Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚММУ Ф 4/3-04/01

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ортопедиялық стоматология курсы бар терапиялық стоматология кафедрасы


ДӘРІС
Тақырыбы: «Ортопедиялық стоматологиялық қабылдауда қолданылатын қазіргі кездегі жаңа жансыздандыру тәсілдері мен жансыздандыру заттары»


ОS 5307 «Ортопедиялық стоматология» пәні
051302 «Стоматология» мамандығы
5 курс

Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат



Қарағанды 2011 ж.

Курс отырысында бекітілген

«18»____02___2011ж. № __7_хаттама


Ортопедиялық стоматология курсына жауапты________________ Н.С.Асакаев

Тақырыбы: Ортопедиялық стоматологиялық қабылдауда қолданылатын қазіргі кездегі жаңа жансыздандыру тәсілдері мен жансыздандыру заттары

Дәріс мақсаты: Студенттерді ортопедиялық қабылдауда қолданылатын қазіргі кездегі жансыздандыру әдістерімен таныстыру

Дәріс жоспары:

1. Ортопедиялық қабылдауда қолданылатын жансыздандыру түрлері

2. Қазіргі кезеңдегі анестетиктер және оның сипаттамасы

Алынбайтын протездерге тістерді егелегенде тіс тіндерінің жарақаттануы мүмкін. Адам ағзасының егелеуге жаупты реакциялары жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Ұлпаның қызаруы, қан құйылуы жергілікті жедел реакция. Кейбір жағдайларда қан құйылу ошақтары үлкейіп, ұлпаның структурасы бұзылып, қабынып, некрозға ұшырайды.

Барлық тірі ағзаларда ауырсыну сезімдері бар. Әр адамның ауырсыну сезімін қабылдауы және жауапты реакциялары әр түрлі.

Ауырсыну сезімі ағзаның әр түрлі жүйелері (дем алу, жүрек тамыры, эндокринды және т.б.) жағынан бір қатар өзгерістермен бірге пайда болады.

Бұл өзгерістерді ауырсыну сезімі ғана емес, оны алдын-ала күту кезінде тудырады. Өткізілетін манипуляциялар науқастың ойы бойынша ауыртпалы деп есепталінсе, ағзаның жауапты реакциясы жеделденеді. Бұл нерв жүйесінің функциялы өзгерістері бар адамдарда анық байқалады. Сондықтан стоматологиялық емдеу жүргізер алдында оларлдың қорқыныш сезімдерін, қобалжуын болдырмау үшін оларға медикаментті және психологиялық премедикация жүргізеді. Медикаментті – психологиялық премедикация өкізгенде психологиялық дайындық, индифирентті дәрілер, фармакологиялық заттар қолданылады. Науқасты психологиялық дайындау: а) стоматологиялық бөлімдерде қорғау режимін, дәрігерлік этикасын, деонтологиясын сақтау

б) науқаспен толық психопрофилактикалық жұмыс жүргізу.

Қолданылатын индифирентті дәрілер: кальция глюконат, таблетка түріндегі глюкоза, С – витамині және т.б.

Фармокологиялық заттармен пемедикация жүргізу деп бұзылған психоэмоциялық жағдайын түзейтін, стоматолгиялық жұмыстар өткізер алдында берілетін заттарды атайды. Оларды тіс егелеу алдында 40-50 минут бұрын береді.

Амбулаторлық стоматология практикасында премедикацияны науқасты наркозға дайындау кезінде жүргізеді. Ол үшін нейоролептиктерді (аминазин, трифтазин, галаперидол, клозопин), траквилизаторларды (седуксен 0,005 гр, мезапам 0,005 гр, мепробамат 02,-0,4 гр, триоксазин 0,3 гр, наркотикті анальгетиктер (натрия салицилат, 0,25-0,5 гр, аспирин 0,5 гр, салициламид 0,5 гр, анальгин 03, бутадион 0,15-0,3 гр, феноцептин 0,25-0,5 гр, парацетамол) қолданады.

Ұйқыға қарсы препараттарды премедикация өткізу үшін аз дозаларда алады (барбитал 0,25 гр, люминал 0,05 гр, нембутал).

Холинолитикалық препараттар (атропин 0,25 мг, скополамин 0,25-0,5 мг) жоғарланған нерв қозуын төмендетеді, уайым азайтады. Бұл дәрілердің күшін арттыру үшін, оларды бірге қолданған жөн. Транквилизаторларды анальгетиктермен, нейролептиктерді жергілікті анестетиктермен, холинолитетиктерді антегистаминді дәрілермен бірге қолданады.



  1. Седуксен 0,005, Бутадион 0,15

  2. Клозапинн 0,025, Фенацетин 0,025

  3. Эстоцин 0,03, Мепробамат 0,2, Экстракт белладонны кебу 0,01

  4. Барбамил 0,05, анальгин 0,5

  5. Бромурал 0,15, нембутал 0,05, кодеин 0,01

  6. Амизил 0,00025, фенибут 0,06

Жергілікті және жалпы реакциялардың себебі болатын – ауырсыну сезімі, тіс тіндерінің қызуы және инструменттердің егелеудің сапасын жоғарлатуға кедергі болып, протездеуді нашар етеді. Сондықтан дәрігердің алғашқы мақсаты ауырсыну сезімін жою, егелеуді ауыртпай өткізу. Ол үшін жансыздандыру әдісін дұрыс таңдай білу керек және оны дұрыс өткізу керек. Жансыздандыру – бұл ауырсыну сезімдерін болдырмайтын жасанды әрекет. Сезімталды жүйке тамырларын, жолын үш бөлікке бөлуге болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын рецепторлар; 2) тітіркендіруді бас миына жеткізетін сенсорлы жүйке жолдары; 3) бұл тітіркендіруді ауырсынуға айналдыратын ми бөлігінің сенсорлы орталығы. Органдармен тіндердің жүйкелік элементтері әр түрлі болғандықтан, олардың сезімталдығы да әр түрлі. Кейбір тіндерде ауырсыну сезімдері болмайды (мысалы, тістің эмалі), ал басқаларының сезімталдығы өте жоғары. Жансыздандыру, жоғарыдағы көрсетілген сезімтал жүйке жолдарының үш бөлігінің бір жерін үзуге негізделген.

Жансыздандырудың түрлері

Жансыздандыруды жергілікті және жалпы деп бөлу қалыптасқан. Ми бөлігінің сенсорлы орталығына әсер ететін және есінен айырылатын жалпы жансыздандыруды наркоз деп атайды. Фармакологиялық препараттар мен немесе электр тоғы арқылы наркоз бергенде, науқас терең ұйқыға кетеді, ол кезде сезімталдықтың барлық түрі өшеді.

Наркоз өткізуге көрсеткіштер:



  1. Жергілікті анестетиктерді қабылдамауы;

  2. Ортопедиялық жұмыстарды жергілікті анестезиямен өткізуге мүмкіншілік болмағанда;

  3. Тістерді егелеуден қорқатын науқастарға;

  4. Ауыз қуысында өткізетін жұмыстың көлемі үлкен болғанда;

  5. Жас балаларға;

  6. Орталық нерв жүйесінің психикалық аурулары бар адамдарға (мысалы, олегофрения, эпилепсия, шизофрения және т.б.)

  7. Жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелерінің ауруларында;

  8. Кері көрсеткіштер болмаған жағдайда пациенттер наркозбен емделуге бейім.

Наркоздың әр түрлері болады. Ингаляциялық наркоз ағзаға тыныс алу жүйесі арқылы беріледі. Ингаляциялық наркоз берген кезде газ түріндегі немесе ұшқыш сұйық наркотикалық препараттар енгізіледі (азот тотығы, фторотан, трилен, циклопропан және т.б.). Наркоз беруге қолданатын аппараттар: УНАП-2, автонаркон С-1, Наркон-2. Ингаляциялық наркозды беру әдісіне байланысты маскалы, назофарингнальды және интратрахеальды деп бөледі.

Ортопедиялық стоматология практикасында жалпы жансыздандырудың қан тамырларына дәрілік заттарды егу қолданылады. Бұл үшін қазіргі кезде сомбревин, фентанил және т.б. Сол сияқты дәрілер қолданылады. Көк тамырға жоғарыдағы көрсетілген мөлшерде енгізгенде атаралгезия ұзақтығы 20-40 минут. Егер тісті егелеу барысында ауырсыну болатын болса, онда қосымша иесіз инъектормен инфильтрациялық жансыздандыру қолданылады. Бұл үшін белгіленген мөлшерде әр жағынан 1-2 инъекция жасау жергілікті.

Жергілікті жансыздандыру


  1. Тістердің қатты тіндерінің гиперестезиясы болғанда

  2. Нерв жүйесінің функциялық бұзылу кезінде

  3. Тістің жаақаттануы

  4. Патологиялық мұқалу кезінде ұлпаның ашылуы

  5. Тістерді егелеу кезінде

Кері көрсеткіштер:

  1. Науқаста бұрын жергілікті анестетиктерге аллергиялық реакция болса

  2. Жүрек-тамыр жүйесінің жетіспеушілігі

  3. Бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы (цирроз, нефрозо-нефрит және т.б.)

  4. Орталық нерв жүйесінің аурулары (шизофрения, олигофрения, эпилепсия және т.б.)

Жергілікті жансыздандыру аяғы ауыр әйелдерге кері көрсетіледі. Инъекциялық жансыздандыру анестетиктерге жерглікті өткізгіш нерв талшықтарының және олардың ұштарының айналасын қоршайтын тіндерге енгізіледі. Инъекциялық анестезия екі түрге бөлінеді: өткізушілік және инфильтрациялық. Өткізгіштік анестезия арқылы үстінгі немесе астыңғы жақтардың жартысын жансыздандаруға болады (торусальды, туберальды, манибулярлы). Инфильтрациялық анестезияның көмегімен тек қана бір жердің аймағының нерв ұштарының шеткі шектелген талшықтарын жансыздандыруға болады. Инфильтрациялық анестезия өткізгіштік анестезиямен бірге қолданады.

Интралагиментарлық (периодонтшілік) анестезия. Оны тістің айналмалы байламына инесі 90 С бұрышта иілген 1мм шприцтің көмегімен 0,1-0,2мл анестетикті енгізу арқылы өткізеді. Бұл әдістің артықшылығы – анестетикті аз дозада қолдану, жансыздандыру уақыты ұзақ және өткізгіштік, инфильтрациялық анестезиялар кезінде кездесетін зардаптар (қан құю, аллергиялық реакциялар, анестетиктің тамырға кетуі, қан құылуы) болмайды. Жансыздандыру тез пайда болады (10сек кейін). Интралагиментарлық анестезия емдеу манипуляцияларын, анестетикті енгізген соң жылдам жүргізуге мүмкіншілік етеді. Жансыздандыру эффектсі 15-20 минутқа созылады.

Аппликациялық жансыздандыруды өткізу үшін фторлы, стронций, аспирин, сульфидин пасталары, кальций глицефосфат пастасы, натрий гидрокарбонат, ас содасы, коамид, натрия мефенаминат, дикаин, анестезия, тимол, лидокаин қолданады. Тістерді алдын ала тазалап, беттерін кептіріп анестетикке мақтаны батырып тіске қояды. Аппликациялық жансыздандырудың көмегі аз болғандықтан онымен кең қолданбайды.

Физикалық жансыздандыру әдістері:

Транквилизаторлар мен анельгетиктерді қолдану өте жақсы нәтиже береді.

Біз өзіміздің тәжірибемізде дене массасына шаққанда седуксенді 0,1-0,2 мг/кг, фентанильді 0,04 мг/кг болатындай есеппен дәрілер қоспасын қолдандық. Көк тамырға жоғарыдағы көрсетілген мөлшерде енгізгенде атаральгезия ұзақтығы 20-41 минут. Егер тісті егелеу барысында ауырсыну болатын болса, онда қосымша иесіз инъектормен инфильтрациялық жансыздандыру қолданылады. Бұл үшн белгіленген мөлшерде әр жағынан 1-2 инъекция жасау жеткілікті. Тіс тіндерінің жансыздандыру үшін инфильтрациялық және өткізгіштер айналасына жасалынатын анестезияны (новокаин, лидокаин, бенокаин, тримекаин, скадикаин, септокаин және т.б.) тамырларды тарылтатын (адреналин, норадреналин, мазатон) дәрілерімен бірге қолданаған өте тиімді. Жергілікті анестетиктердің тканьдерге өнуін тездету және күшейту үшін оларға лидазаны қосуға болады.

Соңғы кездерде жансыздандырудың физикалық тәсілдері кеңінен таралып келеді., атап айтқанда электр тоғы. Бұл тәсл XVIII ғасырдың соңынан бастап белгілі (Bertolon, 1770, Swinden,1785). Адам денесінен тұрақты тоқ өткізгенде катод (-) аймағында жүйке ұштарының қозғыштығы артады, ал анод аймағында (+) төмендейді.

Kensaki Suzuki тұрақты тоқтың (4-тен 20-ма) анод кездерінен ұштықтармен, ал катодты аурудың қолына ұстата отырып жақсы жансыздандыру алды. Бұл жағдайда металдан жасалынған делегей әрі егелгіш аспап, әрі тұрақты тоқ кезінің аноды болады. Т.В.Никитинаның мәліметі бойынша электр тоғымен жансыздандыруды 40 жасқа дейінгі адамдарға қолдану өте тиімді.

Бұл мақсатта ЭЛОЗ – 1 аппараттары қолданылады. Аппараттың оң полюсін жартылай сақина тәріздес қысқыш арқылы бормашинаның ұштығына жалғап, оған онда тоқ ағымдары болмас үшін арнайы қап кигізеді. Катод қысқышы бір сырға тәріздес катодты құлақтың төменг ұшына бекітеді. Электр тоғының өткізгіштігін арттыру үшін оларға аздап ылғалданған дәке орайды. Содан соң аппаратты қосып, біртіндеп аспаптағы кернеуді жоғарылатады. Жансыздандыру алдыңғы тістерде тоқ күші 2-9 мкА, кіші азу тістерде 5-10 мкА, үлкен азу тістерде 10-16 мкА болғанда болады. Соңғы кездерде тістердің қатты тіндерін егелеу үшін басқа да аппараттар ұсынылуда.

Анальгетиктердің шамалы дозасын электр жансыздандырғыш «Электронаркон» аппаратымен бірге қолдануға болады. Психопрофилактикалық шараларды басқа терапияның түрлерімен (музыка, шу т.б.) қолдану жақсы нәтиже береді. Сол сияқты инемен емдеу, құлақта болатын рефлекторлық аймақтарды қоздыру арқылы жақсы нәтиже алуға болады.



    • Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил

2.Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с

3.Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У, Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с

4.Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)

5.Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с

6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)

7.Н. Г. Аболмасов Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.

8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.

9. В. А. Попков Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.


Қосымша:

1.Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие

2.Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.

3.Е. Н. ЖулевКонструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.

Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)

4. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.

5. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)

6. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с


Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Жансыздандыру препараттарды сақтау

2. Қазіргі кезеңдегі анестетиктер және оның сипаттамасы

3. Жансыздандырудың қазіргі кезеңдегі әдістері



4. Дозировкасы және қолдану әдістері

Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген

60.85kb.

15 10 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқымқуалайтын аурулары. Фармакогенетика негіздері

126.88kb.

04 09 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Мақсаты: Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесін анықтап және олардың құрлысымен қызметін талдау

62.94kb.

15 10 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Мақсаты: днқ синтезін, ақуыз биосинтезін, оның ерекшеліктерін және маңызын оқып білу

92.09kb.

12 09 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады). Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны,

100.74kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Жапырақ дегеніміз есуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл у

54.26kb.

15 10 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-04/01 2007 ж. 14 маусымдағы

Тақырыбы: Тістердің аса қажалуы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы

177.07kb.

17 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмму жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырып 9: Медициналық арахноэнтомологияға кіріспе. Шаянтәрізділер және өрмекшітәрізділер класы

41.74kb.

16 12 2014
1 стр.