Ф КГМУ 4/3-06/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина универститеті
Фтизиатрия кафедрасы
Тәжірбиелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Ауыз қуысының, жақ-бет аймағының туберкулезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің туберкулезіне диагноз қою. Ауыз қуысының шырышты қабығының туберкулезі. Ауыз қуысының зақымдануының сирек кездесетін түрлері.
Мамандығы: 051302 – «Стоматология»
Пән: Fti 3227 – «Фтизиатрия»
Курс: 3
Құрастырушы: доцент Н.С. Тәбріз
Қарағанды 2011
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген
Хаттама № _1_ «_31___» ____08_______ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ Н.С. Тәбріз
Тақырыбы: Ауыз қуысының, жақ-бет аймағының туберкулезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің туберкулезіне диагноз қою. Ауыз қуысының шырышты қабығының туберкулезі. Ауыз қуысының зақымдануының сирек кездесетін түрлері.
Мақсаты: Ауыз қуысының, жақ-бет аймағының, мойын және жақасты лимфабезі туберкулезының клиникалық ерекшеліктерін, диагностикасын және емін оқып білу..
Оқытудың міндеттері: Соңғы жылдары
бүкіл әлемдегі мемлекеттерде туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы нашарлай түсті.Осыған орай Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (БДҰ) туберкулезды глобальды қауіптегі мәселе деп жариялады. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары туберкулездың эпидемиологиялық жағдайы өте нашар, ол сырқаттылық, ауыршаңдық және өлім көрсеткішімен сипатталады. Ауыз қуысының, жақ-бет аймағының, мойын және жақасты лимфабезінің туберкулезі сияқты өкпеден тыс туберкулездің түрлерін стоматологтар дер кезінде диагноз қоя білсе көптеген асқынулардың алдын алуға болады.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Ауыз қуысы, жақ бет аймағы туберкулезінің патогенезі.
-
Ауыз қуысы, жақ бет аймағы туберкулезінің түрлері.
-
Туберкулез жегісінің клиникасы
-
Туберкулез жегісінің клиникалық кезеңдері
-
Липома диаскопиясы
-
Липоманы зондтау
-
Скрофулодерманың клиникасы
-
Милиарлы-жаралы туберкулездің клиникасы.
-
Жақ сүйегі туберкулезының клиникасы.
Сабақ беру және оқыту әдістері: (пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, оқулықтармен жұмыс істеу, рефераттар дайындау, жағдайлық есептерді шешу, өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбын талдау, тәжірибелік сабақтардың жеке сұрақтарын тереңдетіп оқыту, барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу, тестілеу, аралық бақылауды жүргізу, рольдік ойындар; оқытушының бақылауымен науқастармен жұмыс жасау.)
Негізгі
-
Игембаева К.С. «Фтизиатрия». (орыс тiлiнен аударылған оқулық). Семей, 2007 ж.,204 б.
-
Кұмiсбаева Б.Т., Еркенова Г.С., Жазыбаева П.М., Даутова О.М., Мақүлбаева У.Т. Медицина термиңдерiнiң түсiндiрме сөздiгi. 1998.
-
Күмiсбаева Б.Т. Маскүнемдiкпен жанасқан өкпе туберкулезiнiң клиникасы және оның өту барысы. Алматы, 1996 ж.
Қосымша:
-
Муминов Т.А., Ни З.И., Ракишева А.С., Турланов К.М. Основные знания по туберкулезу. Алматы. 1983.
-
Маскеев К.М., Шефер Л.Б. Туберкулез (руководство для врачей), Алматы, 1996.
-
Игембаева К.С. – методикалық құрал, 1993 ж., Семей қаласы.
-
Крофтон Дж., Хорн Н., Миллер Ф. Клиника туберкулеза, М., 1996.
-
Под ред. Н.В.Путова и Г.Б.Федосеева. Ленинград, 1984 г.
-
Рекомендации ВОЗ по лечению туберкулеза. Женева, 1998.
-
Урсов И.Г. Профилактика туберкулеза. Новосибирск, 1991.
-
Шебанов Ф.В. Туберкулез (учебник для студентов медицинских институтов), Москва, 1981.
-
Журнал «Проблемы туберкулеза и болезней легких».
-
Бақылау (сұрақтар, тестілердің үлгілері, есптердің үлгілері т.б.)
Бастапқы деңгейдің тесттік сұрақтары.
1.Туберкулез қоздырғышын кім ашты?
-
Пирогов
-
Пастер
-
Пирке
-
Кох
-
Эрлих
2.Туберкулез төмпешігіндегі алып клеткаларды кім ашты ?
-
Пирогов
-
Кох
-
Боткин
-
Пастер
-
Абрикосов
3.Ауыз қуысы туберкулезінің кезеңдері
-
инфильтративті
-
төмпешікті
-
жаралы
-
тыртықты
-
барлығы
4. Липоманың диагностикасында қолданылатын зерттеу әдісі
-
рентгеноскопия
-
рентгенография
-
зондтау
-
туберкулинодиагнстика
-
жалпы қан анализі
5. Туберкулезге күдік туған кезде науқастардан ТМБ қақырық алады ?
-
1 сынама
-
2 сынам
-
3 сынама
-
4 сынама
-
5 сынама
6. Жұғу жолының негізгі көзі ?
-
туберкулезбен ауырған науқас
-
туберкулезбен ауырған жануарлар
-
зараланған азық-түлікпен, топырақ
-
науқастың киімдерімен төсек жабдықтары
7. Ересектерде туберкулездің ерте түрін анықтайтын негізгі әдіс ?
-
бактериоскопия
-
флюорография
-
жалпы қан анализі
-
туберкулин диагностикасы
-
биохим. қан анализі
8. Балалардағы туберкулезді анықтайтын негізгі әдіс
-
бактериоскопия
-
флюорграфия
-
жалпы қан анализі
-
туберкулин диагностикасы
-
биохим. қан анализі
9. Ересектерде өкпе туберкулезінің қай түрі жиі кездеседі
-
ошақты
-
инфильтративті
-
алғашқы туберкулезді комплекс
-
кавернозды
-
туберкулома
10. Балаларда өкпе туберкулезінің қай түрі жиі кездеседі
-
ошақты
-
инфильтративті
-
алғашқы туб. кешен
-
кавернозды
-
тубекулома
Қорытынды білімді тексеруге арналған тесттік сұрақтар
1. Ауыз қуысының шырышты қабатының және еріннің туберкулезі микобактерияның қай түрімен шақырылады ?
-
адам тектес
-
бұқа тектес
-
құс тектес
-
тышқан тектес
-
африкалық
2. Липоманың диагностикасына қандай зерттеу әдісі қолданылады ?
-
рентгеноскопия
-
рентгенография
-
диаскопия
-
жалпы қан анализі
-
туберкулин диагностикасы
3. Липоманың диагностикасына қандай зерттеу әдісі қолданылады
-
рентгеноскопия
-
рентгенография
-
зондтау
-
жалпы қан анализі
-
туберкулин диагностикасы
4.Ауыз қуысы туберкулезінің кезеңдері
-
инфильтартивті
-
төмпешікті
-
жаралы
-
тыртықты
-
барлығы
5. Науқас 12 жаста. Жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, субфебрильді дене қызуына, оң жақ мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Қарған кезде мойын лимфа түйіндері тығыз- эластикалы, аз қозғалмалы, 4-5 көлемге дейін ұлғайған
Манту сынамасы 2 ТЕ – 15 мм. Жалпы қан анализінде аз мәнді лейкоцитоз (10*9/л). Қандай клиникалық диагноз қоясыз ?
Жауап эталоны: Оң жақ мойын лимфа түйіндерінің туберкулезі.
Инфильтрация фазасы
6. Науқас 8 жаста. Анамнезінде қатынас бар / анасы туберкулездің белсенді
түрімен ауырады/. Шағымы: 2 айдан бері интоксикация, жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Қарағанда: жақ асты лимфа түйіндері 5 көлемге дейін ұлғайған, айналасындағы клетчаткамен және терімен жабысқан. Терінің қызаруы, ісінуіжәне флюктуациясы бар. Гистологиялық зерттеуде казеозды аймақтармен эпителиодты клеткалар бар.
Мантусынамасы 2ТЕ – 12 мм.
Қандай клиникалық диагноз қоясыз ?
Жауап эталоны: Жақ асты лимфа түйіндердің туберкулезі.
Казеозды ыдырау түрі
7. Бала 5 жаста. Дене ыстығы 39. Жедел ауырған. Лимфа түйіндері 5 көлемге дейін ұлғайған.Жарылуға бейім ауырсынатын флюктуациясы бар.
Манту сынамасы 2 ТЕ – 4 мм. Жалпы қан анализінде айқын нейтрофиллезді лейкоцитоз.
Қандай клиникалық диагноз қоясыз ?
Жауап эталоны:Жедел бейспецификалық лимфаденит
8. Өкпеден тыс туберкулезі бар наауқастарда асқыну болған кезде ДОТС бойынша қай категориямен емдейді ?
-
1
-
2
-
3
-
4
-
5
9. Өкпеден тыс туберкулезі бар бациллабөлуші науқастар ДОТС бойынша қай категориямен емделеді
-
1
-
2
-
3
-
4
-
5
10.Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар ТМБ бөлмесе және асқынысы болмаса ДОТС бойынша қай категориямен емделеді
-
1
-
2
-
3
-
4
-
5