Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен берілген есептерді шығару

(жалпылау және қорытындылау сабағы)


Мақсаты: Шапшаң ойлауға, әр іске шығармашылықпен қарауға бейімдеу, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Игерген білімдерін қорытындылап бір жүйеге түсіру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Көрнекіліктер: ойынға қажетті слайдтар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, ойынға қажетті кеспе қағаздар, суреттер.

1-Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсу үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш.Уалиханов.



2-Жүргізуші:

«Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сатпаев айтып өткендей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Ойынды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен қатысушы оқушылар таныстырылады. Келесі кезекте сайыстың төрелігін айту үшін қазылар алқасын тағайындап алайық.



1-Жүргізуші:

Айналайын алға ұмтылған, дарындар!

Жауап беріп, шешу жолын табыңдар.

Жылдам әрі нақтырақ жауап беріп,

Осы ойынның көшбасшысы болыңдар!

Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

1-бөлім: Бәйге

2-бөлім: Полиглот

3-бөлім: Жетіғажайып

4-бөлім: Кім қырағы

Сонымен ойыншылар іске сәт!



2-Жүргізуші:

Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Көш-өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Дарабоздар, келіңдер сайысуға!

1-бөлім: Бәйге

Кестедегі амалдарды тез орындау керек. Әр кестеге10 ұпайдан беріледі.

Кестедегі амалдарды орындап, табылған мәндерді кему ретімен орналастырсаң және олардың астына сәйкес әріптерді жазсаң, белгілі бір сөздер шығады. Олар нені білдіреді?


Жүргізуші:

2-бөлім: Полиглот

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Екіншінің қатты істейтін миы бар.

Мақал-мәтел, жұмбақ шешсең үш тілде

Осы ойынның сізге деген сыйы бар.

1. Бір тал кессең, ........... тал ек /он , десять, ten/

2. Жігіт бір сырлы, ..............қырлы . /сегіз, восемь, eight/

3. Ер бір рет өледі, қорқақ........рет өледі. / мың, тысяча, one thousand /

4. Ел іші - ......... бесік. /алтын, золото, gold/

5. Сыйлап берген ....................да тәтті. /су, вода, water /

6. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..............жоқ. /темір, железо, iron /

7. Қызға ............ үйден тыю. /қырық, сорок, fourty/

8. ...........қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. /болат,сталь, steel/

9. « Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін» /шам, лампочка, Iamp/


  1. «Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды. /масса, масса, weight/

2-Жүргізуші:

Мәңгі баста есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Демек, келесі Жеті ғажайып кезеңі.


20

20

20

30

30

30

40

40

40

Оң жақтағы 30

Процентті санға қалай айналдыруға болады? /100-ге бөлеміз/



Оң жақтағы 20

18-дің 2/3 бөлігі/12/



Оң жақтағы 40

Аралас сандарды қосу ережесі



Ортадағы 20

Сандар жиыны нешеу /4- натурал, бүтін, рационал, нақты/



Ортадағы 30

Натурал санға аралас санда қосу, азайту ережесі



Ортадағы 40

Төртбұрыштың неше түрі бар? /бес /



Сол жақтағы 20

Жай бөлшектерді қосу, азайту ережесін айт



Сол жақтағы 30

Аралас сандарды азайту ережесі



Сол жақтағы 40

Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы қандай



4-бөлім: Кім қырағы

1-Жүргізуші:

Бұл бөлімде оқушының көз алдынан бірнеше сөз жазылған плакат өткізіледі. Содан кейін есте қалған сөз жазылады.



теңдеу

градус

бөлшек

сабақ

сандар

бөлу

математика

ана

аудан

бұрыш

мейрам

өрнек

периметр

шеңбер

апта

көлем

сынып

ұя

бөлінді

аудан


1-жүргізуші:

Ойынымыздың шешу сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап, марапаттау.



2-жүргізуші:

Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайында айтамыз ба, жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз, аман болсақ!

1-жүргізуші:

Тағы да үйренеміз, аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!

2-жүргізуші:

Бүгінгі көріп тамашалаған «XXI ғасыр көшбасшысы» ойыны өз мәресіне жетті.



1-жүргізуші:

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін, алғысымыз шексіз.

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен берілген есептерді шығару (жалпылау және қорытындылау сабағы) Мақсаты

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, әр іске шығармашылықпен қарауға бейімдеу, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Игерген білімдерін қорытындылап бір жүйеге түсіру, пәнге қызығушылығын,

38.37kb.

25 12 2014
1 стр.


Математика 3 – cынып Cабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының периметрін табу тәсілдері туралы түсінік беру. Барлық амалдарға берілген есептер, амалдардың орындалу тәртібі туралы берілге

43.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Сабақтың тақырыбы: «Теңдеу және оны шешу» Мақсаты

Мақсаты: Теңдеу туралы түсінік беру, бар білімдерін қайталап, толықтыру. Теңдеуді дұрыс шығару жолдарын көрсетіп, жаттықтыру. Оқушылардың ауызша және жазбаша қосу, азайту дағдысын,

43.38kb.

08 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Төрле, Наурыз мейрамы! Сабақтың мақсаты

Сан есім бойынша берілген теориялық білімді практикамен ұштастыруға жағдай жасау

109.56kb.

15 10 2014
1 стр.


Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік: Оқушылармен процентке мәтінмен берілген есептер туралы түсінік бере отырып, есептің мағанасын түсініп оқып дұрыс талдай білуге, негізгі мәселені ажырата білуге дағдылан

24.48kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік: Оқушылармен қозғалысқа мәтінмен берілген есептер туралы түсінік бере отырып, есептің мағанасын түсініп оқып дұрыс талдай білуге, негізгі мәселені ажырата білуге дағдыла

20.63kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.