Перейти на главную страницу
1.Кешкі сағат он шамасында студент С. Сорокинаға көшеде келе жатқан екі ер азамат пышақпен қорқытып, сөмкесін алып, қолындағы сағатын және көк түсті тасы бар сақинасын шешіп алды.
С. Сорокина тез арада полиция бөлімшесіне хабарласты. Тонаушылардың бірі ұзын бойлы, арық, ұзын мұрынды, құлақшыны бар мақталы куртка киген, ал екіншісі орта бойлы, домалақ бетті, пальтосы және кепкасы болған. Кешкі сағат он бірлер шамасында полиция қызметкерлері көшеден С. Сорокинаның мәліметтеріне сәйкес келетін екі ер адамды ұстады. Олардың бірінен көк түсті тасы бар сақина алынды.
Нақты тергеу әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?Тануға кандай объектілер жатады? Жауап алудың мақсаты неде?Тану тергеу әрекетінің әрқайсысын қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, дублер-объектілер қандай болу керек, тергеу әрекетінің жоспары, қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар)? Тану үшін көрсетудің жұмыс кезеңінің барысы қандай?Тергеу әрекетінің нәтижелерін қалай бекіту керек?
2. 16-қаңтар күні күндізгі сағат 15 шамасында Актөбе қаласының дұрыс жарықтандырылмаған көшелерінің бірінде өз мекемесінің қызметкерлеріне жалақы алып жаяу және күзетшісіз келе жатқан кассир С. Седельниковке қарақшылық әрекеті жасалды.
С. Седельниковтің баяндауы бойынша қылмыскерлер үшеу болған, барлығы орта бойлы және пальто мен шапка киген. С. Седельников олардың сыртқы бейне белгілерін байқамаған. Қылмыскерлер С. Седельниковтың портфелін жұлып алып, ішінен ақшаларды ала бастаған. С. Седельников осы жағдайды пайдаланып, көмек сұрап, айқайлап қашқан. Тонаушылар оны қуа бастаған, олардың біреуі дауысын көтеріп: «тезірек, тезірек оны ұстаңдар, әйтпесе қашып кетеді» деп айқайлаған дауысын естіген С. Седельников оның «р» әрпін кекештеніп айтқанын аңғарған.
Келесі күні полиция қызметкерлері ресторанда орта бойлы, кассирді тонағанын айтып отырған және қатты кекештеніп сөйлейтін бір адамды ұстады.
Нақты тергеу әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?Тануға кандай объектілер жатады? Жауап алудың мақсаты неде?Тану тергеу әрекетінің әрқайсысын қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, дублер-объектілер қандай болу керек, тергеу әрекетінің жоспары, қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар)? Тану үшін көрсетудің жұмыс кезеңінің барысы қандай?Тергеу әрекетінің нәтижелерін қалай бекіту керек?
3. Орта жастағы ер адамның мәйітін тану мақсатында тергеуші-стажер мәйітханада мәйітке ұқсас жас шамасындағы және дене бітімдегі басқа үш мәйіт арасында көрсетілуін бұйырды. Осылайша тергеуші-стажер осы тергеу әрекеті қорытындысының ақиқаттылығын жоғарылатуға үміттенді.
Тергеуші-стажердің әрекеті дұрыс па?
Ұсынылытын СОӨЖ тақырыптары:
Тану үшін жүргізілген күні. Тану үшін жүргізілген жердің атауы. Тану үшін жүргізген лауазымды тұлғаның (аты-жөні, тегі, қызметі, жұмыс орны, шендік атағы немесе әскери шені) тану үшін жүргізілген ҚІЖК-нің бабына сәйкес сілтеме беру.
Тану үшін тануға қатысушы тұлғалар: куәгерлер( аты-жөні,тегі, мекен-жайы); танушы адам (тегі, аты-жөнімен көрсетілген, кімнің іске қатыстылығы мақсатында); тану объектісі ( егер тірі адам көрсетілген болса, яғни оның тегі, аты-жөні, негізгі сыртқы келбеті, киіміне қысқаша мінездемесі іс бойынша өтетін, егер мәйіт танылатын болса, яғни оның жынысын, орта жасын, сыртқы келбетінің ерекшеліктері,киімі, кайда және қашан табылғаны көрсетіледі, егер бөлігі немесе мәйіттің бөлігі болса, онда олардың аты және айрықша белгілерінің ерекшеліктері беріледі, қайда және қашан табылғаны көрсетіледі; Егер зат оның негізгі белгілерін көрсетсе; Егер жануар болса онда оның түрі,жасы, айрықша ерекшеліктері т.б); дублерлер: (тегі, аты-жөні, мекен-жайы, жалпы сыртқы келбеті, киіміне қысқаша сипаттама); кескінделетін заттың негізгі белгілері.
Тану үшін қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
Тану үшін жүргізілетін қылмыстық істін жағдайы мен атауы.
Тану қай уақытта, ауа-райының қандай жағдайында, қай жерде жүргізілді.
Тану объектісінің орналасқан жерін, сондай-ақ тану үшін жүргізілген кезеңдегі дублердің басқада әрекеттерін сипаттау.
Танушыға (егер ол іске қатысты куә болса) жалған мәліметтер берген үшін жауапкершілік пен берген көрсеткішінен бас тарту құқықтары ескертіледі
Танитың объектісінің негізінде танитын белгілердің нұсқауымен толық көрсеткіштер жазбасы.
Тану нәтижелерін фотосуретке түсірудің техникалық сипаттамасы.
Тану үшін қатысушы тұлғалардың арызы мен қолы.
Хаттама
Тану үшін көрсету туралы
10 маусым 1998ж. Семей қаласы
Семей қаласының ІІД тергеу бөлімінің аға-тергеушісі капитан полициясы Н.Н. Караваев өзінің қызметтік бөлмесінде ҚІЖК-нің 228 бабын сақтай отырып, куәгерлер ретінде: Семей қаласы, Жуковский көшесі 5-ші үйдің, 4-ші пәтер тұрғыны М.Ф. Ладынин мен 8-ші пәтер тұрғыны А.Н. Тютюшинаның қатысуымен Федулов Иван Иавновичті А.С. Генкинке тану үшін көрсетті. Дублер ретінде: 1. Завертаев Петр Иванович, 1970 ж туылған; 2. Петровский Виктор Гордеевич, 1969 жылы туылған қатысты.
Тану үшін көрсету табиғи жарық жерде жүргізілді. Федулов Иван Иавнович 1969 жылы туылған, қара шашты, бойы 176 см, жағасы қайырылған ақ көйлек, шалбары тұйық-көк түсті және аяқ киімі қара түсті, киінген; Завертаев Петр Иванович, қоңыр-қара шашты бойы 178см, ақ көйлек, қара шалбар, қоңыр етік, киінген. Петровский Виктор Гордеевич, қара шашты, бойы 176 см, боз-сары көйлек, қара шалбар, және қара етік киінген. Федулов, Заветаев және Петровский қабырға бойымен тұрды. Танушы азамат Генкиннің аты, тегі аталып, шақырылды.
Генкинге жалған мәліметтер берген үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді. Қалған қатысушыларға құқықтары мен бостандықтары түсіндірілді. Генкин көрсетілген тұлғалардың ішінде Петровский Виктор Гордеевичты нұсқады және көрсетті: «бұл адам менің үйіме бір-ақ рет келген емес, менің қызым студент- Генкин Майидің жақсы танысы, бірақ өзін қалалық су-құбырының инженері Павловский Витольд, деп таныстырды». Бұл адамның бойынан, қара бұйра шашынан, қысынқы көзінен, маңдайдың қасқа дейінгі аралығы жоғары, дөңес мұрынды, еріннің жоғарғы жағындағы тыртығы, сол қолының шынашағының болмауымен танимын.
Сондай-ақ бұл адамның киіміндегі жамалған шалбары мен сол балағындағы қайырылған жамау ерекшелігі бойынша танимын. Тану аяқталысымен қабырғаға бойлап тұрған, яғни Генкинге көрсетілген барлық танылушылардың бет-пішімі, фотосуретке түсірілді.
Солдан оңға карай: Федулов И.И., Завертаев П.Н., Петровский В.Г.
Оң жағындағы үшіншісі Петровский өзі шықты.
Куәгерлер мен қатысушылардан арыз түскен жоқ.
Төмендегілерді ескеріп, тану туралы хаттама толтырылды.
Танушы: Генкин
Танылған: Петровский
Куәгерлер: Ладынин, Тютюшин
Дублер: Федулов, Завертаев
Тергеуші: Караваев.
Хаттама
Тану үшін көрсету туралы
Алматы облысы 9 қыркүйек 1998ж.
Алматы облысы тергеушісі, 3-ші дәрежелі заңгер Исеноманов Б.А.,
Ағымдағы жылдың 9-шы шілдедегі жоғалу туралы Азаматша Диванова Вера Сергевнаның арызын қабылдады. Оның күйеуі Диванов Игнатия Александрович, 46жаста және ескере отырып, п. Шұбарқұдықтан 15км жерде ер адамның мәйіті табылды. Аталған белгілері мен киімдері, Диванова В.С-нің 9-ші қырқүйектегі жауабында сипаттаған, жоғалынған киімдері мен белгілеріне ұқсас (бет әлпетінің дұрыстығы,шашы ақшыл-сарылау,ұзын бойлы, дене бітімі арықша, иегінде мені,сол қырында жұлдызша тыртығы) бар. 16 сағат 30минутта Совхоз ауруханасының мәйітханасында ҚІЖК-нің 228-бабының талаптарын сақтай отырып, Шұбарқұдық поселкасы, Абай көшесі 3-ші үйдің тұрғыны Шакенов Исмағұл, Абай көшесі 5-ші үйдің тұрғыны Гизатов Шахир Ахметжанович, куәгерлерді қатыстырып: Шұбарқұдық ауданында табылған, белгісіз ер адамның мәйітін Диванова Вера Сергеевнаға көрсетті.
Танылған мәйіт секциондық столдың үстінде киімсіз және ақжайылмамен жабулы жатты. Тану алдында тергеуші мен аурухана хирургі мәйітті (бетін жуды, шашын тарады, көзін мақталы шариктің көмегімен ашты, төменгі салбыраңқы жақты байлады) жуды. Мәйттің маңындағы орындықтың үстінде оның киімдері жайылып қойылды: пиджагі, шалбары, ішкиімі, көйлегі, нәскиі, аяқ-киімі.
Жалған мәлімет беру туралы азаматша Диванованы қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. Барлық қатысушыларға олардың құқықтары мен бостандықтары түсіндірілді.
Көрсетілген мәйттің түрі мен денесі, сондай-ақ оның киімдерін қарап, азаматша Диванова мәлімдеді: “Маған көрсетілген мәйіт, мен өзімнің күйеуім Диванов Игнатия Александрович. Оның бет-әлпеті бойынша, ақшыл-сары шаштары, ұзын бойы, арықша денелі және ерекше белгілері бойынша: иегіндегі мені, жамбас сүйегінің жоғарғы сол жағындағы жарықшақты жарақатынан қалған жұлдыз тәріздес пішінді тыртығынан танимын ”
Мен танимын маған көрсетілген киімдерімен, сондай-ақ төмендегі көрсетілген белгілер бойынша күйеуім үйден шығып кеткен:
Куәгерлерден шағым түспеді.
Аталғандарды ескере отырып, осы хаттама толтырылды.
Танушы: Диванова А.А.
Куәгерлер: Шакенов А.А., Гизатов А.А..
Тергеуші: Исеноманов А.А.
1. Марат Еркебұлан Маратұлы 1988 ж.т., мекен жайы: Алматы қаласы Салтыкова №12/3 пәтер;
2. Турлыбеков Дастан Бакытұлы 1987 ж.т. мекен-жайы: Алматы қаласы Жандосов көшесі 124 үй тұрғыны қатынасуымен қылмыстық іс бойынша сезікті Исжанов Данабек Сейдуллаевич өз еркімен оқиға болған жерді көрсету туралы ерік білдірген соң осы тергеу әрекетін жүргіздім.
______________________Исжанов Д.
Және де, сарапшы маман Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық тексеру басқармасының сарапшы криминалисі __________________________ қатынасуымен жүргізілді.
Тергеу әрекеті басталмас бұрын айғақтарға ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Куәгерлер: 1.
2.
Сонымен қатар маманға ҚР ҚІЖК-нің 83-бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттері және оның жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. ________________________/______________________/
Оқиға болған жерде көрсетпелерді тексеру мен нақтылау тергеу әрекеті кезінде мына төмендегі жағдайлар анықталы: Алдымен сезікті Исжанов Д. өзінің 2008 жылы қазан айының 27-нан 28-на қараған түні Алматы қаласының Саин көшесі мен Райымбек көшелерінің қилысындағы жанар май бекетіне қарақшылық жасағанын толығымен айғақтардың көзінше мойындап, қылмыстың қалай жасағанын өз еркімен көрсетуге тілек білідіріп, Алматы қалалық ішкі істер департаменті ғимараты алдынан «Газель» маркалы қызметтік автокөлікке отырып, Масаншы көшесімен Райымбек көшесі мен Саин көшесінің қилысына қарай жүруін сұрады. Аталған көшелердің қилысына келген уақытта Райымбек көшесінің бойындағы үлкен көпірден өтіп барып Райымбек көшесінің оң жағында «АР Мұнай» жанармай бекетінің қасына барып машинаның тоқтауын сұрады. Осы жерден машинадан түсіп «Ар мұнай» жанар май бекетінің артқы жағындағы есігін көрсетіп осы есіктен ішіне кіріп, ішінде отырған екі күзетшіні және оператор қызды өздерімен бірге алып барған ойыншық қарумен қорқытып сол жерде 8500 тенге ақшаны және сол жерден күзетшінің дубинкасын тартып алып кеткені туралы айтып көрсетті. Сонымен қатар жанармай бекетінің ішінен шығып Райымбек көшесімен жоғарлап кетіп қалғандарын көрсетті.
Тергеу әрекетін жүргізу кезінде тергеу әрекеттері «канон» фотоаппаратына сүретке түсірілді.
Хаттама дауыстап оқылды дұрыс жазылды, қатынасушылардан шағым арыз талап тілектер түскен жоқ.
Айғақтар: 1. Марат Е.
Қорғаушы: Аукенбаев А
Тергеуші: Ахметов Н.
Х А Т Т А М А
оқиға болған жерде көрсетпелерді тексеру мен нақтылау туралы
15 қараша 2010 ж. Алматы қаласы
сағат 17;40 минут баст.19 сағат 35 минутта аяқталды.
Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасының аға тергеушісі, полиция майоры Ахметов Н., Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 203, 238-баптарының талаптарына сәйкес, төменде аттары аталған айғақтардың қатынасуымен:
1. Ешинкулов Азамат Нургалиевич 03.04.1988 ж.т., мекен жайы: Алматы қаласы Тастақ ы/а, № 58/56 пәтер;
2. Кошитов Андрей Владимирович 09.11.1987 ж.т. мекен-жайы: Алматы қаласы Тулебаева көшесі 26 И үй тұрғыны қатынасуымен қылмыстық іс бойынша айыпкер Кудыров Данабек Сейдуллаевич өз еркімен оқиға болған жерді көрсету туралы ерік білдірген соң осы тергеу әрекетін қорғаушысы Журқабаев А. жүргіздім.
______________________Исжанов Д.
Және де, сарапшы маман Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық тексеру басқармасының сарапшы криминалисі __________________________ қатынасуымен жүргізілді.
Тергеу әрекеті басталмас бұрын айғақтарға ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Куәгерлер: 1. Ешенкулов А.
2. Кошитов А.
Сонымен қатар маманға ҚР ҚІЖК-нің 83-бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттері және оның жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. ________________________/______________________/
Оқиға болған жерде көрсетпелерді тексеру мен нақтылау тергеу әрекеті кезінде мына төмендегі жағдайлар анықталы: айыпкер
Хаттама дауыстап оқылды дұрыс жазылды, қатынасушылардан шағым арыз талап тілектер түскен жоқ.
Қорғаушы: Аукенбаев А.
Қатысқан; Чокпаров А.
Тергеуші: Ахметов Н.
Тану үшін көрсетуге болмайтын объектілер:
Қандай заттар тану үшін көрсетуге жатпайды:
Тану үшін көрсетуге дайындық жұмысын жүргізуге кірмейді:
Қандай белгілер бойынша тану жүргізу мүмкін емес:
Тірі адамды тану үшін көрсету кезінде төмендегілердің қайсысын қолдануға болмайды:
Тану үшін көрсетудің тактикасына және процесуалдық ережесіне жатпайды:
Тану үшін көрсетудің процесуалдық ережесі:
Тануға ұсыну тергеу әрекетінің мәні неде:
Танудың негізіне кіретін анатомиялық белгілер:
Мына объектілердің қайсысын тану үшін біреуін ғана ұсынады:
Тану үшін көрсететін адамның сыртқы келбетін қалпына келтіру үшін тану үшін көрсетуге дайындық кезеңінде жүзеге асыру мүмкін бе:
Тану үшін көрсету қандай нысанда жүзеге асырылмайды:
Сыртқы келбеті бойынша таныту нәтижесіне қандай фактор әсер етуі мүмкін:
Сыртқы келбеті бойынша танудың нәтижесіне әсер етпейді:
Тану үшін көрсету кезінде идентификацияны жүзеге асырады:
Тану үшін көрсету кезінде идентификацияны жүзеге асырады:
Тану үшін көрсету кезінде идентификацияны жүзеге асырады:
Дауыс арқылы тану үшін көрсетудің дайындық сатысына кірмейді:
Дауыс арқылы тану үшін көрсетудің дайындық сатысына кірмейді:
Тану үшін көрсетудің жұмыс сатысына кіреді:
Тану үшін көрсетудің жұмыс сатысына кіреді:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасына кірмейді:
Іс үшін маңызы бар мән - жайларды тексеру және нақтылау мақсатымен жүргізілетін тәжірибелер қандай тергеу әрекетін құрайды:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексерудің мақсаты:
Айғақты оқиға болған жерде тексеру тактикасына кірмейді:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау:
Айғақты оқиға болған жерде тексеру тактикасына кірмейді:
Айғақты оқиға болған жерде тексеру қорытындысының дұрыстығын жоққа шығаратын жағдай:
Жәбірленуші мен куәлардың айғақтарын қайта жаңғырту кезінде қолданылмайтын әдіс-тәсіл:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың оқиға болған жерді тексеруден айырмашылығы:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың жауап алудан айырмашылығы:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және оқиға болған жерді тексеру арасындағы ұқсастық:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және жауап алу арасындағы ұқсастық:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және тергеу эксперименті арасындағы ұқсастық:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың, оқиға болған жерді қараудан айырмашылығы:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың, оқиға болған жерді қараудан айырмашылығы:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың тактикалық тәртібі:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және тергеу эксперименті арасындағы айырмашылық:
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және оқиға болған жерде жауап алудың арасындағы айырмашылық:
Айыпталушы өзінің жауабын оқиға болған жерде тексеруге қатысудан бас тартты, тергеушінің дұрыс әрекеті:
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
23 09 2014
3 стр.
17 12 2014
1 стр.
Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б
17 12 2014
1 стр.
Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі
29 09 2014
4 стр.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5- сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру
14 09 2014
1 стр.
Мағынасы: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммадқа пайғамбар ретінде разымын!»2
25 12 2014
1 стр.
01 10 2014
6 стр.