Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сабақ: №36

Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық денелерді жазықтықпен қию.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Геометриялық денелерді жазықтықпен қию тәсілдерін

және олардың сызбаларын түсіруге үйрету, логикалық

ойлауға қалыптастыру.


ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген

қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қияйық (86-сурет). Тұтас призманың проекциялары 86, а-суретте кескінделген. Онда қиюшы жазықтықтың түзуге кескінделетін проекциясы а1 көрсетілген. Осы а жазықтығымен қиғанда призма екіге бөлінеді. Призманың бөліктері 86, ә-суреттеописание: c:\documents and settings\user\рабочий стол\5.jpg



қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияда көрсетілген. Призманың жоғарғы бөлігін алып тастайық, ал оның қалған бөлігіне көңіл аударайық. Бұрын призманың бүйір қырлары өзара тең еді, енді олар тең болмай қалды. Алғашқыда призманың табандары параллель еді, енді олар параллель емес. Қимада пайда болған АВС үшбұрышы фронталь проекцияланушы фигура болады. Сондықтан оның төбелерінің фронталь проекциялары - А1, В1 және С1, нүктелері бір түзудің бойында жатады. АВС үшбұрышының горизонталь проекциясы призманың горизонталь проекциясымен беттеседі, ал оның профиль проекциясын тұрғызу керек. Ол үшін А1, В1 және С1 нүктелері арқылы горизонталь байланыс сызықтары призманың сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргізіледі. Табылған А3, В3 және С3 нүктелерін кесінділермен қосамыз (86, б-сурет).

Пирамиданы табанына параллель жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық денені қиық пирамида дейді. Төртбұрышты қиық пирамиданың пайда болуы 87-суретте көрсетілген. Дұрыс төртбұрышты пирамида SАВСD 87, а-суретте фронталь және горизонталь проекцияларымен берілген. Оны табанына параллель а жазықтығымен қиғанда кішкене пирамида және қиық пирамида шығады (87, ә-сурет). Кішкентай пирамиданы алып тастағаннан кейін қалатын бастапқы пирамиданың бөлігін кескіндейік. Оның фронталь проекциясын салу қиын емес (87, б-сурет). Қимада пайда болған төртбұрыш ЕҒМN пирамида табанына ұқсас; оның қабырғалары пирамида табанының қабырғаларына параллель. Е және N нүктелерінің фронталь проекциялары Е1 және N1 нүктелері арқылы байланыс сызықтарын жүргізіп, олардың горизонталь проекцияларын А2 мен С2 нүктелерін қосатын кесінді бойынан табамыз. Табылған Е2 және N2 нүктелері арқылы пирамиданың табан қырларының горизонталь проекцияларына параллель түзулер жүргізсек, олар В2 мен В2 нүктелері арқылы өтетін вертикаль түзуде қиылысады. Табылған қиылысу нүктелері Ғ2 мен М2 қима төбелерінің горизонталь проекцияларын береді.описание: c:\documents and settings\user\рабочий стол\4.jpg

Конусты табанына параллель жазықтықпен қиюдың нәтижесінде қиық конус алынады (88-сурет). 88, а-суретте конустың фронталь, горизонталь проекциялары және қиюшы жазықтық көрсетілген. Жазықтық конусты кішкене конусқа және қиық конусқа бөледі (88, ә-сурет). Қиық конустың проекциялары 88, б-суретте келтірілген. Оның фронталь проекциясы - теңбүйірлі трапеция, ал горизонталь проекциясы бір центрден жүргізілген екі шеңберден тұрады. Бұл шеңберлердің диаметрлері трапецияның табандарына тең.описание: c:\documents and settings\user\рабочий стол\6.jpg

Техникада конус тәрізді тетікбөлшектерді жасауда және олардың сызбаларын салуда конустылық деген ұғым пайдаланылады. Конустылық деп қиық конус табандарындағы шеңберлердің диаметрлерінің айырымын оның биіктігіне бөлгенде шығатын бөлшекті айтады. Конустылықты К, қиық конустың үлкен диаметрін D, кіші диаметрін d және биіктігін L әріптерімен белгілесек, мына өрнекті аламыз:

К = .



Сызбада конустылық “” сияқты жазумен белгіленеді. Бұл жазу не конустың осьтік сызығының үстіне оған параллель (88, б-сурет), не оның осіне параллель болатын шығарма сөреге жазылады. Таңбаның сүйір бұрышын конус төбесіне

Күні: 02. 13 Пән: Дүниежүзі тарихы Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту,сұрақ-жауап. Сабақ көрнекілігі: Көркем суреттер, тірек сызбалар Сабақтың барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі ІІ

27.04kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 10. 12. 12. Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы:Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі Сабақтың мақсаты

Тәрбиелілік: ұлттық патриотизмге тәрбиелеу; Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Е. Пугачев көтерілісінің картасы, тірек сызбалар. Сабақ

25.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8 -сынып Күні: 12. 12 Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты тү

27.73kb.

25 12 2014
1 стр.


1-сабақ Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы

26.76kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақ: №36 Сабақтың тақырыбы

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа

92.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақ: №34 Сабақтың тақырыбы

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа

183.84kb.

12 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.