Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6

Көпбұрыш (Poligon) құралы. Бұл жақтарының саны берілген геометриялық объект. Көпбұрыштардың нұсқасы дөңес көпбұрыштың ауданын қиылыса отырып, нүктелері бірігетін жұлдызша болып табылады. Құрылу үрдісі жоғарыда көрсетілгендей. Ctrl пернесін басып тұрып, дұрыс көпбұрыш құруға болады. Number of points/sides (төбелер/жақтар саны) өрісінде тіктөртбұрыш үшін төбелер басы (жақтар) санын немесе 3-тен (жұлдыз үшін 5-тен бастап) бастап 500-ге дейінгі мөлшерде анықтайды. Sharpnes (төбелер басының өткірлігі) жұлдыз төбесінің өткірлік дәрежесін шартты бірлікте анықтауға мүмкіндік береді. Көпбұрыш (Poligon) және Жұлдыз (Star) ауыстырғыштары көпбұрыштың типін таңдау қызметін атқарады. Құлып түріндегі белгіше тақтадағы орнатылған мәліметтерді бекіту қызметін атқарады.

Спираль (Spiral) құралы. Шиыршық саны мен анықталған радиуспен үздіксіз қисық түріндегі геометриялық объект-спираль құру үшін арналған. Corel Draw-та спиральдың екі түрі: симметриялық (Symmetrical) және логарифмдік (logarithmic) ұсынылған. Симметриялық спиральда шиыршықтар арасындағы ара қашықтық тең шамалы, ал логарифмдікте ара қашықтығы үдемелі көбейеді, онда мәні Кеңейту (Расширение/expansion) өрісінде 1 ден 100-ге дейінгі аралықта белгіленеді. Айналым саны (Number of revolution) 1 ден 100 –ге дейінгі мөлшердегі спиральдың шиыршық санын анықтайды.

Диаграммалық тор (Graph Paper) құралы торды, яғни тіктөртбұрыштардыңң жиынтығын тез құруға рұқсат береді. Атрибуттар тақтасында құралатын тордың жол және бағаналар саны енгізіледі. Осы құралмен объект топ болып табылатынын есте ұстаған жөн. Сондықтан тіктөртбұрыштың жеке пішімін Ctrl пернесін бірге басып тұрып немесе Басқару (Управление, Arrange) менюінің Топтауды алу (Разгруппировать, Ungroup) командасы орындалғаннан кейін барып өзгертуге болады. Тіктөртбұрыштың еркін деформациясы үшін Пішін құралының көмегімен және Басқару менюінің қисыққа конверсиялау (конвертировать в кривые, convert be Curves) командасымен орындау қажет.

2.4 Қисық (CURVE) тобының құралдары

CURVE тобы құралдар тақтасында төмендегі құралдардан: Freehand (Қисық), Bezier (Безье қисығы), Artistic Media (Супер сызық), Demension (өлшемді сызықтар), Connector Line (біріктіретін сызықтар) және Interactive connector (интерактивті біріктіруші) тұрады.

Frehand (Қисық) құралы еркін сызықтарды «қолмен» салуға арналған. Осы құралмен жұмыстың нәтижесінде тірек нүктелері бағдарламаға автоматты түрде қойылатын векторлық жиек алынады. Кез-келген сәтте салынған сызықты әрі қарай жалғастыруға болады. Ол үшін меңзерді соңғы нүктеге жақындату қажет (меңзердің ирең сызықтары көрсеткішке айналады, ол «дәлме-дәл тию» куәгері болып табылады) және тышқан батырмасын басып тұрып, сызықты әрі қарай жүргізуге болады.

Осы құралдың көмегімен түзу сызықтарда салынады. Ол үшін бастапқы және соңғы нүктесінде шерту жеткілікті. Ctrl пернесін басып тұрып сызықтың еңкіш бұрышы үнсіз келісім бойынша 15 градус дискреттілікпен шектеледі.

Шешімдер:


  • Frehand (қисық, кривая) құралымен жұмыс кезінде қисықтың түйіндер мен сегменттері автоматты түрде құрылады;

  • Құрылған түйіндердің көпшілігі сыну нүктелерін көрсетеді;

  • Құрылған сегменттердің көпшілігі қисық сызықты.

Bezier (Безье) құралдары. Олардың көмегімен лездік ұтымдылықпен кез-келген жиек құруға болады. Қарапайым графикалық элементі түзу сызық болып табылады. Құрал меңзерін қажетті жерге жылжытып және тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы түзу сегментті еркін көпбұрыш алуға болады (2-сурет).

Суретті аяқтау және жиекті ашық қалдыру үшін Pick (бағыттағыш немесе таңдау) құралын іске қосу керек. Бос орын пернесін қолдануға да болады. Суретті аяқтау және жабық жиек алу үшін меңзерді бастапқы нүктеге жылжыту қажет және сол сәтте бағыттағыш пайда болғанда тышқанның батырмасын шертеміз.

Бірнеше сегменттерді тірек нүктелерге біріктірудің үш типі болуы мүмкін:


  • екі қисықты бүгіліске (изгиб) біріктіретін тірек нүкте бұрыштық тірек нүкте деп аталады (Cusp node). Басқарушы сызықтар бағыты бойынша да, ұзындығы бойынша да бір-бірімен тәуелсіз.

  • Тірек нүктеге бүгіліссіз біріктірілетін екі қисықты тегіс тірек нүкте деп атайды (Smoth node). Мұндай тірек нүктелердің басқарушы сызықтары (рычагтары) мөлшері бойынша тәуелсіз, ал бағыты бойынша олар жалпы жанама болатын түзу сызықты құрайды (4-сурет).

  • Бүгіліссіз және біркелкі қисықтықпен екі қисықты біріктіретін тірек нүктені симметриялық тірек нүкте деп атайды (Symmetrical node). Мұндай тірек нүктелердің басқару сызықтары бір-бірімен бағыты бойынша да, мөлшері бойынша да бірбірімен байланысты болады (5-сурет).

2 сурет 3 сурет



4 сурет 5 сурет

Қисық сызықты сегменттер салу. Құралды қосып, меңзерді бастапқы нүктеге жақындатып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып тартамыз. Пайда болған тірек нүктелерден басқарушы сызықтар ілгері жылжиды. Басқарушы сызықтардың өлшемі мен еңкіш бұрышы осы нүктеге енетін сегменттің қисығын анықтайды.

Сонымен қатар келесі тірек нүктелерін алады және сызықтың қисықтығын анықтайды.

‡нсіз келісім бойынша жаңа тірек нүкте тегіс болып құрылады. Бұрыштың тірек нүктесіне «қосылу» үшін, «С» («Cusp» сөзінен) пернесін басу қажет, ал қайтадан тегіс тірек нүктеге келу үшін «S» ( «Smooth» сөзінен) пернесін басу қажет.

Alt пернесін басып тұрып ағымдағы тірек нүктені басқа жағдайға орналастыруға болады.

Қисықтарды құру ережесі. Қисықтың дөңес сегментін алу үшін бірінші басқару нүктесін ұйғарылатын дөңес жағына, ал екіншісін- қарама-қарсы жаққа орналастыру қажет. Егер екінші нүктесін сол жаққа қарай орналастырсақ, онда S-үлгілі қисық алынады (6-сурет).

Жеткілікті күрделі жиек алу үшін тірек нүктелерді неғұрлым аз қолдану керек (7-сурет).



6 сурет 7 сурет

Тірек нүктелердің қолдану ережелерін атап өтейік:


  • бір бағыты бар қисық үшін 120 градуспен таяу жалғыз тірек нүктесі қажет;

  • өзінің бағытын бірқалыпты өзгертетін қисық үшін екі тірек нүкте қажет (басы және соңында);

  • өзінің бағытын бұрыштың астында өзгертетін қисық үшін әрбір майыстыру нүктесінде тірек нүкте қажет.

Artistic Media (супер сызық). Бұл құралдың ерекшелігі оның жұмысының нәтижесі немесе сол және бсқа кескіндеме әсерді еліктейтін объектілер жиынтығы немесе жиек бойына орналасатын объект болып табылады. Бұл құрал бір-бірінен құрылу тәсілдерімен ажыратылатын бірнеше тәртіппен жұмыс істейді. Жұмыс тәртібін таңдау атрибуттар тақтасы көмегімен орындалады:

  • Preset (дайындау, заготовка) дайын үлгіде өзінің жуандығын өзгертетін объектілерді құруды қамтамасыз етеді (тамшы, клинь және т.б түрінде);

  • Brush (бояу жаққыш, кисть) тәртібі мәтін немесе күрделі түрде және еркін түрдегі сәндік жағымдарды (мазки) құруды қамтамасыз етеді;

  • Object Sprayer (Объектілерді шашқыш, распылитель объектов) режимі бірнеше тәсілдермен траектория бойына әр түрлі графикалық элементтерді орналастыруды қамтамасыз етелі. Бұл күрделі жиектерді, гирлянд, сәнді жолақтар және т.б құру үшін бағытталған.

  • Calligraphic (Каллиграфия, көркем жазу) салу сызығына анықталған кең бояу жаққышпен немесе қауырсынмен (перо) сурет салу сияқты объектілерді құруды қамтамасыз етеді;

  • Pressure (нажим, басып жазу) пернетақтада ерекше пернелер комбинация ықпалымен өзінің жуандығын өзгертетін штрихтарды құруды қамтамасыз етеді.

Dimension құралдар тобы (өлшемдік сызықтар) сызбалар мен схемалармен жұмыста өзінің бейнелегіш объектілерінен басқа дұрыс және нақты салынған өлшемді сызықтар негізгі рольді ойнайды. Бағдарламада өлшемді сызықтарды құратын алты құрал қолданылады: Auto Dimension (Автоматты өлшемді сызық), Vertical Dimension (тік өлшемді сызық), Horizontal Dimension (көлденең өлшемді сызық), Slanted Dimension (еңкіш өлшемді сызық), Callout (выноска, шығару), Angular Dimension (бұрыштық өлшемдік сызық). Кез-келген сызықты өлшемді сызықты құру – үш кезеңнен тұратын үрдіс (8-сурет).

  • бірінші шерту өлшемді сызықтың бастапқы нүктесін бекітеді;

  • екінші шерту өлшемді сызықтың соңғы нүктесін бекітеді;

  • үшінші шерту нүктеге дейінгі жазуы бар меншікті өлшемді сызықта ара қашықтықты бекітеді.

Бұрыштық өлшемдік сызық еркін бұрыштық мәнін радианмен және градуспен бейнелеу және өлшеу үшін қолданылады.

Құрылу үрдісі 4 кезеңнен тұрады (9-сурет):



  • алғашқы шерту бұрыштың бастапқы нүктесін бекітеді;

  • екінші және үшінші шертулер бұрыш сәулесіндегі нүктелерді бекітеді.

  • Төртінші шерту нүктеден сәуледегі нүктелердің жазуы баршығару, меншікті өлшемі бар ара қашықтықты бекітеді.

Callout (шығару, выноска) құралы жазу түсініктемесі бар немесе кез-келген басқа мәтіндік блогы бар объектінің белгіленген нүктесін біріктіретін сызықты құруға арналған. Екі сегментті шығаруды салу үшін бірінші шерту объектінің тірек нүктесі байламмен, содан кейін екінші шерту майыстыру нүктесінде және соңғы үшінші-мәтіндік меңзердің бар болуын куәландыратын мәтіннің бастапқы жолдарында орындалады.

Connector Line (біріктіретін сызық) құралы екі объектіні байланыстыратын және бұл байланысты объектілердің кез-келген жылжытулары мен трансформацияларында сақтайтын біріктіретін сызықты құруға қажет. (11 сурет).



8 сурет 9 сурет



10 сурет 11 сурет

Interactive Connector (интерактивті байланыстырушы) әр түрлі блок-схемаларды құру үшін арналған. Connector Line байланыстырушы сызық құралынан айырмашылығы берілген құрал тік және көлденең сызықтарды құра алады. Осыдан кейін бастапқы объектілерді ауыстыруда тірек нүктелеріне байлау сақталады (12 cурет)



12 сурет


2.5 Объектілерді ерекшелеу

Pick (көрсеткіш) құралы. Объектілерді ерекшелеу тәсілдері:

- жеке объектіні шерту арқылы ерекшелеу оңай (құйылған объектіде-объектінің кез-келген жерінде, құйылмаған-объектінің жиегінде). Бірнеше объектілерді шерту арқылы ерекшелеу үшін Shift пернесін басу қажет;

- объектіні штрихталған ернеумен (рамка) қоршау арқылы ерекшелеуге болады;

- объектілерді ерекшелеу үшін пернетақтаны қолдануға болады;

- Tab пернесін әрбір басу объектілерді ерекшелейді;

- Барлық объектілерді ерекшелеу үшін менюдің Edit-Selected all (Түзету/Бәрін ерекшелеу) командасын орындау керек. Тура осындай нәтижені Pick құралының батырмасына екі рет шерту арқылы алуға болады.

Есте сақтау пайдалы: Pick құралын басқа құралдармен жұмыс істеу кезінде белсендіру үшін «бос орын» пернесін басу жеткілікті.

Pick құралымен жұмыс істеу кезінде пайда болатын белгілегіштер (маркерлер) ерекшелеудің куәгері ғана емес, басқа да мақсаттарда қолданылады.

Белгілегіштердің көмегімен ерекшеленген объектілерді масштабтауға болады. Бүйір белгілегіштер-пропорционалды емеске, ал бұрыштық-пропорционалды масштабтауға арналған.

Ctrl пернесі объектілерді әр түрлі бүтін сандарға (2,3 және т.б) ұлғайтуға апарады.

Қайтадан ерекшелеуде белгілегіштер көрсеткіш пішінін алады.

- бұрыштық көрсеткіш көмегімен шартты түрде нүктелері бар дөңгелек түрінде көрсетілген осьтер маңы бойынша айналады. Бүйір көрсеткіштер объектіні тігінен және көлденеңінен еңкейту үшін қажет.



2.6 Объектілерді өңдеу

Объектілерді көшіру. Corel Draw бағдарламасында объектілерді көшірудің бірнеше тәсілдері бар:

а) Duplicate (Қайталану, дублировать) командасының көмегімен;

б) Clone (Клонировать) командасының көмегімен;

в) Алмасу буферін қолданумен

г) Егер ерекшеленген объектінің көшірмесі оның жоғарғы жағында орналастыру керек болса, онда көмекші пернетақтадан + пернесіне басу жеткілікті.

д) Егер объектінің көп көшірмесін құру және оларды анықталған траектория бойында орналастыру қажет болса, онда объектіні ерекшелеп және «бос орын» пернесін басып тұрып, оны алып бару керек.

Түзету- Қайталану (Правка - Дублировать) объектінің бір көшірмесін бір мезгілдеара қашықтыққа жылжытады. Ол үшін бөліміндегі Options (Параметрлер) диалогтық терезесіндегі Duplicate placement (дубликаттарды орналастыру, размещение дубликатов) өрісінде анықталады. Бұл команда мүмкін болатын барлық сызықты ою-өрнектер мен үнемі қайталанатын элементі бар кез-келген бейнелерді құру үшін пайдалы құрал болып табылады.

Дубликат бастапқы объектінің барлық параметрлерін «еншіленеді» және осыдан кейін онымен байланыс үзіледі. Ал Clone (Клонировать) командасы қосарландырып қана қоймай, оны ығыстырады, бірақ бастапқы объект («шебермен» ) пен жаңа объект («клонмен») арасында байланыс сақталады. Шебердің барлық өзгертулері автоматты түрде клонда қайталанатын болады. Бұл байланыс клонның өзінде қандайда бір параметрлері өзгермейінше сақталатын болады.

Берілген шеберге қатысты барлық клонды іздеу үшін сілтегішті (указатель) осы объектіге жылжытып және тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама менюде Select Clones (клондарды ерекшелеу) командасын орындау керек, ал көрсетілген клон үшін шеберді іздеу үшін жанама менюдегі Selected Master (Шеберді ерекшелеу/Выделить мастер) командасы арналған.

Edit (Түзету, Правка) менюіндегі Cut (Вырезать, қиып алу) Copy (копировать, көшіру) және Paste (Вклеить, жабыстыру) командалары алмасу буферін қолдануды мүмкіндік береді.

Объектілерді түрлендіру.

Transformation (түрлендіру) тақтасы Docker типіндегі тақта болып қолданылады, ал олай болса, оны экранда орналастыруға және қажеттілік өлшемі ретінде келесі барлық функцияларды қолдануға болады:


  • Position (орналастыру, расположение) батырмасы- объектілерді жылжытады, Н (көлденеңінен) және V (тігінен) өрістерінде қажетті меңзерді орнату және Apple (Приминить, қолдану) батырмасын басу керек;

  • Rotation (вращение, айналу) батырмасы объектілердің айналуы, Angle (Бұрыш) өрісінде қажетті меңзерді орнату және Center (ортасы) өрісінде айналу нүктесін анықтау, одан кейін Apply (Приминить, Қолдану) батырмасын басамыз, егер дубликатты- Apply to Dublicate;

  • Relative Center (ортасына қатысты) жалауша жағдайы-Ортасы өрісінде анықталған айналу нүктесіне қатысты немесе қосымша өрісте анықталған қосымшаның қандайда бір нүктесіне қатысты айналуды қамтамасыз етеді;

  • Scale & Mirror (масштабтау және бейнелеу) батырмасы-объектілердің масштабтайды және бейнелейді. Масштаб Н (көлденеңі бойынша) және V (тігінен) өрісінде. Mirror (Бейнелеу) өрісіндегі екі батырма көлденең және тік өстерге қатысты айналы бейнелеуін қамтамасыз етеді;

  • Size (өлшем) батырмасы-объектінің өлшемін анықтау;

  • Skew (еңкіш, наклон) батырмасы-объектіні еңкейту. H жәнеV өрістерінде объектінің еңкеюін градус мәнінде енгізеді. Егер Use Anchor Point қосымша нүктесін қолдану жалаушасы орнатылса, онда қосымшаның сегіз нүктелерінің бірі еңкеюге қатысты мүмкіндігі туады.

2.7 Объектілерді реттеу және туралау

Туралау деп барлық ерекшеленген объектілердің анықталған нүктелері бір түзуде жайғастырылған түрдегі орналастыруды айтамыз.

Координаталық торлар және бағыттаушыларды қолдану объектілерді жоғары дәлдікпен туралайды, бірақ бұл үшін көптеген қосымша операциялар қажет.

Corel Draw-та Arrange-Align and Distribute (Ретке келтіру-туралау және реттеу, Упорядочить-Выровнять и распределить) командасы және атрибуттар тақтасында Align (Выровнять, туралау) батырмасы қарастырылған. Осы команданың көмегімен тігінен немесе көлденеңінен ерекшеленген объектілерді ернеудің ортасын немесе шетін автоматты түрде тегістеуге болады. Егер сызықты туралаудың жағдайы тураланатын объектілердің біреуімен берілетін болса, ол соңғы болып ерекшелену керек. Бұл өте маңызды, өйткені ол белгі бойынша Corel Draw ерекшеленген объектілерден туралау сызығын беретінін анықтайды. Жалаушаны көлденеңінен белгілеу: ерекшелеудің жоғарғы белгілегіші (Top), ерекшелеудің ортаңғы ернеуі (Center), ерекшелеудің төменгі белгілегіші (Bottom). Тігінен: сол жақ белгілегіштер (Hft), ернеу ортасын (Center), оң жағын (Right).

Егер таңдалған объектілер баспа бетінің шетімен бірлесу керек болса, онда Edge of Page (бет шеті бойынша) жалаушасын орнатамыз, ол беттің ортаңғы сызығы бойынша- Center of Page (Беттің ортасы бойынша).

Объектілерді реттеу деп ерекшелеу ернеуі мен белгілегіштер арасындағы тең ара қашықтық сақталатын объектілерді орналастыруды айтамыз. Объектілерді автоматты түрде реттеу операцияның басқару элементі Distribute (реттеу) қосымшасындағы Align and Distribute (Туралау және реттеу) диалог терезесінде орналасқан.



  • көлденең жалаушалар тобы ерекшеленген объектілердің көлденең реттеу тәртібін басқарады;

  • жалаушалардың тігінен тобы ерекшеленген объектілердің тігінен реттеу тәртібін басқарады;

  • Distribute То (реттеу) қосқышы екі альтернативаны ұсынады: Extent of Selection (ерекшелеу шегінде) және Extent of Page.

2.8 Объектілер пішінін түрлендіру

Пішін (Shape, Форма) құралы векторлық жиектерді түзетудегі жалғыз құрал болып табылады. Ол кез-келген объектінің пішінін өзгерте алады, бұл тірек және басқару нүктелерін орналастыру, олардың типін өзгерту, тірек нүктелерді қосу және жою сияқты жолмен іске асады.

Пішін (Shape, Форма) құралының көмегімен объектілерді түзету Freehand (Сурет салу), Bezier (Безье), Spiral (Спираль) құралдарымен құрылған жеке сызықтар, қисық сызықты сегменттер жиынтығы объектілер үшін мүмкіндігі бар. Rectangle (тіктөртбұрыш), Ellipse (Эллипс), Poligon (Көпбұрыш) және Text (Мәтін) құралдарының көмегімен құрылған объектілер Форма (Shape, Пішін) құралының әсеріне ұшырайды. Бұл объектілерді «әрбір нүктесіне дейін» түзету үшін Arrange (Басқару) менюінің Convert to Curves (Қисыққа конверсиялау) командасы арқылы қисыққа конверсиялау керек.

Пішін құралының көмегімен объектілерді ерекшеленгенде берілген объектіні барлық тірек нүктелері бейнеленеді, ал құралдың меңзері апарылған тірек нүктесі белсендіріледі. Форма (Shape, Пішін) құралы мәтіндік объектілермен жұмыс істегенде әріп аралық және сөзаралық бос орындарды өзгертуге мүмкіндік береді.

Сегменттермен және тірек нүктелермен жұмыс істеуге қажетті барлық дәстүрлі функциялар Ctrl+F10 пернесінің көмегімен немесе Windows / (Окна/Панели типа Docker, Терезе/ Docker типіндегі тақта) менюіндегі Node Edit (түйіндер редакторы) тақтаында жинақталған.

Ptoperty Bar (Қасиет) құралдық жолы Пішін құралы қосылғанда Node Edit тақтасының барлық командаларын қосарландырады.

Knife (Пышақ) құралы объектілерді бірнеше жеке объектілерге бөлуге арналған. Жиекті түзу сызық түрінде бояу үшін меңзерді бастапқы апарған кезде және меңзер пышақ түрінде тігінен тұрғанда шертуді орындау қажет. Екінші нүктеге «резиналық сызық» тартылады. Екінші шерту тігінен орналасқан пышақ түріндегі бөлуді орындайды. Бөлуді еркін сурет салу тәсілінде де орындауға болады. Ол үшін бастапқы нүктеде шертіп емес, тышқанның батырмасын еркін сызық саламыз. Батырманы жиектердің қиылысқан сәтінде жібереміз.

Объектілерді қосу. Combine (біріктіру) батырмасы атрибуттар тақтасында. Қайтадан жабылған боялған объектілерді біріктіргенде-қайта жабу орнында біріктірілген объектіде мөлдір аймақ саңлау пайда болады, ал объектінің түсі қай объект соңынан ерекшеленгеніне байланысты болады. Егер операция қиылыспайтын объектілерде орындалса, ол біріктіру операциясы сияқты бірнеше тармақтардан тұратын қисықтың қалыптасу нәтижесіцне әкеледі.

Біріктіру. Бірігу операциясы біріккен объектілердің қиылысқан бөліктерін жою және олардың шекараларының үзіндісіне жалпы абристің (тұрпат) сызығы бойынша жаңа шекара құру болып табылады. Weld (Біріктіру) командасының көмегімен немесе құралдық жолдағы батырмамен орындалады. Бірігуді орындау үшін бір немесе бірнеше объектілерді ерекшелеп, одан кейін, Weld Tо...(...бастап біріктіру) батырмасын басып және пайда болған көрсеткіштің көмегімен соңғы объектіні ерекшелеу керек, Құрсаумен құюдың параметрлері нәтижелі объектіге беріледі. Shaping (пішін түзу) терезесі.

Қиылысу. Intersect (Қиылысу) командасының немесе Ptoperty Bar (Қасиеттер) құралдық жолындағы батырмалар көмегімен объектілер мынадай түрде құрмаланады, нәтижесінде қиылысқан барлық объектілердің ауданымен формасысәйкес келетін жаңа объект құрылады. Жұмыс тәсілі Weld (Біріктіру) командасына ұқсас. Shaping (пішін түзу) терезесі.Біріктіру сияқты қиылысу жалпы жағдайда ерекшеленген және көрсетілген екі объектілердің жиынтығымен орындалады. Алайда одан айырмасы қиылысқанда бірнеше объектілер шығуы да мүмкін, себебі жаңа объектілер барлық ерекшеленген немесе көрсетілген объектілердің жұп бойынша қиылысуынан туады. Жаңа объект көрсетілгендердің жиынтығына кіретін объектінің атрибуттарын құю және объектіні құрсаулауын (обводка) иеленеді.

Шығару (исключение) Trim (Шығару) командасының көмегімен көрсетілген объектіде ерекшеленген объектімен қайта жабылған бөлігі жойылады. Shaping (пішін түзу) терезесі. 13-суретте жоғарыда аталған командаларды суреттемелейтін мысалдар келтірілген.

Free Transform (Еркін өзгеру) құралы төрт құралды қосады (айналдыру, бейнелеу, масштабтау, еңкею үшін). Осы құралдарды қосқанда құралдық жолда төрт батырма мүмкін болады: Free Rotation (еркін айналу), Free Angle Reflection (еркін бейнелеу) Free Scale (еркін масштабтау), Free Skew (еркін еңкейту).



Еркін айналу құралы ерекшеленген объектінің немесе объектілер жиынтығының айналу нүктесі болып табылатын шерту орнынан штрихталған сызық шығатын айналу рычагы, оның бағыты айналу бұрышын анықтайтын, ал ондағы меңзердің орналасуы- айналу бұрышының дәлдігін анықтайды.

Еркін шағылысу үшін жұмыс принципі тура осы сияқты, бірақта берілген жағдайда штрихталған сызық осыған қатысты трансформация жүретін шағылу сызығы болып табылатынын ескеру қажет.

зіліс және жиектерді біріктіру. Жиектерді жұмылдыру және ажырату үрдісі қарастырылатын мысалдарда тіктөртбұрыш, эллипс және сынық объектілерін салыңыздар. Оларды кез-келген түстермен құйыңыздар.


  • Тіктөтбұрышты және эллипсті қисықтарға Қисықтарға түрлендіру (Conbert to Curves) Реттеу мәзірі командасымен немесе Қасиеттер тақтасындағы қисықтарға түрлендіру батырмасына шерту арқылы ауыстырыңыздар;

  • Эллипсті Пішін құралымен ерекшелеңдер. Шерту арқылы түйіндерінің біреуін таңдаңдар. Бұл орында жиек алшақ салынған.

  • Тақтадағы жиек үзілісінің тірек сызбалы бейнелеуі бар батырмада (Break Curve) шертіңдер. Эллипс тұйық емес қисыққа айналады. Бұл кезде тұйық емес объектілерге құю жоғалады, өйткені бұл атрибутты жоқ болғандықтан.

  • Эллипстің бір түйінінен қисықтың екі соңғы түйіндері пайда болды. Оларды бір-бірінен тәуелсіз жылжытуға болады.

  • Алшақ салынған жиекті біріктіру үшін бір уақытта қисықтың екі соңғы түйіндерін таңдау қажет.

  • Содан кейін жиекті біріктіру тірек сызбасы батырмасында шертіңіз. Екі түйін қашып кетті, біреуіне құйылды. Бұл кезде жиек тұйықталды. Фигураның құюы размыкание дейінгі сияқты қалпында қалды. Кез-келген жиекті жұмылдыруға және ажыратуға болады.

2 тарау CorelDraw

Бақылау сұрақтары



  1. Атрибуттар немесе қасиеттер тақтасы нені көрсетеді?

  2. Жабысқан терезелер (докерлер) нені көрсетеді?

  3. Модификатор пернелерге қандай пернелер жатады? Олардың қызметі?

  4. Форма құралының көмегімен объектілерді дербес феформациялау үшін қандай команда қолданылады?

  5. Сегменттер және сызықтың түйіндері, олардың түрлері

  6. Объектілерді ерекшелеу тәсілдері

  7. Объектілерді көшіру жолдары

  8. Объектілермен қарапайым амалдар

  9. Объектілердің пішімін өзгерту үшін қандай құрал қолданылады?

  10. Объектілерді байланыстыру командасы. Мысалдар

  11. Біріктіру амалы нені көрсетеді? Мысалдар

  12. Қию (Пересечение) командасы не үшін пайдаланылады? Мысалдар?

  13. Шығару командасы нені орындайды? Мысалдар

  14. Пішім (Форма) құралының функциясы

  15. Айыру және жиектерді байланыстыру ұғымдары. Мысалдар.

<предыдущая страница | следующая страница>


«Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәріс курсы» оқу құралы «Информатика» мамандықтарына және «Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру» пәнін оқитын арнаулы орта және жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған
1171.05kb.

01 10 2014
6 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Оқу құралы электрохимия курсын оқыту барысында химия, биология, технология және экология мамандығы бойынша жоғарғы курс студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға арналған

739.28kb.

30 09 2014
7 стр.


Калиакперова н. З. Кабдрахманова а. К

Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі

805.43kb.

29 09 2014
4 стр.


ОҚу материалдарын өздігінен меңгеруге тапсырмалар

Оқулықтар, оқу құралдары және дәріс конспектісі бойынша дәріс сабақтар-ында өткен материалдарды дайындау

232.68kb.

13 10 2014
1 стр.


Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған

193.85kb.

24 09 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған

393.92kb.

15 10 2014
1 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

«Қаржылық ұйымдардағы қаржылық бақылау және аудит» пәні бойынша 050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне сырттай оқу түрінде оқитын бақылау жұмысын орындауға арналған

189.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады

Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған

2736.15kb.

25 12 2014
14 стр.