Перейти на главную страницу
Тамаќтанудыњ кµптеген т‰рлері бар. Адам денсаулыѓына жаќсы ыќпал ететін б±л ±тымды тамаќтану. ¦тымды тамаќтану б±л аѓзаны ќажетті тєуліктік органикалыќ, бейорганикалыќ заттардыњ ќорымен ќамтамасыз ететін, оныњ ќ±ат ќажеттілігін µтейтін, заттар алмасуын керекті дењгейде ±стайтын тамаќтану. ¦тымды тамаќтанудан басќа, адам белгілі бір аурулармен науќастанѓанда емдік тамақтану (диетотерапия) ќолданылады. Емдік тамақтану (диетотерапия) - бұл емдік және профилактикалық мақсатта арнайы құрылған тамақтық рациондар мен тамақтану режимін науқас адамдарға қолдану.
Ќоректік заттардыњ сіњірілуі ас ќорыту жолында басталады. Ас ќорыту ферменттерініњ єсерінен белоктар амин ќышќылдарына дейін, майлар май ќышќылы мен глицеринге дейін, кµмірсулар глюкоза, фруктоза, галактозаѓа дейін ыдырайды. Б±л ќоректік заттардыњ ќарапайым бµлшектері аш ішектен ќан мен лимфаѓа µтіп, организмніњ барлыќ ±лпалары мен органдарына жеткізіледі.
Адам организімініњ жасушаларыныњ ќ±рамында кµптеген химиялыќ заттар бар. Олар органикалыќ бейорганикалыќ деп екі топќа бµлінеді. Оргаикалыќ заттарѓа: белок, май, кµмірсу, гормондар, ферменттер, ал бейорганикалыќ заттарѓа: су, т‰рлі минералды т±здар жатады. Дені сау, жетпіс кг салмаѓы бар адам организімінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг т±здар, 0,5-0,8 кг кµмірсу болады. Біраќ дененіњ химиялыќ ќ±рамы біркелкі т±раќты болмайды. Организмде ‰немі болып жататын синтездеу мен ыдырау ќажетті заттармен ±дайы д±рыс жєне жеткілікті шамада ќамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге ќажетті «ќ±рылыс материалдары» денеге тамаќтану арќылы жеткізіледі. Єр адам тіршілік єрекетінде µзініњ салмаѓынан анаѓ±рлым артыќ белоктар, майлар, кµмірсу, т±здар мен суды ќабылдайды. Мысалы, 65-70 жас µмір с‰рген кісі шамамен 50 т су ішетін кµрінеді, ал жейтін белогы 2,5 т, майлары 2 т, кµмірсулары 10 т, 200-300 кг ас т±зын пайдаланады екен.
Организмде белоктар т‰рлі ќызмет атќарады. Олар организмдегі жасушалардыњ ќ±рамыныњ негізі болып, ќ±рылыс материал ќызметін атќарды. Ферменттер белокты заттар. Олар зат алмасудаѓы химиялыќ реакциялардыњ ќарќынын µзгертеді, яѓни биологиялыќ катализатор ќызметін атќарады. Кейбір белоктар тасымалдау ќызметін атќарады. Мєселен, эритроцит ќ±рамындаѓы гемоглобин оттегі мен кµмірќышќыл газын тасымалдайды. Еттердіњ жиырылуы арнайы белоктар актин, миозинніњ ќатысуымен орындалады. Организмніњ ќорѓаѓыштыќ ќызметі белокты денелер – антиденелерге байланысты. Физиологиялыќ ќызметтерді реттеуге ќатысатын гормондардыњ кµбі белок табиѓаттас.
Белоктар организмге сыртќы ортадан, тамаќ ќ±рамымен т‰седі. Белоктардыњ ќ±рамында азот, к‰кірт, амин ќышќылдары бар, ал май мен кµмірсуларда олар жоќ. Ќарапайым белоктар ќ±рамына 4 зат ќана бар: оттегі, сутегі, кµмірсу, азот, ал к‰рделі белоктарда б±лардан басќа к‰кірт, фосфор, темір т.б. кіреді. Белоктар мономерлі амин ќышќылдарынан т±рады. 20 амин ќышќылдарынан шексіз кµп белоктар т‰зіледі. Кейбір амин ќышќылдары тамаќ ќ±рамында болмаса да одан организмге ќажет белоктыњ синтезделуі ‰рдісі б±зылмайды; себебі ол амин ќышќылдарын организм µзі синтездеуі м‰мкін немесе оныњ орнына басќа амин ќышќылын пайдаланады. М±ндай амин ќышќылдарын ауыстыра алатын амин ќышќылдары деп атайды. Ал керісінше кейбір амин ќышќылдары тамаќ ќ±рамында жоќ болса, оларды организм синтездей алмайды жєне олардыњ орнына басќа амин ќышќылдары ж‰ре алмайды. М±ндай амин ќышќылдарын ауыстыруѓа болмайтын амин ќышќылдары деп атайды. Соњѓылардыњ ењ негізгілеріне лизин, триптофан, лейцин, гистидин, акргинин, валин, метионин т.б. жатады. Кейбір белоктардыњ ќ±рамында организмге ењ ќажетті барлыќ амин ќышќылдар кездеседі. М±ндай белоктарды ќ±нды белоктар деп атайды. Кµбінесе б±л жануар белоктары. Белоктардыњ басќа бір тобыныњ ќ±рамында организмге ењ ќажетті барлыќ амин ќышќылдар т‰гел болмайды. М±ндай белоктарды ќ±нсыз белоктар деп атайды. Оларѓа µсімдік белоктары жатады. Єдетте ќ±нды белоктар организмге сіњімді келеді (70-95%). Ал ќ±нды емес белоктар ондай дєрежеде сіње алмайды (60-70%). Белок организмге сіңіуі үшін ол ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына түсіп, ондағы белоктарға әсер ететін ферменттердің әсерінен амин қышқылдары мен полипеитидтер түріндегі ыдырау өнімдері ішектен қанға өтеді, одан әрі дене жасушаларында олардан организмнің белоктары синтезделеді. Ересек дені сау адам тәулігіне орташа шамамен 85-90 г белок пайдалану керек. Бұл пайдалынған белоктың 55% жануар тектес болуы тиіс.
Организмдегі белок алмасуының көрсеткіші – азот балансы (денеге түскен азоттың одан шығатын азотқа қатынасы). Өйткені майлар мен көмірсулардан өзгеше белоктың құрамына шамамен 16% азот болады. Тамақ құрамындағы азот денеге түгел сіңбейді. Сондықтан, организмге сіңген азоттың мөлшерін анықтау үшін, тамақтағы барлық азот мөлшерінен нәжіспен араласып сыртқа шыққан азот мөлшерін алып тастау керек. Сіңген азоттың мөлшері арқылы денеге пайдаға асқан белок мөлшерін анықтайық. 100 г белокта 16 г N2 болса, 1г N2 – 6,25 г белокқа сай келеді. Сондай-ақ несеп құрамындағы азоттың мөлшерін тауып, оны 6,25-ке көбейтсе денедегі ыдыраған белоктың мөлшері табылады. Егер организмге түсетін азот одан шығарылатын азоттан артық болса, онда оң азот балансы делінеді, яғни белоктың синтезі оның ыдырауынан басым. Көбінесе бұл жағдай өсу-даму барысындағы жасөспірім организіміне тән. Ал кейде организм ашыққанда немесе түрлі инфекциялық аурулармен ауырғанда, керісінше оң азот балансына қарама-қарсы теріс азот балансы байқалады. Дені сау организмге азот балансының тепе-теңдігі тән.
Денеден сыртқа шығарылатын азот мөлшері (ыдырайтын ұлпа белогы) тамақтану сипатына тікелей байланысты. Көмірсуы көп тағамдармен тамақтанғанда және белок жетіспегенде белоктар аз мөлшерде ыдырайды. Тамақпен түсетін белок мөлшері артса, организмнен шығарылатын азоттың мөлшері де артады. Организмнің қалыпты өсуі мен басқа тіршілік әрекеттерін толық қамтамасыз ете алатын белоктың мөлшерін белок оптимумы деп, ал азот теңдігі сақтала алатын белоктың ең аз мөлшері белок минимумы деп аталады. Балалардың өсуі үшін белок оптимумы қажет. Бірақ организмнің қабылдайтын белогының мөлшері тиісті шамадан асып кетпеу керек, асып кете қалған жағдайда нерв жүйесіне, бауыр, бүйрек қызметтеріне зиян келеді.
Майдың мањызы жєне ќажетті мµлшері. Майлар (липидтер) жасушалар мен жасушалық құрлымдардың құрамына кіреді, яғни пластикалық рол атқарады, энергияның көзі болып есептеледі, зат алмасу үрдісіне қатысады. Майлар арқылы организге А, Д, Е сияқты дәрумендер, организм үшін маңызы зор алмастырылмайтын май қышқылдары, лецитин түседі. Лецитин нерв ұлпасының құрамына кіреді. Майлар тиісті органдарға әрі тіреуіш, әрі қорғаныш (механикалық соққыларды жеңілдететін) қызмет те атқара алады. Тері астындағы май қоры денедегі жылуды реттеуге де қатысады. Май алмасуда бауыр үлкен рөл атқарады. Мұнда май қышқылдары біраз синтез үрдістеріне қатысады, бұдан басқа, тотығу арқылы ыдырап, түрлі аралық өнімдер түзіледі (ацетилкоэнзим А, ацетон, ацетосірке қышқылы т.б.), бұлар қанға түсіп, қан арқылы ет т.б. органдардың жұмысы кезінде олардың қажетіне жұмсалады. Әдетте, майы аз қоректік заттармен қоректенгенде, организмде түзілетін майдың құрамы оның өзіне тән болады, яғни құрамы жағынан сол организмнің өз майына ұқсайды. Бірақ желінетін тамақта май көп болса, денеде түзілетін майдың да біраз қасиеттері сол тамақ құрамындағыға ұқсайтын көрінеді. Мысалы, қойдың майын жегенде, тері астындағы клетчаткада түзілетін майдың балқу температурасы көтеріліп, тамақ майына ұқсас болады. Желінетін тамақта майлы заттар аз болғанның өзінде, қалыпты жағдайда, организмдегі май қоры азаймайды. Себебі, бауыда көмірсулар мен белоктардың артығы майға айналып отырады.
Дені сау ересек организмде қалыпты жағдайда май алмасуы дұрыс жүруі үшін тәулігіне 80-100 грамдай майды пайдалану керек. Бұл пайдалынатын май дың 30% өсімдік тектес болуы керек.
Қалыпты жағдайда организмде қанның құрамындағы глюкозаның мөлшері тұрақты 0,1-0,12% болады. Ішектен қанға өткен моносахаридтер қан арқылы түрлі ұлпаларға жеткізіліп, ол жерде протоплазма құрамына кіретін жануар крахмалы - гликогенге айналады. Гликоген қорға жиналатын негізгі органдар - бауыр мен ет. Бауырдағы гликогеннің мөлшері ересек адамда 150-200 г болады. Ас қорыту каналына көмірсулар түссе, олардың ыдырауы біртіндеп жүреді және бұдан пайда болған моносахаридтер қанға өткен соң түрлі ұлпаларда гликогенге айналып үлгереді, сондықтан бұл жағдайда қандағы қант мөлшері шамадан артпайды. Егер күрделі көмірсулардың орнына адам қант немесе глюкоза қабылдаса, бұлар тез қанға өтеді де, ондағы кант мөлшері шамадан артық көбейіп кетеді. Бұл құбылысты тамақтық гипергликемия деп атайды. Гипергликемия кезінде қанттың артық мелшері несеп қүрамына өтеді (гликозурия) де, сол арқылы сыртқа шығарылады. Гликозурия қандағы қант мөлшері 0,15-0,18% жеткенде басталады. Организм үзақ уақыт ашыққанда да қандағы қан мөлшері өзгермейді. Егер бір себептен қандағы қант мөлшері азая бастаса, бауырдағы және еттегі қор зат - гликоген ыдырап, пайда болған глюкоза қанға өтеді. Организмдегі көмірсулардың ыдырауының ақырғы өнімдері есебінде су мен көмір қышқыл газы түзіледі.
Ет жұмыс істегенде ең бірінші рет ондағы қорға жиналған (1-2 %) гликоген ыдырайды, содан соң ол қор заттары таусылғаннан кейін ғана тікелей қан арқылы етке келетін глюкозаны пайдалана бастайды. Ал жұмыс аяқталған соң ет те, бауыр да, жұмсаған гликогендерінің орнын қайта толтырады. Ересек адам бір тәулікте 450-500 г көмірсу қабылдауы тиіс. Жұмыс істегенде, бұл мөлшер 700-1000 грамға дейін жетеді. Мектеп жасындағы балалар 1 кг салмаққа 8-9 грамнан 12-15 грамға дейін бір тәулікке көмірсулар қабылдаулары керек.
Су мен минералдық затгардың маңызы. Су мен минералдық түздардың қатысуында организмдегі тіршілікке аса қажетті үрдістер іске асады. Олардың қатысуында ішкі ортаның осмос қысымының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Ал осмос қысымы тұрақтылығының ұлпалардың қалыпты қызметі үшін қаншалықты маңызы бар екендігі бәрімізге белгілі. Минералдық заттардың иондары қанның белсенді реакциясын ұстап тұруға, ондағы қышқылдар мен негіздердің тиісті қатынасының сақталуына көмектеседі; су мен тұздардың қатысуында организмде диффузия, осмос, түрлі тамақтық өнімдердің сіңуі жүреді.
Егер ас қорыту бездері тамақ заттары ыдырауында қажетті, маңызды сөлдер жасайтын болса, осы сөлдің құрамды бөлшегінің ең көбі - су. Зат алмасудың организмге қажеті жоқ ыдырау өнімдері де сыртқа негізінен суда еріген күйінде шығарылады. Ыстық бөлмелерде немесе далада жұмыс істегенде тер шығып, су булану арқылы энергия жұмсалады, соның есебінен дене температурасы реттеледі. Су мен минералдық заттар азық-түлікке жатпайды, энергия көзі де емес. Соған қарамастан ересек адам денесінің 65 % судан тұрады. Балаларда бұл мөлшер 80 % жетеді. Денедегі ең қатты нерсе - сүйек болса, оның құрамында да су 22 % болады. Қан плазмасында - 90-92%, етте - 76% су бар. Тірі протоплазманың колоидты күйі де су мен минералдық заттарға байланысты. Осы айтылғандардың бәрі су мен минаралдық заттардың организмде қаншалықты рөл атқаратындығын көрсетеді. Егер организмге су мен тұз жетіспесе, онда оның негізгі органдары қалыпты жұмыс істей алмай қызметі бұзылады да, ақырында организм өлімге душар болады. Мысалы, адам су болмаса 2-3 күннің ішінде өледі. Ал егер сол адамға су беріп, бірақ тамақ бермесе, адам 40-45 күнге дейік аштыққа шыдайды. Су ғана беріліп ашықтырылған организм өз салмағының 40% жуығын жоғалтады, бірақ тіршілік ете береді. Ал сусыз тіршілік еткен организм дене салмағының 20-22% ғана жоғалтса өледі. Денеде химиялық таза су болмайды: онда минералдық заттар еріген күйінде немесе ол коллоидтармен байланыста болады. Организмде су бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Соған қарамастан, қанның осмостық қысымы әр уақытта тұрақты болады. Өйткені дене жасушаларындағы су мен дене сұйықтығының арасындағы су мөлшері үнемі реттеліп ауысып отырады. Егер адам көп су ішсе, ол қанға өтіп, қан қысымын жоғарылатып жіберуі керек еді, бірақ іс жүзінде олай болмайды, яғни қан қысымы өз қалпында сақталады. Өйткені судың артық мөлшері қаннан тері астындағы клетчатканың дәнекер ұлпаларына (су мен тұздардың депосына) өтеді. Одан қалғаны тері жөне бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамға тәулігіне 2000-3000 мл су керек. Мұның 1000-1500 мл су ішкенде, 1000 мл су тамақ құрамымен бірге ішке барады; 300-350 мл су денедегі органикалық заттар химиялық өзгерістерге ұшырағанда түзіледі. Толық тотыққанда 100 г майдан 107 мл су, сондай мөлшердегі крахмалдан 55 мл, белоктан 41 мл су пайда болады.
Организмнің суға қажеттілігі қоршаған ортаның температурасына, тамақтану сипатына, тамақтағы тұздың аз-көптігіне байланысты өзгеріп отырады. Организмнен суды сыртқа шығаратын негізгі органдар - бүйрек, тер бездері, өкпе, ішек. Бүйрек арқылы тәулігіне 1000-1500 мл су несеп құрамымен бірге сыртқа шығады, ал тер бездері арқылы - 500-1000 мл су; өкпе арқылы - 350 мл; нәжіспен бірге 150 мл су шығарылады. Организмге түсетін су мөлшерінің одан шығарылатын су мелшеріне қатынасын су балансы деп атайды. Қалыпты жағдайда дені сау организмде су балансы сақталу керек. Сондықтан, шығарылатын судың шамасына қарай организмге кіретін су шамасы да өзгеріп отырады.
Дене салмағының 3,5-4 % минералдық заттардан тұрады. Бұлардың негізгі кездесетін жері - дене сұйықтығы, сүйек ұлпасы, түрлі органикалық қосылыстар. Организмде ең көп таралғандар - сілтілік металлдар - К, Nа; сілтілік жер металлдар - Са, Мg; металлоидтар - S, Р, СІ. Өте аз мөлшерде Ғе, I, Вг, Ғ, Мп, Zп, Сu т.б. болады. Денеде көп мөлшерде кездесетін элементтерді макроэлементтер деп, ал аз мөлшерде кездесетін элементтерді микроэлементтер деп атайды.
Астың құрамына қарай организмге түсетін тұздардың мөлшері түрліше болады. Егер организмге тұздар қажетті мөлшерден артық түссе, түрлі
органдарда қорға жиналады. Мысалы, тамақтың құрамында хлорлы натрий көп болса, оның тері астындағы клетчаткада мөлшері көбейеді. Керісінше, егер құрамында хлорлы натрий аз тамақ ішсе немесе организм ашықса, ол тұздың тері астында жатқан клетчаткадағы мөлшері азаяды. Олай болса, тері астындағы клетчатка натрий мен хлор үшін депо болып ессптеледі. Денеде басқа да минералдық элементтердің қорға жиналатын органдары бар. Мысалы, темір - бауырда, кальций, фосфор - сүйекте, калий - етте қорға жинала алады т.б.
Кәдімгі аралас тамақ ішкенде, организмнің минералдық элементтерге деген қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Тек қолдан әдейілеп хлорлы натрий тұзы қосылады. Бір тәулікте адам тамақпен бірге 4-6 г натрий, 6-10 г хлор қабылдауы керек. Өсімдіктерден жасалған тамақтың тұзы өте аз болады. Сондықтан, оған көп тұз қосады. Ал ет жеген кезде организмнің ас тұзына қажеттілігі төмен болады.
Натрий - негізінен дене сұйықтықтарында кездеседі де, қан мен лимфаның осмос қысымын реттеуде үлкен рөл атқарады. Қанның буферлік жүйесінің құрамына кіре отырып, оның белсенді реакциясының тұрақты болуына көмектеседі. Натрийдің біраз мөлшері органикалық қышқылдармен және белоктармен байланысады. Натрий ұлпадағы қозу үрдісінің тууына себепкер. Сыртқа шығарылатын натрийдің 45 % бүйрек арқылы шығады. Хлор организмде негізінен натрий мен калийдің қосылыстары түрінде кездеседі де, қарындағы асты қорытуда үлкен маңызы бар тұз қышқылының түзілуіне қатысады. Яғни хлор жетіспегенде қарын бездерінің тұз қышқылын жасау қызметі бұзылады.
Аралас тамақ ішкенде денеге бір тәулікте 2-3 г калий түсуі қажет. Калий жетіспесе, жүрек қызметі бүзылады т.б. Ал кальций иондары организмдегі биохимиялык реакциялардың жүруіне көмектеседі. Қанның ұюында кальций иондарының рөлі ерекше. Ет пен нерв жүйесінің қалыпты қызметі үшін де кальцийдің тиісті концентрациясы қажет. Кальций денеде негізінен фосфор қышқылының жене көмір қышқылының тұздары түрінде (90%) сүйек пен тісте кездеседі. Бір тәулікте ересек адамға 0,6-0,8 г кальций керек. Әсіресе, қаңқа дұрыс өсуі үшін кальцийді жас организм және екі қабат әйелдер көп қажет етеді. Сүйектегі кальций тұрақты болмайды, үнемі өзгеріп тұрады, себебі организмде бір жағынан жаңа сүйек ұлпасы түзілсе, екінші жағынан ескілері бұзылып, құрамындағы кальций қанға өтеді. Келесі элемент фосфор. Аралық алмасуда фосфордың атқаратын рөлі зор. Олар ет жиырылуын қамтамасыз ететін химиялық үрдістерге қатысады. Организмде фосфор универсальдық энергия көзі болып табылатын аденозинүшфосфор қышқылының (АТФ) құрамына кіреді. Жоғарыда айтып кеткендей, кальцийдің өзі сүйекте негізінен фосфор қышқылдарының тұздары түрінде болады. Олай болса, организмде жалғыз кальций ғана болып, бірақ фосфор жетіспесе де, сүйек дұрыс өспейді. Бір тәулікте адам тамақ арқылы 1-2 г фосфор қабылдауы тиіс.
Темір. Организмдегі темірдің барлығы органикалық қосылыстардың құрамында кездеседі. Бұл қосылыстар белоктармен кешен түзеді. Темір гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысатын ферменттер - каталаза, пероксидаза жөне цитохром сияқты ферменттердің құрамына кіреді. Сондықтан, оттегін тасуға, тотығу үрдістеріне қатысады. Бір тәулікте оған қажеттілік - 10-30 мг, егер организмге одан артық түссе, бауырда қорға жинала алады. Бұл жоғарыда айтқан элементтерден басқа, организмнің барлық тіршілік әрекеттері дұрыс іске асу үшін аз мөлшерде болса да, басқа да элементтерді сөзсіз тамақпен бірге қабылдау керек. Мысалы, организмде йод жетіспесе, зат алмасуда маңызы зор қалқанша бездің қызметі бұзылады. Ал егер мыс, марганец жетіспесе тотығу-тотықсыздану реакциялары бұзылады; кобальт-витамин В12-нің құрамына кіреді, ендеше оның аздығы қан аздық ауруына ұшыратады т.б.
Кейбір аурулардың тамақтанудың сипатына байланыстылығына ерте кезде-ақ назар аударылған. Ұзақ уақыт саяхат кезінде, я болмаса теңізде ұзақ уақыт жүргенде адамдардың көбі ерте кезде цингамен (қырқұлақ) ауырған. Оларды жаңа овощтар - жемістер (әсіресе лимон мен апельсин) беру арқылы жазған. Жас қылқан жапырақтыларды пайдаланып та цинганы жазуға болады.
Тамақтағы қосымша фактор туралы мәселе ХІХ-ғасырдың аяғында тынық мұхиттағы аралдарда, Азияда, Жапонияда, Қытайда бери-бери ауруының байқалуымен байланысты біраз қолға алынды. Бери-беримен өңделген (қабығы аршылған) күрішті пайдаланған адамдар ауратыны нақты табылды. Ал өңделмеген күріш ешқандай ауру шақырмайды.
Тамақтағы қосымша заттардың рөлін ең бірінші рет орыс дәрігері Лунин Н.И. көрсетті. Ол 1881 жылы тышқандардың бір тобына қолдан жасалған сүт берді. Оңда су, қант, май, белок жөне тұздар бар. Ал 2-ші тобына кәдімгі табиғи сүтті берді. Біраз уақыттан кейін қолдан жасалған сүтпен тамақтандырылған тышқандар тобы қырылып біткен. Ал кәдімгі сүт ішкендер қалыпты өсе берген. Осыдан барып Лунин қолдан жасалған сүтте организмнің тіршілік әрекеті үшін өте қажет белгілі бір заттар жоқ деп қорытынды жасаған. Кейін дәрумендер ашылған соң, тышқандардың не себепті өлгендігі белгілі болды. Кейінгі кездегі зерттеу жұмыстарының нәтижелері тек цинга мен бери-бери ғана емес, сонымен қатар пеллагра, рахит, тауық соқыр және басқа көз аурулары, қан ұюының бұзылуы, т.б. тамақта дәрумендердің жоқтығынан өрбитіндігін көрсетті.
Дәрумендердің тамақта жоқ болуы нәтижесінде туатын ауруларды авитаминоз деп, дәруменнің тамақта бар болып бірақ жеткіліксіз болуынан организімдегі өзгерістерді (онда ауру толығымен байқалмайды) гиповитаминоз деп атады. Бірнеше дәрумендердің жоқ болуынан туған ауруды полиавитаминоз деп атайды. Тамақта дәрумен жоқ болғанда, алғашқы кезде барлық авитаминоздарға тән құбылыстар байқалады: тәбеттің болмауы, салмақтың азаюы, жас организмде өсудің тоқтауы, т.б. Одан соң барып сол жоқ дәруменге тән белгілер байқалады.
Денеге шамадан артық дәрумендер түссе гипервитаминоз байқалуы да мүмкін. Егер дәрумен суда еритін болса, әдетте оның артығы сыртқа шығарылады. Бірақ, кейбір дәрумендердің артық мөлшері жағымсыз өзгерістерді де тудыруы мүмкін. Мәселен, дәрумен В6 (пиридоксин) ның артық мөлішері шеткі нерв жүйесінің қызметін, дәрумен К гипервитаминозы ас қорытуды, қан ұюын бұзады.
Дәрумендер ферменттердің құрамына кіріп зат алмасу үрдісіне қатысады. Дәрумендердің ферменттермен байланысының барлығы туралы пікірді 1-рет XX ғ-дың басында Пашутин айтқан болатын.
Қазіргі кезде 20 дәрумен мен 10 дәруменге ұқсас, бірақ әлі толық тексеріліп бітпеген заттар белгілі. Дәрумендерді ерігіштігіне қарай 2-ге бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритін дәрумендерге – А , Д, Е, К ал суда еритіндерге - В, С-нің топтары жатады. Енді кейбір дәрумендерге тоқталап өтейік. Дәрумен А. Бұл өсу дәрумені болып табылады. Тамақтан дәрумен А-ны алып тастаса, өсу тоқталады, ал дәрумен А -сы бар сыйыр майын берсе, өсу қайта қалпына келеді. Авитаминоз А кезінде көз де ауырады. Дәрумен А жетіспеген балада ксерофталмия (көздің құрғақтығы) деген ауру пайда болады. Егер бұл үрдіс дами берсе, көздің қасаң қабығының терең қабаттарын қамтып, көзде ақ пайда болады. Авитаминоз А кезінде адам тауық соқыр да болып қалады, яғни қараңғы түсісімен көрмейтін болады. Дәрумен А көздің торлы қабығындағы таяқшалардың құрамында болатын көру пурпурында (қан қызыл, қарақошқыл түсті) кездеседі. (Дәрумен А-ның тотығу өнімі - ретинен ). Ретинен опсин деген белокпен қосылып родопсин түзеді. Ол көздің торлы қабығының жарықты қабылдаушылығын қамтамасыз етеді. Дәрумен А майда ериді. 200°-қа дейін қыздырса да бұзылмайды. Ересек адамға тәулігіне 3-5 мг каротин керек. Балалар мен жүкті әйелдерге одан да көп керек. Дәрумен А балық майында, сары майда, жұмыртқаның сары уызында, сүтте көп болады. Дәрумен А организмде бауыр мен бүйректе жиналады. Каротин сәбізде, шпинатта, помидорда, қызыл бұрышта, т.б. өте көп мөлшерде кездеседі.
В дәрумен тобы. Тамақ заттарында В дәрумендердің тобына кіретін дәрумендердің бәрі бірге кездеседі. Дәрумен В1 /тиамин/ тамақта жоқ болған жағдайда бери-бери ауыруы пайда болады. Мұндай аурумен ауырған адамның жүрісі бұзылады, олар аяғын сүйретіп басады, тез шаршағыш келеді, тамаққа төбеті шаппайды. Кейін адам әбден арықтап, аяқ-қолы қозғалмай қалып, тыныс алу еттері параличке ұшырап, ақырында өлімге душар болады. Бери-беримен ауырған адамдардың 80 %і өледі. Ересек адамға тәулігіне 2 мг дәрумен В1 керек. В1 дәрумені организмде тоқталмайды, сондықтан, үздіксіз оны ендіріп отыру қажет. Дәрумен В1 сыра ашытқысында, күріш кебегінде, бидайда, сиыр бауырында, бұршақтарда, жүмыртқа сары уызында, т.б. кездеседі.
Дәрумен В2 (рибофлавин). В2 жоқ кезде өсу тоқталады, салмақ төмендейді. Өзінің химиялық құрылысы жағынан ол көп тараған өсімдік ферменті - флавинге жақын. Ол жеңіл тотығады жөне тотықсызданады, жасушаның құрамына кіреді, жасушалық тыныс алуға қатысады. Тәулігіне адамға 2 мг- В2 керек. Дәрумен В2 сыра ашытқылары, бидай кебегі, бауыр, жүрек, сүт, жұмыртқа, помидор, шпинат, капуста т.б. кездеседі.
Дәрумен РР (никотин қышқылы). Мұның жеткіліксіздігінен – авитаминоз - пеллагра ауруы туады. Ауру басталғанда адамның терісі қызарып кетеді, кейін ол көпіршіктермен жабылады. Көпіршіктер жарылған соң, оның орны қарайып, тері қара дақтанып кетеді. Пеллагра кезінде ас қорыту аппаратының қызметі де бұзылады (ас дұрыс қорытылмайды, іш өтеді, т.б.). Нерв жүйесінің де қалыпты қызметі бұзылады. Ауыздың кілегей қабығы бүлінеді т.б. Пеллагра кезінде байқалатын бұзылыстарды әдетте «Үш Д» арқылы белгілейді: дерматит - терінің ауруы, диаррея - іш өту, деменция -ақылдың нашарлауы. Дәрумен РР - сыра және нан ашытқыларында, кебектерде, күріш дәнінде, сүтте, жұмыртқада, бауырда, бүйректе, апельсинде, помидорда, капустада т.б. кездеседі. Пеллагра мен ауырғандарды никотин қышқылын беріп те жазуға болады. Адамға төулігіне 150 мг дәрумен РР керек.
Дәрумен В3 (пантотен қышқылы) - май қышқылдары, стероидтар синтезделуіне керек ацетил тобын (Ко А) тасымалдайды. Тәуліктік қажеттілік 10 мг-дай. Дәрумен В3 жетіспесе бас айналады, әлсіздік байқалады, қозғалыс бұзылады, дерматит дамиды, кілегей қабықтар зақымданады. Көп кездесетін азық-түліктері – дәнді, бұршақ тұқымдастар, картошка, бауыр, жұмыртқа, балықтар.
Дәрумен В6 (пипридоксин) - амин қышқылдары, белоктар, майлар алмасуына, қан жасалуға қатысады. Тәулігіне 1,5-3 мг шамасында денеге түсуі керек. Керек мөлшері жетіспесе жоғары тітіркенгіштік, сіңір тартылу, анемия байқалуы мүмкін. Дәнді, бұршақ тұқымдастарда, етте, бауырда, балықтарда, ашытқыларда болады. Ішектегі микрофлора синтездей алады.
Витамин В12 (цианкобаламин) - нуклеин қышқылдарының метаболизміне, метилдеуге қатысатын ферменттер құрамына кіреді. Гемопоэзге керек. Төуліктік қажеті - 2 мг. Қажет мөлшері жетіспесе қан аздық өрбиді. Бауырда болады, денеде микроорганизмдер синтездей алады.
Фоли қышқылы - пуриндер мен метионинді синтездеу үшін керек. Қан жасалуды жақсарта алады. Тәуліктік қажеттілігі - 400 мг. Овощтардың жасыл жапырақтарында, етте, бауырда, сүтте, ашытқыларда болады.
Н /биотин/ - біраз тотығу-тотықсыздану ферменттерінің құрамына кіреді. СО2-ні тасымалдайды. Тәулігіне 150-200 мкг керек. Сүтте, жүмыртқаның сары уызында, бауырда болады. Мұны да микроорганизмдер синтездей алады. Авитаминоз кезінде дерматиттің бір түрі дамиды.
Дәрумен С. Бұл дәрумен жоқ болған кезде организм цингамен (қырқұлақ) ауырады. Алғашқыда кілегей қабық бүлінеді, тіс еттері іседі, қан ағады, тіс босайды, тіпті түсіп қалады. Тері астында, еттерде, буындарға қан құйылады. Буындар ауырады, шорт сынғыш келеді. Қан аздық пайда болады. Адам инфекцияға оңай беріледі. Адам я инфекциядан, я арықтықтан өледі.. Цинганы жазу үшін адамға жас, жаңа жемістер, овощтар беру қажет. Әсіресе қылқан жапырақтылар мен итмұрынның тұнбасы өте жақсы әсер етеді. Дәрумен С-нің химиялық құрылысы - аскорбин қышқылы. Тәулігіне адамға 50-100 мг аскорбин қышқылы керек. Жай қайнатқанның өзінде-ақ дәрумен С бұзылады. Ол лимонда, апельсинде, салатта, помидорда, қара қарақатта, капустада, пиязда, сәбізде, бұршақта, итмұрынның жемісінде, т.б. көп мөлшерде кездеседі.
Дәрумен Д (кальциферол). Авитоминоз Д-де рахит деген ауру туады. Рахитпен жас балалар ауырады. Рахитпен ауырған балаларда еңбегінің қатуы баяу жүреді, тістері кеш шығады, аяқтарының сүйектері жұмсарады, содан барып денесінің салмағымен аяғы қисайып, О я X тәрізді болып қалады. Олардың қабырғаларында ерекше қалыңдану байқалады. Кеуде қуысы өзінің пішінін өзгертеді, кейде тіпті бала бүкір болып қалады. Осы құбылыстардың бәрі Са тұздарының алмасуының бұзылуының салдары болып табылады. Дәрумен Д жоқ болса, Р мен Са-дің тұздары сүйектерде жиналмайды, сүйек жұмсарады. Дәрумен Д күн сәулесінің әсерінен терідегі эргостериннен пайда бола алады. Балаларға тәулігіне 0,01-0,02мг, ал ересек адамдарға 0,003 мг дәрумен Д керек. Дәрумен Д-нің ең жақсы көзі - балық майы және жұмыртқаны да пайдалануға болады.
Органикалық заттармен қоса сонда, тәуліктік тамақтың құрамымен минералдық тұздарды және жеткілікті дәрежеде дәрумендерді де қабылдап отырудың тіршілік үрдістердің дұрыс жүруі үшін маңызының зор екендігі жоғарыда аталып өтті.
«Баланы жастан» деген халқымызда аталы сөз бар. Бала ақыл-есі толып, оң-солын ажыратқанша естігеніне, көргеніне еліктегіш, бейімделгіш келеді. Қазақта «Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде», деп баланы әке мен ана өз қарауларына бөліп алады. Мұның себебі, қыздың өсе келе шешеге бейімделуі, ұлдың- әкеге бейімделуі. Жасөспірімдік, жыныстық жетілу кез ұл мен қыз «әкесін көріп оқ жонуға, шешесін көріп тон пішуге» бет алатын кезі. Ұл мен қызға жақсы өнегелі тәрбие беруі үшін ең алдымен ерлі-зайыптылар сыйласымды, салауатты болуы шарт. Анасы аяулы, әкесі ардақты жеткіншек әдепсіздікке бара қоймайды. Ерте кезден-ақ, қазақи тәлім-тәрбие баланы адамгершілікке, адалдыққа, махаббат ғаламында баяндылыққа, шынайы ғашықтыққа жетелеген.
Қазіргі таңда жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделеді.
Жыныс тәрбиесі бағдарламаға сай мыналарды орындай жүргізіледі:
жыныс бейіл өмір бойына, әрі дені сау адамға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылады; ересектер өміріне жастарды дайындайды; отбасы құндылықтары “отбасына деген табынушылық” және халқының қатынас - өрбіту саулығының негізі екендігі туралы діттеулі ой бойларына сіңдіріледі.
Жыныс тәрбиесі үрдісінде жастар қажетті білім қорын алады, дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін жетілдіреді және оларда өзін-өзі сыйлайтын мінез қалыптасады; денсаулығын бағалай білетін болады; көпшіл, икемді болуға ыңғай танытады; жыныстық бейіл - әр тұлғаның маңызды қадірі және махаббат пен жыныс бейілі тегі бір дүние емес екенін ұғатын болады; өзінің жыныстық бейіл әрекетіне жауапкершілігі артады; өзін және басқаларды жыныстық бейіл әрекетінен туындайтын жүз қарытар салдардан қорғау қажеттілігі туындайды.
Сонымен қатар, өнегелі жыныс тәрбиесінің бағдарламасын жүзеге асыру мыналарды алдын-алады:
Жыныстық білім тәрбиенің және денсаулықтың негізгі тұсы өзін-өзі бағалау деңгейі болып табылады.
Өнегелі жыныс тәрбиесі:
Өнегелі жыныс тәрбиесі жергілікті аймақтың құқықтық мәдени-этникалық ерекшеліктерін ескере отырылып беріледі. Өнегелі жыныс тәрбиесі тұған сәтінен басталатынын мойындау қажет. Бұл үрдіске қатынасатындар: ата-ана, мұғалімдер, дәрігерлер, бала үшін қадірі бар ересектер, құрбылары, бұқаралық ақпарат құралдары.
«Бала адамдар әлеміне жәй ғана тасталынбайды, ол адам, адамдар қоршаған дүниеге енгізіледі, бұлар оны жетегіне алады»,- деп белгілі психолог А.Н.Леонтьев жазған болатын. Демек, жыныс тәрбиесінің сәттілігі көбіне осы мазмұнына ғана қарамайды, тегі барлық бөлек тәрбиешілердің (мұғлімдердің, мамандардың, ата-аналардың) келісті, жарасымды әрекетімен байланысты келетін болар.
Жастардыњ ойлау қабілетін дамытумен қатар сезім аясын кеңейтіп өрістету қажет. Махаббат, қуаныш, қатулану, қорқыныш, жек көру, сенім, сыйлау, жыныстық әрекетке деген ынтызарлық, нәпсіге деген ыңғай сияқты ұғымдарды сипаттау қиын болады, бірақ мұның өзі жыныстық білім тәрбиесінің құрамдас бөлігі болатынын ескеру қажет.
Жыныстық білім тәрбиесінің Америкадағы бағдарламаларының бірі «Махаббатқа қатысы бар білім», деген тараудан басталады. Эрик Фролем талдау нәтижелерінің негізінде махаббатты:
Б‰гін міне
Ќандай тілек айтсам екен бауырым,
Саѓан байлыќ тілер ем, біраќ ол бір єнг‰дік,
Есігіњнен кіргенімен пањ к‰ліп,
Ж‰ргенімен Шеру тартып, сєн ќ±рып
Саѓан жолдас бола алмайды мєњгілік.
Бєлкім ерлік тілер едім,
Тамыр алѓан тµзімнен.
Ерлік сезім біраќ сеніњ табылады µзіњнен,
Мен одан да б‰кіл Адам ањсаѓан,
Б‰кіл Адам сан мыњ жылдар арман етіп шаршаѓан.
Азы жетіп, ал сан мыњы тек елесін тамсаѓан,
Кез келгенніњ уысына т‰спейтін,
Кез келгенніњ баќшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саѓан – дегендей, наѓыз махаббат єр адамныњ ќолына т‰се бермейді. Ќазір осы асќаќ сезімді жауапкершілігі аз жастарымыз басќа ±ѓымѓа айырбастап жібергендей. Кµпшілігі жыныстыќ ќатынас пен махаббат ±ѓымдарыныњ айырмашылыѓын білмеуде.
Ракишева Т. Т., Амреева Л. М. Салауатты өмір салтының негіздері: Оќу ќ±ралы / Т. Т. Ракишева, Л. М. Амреева; ШҚМУ. ¤скемен: ШЌму баспасы, 2006. – 80 б
17 12 2014
5 стр.
Ауданымызда салауатты өмір салтын насихаттау, аудан тұрғындарының демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр аптаның сенбі, жексенбі күндері спорт жарыстары ұйымдастырылып от
16 12 2014
1 стр.
ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері
25 12 2014
4 стр.
Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері
25 12 2014
3 стр.
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
14 12 2014
5 стр.
Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері
14 12 2014
8 стр.
С. Аманжолов атындаѓы ШЌму барлыќ мамандыќтардыњ студенттеріне арналѓан єлеуметтану негіздері пєнініњ оќу-єдістемелік кешені / ќ±растырѓандар: Ќажым Ж.Ќ., Ќабдрахманова Фаийна Ќана
14 12 2014
4 стр.
Экологиялық аудандарға бөлудің ғылыми негіздері
15 10 2014
1 стр.