Перейти на главную страницу
Сorel Draw-та сіз құратын құжаттар суреттен ғана тұрмай мәтіндерден де тұрады. Бағдарлама мәтінді көркем өңдеу үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады. Сіз ең белгісіз қаріппен терілген сөзді тартымды логотип немесе тақырыпқа айналдыра аласыз. Егер сіздің жобаныз мәнді көлемді мәтіннен тұрса, онда Сorel Draw жұмыстың осындай түрі үшін дамыған функциялардан тұрады. Сондықтан мәтінді қарапайым және фигуралық деп бөлу келісілген.
Сorel Draw-та қарапайым мәтін құра отырып, Сіз шынында да қуаты бойынша қосымшалармен салыстырылған, оның құрылған мәтіндік редакторларына көшесіз. Қарапайым мәтін мәтіндердің мәнді көлемін беттеу үшін қолданылады. Ондай мәтін ақпаратты беру үшін арналған және алдымен оның оқылу жеңілдігі және жеткізілуі маңызды.
Сorel Draw-та қарапайым мәтін енгізбес бұрын, ол бетте орналасатын орынды сызып қою керек. Ол үшін мынаны орындау қажет:
Мәтіндік жұмысқа арналған құрал (Мәтін) пішімдеуге, параметрлерін өзгертуге, жеке үзінділерді түзетуге және т.б арналған. Shape (Пішін) құралы арқылы интерлиньяж, әріпаралық және сөзаралық интервалдарды өзгертуге, әр түрлі кернирлеуді орындауға және жеке символдарға еркін параметрлерді меншіктеуге болады.
Фигуралық мәтін арнайы әсерлердің қолданылуымен: сығу, бұрмалау, көлеңке құру, графикалық объектілер бойында орналастыру және т.б көп емес мәтіндік үзінділерді (тақырыптарды, биәріп (буквица) және т.б) құруда қолданылады. Берілген жағдайда мәтін безендіру элементі болып табылады.
Фигуралық мәтінді енгізу өте қарапайым. Құрал –саймандар тақтасынан Текст (Мәтін) құралын таңдаңыз және беттің кез-келген жерінде тышқанды шертіңіз. Шерту орнында мәтін енгізуге болатын мәтіндік меңзер пайда болады.
Мәтінді пішімдеудің ортақ командалары кәдімгі мәтіндік процессордікі сияқты.
Мәтіндік процессорларда мүмкін емес, пішімдеудің айырықша функцияларын қарастырамыз. Форма (Пішін) құралының көмегімен жеке символдарды пішімдеуге болады. Егер фигуралық мәтінді осы құралдың көмегімен ерекшелесек, онда оның базалық сызығының деңгейінде әр символдың сол жағында қисықтың түйінін еске түсіретін кішкентай ақ шаршылар пайда болады. Егер сәйкес символдағы түйінге тышқанмен шертсек, онда қасиеттер тақтасында тек қана осы әріптің қасиетін өзгертетін командалар батырмалары пайда болады.
Жалпы жағдайда фигуралық мәтін көп деңгейлі біріктірілген объектіні көрсетеді. Фигуралық мәтіннің блогы бірінші айырудан кейін әр қайсысы жолға сәйкес келетін фигуралық мәтіндердің жиынтығына айналады. Жолдарды айыру сөздердің жиынтығын, сөздерді айыру-символдардың жиынтығын береді (Arrange/Break Apart (Монтаж/Айыру)).
14 сурет
Мәтінді тікелей жиектің траекториясына енгізу үшін Text (Мәтін) құралын қосып, жиекке меңзерді апарып, және тышқанның батырмасын басу керек. Мәтіндік меңзер пайда болғаннан кейін мәтінді енгізуді бастауға болады.
Динамикалық байланысқан объектілерді басқару (мәтінмен және қисық) экранға Window/Dockers бір атаулы командалық меню арқылы шақырылатын Fil Text to Path тақтасының көмегімен іске асады. Place on other side (Басқа жағында орналастыру, Поместить на другой стороне) батырмасы мәтінді жиектің басқа жақ бойында орналастыруға арналған.
Символдар. Символдарды Webdings қарібін таңдап, Symbols and Special Characters/Символдар және арнайы белгілер докерін пайдаланып, суреттеме ретінде де, фон ретінде де, символ ретінде де қолдануға болады (ол Windows’98 құрамына кіреді).
Символ ретінде- Мәтін құралын, қою нүктесін орнатып, символға екі рет шерту қажет.
Сурет ретінде- оны докер терезесінен құжат терезесіне жылжыту керек.
Символдардан құралған өрнектерді – Докер менюінен Символдардан құралған өрнек немесе Символдар/ арнайы символдар мозакамен қосқышын орнату, өрнек элементтерінің арасындағы ара қашықтықты беру, символды блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына немесе бетке жылжыту қажет:
Мәтіндік жақтаулар мен жиектерді байланыстыру үшін абзацтық мәтіннің мәтіндік жиектің жоғарғы және төменгі шекарасында орналасқан белгілегішті қолдану қажет. Pick құралының көмегімен мәтіндік блокты ерекшелеу керек, содан соң белгілегішті шерткенде меңзерді «көрсеткіші бар бетке» айналдырады. Осындай меңзерді графикалық объектіге немесе ашық жиекке немесе басқа бір мәтіндік жақтауға орналастырғанда ол өзінің пішінін шертуі объектіні немесе байланысқан мәтіндік блок ретіндегі жиекті бекітетін көрсеткішке өзгертеді көрсеткішке өзгертеді. Егер «көрсеткіші бар бет» түріндегі меңзерді беттің бос орнында шертсек, онда автоматты түрде ағымдағы беттің өлшеміндей жаңа теру аймағы құрылады. Осы меңзердің көмегімен қажетті өлшемде терудің жаңа жолағын сызуға болады.
Байланысқан мәтіндік блокты ерекшелеу кезінде экранда мәтінмен қиылысудың (перетекание) бағытын көрсететін көрсеткіш шығады. «Перетекание» функциясы мәтіндік блоктарды әр түрлі беттерде орналастыруда қолайлы. Жұмыс үрдісінде мәтін ағынының бағытын бір объектіден келесісіне өзгертуге болады. Абзацтық мәтіннің байланысқан блоктарын пайдалану кезінде бағдарламада мәтінді пішімдеудің ыңғайлы басқару қарастырылған. Байланысты үзу үшін Arrange (Басқару) менюінен Separate (Бөлектеу) командасын таңдау керек.
Графикалық объектілерді мәтінмен сүйірлеу. Объектіні сүйір түрінде объектіде орналастырып және тышқанның оң жақ батырмасын басып, Wrap Paragraph Text (Абзацтік мәтінмен сүйірлеу) командасын орындап сүйірленген түрінде белгілеуге болады. Және құралдық жолда тура сол сияқты команда бар. Объектілер мен мәтіннің арасындағы қашықтықты өзгертуді төмендегідей етіп өзгертуге болады: объектіде тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет, содан кейін Properties (Қасиет, Свойства)→ Object Property (Объектінің қасиеті, свойства объекта) тақтасында General (Жалпы, Общие) қосымшасын ашу және Text wrap offset (Мәтінмен сүйірлеуді ығыстыру) өрісінде қажетті мәнді орналастыру.
3 тарау CorelDraw
Бақылау сұрақтары
Қарапайым векторлық объектілерге күрделі немесе керісінше күрделіден қарапайым объектілер құрастыратын командалар жатады. Combine (Комбинировать) командасы. Arrange (Басқару) менюінде Combine командасында Break Apart (Разбить комбинацию). Бұл командалардан басқа Shaping (Пішінінің өзгеруі) атауымен Docker типіндегі тақтада топтастырылған тағы да үш команда көрсетілген. Олар: Weld (Біріктіру), Trim (Шығару), Intersection (Қиылысу).
Күрделі векторлық әсерлер объектінің пішінін кешенді өзгертуге бағытталған немесе қандай да бір әсерді иммитациялау мақсатында объектілердің жиынтығын құрайтын командалар Effects (Әсерлер) менюіндегі арнайы пунктінде ерекшеленген. Барлық әсерлер сол және басқа көрсеткіштегі деформацияға негізделген.
4.1 Фигуралық қиық (Power Clip)
Corel Draw-да фигуралық қиық деп орындалу барысында объект немесе суреттің объектілер жиынтығы басқа объект жиегінің ішінде орналасса, ал осы жиек үшін қатысатын объектілер бөліктері жасырылатын қабылдауды атайды. Басқа объектіге орналастырылған объектілерді құрамдас деп атау келісілген, ал қиықтың шекарасын беретін объект – фигуралық қиықтың контейнері деп атайды. Аталған команданы орындау үшін екі объектілердің болуы қажет: түрлендірілетін және қажетті контейнер пішінін. Объектіні немесе объектілердің жиынтығын фигуралық қисықтың контейнеріне орналастыру үшін:
а) Таңдау құралымен контейнерге орналасутыруға жататын барлық объектілерді ерекшелейміз.
б) Ерекшеленген объектілерде тышқанның оң жақ батырмасымен фигуралық қиық контейнерінің рөлін ойнайтын объектінің кез-келген нүктесіне апарамыз (онда тышқан көрсеткішінің пішіні өзгереді және оптикалық дәлдеуге ұқсайды)
в) тышқанның оң жақ батырмасын жіберген кезде пайда болатын жанама менюде Power Clipe Inside (контейнерге орналастыру) командасын таңдаймыз.
Әсерлер-Фигуралық қиық-Контейнерге орналастыру көмегімен тура осы сияқты әсерді алуға болады. Команданы таңдағаннан кейін экранда контейнер үшін тағайындалған объектіні шертуге арналған көлденең көрсеткіш пайда болады. Оған таңдау алдындағы барлық ерекшеленген командалар объектілері кіреді.
Effects (Әсерлер) менюінде Envelope (қабыршық, оболочка) қабыршық командасы. Кез-келген объектілерді – шектеуші және деформатор ретінде пайдаланатын еркін тұйық жиекке орналастыруға арналған. Егер Interactive Enfolope (интерактивті қабыршық немесе айнала қоршау) құралын қоссақ және онымен объектіні ерекшеленгенде, онда оның маңында белгілегіші бар тіктөртбұрыш пайда болады. Белгілегіштерді жылжыту тәсілі қабыршықтарды түзетудің төрт тәртібінің (режим) біреуіне байланысты:
а) Straight Line (түзу сызық бойынша)
б) Single Arc (доға бойынша)
в) Double Arc (қос доға бойынша)
г) Unconstained Mode (еркін режим) Пішін құралының көмегі сияқты қабыршықтың жиегін түзетуге мүмкіндік береді.
Add Preset (Дайын қабыршақты қосу) батырмасы үлгі тізімдерін шығарады, үлгілердің біреуін таңдағаннан кейін оны өзгеріссіз қабыршақ түрінде немесе шектеусіз түзетудің негізі ретінде пайдалануға болады.
4.3 Қадамдап өту
Effects (Әсерлер) менюіндегі Blend (Қадамдап өту) командасы бір объекті пішінінің екінші объект пішініне қадамдық өту барысында аралық объектілердің жиынтығын алуға арналған. Бұл әсерлерді жаңа пішін алу үшін және сондай-ақ формалардың бір тең өлшемде қадамдап өтуінің перспективті азаю иллюзиясын құруға пайдалануға болады.
Бұл әсер үшін ең бөлшекті параметрлер бір атаулы батырмалардың көмегімен бейнеленетін төрт қосымшасы бар: Steps (Қадамдар), Acceleration (‡деу), Color Direction (түске айналу), Miscellaneous (Әр түрлі) Docker типіндегі тақтада рұқсат етілген.
Interactive Blend (Интерактивті қадамдап өту) құралы қадамдық өтудің топтарын құруға, түзетуге арналған. Құралды қосып, оның меңзерін бастапқы объектіге орналастырып, тышқанның батырмасын басып тұрып және соңғы объектіге штрихтелген сызықты созу керек. Нәтижесінде ағымды параметрлерімен қадамдап өтудің топтары құрылады.
Құрылған қадамдап өтуді ерекшелегенде экранға түзету белгілегіштері шығады:
Effects (Әсерлер) менюінен Extrude (Экструдирование) командасы басқару мағынасында да, нәтиже мағынасында да өте күрделі әсерді ұсынады. Бұл әсердің негізі бұл бағдарлама ерекшеленген объектіге жанама жазықтықтар қосады, сондай-ақ көлемді объектіні көруге мүмкіндік құрады. Interactive Extrude (интерактивті сығу) құралын қосу, курсорды объектіге орналастырып, тышқан батырмасын басып және штрихталған сызықты экструзия бағытына қарай созу керек, ал тышқан батырмасын босатқандағы нүкте түсу нүктесі (точкой схода) болып таьылады (крестикпен белгіленеді). Сызықта сырғытпа орналастырылады, ол экструзияның тереңдігін өзгертеді.
Interactive Distortion (Интерактивті деформация немесе шығару) «өткір деформацияны» құмарларға арналған, сондай-ақ, оның көмегімен объектілер түгел танымастай етіліп түрленеді. Бұрмалаудың үш түрі:
Жаңа құрама объектіде басқарушы рөлін ойнайтын, бұрынырақ құрылған құрылымдық объектіден (эктрузия лар денелері, қадамдап өту, көлеңкелер, ореола және т.б) басқа объектіге әсерлерді көшірудің арнайы нұсқасы әсерлерді клондау деп аталады. Бұл жағдайда клон элементі болып барлық құрылымдық объект емес, ал оның бағынушы объектілерінің басқарушы параметрлері болады. Көлеңке әсерін клондау үшін объектіні ерекшелеп, Әсерлер/Клондау/ Көлеңке меню командаларын таңдаңыз (және қалың көрсеткішпен көлеңкеге шертіңіз). Клонның жаңа элементі басқарушы объект сияқты, тура сондай көлеңкеге ие болады.
4 тарау CorelDraw
Бақылау сұрақтары
Corel Draw-та белгілеу үшін бағыттауыштар қолданылады. Бағыттауыштарды қолдан орнату үшін сілтемені тігінен немесе көлденең сызғышқа апарыңыз және тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Сілтемені жұмыс беті жаққа қарай апарыңыз. Ол шексіз ұзындықтан тұрады, тек үзінді ғана көрінеді. Белсенді бағыттауыштардың түсі-қызыл, белсенді емес-қара. Бағыттауыштарға қайтадан шерткенде басында және соңында оның көрінетін бөлігінде иілген екібасты көрсеткіштер, ал орталық бөлігінде- нүктелі дөңгелек пайда болады. Бұл элементтер манипуляторлар деп аталады. Егер иілген екібасты көрсеткішке басып және сілтемені керек жаққа қарай жылжытсақ, бағыттауыш ортаңғы манипуляторға қатысты еңкейеді. Бағыттауыштарға екі рет шертсе Қасиет диалогтік терезесін ашады, онда бағыттауыштың еңкею бұрышы және координаталар үшін сандық мәндерін қоюға болады.
Қабат деп объектілер қарапайым түрде орналасатын мөлдір жазықтықты айтамыз. Corel Draw бағдарламасында құрылатын әрбір құжатта үнсіз келісім бойынша төрт қабат болады: бір қабат-бейнелеу (Layer 1), тор үшін арналған қабат (Master Gride), бағыттауыштар үшін арналған қабат (Master Grides), және «жұмыс столының» қабаты (Desktop).
Қабаттармен орындалатын барлық операциялар Windows / Doskers (Терезелер/ Dosker типіндегі тақта) меню командасы арқылы экранға шақырылатын Object Manager (Объектілер диспетчері) тақтасы арқылы іске асады. Жаңа бейнелеу қабаты Объектілер диспетчері тақтасының жоғарғы бөлігіндегі New Layer (Жаңа қабат) батырмасы арқылы құрылады. Қабатқа ат берілгеннен кейін, оны Rename (Қайтадан ат беру) командасы арқылы өзгертуге болады.
Қабат пиктограммасының жанында оның атрибуттарының пиктограммалары бар:
- «Көз» пиктограммасы қабат көрінуінің атрибутын басқарады. Егер қабат көрініп тұрса- пиктограмма қара, ал көрінбесе-сұр болып тұрады.
- «Принтер» пиктограммасы баспа атрибутының белгісі. Егер қара болса, онда принтерден құжаттарды шығарғанда объектілер басылып шығады, егер сұр болса-басылмайды.
Қабаттардың тәртібін өзгерту арқылы объектілер жиынтығына басқару жасау жеткілікті. Ол үшін Объектілер диспетчері тақтасынан ерекшеленген қабаттың жолын ұстап алып және оны қабаттар "ізінде" («стопке») жоғары және төмен жылжыту қажет.
Көп беттік құжатта композицилық бірлік әрбір беттегі элементтердің немесе қандай да бір беттердің жиынтығының қайталануынан құрылады. Жанама менюдің шебер-қабаты кез-келген қабатты мастер қабатқа айналдыра алады. Оның тағайындауы мынада, онда орналасқан барлық объектілер құжаттың барлық беттерінде көрінетін болады.
Әр түрлі қабаттарда орналасқан объектілерді бір қабаттан келесісіне орналастыруға және көшірмесін алуға болады. Осы мақсатқа Move To Layer (Қабатқа орналастыру) және Copy To Layer (Қабатқа көшіру) командалары арналған. Команданы орындап болғаннан кейін, экранға тағайындау-қабаты атына сілтеу қажет болатын арнайы көрсеткіш шығады.
Стилдер жүйесі барлық дамыған графикалық және мәтіндік қосымшаларда болады. Стиль-объектілер атрибуттарының жиынтығы. Мысалы, Word мәтіндік редакторында қызыл жол немесе символ үшін қаріп, қаріп өлшемі, кескін, түс, табуляция жағдайын бір сөзбен айтқанда-стилді анықтауға болады. Стил жасалынғаннан кейін ол құжатта сақталады. Стиль қызыл жолға немесе символға қолданылады, және олар барлық берілген мінездемелерді қабылдайды. Яғни уақытты үнемдейді, түзетудің оншақты операциясының орнына бір ғана стилді берумен орындауға болады. Corel Draw-та стилдердің үш негізгі типі бар: графика стилі, фигуралық мәтіннің стилі және қарапайым мәтіннің стилі. Стилдің құрамына объектілердің әрқайсы түрінің негізгі атрибуттары кіреді. Фигуралар үшін стилде түс және құю типін, абрисін беруге болады. Фигуралық мәтін үшін осы атрибуттардан басқа қаріп және оныңкескінделуін, қызыл жолдарды туралау, интервалдар-яғни фигуралық мәтіннің барлық атрибуттарын беруге болады.
Corel Draw-та стилдермен басқару мәтін және графика стилдері докерінде шығарылады. Стилдер үнсіз келісім бойынша автоматты түрде басқа стилге арнайы тағайындалмаған барлық объектілерге меншіктеледі.
5.4 Түстік модельдер
Сorel Draw бағдарламасында объектілерге түстік параметрлерді беру үшін есепке байланысты бірнеше түстік модельдерді пайдалануға болады. Түстік модельдердің негізіне түстің синтезінің екі типі-сәулеленудің (жарық сәулесі) араласуын сипаттайтын аддитивті, және орталардың бояу араласуын сипаттайтын субтрактивті. Бұл дегеніміз соған байланысты олардың негізінде әр түрлі физикалық үрдістер жатыр. Синтездің аддитивті тәсілі түстерді өлшеуде, сканерлеуде, монитор экранында көріну (бейнелену) үшін қолданылады. Синтездің субтрактивті тәсілі түрлі-түсті фотосуреттерді, түрлі-түсті баспаларды және полиграфияларды өндіруде пайдаланады. Түстердің саны орасан зор, бірақ олардың ішінен негізгі болып саналатын үшеуі ерекшеленген: қызыл, жасыл, көк. Екі негізгі түсті араластырғанда нәтижелік түс жарықтанады: қызыл мен жасылдан сары түзіледі, жасыл мен көктен – көкшіл, көк пен қызыл- қара қошқыл түсті береді. Егер де үш түстің барлығы араласса, нәтижесінде ақ түс түзіледі. Мұндай түстің моделі аддитивті болып табылады, ал үрдіс аддитивті синтез деп аталады.
Негізінде аддитивті синтез жатқан модель RGB түстік моделіне ие болады-ағылшын сөздерінің бірінші әріптері бойынша Red (қызыл), Green (жасыл), Blu (көк). Егер де үш түстің барлығы араласса, нәтижесінде ақ түс түзіледі. Әр түрлі пропорциядағы базалық түстерді қосып әр алуан түрлерді (реңктерді) алуға болады. RGB моделінде құрылымның саны 0 ден 255 дейін өлшенеді.
CMYK түстік моделі. Боялған жарық емес (жарықтандырылмаған) объектілер оларды жарықтандыратын ақ түстің спектрінің бөлігін жұтады. Оларды сипаттау үшін CMYK түстік моделі пайдаланылады. CMYK-тағы түстер субтрактивті деп аталады және ақ түстен негізгі RGB түстерін алып тастағанда түзіледі. Негізгі түстер де үшеу: көгілдір (ақтан қызылды алу), қара қошқыл (ақ алу жасыл), сары (ақ алу көк). Субтрактивті құрауыштарды араластырғанда аса қою түсті береді. Барлық үш базалық түсті араластырсақ қара түс пайда болады. Полиграфияда баспаның сапасын жақсарту үшін негізгі бояулардың санына қосымша қара түс қосылған. CMYK моделі, C-Cyan (көгілдір), M-Magenta (қара қошқыл), Y-yellow (сары), ал K-бұл BlacK (қара), яғни сөздің бірінші емес, соңғы әрпі алынған. Бұл әріптің пайда болуының басқа түсіндірмесі-Key сөзінен – «негізгі салынатын түс».
Түсті сипаттаудың көптеген тәсілдері бар. Екі қарастырылған түс аса маңызды, өйткені жиі қолданылады. Бірақ та CMYK моделі монитор экранынан дәл емес жеткізіледі, ал RGB моделінің түстерін елестету қиын. Келесі модель екеуінің қалдықтарынан босатылған.
Белгіленген құрылғылармен (көзбен, фотоаппаратпен, монитормен, басатын станокпен, сканермен және басқалармен) бейнеленген немесе қабылданатын түстер-түстер диапазоны немесе түстік қамту. Ол әр түрлң құрылғылар үшін және әр түрлі түстік модельдер үшін әрқилы. RGB- компьютерлік дизайнның негізгі моделі.
01 10 2014
6 стр.
Оқу құралы электрохимия курсын оқыту барысында химия, биология, технология және экология мамандығы бойынша жоғарғы курс студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға арналған
30 09 2014
7 стр.
Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі
29 09 2014
4 стр.
Оқулықтар, оқу құралдары және дәріс конспектісі бойынша дәріс сабақтар-ында өткен материалдарды дайындау
13 10 2014
1 стр.
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған
24 09 2014
1 стр.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған
15 10 2014
1 стр.
«Қаржылық ұйымдардағы қаржылық бақылау және аудит» пәні бойынша 050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне сырттай оқу түрінде оқитын бақылау жұмысын орындауға арналған
25 12 2014
1 стр.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.