Перейти на главную страницу
Жаңа құжат бастау үшін Файл /Новый командасын орындаңдар немесе CTRL+N басыңдар. Экранда Параметры страницы диалогтік терезесі пайда болады, оның көмегімен құжетті орнатуларды орындауға болады:
а) Өлшем – А4 форматын таңдаңдар
б) Беттің кітаптық бағдарын таңда
в) Екі жақты баспаны қос
г) Бұруды көрсету
д) Беттер саны (Число страниц) алаңында 5-ті енгіз
е) ОК батырмасын бас. Диалогтік терезе жабылады және PageMaker жаңа құжаттың терезесін ашып оның 1-ші бетін монтаждық столда орналастырады.
ж) Файл/Сохранить как … командасын орындау арқылы құжатты сақта.
3.2 Беттік шаблондар
PageMaker құжатында қарапайым беттердің басқа беттер-шаблондар болады. Бұл дегеніміз не? Ереже сияқты құжаттың барлық беттерінің көп ұқсастықтары бар: алаңдар, бағаналар ені мен саны, жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттер нөмірлері. Бұлардың барлығын құжаттың әр беті үшін жеке – жекеқұрмас үшін оны бет-шаблонында құруға болады, ол содан соң шаблонды құжаттың барлық беттеріне немесе олардың кейбіреулеріне қолдануға болады.
Шаблоны бар бетке өту үшін құжаттың сол жақ төменгі бұрышында орналасқан R немесе L пиктограммаларының бірінде шерту қажет. Бір басылымда бірнеше әр түрлі бет-шаблондары қолданылуы мүмкін. Шаблонды белгілі бір беттерге қолдану керек және ашылған диалогтік терезеде беттер диапазонын көрсету керек.
Беттер шаблондарының палитрасы - Палитраның беттер шаблоны/Бетті қалай сақтау керек …/ Шаблон аты/Қолдану/ Беттер нөмірлері (Палитра страниц шаблонов – Меню данной палитры /Сохранить страницу как…/Имя шаблона/Применить/Номера страниц).
а) Қосымша шаблон тағайындайтын басылымның бетіне көшіңдер. Шаблоны палитрасында керекті шаблон атауында шертіңдер. Бұл тәсіл көп бетті басылыммен жұмыс істеуде ыңғайсыз.
б) Қажетті шаблондық бетті ашу. Шаблоны палитрасында көрсеткіші бар батырмада шертіп және ашылған мәзірде Применить командасын белсенді ет, содан соң экранда Применить страницу-шаблон диалогтік терезесі бейнеленеді.
Қосымша шаблонды басылымның барлық беттеірне және сондай-ақ беттердің берілген бөлігіне ғана қолдануға болады. Аралас емес беттердің нөмірлері үтір арқылы ажыратылады, ал диапазонды белгілеу үшін дефис қолданылады.
Модульдік тор мәтін мен графиканы туралаудың шекаралары мен сызықтарын беретін бағыттаушы қосымша сызықтардан тұрады.
Бағыттауыштардың үш түрі бар: алаңдарды бағыттаушы, бағаналарды бағыттаушы, бағаналарды бағыттаушы, бағыттауыш сызықтар.
Бағыттауыштарды жылжытпас үшін Көру (Просмотр) мәзірінен Бағыттауыштарды бекіту (Закрепить направляющие) командасымен бекітуге болады. Бағыттауыштар объектілерді белгілеуге кедергі болмас үшін оларды Көру/Бағыттауыштарды жасыру (Просмотр/Спрятать направляющие) командасының көмегімен артқы жоспарға орналастыруға болады.
Бетте немесе шаблонда бағаналар санын беру үшін Макет/Бағаналар жақтаулары (Макет/Границы колонок) командасын орындаңдар. Границы диалогтік терезесінде Бағаналар саны (Количество колонок) алаңында бағана санын және Средник (интервал) алаңында бағаналар арасындағы просветті енгіземіз.
PageMaker бірдей енді бағаналар құрады және оларды беттің ені бойынша біркелкі реттейді. Бір беттегі бағаналардың максимальды саны 20.
Егер бетте мәтін немесе графика бар болса, бағаналардың санын өзгерту оларға еш әсер етпейді.
PageMaker файлдарын басылымдар деп ату қабылданған. PageMaker бағдарламасында мәтіндік объектілердің екі түрі ерекшеленеді: мәтіндік блоктар және мәтіндік фреймдар.
Егер мәтіндік блок орналастырылымаған материалды құрайтын болса төмендегі белгілегіш қызыл түске енеді және ішіне үшбұрыш көрсеткіш орналасқан ілгек түріне келеді.
2 сурет 3 сурет
Е
гер мәтіндік блоктың төменгі және жоғарғы белгілегіші “+” таңбасы бар ілгек түріне енсе, материал басқа мәтіндік блоктарда басталады немесе жалғасады деген сөз (4 сурет).
4 сурет
PageMaker жүйесіндегі мәтінді түзетудің Microsoft Word-тан аз ғана айырмашлығы бар. Мәтіндік бөліктердің ерекшеленуі, символдарды кірістіру, символдарды жою, көшіру және кірістіру тура Word-тағы сияқты орындалады.
Мәтіндік блоктың өлшемдерінің өзгеруі. Мәтіндік блоктың енін де, биіктігін де өзгертуге болады. Бір уақытта ені мен биіктігін өзгерут үшін бұрыштағы шектеуіштердің біріне шертеміз және оны блок қажетті өлшем алғанға дейін диагоналі бойынша тартамыз.
Фреймдер деп мәтіндерді немесе графиктерді орналастыруға арналған әр түрлі пішіндегі объектілерді атаймыз. Фреймнің айқын қасиеттерінің бірі ондағы қиылысқан сызықтардың орналасуы. Үш түрлі фреймдер құруға болады: тік бұрышты, овалдық және көп бұрышты. Сәйкес элементтер құралдар тақтасында бар.
Фреймге дұрыс пішін беру үшін сурет салу процесі кезінде Shift пернесін басып тұру керек. Тік бұрышты фреймдердің пішіндерін әр түрлі өзгерту үшін Элемент – Скругленные углы командасы қолданылады. Көп бұрышты фреймдер құрудың 2 тәсілі бар. Бірінші тәсілі фреймнің төбелері орналасатын позицияларда біртекті шертулердің орындалуы. Құрамын тұйық емес жиекпен немесе түспен фреймді толтыру кезінде бағдарлама жиектің соңғы нүктелерінің арасында шартты сызық жүргізеді.
Екінші тәсілі – көп бұрышты фрейм құралын белсендіріп тышқанмен созамыз.
Фреймдердің қасиеттері. Фреймдер қарапайым объектінің қасиеттерін игереді, олардың өлшемін өзгертуге болады, орнын ауыстыруға, түспен толтыруға және т.с.с. Фреймді айналдыру үшін Айналу (Вращение) құралын қолданамыз. Берілген құралмен сол нүктенің маңайында шерткенде айналу орындалады.
Айналу центрі объектінің центрімен дәл болу үшін фреймнің ішінде сызықтардың қиылысқан жерінде шертуді орындау қажет.
Фреймді жақтаумен қамтамасыз ету керек, яғни жиек сызығының типін өзгерту керек. Бұл мүмкіндік Элемент-Линия командасының көмегімен іске асырылады. Оны белсендіру кезінде экранда әр түрлі қалыңдықтағы сызықтардың нұсқалары көрсетілген бағынышты мәзір шығады. Қалаған үлгіге шертуді орындаса фрейм жақтауға алынады. Бағынышты мәзірдің төменгі жағында жақтауды мөлдір, сондай-ақ инверсті қылуға мүмкіндік беретін екі жалауша орналасқан.
Мәтінді кез келген пішіндегі фреймге орналастыруға болады. Текст құралымен фреймнің шегінде шертуді орындап, содан соң мәтінді енгізуді бастаймыз. Фреймге орналастырылған мәтін блоктағы мәтін сияқты принциптермен түзетіледі. Келесі суреттерде мәтіннің фреймге алынуы көрсетілген. Ол үшін алдымен мәтіндік блок құрылады (5 сурет), овалдық фрейм (6 сурет).
5 сурет Мәтіндік блок 6 сурет Овалдық фрейм
Содан соң төмендегі командалардың тізбегін орындау керек:
а) «Стрелка» құралымен фреймді таңда;
б) Shift пернесін басып тұрып мәтіндік блокты ерекшеле;
в) Элемент мәзірінен Фрейм/Добавить содержимое командасын орында, сонда мәтіндік блок фреймге көшіріледі (7 сурет).
7 сурет фреймге орналастырылған мәтін
Мәтінді PageMaker баспаға қосу үшін бірнеше тәсілдермен қолдануға болады: мәтінді тікелей PageMaker-де теріп алып, алмасу буферінің көмегімен мәтіндік процессордан көшіру немесе мәтіндік файлды импорттау. Олардың қайсысын таңдау нақты есепке байланысты, бірақ негізгі болып мәтіндік процессорлардың немесе редакторлардың бірінде басылған мәтіндік файлды импорттау болып табылады.
Мәтіндік режимде экранды бояу әлдеқайда тез жүреді, өйткені онда графикалық объектілер және мәтіннің шынайы пішіні бейнеленбейді, сондай-ақ мәтінді ауыстыру жеңілдейді.
Редакторлеу мен түзетуді берілген режимде орындау ыңғайлы, өйткені Орфография, Найти, Заменить командалары тек осы режимде ғана мүмкіндігі бар.
Алмасу буферін қолдану. Егер терілген мәтін болса (мысалы, Microsoft Word құжаты) оны Түзету/Көшіру (Правка/Копировать) командасымен көшірмесін алуға болады. PageMaker-ге көшіп Текст құралын таңдап және жұмыс аймағының кез келген жеірнде шертеміз, содан соң Редактирование/Вклеить командасын орындаймыз.
«Поместить» командасын қолдану. Берілген бұл тәсіл PageMaker-де мәтінді орналастыруда негізі тәсіл болып табылады. Ол дегеніміз басылымның баспаға дейінгі дайындығымен бірнеше адам айналысады, олардың әрқайсысы өзінің міндеттерін атқарады: Қалыптаушыға мәтін терушімен алдын ала басылған корректорлармен оқылған және керекті түзетулермен мәтіндік файл ретінде түседі. Сондықтан беттеушіге басылымға барлық мәтіндік файлды орналастыруға ыңғайлы, бұдан кейін ол оны орналастыру жұмысын бастайды. Мәтіндік файлды импорттау үшін Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасын қолдану керек. Орналастыру (Поместить) командасының диалогтік терезесінде кейбір қосымша орнатуларды беруге болады. Поместить терезесінде параметрлерді алу қандай объектіні: мәтінді, кестені, деректер қорын немесе бейнені импорттау көзделетініне байланысты, сондай-ақ Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасын таңдағанда объект немесе фрейм ерекшеленуіне байланысты.
3 тарау PageMaker
Бақылау сұрақтары
Символдардың атрибуттарын өзгертудің үш тәсілі бар: Мәтін мәзірі, басқарушы палитра және Мәтін/Шрифт (Текст/Шрифт) мәзірінің Шрифт параметрлері (Параметры шрифта) диалогтік терезесі.
1 – қолдану батырмасы, атрибуттың енгізілген сандық мәнін ерекшеленген мәтінге қолдану
2 – жоғарғы батырма палитраны символдық режимге, төменгісі – абзацтық режимге ауыстырады
3 – шрифтің гарнитурасы
4 – шрифтің начертаниесін таңдау бастырмасы
5 – шрифтің кеглі (өлшемі)
6 – интерлиньяж (жоларалық қашықтық)
7 – трекинг
8 – символдарды көлденең масштабтау
9 – кернинг (2 нақты символдардың ара қашықтығы)
10 – базалық сызыққа қатысты символды жылжыту, жол үсті және жол асты символдарын енгізу кезінде қолданылады.
8 сурет Символдық режимдегі басқарушы палитра
Негізінде кернинг кесек кегльмен терілген тақырыптарда немесе мәтіндерле қолданылады. Базалық сызықты жылжыту. Базалық сызықты жылжыту көмегімен жолға қатысты символдарды түсіруге немесе көтеруге болады. Басқарушы палитрадан басқа жылжытуда Текст/Шрифт/Параметры диалогтік терезесінде Другие…/Дополнительные параметры шрифта батырмасын басу арқылы орындауға болады. Базалық сызықты ығыстыру (Смещение базовой линии) өрісінде жылжытудың мәнін таңдап, Жоғары немесе Төмен қосқышын қосыңдар.
1 – қолданылу батырмасы, берілген пішімдеуді ерекшеленген мәтінге қолдану үшін;
2 – жоғарғы батырма палитраны символдық режимге, төменгі – абзацтық режимге ауыстырады;
3 – абзацтың стилі;
4 – абзацты туралау батырмалары;
5 – құжаттың бетіндегі меңзер позициясының индикаторы;
6 – сол жақ шегініс;
7 – қызыл жол позициясы;
8 – оң жақ шегініс;
9 – абзац алдындағы;
10 – абзацтан кейінгі отбивка;
11 – қосылған опцияда қолданылатын тор қадамы (тор бойынша туралау);
12 – тор бойынша туралау үшін оң жақ батырмасын басыңдар.
9 сурет Абзацтық режимдегі басқарушы палитра
Сонымен, терезенің төмендегі жағындағы жолаушалардың көмегімен сіз бетте абзацтардың орындалуын бақылай аласыз.
1 тарау. Абзац -----------2
Формат --------3
Қайрау стилін беру үшін сәйкес сызғыш маркерінде шертіңіздер, содан кейін Мәтін/Шегіністер/Табуляциялар (Текст/Отступы/Табуляции) мәзіріндегі Қайрау батырмасына шертіңіз және түсіп қалатын тізімнен қажетті қайрауды таңдаңыз.
4 тарау PageMaker
Бақылау сұрақтары
PageMaker жұмыс істей алатын объектілер үш типке бөлінеді: мәтіндік блоктар, импортталған графикалық объектілер және тікелей PageMaker –де құрылған объектілер. Бағдарламаның жұмыс аймағы екі негізгі бөліктерге бөлінеді – басу аймағы және монтаждық стол. Объектілер басу аймағының негізінде де және монтаждық столда да орналасуы мүмкін, бірақ баспаға басу аймағының шегінде орналасқандары ғана шығарылады.
PageMaker-дің графикалық құралдары басылымдарда шекаралардың әр түрлі типтерін және ішкі облыстарды тағайындауға болатын қарапайым объектілерді құруға және түзетуге мүмкіндік береді. Қарапайым геометриялық фигураларды салу үшін келесі құралдар қолданылады:
Түзу сызықтар.
Келтірілген сызықты салу үшін, яғни қатаң көлденец, тік немесе 450 бұрылған, «Келтірілген» («Приведенная») құралын таңдаңыз. Көрсеткіш крест түріне енеді. Тышқанды тартып қажетті сызықты саламыз.
Дербес бағыттағы сызықты тура сол сияқты салады, бірақ «прямая» құралын таңдау қажет. Бұл құралдардың көмегімен тек қана жалғыз қиындылар салуға болады.
PageMaker бағдарламасында сыртқы түрі фреймдерге ұқсас, бірақ оларға мәтінді немесе графиканы орналастыруға болмайтын объектілерді құруға мүмкіндік беретін құралдар тобы бар. Олардың фреймдерден айырмашылығы қиылысатын сызықтардың болмауында.
Сынық сызықты «көпбұрыш» құралының көмегімен салуға болады. Бірінші, екінші, үшінші т.с.с нүктелерінде шертіңдер. Бұл нүктелердің барлығы сынық сызықтармен байланысқан. Сынықты аяқтау үшін соңғы нүктеде екі рет шертіңдер.
Тұйық жиекті құру үшін оның соңғы нүктесін бастапқы нүктемен қосу керек. Сіз оған түскеніңізді көрсеткіштің жанында пайда болған төртбұрыш түрінен білесіз. Сол кезде жиек автоматты түрде аяқталады.
Габариттік жақтау. Сіз сынықты аяқтаған кезде назар аударсаңыз оның жанында қара төртбұрыш аршылармен және қабырғаларының ортасында – шектеуіштер – көрінбейтін төртбұрыш габариттік жақтау пайда болады. Бұл жақтау объектінің өлшемдерін анықтайды. Сондай-ақ габариттік жақтау ерекшеленген объектілердің жанында пайда болады.
Төртбұрыштар мен шаршылар.
«Төртбұрыш» құралын таңдаңдар. Келешек төртбұрыштың жоғарғы бұрышына меңзерді орналастырып көрсеткішті қарсы бұрышқа шертіп тартыңдар. Шаршы салу үшін көрсеткішті Shift пернесін басып тұрып тартыңдар.
Төртбұрышты немесе шаршыны салып оның бұрыштарын дөңгелектеуге болады. «Көрсеткіш» құралымен оны шертіп ерекшелейміз және Элемент/Дөңгеленген бұрыштар (Элемент/Скругленные углы) командасын орындаймыз. Диалогтік терезеде қажетті дөңгелектеуді таңдаңыз.
Эллипстер мен шеңберлер.
Эллипстер мен шеңберлер тура төртбұрыштар сияқты салынады. Shift пернесін басса шеңбер салынады.
Симметриялық және дұрыс көпбұрыштар және жұлдыздар бір құралмен «Көпбұрыш» («Многоугольник») салынады. Фигураны салмас бұрын Көпбұрыш диалогтік терезесінде оның параметрлерін беру керек. терезені шақыру үшін құралда екі рет шерт немесе Элемент/Көпбұрыш (Элемент/Многоугольник) командасын орындаңдар.
Д
иалогтік терезеден шығып осы фигураларды салыңдар. Егер бұл кезде Shift пернесін басып ұстап тұрсақ, дұрыс фигура салынады.
Басқарушы палитра объектілерді қолдан манипуляция жасаудан құтылуға мүмкіндік беретін альтернативті құрал болып табылады. Басқарушы палитраға графикалықжәне мәтіндік блоктармен өте ұқыпты жұмыс істеуге және бір құралдан екінші құралға өтпей, меню командаларын қолданбай бірнеше түрлендірулерді орындауға мүмкіндік беретін дәл сандық мәндерді енгізуге болады. Графикалық объект ерекшеленген кезде немесе графикамен жұмыс істеудің бір құралын таңдаған кезде палитра осы режимге өзі ауысады.
Түрлендірулердің екі түрі қиық және айналық шағылысу тек қана басқарушы палитраның көмегімен орындалады.
1 - қолдану батырмасы
2 – ерекшеленген объектінің сызбасы, белсенді нүктені таңдау үшін онда шертіңдер.
3 – Х және У белсенді нүктелерінің немесе тышқан көрсеткішінің координаттары
4 – Ерекшеленген объектінің ені мен биіктігі
5 – Көлденеңі мен тігінен бойынша масштабтау коэффициенттері
6 – Пропорционал масштабтаудың батырмасы
7 – Объектіні айналдыру бұрышы
8 – Көлденеңі бойынша айналық шағылысу
9 – Объектіні қию бұрышы
10 – Тік айналық шағылысу
10 сурет Графика пішіміндегі басқарушы палитра
PageMaker объектілермен көптеген амаладар орындауға мүмкіндік береді. Сіз олардың орындарын ауыстыру, өлшемдерін өзгерту, сондай-ақ өзгеру (трансформация) амалдарын: айналдыру, қию және айналық шағылысу және т.с.с орындай аласыз.
Ол үшін қажетті объектіні немесе объектілерді ерекшелеп Түзету/Көшіру (Редактирование/Скопировать) командасын орындаңыз, содан кейін (Түзету/Жабыстыру) Редактирование/Вклеить командасымен көшірмені кішкентай шегініспен сол орынға кірістіреміз.
Бетте белгіленген ретте бірнеше көшірмелерді кірістіруге болады. Ол үшін Түзету (Редактирование) мәзірінен бірнеше рет Жабыстыру (Вклеить) диалогтік терезесі қолданылады.
Бекітілген объектіде оның орналасуы мен өлшеміне әсер етпейтін кез келген атрибуттарын өзгертуге болады. Осылай оның жиегін және бояуын өзгертуге болады, бірақ оны айналдыруға және айналық бейнелеуге болмайды.
Ол үшін оны алдымен Элемент/Болдырмау (Элемент/Отменить) закрепление командасымен бекіту керек.
Объектілерді трансформациялау. Объектілерді трансформациялау командаларына айналдыру, қию (перекос) командалары, объектіні айналық бейнелеу жатады. Бұл командалардың орындалуына басқарушы палитраны пайдалануға болады.
Объектілерді туралау және бөлу. Элемент/Объектілерді орналастыру (Элемент/Разместить объекты) командасымен орындалады. Аталған команда егер кем дегенде екі объекті ерекшеленсе ғана доступна болады. Диалогтік терезе батырмалардың екі қатарын құрайды. Ішкі қатардың батырмалары объектілерді туралауға арналған, ал сыртқы қатардың батырмалары объектілерді бөлуге арналған.
Қабаттар – PageMaker бағдарламасындағы материалды ұйымдастырудың бір тәсілі. Қабатты мөлдір пленканың парағымен салыстыруға болады. Жоғарғы қабаттың сыртында төменгі қабатта орналасқан объектілер көрінеді. Қабаттар жариялымдарда объектілердің көп санымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы. Осыған байланысты басылымның элементтерін тәуелсіз құру және түзету мүмкіндігі пайда болады, тек қана оларды әр түрлі қабаттарда орналастыру қажет. Мысалы, мәтіндік материалды бір қабатта, ал бейнелерді – басқа қабатта орналастырып бейнелері бар қабатты уақытша өшіруге болады және оның есебінен мәтінді өңдеуді жеңілдетеміз.
11 сурет Қабаттар палитрасы
Қабаттар (Слои) палитрасының (11 сурет) жанама мәзірінде орналасқан Жаңа қабат (Новый слой) командасы жаңа қабатты құруға мүмкіндік береді. Қабаттың атауын және оған түс таңдауға болатын диалогтік терезе ашылады.
Суретте «Қызыл» және «Жасыл» қабаттардың атауы енгізілген, кез келген атты енгізуге болады. Сіздің көрсеткен түсіңізбен палитрадағы қабаттар атауының сол жағындағы шаршы боялады. Қабаттың түсі ондағы ерекшелеу маркерлерін бояуға қолданылады. Базалық қабаттың артында қара түс бекітілген, сондықтан ондағы ерекшелеу маркері қара. Мұндай түстік деңгейлеу дәл осы мезетте сіз жұмыс істеп жатқан объект қай қабатта орналасқанын анықтау үшін қажет. Қабаттарды қолдану мүмкіндігі үлкен көлемді құжаттар дайындауды жылдамдатып графикалық және мәтіндік блоктарды жекелей өңдеуге мүмкіндік береді.
Графика мен мәтінді орналастырудың негізгі бірнеше тәсілдері бар:
а) графика мен мәтіндік блоктардың тәуелсіз орналасуы;
б) мәтін графиканың үстіне орналасады;
в) графиканың мәтінмен жанасуы.
Екінші және үшінші жағдайларда Элемент мәзірінен Мәтінмен жанасу (Обтекание текстом) командасы қолданылады.
Жоғарғы үш пиктограмма жанасу режимін анықтайды.
Беттеудің барлық жүйелері (соның ішінде Microsoft Word) мәтіндік материалға суреттемелерді біріктірудің дамыған тәсілдерімен игерілген. Оның ішіне PageMaker-де енеді. Ол мәтінге объектілерді орналастырудың және интеграциялар қосудың толық еркіндігін береді.
Кез келген объект басылымда салынған және еркін бейне сияқты орналаса алады.
Салынған бейне тікелей мәтіндік блокқа орналасып оның бөлігі болып табылады, яғни, Мәтін құралымен ерекшелеп, мәтінмен бірге өшіруге және абзац сияқты оған да қосқыштар тәсілін (способ выключки) тәсілдерді беруге болады.
Еркін бейне жолаққа мәтіннен тәуелсіз орналасады.
Салынған бейнелерді пайдаланудың преимуществасы олардың мәтіннің белгіленген абзацына қатты жабысуында.
Салынған болып топтастырылған объектілерден басқа кез келген бейне болып табылады. Бейнені салынған етіп орналастыру үшін Мәтін құралын таңдап бейнені мәтіндік блоктың кірістіретін орнында шертуді орындаймыз, содан кейін Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасын орындаймыз.
Еркін бейнені салынған етіп түрлендіру үшін келесі амалдарды орындау керек:
а) Маска етіп жасайтын объектіні салыңдар немесе ерекшелеңдер.
б) Оны бөліктеп жасыруға қажетті объектіні немесе объектілердің үстіне орналастырыңдар.
в) Масканы және объектілерді ерекшелеңдер
г) Элемент/Масканы қолдану (Элемент/Применить маску) командасын орындаңдар.
5 тарау PageMaker
Бақылау сұрақтары
PageMaker бағдарламасына тұрғызылған толықтырулар оның мүмкіндіктерінің шеңберін мәнді өзгертеді.
Бағдарламадағы орнатылған толықтырулардың тізімін сіз Сервис мәзірінің Қосымшалар бағынышты мәзірінен табасыз, ол – модульдік тор, сырғымалы колонтитулдар, жолақтарды түсіру және т.с.с.
6.1 Жолақтарды түсіру
Жолақтарды түсіру. Басылымдарды құру олардың беттерін қажетті ретте, типографияда тираждауға дайын түрде орналастырумен аяқталады.
Бұл толықтыру әрбір парақта түпнұсқаның белгіленген ретпен орналасатын басылымның көшірмесін құрады. Баспаға шығарылу және одан кейінгі процестер– бүктеу, кітапшалау және қию орындалған кезде тізбектелген беттері бар кітап шығатындай етіп беттерді орналастыру таңдалады.
Беттерді түсіру қосымшасын белсенді еткеннен кейін Сервис/Толықтырулар/Жолақтарды түсіру (Сервис/Дополнения/Спуск полос) мәзірінің командасымен диалогтік терезе ашылады. Бірінші кезекте Макет өрісінде түсетін макеттің типін таңдау қажет. Келесі нұсқалар болуы мүмкін:
Айталық, бізде А5 пішінінің 8 бетінде орналастыруға қажет мәтіндік құжат болсын және оларды кітапшала түрінде топтастыру керек. Кітапшалауды принтерде А4 пішінің екі жағынан да шығару қажет. Файл/Жаңа/Пішім (А5), Кітаптық, Екі жақты/Бұру, 8 бет (Файл/Новый/Формат (А5), Книжный, Двусторонняя/Разворот, Страниц 8) орындаймыз. Онымен келешектегі кітапшалаудың макеті мен өлшемдеріне тапсырыс бердік. Айталық, құжат басқа редакторда құрылсын (Word-та) және онда алмасу буферіне жазылсын. Түзету/Жабыстыру/Макет/Автотолтыру Редактирование/ Вклеить/ Макет/ втозаполнение) орындаймыз, бірінші бетте төменгі қызыл пердені шертіп екінші бетке өтеміз және бұрыштық жыланмен (змейка) беттің сол жақ жоғарғы бұрышына шертіңіз. Бүкіл құжат автоматты түрде басылымның беттеріне ауыстырылады. Егер бос беттер қажет болса Сервис/Толықтырулар/ Жолақтарды түсіру /Макет/ (Кітапша) (Сервис/Дополнения/Спуск полос /Макет (Брошюра)) командасын орындап қосыңдар, олардың саны төртке еселі болу үшін тізбектеп Бос бет (Пустая страница) батырмасына басыңдар. Сақтау (Сохранить) сөйлеміне иә деп басып, қапшықты таңдап басылымға ат береміз және ОК батырмасына басамыз. Кітапшалау түрінде топтастырылған төрт парақ пайда болады, яғни 1-ші бет 8-ші бетпен, 2-ші 7-мен және т.с.с біріктіріледі. Баспаға шығару үшін Файл/Басып шығару (Файл/Распечатать) командасын орындаймыз. Таңдап 1-ші нөмірлі бетті баспаға шығаруды тапсырыңыз. Алынған бетті принтерде келесі жағына ауыстырып 2-ші бетті шығару, жаңа бет қойып 3-ші бетті, бетті ауыстырып 4-ші бетті шығару. Екі жақты баспаның 2 бетін жайып бірінің үстіне бірін қойып бүктеу сызығының бойымен степлермен тігу қажет.
Баспа алды дайындығының соңғы кезеңі басылымдарды баспаға шығару болып табылады. Сондықтан технологиялық үрдіс пен PageMaker-дің баспаға шығару функцияларын білу табысты және сапалы жұмыстың кепілдігі болып табылады.
PageMaker құжаты баспаға шығару үшін сол дербес компьютерде PageMaker бағдарламасының принтері және файлы бар дискетаның болуы қажет. Немесе басқа тәсілі: сол құжат шығарылатын қосымшаның болуы міндетті емес.
Тек қана PageMaker ортасында жұмыс істеген кезде постскрип-файл құру қажет, ол үшін:
Adobe Table қосымшасы PageMaker бағдарламасының басылымдарына енгізу мақсатында кестелерді құруда және редактілеуде қуатты және бір уақытта ыңғайлы тәсілі болып табылады. Жаңа кестені құру жұмысы Жаңа кесте (Новая таблица) диалогтік терезесінен басталады. Түзету амалдары тура Word-тағы сияқты: жолдардың, бағандардың ұяшықтарын ерекшелеу, ұяшықтарды қосу, жою, біріктіру, ұяшықтарды бөлу, жолдар мен бағандардың енін өзгерту, мәтінді пішімдеу, кестені безендіру және т.с.с.
Кестелерді басылымдарға ендіру. Adobe Table бағдарламасында дайындалған кестелерді PageMaker басылымдарына ендірудің бірнеше тәсілдері бар.
Бірінші тәсілі: Adobe Table қосымшасында кесте Редактирование/Скопировать командасымен көшірмеленеді, ал PageMaker бағдарламасында оны кірістіру Түзету/ Жабыстыру (Редактирование/Вклеить) в формате командасымен орындалады. Диалогтік терезеде Adobe Table 3.0 объектісі немесе Windows Metafile позициясын таңдау қажет.
Екінші тәсілі сыртқы файлды Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасымен импорттау. Сондықтан бұл жағдайда Adobe Table-де құрылған кестені Файл/Экспорттау/Бейне (Файл/Экспортировать/Изображение) командасымен Eps пішімінде сақтау керек.
6.5 Word және Excel бағдарламаларында құрылған кестелерді PageMaker-де импорттау
Екі тәсілмен: алмасу буфері арқылы немесе бос бейне ретінде (бұл жерде бастапқы кестені графиктік бейнеге түрлендіру қажет)
Бірінші тәсілі – осы бағдарламада Түзету /Көшірмелеу (Правка/Копировать) командасы, ал PageMaker басылымының терезесінде редактирование/Вклеить командасы.
Екінші тәсілі – сол бағдарламада Түзету /Көшірмелеу (Правка/Копировать) командасы. Содан соң графикалық редактордың біреуінде Түзету/Арнайы кірістіру (Правка/Специальная вставка) командасымен кірістіру командасын орындап, диалогтік терезеде Бейне (Изображение) позициясын таңда.
Кестені Word-тан ауыстыру - Word-та бүкіл кестені ерекшелеп оны алмасу буферіне көшір (Түзету/Көшірмелеу). PageMaker бағдарламасының-де ерекшелеудің қара стрелкасына шерт және Түзету/ Пішімде жабыстыру/ Microsoft Word құжаты (Редактирование/Вклеить в формате/Документ Microsoft Word) Объект/Иә (Объект/Да) командасын орында. Кесте тәуелсіз объект (сурет) ретінде өзгеріссіз түседі. Мұндай кестені PageMaker-де өзгертуге болмайды. Егер оны 2 рет шертсек Word-қа түсеміз, мұнда кестені өзгертуге болады.
6.6 Беттеу мәдениеті және қиыстыру ұстанымдары
Компьютерлік беттеу қолданбалы бағдарламаларды білумен қатар жұмыстың жақсы нәтижелерінің кепілдігі болып табылатын өз ережелері бар. Қазіргі уақытта бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін оқып білу аз, олармен білікті мамандар қолдана білу керек, өлшемін білу керек, жұмысқа шығармашылықпен кірісу қажет.
6 тарау PageMaker
Бақылау сұрақтары
c) Adobe Photoshop
b) PageMaker құжатының беті
с) қалыптаудың әр түрлі материалдары орналасқан арнайы өріс
b) автофигура
с) бетте ақпараттар блогының орналасу тірек-сызбасы
b) графикалық жақтау
с) мәтіндік блок
6. Мәтіндік блоктың элементі
а) жақтау
7. Блоктардың тіркесуі …. анықталады
а) ілгектегі (+) таңбасының болуымен
8. Беттерге автоматты түрде нөмірлеу … жүзеге асырылады
а) Ctrl+3 батырмаларының басылуымен
15. Материалдар редакторының қызметі
а) макеттті безендіру
Векторлық бейнелермен жұмысқа арналған бағдарламаны векторлық графикалық редактор деп атайды. Осы бағдарламалардың көмегімен сызбалар мен безендіру жұмыстарын орындайды. Векторлық редакторлар баспа ісі мен жарнамалық кәсіпкерлікте кең қолданыс тапты.
01 10 2014
6 стр.
Оқу құралы электрохимия курсын оқыту барысында химия, биология, технология және экология мамандығы бойынша жоғарғы курс студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға арналған
30 09 2014
7 стр.
Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі
29 09 2014
4 стр.
Оқулықтар, оқу құралдары және дәріс конспектісі бойынша дәріс сабақтар-ында өткен материалдарды дайындау
13 10 2014
1 стр.
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған
24 09 2014
1 стр.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған
15 10 2014
1 стр.
«Қаржылық ұйымдардағы қаржылық бақылау және аудит» пәні бойынша 050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне сырттай оқу түрінде оқитын бақылау жұмысын орындауға арналған
25 12 2014
1 стр.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.