырып бойынша қорытынды шығару.
Есептер:
1. 30 – қазан күні түнде белгісіз адамдар Хамидуллиннің шаруа қожалығына келіп, екі бұзау мен бір сиырды алып кеткен. Оқиға болған жерді қарау кезінде әртүрлі өлшемдегі аяқ іздері мен дөңгелек іздері табылған. Сонымен қатар жүретін жол бойынан бір дөңгелектің ізі алынған, батпаққа түсіп қалған екінші дөңгелектің ізін суретке түсіріп алынған.
Арада екі апта өткен соң Алдамжаров деген шаруаға тиесілі қойды алып кетуге ниеттенген В 686 ЖН жүк автомобилінің иелері Комлев М., Мұхтаров М, Тезекбаев М. деген азаматтар ұсталған.
Жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
2. Азамат Рахимовтың пәтеріне ұрлыққа түсу кезінде Салимов деген ұсталған. Оқиға болған жерде кесілген есіктің із түскен таянышы мен сырылған белгілері бар құлып табылған. Жеке тінту кезінде Салимовтан бұзғыш білте темір табылған. Тергеу жүргізу кезінде тергеуші Салимовтың қаладағы ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысы барлығын тексермек болды. Басқа АІІБ-нан материалдарды сұратып алды. Назар аударса, жоғарыдағы тәсілмен жасалған қылмыс саны 3-еу екен. Аталған қылмыс Березовский 37, кв. 13, Розыбакиева 144, кв. 15, Утепова 8.
Жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
3. 5 қабатты үйдің 1-ші қабатында орналасқан офисте ұрлық жасалған. Қылмыскерлер офиске терезе арқылы кірген. Терезедегі темір тордың төменгі жағы кесілген және майыстырылған. Терезенің маңында ішкі және сыртқы жағында әртүрлі көлемдегі әйнек сынықтары табылған. Сынықтардың біреуінде қол ізі және екі саусақ ізінің фрагменті табылды.
Тергеу барысында бес адамнан тұратын қылмыстық топ анықталды. Олардың біреуі К. азаматының үйіне тінту жүргізгенде кілттер, темір кесетін қайшы құралдары, кемпірауыз және басқа да заттар табылып алынды.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
4. Алматы қаласының орталығындағы зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға болған жерде витринадан және қабырғадан екі оқ алынды. Сот-медицина сарапшысы күзетшіден үшінші оқты алды.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыскерлердің қашпақшы болып мінген автокөлігі ұсталған. Автомобиль салонын тінту барысында зергерлік бұйымдар және ұсталған К. азаматынан Макаров пистолеті, ал екіншісі М. азаматынан Калашников автоматы алынған.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
5. Азаматша П. үйіне Тезекбаев, Исмаилов және Қазиев азаматтары қарақшылық шабуыл жасады. Мекен-жайы Алматы қаласы, мкр. Алмагүл 46 үй, пәтер 3. Қылмыскерлер 60000$ әшекей бұйымдарын ұрлады. Тезекбаевты ұстағанда, жеке тінту барысында дәптер парағы табылды. Онда мынандай қолмен жазылған жазулар табылды: «Алмагүл 46 үй, пәтер 3, 2 подъезд, тел. 227-35-33». Сезіктілерден жауап алу барысында олардың біреуі Қазиев адресті Мұхишев Х.Р. бергенін айтты. Қалған екеуі бұл мәліметті мойындаған жоқ.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
6. 5 қабатты үйдің 1-ші қабатында орналасқан офисте ұрлық жасалған. Қылмыскерлер офиске терезе арқылы кірген. Терезедегі темір тордың төменгі жағы кесілген және майыстырылған. Терезенің маңында ішкі және сыртқы жағында әртүрлі көлемдегі әйнек сынықтары табылған. Сынықтардың біреуінде қол ізі және екі саусақ ізінің фрагменті табылды.
Тергеу барысында бес адамнан тұратын қылмыстық топ анықталды. Олардың біреуі К. азаматының үйіне тінту жүргізгенде кілттер, темір кесетін қайшы құралдары, кемпірауыз және басқа да заттар табылып алынды.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
Ұсынылатын СОӨЖ тақырыптары:
-
Ұрлық қылмысының криминалистік сипаттамасы – реферат
-
Тонау, қарашылық қылмыстардың криминалистік сипаттамасы – реферат
-
Ұрлықты, тонауды тергеу кезінде типтік ситуациялары және
тергеушінің версиялары – реферат
-
Ұрлықты, тонауды тергеу кезінде алғашқы әрекеттері – реферат
-
Алаяқтық қылмысының криминалистік сипаттамасы– реферат
-
Алаяқтық қылмысының тергеу кезінде алғашқы әрекеттері – реферат
-
Қорқытып алу қылмысының криминалистік сипаттамасы – реферат
-
Қорқытып алу қылмысын тергеу кезінде алғашқы әрекеттері – реферат
-
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу кезінде жедел іздестіру қызметінің ерекшеліктері– реферат
-
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу кезінде арнайы білімді
қолдану– реферат
Қолданылатын әдебиеттер:
-
ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.
-
ҚР Қылмыстық Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.
-
Васильев А. Н. Проблемы методики расследования отдельных видов преступлений. М. , 1976.
-
Колесниченко А. Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. Харьков. , 1965.
-
Корухов Ю. Т. Трасологическая диагностика. М. ,1983.
-
Сидоров В. Е. Начальный этап расследования. М. ,1992.
-
Федоров Ю. Ф. Расследование карманных краж. Ташкент. , 1976.
<предыдущая страница | следующая страница>