Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___» __________ № ___

қаулысымен бекітілген

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды

жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламенті



1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушылар – жеке тұлғалар (бұдан әрі – алушы);

2) әкімдік – кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппараты;

3) әкімдіктің жауапты маманы – лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған міндеттер жүктелген кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының маманы;

4) басшы – кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі.

2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызметті тізбесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген әкімдіктер көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының

2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасына және Стандартқа сәйкес көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген әкімдіктердің фойесінде, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;

2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;


3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты уақыты 30 минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызметті алушының Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға бас тартуға негіз болады.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушыдан өтініш алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы әкімдікке өтініш береді;
2) әкімдіктің маманы тіркеуді жүзеге асырады және Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес барлық қажетті құжаттарды алуда өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімін көрсете отырып, қолхат береді;
3) әкімдіктің маманы құжаттарды басшыға береді;

4) басшы келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және әкімдіктің жауапты маманын анықтайды;

5) әкімдіктің жауапты маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, анықтама не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабының жобасын

дайындайды, басшыға қол қойдырады, оны әкімдіктің маманына жолдайды;

6) әкімдіктің маманы құжаттарды алушыға береді.

12. Әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыруы қажет.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады:

1) әкімдіктің маманы;

2) әкімдіктің жауапты маманы;

3) басшы.

15. Әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылы (рәсімі) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1 – қосымшасында келтірілген.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк іс-қимылдардың

қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланыстын көрсететін схемалар осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.



5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды адамдардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адам басшы болып табылады.

Басшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетілуінің іске асырылуына жауапкершілік артады.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша



Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің және өзара

іс-қимылының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Әкімдіктің маманы

Басшы

Әкімдіктің жауапты маманы

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу

Хат-хабарлармен танысу, орындау үшін жауапты маманды анықтау

Құжаттарды қарау, анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды ресімдеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi)

Алушыға қолхат беру

Бұрыштама қою, жауапты маманға құжаттарды жөнелту

Басшыға құжаттарды беру

5

Орындау мерзiмдерi

30 минут

30 минут

4 жұмыс күні

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

2

3

4




Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

2

ҚФБ атауы

Басшы

Әкімдіктің маманы

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хат-хабарлармен танысу

Анықтамаларды тіркеу кітабында анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды тіркеу және алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi)

Құжатқа қол қою

Құжатты беру туралы қолхат

5

Орындау мерзiмдерi

1 сағат

Жұмыс күні ішінде

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

5



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үдерiс

1-топ ҚФБ

Әкімдіктің маманы



2-топ ҚФБ

Басшы


3-топ ҚФБ

Әкімдіктің

жауапты маманы


№ 1 іс-қимыл

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, алушыға қолхат беру



№ 2 іс-қимыл

Бұрыштама қою, жауапты маманды анықтау



№ 3 іс-қимыл

Құжаттарды қарау. Анықтаманы ресімдеу






№ 4 іс-қимыл

Анықтамаға қол қою






№ 5 іс-қимыл

Анықтамаларды тіркеу кітабында анықтаманы тіркеу. Анықтаманы беру туралы қолхат










3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс

1-топ ҚФБ

Әкімдіктің маманы



2-топ ҚФБ

Басшы


3-топ ҚФБ

Әкімдіктің маманы жауапты маманы



№ 1 іс-қимыл

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, алушыға қолхат беру



№ 2 іс-қимыл

Бұрыштама қою, жауапты маманды анықтау



№ 3 іс-қимыл

Құжаттарды қарау. Дәлелді бас тартуды ресімдеу






№ 4 іс-қимыл

Дәлелді бас тартуға қол қою






№ 5 іс-қимыл

Дәлелді бас тартуды тіркеу және алушыға беру. Дәлелді бас тартуды беру туралы қолхат








«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне



2-қосымша

Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің және өзара әрекеттестігінің сипаттамасы
полотно 39

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды

Кімдіктің жауапты маманы – лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған міндеттер жүктелген кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының маманы

85.9kb.

25 12 2014
1 стр.


2012 жылғы № аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

161.33kb.

25 12 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

99.69kb.

25 12 2014
1 стр.


«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

Ерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау мемлекеттік қызметін

2461.59kb.

13 10 2014
10 стр.


Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды

Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы»

3587.57kb.

12 10 2014
23 стр.


Сайрам ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім турал

41.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті

Алдын ала деректер бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының саны 2429,5 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде халық саны – 912,0 мың адам (37,5%), ауылдық е

30.88kb.

14 10 2014
1 стр.


Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті Жалпы ережелер Осы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру регламенті»

«Әкімшілік рәсімдер туралы», 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-іі «Жарнама туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 «Елді мекендерде сырт

55.02kb.

25 12 2014
1 стр.