Перейти на главную страницу
25 желтоқсан 1992 жыл Қызылорда қаласы
Қызылорда қалалық прокуратурасының аға тергеушісі 2 дәрежелі заңгер М.Махшатов, аз-т Баянқұлов Рамазан Ідірісұлының қасақана өлтірілуіне байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 8 бабының 2 бөлігімен қозғалган №31505 санды қылмыстық іс құжаттарын қарап,
АНЫҚТАДЫМ :
1992 жалдың желтоқсан айының 24-нен 25-не қараған түні, жергілікті уақытпен 02 сағат шамасында Титов қыстағы, № 31 үйдің алдында Бөлегенов Батырбек арақ ішкен мас күйінде Баянқұлов Разаман Ідірісұлының денесіне бірнеше жерден пышақ салып қасақана өлтірген.
Сезікті Б.Бөлегенов тұратын Титов кыстағы № 31 үйдің 48 пәтерінде қылмыстық іс үшін маңызы бар айғақты заттар, қару-жарақ сақталуы мүмкіндігін ескеріп, Қазақстан Респубяикасы КІЖК-нің 134,135 баптарын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТТІМ:
Қылмыстық іс үшін маңызы бар қару-жарақ, басқа да айғақты заттарды іздестіріп тауып алу үшін Қызылорда қаласы, Титов қыстағы №31 үйдің №148 пәтеріне тінту жүргізуге.
Қызылорда қалалық прокуратурасының
аға тергеушісі, 2 дәрежелі заңгер М.Махшатов
Қаулы маған 28 желтоқсан 1992 жылы жарияланды.
Үй егесі: _____ Г.Күлкеева
/қолы/
ХАТТАМА
тінту жүргізу жайлы
26 жедтоқсан 1992 жыл Қызылорда қаласы
Қызылорда қалалық ІІД аға тергеушісі, полиция капитаны М.Махшатов, куәгерлер: 1. Дуйсенбаева Гүлжан Кыдырқызы, тұрағы - Титов қыстағы, №З1 үйдің 29 пәтері, 2.Айдәулетова Базар Болатбекқызы, тұрағы - Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов көшесі II үй, 3 пәтер, Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімі криминалдық милиция бөлімінің оперативтік уәкілі милиция капитаны Алдамзаров Мұраттың, Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы криминалист-сараишылар бөлімінің сарапшысы милиция аға лейтенанты Рүстемов Нұржанның және үй егесі Күл кеева Гүлжаханның қатысуында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 137,139 баптарын қолдана отырып, Қызылорда қаласы, Титов қыстағы №8І үйдің №48 пәтерінде тінту жүргіздім.
Қазақстан Респубиикасы ҚІЖК-нің 104 бабының талабыңа сәйкес айғақтарға олардың тергеу әрекетіне қатысудағы міндеттері мен құқылары түсіндірілді.
Айғақтар: Г.Дүйсенбаева
Б. Айдәулетова
Маман ретінде қатысушы-сарапшы Рүстемов Нұрланған ҚР ҚІЖК-нің 57-1 бабында қаралған құқылары мен міндеттері түсіндірілді және ол өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауапты болатындығы туралы ескертілді.
Маман: Н.Рүстемов
Бұдан кейін үй егесі Күлкеева Гүлжаханға 25 желтоқсан 1992 жылғы тінту жүргізу туралы қаулы жарияланып, егер үйде сақтаулы қару-жарақ, қылмыс құралы болатындай заттар болса, өз еркімен тапсыру, егер ерікті түрде берілмесе, тінту жүргізу барысында алатындағы түсіндірілді.
Үй егесі - сезікті Бөлегенов Батырбектің әйелі Г.Күлкеева жатын бөлмеде тұрған ағаш қораптың ішінен құндағы кесілген екі ұңғылы шолақ мылтықты және қанжар пышағын өз еркімен әкеліп тапсырды.
Шолақ мылтықтың калибрі 16, завод саны ХЭ № 77890ІІ, жалпы үзындығы 39 см, қолға ұстап жүруге бейімделіп жасалған тері бауы бар. Қанжар пышақтың жалпы ұзындығы 30 см, сабының ұзындығы 10 см, жүзінтң қзындағы 20 см, қанжардың жүзінде қанға ұқсаған қызыл-қоңыр дақтар бар.
Тінту жүргізу барысында үйден басқа айғақты заттар табылмады.
Хаттамада көрсетілген шолақ шылтық пен қанжар айғақты заттар есебінде алынды. Қанжар пышақ қағазға оралып, пакеттеліп, оның сырты жіппен байланып, жіптің екі ұшы "Қызылорда қалалық прокуратурасының пакетіне арналған" мөрі басылған қағазбен желімделінді, айғақтардың қолдары қойылды.
Тінту жургізу барысында алынған шолақ мылтық пең қанжар пышақты маман Н.Рүстемов "Зенит" маркалы фотоаппараты арқылы 64 фотопленкасын қолданып суретке түсірді.
Тінту жүргізу 10 сағат 25 минутта басталып, 2 сағатта аяқталды.
Тінту жүргізу барысында айғақтар мен қатысушылар тарапынан ескертпе, мәлімдемелер түскен жоқ.
Хаттама оқылып берілді, дұрыс жазылған.
Куәгерлер: Г.Дүйсенбаева
Б. Айдәулетова
Қатысушы: М. Алдамжаров
Маман: Н.Рүстемов
Үй егесі: Г. Күлкеева
Қызылорда қалалық прокуратурасының
аға тергеушісі, 2 дәрежелі эаңгер: М.Махшатов
Тінту хаттамасының көшірмесін 26 желтоқсан 1992 жылы
алдым.
/қолы/
"Толбаева Күлайдаң почта-телеграф
хат-хабаряарына тоқтам салуға рұқсат етемін"
орынбасары заң кеңесшісі: Карбуаов К.
5 шілде 1992 жыл
Қаулы
тоқтам салу және оларды алу туралы
Қызылорда қаласы 5 шілде 1992 жыл
Қызылорда облыстық прокуратурасының аға тергеушісі 2 дәрежелі заңгер Асқаров Ж., №2450 санды қылмыстық істің құжаттарын қарап,
Т А П Т Ы М :
Қолбаев Айбек 3 шілде 1992 жылы сағат І7-тер кезінде Қызылорда қаласы, Мәметова көшесі, №78 үйде Садаматов Сұлтанбекпен бірге спирттік ішімдіктер ішіп отырып бұзақылықтың салдарынан соңғының кеудесінен бірнеше рет пышақпен ұрып, қасақана өлтіріп, оқиға болған жерден қашып кеткен.
Толбаевтың қазіргі тұрағы жөнінде жұбайы Толбаева Күлайға хабарлауы мүмкіндігін ескеріп, ҚР ҚІЖК-нің 141 бабын басшылыққа алып,
КАУДЫ ЕТТІМ:
1. Кызылорда қаласы Мәметова көшесі, 66 үйде тұрушы Толбаева Күлайдың атына байланыс белімшелеріне келген почтателеграф хат-хабарларына тоқтам салуға және хат-хабарлар түскен жағдайда оларға қарау жүргізіп, қажет болса алуға.
2. Каулының көшірмесін орындау үшін Кызылорда байланыс торабының бастыгына жолдауға.
Аға тергеуші
2 дәрежелі эаңгер Асқаров Ж.
Қаулының көшірмесін 6 шілде 1992 жылы алдым.
Қызылорда қалалық байланыс
торабының бастығы Қожантаев 0.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:
Заттарды іздеп табу және алу мақсатында мәжбүрлеп іске керекті дәлелдемелерді алу әрекеті:
Тінтудің тергеу қарауынан айырмашылығы:
Тінту әрекетіне тән емес:
Тінту мақсатына жатпайды:
Тінту мақсаты:
Тінту мақсатына жатпайды:
Қандай мәселені шешуде тінту жүргізілмейді:
Тінту жүргізілмейді:
Тінту жүргізілуге тиіс адам қамауға алынған болса, оның орнына кім қатысады?
Тінту жүргізу үшін төмендегі бағдарламалық мәліметтердің қайсысы жиналмайды:
Тінтудің дайындық кезеңіне тән емес әрекет:
Тінтудің дайындық кезеңіне тән емес әрекет:
Тінту жүргізу үшін қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі:
Тінту жүргізуге қатыспайды:
Тінтудің жұмыс кезеңі басталады:
Тінту барысында дұрыс бағыт алуға көмектесетін тактикалық ұсыныс:
Тінту кезінде тінту ұсыныстарына жатпайтын әрекет:
Тінтілетін тұлға тергеушінің сұрағына жартылай құнды заттарды ұсынды. Тергеушінің әрекеті:
Адам өлтіру қылмысы бойынша, егер оқиға орнында гильза табылса, онда сезіктіден қандай объектілер іздеу керек:
Петровтың үйіне тінту жүргізу кезінде, оның көршісі Якушевтің үйіне де тінту жүргізу қажеттігі туды. Прокурордың санкциясынсыз тергеуші қаулы шығарды да, Якушевтің пәтеріне тінту жүргізді. Тергеушінің ісі дұрыс па?
Тонау болған оқиға орнында өсімдіктер бар, тергеуші тінту жүргізу кезінде сезіктіден алу қажет:
Пәтерден қан дақтары табылған жағдайда, тінту кезінде қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Сезіктінің үйіне тінту жүргізуде жәбірленушінің қолының саусақ іздерін табу үшін қандай құралдар керек
Жалған құжаттарды дайындауда қылмыскерді әшкерлеу үшін тінту кезінде тергеуші табуы тиіс:
Адам өлтіру қылмыстары бойынша тергеуші сезіктінің үйінен нені табуды жорамалдайды:
Жалған кәсіпкерлік туралы істер бойынша тергеуші тінту жүргізу кезінде нені табуды жорамалдайды:
Тінту барысында қандай психологиялық тәсіл дұрыс бағыт алуға көмектеседі:
Тінту жүргізудің жоспарын талқылау қай кезеңде жүргізілуі тиіс:
Жауап алуға дайындық. Істегі материалдармен оқып танысу. Жауап алғанда анықталатын сұрақтарды дайындау. Жауап алудың уақытын, орнын белгілеу. Бірнеше куәдан, жәберленушеден және айыпкерден жауап алу кезегін анықтау. Жауап алынатын тұлғаның жеке басын зерттеу. Оның іске қатысатын басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын анықтау. Жауап алуға дайындық кезінде жедел-іздестіру әрекеттерінің маңызы. Жауап алу жоспарын құру. Жауап алуға қолайлы жағдай туғызу. Жауап алу кезінде маманның қатысуы.
Жауап алынатын адаммен психологиялық байланыстың қалыптасуы. Жауап алудың тактикалық жағдайлары. Қайшылықты жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер. Қайлышылықсыз жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер.
Айыпкердің жалған мәліметтерді бергенде, жалған алибиі болған жағдайдағы жауап алу тактикасының ерекшелігі.
Кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден, сезікті мен айыпкерден жауап алудың тактикасы.
Беттестірудің түсінігі және оны жүргізудің тактикасы.
Жауап алу мен беттестіруді бекіту әдістері. Дыбыс, бейне таспаларын қолдану.
Сотта жауап алудың мүмкіндіктері мен тактикалық әдістерді қолданудың шарттары.
Тәжірибелік сабақтын мақсаты:
Есептер:
Іс материалдарымен анықталғандай, олар қылмыскерлер Хасановтар пәтеріне кіргенін және одан чемодан және түйінмен шыққанын, оларды көшеде үйдің жанында тұрған жеңіл машинаға салғанын көрген. Осыған байланысты Роза және Кәрімнен куә ретінде жауап алу қажеттілігі туындады.
4. Кірпіш заводының клубында жастар кешінде азамат М. Судариков мас күйінде тігін фабрикасының жұмысшысы азаматша А. Зиминаны билеуге шақырады. Ол өз кезегінде мас адамдармен билемейтінін айтты. Азамат М. Судариков болса оған қол жұмсады. Тәртіп сақшылары Р. Раджупов пен А. Гусеев М. Судариковқа өзімен бірге штабқа баруын ұсынды. М. Судариков пышақты алып Р. Раджуповтың мойнына жарақат келтірді. М. Судариков көшеге шығып қашуға тырысты, өтіп бара жатқан А. Александров пен В. Рыбников қашпақшы болған қылмыскерді ұстап полиция басқармасына жеткізді. М. Судариковқа тағылған айып бойынша істі тергеушіге жеткізді. Осы іске қатысты куә ретінде жауап алу үшін кім шақырылуы қажет? Олардың әр қайсысына қандай сұрақтар қойылуы тиіс.
1.Аты-жөні, есімі, әкесінің аты: Ержанов Манат Өсерқызы.
2. Туған жылы: 1963 жыл.
3. Туған жері: Қазалы ауданы
4. Ұлты: қазақ.
5. Білімі: орта.
6. Жұмыс орны: атқаратын қызметі: аудандық аурухана, мейірбике. 7.Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі 2 үй.
8. Төл құжаты: І-ГУ №167314 18 мамыр 1979 жылы Қазалы аудандық ІІБ тергеу бөлімі берген.
9. Айыпкермен қарым-қатынасы: ешқандай
ҚР ҚІЖК-нің 219 бабында көрсетілген жәбірленушінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар жауап алғанда дыбыс жазу аппараты қолданылатыны жайлы және біле тұра өтірік жауап берсе немесе жауап беруден бас тартса ҚР ҚК-нің 187, 193 баптары бойынша қылмысты жауапкершілігі ескертілді. Ержанова М.
Қойылған сұрақтар бойынша төменде көрсетілгендей жауап беремін: 20... жылдан бастап Қазалы аудандық ауруханасында мейірке болып қызмет атқарамын. 20... жылдың күз айында Омаров Әділхан деген жігіт біздің ауруханада жатып емделген болатын. Сол жатқан кезінде екеуміз таныстық. Ауруханада 20 күндей жатқан соң Омаров емдеу мерзімі бітіп, ауруханадан шыққан. Ауруханадан шығар алдында Омаров маған өзінің жақсы көретінін айтып, үйленуді ұсынған. Мен Омаровты ұнатпайтын болған соң, оның ұсынысынан бас тартқанмын. Омаров алғашқыда өтініп, оған көнбей қойған соң мені қорқытып көрген. Мен бірақ өз айтқанымда тұрдым. Сонымен ол ауруханадан шығарда маған қоқан-лоққы жасап кеткен болатын.
Мен қызмет бабына сәйкес түнгі кезекте де қызмет жасайтынмын, ол туралы Омаровта білуге тиіс.
12 тамыз 20... жылы түнде сағат 22.00-ден өте мен ауруханадан шықтым да үйге қарай жүрдім. Аялдамада автобус келмеген соң, үйге дейін жаяу бара салмақшы болғанмын. Ғарышкерлер мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына келгенімде, үйдің бұрышында тұрған 4 жігітті байқадым. Олар өзара сөйлесіп, қатты күліп тұрды. Сөйлескен сөздерінен олардың мас екенін сезіп, көшені айналып, үйге бақша жақтан бармақшы болдым. Бірақ менің жолдан бұрылғанымды көрген біреуі қалған жігіттерден бөлініп маған қарай жүрді. Мен аяғымды тездетіп басып кетіп қалмақшы болдым. Жеделдетіп жүргеніммен әлгі жігіт соңымнан қалмады. Мен оның жүрісінен сезіктеніп, үйге қарай жүгірдім. Артымдағы жігіт те жүгіріп мені біздің бақшысының жанында қуып жетті. Сол кезде мен оның Омаров екенін байқап үлгердім. Онан соң ол менің басымнан қатты затпен ұрып құлатты. Шамалыдан соң есімді жисам, қасымда көршім Әскербек ағай отыр екен. Оның аты-жөні Арыстанов болуы керек. Есімді жиған соң етегімді жинап, іш киімді шешіндіріп, зорламақшы болған. Бірақ Әскербек ағай айқайлап, кедергі жасаған. Менің бар айтарым осы.
Хаттаманы өзім оқып шықтым, бәрі дұрыс жазылған, қосымша айтарым жоқ. Дыбыс жазу аппаратындағы таспаны толық тындадым, мазмұны хаттамаға сәйкес. Ержанова М.
Жауап алу 14 сағат 10 минутта басталып, 14 сағат 55 минутта аяқталды, жауап алу барысы «Sony» магнитафонына, МК-60 таспасына жазылды.
ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі: Сүлеменов С.
Куәдан жауап алу
Х А Т Т А М А С Ы
20 маусым 20... жыл Қызылорда қаласы
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция лейтенанты М. Махшатов, жұмыс кабинетімде, ҚР ҚІЖК-нің 211, 212 және 214 баптарын сақтай отырып, төменде аталған кісіден куә ретінде жауап алдым.
Жауап алу 17 сағат 00 минутта басталып, 17 сағат 50 минут аяқталды.
Куә: К. Ергешова
Қр ҚІЖК- нің 214 бабына сәйкес Ергешова Қыздаркулге куә қатарында жауап берудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді және ол жауап беруден бас тартқаны немесе бұлтарғаны үшін ҚР ҚК-нің -- бабының -- бөлімі бойынша біле тұра өтірік жауап бергені үшін ҚР ҚК-нің --бабы бойынша қылмысты жауапты болатындығы түсіндірілді.
Куә: К. Ергешова
Сұрақ: - Сіздің Қызылордаға шығарда Жетісайдан алып шыққан 50000тенге ақшаңыз қандай купюралардан, орамдардан тұратын еді,олардың ішінде қадай ақшалар болды, айрықша белгілері бар, номері есіңізде қалған ақшалар бар ма?
Жауап: - 50000 теңге ақшаны 20000 теңгесі 5000 теңгеліктен, 20000 теңгесі 1000 теңгеліктен, қалған 20 дана 500 теңгелік ақшалар. Ақшалардың белі қаптың аузын байлап жүрген жіптермен байланған, айрықша белгілері немесе олардың номерлері есімде жоқ.
Сұрақ: - Директор Әлиевке 30000теңге қандай купюрада бердіңіз, 50000 теңге ақшаның ішінде 30000 теңгені қашан, қалай, қай жерде үлгіріп бөліп алып жүрсіз?
Жауап:- Әлиевке әрқайсысы 2 данадан 5000 теңгелік сосын 10 дана 1000 теңгелік, 20 данадан 500 теңгеліктерді бердім. 30000 теңге ақшаны Әлиевтің кабинетіне алғашқы рет кіріп шыққаннан кейін кеңсеге сырттан кіретін есіктің аузында бөлек алып газетке орап қойғанмын.
Сұрақ:- 25 наурыз 20... жылы Сіздер төрт адам болып Қызылорда ішкі істер басқармасы бастығының атына арыз жазып, Қызылорда арақ заводының директорына 30000 теңге пара беріп 300 жәшік арақ алғандарыңызды білдіргенсіздер, бұл арызды Сіздерге жаздыртқан Қызылордадан барған қаржы полициясының қызметкерлері емес пе?
Жауап:- 25 наурыз күні таңертең Тынымкүл жеңгемді Жетісайдың милициясына шақырып кетті. Содан ол кісі түсте қайтып келіп бізге Қызылордадан менің алып келген 300 жәшік арағым туралы сұрағандықтарын, Қызылорданың облыстық милициясынан екі қаржы полиция қызметкерлерінің келгендігін айтты, бірақ арақты ақша беріп алғанымызды айтқаным жоқ деді. Содан «түстен кейін төртеуімізді милицияға шақырып жатыр, не істейміз, одан да өзіміз арыз жазып болған жағдайды білдірсек қайтеді?- деп бәріміз ақылдасып, шындығын айтып арыз жазып түстен кейін Жетісайдың милициясында отырған қаржы полиция қызметкерлеріне тапсырдық. Бұл арызды біз өз еркімізбен жаздық, ешкім ақыл-кеңес берген жоқ.
Сұрақ:- Сіздің «Арақ заводының директоры Әлиевке 30000 теңге пара беріп 300 жәшік арақ алдым» деп көрсеткеніңіз рас па?
Жауап:- Менің 300 жәшік арақ алуға Әлиевке 30000 теңге пара бергенім рас.
Бейне таспаны көріп шықтым, бәрі дұрыс. Қосымша айтар ескертпем жоқ.
Хаттама дұрыс жазылған, оқып шықтым.
Куә: К. Ергешова
ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция лейтенанты: М.Махшатов
Сезіктіден жауап алу
ХАТТАМАСЫ
Қызылорда қаласы 29 сәуір20... жыл
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция лейтенанты М.Махшатов. Кызылорда ішкі істер бөлімінде, КР КІЖК-нің 216, 218 баптарының талаптарын сақтай отырып, сезікті ретінде төменде аталған кісіден жауап алдым.
ҚР КІЖК-нің 219-2 бабына сәйкес сезікті Нүкеровке оның жауабы "Топаз" Д-202 диктофонымен таспаға жазылатындығы ескертіліп, келісімі сұралды.
Сезікті Нүкеров өзінің жауабын магнит таспасына жазуға қарсы еместігін білдірді. Сонымен қатар сезікті Нүкеровке ҚР ҚІЖК-нің 103 бабына сәйкес тергеушінің әрекеті жөнінде шағым беруге, түсінік беруге, тілектер қоюға кұқылы екендігі түсіндірілді.
Сезікті: Н.Нүкеров
Сезікті Нүкеровтың жауабы: - Осы 20... жылдың ақпан айының орта шенінде, қазір нақты қай күні екені есімде жоқ, Канимех аудандық тұтынушылар қоғамында құрылыс материалдарының экспедиторы болып жұмыс істейтін Садықов Шаймерден кездесіп маған: "Саған арақ керек пе? деп сұрады, мен оған: "арақты қайдан алып бересің?" деп едім Шаймерден маған: "Кызылорда арақ заводының директорын танимын, -содан алып беремін, бірақ сен әр жәшіктің үстіне 1000теңге ақша бересің, соған көнсең ғана алып беремін, өзіңмен бірге ыдысыңды алып барасың, мен жақында Сібір жаққа ағаш алуға барамын, егер баратын болсаң хабарласарсың"- деді. Содан мен аудандық тұтынушылар қоғамының бас бухгалтері Елеубеков Зейнетбекке жолығып: Шаймерден Кызылорда арақ заводынан арақ алып беруге көмектесемін деп тұр, соған рұқсат болса барып қайтсам қайтеді",- дедім. Бірақ Елеубековке Шаймерденнің ақшаға арақ алып беретінін айтқаным жоқ. Елеубеков маған: "Шаймерденнің қолынан арақ алып беру келетін болса барып қайт, бір жағынан жоспардың орындалуына да жақсы болар еді"-деді.
20 ақпан күні Канимехтегі кооператив "Тұлпардың" бастығы Асқаров Астанаға жолығып: "Қызылорда арақ заводына барып қайтайық",- дедім, Астана келісті. Сонымен, 21 ақпан күні Навои қаласындағы жәшік жөндеу заводының директоры Гуламов Кұдыретке барып Кызылордаға араққа баруға 500 жәшік бос бөтелке алатын болдым. 22 ақпан күні Асқаров Астананың баласы Болаттың "КамАЗ" маркалы 354 НВН нөмірлі автомашинасымен Навои қаласына барып 500 жәшік бос бөтелке тиеп қайттық. Сол күні түстен кейін Қанимехке қайтып келіп бас бухгалтер Елеубеков Зейнетбекке жәшікпен бос ыдыс тиеп келгенімді айтып, жолсапар куәлігі мен сенім қағаз сұрадым. Елеубеков екеуміз тұтынушылар одағының төрағасы Сегізбаевқа кіріп, менің Қызылордаға араққа баратынымды айтып, іс қағаздарына қол қойдыртып алдық. Сол жерде Садықов Шаймерденді кездестіріп, ертеңіне 23 ақпан күні ерте жолға шығатын болдық, мені Алибаев Зайнадин үйінен алып кететін болды.
Содан 23 ақпан күні таңертеңгі сағат 07.00-лердің шамасында біздің үйге Алибаев Зайнадин келіп, мені машинамен алып кетті. Алибаев екеуміз Асқаров Астананы ертіп алып, Садықов Шаймерденнің үйіне келдік, Шаймерден Астананың машинасына отырды, олардың жанында Астананың баласы Болат болды. Астана мен Шаймердендерге: "Сараштың үйіне соғып, ақша алып кетейік"- деген соң екі машинамен Ахунбабаев көшесіндегі Алдажарова Сараштың үйінің жанына барып тоқтадық, Асқаров Астана қасында баласы Болат, Садықов Шаймерден бар "Техника" магазинінің жанында қалып қойды. Мен Сараштың үйіне Алибаевтың машинасымен барғанмын. Сонымен Сараштың үйіне кіріп, оның өзінен 50000 (елу мың) теңге ақша алып шықтым. Сараштың үйінен ақшаны алып, автостанцияның қасындағы құбырдан су алып жатырғанда Шаймерден менен "ақшан дайын ба?" деп сұрады.
Қызылорда облысының «Бейбітшілік» атындағы кеңшарындағы Шаймерденнің туысы Қалдан деген жігіттің үйіне 24 ақпан түнгі сағат 02.30-дардың кезінде келіп қондық. 24 ақпан күні күндіз «Абай» кеңшарында тұратын Асқаров Астананың туысының үйіне келіп тамақтанып, кешкілік қайтадан «Бейбітшілік»атындагы кеңшардағы Қалданның үйіне қондық. 25 ақпан күні үй егесі Қалдан бізге еріп Қызылордаға жүрді, сонымен таңертеңгі сағат 08.30. шамасында арақ заводының қасына келіп тоқтадық. Шаймерден машинадан түсіп, жалғыз өзі заводтың кеңсесіне кетті. Арада 15-20 минут уақыт өткенде Шаймерден қайтып келіп: "шаруаң бітетін болды, машинадағы жәшік пен бос ыдыстарды түсіре беріңдер"- деді. Біз Асқаров Астананың машинасындағы бос ыдыстарды қоймаға өткізуге заводтың қорасына кіріп кеттік. Зайнадин машинасымен сыртта қалып қойды. Біз бос бөтелкелерді өткізіп жатырғанда Шаймерден мен Қалдан екеуі бір жаққа жұмыстарымен кетіп қалды, олар маған қайда баратындықтарын айтқан жоқ. Біздің 500 жәшіктен 128 дана бөтелке сынған екен, сонымен түске дейін өткізіп болдық.
Түстен кейін І4.00-дердің шамасында Қалдан мен Шаймерден қайтып келді. Шаймерден менен сенім қағазды алып кеңсеге екеуміз бірдей кіріп, екінші қабатқа көтерілдік. Шаймерден маған: «сен күте тұр» деп өзі дәлізбен барды да оң жақтағы есікке кіріп кетті, сөйтіп көп ұзамай қайтып шықты. Директор сенім қағазға "500 жәшік арақ босатылсын",- деп қол қойып беріпті. Содан машинаны дайын өнім қоймасының қасына апарып,, арақ тиеуге дайындалып жатырғанда, Шаймерден маған: ақшаңды бер",- деген соң Асқаров Астананың, машинасының кабинасында жатқан көк түсті полиэтилен сумкадан газетке ораулы түрған 50000 (елу мың) сом ақшаны алып бердім, Шаймерден ақшаны алып кетіп қалды. Арада аз ғана уақыт өткенде Шаймерден қайтып келіп, бізге арақ тиеуге көмектесті. Арақты машинаға тиеп болуға жақындағанда Шаймерден маған: "директоры кетіп қалады",- деп кеңсеге барып накладной бастырып, оған директорға қол қойдырып келді, сөйтіп маған: "бас бухгалтерге өзің барып қол қойдырып кел",- деді. Машинаға тиеліп жатырған арақты мен өзім санап қабылдап алып
тұрғанмын, соңғы 10 жәшікті картон қораппен берді. Мен қоймашыға: "бізге алыс жолға мына картон қораптар жарамайды ғой",-деп едім, қоймашы маған: "сен главбухқа барып жолық",- деді. Кеңсенің екінші қабатындағы бас бухгалтердің кабинетіне кіріп: "біз 500 жәшік арақ алуымыз керек еді, 480 жәшік арақ берді, калған 10 жәшіктің орнына картон қораптар берді дедім. Бас бухгалтер маған: "Мен Бекбауов Сайлау деген боламын, қоймадағы жігіттерге айтқан мен едім, мына жігіттер той жасайтын болып тұр, ақшасына 10 қораптағы арақты бер деді, мен кіргенде кабинетінде отырған жігітке. Бекбауов маған тағы да: «сендерде не зат бар, шай бар ма?»- деп сұрады. 0л кезде біздің аудандық тұтынушылар қоғамында шай болатын, себебі алдында 6 тонна шай келгенді. Сол жерде Бекбауов накладнойларға қол қойып берді. Ал жаңағы 10 қорап арақ алатын жігіт маған Бекбауовтың кабинетінде 20000 теңге ақша берді. Сонымен сағат І7.00-дерден өте арақты тиеп заводтың қорасынан шыққаннан кейін, заводқа жақын жерде тұратын Шаймерденнің туысының үйіне бардық. Жаңағы үйдің жанына дейін біздің соңымыздан қызыл түсті "Жигули" машинасымен Бекбауовтың айтқан жігіттері еріп барып біздің машинадан 10 қорап арақтарын алып кетті, ол машинаның нөмірі есімде жоқ, өздерін танымаймын. Біз - Шаймерден, Астана, оның баласы Болат, Қалдан, Зайнадин - бәріміз Шаймерденнің туысының үйіне кіріп тамақтандық, үй егесі мас екен. Тамақтанып болған соң жүруге сыртқа шыққанда Шаймерден менен арақ сұрады, мен «он бес бөтелке жарай ма?» - деп сұрап едім, ол маған: «жоқ 2 жәшік бересің, арақ алып берген ақыма» - деді. Содан мен оған 2 жәшік арақ бердім. 0л шешемнің үйіне соғамын деп кетіп қалды, бұл екі жәшік арақтың ақшасын Шаймерден маған берген жоқ. Шаймерден кетіп бара жатып маған: "Менің есебімнен Калданға 2 жәшік арақ тастап кетесің"- деді.
25-нен 26 ақпанға қараған түні «Бейбтшілік» атындағы кеңшардағы Калданның үйіне қонып шықтық, 26 ақпан күні Астана машина жөндеді. Содан 27 ақпан күні түстен кейін жолға шығып кетіп, 28 ақпаннан 29 ақпанға қараған түні Канимехке келіп жеттік. Шаймерденнің айтуы бойынша Қалданға екі жәшік "Русская водка" арағын тастап кеттім. .
Сұрақ: -Сіздің Алдамарова Бибісарадан 50000 /елу мың/ қарызға алған ақшаларыңыздың купюралары қандай?
Жауап: - Менің Алдажаровадан алған ақшаларымның ішінде 5000 теңгеліктен 8 дана, 1000 теңгеліктен 10 дана, тағы да 500 теңгеліктен 20 дана болды.
Сұрақ: - Сіздің 50000 теңге ақша алып келе жатырғанынызды кімдер білетін еді, Кызылордаға келе жатырғанда кімнің машинасында болдыңыз?
Жауап: -Менің арақ алуға 50000 теңге ақша алып келе жатырғанымды Алибаев Зайнадин, Асқаров Астана, оның баласы Болат, Шаймердендер біледі. Кызылордаға жеткенде Алибаевтың машинасында болдым.
Сұрақ: - Сіздің 50000 теңге ақшаны Садықов Шаймерденге бергеніңіз рас па, ақшаны бергеніңді көрген адамдар бар ма?
Жауап: - Шаймерден заводтың директорының кабинетіне кіріп сенім қағазға қол қойдыртып шыққаннан кейін, біз қоймадан барып арақ тиеуге дайындалып жатырғанда Шаймерден келіп, ақшаны алып кетті, бұл уақытта Астана мен оның баласы Болат машинасының бортын ашып, арақ тиеуге дайындалып жатырған, ал Зайнадин Елібай сыртта машинада, ал Қалданның қайда болғанын білмедім, Шаймерденге ақшаны бергенімді біреулер көрді деп айта алмаймын, бірақ нақты. Шаймерденге бергенім рас.
Сұрақ: - Сіз өзіңіздің 500 жәшік арақ алу үшін Қызылорда арақ заводының директоры Әлиевке арнап делдал Садықов Шаймерден арқылы 50000 теңге бергеніңізді біліп отырсыз ба?
Жауап: - Мен өзімнің 500 жәшік арақ алу үшін берген 50000 акшаның пара екендігін білемін.
Сұрақ: - Садықов Сізден алған 50000 теңге берген, не бермегендігі туралы әңгіме айтқан жоқ, егер болса қашан, қай жерде?
Жауап: - Біз заводтың ішінде машинаға арақ тиеп жатырғанда ақшаны алып кеткен Шаймерден қайтып келіп маған: "ақшаны беріп келдім",- деді.
Сұрақ: - Жауабыңызға қосатыныңыз бар ма?
Жауап: - Жауабыма басқа қосарым жоқ.
Сұрақ: - Сіз өзіңіздің магнит таспасына жазылған жауабыңызды тыңдап шықтыңыз, дұрыс жазылған ба, талап-тілегіңіз бар ма?
Жауап: - Жауабымды өзім тыңдап шықтым, дұрыс жазылған, талап-тілегім жоқ.
Сезікті Нүкеров Назарымбеттің жауабын "Топаз Д-22" маркалы диктафонына жазу 16 сағат 15 минутта басталып, 17 сағат 05 минутта аяқталды.
Хаттама дұрыс жазылған, оқып шықтым.
Сезікті: Н.Нүкеров
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі: М.Махшатов
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
23 09 2014
3 стр.
17 12 2014
1 стр.
Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б
17 12 2014
1 стр.
Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі
29 09 2014
4 стр.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5- сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру
14 09 2014
1 стр.
Мағынасы: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммадқа пайғамбар ретінде разымын!»2
25 12 2014
1 стр.
01 10 2014
6 стр.