Перейти на главную страницу
Оған мыналар кіреді:
Науқастанулық сиппаттауы мүмкін:
Өмір салты мыналарға тәуелді:
СӨС аспектілері:
Биологиялық принциптерге жататыңдар:
Дененің тиісті салмағын (ДТС) анықтау үшін Брок индексін пайдаланамыз:
Қалыпты салмақ (кг) = Бой ұзындығы (см) - 100 (мұнда егер бой ұзындығы 165 см дейін болса); Егер бой ұзындығы 165-175 см аралығында болса, қалыпты салмақ = Бұ (см) – 105 (кг); Бой ұзындығы 175 см жоғары болса, қалыпты салмақ = Бұ (см) - 110 (кг).
Шынайы, бар дене салмағының дененің қалыпты немесе тиісті салмағынан ауытқуын мына формуланы пайдаланып анықтаймыз:
(Шынайы дене салмағы х 100 : Дененің тиісті салмағы) - 100 =
Семірудің төрт деңгейін ескере отырып, алынған нәтижеге баға береміз. Қолданылған формулаларда адамның жасы мен жынысы есепке алынбайды. Енді дененің тиісті салмағын адамның жынысы мен жасын ескеретін мына формула арқылы да тауып көреміз:
ДТС = 50+ (Бұ-150)х 0,75+(Ж-21):4 бұл формула-ерлер үшін
ДТС = 50+(Бұ-150)х 0,32+ (Ж-21):4 бұл формула әйелдер үшін
ДТС = 9,5+ (2 х Ж) бұл формула балалар үшін
Мұндағы: ДТС — дененің тиісті салмағы; Бұ - бой ұзындығы; Ж — жасы.
Индекс Кетле/ИК бойынша — бой-салмақ көрсеткішін есептеу:
ИК: Бар дене салмағы (кг) / бой ұзындығы, (м)2 =
Өзіңіздің индекс Кетле көрсеткішіңізді келесідей хабарды пайдалана отырып бағалаңыз:
ИК = 22-30 қайтыс болудың ең аз мүмкіншілігі;
ИК = 16,8 - жүрек ауруларына бейімділіктің ең аз мүмкіндігі;
ИК = 25 қатерлі ісік /рак/ ауруларының ең аз мүмкіндігі.
Жұмыстың нәтижесіне байланысты өзіңіздің бой-салмақ арақатынасына баға беріп, сәйкесінше қорытынды жасаңыз.
Қалыпты салмағыңызды сақтау үшін мына ұсыныстарды еске сақтаңыз:
1. Тамақтың түр-түрін қолданыңыз.
2. Рационда холестерині көп заттарды азайтыңыз.
3. Қантты, кәмпит, пирожное, торт т.б. тәтті тағамдарды шектеп пайдаланыңыз.
4. Жеміске, көкеніске бай және дәнді дақылдардан дайындалған тағамдарды тұтыныңыз.
5. Егер де арақ-шарапқа көңіліңіз түссе, шамалап қана тартынып ішіңіз.
6. Қимыл белсенділігін арттырыңыз.
7. Тағамды уақтылы, асықпай, артық кетпей ішіңіз т.с.с.
2 БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСТЫ АНЫҚТАУ
(Киевтің Геронтология ғылыми-зерттеу институты талдаған)
Организмде жас өзгерістерінен заңды түрде туындайтын жањылмас физиологиялық ‰рдісі бұл – қартаю. Организмніњ ќартаю дењгейіне генетикалыќ фактордан басќа сол организм µмір с‰ріп жатќан ќоршаѓан орта мен тіршілік жаѓдайлары да єсер етеді. Ќартаю үрдісініњ жылдамдыѓы єдетте, календарлық пен биологиялық жасты салыстыру арќылы аныќталады. Зат алмасу, құралым, қызмет-әрекет ерекшеліктерінің сыртқа ортаға бейімделуі мүмкіншілігі жиынтығымен анықталатын адамның биологиялық қалып күйін "биологиялық жас" деп тусіндіреді. Биологиялық жас /БЖ/ қаншалықты календарлық жасқа /КЖ/ сәйкес келсе, соғурлым қартаю ‰рдісі қалыпты µтіп жатқаны көрінеді.
БЖ аныќтау - бул организмдегі қартаю ‰рдісін жүйелі түрде тежеудің амалы. Ерлер мен әйелдердің БЖ анықтау үшін түрлі фомулалар қолданылады:
Мұнда: АСҚ - артериалық-систолалық қысым; АПҚ - артериалық-пульстік қысым. Бұл көрсеткіштер тонометр аппаратының көмегімен отырған қалыпта, 5 минуттық аралықпен 3 рет анықталып, ең кіші мєні тіркеледі.
СТ - статикалық тепе-тењдік - тұрақты тепе-теңдікте аяқ киімсіз, сыналушы оң аяғын тізесінен бүгіп, сол аяғымен тұру қалпында анықталады. СТ - ті 5 минуттық аралықпен 3 рет анықтайды. СТ кезінде (алдын-ала жаттықпастан) көз жұмулы, қолдар дене бойында түскен қалыпта болуы керек. Сол ќалыпта ќанша уаќыт т±руыныњ ењ жаќсы нєтижесі тіркеледі.
ТТҰ - тыныс тоқтату ұзақтығы. ТТҰ терең тыныс алғаннан кейін 5 минуттық аралықпен 3 рет өлшеніп, ең жоғарғы нәтиже есепке алынады.
ДС - дене салмағы /кг/.
ДСБ – денсаулықтың субьективті баѓасы 29 сұрақтан құралған сауалнама көмегімен анықталынады:
1. Басыңыз ауыра ма?
2. Қандай дыбыстан болмасын тез оянамын деп,- ойлайсыз ба, өзіңізді?
3. Жүрегіңіздің тұсы ауырып, мазаңызды ала ма?
4. Соңғы кезде көзіңіз нашар кµреді деп есептейсіз бе?
5. Соңғы жылдары, есту қабілетіңіз нашарлады деп ойлайсыз ба?
6. Әрқашан қайнаѓан су ішүге ынталысыз ба?
7. Жасы кішілер сізге автобуста, трамвайда, троллейбуста орнын бере ме?
8. Буындарыңыз ауыра ма?
9. Жаѓажайға барасыз ба?
10. Сіздің хал-жаѓдайыңызға ауа райы өзгерістерінің әсері тие ме?
11. Толқыған сәттерде ұйықтай алмау ,сізде, болып тұра ма?
12. Үлкен дәретке отыра алмау бола ма ?
13. Бұрынғыдай өзіңізді жұмысқа қабілеттімін деп есептейсіз бе?
14. Бауырыңыз т±сы ауыра ма?
15. Басыңыз айналатын кездер бола ма?
16. Өткен жылдарѓа қарағанда қалай ойлайсыз, жинақылаусыз ба?
17. Есте саќтаудыњ нашарлауы, ±мытшақтық мазалай ма?
18. Денеңіздің єр жерінде күйдіргі, шаншу, муздай діріл сезетін болдыңыз ба?
19. Өзіңізді қуанышты, аса көңілді, бақытты сезінетін кездеріңіз бола ма?
20. Құлағыңызда шуылдар пайда болып, мазаланасыз ба?
21.Үйіңіздегі мынадай дәрі-дәрмектерді: валидол, жүрекке қажетті тамшыларды өзіңіз үшін ұстайсыз ба?
22. Аяғыңыз ісе ме?
23. Кейбір тамақтардан бас тартатын болдыңыз ба?
29. Тез жүрген кезде ентігесіз бе?
25. Беліңіз ауыра ма?
26. Емдеу мақсатымен минералды су ішуге ынталысыз ба?
27. Мазасызданасыз ба?
26. Сізді жоқ нәрседен жылайды деп айтуѓа бола ма?
29. Өз денсаулығыңызды қалай бағалар едіңіз?
Алғашқы 28 сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру керек. "ИӘ" деген мына сұрақтарға 1-8, 10-12, 14-18, 20-28 және "ЖОҚ" деген мына сұрақтарға № 9,13,19 жауап қолайсыз болып есептелінеді. 29-шы сұраққа "жақсы", "қанағаттанарлық", "нашар", "µте нашар" деп жауап беріледі. Соңғы екі жауаптың бірі қолайсыз болып есептелінеді.
Сауалнама толтырылғаннан кейін қолайсыз жауаптардың саны есепке алынады, бұл өлшем БЖ-ы анықтау үшін формулаѓа енгізіледі.
Жоғарыда кептірілген формулалар көмегімен әр тексерушініњ БЖ есептелінеді. Тексерілер адамның қартайған шамасын күнтізбелік жасына /КЖ/ сәйкестігін білу үшін БЖ-ң жекелей өлшемін, оның мүмкін болар /МЖ/ өлшемімем салыстыру керек. Осы көрсеткіш қартаю шамасының қалпын сипаттайды. /БЖ : МЖ/ индексін есептеп шығарып, тексерілген адам БЖ өлшемінің қаншалықты өз қатарлас тарының орташа БЖ қарағанда үлкен немесе шамалы екенін біле алады.
Ерлер үшін: МЖ=(0,629*КЖ)+18,56;
Әйелдер үшін: МЖ=(0,581*КЖ)+17,24 (* көбейту белгісі)
Шыққан БЖ -ты МЖ-қа бµлеміз. Шыққан бөлінді I индексіне тең болса онда қартаю ‰рдісі қалыпты, өз жасына сәйкес. Егер I индексінен артық болса қартаю ‰рдісі тездеп, ал кем болса баяу жүріп жатқанды керсетеді. Жұмыстың соңында тексерілушінің БЖ - ның КЖ -қа сәйкестігі тұралы және қартаю ‰рдісініњ µтуі тұралы қортынды жасау ұсынылады.
3 ОРГАНИЗМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУГЕ ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Биологиялық ырғақ – бұл организмнің тіршілігінде, өсіп-дамуында, ағза жүйелерінің қызметінде, зат алмасуында, олардың үнемі белгілі бір уақытта маусымда асќындап және баяулап отыратын табиғи құбылысы. Ол организмді қоршаған ортанын маусымдық өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді. Биоырғаќтар кезењ, амплитуда, фаза, орташа денгей, профиль сияқты параметрлермен сипатталады.
Табиғатына байланысты биоырғақтар: эндогенді – тірі организмнің өзінде кенеттен туатын және экзогенді – сырттан кезењдік әсерлер тудыратын деп екі топқа бөлінеді. Эндогенді биоырғақтар кері байланыс арқылы ұсталып тұрады. Қандай биологиялық деңгейде тұйықталуына байланысты биоырғақты жасуша, ағза, организм биоырѓаѓы және т.б. деп айырады. Орындайтын қызметіне байланысты эндогендік биоырғақтарды мынадай топтарға бµледі:
1. физиологиялық ырғақтар – жеке жүй елердегі жұмыс циклі (тыныс алу, жүректің соғуы)
2. экологиялық немесе бейімділік ырғақтар – қоршаған орта кезењдігіне организмнің бейімделуін жүзеге асырады. Физилогиялық биоырғақтың периоды өте ауқымды шектерде өзгеруі мүмкін. Экологиялық ырғақтыњ периоды, керісінше салыстармалы тұрақты, генетикалық бекіген. Экологиялық ырғақтар табиғи жағдайда қоршаған ортаның маусымдық кезењдерімен байланысқан. Олар биологиялық сағат қызметін атқарады.
Биологиялық ырғақтарды организмнің бейімделушілік қабілеті мен шама критериі ретінде қолдануға болады. Жүрек ырғаѓын математикалық анализдеу әдісін организмнің функционалдық жағдайына болжау жасау және бағалау үшін қолданады. Кардиоинтервалдардың таралу параметрлер қисығы вегетативтік нерв ж‰йесініњ симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің белсенділік мөлшерін сипаттайды.
Электрокардиографты дайындаңыз. Электродтар бекінетін тері аймағын спиртпен сүртіңіз. Резина бинт арқылы электродтары қолдарға және сол аяқќа бекітеміз. Құралдың барлық тетіктерінің жұмысқа дайындығын тексеріңіз.
Күшін (1 мВ=10 мм) тағайындап, ІІ стандартда ЭКГ-ны жазыңыз.
Оптималь ұзақтығы 100 кардиоцикл болатын ЭКГ жазуын жүректіњ ырѓаѓын анализдеуге қолданады. Қағаздың қозғалу жылдамдығы 50 мм/с. Әрбір кардиоціклдің ұзақтығын, ЭКГ-ның бір ұштығынан келесі R ұштығына дейінгі аралықты, сызғыш арқылы өлшеумен анықтайды. Екі R-R тістің аралығын өлшеп, лентаның қозғалу жылдамдығына тәуелді, екі тістің аралығындағы уақытты секунттық шамада есептейді. Мысалы, екі тістің аралығы 40 мм-ге тең. Егер лентаның қозғалу жылдамдығы 50 мм/сек болса, онда 1 мм өтуі 0,02 сек тең болады. Осыған сәйкес, уақыт R-R = 40 мм х 0,02 с = 0,08 с.
Әрбір кардиоинтервал ұзақтығын µлшеу 0,01 сек дәлілдекпен жүргізіледі. Кардиоырғақты математикалық анализдеу әдісінің жењілдетілген тәсілі бойынша, ұзақтығы 20 кардиоинтервал ЭКГ жазуы қолданылады. Бұл жағдайда кернеудің деңгейін бағалауға – кардиоцикл ұзақтығының жоғарғы және төменгі мәнінің, айырмашылығы – вариациалық құлаш (Δх) көрсеткіші қолданылады.
Бұл көрсеткіш парасимпатикалық жүйенің тонусына, жүректің автоматты реттелу жағдайына тәуелді. 20 кардиоциклден біршама мәнді қолдану кезінде вариациондық ауқым негізінен тыны алуға байланысты – кардиоцикл ұзақтығының айқын ауытқуына тәуелді. Соңдықтан, 20 кардиоциклдің мәнін есептеумен шектелуге болады. Максимальды және минимальды кардиоцикл мәнін айқындап, сол бойынша вариациалық көрсеткішін мына формула бойынша есептеп шығарады: Δх(с)= RR max – Rrmin.
Ретін сақтап, 20 кардиоинтервал ұзақтығын санап, формула бойынша вариациаық ауќымды есептеп, нәитжелерін дәптерге жазыңыз. Алынған мәліметтерді таблицада берілген мәліметтер салыстырып, олардың қаншылықты нормаға сәйкестігі туралы қорытынды жасаңыздар.
Кесте 1 - Денсаулықтары қалыпты 7-18 жастағы ер және әйел жынысты тексерілушілердің вариациалық ауќымыныњ (ΔХ) орташа мәнініњ (М+m) көрсеткіштері
Жасы |
ΔХ (с) | |
Ұлдар |
Қызд ар | |
7 |
0,33 +- 0,04 |
0,24 +- 0,03 |
8 |
0,30 +- 0,04 |
0,25 +- 0,03 |
9 |
0,26 +- 0,02 |
0,26 +- 0,03 |
10 |
0,22 +- 0,02 |
0,26 +- 0,26 |
11 |
0,34 +- 0,04 |
0,21 + - 0,02 |
12 |
0,33 +- 0,04 |
0,22 + - 0,03 |
13 |
0,27 +- 0,04 |
0,21 + - 0,02 |
14 |
0,35 +- 0,04 |
0,32 +- 0,03 |
15 |
0,31 +- 0,03 |
0,24 +- 0,02 |
16 |
0,28 +- 0,04 |
0,30 +- 0,03 |
17 |
0,25 +- 0,04 |
0,24 +- 0,02 |
18 |
0,31 +- 0,03 |
0,21 +- 0,02 |
1. Бой ұзындығын, дене салмағын және тыныштық қалыптағы жүректің жиырылу жиілігін, систолалық және диастолалық артериалық қысымды өлшеу.
2. Мына формула бойынша денсаулық коэффициентін анықтау:
ДК = 0,011ЖЖЖ+0,014*САҚ+0,008*ДАҚ+0,014*сыналушының жасы+0,009*ДС+0,004*жынысы – 0,009*Бұ - 0 ,273;
Мұндағы: ДК-денсаулық коэффицентті, ЖЖЖ-60 сек. ішіндегі жүректің жиырылу жиілігі, САҚ- систолалық артериалық қысым, ДАҚ- диастолалық артериалық қысым, Ж- жасы, ДС-дене салмағы,
жынысы (еркек-І; әйел- 2), Бұ-бой ұзындығы.
Кесте 2 - Қан айналу жүйесінің іргелілік(негізгі) жағдайын бағалау
ДК |
Қан айналу жүйесінің бейімделу дәрежесі |
1 2 3 4 5
|
Оптимальды /толық қамтылған/ Қанараттанарлық Толық емес Қысқа мерзімді Жеткіліксіз
|
1. Отырған қалыпта жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ 1) 10 секунттағы мәнін анықтаңыз;
2. Терең тыныс алып, тынысыңызды тоқтатыңыз да, тынысты тоқтатудың ең жоғарғы уақытын тіркеңіз;
3. Максималды тынысты тоқтатудан кейін тынысты қалпына келтіре салысымен жүректің жиырылу жйілігінің 10 секунттағы мәнін қайталап тіркеңіз (ЖЖЖ 2);
4. Алынған нәтижелерді кестеге енгізіңіз:
Кесте 3 - Алынған нәтижелер көрсеткіші
ЖЖЖ 1 |
Максималды тынысты тоқтату уақыты |
ЖЖЖ 2 |
|
|
|
5. Өзіңіздің кардиореспираторлық қорыңызға баға беріңіз.
Кесте 4 - Кардиореспираторлық қорды бағалау көрсеткіштері
Максималды тынысты тоқтату уақыты (сек.) |
Кардиореспираторлық қор |
> 50 40 - 49
< 40 |
Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
|
6. Жүрек-тамыр жүйесінің тынысты тоқтатуға реакция көрсеткішін
(РК 1) бағала: РК 1 = ЖЖЖ2 / ЖЖЖ1
РК 1> 1,2 болса, бұл кардиореспираторлық қордың төмендігін көрсетеді.
Жұмыс нәтижесі бойынша қортынды жасаңыз.
6 ТҰЛҒА МАЗАСЫЗДЫҒЫН (ТМ) БАҒАЛАУ
(Ч. Спилберген, О.Л. Ханин бойынша)
Соңғы кезде сіз межелерде көрсетілген жағдайлардың қайсысын бастан өткірдіңіз, баллмен бағалаңыз: ешқашан да - 1, кейде - 2, жиі - 3, әрқашан -4.
1. Мен әр нәрсеге қанағат тұтамын; 2. Мен әдетте тез шаршаймын; 3. Мен тез жылаймын; 4. Мен басқаларға қарағанда бақытты болғым келеді; 5. Қай уақытта жедел шешім қабылдай алмағандықтан мен ұтылып, аузым аңқиып қала беремін; 6. Әдетте, мен өзімді сергек сезінемін; 7. Мен бақыттымын, байсалдымын және ширақпын; 8. Қүтілер қиындықтар әдетте өте мазамды алады; 9. Болмашы нәрселерге де берекем тез кетеді; 10. Мен осы бақыттымын; 11. Жүрегіме бар нәрсені жақын аламын; 12. Менің өзіме деген сенімім жеткіліксіз; 13. Әдетте, мен өзімді қауіпсіздік жағдайында сезінемін; 14. Жанжалды сәттерден, қиын жағдайлардан бойымды аулақ ұстауға тырысам; 15. Менде сары уайымға салыну кездер болады; 16. Мен ризамын; 17. Болмашы нәрселердің өзі көңілімді алып, толқытады;
18. Көңілім қалса, түңілсем есім кетеді, осыдан кейін бәрін ұзақ уақыт ұмыта алмаймын; 19. Мен салмақты адаммын; 20. Өз жұмысымды, шаруамды ойласам керемет дегбірім қашады.
Тұжырымдардың әр қайсысын келісуіңізге байланысты жоғарыдағы балдармен бағалаңыз. Бағалап болғаннан кейін тұлға мазасыздығыңызды есептеңіз.
ТМ= Е1 - Е2 + 35
Е1 - 2, 3, 4, 5, 8, 9, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 20 тұжырымдардағы баллдар жиынтығы.
Е2 – 1, 6, 7, 10, 13, 16, 19 - тұжырымдардағы баллдар жиынтығы.
Нәтижелері: 30 балға дейін - мазасыздану төмен;
31 - 35 бал - бір қалыпты мазасыздану;
46 бал және одан жоғары - мазасыздану деңгейі жоғары.
Алынған нәтиже бойынша қортынды жасаңыз.
7 ТЕМЕКІ МЕН СПИРТТІК ІШІМДІКТЕРДІҢ ОРГАНИЗМГЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАБЫН ҚАРАСТЫРУ
Қазіргі кезеңде жастардың арасында залалды дағдылар кеңінен таралды. Сол дағдылардың кең етек алғаны темекі шегіп, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану.
Темекі шегудің денеаулықа тигізер үлкен кеселі бар.Темекі тартқанда алмасу үрдістерінің барлық түрлері зардап шегеді: оттегінің жеткіліксіздігі, қан айналымының бұзылуы, холестерин деңгейінің көтерілуі және барлық ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы байқалады. Спирттік ішімдіктерге келетін болсақ олардың құрамындағы спирттің мәні әр түрлі: сырада - З-6 %, шарапта - 10-16 %, виский, арақ, джин, бренди, ром, коньякта - 40-50 % болады. Қандағы алкогольдің мәні 0,01- 0,02 % болғанда, үлкен әрекет әсерін сездірмейді, тек мына белгілер байқалады: қанағаттану, бас айналу, 0,1- 0,15% болғанда - көру, есту жітілігін төмендейді, қандары алкогольдің мәні 0,20 % -дай болса нақты мас болудың белгілері көрініс береді; 0,40% - алкоголь ес-түссіз жағдайға түсіреді, ал қандағы алкогольдің шоғырлануы 0,60-0,70% жеткенде организм өледі.
спирт (20 немесе 40 0С)
I. Темекі түтінінің тигізетін әсерін қарастыру
Темекіні "шылым шегуші" шприцке орнатып, шприц шіне шамамен темекінің сүзгішіне теңесетін мақта түйінін орналастырыңыз. Темекіні тұтандырып, шприцтің поршенін алға, артқа жылжыту арқылы желдеткіштен "шылымды шек". Қолданылған мақта түйінімен өсімдік сабағын ысқылаймыз.
Бақылау нәтижесі туралы қорытынды жаса:
1. Эксперименттен кейін, қолданылран мақтадағы өзгерісті сипатта
2. Шприцтің гүсі өзгерді ме?
3. Өсімдікпен не болды?
4. Шылым шегудің организмге әсері туралы қандай тұжырым жасар едіңіз?
2. Организмге этанол әсерін зерттеп білу.
А) Белоққа әсері. Заттық шыныға шикі жүмыртқаның ақ уызын орналастырып оған бірнеше спирт тамшысын тамыз. Белокта (ақ уызда) қандай өзгерістерді байқағаныңызды еипатта.
Б) Қанға әсері. Донорлық қанды немесе жануар қанын 1 мл мөлшерінде пробиркаға құйып, оған 5мл 200С немесе 40 0С спирт қосқанда қандағы өзгеріс туралы, эритроциттермен не болғаны туралы қорытынды жаса.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Айзман Р.И. Рабочая тетрадь к практическим занятиям по Валеологии. – Новосибирск: Сибирское соглашение, 1999.- 224 с.
2. Андреев Ю.А. Три кита здоровья. - СпБ.:Диамонт, 1996.- 480 б.
3. Ассоциация социологов и политологов // Алматы: 2002.- Б.5.
4. Брехман И.И. Введение в валеологию – науку о здоровье. – Ленинград: Наука, 1987. – 76 б.
5. Дубровский В.В. Валеология. Здоровый образ жизни.- М.: Реторика, 2001.- 560 с.
6. Колбанов В.В. Валеология: основные термины, понятия и определения.
М.: ДЕАН, 2001.- 320 с.
7. Марков В.В. Основы здорового образа жизни и профилактика
болезней. – М.: Академия, 2001.- 320 с.
8. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір - денсаулық кепілі.- Алматы: Білім, 1999.- 96 б.
9. Петрушин В.И., Петрушина Н.В. Валеология. М.: Гардарики, 2002.- 432 с.
10. Совершенствование антиалкагольной и психогигиенического воспитания в педвузах и школах. Сост. Блинов А.С.- М., 1986. - 230 с.
11. Тель Л.З. Валеолгия. В 3 т. Т.1. – М.: АСТ, Астрель, 2001.- 480 с.
12. Цузмер А. М. Адам және оның денсаулығы. - Алматы: Рауан, 1991. – 240 13. Чумаков Б.Н. Валеология.- М.: Академия, 1999.- 407 с.
1. Салауаттану – салауатты өмір салтының ғылыми негізі ....................................3
2. «Ауру», «науқастық», «мүгедектік» түсініктері .................................................9
3. Денсаулықты қалыптастырудың негізгі принциптері ..................................... 13
4. Тамақтану және денсаулық .................................................................................23
5. Өнегелі жыныс тәрбиесі ......................................................................................38
6. Шылым шегу және денсаулық ............................................................................42
7. Есірткі туралы .......................................................................................................49
8. СПИД ауруы .........................................................................................................55
9. Анықтама – түсіндірме сөздік .............................................................................61
ПРАКТИКУМ
1. Бой – салмақтық ара қатынасқа баға бере отырып, шынайы дене салмағын анықтау ......................................................................................................................73
2. Биологиялық жасты анықтау................................................................................75
3. Организмнің функционалдық жағдайына баға беруге жүрек ырғағыныњ математикалық анализ әдісін қолдану....................................................................78
4. Қан айналу жүйесінің бейімделу потенциалын анықтау..................................81
5. Кардиореспираторлық резервті (қорды) анықтау ............................................ 82
6. Тұлға мазасыздығын бағалау ..............................................................................83
7. Темекі мен спирттік ішімдіктердің организмге физиологиялық зардабын қарастыру ..................................................................................................................84
Ракишева Т. Т., Амреева Л. М. Салауатты өмір салтының негіздері: Оќу ќ±ралы / Т. Т. Ракишева, Л. М. Амреева; ШҚМУ. ¤скемен: ШЌму баспасы, 2006. – 80 б
17 12 2014
5 стр.
Ауданымызда салауатты өмір салтын насихаттау, аудан тұрғындарының демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр аптаның сенбі, жексенбі күндері спорт жарыстары ұйымдастырылып от
16 12 2014
1 стр.
ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері
25 12 2014
4 стр.
Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері
25 12 2014
3 стр.
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
14 12 2014
5 стр.
Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері
14 12 2014
8 стр.
С. Аманжолов атындаѓы ШЌму барлыќ мамандыќтардыњ студенттеріне арналѓан єлеуметтану негіздері пєнініњ оќу-єдістемелік кешені / ќ±растырѓандар: Ќажым Ж.Ќ., Ќабдрахманова Фаийна Ќана
14 12 2014
4 стр.
Экологиялық аудандарға бөлудің ғылыми негіздері
15 10 2014
1 стр.