Ф КГМУ 4/3-06/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина универститеті
Фтизиатрия кафедрасы
Тәжірбиелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Ошақты, инфильтративті өкпе туберкулезі, өкпе туберкулемасы. Клиникасы, диагностикасы, емі.
Мамандығы: 051302 – «Стоматология»
Пән: Fti 3227 – «Фтизиатрия»
Курс: 3
Құрастырушы: ассистент М.Т. Қожамуратов
Қарағанды 2011
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген
Хаттама № _1_ «__31__» ____08_______ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ Н.С. Тәбріз
Тақырыбы: Ошақты, инфильтративті өкпе туберкулезі, өкпе туберкулемасы. Клиникасы, диагностикасы, емі..
Мақсаты: Нақты науқаста өкпенің ошақты туберкулезінің және туберкуломаның клиникасын оқып білу, диагностикасының принциптерін, ажыратпалы диагностикасын жүргізе білу, ем әдістері және соңы.
Оқытудың міндеттері: Сабақтың мақсаты өкпенің екіншілік туберкулезінің шектелген формасына, оның соңы болатын туберкуломаға арналған. Ошақты туберкулез екіншілік туберкулездің басы болып табылады. Ошақты туберкулез өкпедегі шектелген көлемі 1 см-ге дейінгі ошақтың болуымен, пролиферативті сипаттағы, аз клиникалық симптомды және торпидты ағыммен өтетін клиникалық форма. 90% науқаста ошақты процесс клиникалық жағымды жағдайда анықталады. Ал10% жағдайда өкпедегі ошақ жиі науқастың басқа симптомдарға шағымданып келгенде анықталады. Ал басқа жағдайларда ошақты туберкулез кәсібтік қарау кезінде анықталады. Бірінші рет анықталған өзгерістері бар науқастарда туберкулома 10-12% жиілігінде кездеседі. Туберкулома - диаметры 1 см-ден асатын казеозды фокус, фиброзды капсуламен шектелген, созылмалы торпидты ағымды клиникалық форма. Осындай ошақтардың жиі түзілуінің салдарынан жеке форма болып қарастырылады. Бірақ Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға және тұрғындардың ағзасының реактивтілігінің төмендеуіне байланысты туберкулома сирек кездеседі. 2004 жылы басқа клиникалық формалардың ішінде 0,8% құрады. Қазіргі уақытта туберкулездің инфильтративті түрі алғаш анықталған өкпе туберкулезімен науқастардың 70 проц. кездеседі. Туберкулездің бұл түріне айқын экссудативті өзгерістер тән, ыдырауға бейім. Инфильтративті туберкулезді дер кезінде анықтап және дұрыс емдесе аурудың айқын оң динамикасы байқалады. Кеш және дұрыс емес ем жүргізілсе ауру дисциплиноланбаған болмаса, процесстің өршуі және оның кавернозды немесе фиброзды-кавернозды түріне өтуі мүмкін. Туберкулез клиникалық ерекшелігіне байланысты инфильтративті туберкулезбен науқастар жиі емдеуге теропиялық стационарларға өкпенің спецификалық емес аурулары режиретінде түседі және кез-келген мамандықтағы дәрігерлер бұл ауруды дер кезінде анықтай алуы керек.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Ошақты туберкулез кезінде болатын клиникалық симптомдарды атап көрсетіңіз
-
Жасөспірімдердегі ошақты туберкулездің рентгенологиялық суреті
-
Туберкуломаның түрлері, патогенезі
-
Туберкуломаның ағым ерекшелігі
-
Туберкуломаның рентгенологиялық суреті
-
Болжамы және соңы
-
Инфильтративті өкпе туберкулезі анықтамасы.
-
Эпидемиология.
-
Этиопатогенез.
-
Өкпе туберкулезі клиникасы, ағымы.
-
Инфильтраттардың клиника-рентгенологиялық типі.
-
Туберкулезді инфильтрат морфологиялық суреттеу.
-
Өкпе туберкулезді инфильтратының дұрыс және дұрыс емес ағымы.
-
Қандай патологиялық процессте ірі көбікті ылғалды сырыл өкпенің жоғарғы бөлігінде болады.
-
Қауіпты аймақ деген не, ор.наласуы
-
Туберкулез бен науқасты аускультация ерекшелігі. Тест сұрақтары қорытынды білім тексеру.
Сабақ беру және оқыту әдістері: (пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, оқулықтармен жұмыс істеу, рефераттар дайындау, жағдайлық есептерді шешу, өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбын талдау, тәжірибелік сабақтардың жеке сұрақтарын тереңдетіп оқыту, барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу, тестілеу, аралық бақылауды жүргізу, рольдік ойындар; оқытушының бақылауымен науқастармен жұмыс жасау.)
Негізгі
-
Игембаева К.С. «Фтизиатрия». (орыс тiлiнен аударылған оқулық). Семей, 2007 ж., 204 б.
-
Кұмiсбаева Б.Т., Еркенова Г.С., Жазыбаева П.М., Даутова О.М., Мақүлбаева У.Т. Медицина термиңдерiнiң түсiндiрме сөздiгi. 1998.
-
Күмiсбаева Б.Т. Маскүнемдiкпен жанасқан өкпе туберкулезiнiң клиникасы және оның өту барысы. Алматы, 1996 ж.
Қосымша:
-
Муминов Т.А., Ни З.И., Ракишева А.С., Турланов К.М. Основные знания по туберкулезу. Алматы. 1983.
-
Маскеев К.М., Шефер Л.Б. Туберкулез (руководство для врачей), Алматы, 1996.
-
Игембаева К.С. – методикалық құрал, 1993 ж., Семей қаласы.
-
Крофтон Дж., Хорн Н., Миллер Ф. Клиника туберкулеза, М., 1996.
-
Под ред. Н.В.Путова и Г.Б.Федосеева. Ленинград, 1984 г.
-
Рекомендации ВОЗ по лечению туберкулеза. Женева, 1998.
-
Урсов И.Г. Профилактика туберкулеза. Новосибирск, 1991.
-
Шебанов Ф.В. Туберкулез (учебник для студентов медицинских институтов), Москва, 1981.
-
Журнал «Проблемы туберкулеза и болезней легких».
-
Бақылау (сұрақтар, тестілердің үлгілері, есптердің үлгілері т.б.)
Қосымша 1. Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тестілік сұрақтар
1.Ошақты туберкулез кезіндегі ошақтың көлемі:
-
5 мм-ге дейін
-
10 мм-ге дейін
-
12 мм-ге дейін
-
13 мм-ге дейін
-
15 мм-ге дейін
2: Өкпенің ошақты туберкулезі кезіндегі бронхологиялық белгілер:
-
ВОВ тарылуы
-
Диффузды қабыну
-
бронх туберкулезі
-
ұсақ бронхтардыңдеформациясы және облитерациясы
-
барлығы дұрыс
-
Жаңа ошақты туберкулезге тән рентгенологиялық сурет:
-
әлсіз интенсивті ұсақ және орташа ошақты көлеңке
-
тығыз және интенсивті ошақ
-
жеке интенсивті ошақты көлеңке
-
әлсіз интенсивті ошақ
-
барлығы дұрыс
-
Белсенді емес ошақты туберкулезге тән рентгенологиялық сурет
-
әлсіз интенсивті ұсақ және орташа ошақты көлеңке
-
тығыз және интенсивті ошақ
-
жеке интенсивті ошақты көлеңке
-
әлсіз интенсивті ошақ
-
барлығы дұрыс
-
Созылмалы ошақты туберкулезге тән рентгенологиялық сурет
-
орташа интенсивті ошақ
-
әртүрлі интенсивті және фиброзды ошақ
-
әлсіз интенсивті ошақ
-
тығыз интенсивті ошақ
-
барлығы дұрыс
-
Туберкулома ағымы бойынша болады:
-
стабильды
-
баяу- регрессирленуші
-
үдемелі
-
регрессирленуші
-
барлығы дұрыс
-
Туберкулома қай жастағы адамдарда жиі кездеседі:
-
10-17 жастағы
-
20-30 жастағы
-
40-50 жастағы
-
60 жастан жоғары
-
барлығы дұрыс
-
Туберкуломаның түзілуіне себеп болады
-
инфильтративті фокустардың ыдырауы
-
иммунологиялық тұрақсыздық
-
дәріге төзімділік
-
адекватты емес спецификалық химиотерапия
-
барлығы дұрыс
-
Стабильды туберкулома кезіндегі ем
-
хирургиялық араласу
-
спец. химиотерапия аясындағы сорылу терапиясы
-
спец. химиотерапия аясындағы туберкулинотерапия
-
гормонотерапия
-
десенсибилирленуші терапия
-
Регрессирленуші туберкулома кезіндегі емдеу тактикасы
-
хирургиялық араласу
-
спец. химиотерапия аясындағы сорылу терапиясы
-
спец. химиотерапия аясындағы туберкулинотерапия
-
гормонотерапия
-
десенсибилирленуші терапия
Қосымша 2. Ақырғы білім деңгейін тексеруге арналған тестілік сұрақтар
1.Күмәнді белсенділікті ошақты туберкулез рентгенологиялық сипатталады
-
лимфангоитты жолмен
-
орташа және жоғарғы интенсивті ошақпен
-
ұсақ әлсіз интенсивті ошақтармен
-
тығыз және интенсивті ошақпен
-
барлығы дұрыс
2. Өкпенің ошақты туберкулезін емдегенде қолданылатын дәрілік препараттар
-
Туберкулезге қарсы препараттар
-
патогенетикалық терапия
-
витаминотерапия
-
иммундыбелсендіруші препараттар
-
коллапсотерапия
-
20 жастағы науқастың рентгенограммасын қарағанда өкпе ұшында бірнеше топ ошақты көлеңке көруге болады, әлсіз интенсивті, өкпе түбіріне қарай жүрген жолды көруге болады. Сіздің диагноз?
-
силикоз
-
ошақты пневмония
-
ошақты туберкулез
-
циррозды туберкулез
-
өкпе ісігі
-
30 жастағы науқастың ретгенограммасын қарағанда өкпенің жоғарғы бөлігінде тығыз интенсивті ошақты көлеңке көруге болады, тері астына енгізілген туберкулинге жергілікті және ошақты реакциялар оң. Сіздің диагноз?
-
инфильтрация фазасындағы өкпенің ошақты туберкулезі
-
күмәнді белсенділікті өкпенің ошақты туберкулезі
-
ыдырау фазасындағы инфильтративті туберкулез
-
сорылу фазасындағы инфильтративті туберкулез
-
тығыздалу фазасындағы инфильтративті туберкулез
-
26 жастағы науқас 2001 жылдың аяғынан бастап жалпы әлсіздік және құрғақ жөтел мазалайды. Бір рет бронх жуындысынан МБТ анықталған. Рентгенограммада әлсіз интенсивті ошақтарды көруге болады. Сіздің диагноз?
-
өкпенің ошақты туберкулезі, бронх туберкулезімен асқынған
-
бронх туберкулезі
-
ыдырау фазасындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі
-
сорылу фазасындағы инфильтративті туберкулезі
-
тығыздалу фазасындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі
-
Стабильды туберкуломаға тән клиникалық ағым сипатталады
-
клиникасы айқын
-
симптомсыз ағымды
-
аз симптомды ағымды
-
атипты
-
толқын тәрізді
-
Үдемелі туберкуломаға тән клиникалық ағым ерекшелігі
-
клиникасы айқын
-
симптомсыз ағымды
-
аз симптомды ағымды
-
атипты
-
толқын тәрізді
-
Стабильды туберкуломасы бар науқастағы туберкулинді сезімталдылығы
-
теріс
-
күмәнді
-
оң
-
гиперергиялық
-
барлық реакциялар
-
Туберкуломаның ағымы
-
жедел
-
жеделдеу
-
торпидты
-
созылмалы
-
барлығы дұрыс
Қосымша 3. Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған бақылау сұрақтары
-
Өкпенің ошақты туберкулезінің анықтамасы
-
Ошақты туберкулездің кездесу жиілігі
-
Ошақты туберкулездің патогенезі
-
Ошақтардың жіктелуі
-
Туберкуломаның анықтамасы
-
Туберкуломаның кездесу жиілігі
-
Туберкуломаның патогенезі
-
Туберкуломаның түрлері
-
Туберкуломаның ағым ерекшеліктері
-
Диспансерлік есеп топтары
Қосымша 4. Қорытынды деңгейге арналған бақылау сұрақтары.
-
Жұмсақ ошақты өкпе туберкулезінің клиникасы
-
Фиброзды ошақты өкпе туберкулезінің клиникасы
-
Ошақты өкпе туберкулезі кезіндегі белсенділік критерилері
-
Ошақты туберкулез кезіндегі ажыратпалы диагностика
-
Туберкуломаның клиникасы
-
Туберкуломаның рентгенологиялық суреті
-
Туберкуломаның диагностикасының критерилары
-
Туберкуломаның емі
-
Өкпенің ошақты туберкулезінің патогенетикалық терапиясы
-
Болжамы және соңы