Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 4страница 5


ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫЊ БІЛІМ ЖЄНЕ ЃЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Ќазақстан мемлекеттік университеті
Т.Т. Ракишева, Л.М.Амреева

САЛАУАТТЫ ¤МІР САЛТЫНЫЊ НЕГІЗДЕРІ

Оќу ќ±ралы




¤скемен

ШЌМУ Баспасы

2006

УДК 613 (075.8)

ББК 51. 204. Я 73

Р 19
Ракишева Т.Т., Амреева Л.М. Салауатты өмір салтының негіздері: Оќу ќ±ралы / Т.Т. Ракишева, Л.М. Амреева; ШҚМУ. - ¤скемен: ШЌМУ Баспасы, 2006. – 80 б.

«Салауатты өмір салтының негіздері» оќу ќ±ралы жастардың салауаттылығын қалыптастыруға негізделген. Онда организімге қауіп-қатер келтіретін факторлар және олардан қорғану жолдары туралы материалдар кірген. Бұл оқу құралын «валеология» пєнінің дєріс және лабораториялық сабаќтарында қолдану ұсынылады. Бұл оқу құралы «валеология» пәнін өтетін барлық педагогикалық мамандықтарының студенттеріне және дєріс беруші м±ѓалімдерге арналады.

ШЌМУ- ніњ Экология және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің әдістемелік Кеңесінде хаттама №1 29.03.2006ж. бекітілді


Пікір жазѓандар: медицина ғылымының кандидаты Х.С.Хакимова

биология ғылымының кандидаты А.С.Шарипханова


ISBN ШЌМУ, 2006



1 САЛАУАТТАНУ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

Жастарды салауаттандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру қазіргі таңда мемлекетімізде көтеріліп отырылған көкейтесті мәселелерінің бірі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында демографиялық көрсеткіштер нашарлап, аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі жоғарлап кетті. Денсаулықты зерттеп, бағалау бағытында жұмыс істеп отырған бірқатар ғалымдарымыз Ж.А.Досқалиев, А.А.Ақанов, Қ.А.Мажибаев, Қ.А.Тумбаев және басқалар мемлекетімізде ақырғы бес жылда жалпы науқастанушылықтың көрсеткіші 21,9% өскенін анықтады. Соның ішінде Шығыс Қазақстан өңірі алдыңғы қатарлы (екінші орын, 1000 адамға 808,3 адамның науқастануы сәйкес келеді) орын алады. Республика бойынша қазіргі таңда ерлердің орташа жасы 59,8, әйелдердікі 71,3 жасты құраса, Шығыс өңірі бойынша бұл көрсеткіш ерлерде 58,4 әйелдерде 71,1 жасты құрайды. Бір ғана Шығыс Қазақстанда 1996-2002 жылдар аралығында жалпы науқастанушылықтың көрініс беруі, былайша айтқанда денсаулықтың нашарлауы ересектерде 11,7% , жас өспірімдерде 29,1%, балаларда 27,0% өсіп отыр.

21 ғасырдағы қоғам жалаң адамдар тобынан емес, отандастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алудағы шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Егер соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57% , әйелдердің 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 55% үнемі арақ ішеді. Мектеп оқушыларының 29,5% нашақорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20% себеп болып отыр. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар барын, әр үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85% тірі жетімдер екенін көреміз.

Денсаулықтың қадірін, әдетте адам ауырғанда ғана білетіндігі өкінішті-ақ. Халқымыз денсаулықты ежелден жоғары бағалаған. Ол халқымыздың мақал-мәтелдерінен, тиымдарынан көрінеді. Мысалға, «Бірінші байлық-денсаулық...», «Денсаулық – зор байлық» т.б. Денсаулықты сақтаудың маңызы туралы ықылым заманнан бері данышпан адамдар айтып келеді. Гиппократтың, Алкемонның, әл-Фарабидің т.б. айтқандары көне дүниеден мәлім. Ортағасырлық, Қайта өрлеу заманы, жаңа заман дәрігерлері Гален, Парацельс, Авецена, басқа да дәрігерлер денсаулықты сақтау мәселелеріне назар аударған.

20 ғасырдың 60 жылдары денсаулықтың механизмдері және оған әсер ету тәсілдері туралы жаңа көзқарасты қалыптастырған патолог С.М.Павленко мен С.Ф.Олейников болды. Олар кейіннен «санология» деп аталған жаңа ғылымдық бағытты негіздеді. Бұл, негізінде «саногенез» - шектен тыс тітіркендіргіштер әсер еткен кезде туындайтын қорғаныш-бейімделу механизмдерінің динамикалық кешені жататын, организмнің ауруларға қарсы тура алуы туралы ілім еді. Бірақ, бұл концепцияны медицина қоғамы қабылдамай, соның салдарынан он-он бес жылға дейін ұмыт қалдырылды. Валеология ғылымының туындауына Украина денсаулық сақтау министрлігі құрған Киевтегі ғылыми зерттеу институты (1968-1986) да өз үлесін қосты. Бұл институт сол Совет дәуіріндегі дені сау адамның мәселесімен айналысқан жалғыз мекеме еді. Адамның денсаулығы туралы ілімнің негізін қалаушы Лазеров Н.В. шәкірті И.И.Брехман болды.

1986 жылы адам денсаулығының эволюциялық қызметін алғаш сипаттаған Боткин Сергей Петрович болса, 1987 жылы И.И.Брехманның «валеология» бағытындағы ең алғашқы «Введение в валеологию – науку о здоровье» монографиясы, 1991 жылы «Валеология – науко о здоровье» деген еңбегі жарық көрді. 1986 жылы алғаш рет әлемде валеологияның кешенді мәселесімен айналысатын Лесгафтың ұйымдастыруымен институт ашылды. Яғни, адам денсаулығын тікелей зерттейтін, дені сау адамның денсаулығын сақтап, нығайтуды қарастыратын жаңа ғылым – салауаттылықтану ғылымы тек жиырмасыншы ғасырдың аяғында жеке бөлініп шығып, дами бастады. Валеология денсаулықты сақтау, қалпында ұстау үшін нендей қызмет атқару

қажеттілігіне көңіл бөледі. Осыған орай И.М.Брехман «Адамның гүлденген денсаулығынан бастап, батпандаған ауруына дейінгі дене және психикалық кезеңдерінің барлығын ұғыну үшін оның қалыпты күйін айқын білудің маңызы зор» деген. В.П.Казначеев «Основы общей валеологии» еңбегінде «Сау болу - бұл аксиологиялық бағыт, денсаулықтың болашағын қамтамасыз етуге бағытталған ғылым”, - деп сипаттама береді. Л.З.Тель «Валеология – философия жизни» еңбегінде валеологияның негізгі міндеті мен мақсаты денсаулық, ал әрбір жеке адамның денсаулығы қоғаммен тығыз байланысты,- дейді.

Адамның тіршілік әрекетін салауаттылықтаныммен қамтамасыз ету биологиялық (физиологиялық) психологиялық және әлеуметтік деңгейде, екі негізгі тетіктерді жүзеге асыру арқылы – денсаулықты сақтау және денсаулықтың сақталымын арттыру нәтижесінде өтеді деп тұжырымдауға болады. Бұл тетіктердің тиімділігі көптеген факторларға тәуелді екені мәлім.

И.М.Брехман (1990), Н.М.Амосов (1979), В.Леви (1982) және басқа да

авторлардың салауаттылықтану саласындағы пікірі бойынша, адамның өзінің адамгершілігі (мәдени деңгейі) денсаулық мәселесінде анықтаушы рол атқарады.

Адамның денсаулығы ең бірінші (49-53%) өмір салтына, өз денсаулығына қарауына байланысты екендігі бәрімізге аян. Ал біздің мемлекетіміздің әр төртінші тұрғыны – бұл 16 – 29 жас аралығындағы – жас адам (бұл жастағылар 3490,6 мың, яғни халқымыздың 23,3% құрайды).

Жас кезеңде салауатты өмір салтының дағдысын және денсаулыққа деген дұрыс тәрбиелік көзқарасты қалыптастыру сәттілігінен, кейінен сол жас адамның тұлға ретінде потенциалының ашылуына мүмкіндік береді. Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ғалымы әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен. Ал біздің болашағымыз неге байланысты?

Жастар оқыту, қалыптастыру әсерлерге бейім келеді. Ал оқыту – ғылымдық білімді санаға ендірудің жоғарғы формасы болып табылады.

Салауаттану жүйесінің негізін құру жастарды өз денсаулығын тану, сақтау, қалпына келтіру әдістеріне оқытып қана қоймай, организмнің бейімделу мүмкіндіктерін күшейтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда саналы жеке бастық белсенділік көрстуге, кейіннен көптеген аурулардың, кері әдет-дағдылардың туындауын алдын алады. Жастардың салауаттандыруға деген гуманистік қажеттілігін қалыптастыруда, валеологиялық мәдениеттің дамуына және салауаттандыру білім қорының дәйекті, тиімді берілуіне жағдай жасайды.

Бүгінде қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі азаматтардың рухани деңгейінің төмендеуіне және соның нәтижесінде жағымсыз жағдайлардың етек алып, тамырын тереңге жаюына себепкер болып отыр. Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі, азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл проблемалардың бәрі жастар арасында тәрбие жұтаңдығының салдары. Жалпы жастар арасында келеңсіз жағдайлардың туындауы үлкен орны толмас өкінішке жетелері хақ.

Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды заттарға әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз қорғансыз. Жастар – болашағымыз, - дейміз, ал бізге болашағымыздың айқындылығы, айбындылығы, асқарлығы, жарқындығы қажет.

Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар ертеңгі қоғам иелері.

Ендеше, келер күннің айнасы жастар денсаулығында, салауатты өмір салтында. Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторы болып табылады.

Салауатты өмір салтына деген ең алдымен дұрыс түсінік қалыптастыруымыз қажет. Профессор Казначеев салауатты өмір салтына былай деп анықтама береді: «Салауатты өмір салты - өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін саяси, экономикалық және әлеумет-психологиялық жағдайға тәуелсіз сәтті орындауды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын организмнің қосымша мүмкіндіктерін жақсартып және нығайтатын адамның күнделікті тіршілік әрекетінің тәсілі және өзіндік формалары». Қарапайым тілмен айтқанда, салауатты өмір салты дегеніміз, ең бірінші өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған адамның тіршілік әрекеті, өмір сүру сипаты. Өмір салтының бірнеше формалары бар десек, салауатты өмір салты адам үшін аса маңызды, денсаулығымен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдениетінің бір бөлігі.

Денсаулық - әрбір адам бақытының негізгі компоненті. Қоғамның болашағы - әр адамның денсаулығына байланысты. Ендеше, педагогтардың басты міндеттерінің бірі - әрбір жастың өмір салтын салауаттылыққа, парасаттылыққа бағыттау, бағдарлау.

Валеология (денсаулықтану, салауаттану) (латынша valeo – сау болу, logos – грекше ілім) денсаулық туралы ғылым, денсаулықты сақтау мүмкіндігін танып білу. Ежелгі физиология ғылымымен тамырластығына, медицина саласының бір тармағының болуына қарамастан, бұл ғылымның өзіне тән ерекше өзгешілігі бар. Ол өзгешелік валеология ғылым саласының өзекті буыны денсаулықты сақтау және қалпында ұстау үшін нендей қызмет атқару қажеттілігін қарастыруы. Сонымен қатар, валеология денсаулықты сақтау және нығайтудың іргелі заңдылықтарын оқытып-үйретеді; организмнің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және оған әр түрлі табиғи үрдістердің, әлеуметтік, психологиялық факторлардың әсерін зерттейді; денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған құралдар мен әдістерді жасайды. Жеке тұлғаның салауаттану мәдениетінің дамуы – адамда валеологиялық үрдістің көріну нәтижесі. «Валеология» терминін енгізіп, осы ғылым саласының ірге тасын қалаушы И.М.Брехман «Адамның гүлденген денсаулығынан бастап, батпандаған ауруына дейінгі дене және психикалық кезеңдерінің барлығын ұғыну үшін оның қалыпты күйін айқын білудің маңызы зор» деп көрсетеді.

Валеологиялық білім беруде, жастарда денсаулық жайлы ұғым қалыптастырып, денсаулыққа немқұрайлы қарау орны толмас өкінішке алып келетініне көздерін жеткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі жайлы білім беруіміз керек.

Валеология пәнінен тәрбие және білім беру бұл: адам денсаулығы жаратылысының жалпы заңдылықтары, олардың сақталуы, және дамуы туралы білім беру; жеке тұлғаның өз денсаулығын сақтау және жетілдіру дағдыларын меңгеруін іске асыру, денсаулықты қалыптастыру себепшарттар, олардың организмге әсерін бағалауы туралы білігін жетілдіру; салауатты тірлік ету туралы түсінікті игеруге, салауатты тұрмыс салтын құра білуге, денсаулық пен салауатты өмір үрдісін насихаттау әдістері мен құралдарын меңгеруге, саналы мүдделілік қалыптастыру; денсаулықты сақтау және нығайту туралы түсінігін жан-жақты негіздеуге, әрбір адамның өз денесі туралы биологиялық білімін, жеке тірлік пен жалпы тіршілік жаратылысты біртұтас қарастырып, өзін және өз ғұмырын барлық қырларынан тануға, өзінің жеке денсаулығын қоршаған сыртқы табиғат пен жамағаттан тұратын тұтас та күрделі әлемнің қайталанбас бөлшегі ретінде сезінуге қажетті білім беру және тәрбиелеу.

Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.


2 “АУРУ”, “НАУҚАСТЫҚ”, “МҮГЕДЕКТІК” ТҮСІНІКТЕРІ
Ауру морфологиялық және функциональдық өзгерістермен жүретін организмнің қалыпты тіршілік әрекетінің бұзылуы. Аурудың туындауы сыртқы ортаның кері әсерлеріне (физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік), оның генетикалық ауытқуларына және т.б. байланысты.

Негізінен аурудың дамуында 4 кезеңді ажыратады:

  1. латент немесе жасырын кезең;

  2. аурудың алғашқы белгілерінің пайда болу кезеңі;

  3. аурудың нақты көрініс беру кезеңі (берілген ауруға тән клиникалық белгілердің толық дамуы);

  4. аурудың аяқталу кезеңі (аурудың жазылуы, аурудың созылмалы түрге өтуі, қайтыс болу).

Аурудың кезеңдерін бөлу, оның ағымының варинттарын, ремиссия және асқыну кезеңдерін, аурудың жай түрінен созылмалы түрге өтуінің себептерін анықтаудың клиникалық және әлеуметтік мәні өте зор, және де, бұлар емдеу тактикасы мен профилактикалық реабилитациялық шараларды жоспарлауда қолданылады.

Егер науқастық (заболевание) жеке адамның ауруы, ауру оқиғасы, аурудың пайда болуы болса, науқастанулық (заболеваемость) халық денсаулығын бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Негізінен бұл термин белгілі бір ағымдағы күнтізбелік уақытта аурулардың таралу көрсеткіштерін және тіркелуін көрсетеді.

Науқастанулық бүкіл халықты, жеке жас-жыныстық, кәсіби және де басқа әлеуметтік топты сипаттай алады. Мысалы: Өскемен қаласындағы бүкіл жоғары оқу орыындарының профессорлық-оқытушы құрамының немесе Оңтүстік-Батыс аймағының мұғалімдерінің науқастанулығы және т.б.

Науқастанулықтың көрсеткіштері 1000, 10000 немесе 100 мың халық арасында есептеледі.


Халық арасында ауқастанулықтың негізгі түрлері:

- алғашқы науқастанулық - өтпелі бір жыл көлемінде қайта анықталған науқастану сонын сипаттайды. Есеп бірлігі ретінде күнтізбелік жылда берілген ауру бойынша дәрігерге алғаш көрінуі алынады. Жіті науқастану диагнозы оның әр жаңадан өрбігені сайын тіркеледі. Созылмалы науқастану тек 1 жылда бір рет қана есепке алынады, және де созылмалы науқастанудың асқынуы сол жылда қайталанған науқастану ретінде есепке алынбайды.

Таралу, аурушаңдық, жалпы науқастанушылық - халықта кездесетін барлық аурулардың көрсеткішін сипаттайды.

Аурушаңдылық науқастанып қаралу және бағытталған алдын алу және тереңдете медициналық қарау нәтижесінде анықталған науқастану қосындыларымен сипатталады. Бұдан басқа да науқастанудың түрлері болады, мысалы: инфекциялы эпидемиялық емес науқастық (қатерлі жаңа түзілістер, туберкулез және басқалар), белгілі бір мерзімде еңбекке жарамсыз болатын госпитализацияланған науқастанулық, еңбекке жарамдылықтан айыратын және кәсіби науқастанулық.

Жалпы науқастану деңгейі әр түрлі факторлардың әсерімен анықталады. Ең маңыздылары болып табылатындар: жастық-жыныстық және кәсіби құрамы, тұрғылықты жері (қала, ауыл, т.б.), жанұялық-тұрмыстық және экономикалық факторлар, өмір салты, медициналық көмектің қолайлығы мен сапасы, медициналық белсенділік. Осыдан науқастанудың құрлымын да әр түрлі. Мысалы, Ресейдегі қала тұрғындарының науқастану құрылымы былай көрінеді:


  1. тыныс алу мүшелерінің аурулары;

  2. қан айналу жүйесінің аурулары;

  3. жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары;

  4. тірек-қимыл жүйесі мен дәнеке ұлпы аурулары;

  5. ас қорыту жүйесінжегі аурулар.

Ауыл тұрғындарының науқастану құрылымы мүлде басқаша:

  1. тірек-қимыл жүйесі мен дәнекер ұлпы аурулары;

  2. тыныс алу мүшелерінің аурулары;

  3. қан айналу жүйесінің аурулары;

  4. жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары;

  5. психикалық ауытуқулар.

Әйелдер мен балалар науқастануының құрылымында әр түрлі науқастың түрлері болады және жіктеледі. Мүгедектік ретінде еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі мен жоғалуының фактісі алынады. Бұл мүгедектіктің критерилерінің бірі. Екіншісі үнемі басқа біреудің күтімін қажет ету.

1980 жылы ДДҚҰ “Бұзылулардың, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі мен әлеуметтік жетіспеушіліктің Халықаралық классификациясын” ұсынды.

Мүгедектің ауырлығын бағалау үшін үш топты жүйе қолданылады. Бұдан басқа экспертиза арқылы мүгедектің себебі де белгіленеді:


  • жалпы науқастану;

  • кәсіби науқастану;

  • еңбектік зақымдану;

  • бала жастан мүгедектік

  • еңбек әрекетінің басталуына дейінгі мүгедектік

  • әскери мамандарына арналған мүгедектік.

Мысал, ретінде келесідей сандарды келтіруге болады. Ресейде 1994 жылы алғашқы мүгедектіктің деңгейі 10000 халықтың шінде 72,2 оқиғаны құрады.

Қазіргі таңда халықтың арасындағы мүгедектіктің негізгі себептері болып табылатындар: қан айналу жүйесінің аурулары (І орын), қауіпті жаңа түзілістер (ІІ орын), әр түрлі жарақаттар (ІІІ орын).

ДДҚҰ эксперттерінің пікірі бойынша Жер шарының әр 10-шы тұрғынында мүгедектіктің белгілері бар. (10000 адамға 1000 жағдай).

Ж‰ре м‰гедектікке єкелетін ауруларды алдын алудыњ бір шарасы халыќтыњ медициналық белсенділігін артыру болып табылады.

Сіз байқадыңыз ба, өмір салтында медициналық белсенділікке қандай маңызды орын беріледі? СӨС қалыптастыру жолдары оның функциональдық құрылымынан шығады. Ал оның “ашқышы” кілті медициналық белсенділік болып табылады. Медициналық белсенділік - денсаулығын сақтауға, нығайтуға, қорғауға бағыттал­ған жеке адамның әрекеті немесе академик Лисицын Ю.П. бойынша “медициналық белсенділік қосу таңбасымен”.

Медициналық белсенділік түсінігі және сонымен қоса “жоғары және төменгі медициналық белсенділік” түсініктері қалай ұғындырылады екен.

Сонымен, медициналық белсенділік белгілі бір тарихи кезеңге тән, адамдардың өзінің және басқа адамдар (қоғамның) денсаулығына қатысты іс-әрекеті. Медициналық белсенділік денсаулыққа қатысты гигиеналық, медициналық оқыту, тәрбиелеу, білім беру, медицинадан хабардар болу аймағы.

Оның құрамына кіретіндер:



  1. медициналық мекемелерге бару, медициналық кеңестерді орындау;

  2. емдеу, алдын алу, реабилитация, өздігінен емдеу және басқа да медициналық шаралар кезіндегі мінез-құлық;

  3. халықтың денсаулығын қорғауға және жақсартуға қатысу, басқалар денсаулығына қамқорлық (алдын алу, емдеу, медициналық мекемелердің жұмысы және басқалар);

  4. жаман әдет-ғұрыптарды жеңу, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мақсатты әрекеті. Бұл түсініктермен медициналық ақпараттандырылу тығыз байланысты. Сондықтан, жаңалық пен жақсылықты әкелуші интеллигент ретінде педагогқа жоғары медициналық белсенділік өмірде қажеттілік болып табылады. Аталып өткен шарттарды орындамау медициналық белсенділіктің төмендігін көрсетеді және бұл қауіп-қатер факторы болып табылады. «Ауру батпандап кіріп, мысќалдап шыѓады» - деген бабаларымыз, яѓни ауруды емдегеннен денніњ саулыѓын алдын ала саќтаѓан жµн. Сондыќтан єр адам медициналыќ жаѓынан белсенді болуы керек.


3 ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Денсаулықты басқару – бұл денсаулыққа байланысты ақпаратты жинау, оны болжау, шешім қабылдау және оны жүзеге асырудың жиынтығы. Валеологтың денсаулықты басқарудағы әрекеті – бұл жеке адамның денсаулығын сақтау, нығайту және қалыптастыру. Бұның методологиялық негізін, адамды өз ішінде және сыртқы ортамен біртұтас деп қарастыратын интегративті, холистикалық көзқарас құрайды.

Денсаулық ұғымының негізгі түсініктерінің бірі «үйлесімділік» және «энергетикалық қуаттылық» болғандықтан, адам денсаулығын қалыптастыру деп үйлесімді, жоғары энергетикалық потенциалды психосоматикалық жүйені құруды түсіну керек. Басқаша айтқанда, бұл адамның үздіксіз соматикалық және психикалық дамуының жоғарғы үйлесімділігін және оның құрлымдарының энергетикалық қуаттылығын қаматамасыз ететін жолмен бағытталуы.

Адам денсаулығына қамқорлық эмбрионалдық кезеңге дейін басталып, гаметопатияны алдын алумен және болашақ ата-аналарды жалпы сауықтырумен сипатталады. Тек, ата-ана гаметаларындағы толық құнды генетикалық ақпарат қана болашақ сәбидің денсаулығы туралы жағымды мәліметті бере алады.

Шамасы, денсаулықты қалыптастыруға максимум күш салу өмірдің ерте кезеңдеріне сәйкес келуі керек, яғни белсенді соматикалық және психикалық қалыптасу кезеңінде. Алайда, адам өзгеріп отыратындықтан, бұл аспект бүкіл тіршілік кезеңінде бақылануы тиіс. Әсіресе, онтогенездік жоспардың ауысуы, гормоналдық статустың өзгеруі және организм жүйе ретінде тұрақсыз жағдайда болатын сынақ кезеңдерінде. Организмнің болашақта қалай қызмет істеуі, оның осы кезеңдерде медициналық сауатты «құрылуына» тәуелді болады.



Құрсақ ішілік кезеңде дене бітімдік (физикалық) денсаулықты қалыптастыру.

Денсаулықты құрсақ ішілік даму кезеңінде қалыптастыру үрдісін басқару, осы кезеңнің ерекшеліктерін білуді талап етеді.

Оған мыналар жатады:

1. Басқа онтогенез кезеңдерімен салыстырғанда түр қалыптастыру үрдістерінің екпіні өте жоғары: құрсақ ішілік кезеңде қысқа уақыт ішінде организмнің барлық құрлымдары қалыптасады, реактивтілігі, бейімделу және қалпына келу механизмдері пайда болады. Дамудың генетикалық жоспарын толық және дұрыс жоғары екпінде жүзеге асыру үшін ерекше қорғану жағдайы талап етіледі. Бұл жағдайды ана организі жасайды.

2. Құрсақ ішілік тіршіліктің ерте кезеңдерінде қабыну стадиясының ішінде тек альтерация көрініс берген, пролиферация кеш филогенезде қалыптасады. Экссудация механизмдері өзінің қалыптасуын бала дүниеге келгеннен кейін аяқтайды. Сондықтан, құрсақ ішілік кезеңнің негізгі ауытқуы – ұрықтың құрлымдарында ауытқу туындататын және кемтарлықтың қалыптасуына әкелетін альтернативті үрдістер.

3. Қалыптасу үстінде ұлпа, мүше және жүйенің жоғары деңгейде зақымдануы олардың дамуының сынақ кезеңіне келеді, яғни бұл құрлымдар әсерлерге жоғары сезімталдыққа ие болғанда.



Негізгі сынақ кезеңдер:

а) құрсақ ішілік кезеңнің имплантациямен аяқталатын бірінші аптасы;

ә) мүшелердің сонымен қоса планцетаның негізі қаланатын, былайша айтқанда планцентация немесе үлкен онтогенез кезең (3-12 апта);

б) дүниеге келу, адам өміріндегі ең күшті стресс болып табылады (дүниеге келу стрессі).

4. Дамудың көптеген кемістіктері үлкен онтогенез кезеңінде қалыптасады. Кешірек кемістіктер түр-қалыптастыру үрдістері жалғасып жүріп жатқан ағзалар мен жүйелерде (ОНЖ, жыныс, жүрек-тамыр жүйелері) туындауы мүмкін.

5. Ұрықтың зақымдану сипаты әсер етуші факторлардың сәйкес келмеуімен емес, әсер ету кезіндегі даму кезеңімен анықталады. Зақымдаушы фактор, ең бірінші, сынақ кезеңіндегі мүшенің дамуын бұзады. Мұны білу дамудың туа біткен кемістіктерін және тұқымқуалау ауытқуларын жіктеуге көмектеседі. Дүниеге келу уақытына жақындаған сайын, ұрықтың зақымдаушы әсерлерге сезімталдылығы біртіндеп төмендейді.

6. Патогендік факторлардың әсер ету күшіне байланысты, ұрық оларға әртүрлі жауап қайырады:

а) өте күшті әсерлер – ұрықтың өліміне немесе жоғары ауытқудың

пайда болуына әкелетін дамудың жалпы тежелуін туындатады;

ә) орташа күштегі фактор әсер еткенде күштің өтеуіне қатысатын ұрықтың функциональдық жүйелері тез жетіледі де, ал басқалары жетілмей қалады (былайша айтқанда «физиологиялық жетілмеу» өрбиді);

б) әлсіз күштер әсер еткенде ұрықтың бейімделу мүмкіндігін жаттықтыратын «физиологиялық стресс» дамиды.

7. Міндеті дамып келе жатқан организмге қолайлы жағдайды жасау болып табылатын «ана-ұрық» функционалдық жүйенің құрылуы. Ұрықтың дамуына ана организімінің де, әрі онымен байланыстырып тұратын планцетаның да жағдайы әсер етеді. Бұл жүйеде ана мен ұрықтың сәйкес жүйелері «мүше-мүшеге» деген принциппен жұмыс істейді және біріндегі бұзылу екіншісінің қызметінің өзгеруімен өтеледі. Репродуктивтік стратегия мен жеке бастың тіршілігін сақтап қалу стратегиясы ілес қатынаста болатындықтан, ана мен ұрық арасындағы жүйелік байланысты сақтап қалу үшін (былайша айтқанда жүктілік доминанталарын) болашақ ана стресстік жағдайлардан аулақ болуға тырысуы керек.

Құрсақ ішілік кезеңде физикалық дамуға қауіп-қатер факторларын

үш топқа біріктіруге болады:



  1. Гаметопатия. Ұрықтануға толық жетілмеген, құнсыз жыныс жасушалары қатысса, түзілген зигота көп жағдайда өледі немесе ауытқуы бар ұрықты береді. Жыныс жасушаларының құнсыздығы тұқым қуалау ауытқулардың, қоршаған ортаның патогендік факторлар әсерінің және ана организміндегі бұзылулардың нәтижесі болуы мүмкін. Ақырғылардың ішінде мыналарды атаған жөн: жұмыртқа безіндегі паталогиялық өзгерістер, қартаюға байланысты өзгерістер де, гаметалардың пісіп жетілуі мен олардың ұрықтануы арасындағы уақыт кезеңінің артуынан гаметалардың «пісіп кетуі», мысалы, түтіктердің өткізгіштігі төмендегенде, иммундық әсерлерде және басқа. Негізгі паталогиялық көрініске хромосомдық аномалиялар жатады.

  2. Қоршаған ортаның патогендік факторлары өзінің әсерін құрсақ ішілік дамудың барлық кезеңдеріне тигізеді. Бұлардың ішінде оттегінің жетіспеушілігін, иондық радиацияны, ананың дұрыс тамақтанбауын, жұқпалы, химиялық және термиялық агенттері, дәрі-дәрмектерді, жүктілікке ананың бейімделуін бұзатын психоэмоциялық факторларды атауға болады.

Химиялық факторлардан келесілерді атаған жөн:

  1. никотин – түбінде ұрықты гипоксия мен гипотрофияға әкеледі, жатыр тамырларының тарылып, түйілуін тудырады, иммуногенездің нашарлауына әкеледі;

  2. алкоголь – мүшелерді ұландырады, ұрықтың алкогольдік синдромын туындатады (өсу мен даму кідіреді, энцефалопатия, алкогольдік тәуелділік т.б.);

  3. пестицидтер және кейбір дәрі-дәрмектер.

Биологиялық факторлардың ішінде ең қауіптілері – вирустар брлып табылады. Әсіресе, ұрыққа зақымданбаған планцета арқылы енетін және тератогенді, мутагенді әсерледі туындататын қызылша, қызамық, тумау вирустары. Ұрықта қарапайымдар өрбітетін аурулар ішінде ең белгілілерінің бірі токсоплазмоз.

  1. Ананың аурулары. Ананың денсаулық жағдайы ұрыққа тікелей емес және тікелей көрініспен әсер етуі мүмкін. Біріншілері планцетаның барлық қызметтерінің төмендеуімен сипатталады, яғни планцетаның жетіспеушілігінің (біріншілік немесе екіншілік) қалыптасуына, ал екіншілері ана организмінің нақты мүшелері мен жүйелерінің зақымдануына байланысты.

Біріншілік планцетарлық жетіспеушілік планцета дамуының тежелу нәтижесі болып табылады. Оның туындауының негізгі механизмі – ананың жыныс мүшелерінің патологиясы, нақты айтқанда жұмыртқа бездерінің қызметінің жетіспеушілігі мен эндометрияның зақымдануы. Ақырғы жағдай, жатыр мен жұмыртқа бездерінің арасындағы рефлекторлық байланыстың үзілуіне және эстрогендердің синтезінің екінші қайтара төмендеуіне әкелетін, сезімтал жүйке ұштарының зақымдануы (мысалы, жасанды түсікте ерекше қауіпті тудырады).

Жұмыртқа бездерінің гармондарының жатырға әсерінің әлсіреуі ұрық үшін қоректік ортаны дайындауды, имплантацияны, кешірек планцентацияны бұзады. Бұның бәрі ұрықтың жалпы дамуын кідіртеді, оның тіршілік қабілетін төмендетеді.

Екіншілік планцетарлық жетіспеушілік ананың жүктілікке толық бейімделмеуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда нейроэндокриндік, жүрек-тамыр, бөлу және басқа да, ана организміндегі қайта құрылу планцетадағы қан айналым дәрежесін толығымен қамтамасыз ете алмайды.

Ана организміндегі бейімделу шиеленісі гипертензия, анемия, бүйрек жетіспеушілігімен және т.б. (жүктілік токсикозы т.с.с.) көрініс беруі мүмкін. Ал ұрық тарапынан гипотрофия, физиологиялық жетілмеу байқалады.

Ана мен ұрық тұтас бір жүйеге біріккендіктен, ана организімінің мүшелері мен жүйелері зақымданған кезде ұрықта да, сол мүшелер мен жүйелерге сәйкес құрылымдардың қызметі өзгереді. Бірақ, бұл құрлымдардың ұрықта толық пісіп-жетілмеуіне байланысты олар алдын ала жаттығуы мүмкін немесе шамадан тыс ширығуы, түсетін күшке тәуелді әлсіреп қажуы мүмкін. Яғни, ана организіміне жеке эндокриндік бездердің қызметінің төмендеуі ұрықта сол бездердің белсенділігін уақытынан бұрын компенсаторлық күшейуін туындатады, ал бұл системогенездің қалыпты барысын бұзуы мүмкін, соның нәтижесінде дүниеге келген ұрпақта бір уақытта бір ағзалардың пісіп жетілмеу белгілерімен қоса, басқаларының гиперфункциясы да болады. Мұндай уақытынан ерте болған белсенділік болашақта ерте басталған қызметті қажытып, дүниеге келгеннен кейін де оның жетіспеушілігіне әкеледі (әсіресе пубертат кезеңінде). Осындай бұзылуларға қант ауруымен ауыратын ананың дүниеге әкелген сәбидегі инсулярлық аппараттың гиперплазиясы мысал бола алады. Бұның нәтижесі: гипогликемия, баланың дүниеге келгенде салмағының жоғары болуы, ерте қант ауруының дамуы және ОНЖ, жүрек-тамыр, тірек-қимыл жүйелерінің зақымдануымен жүретін тератогендік көріністер болып табылады. Сәкес құрлымдардың зақымдануының тағы бір мысалы: жүрек ауруларымен ауыратын аналардың дүниеге әкелетін сәбилерін арасында жүрек ақауының жиі кездесуі. Бұл зақымданудың негізінде иммундық механизм жатыр деп болжанады.

«Ана-ұрық» жүйесіндегі бұзылудың ерекше мәселесін иммундық шиеленісу, ананың ұрыққа деген аллотрансплантат ретінде иммундық агрессиясы құрайды. Мұндайда, ана мен ұрықта аурулар туындамауы үшін жүктіліктің кез-келген кезеңінде оны үзу мүмкін болмақ.

Айтылғандардың негізінде, адамның құрсақ ішілік даму кезеңінде физикалық денсаулықты қалыптастырудың негізгі принциптерін шығаруға болады:


  • гаметопатияны алдын алу;

  • болашақ аналарды сауықтыру, бұл ананың жүктілікке толық дерлік бейімделуін қамтамасыз етеді және ұрықтың дамуына оптимальды ортаны қалыптастырады;

  • сыртқы ортаның патогендік әсерінен ананы қорғау, әсіресе, ұрық үшін құрсақтық дамудың сынақ кезеңдерінде;

  • стресстердің болмауы, «жүктілік доминантын» сақтауға мүмкіндік жасайды;

  • ұрықтың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын және оның организіміне әлсіз жаттықтыру әсерлерін қамтамасыз ететін болашақ ананың өмір салты.

Баланың физикалық (дене бітімдік) денсаулығын қалыптастырудың кейбір принциптері.

Баланың дене бітімдік саулығын қалыптастырудың негізгі мәселелеріне мыналарды жатқызуға болыды: әуелі, бұл системогенезді үздіксіз бақылау және оны басқару арқылы оптималды үйлесімділіктегі конституцияны қалыптастыру. Бұл басқару патологиялық конституцияның көрініс беруін алдын алатын жағдайларды және ылайықты әсер ету арқылы конституцияның қалыпты жақсы деңгейде қалыптасуына жағдай жасау. Бұдан баланың дүниеге келгенге дейінгі және дүниге келгеннен кейінгі тіршілік ортасына, өмір салтына деген жоғары талап шығады.

Физикалық денсаулықтың екінші мәселесі – жаттықтырушы әсерлерді қолдану арқылы функциональдық қорды, энергетикалық потенциалды үздіксіз өсіру. Үшінші мәселесі, екіншімен тығыз байланысты және ауруларды спецификалық емес алдын алумен көрінеді.

Қорытынды соматикалық конституцияның қалыптасуы негізінен 5-6 жаста аяқталады. Бұл уақыттың ішінде әр түрлі ұрық жапырақшаларының мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау арқылы қалыптасу үрдісіне қандай да бағыттаушы әсер етуге болады.

Эктодермалық жапырақшадан тері, сілемей қабықтың бөліктері, жүйке жүйесі мен сезім мүшелері дамитындығы белгілі. Мезодермадан тірек-қимыл аппараты, жүрек-тамыр, бөлу және жыныс жүйелері қалыптасады. Энтодерма ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінің көптеген құрлымдарына бастама береді. Эктодермалық типте (астеникалық конституция) ас қорыту, тыныс алу жүйелерін және тірек-қимыл аппаратын жаттықтырған жөн. Ал энтодермалық конституциясының негізі бар балада артық майдың жиналуын және май жасушаларының көбеюін туындатпау үшін тамақтануды, әсіресе, көмірсуларды шектеген жөн. Көптеген тұжырымдар бойынша май ұлпасының жасушаларының көбеюі бала өмірінің алғашқы 1,5-2 жылында жүретіндіктен, әсіресе, осы жаста тамақтану режимін реттеудің маңызы зор.

Соматикалық конституцияны қалыптастыруда ең бір көңіл бөлетін жағдай, бұл уақытында баланың сымбатына дұрыс коррекция жасау. Ертеден бізге «біздің денсаулығымыз біздің омыртқа жотамызда»,- деген түсінік келген. Омыртқа жотасының қалыптасуының бұзылуы көптеген қызметтердің бұзылуына, әр түрлі ағзалардың дистрофикалық зақымдануына ауырту синдромына, астенияға әкеп соғуы мүмкін.

6-7 жас – көптеген физиологиялық қызметтерін өзінің қалыптасуын аяқтайтын, бала өміріндегі сынақ кезеңі. 7 жастағы балада мектепке баруға барлық қабілеттері жетілген. Одан шыдамдылықты, жауапкершілікті, ақпаратты меңгеруді талап етуге болады. Балада бұл жаста әлуметтік белгілірі айқындала бастайды. Бұл тез арада қайта құрылу кезеңі ұқыпты медициналық бақылауды талап етеді.

Екінші бала өміріндегі маңызды (бұл да «сынақ») кезең – жыныстық пісіп жетілу кезеңі, жыныстық конституцияның қалыптасуы. Қорытынды соматикалық конституцияға жыныс гормондарының әсері уақытша десинхронизацияны, мүшелер мен жүйелер қызметінде сәйкессіздікті туындатады. Организм жүйе ретінде тұрақсыз жағдайда болады, сыртқы орта әсерлеріне өте сезімтал, сондықтан жыныстық жетілу кезеңін физиологиялық «үшінші күйге» жатқызады. Бұл кезеңде балаға аса ұқыпты көңіл бөлу қажет. Стрестік жағдайлар баланың өсуін және жыныстық жетілуін бәсеңдетеді. Сол себепті, жүйкесі қажыған гипопластикалық балаларда жыныстық жетілу жиі кешеуілдейді.

Кеш жыныстық жетілудің негізгі бір соматикалық белгілері: аяқ-қолдар ұзындығы мен өкпенің арасындағы пропорциялық сәйкессіздік, онша үлкен емес дене (былайша атағанда, евунхоидты конституция). Жыныс гормондары мен соматотропин (өсу гормоны) шеміршектердегі өсу аймақтарына қарама-қарсы, ілесе әсер етеді, біріншілерінің тежеуші әрекетінің жетіспеушілігінен екіншілері аяқ қолдардың өсуіне өзінің әсерін ұзағырақ тигізуге мүмкіндік алады. Бұл құбылыс жыныс конституциясын бағалауда болжамдық көрсеткіш ретінде қолданылуы мүмкін. Қызметтің кеш басталуы, сонымен қатар, ерте аяқталуы, организмнің қызметтік қорының төмендігінің көрініс беруі болып табылады.

Адам толық жетілмей дүниеге келетін сүт қоректілер қатарына жататындықтан оның өмірінің ерте кезеңінің тіршілік ету ортасына қойылатын негізгі талап: организмнің құрсақ ішілік кезеңнен постнаталды өмірге ырғақты өтуін қамтамасыз ететін жағдайдың болуы. Бұл жағдайларға: баланың дене бітімдік қорғалуы, стрестердің болмауы, ұтымды тамақтану, ұйқымен толық қамтамасыз етілуі жатады. Осыдан, бұл жағдайлардың организмнің трофотроптық бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты екенін көреміз. Бұл жағдайлардың маңыздылығы баланың келесі өмір кезеңдерінде де сақталады.

Мұнымен қоса тамақтану мәселесіне де ерекше көңіл бөлу керек. Тамақтану арқылы конституцияны қалыптастыруға әсер етуге және физикалық пен психикалық саулықты басқаруға болады. Бұл, ең бірінші, тамақ ингредиенттерінің ақпараттық әсеріне және олардың энергетикалық құндылығына байланысты. Ақпараттық әсер ретінде тамақ құрамы арқылы организмге енген биологиялық белсенді заттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің зат алмасуға әсері алынады. Мысалы: ерте жаста йод, темір, кальцийдің маңызы зор. Жыныстық жетілуі кешеуілдеген қыз балаға көп мөлшерде организіміне мыс элементі қажет. Әр түрлі тамақ ингредиенттеріне деген қажеттілік жасқа және конституция түріне сәйкес болуы керек.

Бала өсіп жетілген сайын оның алдында өмірге бейімделу проблемасы тұрады. Сондықтан, системогенезді бағыттайтын және функциональдық қордың үздіксіз өрбуін қамтамасыз ететін жаттықтырушы әсерлерді ендіру қажет болады. Әр түрлі соматикалық ауруларды алдын алу бұл жағдайда денсаулық деңгейін көтеру болып табылады.

Қимыл-қозғалыс - әмбебап және тиімді жаттықтырушы әсер болып табылады. Қимыл-қозғалыс жүйелердегі анаболизмдік үрдістерді жоғарылатады. Бұл әр түрлі бұлшық еттердегі құрылыс және энергетикалық материалдардың өсуін береді. Басқаша айтқанда, қиымл-қозғалыс қызметімен байланысты барлық жүйелердегі артық анаболизмнің функционалдық индукция факторы болып табылады. (И.А. Аршавскийдің қаңқа бұлшық еттерінің эенергетикалық ережесі). Пластикалық әсер жасқа байланысты негізінен сандық (бойдың ұзаруы, бұлшық еттер ұлпасының салмағының жоғарылауы) немесе сапалық (жетілудің белсендірілуі, ұлпалардың жіктелуі) көрсеткіштермен көрініс береді. Қаңқа бұлшық еттері үшін бұл жас 7 жасқа дейін және 7-ден 18 жасқа дейін деп есептеледі. 7 жастан бастап бұлшық еттер жіктелуінің жылдам жүру үрдісі олардың функциональдық қорының жоғарлауына әкеледі және баланың жүруі, жүгіруі ересектердікіне жақындайды. Сондықтан, әсіресе, физикалық жаттығу организмді дамытушы, энергетикалық потенциалды жоғарлатушы фактор ретінде пайдалы. Қимылдық белсенділіктің жетіспеушілігі генетикалық қорды толық пайдалана алмауға, физикалық дамудың жетіспеушілігіне әкеп соғады. Бірақ, айтылып өткендердің барлығы баланың ерте жас кезеңіндегі (7 жасқа дейін) оптимальды қимыл режиміне аса мән бермейді. Тірек-қимыл аппаратының эфференттік жүйелерінің толық пісіп-жетілмегендігінен, бұл жаста негізгі тиімділік, психиканың дамуына және организмнің жалпы үйлесімділігіне жағдай жасайтын жүйке жүйесінің сенсорлық звеносын белсендірумен байланысты.

Берілген валеологиялық тактика динамикасы онтогенезде вегетативтік қызметтің қалыптасуының біртінділігімен негізделген. Дүниеге келгеннен кейін және ерте жаста бала ваготонусты (вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі қалыптасуын кеш аяқтайды). Бұл жаста вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімімен үйлестірілетін трофотроптық бағдарламаны жүзеге асырудың маңызы зор. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің пісіп-жетілуімен қатарлас бейімделу механизмдері қалыптасады және организмнің эрготропты бағдарламасының дамуын бағыттауға мүмкіндік туады. Физикалық белсенділік әмбебапты бейімдеуші болып саналады, себебі ол ең көп мүшелер мен жүйелерді жатықтырады. Организмге әсерінің әмбебаптығымен келесі орындарда гипоксия мен шынықтыру тұр. Суық және жылумен шынықтыру сенсорлық жүйені жаттықтырады, орталық жүйке құрлымдарының қызметін қалыпқа келтіреді, үйлестіреді, әсіресе жылылықты реттеу орталығын. Жылылықты реттеудің қалыптасуы жеті жасқа таман аяқталады деп есептеледі. Ересектерге қарағанда, жеті жасқа дейін жылуды реттеу механизмдерінің бейімділігі, бұл қызметті жеңіл басқаруға мүмкіндік береді. Әсіресе осы жаста шынықтырудың маңызы зор.

Баланың физикалық денсаулығын қалыптастырудың негізігі принциптері оның негізігі бағыттарымен үндеседі. Оған мыналар жатады:

- тіршілік әрекетін жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету;

- баланың салауатты өмір салта;

- соматикалық конституцияны білімді, дұрыс қалыптастыру;

- денсаулық деңгейінің үздіксіз жоғарлауын қамтамасыз ететін дамытушы, үйлестіруші, жаттықтырушы әсерлерді уақытында және сәйкесінше қолдану;

- спецификалық және спецификалық емес ауруларды алдын алу.

Баланың физикалық денсаулығын қалыптастыруда қолданылатын нақты жолдар мен әдістер ерекше бөлімнің – бала валеологиясының зерттеу тақырыбы болып табылады.


следующая страница>


Салауатты ¤мір салтыныњ негіздері

Ракишева Т. Т., Амреева Л. М. Салауатты өмір салтының негіздері: Оќу ќ±ралы / Т. Т. Ракишева, Л. М. Амреева; ШҚМУ. ¤скемен: ШЌму баспасы, 2006. – 80 б

1059.93kb.

17 12 2014
5 стр.


«Салауатты өмір салты» атты ересектер, балалар арасындағы шаңғы жарысы

Ауданымызда салауатты өмір салтын насихаттау, аудан тұрғындарының демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр аптаның сенбі, жексенбі күндері спорт жарыстары ұйымдастырылып от

19.89kb.

16 12 2014
1 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ОҚушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру

ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері

587.27kb.

25 12 2014
4 стр.


1 ші–тақырып. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі. Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері»

Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері

429.18kb.

25 12 2014
3 стр.


Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері

Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері

1009.63kb.

14 12 2014
5 стр.


Тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері

1170.08kb.

14 12 2014
8 стр.


Әлеуметтану негіздері

С. Аманжолов атындаѓы ШЌму барлыќ мамандыќтардыњ студенттеріне арналѓан єлеуметтану негіздері пєнініњ оќу-єдістемелік кешені / ќ±растырѓандар: Ќажым Ж.Ќ., Ќабдрахманова Фаийна Ќана

730.83kb.

14 12 2014
4 стр.


«Урбанизацияланған территорияны экологиялық аудандарға бөлу негіздері» элективтік пәні бойынша сұрақтардың тізімі

Экологиялық аудандарға бөлудің ғылыми негіздері

64.11kb.

15 10 2014
1 стр.