Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5

8 СПИД АУРУЫ
СПИД ќоздырѓышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туѓызатын вирусы (ВИЧ – І) 1983 жылы француз ѓалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Бірақ, оның алғаш байқалған кезі 1977 жыл болды. Ал, 1984 жылы америкалыќ ѓалымы Р. Галло вирустыњ барлыќ ќасиеттерін жан – жаќты тексеріп жариялады. СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита – иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертінің ќара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондыќтан да, осы аурудыњ алѓашќы және негізгі белгілері, одан саќтану жолдары, аурудыњ алдын алу және емделу тәсілдері сияќты мәселелер барша жұртты мазалап, ойландырып, толѓандыруда.

Спид вирусы адамның иммундық жүйесін, әсіресе Т-лимфоцит. Т-хелпер және макрофак жасушаларын, нерв жүйесінің нейроглия жасушаларын зақымдайды. Мысалы, адам организміне енген вирус ќанныњ лимфоцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалыќ аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осыныњ әсерінен жасуша жарылып өледі. Одан шыќќан вирустар жања жасушаға жабысып, алдыңғы үрдісті ќайталайды. Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруі салдарынан күндердіњ – күнінде организмде иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезењ ондаѓан жылѓа дейін созылуы мүмкін. Айрыќша еске салатын жай, осы жарысын кезењ кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Біраќ, ол өзімен ќатынастаѓы адамдарѓа жұќпалы аурудыњ көзі ретінде СПИД – ті тарата береді. Әдетте, СПИД вирусы үшін адам организмініњ ішкі ортасы ќажет. Сондыќтан, СПИД адамнан адамға жұғады.

СПИД вирусы ауырѓан адамнан сау адамѓа ќалай жетеді? Ол үшін біріншіден, вирус ауырѓан адамнан сыртќа шыѓуы керек; екіншіден, сыртќа шыќќан вирус сау адам организміне жетуі ќажет. Міне, осы екі үрдісті белгілі совет эпидемиологы СССР медицина ѓылымы академиясыныњ академигі Л.В. Громашевский «жұќпалы аурулардыњ таралу механизмі», -деп атаѓан. Заќымдалѓан адам организмінде вирус ќанныњ лимфоциті мен ќан жасаушы органдарда өсіп-өнеді. Сыртќы ортаѓа ол ұрыќпен немесе әйелдердіњ жыныс мүшелерін ылѓандандырып тұратын сұйыќтармен бірге шыѓады, ќазіргі кезде вирустыњ осындай жолдармен таралуы ешќандай күмән тұѓызбайды.

Жыныстыќ жаќындасу кезінде әріптестердіњ жыныс мүшелерініњ шырышты сілекей ќабыѓындаѓы жараќатќа, яѓни, ќанѓа немесе сары суѓа СПИД-пен заќымдалѓан адамнан шыќќан вирус түседі де, әріптесіне ауруды жұќтырады. СПИД ауруы вируспен ластанѓан шприц және оныњ инесі арќылы да жұғады. Бұл ќан ќұйѓанда немесе нашаќорлардыњ бір ѓана лас шприцті пайдалануынан жиі болады. АЌШ-та СПИД-пен ауырѓандардыњ – 17, Германияда – 6, Италияда – 40 пайызы нашаќорлар үлесіне тиеді.

Бүгінде жыныстыќ өмірде әдепсіздікке жол бермейтін, наркотиктерге жуымайтын адамдарда «СПИД ауруына душар ететін басќа да жол бар ма?» деген зањды сұраќ ойландырады. Осындай ќауіпке негіз жоќ деп айту ќиын. Біраќ, ұзаќ уаќыт жүргізілген баќылаулар нәтижесінде бір семьяда вирус тасымалдаушымен бірге тұру, ыдыс-аяќты бірге пайдалану, бір дәретханаѓа бару, ортаќ киімдерді кию, монша заттарын ортаќ ұстау, тіпті бір төсекке жату да ќауіпті емес.

Қазіргі таңда мыњдаѓан СПИД ауруларымен жұмыс істейтін медицина ќызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен ќарауы тиіс. СПИД ауруларымен жұмыс істейтін хирургтарѓа, тіс дәрігерлеріне, лаборанттарѓа, медсестраларѓа және өз жұмысына жауапсыздыќпен ќараѓан басќа да мамандарѓа ќолдарында немесе басќа мүшелерінде кездесетін жараќаттар арќылы жұѓуы мүмкін. Егер осындай жараќатќа вирус түссе, адам ауруѓа шалдыѓады. Сондыќтан, әр қашан саќтыќ шараларды ұмытпау керек.

Спид ауруының белгілері өте көп және алуан түрлі. Соңғы зерттеулерге қарағанда аурудың алғашқы клиникалық белгілері вирусты жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан кейін біліне бастайды. Олар негізі жоқ жалпы шаршау, терлегіштік, бездердің әсіресе, мойындағы, қолтықтағы, шаптағы, ісінуі. Сонан соң, бұларға жиі-жиі іш өту, арықтау, теріге немесе шырышты сілекей қабықтарда іріңді бөртпелердің шығуы және өкпе қабынуы қосылады. Күннен-күнге иммунитет жетіспеушілігі салдарынан ауру қоздыруға мүмкіндік алған әр түрлі бактериялардың, вирустардың әсерінен науқастың дене қызуы көтеріліп, бездердің ісініп-тесілуі, өкпе қабынуы, тыйылмайтын қанды іш өту және Капоши саркомасы сияқты қатерлі ісіктер (рак) пайда болып, нерв жүйесінің зақымдануынан ауруларда ұмытшақтық, қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, интеллектің төмендеуі, аяқ-қолдың жұмыс істемей қалуы т.с. аурулар пайда болады.

Қазіргі таңда СПИД ауруының таралуын тоќтата алатындай тиянаќты ќорѓаныс жүйесін ұйымдастыру ДДҚҰ басты міндетінің бірі болып отыр. СПИД-тен ќорѓану џшін біріншіден, әлеуметтік, мемлекеттік және халыќаралыќ шаралар ұйымдастыру ќажет; екіншіден, жеке адамды ќорѓауѓа баѓытталѓан шаралар жүргізілуі тиіс.

Академик Л.В. Громашевскийдіњ теориясы бойынша жалпы жұќпалы аурулардыњ таралуын тоќтату үшін үш баѓытта жұмыс жасау орынды: біріншіден, ауру таратушыныњ тарату мүмкіншілігін тежеп, оѓан жол бермеу. Яѓни, СПИД вирусымен заќымданѓанадамдардыњ жыныстыќ ќатынасќа түсуіне тыйым салып және ќан ќұю арќылы аурудыњ сау адамѓа таралуына жол бермеу керек. Екіншіден, аурудыњ таралу жолдарының мүмкіншілігін тежеудіњ немесе жоюдыњ профилактикалыќ жүйесін енгізу керек. Үшіншіден, әр адамныњ жұќпалы ауру ќоздырѓышќа ќарсы тұра алатын ќабілетін күшейтетін вакцина жасап, оны адамдарѓа егу керек.

СПИД – ке ќарсы ќолданатын дәрі – дәрмек, вакциналар бар ма?,- деген заңды сұрақ туады. СПИД вирусыныњ ењ басты ерекшелігі – ол өз ќұрылысын тез өзгертіп тұрады. Сондыќтан, оѓан ќарсы тиімді вакцина жасау өте ќиын. Ал, дәрі – дәрмекке келсек, ќазіргі кезде олардыњ біраз түрлері бар. Мысалы, азидотимидин немесе ретровир. Азидотимидин вирустыњ дене бойында көбеюін тоќтатады. Біраќ, дәрілердіњ бәрі де, тек аурудыњ дамуын бәсеңдетеді, біржолата жазылып шыѓуѓа күштері жетпейді.

СПИД ауруыныњ пайда болуы барлыќ елдердіњ өкіметі мен жұртшылыѓы алдына күрделі әлеуметтік проблема туѓызып отыр. Яѓни, осы ауруѓа байланысты арнайы зањ жобаларын ќабылдау, оларѓа медициналыќ және әлеуметтік көмек көрсету – бүгінгі күнніњ ењ өзекті мәселелерініњ бірі. Ењ бастысы – СПИД мәселесі ќоѓам алдына мораль, этика проблемаларына, халыќаралыќ ќатынастарѓа, жалпы халыќаралыќ өмірге өзгерістер кіргізуді талап етті. Осы себепрен 1987 жылы қазан айында Біріккен Ұлттар СПИД ауруыныњ әлеуметтік және саяси мањызын ескере отырып, бірінші рет өзініњ сессиясында осы дерт жайлы мәселе ќарады.

СПИД- пен күресуде халыќаралыќ бірлестітерсіз табысќа жету ќиын екенін барлыќ елдер біліп отыр. Сондыќтан, Дүниежүзілік денсаулыќ саќтау ұйымы 1986 жылы қараша айында жер шарында СПИД-пен күресу бағдарламасын ќабылдаѓанын хабарлады. Бұл бағдарламаның негізі – санитарлыќ аѓарту жұмысын жүргізу және ќан арќылы сау адамѓа аурудың жұѓуына жол бермеу. Сонымен ќатар, бұл ұйым СПИД- пен күресу жұмысын әр ел өз мүмкіндігіне ќарай жүргізуге тиіс екенін атап көрсетті. Бұл проблемаларды шешу үшін мынадай ұсыныстар жасалды: СПИД-пен күресу үшін Біріккен Ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулыќ саќтау ұйымыныњ іс- әрекетін біріктіру; СПИД- тіњ баѓасын аныќтау; Халќаралыќ ќарым – ќатынасты үйлестіру; Дүниежүзілік денсаулыќ саќтау ұйымыныњ СПИД- пен күресу бағдарламасын басќа да ќабылданѓан бағдарламалармен тыѓыз байланыста жџргізу; Математикалыќ модель жасаудыњ сонѓы жаналыќтарын пайдалана отырып, СПИД – тіњ келешегін болжау және жоспарлау; СПИД кењ тараѓан мемлекеттерге жан – жаќты көмек көрсету; СПИД – тіњ, В гепатиттіњ және безгектіњ ќозырѓыштарынан таза халыќаралыќ ќан банкасын ұйымдастырудыњ Дуниежүзілік проектісін жасау. Сонымен, бүгінде СПИД ауруы – жер шары халќыныњ денсаулыѓына ќауіп төндіретін және көптеген мемлекеттердіњ әлеуметті дамуына зиянын тигізетін Дүниежүзілік медециналыќ мәселенің бірі.

Бүкіл дүние жүзіндегі СПИД-пен ауырѓандарды зерттеп және осы ауруѓа ќарсы күресуші ѓалымдар мен мамандардыњ айтуы бойынша СПИД-тен ќорѓанудыњ бір-аќ жолы бар. Ол – білім. СПИД-тіњ ќандай ќауіпті ауру екендігін, оныњ ќандай жолдармен жұѓып, тарайтынын әрбір адам наќты біліп, терењ түсінуі ќажет.

Сондыќтан отбасындаѓы беріктік, сенімділік СПИД-тен ќорѓанудыњ наќты түрі. Сонымен ќатар, жаќындасу кезінде ќорѓану тәсілдерін ќолданса да (ерлер презервативі) көмегі болады. Біраќ әрбір жаѓдайда толыќ ќорѓайды деуге сенім жоќ. Сондыќтан кездейсоќ жыныстыќ жаќындасудан бас тартќан жөн.

Қазіргі таңда республикамызда СПИД-ке ќарсы күрес жұмысын атќаратын арнайы ќызмет жүйесі ұйымдастырылды. Оныњ ќұрамында СПИД-тіњ алдын алу және оѓан ќарсы күрес жөніндегі республикалыќ орталыќ, облыстыќ, ќалалыќ СПИД орталыќтары, аурудыњ диагнозын таѓайындайтын лабораториялар бар. Осы ќызмет жүйесініњ күнделікті жұмысын Республикалыќ СПИД-тен саќтану орталыѓы басќарып отырады. Бұл орталыќтыњ ењ басты маќсаты – СПИД вирусын жұќтырѓан адамды табуды, оны тексеруді және емдеуді жоспарлап ұйымдастыру. Жоѓарыда аталѓан СПИД орталыќтары ұйымдастырушы, түсіндіруші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыстар атќарады. Республикамызда СПИД-тен ќорѓану жұмысын атќаратын 18 отралыќ және 64 лабораториялар бар.


АНЫҚТАМА-ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Адамгершілік саулық - себептілік және қажеттілік - хабарлық тіршілік әрекеті аймағының кешенді сипаты. Оның негізін жеке адамның қоғамдағы мінез-құлығының себептілігі мен өзін-өзі ұстауы, құндылық жүйесі анықтайды. Адамгершілік саулықпен адамның руханилығы айқындалады, себебі ол жалпы адамдық қайырымдылық, сүйіспеншілік және сұлулық ақиқатына байланысты.

Антигендер (грек. Antі- қарсы, deno - туыс, шығу тегі), (иммуно­гендер, толерагендер, аллергендер) иммундық жүйемен бөгде дене ретінде қабылданатын және өзіндік гуморальдық немесе жасушалық иммундық реакцияларды туындататын өзіне тән химиялық топтары бар жоғары молекулалы заттар.

Антигендер түрлері:

а) толық (құнды) - өзіне тән иммунитет факторларын туында­тып, олармен әрекеттеседі (протеиндер, полисахаридтер, липополи­сахаридтер, нуклепротеидтер).

б) толық емес (құнсыз) - антиденелер синтезін туындатпайды, бірақ олармен өзіне тән әсерлеседі (гаптендер).



Аурушандылық (дімкәстік) - медициналық тұтас тексеру, алдын алу және тереңдете медициналық қарау нәтижесінде кµрініс берген науқастану.

Ауру - сыртқы орта факторларының бұзушы әсеріне организм­нің жалпы күрделі реакциясы. Бұл ағза мен ұлпада құрылымдық, метабализмдік, қызметтік өзгерістермен, яғни бұзылулармен жүретін және организмнің өзгеріп отыратын сыртқы орта жағдайларына бейімделуін төмендетіп, жұмысқа қабілеттілігін нашарлататын өмірлік жаңа сапалы үрдіс.

Бейімделу - тірі организмнің тіршілікті қамтамасыз ету жағдайларының өзгерістеріне ұзақ эволюциялық даму (филогенез) үрдісінде қалыптасқан және өзгеруге бейім, жекелік даму кезеңінде (онтогенезде) жақсаратын, бейімделу реакцияларының жиынтығы. Бейімделу - тіршілік әрекет мүмкіндігін және факторлар әсеріндегі әлеуметтік әрекеттің барлық түрлерін қамтамасыз ететін, сонымен бірге алғашында гомеостатистикалық балланстың бұзылын туындататын интенсивтілік пен экстенсивтілік, яғни организмнің мақсатты бағытталған жүйелік реакциясы.

Бейімделу синдромы (БС) - кез-келген патогендік тітіркендіргіштің әсерінен организмде пайда болатын ағзаға тән емес өзгерістердің жиынтығы. 1936 жылы Г. Сельс ұсынған. БС - организмнің жалпы реакциясы. Оның дамуы сыртқы орта факторларының әсерлеріне (күйзелістерге) организмнің тұрақты бейімділігін қамтамасыз етеді. Ең ауыр көрінісі - шок; жергілікті БС - қабыну түрінде көрініс береді. Стресс (күйзеліс) кезеңдері: абыржу - организмнің қалған күшін жинаќтау, төзімділік (резистенттілік) - барынша пайдалы бейімделу, қажу немесе әлсіреу - интенсивті және ұзақ мерзімді, әлсіз тітіргендіргіштің әсерінен пайда болады. Соның нәтижесінде синдром патологиялық сипат алады.

Биологиялық жас (анатомо-физиологиялық) - организмнің биологиялық жағдайының белгілі бір даму деңгейіне, яғни белгілі бір паспорттық жасқа айырықша тән болатын физиологиялық жүйелердің негізгі көрсеткіштері мен денсаулықтың сандық сипатының сәйкестігі. Биологиялық жас - уақыт кезеңіндегі биологиялық мүмкіндік­тердің өзгеру өлшемі, өмірге қабілеттіліктің, болашақта қаншалықты өмір сүретіндіктің өлшемі. Биологиялық жас әр түрлі жүйелердің қызметтік жағдайын топтама сипаттау негізінде, организмнің зат алмасу, құрылымдық, қызметтік, реттеушілік ерекшеліктері жиынтығымен, сондай-ақ, қартайған организмнің бейімделушілік мүмкіндігін бағалау негізінде де анықталады. Ол хронологиялық жасқа сәйкес келмеуі мүмкін: егер биологиялық жас күнтізбелік жастан анағұрлым артта қалса, онда ұзақ өмір сүру мүмкіндігін болжауға болады. Ал егер күнтізбелік жастан анағұрлым алға түссе қартаю ерте дамиды.

Биологиялық жүйенің сенімділігі - келісімді, ұзақ мерзімді, белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабілеттіліктің тұрақтылығын сақтау қасиеті. Организм сенімділігі витаукт үрдістерінің айқын­дылығына байланысты, себебі ұзақ мерзімділік бейімділікті витаукт ‰рдістері анықтайды. Биологиялық жас организмнің сенімділік деңгейімен анықталады. Қартаю түптің-түбінде бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуі мен ауытқудың дамуы негізінде жатқан организмнің жеке ж‰йелері мен жасушавлардыњ сенімділігініњ тµмендеуіне єкеледі. Ќартайѓанда ж‰йеніњ сенімділігі ,молекулярлық, жасушалық, организмдік, яғни барлық деңгейде төмендейді.

Витаукт - эволюция үрдісі нәтижесінде пайда болған зақымданудан сақтану механизмі. Витуакт (В) организмнің ұзақ уақыт бейімделуін қолдап тұру қабілеттілігін анықтайды, және де ол организмнің өмірлік әрекетінің тұрақты деңгейін сақтауға бағытталған. В байқалуының екі типін ажыратады:

  • генотиптік - эволюция нәтижесінде орнықты бекінген, тұқым қуалау хабардың берілуіне байланысты жүзеге асатын (генетикалық хабардың қайталану жүйесі, антиоксиданттар жүйесі, бауырдың микросомалық тотығу жүйесі. ДНК-ның репарация жүйесі, антигипоксиялық жүйе т.б.), генетикалық алдын-ала жоспарланған В көрініс беруі;

  • фенотиптік - организмнің өздігінен реттелу механизмінің нєтижесінде, адамның өмір әрекеті үрдісінде жинаќталатын (мобилизацияланатын) В механизмі (жасушалардың гипертрофиясы мен гиперқызметі, жергілікті гуморальдық жүйе мен бірнеше зат аламсу циклдерінің белсенділігі т.б.).

Гериатрия (грек. geron - қарт, iatreia - емдеу) - егде және қарт адамдардың ауруларын зерттейтін клиникалық медицина саласы.

Геритрияның (Гг) негізгі міндеттері:

- егде және қарт адамдардың әр түрлі ауруларын алдын алу, емдеу, клиникалық ағымын, даму ерекшеліктерін зерттеу.

- ерте қартаю үрдісіне әсер ету мүмкіндіктерін анықтау.

Герогигиена (Гг) (грек. geron - қарт, higieno - емдік, денсаулық әкелуші) - адамның қартаю үрдісіне өмір сүру жағдайы­ның әсерін қарастыратын және патологиялық қартаюды алдын алуға бағытталған, халыққа ұзақ, қабілетті, салауатты өмірді қамтамасыз етуге жағдай жасау шараларын белгілейтін геронтология саласы.

Профилине сәйкес мынадай топтарѓа бөледі:

- әлеуметтік герогигиенаны (Гг),

- коммунальдық Гг,

- еңбек Гг,

- тамақтану Гг.



Геронтология (грек. geron - қарт, Іogos - ілім) - адамның қартаю заңдылы­­­­ғын зерттейтін биология және медицина саласы.

Геронтология құрамына кіреді:



  • қартаю биологиясы

  • гериатрия

  • герогигиена

  • геронтопсихология

Геронтологияның негізгі міндеттері:

  • қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдерін зерттеу,

  • нулеин қышқылдарындағы құрылым­­­­дық және физико-химиялық қайта түзулерді анықтау,

  • генетикалық аппараттың реттелуіндегі жасқа байланысты өзгерістерді белгілеу,

  • жасқа байланысты жасуша қызметі мен белок биосинтезінің өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау,

  • организм қызметі мен зат алмасуының нейрогуморальдық реттелу механизмдерін зерттеу,

  • қартаю үрдісінде организмнің бейімделу мүмкіндіктерін анықтау,

  • адамның қартаю ерекшеліктерін комплексті түрде зерттеу және де, соның негізінде қарт адамдардың еңбек әрекетінің ұзақтығын, жұмысқа қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған шараларды жетілдіру,

  • қартаю қарқынын баяулататын және өмір ұзақтығын арттыратын әсерлерді іздестіру.

Геронтопсихология - қарт және ұлғайған жастағы адамдардың мінез-құлқын, психикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдістемелер мен жалпы психологиялық тәсілдерді қолданатын геронтология және жас ерекшелік психология саласы.

Гетерокатефтенділік гомеорез (грек. “гетеро” - әр түрлі, “катефтенси” - бағыт) - жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі бағыттылығы. Мысалы, ќартая бастаған организмдегі тіршілік үрдістерінің бірініњ басылып, енді бірінің белсендірілуі.

Гомеорез гетерокинеттілігі (грек. “гетеро” - әр түрлі, “кинезис” - жылдамдық) - жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі жылдамдықта дамуы. Бір ұлпаларда жасқа байланысты өзгерістер ерте, баяу және салыстырмалы ырғақты өрбісе, басқаларында кеш, бірақ тез туындайды. Мысалдар: сүйек-буын жүйесінде жекелей қартаю белгілері біршама ерте байқалады және ол баяу өрбіп, сүйектің құрылымының бұзылуына (остеопорозға) әкеледі. Орталық жүйке жүйесінің кейбір құрылымдарындағы ауытқулар жасқа байланысты эволюцияда ұзақ уақыт байқалмайды, бірақ олар туындағанда тез арада әр түрлі организм жүйелерінің жағдайын өзгертеді.

Гомеорез гетеротроптылығы - (грек. “гетеро” - әр түрлі, “топос” - орын) - әр түрлі органдар мен бір орган құрылымындағы қартаю үрдісінің біркелкі емес көрінісі. Мысалы: бүйрек үсті бездерінің қыртысының торлы аймағы (құрамы мен әсер етуі жыныс гормондарына жақын гормондар түзеді) мен шумақты аймағына (минералокортикоидтарды түзеді) қарағанда будалы аймақтың (глококортикоидтарды бөледі) қартаю көрінісі кем.

Гомерез гетерохрондылығы - (грек. “гетеро” - әр түрлі, “хронос” - уақыт) - жеке ұлпаларда, органдар мен жүйелерде әр уақыт айырмашылығымен қартаюдың басталуы. Мысалы: айыршық безінің атрофиясы адамда 13-15 жаста, жыныс бездерінде-климакстік кезеңде (әйелдерде 48-52 жаста) басталса, гипофиздің кейбір қызметтері терең кәрілікке дейін жоғары деңгейде сақталады.

Гомеорез - қартаюға әкелетін организмдегі заңды жастық өзгерістер. Гомеорезге тән:

  • гетерохрондылық,

  • гетеротроптылық,

  • гетерокинеттілік,

  • гетерокатефтінділік.

Гомеостазис - организмнің ішкі ортасы мен кейбір физиологиялық қызметтерінің салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы. Гомеостазистің сақталуы өте маңызды, өйткені оның күрделі бұзылуы өлімге әкеледі.

Денсаулық (Дүние жүзілік денсаулықты қорғау ұйымының эксперттерінің анықтамасы бойынша) - организмде тек ауру мен физикалық ауытқудың болмауы ғана емес, бұл толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайдың сәттілігі. “Жеке адам денсаулығы” және “Халық денсаулығы” деген ұғымдарды ажыратады.

Денсаулықты бағалау критерилері:



  • берілген кезеңдегі физикалық жұмысқа қабілеттілік пен морфологиялық дамудың деңгейі,

  • әлеуметтік қабілеттілікті шектейтін физикалық ауытқулар мен созылмалы аурудың болуы немесе болмауы,

  • әлеуметтік сәттілік,

  • өзгеріп отыратын тіршілік жағдайына бейімделу мүмкіндігі және сыртқы ортаның келеңсіз жағдайларының әсеріне белгілі бір тұрақтылықты сақтау, сыртқы орта әсерлеріне организмнің реакциясы.

Жеке адам денсаулығы - сыртқы ортаға адамның бейімделуінің динамикалық үрдісі. Жеке адам саулығының көрсеткіштері: генетикалық, биохимиялық, функциональдық, психологиялық, әлеуметтік-рухтық, клиникалық. Адамның денсаулығы организмнің ќалыпты өздігінен реттелу, гомеостазды ұстау, соматикалық және психикалық статусын жетілдіріп және өздігінен сақтау, мүшелер мен жүйелердің өзара оптимальды әрекеті мен өзгеріп отыратын қоршаған ортаға үйреншікті бейімделу мүмкіндіктерімен сипатталады.

Емдік тамақтану (дистотерапия) - бұл емдік және профилактикалық мақсатты арнайы құрылған тамақтық рациондармен тамақтану режимін науқас адамдарға қолдану.

Иммунитет - генетикалық бөгде аќпараттыњ белгілері бар тірі денелер мен заттардан организмнің қорғану әдісі. Аѓза ‰шін генетикалық бөгде тірі денелер мен заттар «антиген» терминіне топтасқан.

Иммундық жүйенің (ИЖ) қызметі антигендерді, сонымен қатар жаңа антигендік қасиетке ие болған организм жасаушаларын жоюға бағытталған. ИЖ ішкі ортаның генетикалық тұрақтылығына иммундық бақылауды қамтамасыз етеді.

Құрылымдық тұрғыдан иммундық жүйеде органдық, жасушалық, молекулярлық негіздерді ажыратады. Органдық негізді орталық (сүйек миы және тимус) және шеткі (көкбауыр, лимфалық түйіндер, ішектің пейеров буылтықтары, соқыр ішек, миндалиндер және т.б. лимфоидтық түзілістер) иммунитет органдары құрайды. Иммунитет жүйесінің жасушалық негізін Т - (Т-хелперлер, Т-өлтірушілер, Т-супрессорлар) және В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар, макрофагтар, нульдік жасушалар (не Т- не В-лимфоциттік маркері жоқ лимфоциттер) құрайды. Иммундық жүйенің молекулярлық негізін иммуноглобулиндер, иммунокомпетентті жасушалар - лимфокиндер және монокиндер, сонымен қатар тимус гормондары мен сүйек миы құрайды.

Иммуноглобулиндер - синтезі антигендермен жоғарылайтын, сондықтан да, «антиденелер» деген атау берілген гамма-глобулиндік фракцияның белоктары.

Контрацепция - жұмыртқа жасаушасының ұрықтануын, яғни жүктілікті алдын алатын тәсіл. Қазіргі контрацепция тәсілдерін былай бөлуге болады: а) хирургиялық, б) хирургиялық емес.

Қартаю - қайтыс болу ықтималдылығыныњ артуымен және жасқа байланысты ауытқудың дамуымен сипатталатын, организмнің бейімделу мүмкіндігін шектеуге әкелетін, жасқа байланысты түбінде дамитын, биологиялық бұзушы үрдіс (1). Қартаю жылдамдығы, өмір сүру ұзақтығы тірі жүйенің барлық биологиялық ұйымдасуымен анықталады: құрылымдардың ерекшеліктерімен, заттар алмасуымен, организм қызметімен және т.б.

Қартаюдың түрлері:



  • табиғи,

  • баяуланған, ұзақ жасайтындарға тән,

  • жедел, уақытынан ерте, акцелерациялық, балаларда да қартаю белгілерінің өрбуінің кездесуі - прогерия.

Қартаю сипаттамасы:

  1. Қартаю - көптеген әр түрлі факторлар туындататын көп себепті үрдіс (полиэтиологиялық).

Қартаю себептері:

  • зат алмасудың генетикалық алдын-ала айқындалған ерекшеліктері,

  • күйзелістер,

  • аурулар,

  • бос радикалдар,

  • ксенобиотиктер, (бөгде заттар),

  • сутек иондарының концентрациясының өзгеруі,

  • температуралық бұзылулар,

  • оттектік ашығу,

  • кейбір жоғары белсенді ферменттер әсерінен лизосомдардың бұзылуы,

  • белок ыдырауының немесе басқа да организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдердің жиналуы., т.б.

2) Қартаю - көп ошақты үрдіс. Ол жасушаның әр түрлі құрылымдарында - ядросында, мембраналарында, митохондрия­ларында және т.б. әр түрлі жасушаларда: жүйкелік, секреторлық, иммундық, бүйректік және т.б. туындайды. Әр түрлі типті жасушалар қартаюында айырмашылық болады. Олар жасушалардаѓың өзіне тән қызметімен анықталады. Ал бұл жасаушалардағы биохимиялық үрдістердің ерекшеліктеріне байланысты.

3) Қартаю - жасқа байланысты сыртқы және ішкі әсерлерден организмдегі зақымданудың жоғарлауына байланысты дамитын бұзушы үрдіс.

Қартаю мынаған әкеледі:

­­- физиологиялық қызметтің жетіспеушілігіне;

- жасаушалар өліміне;

- организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуіне;

- организм сенімділігінің төмендеуіне

- жасқа байланысты ауытқудың өрбуіне (артериялық гипертония, жүрек немесе мидың ишемия ауруы, қатерлі ісік, қант диабеті және т.б.).

- қайтыс болу мүмкіндігінің артуына.

Қартаю - уақыт кезеңінде ұзақ дамитын үрдіс.



Қарттық - заңды түрде туындайтын жастық дамудың қортынды кезеңі; жеке дамудың (онтогенездің) болмай қалмайтын қортынды кезеңі.

Қайтыс болулар - өлім нәтижесінде халық санының кему үрдісі. Статистикада балалық (балалардың 0-дан 15 жас аралығында қайтыс болулары) және сәбилік (емшектегі және баланың бір жасқа дейінгі кезеңде қайтыс болулары) қайтыс болулар деп айырады.

<предыдущая страница | следующая страница>


Салауатты ¤мір салтыныњ негіздері

Ракишева Т. Т., Амреева Л. М. Салауатты өмір салтының негіздері: Оќу ќ±ралы / Т. Т. Ракишева, Л. М. Амреева; ШҚМУ. ¤скемен: ШЌму баспасы, 2006. – 80 б

1059.93kb.

17 12 2014
5 стр.


«Салауатты өмір салты» атты ересектер, балалар арасындағы шаңғы жарысы

Ауданымызда салауатты өмір салтын насихаттау, аудан тұрғындарының демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр аптаның сенбі, жексенбі күндері спорт жарыстары ұйымдастырылып от

19.89kb.

16 12 2014
1 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ОҚушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру

ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері

587.27kb.

25 12 2014
4 стр.


1 ші–тақырып. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі. Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері»

Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері

429.18kb.

25 12 2014
3 стр.


Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері

Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері

1009.63kb.

14 12 2014
5 стр.


Тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері

1170.08kb.

14 12 2014
8 стр.


Әлеуметтану негіздері

С. Аманжолов атындаѓы ШЌму барлыќ мамандыќтардыњ студенттеріне арналѓан єлеуметтану негіздері пєнініњ оќу-єдістемелік кешені / ќ±растырѓандар: Ќажым Ж.Ќ., Ќабдрахманова Фаийна Ќана

730.83kb.

14 12 2014
4 стр.


«Урбанизацияланған территорияны экологиялық аудандарға бөлу негіздері» элективтік пәні бойынша сұрақтардың тізімі

Экологиялық аудандарға бөлудің ғылыми негіздері

64.11kb.

15 10 2014
1 стр.