Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6

Компьютерлік графика


    1. Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары

Компьютерлік графикада әр түрлі объектілердің бірнеше қасиеттерімен бірден жұмыс істелетіндіктен, рұқсат ету түсінігімен әдетте көп жаңылысады. Нақты айыру қажет: Экранның рұқсат етуін, баспа құрылғысының рұқсат етуі және бейненің рұқсат етуін. Бұл түсініктердің бәрі әр түрлі объектілерге жатады.

Экранның шешілуі-бұл компьютерлік жүйенің (мониторға немесе бейнекартаға байланысты) және операциялық жүйенің қасиеті. Пиксельмен өлшенеді және бейненің өлшемін анықтайды.

Принтердің шешілуі-бұл бірлік ұзындық саласында басылуы мүмкін жеке нүктелердің санын көрсететін принтердің қасиеті.

Бейненің шешілуі - бұл бейненің өзінің қасиеті. Ол да дюймдағы нүктемен өлшенеді және графикалық редакторда бейне жасау кезінде беріледі немесе сканердің көмегімен. Бейненің рұқсат ету мәні бейне файлында сақталады және бейненің басқа қасиеті-оның физикалық өлшемімен үздіксіз байланысты. Физикалық өлшем пиксельмен де, ұзындық бірлігімен де (миллиметрмен, сантиметрмен, дюйммен) өлшену мүмкін.



    1. Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графикада жұмыс істеуде бағдарламалық қамтудың көптеген кластары болғанымен, компьютерлік графиканың үш түрін айырып айтуға болады. Бұл растрлік графика, векторлық графика, фрактальдық графика. Олар монитор экранына бейнелеуде және қағазға басып шығарғанда бейненің құрылу принциптерімен ерекшеленеді. Машиналық графиканың бағдарламалары жұмыс істейтін барлық бейнелер екі класқа бөлінеді: нүктелік және векторлық.

Машиналық графиканың терминологиясында нүктелік бейнені өлшемі жағынан біркелкі және тегіс геометриялық фигуралар (көбінесе шаршы немесе дөңгелек) пішініндегі пиксельдердің жиынтығын деп айту қабылданған. Компьютер жадында нүктелік бейненің ұсынылу бұл белгілі бір бейнеде реттелген барлық пиксельдердің түсі туралы мәліметтердің жиынтығы.



Растрлік графика. Растрлік графиканы электрондық (мультимедиалық) және полиграфиялық жариялымды өңдеуде қолданылады. Растрлік графиканың құралдарымен орындалған суреттерді компьютерлік бағдарламаның көмегімен қолмен сирек құрайды. Бұл мақсатта суретшілердің қағазда дайындалған суреттер немесе фотосуреттерді сканерлеу жиі қолданылады. Соған сәйкес графикалық редакторлердің көбі бейнені құрумен қатар, оларды өңдеуге бағытталған. Растрлік графиканың негізгі элементі нүкте болып табылады. Егер бейне экрандық болса, онда бұл нүкте пиксель деп аталады. Бейненің өлшемімен оның рұқсат етуі тікелей байланысты. Мәліметтердің үлкен көлемі-бұл растрлік бейнелерді қолданудағы негізгі мәселе. Сондықтан операциялық жадысы үлкен көлемдегі (128 Мбайт және одан көп) ДК қажет. Растрлік бейненің екінші кемшілігі бөлшектерді қарауда үлкейте алмауына байланысты. Бейне нүктелерден тұратындықтан, оларды ұлғайту тек қана бұл нүктелердің үлкеюіне әкеледі., ал бұл суретті визуалды бұрмалайды.

Векторлық графика. Машиналық графикада векторлық бейне деп өте күрделі және әр түрлі геометриялық объектілердің жиынтығын айтады. Бейненің негізгі элементі сызық болып табылады. Векторлық суреттердің барлығы сызықтан тұрады. Қарапайым объектілер аса күрделілерге бірігеді. Осындай амалға байланысты векторлық графиканы объектілі бағытталған графика деп жиі атайды. Векторлық графиканың объектілері жадыда параметрлердің жиынтығы сақталады, бірақ барлық бейнелер экранда бәрі бір нүкте түрінде шығатынын ұмытуға болмайды. Әрбір объектіні экранға шығару алдында, бағдарлама объектіні бейнелеуде экрандық нүктелердің координаталарын есептеуді жүргізеді, сондықтан векторлық графиканы кейде есептелетін графика деп атайды. Векторлық графиканың маңызды ерекшелігі әр объект үшін оның сыртқы келбетін нақтылайтын басқарушы параметрлер анықталады. Мысалы, шеңбер үшін диаметр түсі, түрі және сызықтардың жуандығы, сонымен қатар ішкі аймақтың түсі басқарушы параметр болып табылады.

Векторлық бейнені компьютердің жадында ұсынылу нүктелікке қарағанда күрделірек. Ол бейне құрылған объектілердің жиынтығын көрсетеді, соның ішінде әр объект үшін ол объектілердің қай класқа жататыныны көрсетілген және барлық басқарушы параметрлердің мәні берілген.

Нүктелік бейнені экранға немесе қағазға шығару үрдісі біршама қарапайым-экранға пиксельге әр түрлі түсте жанатын люминофордың үш бөлігінен тұратын топ сәйкес келеді, ал принтер пиксельдерді тонердің (бояйтын ұнтақ) тамшыларымен бейнелейді. Векторлық бейнелерді тікелей бекітетін құрылғыларға график құрастырғыштар (негізінен конструктурлық бюрода) жатады. Көп жағдайда шығару алдында векторлық бейне нүктелікке айналады. Машиналық графикада бұл үрдісті рендеринг деп атайды.

Нүктелік және векторлық бейнелердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Нүктелік бейненің негізгі кемшілігі пиксельдердің бекітілген өлшемінде. Сол себептен ұлғайтқанда немесе кішірейткенде ұнамсыз әсерлер туады. Пиксель өлшемінің өте үлкейтілуі бейненің біркелкілігінің жоғалуына әкеледі.

Нүктелік бейнені пиксельдердің бұрынғы өлшемін сақтай отырып кішірейткенде бірнеше пиксельдерді шығаруға тура келеді, бұл бейнедегі ақпараттың бір бөлігінің жоғалуына әкеледі. Пиксельдің бастапқы өлшемін сақтағанда нүктелік бейненің өлшемін сәл ғана үлкейтуге болады-екі, үш және одан бір рет көп. Егер бұл жағдай сақталмаса, бейнеде толқынды сызықтар, нүктелер және тор көздер-муар пайда болады.

Нүктелік бейненің келесі кемшілігі-оларды сақтауға қажет жадының үлкен көлемі.

Векторлық бейне жұмыста өте икемді. Оны ұлғайту немесе кішірейту үшін, оның бір ғана басқарушы параметрі-масштабын өзгерту талап етіледі. Бұдан файлдың өлшемі 1 байтқа да көбеймейді.

Нүктелік бейнеге қарағанда векторлық бейненің құрылу дәрежесі еркін бола алады.



Фрактальдық графика. Фрактальдық графика векторлық сияқты математикалық есептеулерге негізделген, бірақ одан компьютердің жадында ешқандай объектінің сақталмауымен ерекшеленеді. Бейне теңдеумен құралатындықтан, формуладан басқа ештеңені сақтап қажеті жоқ. Теңдеуде коэффициентін өзгерте отырып, мүлдем басқа картина алуға болады. Тірі және өлі табиғаттың көптеген объектілеріне фрактальдық қасиеттер тән. Кәдімгі қар бүршігі фрактальдық объект болып табылады. Фрактальдық алгоритмдер кристалдар мен өсімдіктердің негізінде жатыр.

    1. Corel Draw 9 бағдарламасы жайлы

Corel Draw 9 суреттік графика жұмысына арналған интеграцияланған объектілі – бағытталған бағдарламалар пакетін құрайды.

«Біріккен кешен» ұғымын былай түсінуге болады. Corel Draw 9 әр түрлі көптеген міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалардың кешенін құрайды. Бірігуін мына мағынада түсіну керек: бұған кіретін бағдарламалар мәліметтермен жеңіл алмаса немесе әр түрлі әрекеттерді сол және басқа да мәліметтермен бірізділікпен орындай алады.

Біздің дәрістер курсымыз Corel Draw 9 суреттерді дайындау бағдарламасы-қуатты пакеттің бір ғана құрылымына арналған.

Суретті графика машиналық графиканың қолданбалы тармағын құрайды. Суретті графика аймағына суреттер, жарнамалық хабарламалар, қыстырмалар және т.б көркем өнімдер деп атауға болатындардың бәрі жатады. Суретті графиканың объектілері басқа қолданбалы объектілерден өзінің алғашқылығыменерекшеленеді – олар суретшінің немесе дизайнердің қатысуынсыз автоматты түрде кейбір бастапқы мәліметтермен құрыла алмайды. Олардан айырмашылығы диаграммалар (іскерлік графика), сызбалар (инженерлік графика), функцияның графикасы (ғылыми графика) сияқты графикалық тәсілін ұсынады.

«Объектілі-бағытталған» терминін мына мағынада түсіну керек, бейнені құру және өзгерту үрдісінде орындалатын барлық операцияларды, қолданушы бейненің семантикалық-жүктелген элементтер-объектілермен жүргізеді.

Екінші ерекшелігі мынада: объектілердің әр стандартты кластарына сәйкесінше басқарушы параметрлердіғң немесе кластардың атрибуттарының бірегей жиынтығы қойылады.

Үшінші ерекшелігі мынада: Объектілердің әр стандартты кластарына стандартты операциялардың тізімі анықталған. Corel Draw 9-тың объектілі-бағыты қолданушыға жұмыста шексіз икемділік береді. Бейненің жеке объектілерді ерекшелеуге және жұмыстың кез-келген кезеңінде өзгертуге болады.


    1. Графикалық файлдардың пішімдері

Бейнені сақтау мәселесі оны ары қарай өңдеу үшін өте маңызды. Онымен кез-келген графикалық жүйенің қолданушылары кездеседі. Бейне өзінің соңғы түрін алғанға дейін бірнеше графикалық бағдарламамен өңделуі мүмкін. Мысалы: бастапқы фотосурет алдымен сканерленеді, содан кейін айқындылығы жақсартылады және Adobe Photoshop бағдарламасында түстерді түзеу жүргізіледі. Бұдан кейін бейнеге салынған суреттерді қосу үшін Corel Draw 9 немесе Adobe Illustrator сияқты сурет салу бағдарламаларына экспортталуы мүмкін. Егер бейне журнал немесе кітаптағы мақала үшін құрылса, онда ол Quark Press немесе Adobe Page Maker баспа жүйелеріне импортталады. Егер де бейне мультимедия презентациясында пайда болуы керек болса, онда ол Microsoft Power Point, Macromedia Director бағдарламасында қолданылуы немесе Web-парақта орналасуы мүмкін.

Бейнені әр түрлі графикалық бағдарламаларда сәтті өңдеу үшін:



  • графикалық файлдардың пішімі не екенін түсіну;

  • файлдардың стандартты пішімдерінің ерекшелігін білу және салынған суреттерді қай пішімде, қайсысында фотосуреттерді сақтау керектігін жақсы айыра білу;

  • бір пішімнің келесісіне түрленуінің мәселесін немен қорытындыланатынын түсіну қажет.

Графикалық файлдың пішімі-графикалық мәліметтердің сыртқы тасушыда орналасу және ұсынылу тәсілі.

Бұрын стандарт болмаған жағдайда әр құрастырушы өз қосымшалары үшін графикалық файлдардың жаңа пішімін ойлап тапқан.

Сондықтан әр түрлі бағдарламалар арасында (мәтіндік процессорлармен, баспа жүйелерімен, суретті графика кешендерімен, САПР бағдарламаларымен және т.б) мәліметтермен алмасуда үлкен мәселелер туған. Бірақ 80-жылдардың басынан бастап стандарттар бойынша ресми топтар әр түрлі қосымшалар үшін ортақ пішімдер жасай бастады. Барлық қосымшаларға жарайтын ортақ пішім жоқ және болуы да мүмкін емес, бірақ сөйте тұра кейбір пішімдер пәндік аймақтарды тұтас қатары үшін стандарт бола алды. Кешендердің қолданушысына графикалық мәліметтер туралы ақпаратты осы және басқа пішімдерде қалай сақталатынын білуді талап етпейді. Бірақ та пішімдердің ерекшеліктерін айыра білу бейнені тиімді сақтауда және әр түрлі қосымшалардың арасында мәліметтер айырбасын ұйымдастыруда үлкен маңызға ие.

Векторлық және растрлік пішімдерді айыру маңызды.



Векторлық пішімдер. Векторлық пішімдердің файлдары қарапайым графикалық объектілерді (түзу, шеңбер, тік төртбұрыш, доға және т.б.) командалар жиыны түрінде суреттердің бейнеленуінен тұрады. Сонымен қатар, бұл файлдарда кейбір қосымша ақпараттар сақталады. Әр түрлі векторлық пішімдлер командалардың жиыны мен оларды кодтау тәсілімен ерекшеленеді.

1 кесте Графикалық файлдардың векторлық пішімдері.



Пішімнің атауы

Файлдарды аша алатын бағдарламалар

Wmf(Windows Meta File)

Windows қосымшаларының көпшілігі

Eps(Encapsulated PostScript)

Столүстілік баспа жүйелерінің және бағдарламалардың көпшілігі, кейбір растрлік бағдарламалар

Dxf(Drawing Interchange Format)

САПР-дың барлық бағдарламалары, векторлық редакторлердің көбі, кейбір столүстілік баспа жүйелері.

Cgm(Computer Graphics Metafile)

Векторлық суреттерді түзететін бағдарламалардың көпшілігі, кейбір столүстілік баспа жүйелерің, САПР бағдарламалары

Растрлік пішімдер. Растрлік пішімдердің файлында:

  • Бейненің өлшемі – суреттегі тігінен және көлденеңінен бойынша бейнепиксельдердің саны;

  • Биттік тереңдік – түсті сақтау үшін қолданылатын бір бейнепиксельдегі биттер саны;

  • Суреттерді сипаттайтын мәліметтер суреттегі әрбір бейнепиксельдердің түсі, сонымен қатар кейбір қосымша ақпараттар есте сақталады.

Әр түрлі пішімдегі растрлік графиканың файлында осы мінздемелер әр түрлі тәсілмен сақталады. Қарапайым растрлік сурет жадының аз көлемін алады (бірнеше ондықтар немесе жүздік килобайт). Ал сканердің көмегімен жоғары рұқсат ету қабілеттілігімен алынған фотосурет түріндегі бейне бірнеше мегабайты қажет етеді. Растрлік бейнелерді сақтау мәселесінің шешімі қысу болып табылады, яғни файл өлшемінің кішіреюі мәліметтерді ұйымдастыру тәсілінің өзгеру есебінен болады.

Қысу әдісі екі категорияға бөлінеді:

а) Архиваторлар бағдарламалары арқылы файлдарды қысу;

б) Файл пішіміне қосылған алгоритм арқылы қысу;

Бірнеше жағдайда арнайы бағдарлама бастапқы файлды салыстырып оқылады, оған кейбір қысу алгоритмдерін (архивтейді) қолданады және файл құрады. Жаңа файлдың өлшеміндегі ұтыс мәнді болуы мүмкін. Бірақ та бұл файл бастапқы жағдайына түрленбегенше ешбір бағдарлама қолданылмайды. Сондықтан мұндай қысу тек қана ұзақ сақтау үшін және мәліметтерді қайта сілтеу үшін қолданылады, бірақ ол күнделікті жұмыста қолайсыз. Кең танымал файлдарды қысу бағдарламасының ішінен ZIP, ARG, RAR және т.б. атауға болады.

Егер де қысу алгоритмі файлдың пішіміне қосылған болса, онда сәйкес оқу бағдарламалыр қысылған деректерді дұрыс талдайды. Сол себептен, қысудың осы түрі үлкен өлшемдегі графикалық файлдар мен үнемі жұмыс істеуде өте қолайлы. Мысалы, Corel Draw-та сурет салып, оны AdobePhotoshop графикалық кешенінде құрылған құжатта орналастыру керек болды. Tiff AdobePhotoshop бағдарламасы жұмыс істей алатын растрлік пішімнің бірі болып табылады. Файлды Tiff пішімге қалыптастыруда графикалық мәліметтерді қысу орындалады. Осы жағдай сәйкес оқу бағдарламасынмен ескеріледі.

Сондықтан қойылған мақсатқа жету үшін келесі түрде жасауға болады:


  • Corel Draw-та құрылған Tiff пішімді файлда суретті сақтау;

  • Осы файлды AdobePhotoshop бағдарламасында импорттау қажет.

2 кесте Графикалық файлдардың растрлік пішімі

Пішімнің атауы

Файл аша алатын бағдарламалар

Bmp (Windows Device Independent Bitmap)

Растрлік графиканы қолданатын Windows-тың барлық бағдарламалары

PCX (Z-Soft Paint Brush)

Барлық графикалық қосымшалар

GIF (Graphic Interchange Format)

Барлық растрлік редакторлар; баспа кешендерінің көпшілігі; растрлік объектілерді қолдайтын векторлық редакторлар

TIFF (Tagget Image File Format)

Растрлік редакторлар және столүстілік баспа жүйелерінің көпшілігі; растрлік объектілерді қолдайтын векторлық редакторлар;

TGA (True Vision Targa)

Растрлік редакторлар

IMG (Digital Research)

Кейбір столүстілік баспа жүйелері және Windows бейнелерінің редаткорлары

GEM Bitmap

Растрлік редакторлардың соңғы версиялары;

Растрлік объектілерді қолдайтын векторлық редакторлар



JPEG (Goint Photo graphic Experts Group)

Растрлік редакторлдардың соңғы версиялары; Растрлік объектілерді қолдайтын векторлық редакторлар.

Бейнелерді әр түрлі пішімдерде сақтау жайлы. Графикалық бағдарламалар өзінің меншікті пішімдерін бейнелерді сыртқы жадта сақтау үшін қолданады. Меншікті файлдық пішім графикалық қосымшадағы файлдарды сақтауда ең тиімді болып табылады. Мысалы, Corel Draw-тың меншікті пішімі-CDR, Adobe Photoshope-PSD, Paint-BMP және т.б. Бейнені меншікті пішімде сақтау үшін:

  • Файл-Сақтау (Файл-Сохранить) немесе Файл- ...деп сақтау (Файл-Сохранить как) командасын орындау;

  • Файлдың атын енгізу;

  • Қапшықты көрсетіп, сақтау түймешесіне шерту.

Егер бейне басқа баңдарламаларда қолданылатын болса, онда:

  • Файл-Сақтау немесе Файл-Экспорт (қолданатын бағдарламаға байланысты) командасын орындау;

  • Файл типі (тип файла) алаңына басқа бағдарламаның пішімін көрсету;

  • Файлдың атын енгізу;

  • Сақтау немесе экспорт батырмасына шерту.

Файлдардың бір пішімнен басқаға түрленуі. Графикалық файлдарды бір пішімнен екінші пішімге түрлендіру қажеттілігі әр түрлі себептерден тууы мүмкін:

  • Қолданушы жұмыс істейтін бағдарлама оның файлының пішімін қабылдамайды.

  • Басқа қолданушыға жіберетін мәліметтер арнайы пішімде болуы керек.

Файлдарды растрлік пішімнен векторлыққа түрлендіру. Файлдарды растрлік пішімнен векторлыққа түрлендірудің екі тәсілі бар:

- Растрлік файлды векторлық бейнелеудің растрлік объектісіне түрлендіру;

- Векторлық объект құру үшін растрлік бейнені трассировка жасау.

Бірінші тәсіл Corel Draw бағдарламасында қолданылады, негізінен файлдарды әр түрлі растрлік пішімдерге сәтті импорттайды. Бірақ та бұл тәсілдің өзінің кемшілігі бар: векторлық графикалық бағдарламалардың көпшілігі растрлік объектілерді түзету құралдарынан тұрмайды және векторлық файлда сақталатын растрлік объект бастапқы растрлік файл өлшемі бойынша едеуір басым болуы мүмкін.

Файлдарды векторлық пішімнен растрлікке түрлендіру. Бұл үрдісті векторлық бейнені растрлеу деп жиі айтады. Әр кезде, векторлық суреттер шығару құрылғысына бағытталғанда, ол растрленуге-нүктелер немесе бейне пиксельдердің жиынтығына түрленуге ұшырайды.

1 тарау CorelDraw

Бақылау сұрақтары


  1. Компьютерлік графиканың негізгі түрлерін атаңдар

  2. Экранның рұқсатын, принтердің рұқсатын, бейненің рұқсатын қандай өлшем бірліктермен өлшейді?

  3. Суреттемелік графикаға қандай объектілер жатады?

  4. Графикалық файлдың форматы дегеніміз не?

  5. Графикалық файлдардың қандай фекторлық пішімдерін білесіңдер?

  6. Файлдарды бір пішімнен екінші пішімге түрлендіру

  7. Векторлық бейнелер растрлық бейнелерден немен ерекшеленеді?

  8. Векторлық бейнелер қай саланың әрекетінде өте кең қолданыс тапты?

  9. Векторлық графикамен жұмыс істеудің қандай бағдарламаларын білесіңдер?

  10. Векторлық графиканың элементар объектісі не болып табылады?


2-тарау
Corel Draw 9-да объектілерді құру

2.1 Жаңа құжат құру

Corel Draw бағдараламасын іске қосып болғаннан кейін, сіз жұмыс істейтін құжат таңдауға мүмкіндік беретін диалогтық терезесін ұсынады. Бұл жаңа құжат та болуы мүмкін, бұрын құрылған да болуы мүмкін. Жаңа құжатты құру үшін, жұмыс сеансын үзбей-ақ, Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау керек немесе басқару тақтасының сол бағытында орналасқан Құжат құру (Создать документ) батырмасына шертеміз.



2.2 Жұмыс ортасы және қолданушы интерфейсі

Бағдарламаны іске қосқаннан кейін экранда Corel Draw қолдануш ы интерфейсінің басты элементтерімен негізгі терезесі ашылады (1-сурет).



1-сурет. Corel Draw 9 терезесі.

Windows стандарттарына сәйкес тақырып жолының астында меню өте күрделі, яғни саны көп меню ішіндегі менюлер мен командалар. Жұмыс кеңістігінің сол жақ бөлімінде жұмыс тәртібін (режим) таңдауға арналған элемент интерфейсі-құралдар тақтасы (Toolbox) орналасқан. Таңдау тәртібі құралдар тақтасындағы кез-келген батырмаға тышқанға шерту арқылы орындалады.

Құралдардың кейбір батырмаларының төменгі оң жақ бұрышынд үшбұрыш жабдықталған, ол дегеніміз бұл батырмамен бірнеше құралдар байланыстылығын көрсетеді.

Меню жолынан кейін құралдық жол (Toolbars) орналасу мүмкін. Кез-келген құралдық жол тәуелсіз тақта түрінде экранның кез-келген жерінде еркін жағдайда да болуы мүмкін.

Ол үшін жолақтың сол жақ бөлігіндегі аймақты екі сызықпен басып алып және сійкес тақырыппен тақта түрін алған жолды орналастыру қажет. Қайтадан жолға айналдыру үшін тақырыпты басып алып және оны жоғары орналастыру керек.

Сол және басқа жолдарды шығару Windows (Терезе) менюі Toolbars (Құралдық жолдар) командасы арқылы шақырылатын Options (Параметрлер) диалог терезесіндегі Customize (Баптау) бөлімінде қамтамасыз етіледі.

Стандартты құралдар тақтасында (Standart) файлдарды ашуға, файлдарды ашуға, файлдарды сақтауға, алмасу буфері жүйелерінің операциялары және т.б сәйкес жиі орындалатын командалар-басқару элементтері орналасқан.

Стандартты тақтадан төмен Атрибуттар тақтасы (Property Bar) немесе қасиеттер тақтасы орналасқан. Ол ерекшеленген объектінің және стандартты операциялардың басқару параметрлеріне сәйкес келетін, оларды таңдалған құралдың көмегімен орындауға болатын барлық басқару элементтерінің жиынтығын ұсынады.

Corel Draw терезесінің төменгі бөлігінде қалып-күй жолы (Status Bar) бар. Онда жұмыс үрдісіндегі ерекшеленген объект жайлы мәліметтер шығады. Жұмыс кеңістігінде суреттеме орналасатын баспа бетінің бейнесі көрініп тұр.

Көлденең орналасқан айналдыру жолағының сол жағында беттен бетке көшуге болатын, беттің атымен аталған батырмалар мен таңбашалар, яғни навигатор деп аталатын басқару элементі орналасқан.

Айналдыру жолақтары, координаталық сызғыштар (координаталарды өлшеу үшін). Түйісілетін терезе (Dockers) ерекше роль атқарады. Докерлер бағдарламасының функциясына кіруді қамтамасыз етеді. Әр түрлі міндеттер үшін әр түрлі докерлер арналған, олар оннан астам. Оларды қажет кезінде ашады.



2.3 Құралдармен танысу. Объектілерді құру.

Құралдар тақтасында барлық құралдар жинақталған, олардың көмегімен графикалық объектілерді құруға, ерекшелеуге, түзетуге және орналастыруға болады.

Тіктөртбұрыш (Rectangle) құралы кез-келген төртбұрыштың мен шаршыларды, сонымен қатар жұмырланған (закругленный) бұрыштыларды да көруге арналған. Егер ортаңғы нүктелері бойынша тіктөртбұрыш құру қажет болса, онда Shift пернесін басып тұру қажет. Шаршы салу үшін Ctrl пернесін қолдану керек. Тіктөртбұрыш құралына екі рет шерту ағымдағы беттің форматы бойынша тіктөртбұрышты құрайды.

Бұрыштарын жұмырлау үшін Пішін (Форма, Shape) немесе көрсеткіш (стрелка, Pick) құралы арқылы орындауға болады. Меңзерді тіктбұрыштың бір бұрышына апарып, оны «тарту» керек.

Атрибуттар тақтасында объектіні моделінің параметрлері және осы кластың объектілерімен стандартты әрекеттерді орындауға рұқсат етілген батырмалардан тұратын басқару элементі ұсынылған:


  • (х,у) координаталарының ортасы;

  • биіктігі және ені;

  • созу және қысу масштабтау коэффициенттері (%);

  • жеке масштабтаудағы одақтау (блокировка);

  • бұрылыс бұрышы;

  • бұрыштарды жұмырлау коэффициенттері (мәні %-пен есептелген, 100% үшін төртбұрыштың қысқа қабырғасының жарты ұзындығы қабылданған)

  • жеке бұрыштарды бекітуді одақтау немесе қоршау.

Бұрыштардың біреуін ғана жұмырлау үшін құрал сілтеуішін бір түйінге апарып және жылжытпас бұрын тышқанмен шерту қажет.

Эллипс (Ellipse) құралы. Эллипс өлшемі габаритті тіктөртбұрышпен (қоршам) өлшемімен анықталады.

Модификатор пернелер (Ctrl және Shift) эллипс құралымен тура тіктөртбұрыш құралы сияқты жұмыс істейді.

Эллипсте бір түйін бар. Егер онымен центрге қарай ішке созсақ, секторға түрленді, ал сыртқа қарай жылжытсақ эллипстің доғасын аламыз.

Эллипс объектісі үшін атрибуттар тақтасындағы элементтер:


  • эллипс (Ellipse);

  • сектор (Sector);

  • доға (Arc);

  • доғаның басы және соңы;

  • доғаның бағыты.


<предыдущая страница | следующая страница>


«Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәріс курсы» оқу құралы «Информатика» мамандықтарына және «Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру» пәнін оқитын арнаулы орта және жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған
1171.05kb.

01 10 2014
6 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Оқу құралы электрохимия курсын оқыту барысында химия, биология, технология және экология мамандығы бойынша жоғарғы курс студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға арналған

739.28kb.

30 09 2014
7 стр.


Калиакперова н. З. Кабдрахманова а. К

Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі

805.43kb.

29 09 2014
4 стр.


ОҚу материалдарын өздігінен меңгеруге тапсырмалар

Оқулықтар, оқу құралдары және дәріс конспектісі бойынша дәріс сабақтар-ында өткен материалдарды дайындау

232.68kb.

13 10 2014
1 стр.


Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған

193.85kb.

24 09 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған

393.92kb.

15 10 2014
1 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

«Қаржылық ұйымдардағы қаржылық бақылау және аудит» пәні бойынша 050509 «Қаржы» мамандығының студенттеріне сырттай оқу түрінде оқитын бақылау жұмысын орындауға арналған

189.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады

Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған

2736.15kb.

25 12 2014
14 стр.