Перейти на главную страницу
1. Тепловоз механигі С. Сапаргалиев ауыр салмақты жүк поезды жүргізу кезінде дөңгелек астында төрт оқушыны басып кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген тергеу барысында басып кету темір жолдың шұғыл бұрылыстары, өрлері мен еңістері бар төсімді төбелі жағдайында жүзеге асырылғандығы анықталды. Басып кету орын алған жерден 830 метр қашықтықта тұрған темір жол қараушысы А. Иванов тепловоздың сигналдарын естімегендігін және оқиғаның төбенің арғы жағында болғандықтан басып кеткен балаларды көрмегендігі туралы жауап беру кезінде айтты.
Механик С. Сапаргалиевтің берген көрсетпесі бойынша: «Мен составты еңіс бойымен 60 км жылдамдықпен тежеуішті баса отырып жүргіздім. Балаларды 20° бұрышпен тығыз орналасқан ойыстан шыққанда 100 метр арақашықтық қалғанда ғана байқадым. Жедел созылмалы сигнал беріп шұғыл тежеуді қостым. Бірақ ауыр жүк пойызының қысымын ұстай алу мүмкіндігім болмады». С. Сапаргалиевтің тұжырымдауы бойынша балалар сигналды естімеді, себебі бір-біріне басын қойып сөйлесіп бара жатты.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?
Тергеу әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар, макеттер, маникендер)? Тергеу әрекетін жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қанша куәгерлер керек, қалай қайталау және нені өзгертіп қайталау қерек? Тергеушінің дайындық жұмысы қандай жағдайларға бағытталуы керек? Тәжірибенің нәтижесің қалай бекітеді?
2. 6 тамызда Мәдениет және демалыс саябақ өзенінде қайықпен жүзу кезінде орта білім мектебінің 3 сынып оқушылары Тоня Коростелева және Дима Зацепин батып кетті. Жазатайым оқиға кешкі сағат 22.00 шамасында тұманды ауа райы жағдайында болды.
Қылмыстық жауапкершілікке саябақ қайық станциясының басшысы А. Змий және кезекші матрос П. Иванов тартылды. Оларға біріншіден, оқушыларды тұман түскен кезде шақырып алмағандығы және екіншіден, қайық кездейсоқ аударылып кеткенде көмек көрсетпегендері бойынша айып тағылды.
А. Змий мен П. Иванов жағажайдан 120 метр қашықтықта табылған, төңкерілген қайықты тұман кезінде көру мүмкін емес болғанын, сондай-ақ көмек сұраған айқай мен шуды естімегендерін айтты.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?
Тергеу әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар, макеттер, маникендер)? Тергеу әрекетін жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қанша куәгерлер керек, қалай қайталау және нені өзгертіп қайталау қерек? Тергеушінің дайындық жұмысы қандай жағдайларға бағытталуы керек? Тәжірибенің нәтижесің қалай бекітеді?
3. Дүкеннен үй тауарларын тонауға байланысты іске А. Воронов деген азаматты тінту барысында көп мөлшерде тоналған заттар табылып, айып тағылды.
А. Воронов өз кінәсін мойындап, тергеушіге тонау әрекетін қалай істегенін айтып берді.
Дүкеннің терезесі сырт жақтан ашылатынын пайдаланған А. Воронов, басында ілмегі бар ұзын таяқшамен қабырғадағы және тартпадағы түрлі тауарларды шығара берген.
А. Вороновтың жауабын тексеруді, тергеуші айыпталушыны қатыстыра отырып эксперимент жүргізді.
Куәгерлердің қатысыуымен ол терезеге жақындап, пышақтың көмегімен терезені еш кедергісіз ашты. Басында ілмегі бар ұзын таяқпен әйел адамның киімін салатын затты алып шықты.
Тергеушінің айыпталушыны тергеу экспериментіне қатыстыру әрекеті дұрыс па?
Осы тергеу экспериментін жүргізу хаттамасын толтырыңыз.
4. Өндіріс орнынан тоналған жәшіктерді Газ–51 жүк машинасына белгілі көлемде тиеу қажеттілігі туындады. Тергеу эксперименті кезінде тоналған жәшіктерді шығарған жүк машинасымен жүргізу мүмкіндігі болмағандықтан, тергеуші сол маркадағы басқа жүк машинасымен жүзеге асырды.
Тергеушінің әрекеті дұрыс па?
5. Айыпталушы, өзінің қылмыс жасағанын мойындап, 20 минут уақыт ішінде дүкеннен белгілі мөлшерде тауар алып шыққаны туралы көрсетпе берді. Оның жалғыз өзі осы қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде тауарды дүкеннен шығарғаны күмән туғызды. Осыған орай, тергеуші айыпталушының бұл іс-әрекетті жалғыз жасағаны және ол өзінің көмекшілерін атағысы келмегені жайлы күдіктенді.
Айыпталушының жауабын тергеу эксперименті арқылы тексеру жөнінде шешім қабылданды.
Дүкенге тоналған заттарға ұқсас тауарлар қойылып, айыпталушыға осы тонау әрекетін қалай жасағанын көрсету тапсырылды.
Айыпталушы, дүкеннен тауарларды 19 минут уақыт аралығында алып шығады.
М. Кабиловқа жеке тінту жүргізу кезінде бұрғы табылды. Тергеуші тергеу экспериментін жүргізуді бекітіп, өлген адамға жарақат осы бұрғымен ба, әлде өзге затпен келтіргенін анықтау мақсатын қойды?
Оны жүргізу үшін ол мәйіт денесінің жарақаттанған жерлеріне бұрғыны салып көру арқылы мәйіт терісіндегі жарақаттан қалған ізбен бұрғы жүзінің бір-біріне сәйкес келетендігін анықтауды ұсынды.
Аталған тергеу экспериментін жүргізуге болады ма, жоқ болса неге бұндай экспериментке жол берілмейді?
Тергеу эксперименті хаттамасының жобасы
Тергеу эксперименті жүргізілген күні. Тергеу эксперименті жүргізілген жері. Оны жүргізген тұлғаның қызметі (лауазымы, жұмыс орны, шеңдік атағы, және шені, тегі, аты-жөні). Тергеу эксперименті сәйкесінше жүргізілген ҚІЖК-нің бабына сілтеме.
Тергеу экспериментіне қатысутын тұлғалар көрсетіледі: куәгерлер (тегі,аты-жөні, мекен-жайы); мамандар (тегі, аты-жөні, мекен-жайы, мамандығы, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны); куәлердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың (тегі,аты-жөні, мекен-жайы), сондай-ақ дублер ретінде қатысушы тұлғалар, полиция қызметкерлері және әкімшіліктің өкілдері.
Тергеу экспериментіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Тергеу экспериментің жүргізудің негізі мен қажеттілігі.
Тергеу эксперименті жүргізілген кезеңдегі ауа-райы мен қоршаған ортаның жағдайын сипаттау.
Тергеу экспериментін жүргізу үшін эксперимент жүргізілетін жерге реконстукция мен өзгерістер енгізу әрекеттері.
Тергеу экспериментіне қатысушылардың эксперимент кезінде орналасуы.
Эксперимент барысында жүргізілетін барлық әрекеттерді жан-жақты сипаттау және оның нәтижесін көрсету.
Тергеу экспериментінің басталу мен аяқталу уақыты.
Тергеу экспериментіне қатысышылардың қолы мен арызы.
(үлгі)
Теміртау қаласының ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны С. Сандалов, ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны П. Попованың қатысуымен
Куәгерлер: 1. Чайковский Иван Кламович, тұрғылықты жері: Теміртау қаласы, Николаева, 53;. 2. Селянина Клавдия Сергеевна, тұрғылықты жері: Теміртау қаласы, Николаева 11;. 3. Воздухов Василия Васильевич, тұрғылықты жері: Теміртау қаласы, Николаева 48 үй, 3-ші пәтерде; 4. Богораз Павел Сидорович, Теміртау қаласы, Николаева 52-ші үйде тұрады.
Куәлер: Захаров Виктор Федорович және Понамарев Захар Иосифович, №14567890456-қылмыстық іс бойынша айыпталушы Сибагатуллин Ахметов Садыковичтың қатысуымен.
Конвой - полиция сержанты Соколова И.П.. полиция сержанты Алгабасов М. №№14567890456-қылмыстық іске байланысты, ҚР ҚІЖК-нің 239 бабын басшылықка алып, 11 қыркүйек 1997жылы айыпталушы Сибагатуллин Ахметовтың берген жауабындағы жағдай бойынша естілу мүмкіндіктерін тексеру мақсатында тергеу эксперименті жүргізілді.
Аталған тұлғалардың тергеу экспериментіне қатысу құқықтары мен міндеттері түсіндірілген және тергеу экспериментіне басқа да қатысушылар тергеушінің әрекетінің негізі бойынша өтініш береді.
Эксперимент Николаев көшесінің бойындағы 48-ші үйінің екінші қабатындағы бөлмелерде жүргізілді. Коридор жүйесі екінші қабатта орналасқан. Сибагатулин Ахметовтың бөлме есігінен, 2-ші қабаттың орталық коридарына шығады. Осыдан екінші қабатта қалған жеті бөлмелердің есігі шығады. Сибагатуллин Ахметовтың атқаратын бөлмесі 4-ші сандық атаумен есептелінеді. Сибагатуллин Ахметовтың нұсқауы бойынша бөлмеде куә Захаров пен куә Понамарев әңгімелесіп отырған, яғни 6-шы нөмерлі және шығыс қабырғасы ұштасады 4-ші нөмерлі бөлменің батыс қабырғасымен. Қатарлас 4-ші номерлі және 6-шы номерлі бөлмелердің екі жақтары да сырланған, бөрене қабырғасымен бөлінген.
Эксперимент 13 сағат.34 минутта ауа-райының сыртқы температурасы +8 С, желсіз, тынық жағдайында жүргізілді. Эксперимент барысында сол сияқты көшеден, сондай-ақ көршілес бөлмеден, 4-ші номерлі бөлмеге және 6-шы бөлмеге бөгде дыбыстар естілмеді.
Тергеуші Попов, полиция Соколов пен Алгабасов, айыпталушы Сибагатуллин Ахметов, куәгерлер Чайковская мен Селянин 6-шы бөлмеден бөлінетін 4-ші бөлменің қабырғамен бойлай бөлінген 4-ші бөлмедегі орындыққа жайғастырылды. Есік жақсылып жабулы.
Тергеуші Сандалов, куәлар Захаров пен Понамарев, куәгерлер Воздуховты, Богоразты 4-ші бөлмеден бөлінетін 6-ші бөлменің қабырғамен бойлай бөлінген 6-шы бөлмедегі орындыққа жайғастырылды. Коридор есігі толықтай жақсылап жабулы. Сондай-ақ екі-жақтың терезелері тығыздап жабылған.Екі жақтағы бөлмеде болған экспериментке қатысушылар, сағат уақытын тексеріп, дәл 13сағат 40минутта тергеуші Захаров пен Понамаревтің белгі беруі бойынша кезектесіп 6 рет орташа дауыс ырғағымен: «Надо закопать Сибагатуллина и сделать на него материал о связах с мошенниками» деген фразаны дауыстап айтты.
13 сағат 45 минутта тергеуші Захаров пен Понамаревтың белгі беруі бойынша кезектесіп 6 рет дәл осы сөйлемді (жоғары дауыспен) дауыстап айтылды.
13 сағат 50 минутта тергеуші Захаров пен Понамаревтың белгі беруі бойынша кезектесіп 6 рет дәл осы сөйлемді: «Надо закопать Сибагатуллина и сделать на него материал о связах мошенниками» ( өте жоғары дауыспен) айқайлап айтылды.
14 сағат 3 минутта 6-шы бөлмеде болғандардың барлығын, 4-ші бөлмеге шақыртып алып және тергеушінің сұрақтарына жауап берді.
14-ші істің куәлері: Захаров пен Понамарев
Іс бойынша айыпталушы: Сибагатуллин Ахметов
Тергеуші: Попов
Тергеуші: Сандалов
Полиция қызметкерлері: Соколов және Алгабасов
Cтуденттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:
Тергеу экспериментінің негізі:
Тергеу экспериментін жүргізу кезіндегі куәлар мен жәбірленушілердің рөлі:
Тергеу экспериментіне маманды қатыстыру қажеттілігін анықтайды:
Тергеу эксперименті жүргізілмейді:
Тергеу эксперименті арқылы шешілуге жатпайтын жағдайлар:
Қандай тергеу экспериментінде жауабы тексерілетін тұлғаның қатысуы міндетті:
Тергеу экспериментінің қатысушыларына нұсқаулықтар бергенде ескерілмейтін факторлар:
Эксперименттің тактикалық ережесі болып табылмайды:
Эксперименттің дұрыстылығына әсер ететін жағдай:
Тергеу экспериментінің тактикасына жатпайды:
Қандай тергеу эксперименті жүргізілмейді:
Тергеу экспериментінің түрлері жүргізіледі:
Қандай міндеттерді шешуде тергеу эксперименті жүргізілмейді:
Тергеу экспериментінде қайта қалпына келтірудің рөлі:
Тергеу экспериментінің дайындық сатысына жатпайды:
Тергеу экспериментінде тергеушінің дайындық әрекетіне кірмейді:
Белгілі бір ара қашықтыққа жету уақытын анықтаудың негізгі шарттары:
Тергеу экспериментіндегі қабылдау мүмкіндігінің шарттары:
Тергеу эксперименті кезінде қайта қалпына келтіруге жатпайды:
Айыпталушы оқиға болған жерден үйіне дейін 30 минутта жүгіріп жеткендігін атап өтті. Осы жағдайды қандай тергеу әрекетімен тексеруге болады:
Сараптама жүргізу кезінде сарапшы зерттеудің эксперименталды тәсілін пайдаланады. Ол жүргізеді:
Бөлме терезесінен көру немесе есту мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу экспериментіне неше куәгер қатыстырылады:
Тергеу экспертименті барысында тергеушінің ұсынысы бойынша айыпкер дүкен қабырғасындағы терезе арқылы бірнеше рет өтті. Дүкеннен ұрланған тауарларды ұрлау фактісін қалай бағалайсыз:
Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы эксперименттің нәтижелеріне дұрыс баға береді:
Тануға көрсетер алдындағы дайындық. Танитын адамнан жауап алудың ерекшелігі. Тануға ұсынылынатын объектіге ұқсас объектілерді іріктеп алу. Тануға көрсету жағдайы мен шартын таңдау. Адамды, мәйітті, жеке заттарды (бұйымдарды) малды, сондай-ақ ашық алаңды және үйдің ішін тануға көрсетудің тәртібі.
Объектілерді олардың фотосуретін көрсету арқылы таныту. Тануға көрсетудің қортындысын бекіту. Танудың дәлелдемелік маңызын бағалау.
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың маңызы, оның міндеттері, процесуалдық шарттары. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау жүргізуге дайындық жұмыстарының тәртібі, оның қортындысына баға беру.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
23 09 2014
3 стр.
17 12 2014
1 стр.
Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б
17 12 2014
1 стр.
Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі
29 09 2014
4 стр.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5- сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру
14 09 2014
1 стр.
Мағынасы: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммадқа пайғамбар ретінде разымын!»2
25 12 2014
1 стр.
01 10 2014
6 стр.