Перейти на главную страницу
№ исх: 1230 от: 22.09.2012 |
Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
және қадағалау объектілеріне ветеринариялық
құжаттарды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның комитеті;
3) ветеринариялық құжаттар:
ветеринариялық-санитариялық қорытынды – республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) беретін, объектідердің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігін (сәйкес еместігін) белгілейтін құжат;
ветеринариялық сертификат – республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының ішінде және республиканың шегінен тыс (экспортқа) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге беретін, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін растайтын құжат;
ветеринариялық анықтама – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган бөлімшесі) ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ жануарлардың, жануардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері тиісті жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы құжат;
4) ветеринариялық бақылау бекеті – шекара және кеден пункттерінің (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі;
5) ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
7) ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк – жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың тағамдық қауiпсiздiгi, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң жай-күйi;
8) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
9) иесі – ветеринариялық құжаттар беруге жүгінген жеке және заңды тұлғалар;
10) рұқсаттар тізілімінен үзінді – рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы мәліметтерді қамтитын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне рұқсат беру туралы уәкілетті орган ведомствосының жазбаша хабарламасы;
11) жануарлар – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының барлық түрі, сондай-ақ құрлықта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндігі жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалары);
12) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіру бұйымдарын (құралдарын) пайдалану, таңбалау жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
14) партия – атауы бір, шығарылған күні бірдей, бір өндіруші бірдей жағдайларда өндірген (дайындаған) және (немесе) буып-түйген, бірдей жағдайларда сақталған, бір уақытта тапсыруға, тиеп-жөнелтуге, сатуға арналған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің біртекті мөлшерінің жиынтығы;
15) асыл тұқымдық куәлiк – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
16) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнім мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан іріктеп алынатын сынамалар, су, ауа, топырақ, өсімдіктер сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын барлық ыдыс түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
17) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан – әрі аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
18) өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.
3. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны, ветеринариялық сертификатты және ветеринариялық анықтаманы беру ақысыз түрде жүзеге асырылады, төлем сұратылған ветеринариялық құжаттың бланкісі үшін оның берілу кезіндегі нақты құны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен түскен қаржыны бюджет кірісіне аудару арқылы алынады (бұдан әрі – бланкі үшін төлем квитанциясы).
4. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық сертификат бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, ветеринариялық сертификат қажет болған кезде ағылшын тілінде беріледі.
Берілген ветеринариялық құжаттарды есепке алу қатаң есептілік құжаттарымен қатар жүргізіледі, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері мен түбіртектері 3 жыл ішінде сақталуы тиіс.
6. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны инспектор, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда береді.
7. Иесі ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін аумақтық бөлімшеге мыналарды көрсетіп, жазбаша түрде өтініш (еркін нысандағы өтініш) береді:
1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, объектінің орналасқан жері;
2) заңды тұлғалар үшін – атауы, БСН, обьектінің орналасқан жері, оның бейіні.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
3) бланкі үшін ақы төленгендігі туралы квитанция.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген толық емес құжаттар пакетi ұсынылған жағдайда иесіне өтініш жасалған күні жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.
Толық құжаттар пакетi ұсынылған жағдайда жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тіркеу жүргізіледі және иесіне тiркеу күні және нөмiрi қойылған өтiнiштiң көшiрмесi беріледі.
9. Өтініш қаралғаннан кейін инспектордың нұсқауы бойынша объектіге инспекторлық тексеру жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жіберіледі.
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
1) объектіні тексеруге дейін бір тәулік бұрын объектінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика органдарына хабарлайды;
2) обьектіні тексеруді жүзеге асырады;
3) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
4) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігін тексереді;
5) инспекциялау актісін жасайды және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге инспектордың, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді.
11. Инспектор, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор бір жұмыс күні ішінде:
1) мөрмен және қолымен рассталған объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігі туралы;
2) айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдармен бірге мөрмен және қолымен рассталған объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес келмеуі туралы қорытынды береді.
Бұзушылықтарды жойғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беріледі.
Обьектінің сәйкес келмеу себептері мыналар болып табылады:
1) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес келмеуі;
2) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша объектінің шыққан (орналасқан) жеріндегі эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы).
12. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.
13. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды екі данада жасалады, бір данасы иесіне немесе өкіліне беріледі, ал екінші данасы осы құжатты берген ұйымда сақталады.
3. Ветеринариялық сертификатты беру тәртібі
14. Инспектор орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін (бұдан әрі – тізім) бекітеді.
15. Инспектор, тізімдегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің әр партиясына ветеринариялық сертификат береді және ол объектіні межелі пунктіне дейін тасымалдау кезеңінде жарамды болады.
16. Ветеринариялық сертификат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
17. Ветеринариялық сертификат ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес аумақтарды аймақтарға бөлуді ескере отырып беріледі. Қолайсыз және буферлік аймақтан әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат берілмейді.
18. Жануарларды 5 басқа дейінгі санда тасымалдау кезінде олар туралы жазба жануардың атын және жеке нөмірін, сондай-ақ жынысын, тұқымын, жасын көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа енгізіледі.
Жануарларды 5 бастан жоғары санда тасымалдау кезінде ветеринариялық сертификатқа жоғарыда аталған сертификатты берген инспектордың, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың мөрімен және қолымен куәландырылған тізімдеме қоса беріледі.
19. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні Қазақстан Республикасының ішінде орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде иесі инспекторға, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға өтінініш берген күні ветеринариялық сертификат беріледі не жазбаша түрде дәлелді бас тартылады.
Иесі ветеринариялық сертификатты алу үшін инспекторға, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға орны аустырылатын (тасымалданатын) объектінің орнын ауыстыруды (тасымалдауды) болжамды бастау күніне дейін мыналарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен (еркін нысанда) өтінеді:
1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, мекен жайы, жануардың (балықтардан, аралардан, қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыру кезінде –жануардың жеке нөмірі;
2) заңды тұлғалар үшін – атауы, БСН, мекен жайы, ведомство берген өндіріс объектісінің есептік нөмірі, жануардың (балықтардан, аралардан, қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыру кезінде – жануардың жеке нөмірі;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті тасымалдау кезінде пайдалануы болжанған көлік түрі;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің жүріс маршруты;
7) орнын ауыстыру мақсаттары (тірі жануарлар үшін – өсіру және күтіп бағу, сату, етке сою; өнім мен шикізат үшін – өткізуге, қайта өңдеуге; жемшөп және жемшөп қоспалары үшін – ол арналған жануарлардың түрі);
8) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндірістік объектілерді және олардың есептік нөмірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункті.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – жануардың асыл тұқымдық куәлігін көшірмесі, ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтамасы;
2) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтамасы;
3) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – жүргізілген қажетті зертханалық зерттеулер туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актісі.
Инспектор, тізімдегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсынылған құжаттардың толықтығын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексереді, өтiнiштi жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркейді, ветеринариялық зертхананың немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің сараптама актісін зерделейді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіні тексеріп қарауды және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалауды жүргізеді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аңықталған кезінде мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық сертификат беріледі.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіге ветеринариялық сертификат беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттар сәйкес келмеуі;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің және көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) құжаттардың толық емес пакеті.
Межелі орнына келген орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер партиясын неғұрлым ұсақ партияларға бөлшектеген жағдайда инспектор, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жаңа иелеріне, бұрын берілген ветеринариялық сертификаттардың көшірмелерін береді, олар (парақтың артқы жағында) мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің және жаңа көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
2) көлік құралының нөмірі, оған қайта тиелген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің саны;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы және орналасқан жері, қайта тиелген күні.
Ветеринариялық сертификаттардың көшірмелері берген инспектордың, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың мөрімен және қолымен расталады.
Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасында қайта тиелген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілердің саны, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіні алушының атауы мен орналасқан жері туралы жазба жазылады, ол партияны бөлшектеуді жүргізген ұйымда сақталады, сондай-ақ журналда тіркеледі.
20. Кеден одағының аумағына Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 шешімімен бекітілген бірыңғай нысандағы ветеринариялық сертификаттар беріледі.
21. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіге ветеринариялық сертификат рұқсаттар тізілімінен көшірме болған кезде экспорттаушы елдің талаптарына сәйкес беріледі.
Иесі ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдауды бастағанға дейін үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде инспекторға, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға мыналарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен (еркін нысанда) өтінеді:
1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, мекенжайы, жануардың (балықтардан, аралардан, қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыру кезінде –жануардың жеке нөмірі;
2) заңды тұлғалар үшін – атауы, БСН, мекен жайы, уәкілетті орган ведомствосы берген өндіріс объектісінің есептік нөмірі, жануардың (балықтардан, аралардан, қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыру кезінде - жануардың жеке нөмірі;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің экспорттаушы елі және межелі пункті;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты кезінде пайдалануға болжанған көлік түрі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізуді жүзеге асыру болжанатын мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьекттінің жүріс маршруты;
8) экспорт мақсаттары (тірі жануарлар үшін – өсіру және күтіп бағу, сату, етке сою; өнім мен шикізат үшін – өткізуге, қайта өңдеуге; жемшөп және жемшөп қоспалары үшін – ол арналған жануарлардың түрі);
9) экспортқа рұқсаттың нөмірі, күні.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) асыл тұқымды жануарларды тасымалдау кезінде – жануардың асыл тұқымдық куәлігінің көшірмесі, ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтамасы;
2) жануарды тасымалдау кезінде – жануардың ветеринариялық паспорты немесе ветеринариялық анықтамасы;
3) жануарлардан алынған өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – жүргізілген қажетті зертханалық зерттеулер туралы ветеринариялық зертханалардың сараптама актісі.
Инспектор, тізімдегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсынылған құжаттардың толықтығын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексереді, өтiнiштi жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерің есепке алу журналында тіркейді, ветеринариялық зертхананың немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің сараптама актісін зерделейді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіні тексеріп қарауды және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалауды жургізеді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігі аңықталған кезде инспектордың, тізілімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық сертификат беріледі.
Экспортқа ветеринариялық сертификат өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ветеринариялық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы құжаттамалық, физикалық және, қажет болған кезде, зертханалық бақылау нәтижелері бойынша ветеринариялық сертификаттың бағанына тиісті мөртабан қояды.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіге ветеринариялық сертификат беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттар сәйкес келмеуі;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) рұқсаттар тізілімінен үзіндінің болмауы;
4) құжаттардың толық емес пакеті.
22. Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден келетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіге соңғы межелі пунктіне дейін бағанында «әкелуге рұқсат етілген» деген мөртабан қойылған экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты қолданылады.
23. Етке, тері-жүн шикізатына ветеринариялық сертификат мемлекеттік ветеринариялық зертхананың сараптама актісінің негізінде олар таңбаланғаннан кейін ғана беріледі.
24. Аудан, қала, облыс, республика шегіген тыс шығарылатын етте, тері-жүн шикізатында таңбаның айқын белгілері болмаса, оларды әкетуге берілген ветеринариялық сертификат жарамсыз болып есептеледі.
Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасының ішінде жарамды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктіне дейін, жануардан алынған сүтке берілген сәттен бастап бір ай ішінде жарамды. Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама жұқпалы ауру жойылғанға дейін алып қойылады.
26. Жануардың және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асыратын иесі жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан жері бойынша жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігеріне (бұдан әрі – ветеринариялық дәрігер) өтінеді.
Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық анықтаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен аттестатталған өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – аттестатталған ветеринариялық дәрігер) береді.
27. Ветеринариялық дәрігер, аттестатталған ветеринариялық дәрігер жануарды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарағаннан кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, сондай-ақ аумақтың өтіну сәтіндегі эпизоотиялық ахуалды бағалау негізінде мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық анықтаманы береді. Жануарды сою алаңында сойған жағдайда етті кейіннен таңбалай отырып, жануарды және оны сойю өнімдерін ветеринариялық тексеріп қарау жүргізіледі. Сойғаннан кейін соң жануардың терісіне жоғарғы оң жақ бұрышына жапсырма (суланбайтын материалдан жасалған) бекітіледі, онда жуылмайтын сиямен жануардың жеке нөмірі көрсетіледі.
28. Ветеринариялық дәрігер иесіне өтінген күні мынадай жағдайларда ветеринариялық аңықтама беруден жазбаша дәлелді бас тарту береді:
1) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан (орналасқан) жерінде жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы);
2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан (орналасқан) жерінде қолайсыз аймақтарды аңықтау;
3) жануардың жеке нөмірінің болмауы;
4) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.
29. Аттестатталған ветеринариялық дәрігер осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ветеринариялық анықтаманы бермейді.
30. Тері жүн былғары шикізатына ветеринариялық анықтама жануардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма болған кезде беріледі.
_______________
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына
1-қосымшасы
к Правилам выдачи ветеринарных
документов на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ТҮБІРТЕГІ № ___
КОРЕШОК ВЕТЕРИНАРНО-САНИТАРНОГО ЗАКЛЮЧЕНИЯ
____жылы / год «___»_________ _________ облысы / область ______ауданында берілді / в районе выдано
________________________________________________________________________
(жеке/ занды тұлғаның аты-жөні / Ф.И.О. физического/юридического лица)
Объектінің атауы, мекенжайы, есептік нөмірі, жануардың жеке нөмірі / Наименование, адрес, учетный номер объекта, индивидуальный номер животного________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін) ЖСН /ИИН (для физических лиц)__________________________
(заңды тұлғалар үшін) БСН /БИН (для юридических лиц)_________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ветеринариялық-санитариялық қорытындының қолданылу мерзімі:
Срок действия ветеринарно-санитарного заключения:____________________________
ветеринариялық- санитариялық инспектордың қызметі, аты-жөні, қолы
должность ветеринарно-санитарного инспектора, Ф.И.О., подпись
«___» __________ 201 __ ж. / г.
Қазақстан Республикасы / Республика Казахстан
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Государственный ветеринарно-санитарный контроль
облыс / область Нысан/Форма
_______________________________
аудан, қала / район, город
_____________________________________________________
қорытындыны берген мемлекеттік органның атауы/
наименование государственного органа, выдавшего заключение
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ – САНИТАРИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
ВЕТЕРИНАРНО-САНИТАРНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ
Жасалған жері / Место составления ___________________________________________
қала, аудан / город, район
Мен /Я, _________________________________________________тексердім / проверил
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың аты-жөні, лауазымы / Ф.И.О. государственного ветеринарно-санитарного инспектора, должность
__________________________________________________________________________
Объектінің атауы, есептік нөмірі және оның саласы / Наименование объекта, учетный номер и его профиль ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін) ЖСН /ИИН (для физических лиц)__________________________
(заңды тұлғалар үшін) БСН /БИН (для юридических лиц)_________________________
Мекенжайы, тұрған жері / Адрес, местонахождение _____________________________
Иесі немесе басшысы / Владелец или руководитель _____________________________
Ветеринариялық зертхананың сараптама актісінің (сынақ хаттамасы немесе сынақ есебі) немесе инспекциялау актісі № негізінде / На основании акта экспертизы ветеринарной лабратории (протокол испытания или результат испытания) или № акта инспектирования _________________________________________________________
Анықталғаны / Установлено ________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігі туралы қорытынды / Заключение о соответствии ветеринарным (ветеринарно-санитарным) правилам, установленным законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии ______________________________________________________________ __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсыныстар / Рекомендации: __________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ветеринариялық-санитариялық қорытындының бір данасын алдым / Один экземпляр ветеринарно-санитарного заключения получил ________________________________
иесінің немесе басшының қолы / подпись владельца или руководителя
М.П.
қолы / подпись аты-жөні / Ф.И.О.
«___» ___________ 201__ ж./г. _______________
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қадағалау нысандарына
ветеринариялық құжаттар беру
қағидаларына
2-қосымшасы
№ 1 нысандағы ветеринариялық сертификат берілетін орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің
2. Құстардың барлық түрі (үй құстары, жабайы, әсемдік).
3. Аралар, тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары.
4. Әсемдік жәндіктер, қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар және рептилдер.
5. Балықтар (оның ішінде әсемдік), құрбақалар, шаяндар, теңіз омыртқасыздары және басқа гидробионаттар, ұстауға және өсіруге арналған вина ұлулары.
6. Ұрықтандырылған уылдырық, эмбриондар, зиготалар, жануарлардың ұрықтары.
7. Инкубациялық жұмыртқа.
8. Балықтарға арналған тірі азықтар (соның ішінде гамарус,артемия салина).
№ 2 нысандағы ветеринариялық сертификат берілетін орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің
ТІЗБЕСІ
1. Үй жануарларынан, жабайы және теңіз жануарларынан және құстардан алынған және оның қайта өңдеу өнімдері (жартылай фабрикаттар), тағамға пайдалануға рұқсат берілген тұтас ет, тұтас еттің жартысы, төрттен бір бөлігі, блоктары.
2. Сойылған жануарлардың субөнімдері, шпик, қорытылмаған және қорытылған майлар, кептірілген және консервіленген қан және басқа да азық-түліктік мақсаттағы өнімдері.
3. Шикілей ысталған, қақталған, тұздалған, пісірілген пісіріліп- ысталған, жартылай ысталған ет өнімдері.
4. Тағамдық альбумин, іркілдек, казеин.
5. Сүт және сүт өнімдері.
6. Ет, балық, сүт консервілері.
7. Ара балы.
8. Балық, шаян тәріздес, басқа да гидробионаттар және тағамдың мақсатқа арналған оларды қайта өңдеу өнімдері.
9. Құстардың тауарлы жұмыртқасы, жұмыртқа ұнтағы және жұмыртқа меланжы.
№ 3 үлгідегі ветеринариялық сертификат берілетін орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің
2. Ішек шикізат.
3. Тағамға жатпайтын субөнімдер.
4. Өңделмеген мүйіз-тұяқ шикізаттары, оның ішінде сүйектер.
5. Тері және бағалы аң тері шикізаттары.
6. Қыл (түк, жүн, түбіт, қауырсын, қыл-қыбыр, түлеу).
7. Шел және тері шикізатының кесінділері.
8. Техникалық альбумин, казеин, және іркілдек.
9. Өт.
10. Балауыз, желімтік, мерва, бал ара сүт, араның уы.
12. Биологиялық өнеркәсіпке арналған шикізаттар.
13. Аңаулау олжасы.
14. Нақтийн, мұражайлық препараттар, коллекциялар және зоологиялық, анатомиялық, палеонтологиялық коллекциялық заттар.
15. Жануарлардан алынған жемжөптер.
16. Премикстер, жемшөптік қоспалар.
17. Жемшөпке арналған микробиологиялық синтез өнімдері.
18. Кеден одағы субъектілерінен тыс жерлерге келесі сатып алушының талабы бойынша немесе транзиттің (елдің) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық қызметтің талабы бойынша әкелінген басқа жемшөптер, оның ішінде өсімдіктерден алынған және үй жануарларына арналған жемшөптер.
19. Көң (құстардың саңғыты).
_______________
бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына
3-қосымша
Приложение 3
к Правилам выдачи ветеринарных
документов на объекты государственного
ветеринарно-санитарного контроля и надзора
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Ветеринария саласындағы
мемлекеттік уәкілетті
орган ведомствосының
рұқсаты №___________
20 ___жылғы «____» ____
Разрешение № ________
ведомства уполномоченного
государственного органа
в области ветеринарии
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан
от « __» _______ 201_ года
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СЕРТИФИКАТТЫҢ ТҮБІРТЕГІ № ___
КОРЕШОК ВЕТЕРИНАРНОГО СЕРТИФИКАТА
Жеке/ занды тұлғаның аты-жөні / Ф.И.О. физического/юридического лица_________________________________________________________________________
Объектінің атауы, мекенжайы, есептік нөмірі, жануардың жеке нөмірі / Наименование, адрес, учетный номер объекта, индивидуальный номер животного____________________
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін) ЖСН /ИИН (для физических лиц)_____________________________
(заңды тұлғалар үшін) БСН /БИН (для юридических лиц____________________________
_____________________________________________________________________________
ветеринариялық- санитариялық инспектордың қызметі, аты-жөні ,қолы
должность ветеринарно-санитарного инспектора, Ф.И.О., подпись
«___» __________ 201 __ ж. / г.
-------------------------------------------------------------------------------- қию сызығы / линия отреза
Қазақстан Республикасы
Республика Казахстан
Republic of Kazakhstan
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Министерство сельского хозяйства
Ministry of Agriculture
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері
Территориальные подразделения ведомства № 1 нысан
Territorial Office of the Authorized body’s sub-division
Форма № 1
_____________________________________
осы ветеринариялық сертификатты берген, мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы қызмет атқаратын
мемлекеттік органның атауы
наименование государственного органа на
службе которого состоит госветсанинспектор,
выдавший настоящий ветеринарный сертификат/
Name of public authority whose
State veterinary inspector had
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9 тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қ
25 12 2014
6 стр.
Ың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветер
16 12 2014
1 стр.
Азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге лицензия беруді Астана қаласы,
25 12 2014
1 стр.
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялы
11 10 2014
3 стр.
Ветеринариялық паспорт уәкілетті органмен белгіленген нысандағы, жануардың негізгі параметрі, жануарларды тіркеуге алу мен ветеринариялық шараларын жасау мақсатындағы өткізілген ве
09 10 2014
1 стр.
Санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне с
25 12 2014
6 стр.
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 18-2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
17 12 2014
3 стр.
Сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызмет стандарты
25 12 2014
1 стр.