Перейти на главную страницу
Алматы қаласы 14 тамыз 2010 ж.
Аты-жөні: Байменова Айгуль
Туған жылы, айы: 06.09.1951 жылы туылған;
Туған жері: ОҚО
мекен-жайы: Алматы қаласы, Ақсай-2, 44 үй, 5 пәтер
ұлты: қазақ:
Семья жағдайы: отбасы құрған
Паспорт, басқа құжаттары туралы: анықталды;
Жұмыс орны, қызметі: зейнеткер
ҚР ҚІЖК-нің 214-бабына сәйкес жәбірленуші Байменова Айгулге өзіне жұбайына және жақын туыстарына қатысты қылмыстар бойынша, сонымен қатар дінді уағыздаушы қызметкерлерге сенім арқылы белгілі болған қылмыстар жөнінде жауап беруден бас тартуына құқылы екені түсіндірілді.
Жауап беруден бас тартсам Қазактан Республикасының ҚК-нің 352-бабы бойынша және біле-тура өтірік жауап берсем ҚР ҚК-нің 353-бабы бойынша қылмысты жаупкершілігім маған ескертілді.
Жауапты ____қазақ_____ тілінде беремін, тілмаш қажет етпеймін.
____________ ( Қолы.)
Маған қойылған сұрақтарға байланысты төмендегідей жауап беремін, жоғарыда көрсетілген мекен-жайда отбасыммен бірге тұрамын. Психиатриялық және наркалогиялық диспансерлерінде есепте тұрмаймын. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып сотты болмағанмын. Жолдасым Байменов Жарқын Жолдасұлы 1950 ж.т. жұмыс істемейді үй шаруасымен айналысады. Мен де қазіргі кезде зейнеткермін, 2003 жылдан 2009 жыл аралығында Алматы қаласы ардагерлер үйінде кір жуатын бөлімде меңгеруші болып жұмыс атқарған едім. Содан 2009 жылы жасыма байланысты зейнекерлікке шықан болатынмын. Қазіргі кезде де сол аталған жерде жұмыс атқарып жүрмін. Жұмысымның мекен жайы Алматы қаласы Мамыр ы-ауданы Абай және Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан. Сонымен қатар біздің ортақ некемізден үш балам бар яғни ең үлкені Байменов Алмас Жарқынович 08.11.1980 ж.т., екінші ұлым Азамат 1983 ж.т. ең кенже ұлым Замир 1985 ж.т. Ұлым Алмас жайлы айтатын болсам ол 1980 жылы Алматы қаласында №4 балалар босану емханасында туылған болатын. Содан ол Алматы қаласындағы Ақсай ы-ауданында орналасқан №123 орта мектептің 11 сыныбын тәмамдап, ОҚО Түркістан қаласында орналасқан Қазақ Түрік Университетіне 1997 жылы заңгер мамандығына түскен болатын. Бірақта аталған университетті аяғына дейін оқыған жоқ. Себебі ақылы оқу болғандықтан оның ақшасын төлей алған жоқпыз. Содан кейін Алмас 2000 жылы Алматы облысы, Шеңгелді ауылында орналасқан Әскери бөлімде «Байланыс тобында» борышын өтеп, 2002 жылы Әскерден келген болатын. Содан кейін ұлым Алмас әскерден келгеннен кейін әр түрлі жерлерде яғни кафе, мейрамханаларда күзетші болып қызмет істеп жүрген болатын. Бірақта қай жерлерде жұмыс істегенін білмеймін. 2009 жылдың сәуір айынан бастап ұлым Алмас бір Қайрат есімді маған бұрын соңғы таныс емес адамның жеке оққағары болып жұмысқа тұрғандығын ұлым Алмастан естіген едім. Содан ол 2009 жылдан бастап осы оқиға болғанға дейін сол жерде жұмыс істеп жүрді. Қалай бұл оқиғаға ұрынғандығын білмеймін. Ұлым Алмастың мінезі кішкентайынан өте сабырлы, мінезі салмақты, арақ ішпейтін, темекі шекпейтін еді. Маған әкесіне ешқашанда қарсы шығып дауыс көтеріп көрген жоқ болатын.
Сұрақ: айтыңызшы ұлыңыз Байменов Алмас осы оқиға болғанға дейін қандай абоненттік нөмерді пайдаланып келді?
Жауап: Онысын мен білмеймін.
Сұрақ: айтыңызшы ұлыңыз Байменов Алмас психиатриалық немесе наркологиялық есепте тырушы ма еді, бұрын психикалық аурумен ауырған ба?
Жауап: Ұлым Байменов Алмас ешқашанда еш жерде есепте тұрған емес.
Сұрақ: Сіздің ұялы телефоныңы бар ма, болса нөмері қандай?
Жауап: Менің ұялы телефоным 8705-111-73-11, бірақ аталған ұялы телефонды мен көп қолданбаймын. Себебі көзіме бірнеше рет операция жасап, ұялы телефонды онша қолдана бермеймін.
Сұрақ: ұлыңыз Байменов Алмас отбасы құрған ба?
Жауап: Ия, 2009 жылы ол отбасы құрып қазіргі кезде немереміз Мейлана 2009 жылдың қазан айында дүниеге келген.
Сұрақ: Ұлыңыз Байменов Алмасты соңғы рет қашан, қай жерде көрдіңіз?
Жауап: яғни жұма күні 06.08.2010 жылы мен тәңертең өз жұмыстарыммен кетіп бара жатқан кезде ұлым Алмас үйде болатын. Содан кейін оны мен көрген жоқпын.
Сұрақ: Сіздердің отбасыларыңызда қандай да болмасын автокөлік бар ма?
Жауап: Біздің отбасымызда Галант және қара көк БМВ-7 автокөлігі бар. Соңғы аталған БМВ автокөлігін 13.08.2010 жылы полиция қызметкерлері келіп алып кетті.
Сұрақ: ұлыңыз Байменов Алмастың қандай да бір достарын танисыз ба, таныған жағдайда олардың мекен жайларын білесіз бе?
Жауап: Жоқ мен оның достарын танымаймын.
Сұрақ: Қазіргі кезде ұлыңыз Байменов Алмастың қай жерде жүргендігін білесіз бе?
Жауап: Қазіргі кезде оның қай жерде жүргені маған белгісіз, өзім оны қашан хабарласады деп күтіп жүрмін.
Сұрақ: Сіздердің тұрып жатқан мекен жайларыңызда үй телефоны бар?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Алматы қаласында және Алматы облысында және Алматы қаласынан тысқары жерлерде тұратын туыстарыңыз бар ма, болса қай жақта тұрады?
Жауап: Араласатын туған туыстарымыз жоқ
Басталды; 19:00 аяқталды; 19:25
Жауап беруден бас тартсам Қазактан Республикасының ҚК-нің 352-бабы бойынша және біле-тура өтірік жауап берсем ҚР ҚК-нің 353-бабы бойынша қылмысты жаупкершілігім маған ескертілді.
Айыпкер Байменов Алмас жауабы; Мен алдымда отырған Касымов Берикті бұрыннан бері танимын, арамызда ешқандай бас араздықтар болған емес, досым болып келеді.
айыпкер Касымов Берикке сұрақ: Сіз Байменов Алмаспен сіздің Тараз қаласында әпкеңіз Гүлсараның үйінде бірге болған күндеріңіз болды ма?
айыпкер Касымов Б.жауабы: Ия бірге кездескен күндеріміз болды, осы оқиғадан кейін шашамен бір апта өткен күннен кейін мен телефон шалып өзім сол Тараз қаласына шақырғанмын.Сол кезде келген болатын.
Сұрақ Касымов Б.: сол кезде Байменов Алмасты не үшін шақырдыңыз?
Касымовтің жауабы: Әпкелеріме барлық шындықты айтсын деп шақырған болатынмын. Байменов Алмас келіп әпкем Гульмираға сол үйде отырып барлығын айтып берді, сонымен қатар қайтыс болған бала пышақпен бірінші болып менің қолыма ұрды одан кейін мен оның пышағын алып өзіне ұрдым деп айтты.
Байменов Алмасқа сұрақ: Сіз Касымов Бериктің жауабын естідіңіз бе, келісесіз бе?
Байменов Алмастың жауабы; бірінші мен телефон шалып шақырған жоқ.Мен сол балаға пышақты ұрдым деп Бериктің сұрауы бойынша айттым.
Касымов Б. сұрақ: Сіз сол кезде Байменов Алмасқа пышақты мен ұрдым деп айтшы деп сұрадыңз ба, сол кезде ол үйде кімдер болды?
Касымов Б. жауабы; әпкелерім Гульмира, Гулсара және қарындасым Айгерім болған. Басқа ешкім болмады.
Касымов Б. сұрақ: сол кезде анаңыз сол жерде болды ма?
Касымов Б. жауабы; Анам ол кезде болған жоқ.
Байменов Алмас сұрақ: Сіз сол кезде Касымов Б. анасы болды сол кісіге жаным ашып пышақты мен ұрдым деп айттым деп жауап бердіңіз, ол туралы не айтасыз?
Байменов Алмастың жауабы; Анасы болғаны рас.
Байменов Алмасқа сұрақ: Сіз неге елдің анасына жаныңыз ашыды, сол кезде пышақты мен ұрдым деп атпас бұрын өзіңіздің анаңызды ойламадыңыз ба?
Байменов Алмастың жауабы; Сол кезде сондай жағдай, Берик өзі ашуланған соң және жылап шыққан соң Бериктің айтуы бойынша пышақты мен ұрдым деп айта салдым.
Байменов Алмас сұрақ: Касымов Берикпен қашаннан бері доссыз, екеуіңіздің достығыңыз қандай болған?
Байменов Алмастың жауабы; Дос болғанымызға екі айдай болған. Жақын араласатын танысым болған.
Байменов Алмасқа сұрақ: Жақын араласатын таныс адамдардың барлығы сізге өздері жасаған қылмыстарын мойныңа ала тұршы уақытша десе сіз аласыз ба?
Байменов Алмастың жауабы; Жоқ.
Байменов Алмасқа сұрақ: Онда неге сол кезде Бериктің айтуы бойынша пышақты мен салдым деп айттыңыз?
Байменов Алмас жауабы: Жағдайды көрген соң пышақты мен ұрдым деп Бериктің айтуы бойынша айтқаны рас.
Касымов Берикке сұрақ: Сіз Байменов Алмаспен араларыңызда достықтарың қандай қарым қатынас қандай болды?
Касымов Бериктің жауабы; жақын таныстық қарым қатынаста болдым.
Касымов Берикке сұрақ: Сол кезде үйде сен және әпкелеріңінің араларыңда ренжіс болды ма, сіз Байменовке пышақты мен салдым деп айта тұршы деп сұрадыңыз ба?
Касымов Бериктің жауабы: Ешқандай ренжіс болмады, мен пышақты Байменов Алмасқа мен салдым деп уақытша айта тұршы деп сұрамадым. Бұл сөздердің барлығын ол ойдан шығарып алған.
Қорғаушы Аманбаевтың Касымов Б. сұрағы: Оқиға болған жерде сендерден басқа балалар болды?
Касымов Б. жауабы; Сапар, Нұрсапар және Нұрсапардың досы атын ұмытып қалдым, солар болды, олар машинеде отырған болатын. Әпкеме Байменов Алмас өзі пышақты сол жігітке мен ұрдым- деп айтқан соң, ол балалр туралы тағы да сұрап жату мен үшін қажет бомады. Менің Байменов Алмасты шақырған ойым Болған оқиғаны яғни нақты пышақты салғанын айтып берсін дегенмін.
Қорғаушы Иманбаев Б. Байменов Алмасқа сұрағы; Тараз қаласына қандай машинамен бардыңызыдар, сағат қаншада бардыңыздар?
Байменов Алмастың жауабы; Таксимен бардым. Түнгі сағат 24:00 болған.
Иманбаевтың Касымовқа сұрағы: Байменов Алмас Тараз қаласына қай жақтан келді, немен келді сағат қаншада келді?
Касымовтің жауабы; Кешкі сағат 18;00 шамасында келді, таксимен келді, мен күтіп алдым.
Иманбаевтың Байменов Алмасқа сұрағы: сол қолыңызбен кішкене күніңізден бастап жаазасыз ба?
Байменов Алмастың жауабы; Оң қолым 4-5 класта сынған болатын, содан бері оң қолыммен жаза алмай қалдым. Содан бері сол қолыммен жазуды жаза бастадым.
Басқа бір-бірлеріне сұрақтары болмады.
Хаттама дауыстап оқылды, арыз- шағымдар түскен жоқ.
Айыпкер: Байменов Алмас
Қорғаушы; Аманбаев А.
Айыпкер: Касымов Берик
Тергеуші: Н. Ахметов
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:
Жауап алу қандай әрекет:
Жауап берушінің процесуалдық жағдайына байланысты жауап алу түрлері:
Жауап берушінің процесуалдық жағдайына байланысты жауап алу түрлері:
Жауап берушінің процесуалдық жағдайына байланысты жауап алу түрлері:
Қажетті мән - жайлар туралы ақпарат алу үшін жүргізілетін тергеу әрекеті:
Жауап алудың тактикалық ұсыныстарына кірмейді:
Жауап алудың дайындық кезеңіне кірмейді:
Жәбірленуші мен куәларден жауап алу алдында тергеуші міндетті түрде ескертеді:
Куәлар мен жәбірленушіден жауап алу кезіндегі дайындық шараларына не кірмейді:
Жауап алудың еркін әңгіме сатысында, тергеуші жеке тұлға туралы қандай деректер жинайды:
«Сіз үйге 412 автобуспен жеттіңіз бе?», - бұл сұрақ қандай:
«Қылмыскер қоңыр түсті жейдеде болды ма?», - бұл сұрақ қандай:
Оқиғамен байланысты жағдайларды есіне түсіру үшін қолданылатын тактикалық тәсіл:
Жауап берушіге қандай сұрақтар қоюға болмайды:
Ұмытылған фактілерді қалпына келтіру үшін қолданылатын тактикалық тәсіл:
Сұралған фактілер бойынша ұмытылғанды қалпына келтіретін тактикалық тәсіл:
Жалған көрсетпелерді әшкерелеуде қолданылатын жауап алудың тактикалық тәсілі:
Сезікті жауап беруден бас тартқан жағдайда қолданылатын жауап алудың тактикалық тәсілі:
Сезікті жауап беруден бас тартса, қандай тактикалық тәсіл қолданылады:
Жауап берушіні күйзеліске ұшырататын жағдай:
Сезікті болған оқиға туралы еш нәрсе білмейді және ол жерде болмағандығы туралы мәлімдеді. Қандай жағдай туындады:
Қайшылықсыз жағдайларға тән жауап алудың түрлері:
Жауап алудан туындайтын қажетті тергеу әрекеті:
Жауап алудың негізгі кезеңі басталады:
Сезікті жалған айғақтар берген кезде қолданылатын әдіс:
Айыпталушы жалған жауап бергенде қолданылмайтын әдістер:
Куәлардың көрсетпелеріне әсер етпейтін объективтік фактор:
Субъективті болып табылмайтын факторлар:
Жәбірленушіге болған оқиға жағдайларын есіне түсіру мақсатымен жүргізілетін әрекеттер (реминисценция):
Сезікті жалған алиби ұсынған кезде қолданылатын тактикалық тәсіл:
Сезіктінің алибиін жоққа шығарудың тиімді әдісі:
Куәлар мен жәбірленушіден жауап алу кезіндегі дайындық шараларына не кірмейді:
Сезікті мен жәбірленушінің жауаптарының арасында қарама - қайшылықтар болған жағдайда жүргізілетін тергеу әрекеті:
Тергеу экспериментіне дайындық. Реконструкция жасау. Экспериментке қатысатын адамдар, олардың ролі. Мамандарды пайдалану. Тергеу экспериментінің жекелеген түрлерін өткізу ерекшеліктері. Тәжірибе шарттарының зерттеліп отырған жайдың шарттарына мейлінше сәйкес келуі. Тәжірибелердің варианттары. Эксперимент нәтижелерін бекітіп жазып алу. Тергеу экспериментінің қортындысын бағалау.
Тәжірибелік сабақтын мақсаты:
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
23 09 2014
3 стр.
17 12 2014
1 стр.
Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б
17 12 2014
1 стр.
Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі
29 09 2014
4 стр.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5- сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру
14 09 2014
1 стр.
Мағынасы: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммадқа пайғамбар ретінде разымын!»2
25 12 2014
1 стр.
01 10 2014
6 стр.