Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы 2010 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша

жиынтық талдау ақпараты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) екінші кезеңін іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен әкімдіктер сыбайлас жемқорлықты төмендетудің кешенді ұйымдастыру және практикалық шараларын қабылдады.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мүдделі мемлекеттік органдардың қызметі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша 2009 - 2010 жылдарға арналған Іс-шара жоспарына (бұдан әрі – жоспар) сәйкес ұйымдастырылған және 2009 жылы онда көзделген төменде көрсетіліп отырған іс-шаралардың орындалуына бағытталған.


4 - тармақ. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның қарауына құқықтық статистика органдарына теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды есепке алуды жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді беруді көздейтін заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу (БП)

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысымен бекітілген 2009 жылғы 30 қыркүйектегі №2-7/5762, 004-293 Мемлекет басшысының 2009 жылғы 1 қыркүйектегі Парламенттің төртінші шақыруы 3 сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылауды Бекітудің 34-тармағымен Бас прокуратураға 2010 жылғы 1 тоқсанда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жанында (бұдан әрі-Комитет) құқық қорғау органдарынан теріс себептермен шығарылған тұлғалар туралы дерек қорын құру тапсырылған.

Осыған байланысты, 2010 жылғы 18 наурызда (шығ. №11к-3-3-13-525-10) Комитет ҚР Әділет министрлігіне «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына «теріс себеп» ұғымын анықтайтын нормалары мен теріс себептері бойынша қызметкерлерді жұмыстан шығару негіздемесінің тізімін енгізу бөлігінде тиісті толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жіберілген.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 4-тармағымен Бас прокуратураға ҚР Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына құқықтық статистика органдарына теріс себептері бойынша жұмыстан шығарылған адамдарды есепке алу өкілеттігін көздейтін заң жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылған.

Көрсетілген мәселені оңтайлы шешу мақсатында, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовқа 2010 жылғы 7 сәуірдегі хатпен (шығ. №11к-3-2-664-10) Жоспардың 4-тармағын орындауды жоғарыда көрсетілген заң жобаларын қабылдау шеңберінде шешу ұсынылған. Осыған байланысты, құқықтық статистика органдарына теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған адамдарды есепке алу өкілеттігін беруді көздейтін жекеленген заң жобасын әзірлеу орынсыз деп атап өткен.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовтың 2010 жылғы 16 маусымдағы № 23-22/002-843 (1.4т) бұрыштамасына сәйкес, Бас прокуратураның ұстанымы қолдау таппай, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жоспарының 4-тармағын одан әрі іске асыруға қажетті шаралар қолдану тапсырылған.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Бас прокуратура ҚР Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу үшін құқықтық статистика органдарына мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдарды есепке алу өкілеттігін беруді көздейтін заң жобасын әзірлеуде. Атап айтқанда, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп туралы» заңдарына тиісті толықтырулар енгізу көзделген.
7 - тармақ. Мемлекеттік органдар қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тиісті әрекет ету шараларын қабылдай отырып, сыбайлас жемқорлық тудыру жайын тексеруді жүзеге асыру ( БП (жинақтау) (келісім бойынша) Әділетмині)

Осындай жұмыстар жүргізу ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусинмен 2008 жылғы 13 қарашадағы №32-29.475 (4т.) бекітілген 2008 жылғы 6 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда Қазақстан Республикасы Президентімен берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен көзделген.

Мәселен, Бас прокуратура осы жұмыс шеңберінде 2009 жылы мемлекеттік органдар қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлық тудыру жайына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аталған тексеріс барысында сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын нормалар Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген 3 нормативтік құқықтық актілерде, Үкіметтің 10 қаулысында, министрліктер мен агенттіктердің 17 бұйрығында, жергілікті өкілдік органдардың 6 актісінде анықталған.

Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерге оларда сыбайлас жемқорлық нормалардың болуына тексеріс жүргізуде, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шеңберінде жүзеге асырылады.

Мәселен, аталған ВАК 50 заңға жүргізілген талдау нәтижесінде, оның 39-ы сілтемелі бланкеттік нормаларды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін нормаларды азайту мәселелері жөніндегі Заң жобасында орын тапты.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалардың қорытындыларына талдау жасап, әзірлеуші мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсынымдар береді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы №817 қаулысымен Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу ережесi бекітілген, оларды қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органдарға республика заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау , оларға өзгерістер және толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау бойынша міндет жүктелген. Бұл жұмысты үйлестіру Әділет министрлігіне жүктелген.

Осылайша, аталған бағытта жұмыс жүргізу сыбайлас жемқорлық тудыру жайы бойынша нормативтік құқықтық актілерді тексеру жұмысына жүйелі сипат беруге мүмкіндік берді, заң деңгейінде сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын нормаларды анықтау және жою тетіктері әзірленді.

8 – тармақ. Бизнестегі «корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа», сондай-ақ кез келген айла-амалдарға, жалған банкроттыққа, капиталды шетелге заңсыз әкетуге қарсы күресті қамтамасыз ету (ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині, Қаржымині)

Құқық қорғау органдары бизнестегі «корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа» байланысты қылмыстарды анықтау, сондай-ақ алаяқтықтың алуан түрінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізіп келеді.

Қолданыстағы заңнамада «корпоративтік сыбайлас жемқорлық» үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген, атап айтқанда Қылмыстық кодекстің 228 (Коммерциялық немесе өзге ұйымда өкiлеттiктердi теріс пайдалану) және 231 (Коммерциялық сатып алу) баптары.

Бұл бағытта қаржы полициясы органдарымен 34 қылмыс анықталып, (ҚК 228 б. – 33; ҚК 231 б. - 1), сотқа 13 қылмыстық іс жіберілді (ҚК 228 б.).



Әдейi және жалған банкроттық, банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттермен байланысты қылмыстардың жолын кесу және анықтау бойынша жедел қызмет жандандырылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қаржы полициясы органдарымен ағымдағы жылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша бұл бағытта 22 қылмыстық іс қозғалды (ҚК 215 б. – 11; 216 б. – 10; 217 б. - 1), сотқа 10 қылмыстық іс жіберілді (ҚК 215 б. – 4; 216 б. – 5; 217 б. - 1).



Шетелге капиталды заңсыз шығарумен байланысты қылмыстар мемлекет мүддесіне қауіп төндіреді. Құрамында Агенттік, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚМ Кедендік бақылау комитетінің өкілдері бар ұйымдасқан экономикалық контрабандаға және елдің оңтүстік шекарасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-әрекет, кедендік әкімшілендірудің жаңа нысандарын енгізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобынының жұмысы нәтижесінде ҚР ҚК 209-бабымен 3 қылмыстық іс қозғалды, барлығы қаржы полициясы органдарымен қозғалды.

Қаржы полициясы органдарымен а.ж. 6 айда шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау фактілері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер министрлігі тұрақты негізде бизнестегі «корпоративтік сыбайлас жемқорлық», сондай-ақ кез келген айла-амалдармен байланысты қылмыстарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және арнайы шаралар өткізуде.

Бас прокуратура «БТА банк» АҚ заңсыз шығыралған активтерін қайтару мақсатында Ресейде, Украинада, Қырғызстанда және Грузияда шетел активтеріне Банктің бақылауын қалпына келтіру бойынша тұрақты жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, аталған мемлекеттерде және Ұлыбританияда Банктің бұрынғы басшыларын қылмыстық және азаматтық қудалау бойынша жұмыс үйлестірулуде.

Дағдарысқа қарсы Ұлттық Қордан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жұмысы шеңберінде, оның ішінде аффилиирленген тұлғаларды қаржыландырудың жолын кесу мақсатында, тұрақты негізде 2-ші деңгейлі банктерді тексеру жүзеге асырылуда.



Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi және оның аумақтық органдары тұрақты негізде әдейі және жалған банкроттық белгілерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Министрліктің Салық комитеті (бұдан әрі - СК) тұрақты негізде терең және жан-жақты талдау жүргізуде және жалған кәсіпкерлік қызметіне қарсы әрекет шараларын әзірлеуде, салықты төлеуден жалтару, әдейі және жалған банкроттық фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, жалған кәсіпкерлік қызметке қарсы күрестің тиімділігін жақсарту мақсатында қолданыстағы заңнаманы жетілдіруде.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуге алынуы үшін заңды тосқауылдар құрылған.

Сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексіне және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Әділет министрлігі әр түрлі айла-амалдардың, оның ішінде «корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың» алдын алу мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге бастамалық етіп, оларға сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуінен, қайта тіркелуінен бас тарту негіздерінің тізімі кеңейтілген.

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңды қабылдаумен 2007 жылғы 13 тамыздан бастап «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерек қорына пайдалануға берілген, сондай-ақ заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (БСН) қалыптастыру рәсімі басталды.


10-тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін зерделеу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі халықаралық келісімдерді іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (ҚПА (жинақтау), БП, ЖС, ҰҚК, СІМ, ІІМ)

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 30 қарашадағы №895 Жарлығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау, өртке қарсы, авариялық-құтқару органдары мен арнайы қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімі бекітілген.

2010 жылғы 31 мамыр - 4 маусым аралығында Агенттік қызметкері Франциядағы Ұлттық әкімшілік ету мектебінде өткен «Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру» деген тақырыптағы семинарға қатысты.

Ағымдағы жылғы 31 мамыр - 22 шілде аралығында Будапештте (Венгрия Республикасы) Құқық қорғау органдарының халықаралық академиясы (ILEA) бағдарламасының 78-сессиясына қатысу үшін Агенттіктің 5 қызметкері жіберілді.

2010 жылғы 21 маусым - 2 шілде аралығында Ресейдің мемлекеттік қызметшілер академиясына «Ұлттық және халықаралық қауіпсіздік» деген тақырыптағы семинарға қатысу үшін Агенттіктің 3 қызметкері жіберіледі.

Ағымдағы жылғы 26 мамыр - 30 шілде аралығында Лондонның экономика және саясат мектебі экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі жөніндегі халықаралық семинарға қатысу үшін Агенттіктің 2 қызметкері жіберіледі.



Ішкі істер министрлігі құқық қорғау қызметі, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша қазақстандық полиция қызметкерлерін шет елдерде оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2010 жылдың басынан бастап ішкі істер органдарының 35 қызметкері шет елдерде, оның ішінде Ресейде – 15 қызметкер, Қытайда – 3, Түркияда – 11, Голландияда – 2, АҚШ, Беларуссияда, Ұлыбританияда және Германияда – 1 қызметкерден оқыды.

Оқыту нәтижелері бойынша оқу материалдарына талдау жасалып, ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметіне алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізіледі.

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес ағымдағы жылғы 23-24 сәуірде ҚР Жоғарғы сотының, РФ Бас прокуратурасы Академиясының Санкт-Петербург заң институты өкілдерінің, сондай-ақ Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатысуымен арнайы прокурорлар үшін «Сыбайлас жемқорлық бағыттағы қылмыстарды тергеудің ерекшеліктері» деген тақырыпта семинар-жиналыс өткізілді.

Семинарда сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудың соттық қараудың тәжірибесі, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және ашу тәжірибесі мәселелері, оларды Ресей Федерациясында тергеу әдістері, сондай-ақ қазақстандық құқық қорғау органдарының құқық қолдану тәжірибесінің проблемалары талқыланды.

Семинар-жиналыс қорытындысы бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірленіп, материалдар жинағы дайындалып, аумақтық прокуратураларға және қылмыстық қудалау органдарының тергеу бөлімшелеріне жолданды.

Бұдан басқа, Ақтөбе, Қарағанды облыстары және Алматы қаласының прокуратура қызметкерлері 2010 жылғы 14 - 27 қаңтар аралығында Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Академиясының Санкт-Петербург заң институтында сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстық істерді тергеу бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқытылды.



Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасымен 2010 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық озық тәжірибесін зерделеу мақсатында қазақстандық мемлкеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша шаралар белгіленген.

Лаксенбург қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халақаралық академиясымен ынтымақтастық орнату туралы мәселе пысықталуда, оның шеңберінде келешекте осы Академияда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оларды оқыту мүмкіндігін қарастыру болжануда.



Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін зерделеу мақсатында ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі халықаралық келісімдерді орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырды.

Мәселен, 2010 жылғы желтоқсанда РФ ФҚҚ Академиясының үш апталық курстарында экономикалық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшы құрамының (10 адамға дейін) біліктілігін арттыру жоспарланды.

Аталған курстардың оқу-тақырыптық жоспарында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністерге қарсы күрестің жеке аспектілерін ашатын, сондай-ақ арнайы қызметтермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы кешендік шараларын ұйымдастыру және аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін зерделеу көзделген.
11 - тармақ. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу (МҚА (жинақтау), МБА)

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі - Академия) мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша оқытуға арналған оқу бағдарламаларын әзірледі.

2010 жылғы 9-11 ақпанда «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» деген тақырыпта мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары өтті.

Аталған семинарға мемлекеттік органдардың 43 өкілі, оның ішінде Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен басқа да көптеген органдардың өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары үшін «Сот жүйесіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар туралы істерді қарау тәжірибесі» деген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар қамтылды.

2010 жылғы 18 қаңтарда сот жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес секторлары қызметкерлерінің, сондай-ақ сот орындаушыларының біліктілігін арттыру курстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнаманы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы негізінде күшейту» тақырыбындағы Еуропалық Комиссияның сарапшысы, заң ғылымдарының докторы Лонда Эсадзенің қатысуымен лекция ұйымдастырылды.

Аталған бағыт бойынша жұмыстың жалғасы ретінде Академияның сот төрелігі институтының магистранттары үшін «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты» тақырыбында арнайы курстар ұйымдастырылды.
14 - тармақ. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты жұмыс істейтін айдарлар санын көбейту, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды тұжырымдауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейне- және аудиороликтердің прокатын қамтамасыз ету (МАМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері)

Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпаратына сәйкес бүгінгі таңда 2009-2011 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмысы бағдарламасының іске асыруын жария ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, халықтың құқықтық мәдениеті мен санасын қалыптастыру ақпараттық саясаттың басым бағыттары тізіміне жеке енгізілген. Жыл сайынғы қаржыландыру мөлшері 30 миллион теңгені құрайды.

Аталған жұмысты іске асыруға а.ж. І жартыжылдығында 70 республикалық БАҚ тартылған. Атап айтқанда: «Казақстан», «Хабар», «СТВ», «КТК», «Астана», «7 арна», «31 арна» республикалық телеарналары; «Астана», «Казақ радиосы», «Іскерлік желі», «NS», «Сәлем» радиолары; «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Экспресс К», «Страна и мир», «ОКО», «Человек и Закон», «Мегаполис» газеттері; «Қазақпарат»; «Bnews»; «КазТаг» ақпараттық агенттіктері және басқалар.

Халықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кең ауқымды ақпараттық кампанияларын ұйымдастыру бойынша республикалық және өңірлік БАҚ жүйелі жұмыс жасауда.

Күн сайын республикалық телеарналардың эфирі мен баспа басылымдарының беттерінде сыбайлас жемқорлық тетіктерін ашатын ақпараттық материалдардың ауқымды саны шығуда, олар ең алдымен сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды анықтау жұмысының маңызды екенін жария етуге және жалпы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысының нәтижелігін көрсетуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барысын жарыққа шығаруға мемлекеттік емес басылымдар - «Юридическая газета», «Заң газеті», «Экспресс К», «Око», «Страна и мир», «Дала мен қала», «Литер» және басқалары едәуір көңіл бөлуде. Аталған газеттерде «Әділет», «Мәселе», «Преступление и наказание», «Вопрос дня», «Зона внимания», «Жемқорлық», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Факты и комментарий», «Коррупция», «Резонанс» деген айдарлармен нақты мысалдар келтіре отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған материалдар басып шығарылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін республикалық телеарналар эфирінде жария ету «Жеті күн», «Апта кz», «Панорама недели», «Бетпе-бет» ақпараттық-жаңалық және талдау бағдарламалары шеңберінде; «Биржевой спринт», «Бизнес-новости», «Бизнес-мекен», «Экономика сегодня», «Экономика тынысы» экономикалық бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ «Бизнес шолу» және «Бизнес обзор» күнделікті бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстан дамуының едәуір маңызды қоғамдық-саяси проблемаларын талқылауға бағытталған хронометражы 30 минут «Қазақстан» телеарнасының «Арнайырепортаж» бағдарламасы арнайы жобасының шығуын атап өту қажет.

Сонымен қатар, халықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысының тиімділігін күшейту және арттыру үшін Министрлік а.ж. 5 маусымынан бастап «Хабар» және «Қазақстан» телеарналар эфирінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ақпараттық роликтерінің көрсетілуін ұйымдастырды.

Министрлік республикалық телеарналарда Агенттіктің 2010 жылғы 24-25 маусымда «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғат саябағында өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тетіктері мен құралдары» атты Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция туралы анонстық бейнероликтерін ротациялауды ұйымдастырды.

Бұдан басқа, телерадиоарналардың эфирі мен баспа басылымдарының беттерінде мемлекеттік органдар өкілдерінің, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарып жатқан жұмыстары, мемлекеттік органдарда атқарушылық тәртіпті күшейту туралы мақалалары, сұхбаттар, кеңейтілген форматты материалдар тұрақты негізде жария етіледі және басып шығарылады.


15 - тармақ. «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акциялар мен науқандар өткізу (ҚПА (жинақтау) (келісім бойынша), БҒМ, МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП, қоғамдық бірлестіктер)

Қаржы полициясы органдары «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясымен (бұдан әрі – Партия) өзара әрекеттесу бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Мәселен, Агенттік пен Партия арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде қаржы полициясы органдары партиямен бірлесе отырып, азаматтарды қабылдауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады.

Партияның Қоғамдық кеңестерінде ағымдағы жылғы 6 айда қаржы полициясы органдарының басшылары 215 жеке қабылдау ұйымдастырып өткізген және олардың барысында 638 азамат қабылданған.

Ағымдағы жылы Партиямен бірлесе отырып дәрістер, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» түріндегі 305 ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар өткізілген.

Қалың жұртшылық пен азаматтық қоғам институтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес процесіне қатыстыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру және оған жастарды тарту мақсатында Агенттік Партияның қолдауымен ағымдағы жылғы мамырда еліміздің барлық аумағында «Сенің «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОҚ!» деуің маңызды!» атты ақпараттық-насихаттау акциясын (бұдан әрі – акция) өткізді.

Аталған акция шеңберінде мынадай шаралардың кешені өткізілді:

1) бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын органдарда әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қаржы полициясы органдарына жүгінуіне мүмкіндік беретін «Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы Сіз қалай хабарлай аласыз» атты брошюралар таратылды;

2) Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы ірі сауда нүктелерінде қаржы полициясы органдарының сенім телефондары көрсетілген үгіттеу бағытындағы үндеулер таратылды;

3) кәсіпкерлермен диалогты қамтамасыз ету мақсатында қаржы полициясы органдары барлық аймақтарда кіші және орта бизнес субъектілерімен ашық кездесулер өткізді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған үгіт материалдары таратылды;

5) барлық мемлекеттік органдар басшыларының табысы туралы декларацияларын жария етуін көздейтін «Өзіңнен баста» акциясы басталды;

6) «Астана» телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта құқық қорғау органдары өкілдері мен Парламент депутаттарының қатысуымен жарыссөздер өткізілді;

7) Агенттік Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, NEO операторының барлық абоненттеріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін қаржы полициясы органдарының сенім телефонын көрсете отырып sms- хабар жіберді.

Сонымен қатар, Агенттік ағымдағы жылғы 15 наурыз және 15 желтоқсан аралығында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» акциясын ұйымдастырды.

Осы уақыт аралығында қаржы полициясы органдары қызметкерлері білім қызметкерлерімен бірлесе отырып республиканың барлық оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарлары мен тәртіп сағаттарын өткізуде. Республикада жұмыс істейтін 7801 мектепті, 214 колледждерді және 145 ЖОО қамту жоспарлануда.

Акцияның мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіз қатынас таныту болып табылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 15 шілде және 15 тамыз аралығында «Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына азаматтық бақылау» атты акциясын өткізу жоспарлануда, оның негізгі мақсаты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында лауазымды тұлғалардың қызметтік жағдайларын теріс пайдалануларын анықтау және оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсалуына тексеріс жүргізу болып табылады.

«Нұр Отан» ХДП Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қоғамдық кеңесінің төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов төрағалық ететін Агенттік жанында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жалғастырылуда.

2010 жылы Қоғамдық кеңестің 2 мәжілісі өткізіліп, олардың барысында 2009 жылдың қорытындысы бойынша азаматтық қоғаммен және БАҚ өзара әрекеттесуі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша Агенттік қызметінің нәтижелері, сондай-ақ білім беру саласында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайлар қаралды.



Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті «Нұр Отан» ХДП бірлесе отырып, Ақмола және Қостанай облыстары аумағында «Жолдағы қабылдау» атты акциясын өткізді. Акцияға 7 906 астам азамат қатысты, олардың барысында 1420 өтініш қаралып, оның 1229 қанағаттандырылды.

Осындай акциялар Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында өткізілді.



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан студенттері альянсымен, Партия «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып жыл сайын жоғарғы оқу орындарында және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сессия уақытында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Сессия» операциясы!» және «Таза сессия» акцияларын өткізеді.

«Таза сессия» сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампанияның нәтижелері ағымдағы жылғы мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этиканы сақтау жөніндегі комиссия отырысында қарастырылды.

Комиссияда қарастырудың нәтижесі бойынша барлық ЖОО ректорларына басқарып отырған оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, сондай-ақ Қазақстан студенттері альянсының жыл сайын университет студенттері мен профессор-оқытушыларының құрамы арасында ЖОО аумағында социологиялық зерттеулер өткізуге көмек көрсетуі туралы шешім қабылданған.

Бұдан басқа, аймақтарда «Нұр Отан» ХДП, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз мектеп», «Сыбайлас жемқорлық жоқ», «Мектеп пен балабақшада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты акциялар өткізілді.

Аймақтық білім басқармаларына Шаралар жоспары жолданып, барлық білім беру ұйымдарында «Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы» акциясын өткізу тапсырылған.

Ақмола облысы әкімдігі 2010 жылғы 30 наурызда мәжіліс өткізіп, онда «Ақмола облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңдылықтың жағдайы туралы» мәселесін қарастырылды.

Осы мәжіліске «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің төрағасы Б.Г. Рахымбеков, Ақмола облысының прокуроры Б.К. Абдулов, Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Н.А. Жұмабаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы Н.К.Атшабаров қатысты.

Отырыстың нәтижесі бойынша облыс әкімдігінің қаулысы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің пәрменді шаралары анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі 2010 жылғы 19 мамырда Партияның облыстық филиалы мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру - «Нұр Отан» ХДП жұмысының басым бағыты» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаев өзінің сөз сөйлеуінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша облыс әкімдігінің тәжірибелік жұмысын толық баяндады.

Конференция жұмысына сенатор О.Ә.Әбдікәрімов қатысып, ол облыстың атқарушы және партиялық органдары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жүйелі жұмысын атап өтті.
16 - тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын қолдану жөнінде жадынама әзірлеу және тарату (ҚПА (жинақтау), БП, МҚА, БҒМ, МАМ, Әділетмині)

Аталған тармаққа сәйкес Агентік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын қолдану бойынша жадынама әзірлеп, олар мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтерге және компанияларға таратылды.

Бұл жадынамада сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет бар.
17 - тармақ. Жастарға сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік дарыту мақсатында оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша сабақтар өткізу (БҒМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар)

Білім және ғылым министрлігі жоғарғы оқу орындардағы барлық мамандықтардың 1-2 курс студенттеріне «Құқық негізі» курстары оқытылады. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес «Құқық негізі» пәні 2 кредит мөлшерінде (90 сағат) міндетті компонент болып табылады, оны зерделеу барысында мемлекеттік қызметшілер этикасының мәселелері, «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңның негізгі ережелері қарастырылады.

Курстарды аймақтық біліктілікті арттыру институттарында курстарға қатысқан заң мамандығының оқытушылары оқытады.

Қазіргі таңда Министірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мынадай оқу құралдары мен оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеп, ұсынған:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері: Оқу құралы / Рогов И.И., Малш К.А., Бычкова С.Ф. – Алматы: «Транспаренси Казақстан» ҚҚ, Казақстандағы «Интерлигал» ҚҚ, 2004 ж. (қаз., орыс.);

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түсініктеме және баптар жөніндегі материалдар / Мұхамеджанов Б.А., Рогов И.И., Бычкова С.Ф.-Алматы, «Баспа» ЖШС, 2001 ж.;

3. Тұрсымбаев Е.З. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік /з.ғ.д, проф. ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Н.Ағыбаевтың редакциясымен: Монография.- Алматы: Экономик С, 2004 ж.;

4. Барсукова Р.А. Мемлекеттік қызмет саласында қызметтік жалғандық жасаумен күрестің қылмыстық-құқықтық аспектілері.- Астана, 2004 ж.;

5. «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес мәселелері: қылмыстық – құқықтық және криминалистикалық аспектілері». Авторы: д.ю.н., профессор А.Н.Ағыбаев, з.ғ.к. Ш.Р.Жұмагұлова, С.Ж.Сапарбекова;

6. «Сыбайлас жемқорлыққа күрес стратегиясы: теория мен тәжірибе» баптар жинағы, Астана, 2007 ж.;

7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түсініктеме және баптар жөніндегі материалдар / Рогов И.И., Имашев Б.М., Қалмырзаев С.С., Мухамеджанов Б.А., Бычкова С.Ф - Алматы: ТОО «Норма-К», 2008 ж.;

8. Мауленов К.С. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар. - Астана, 2009 ж.;

9. Алауханов Е.О. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес– Алматы, 2008 ж.;

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарында барлық кәсіптер пен мамандар бойынша «Құқық негіздері» пәнін зерделеу көзделген (36 б.), оның шеңберінде «Қылмыстық құқық» бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қарастырылады.

Республиканың жалпы білім беру мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес штабтары құрылған, мектептердің ата-аналар комитеттерімен әңгімелер жүргізіледі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ақпараттық бюллетень басып шығару ретке келтіріліп, 7-11 сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек» тақырыбында сауалнама мен тест жүргізілген.

Сондай-ақ 10-11 сынып оқушылар арасында қаржы полициясы органдары мен «Нұр Отан» ХДП қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен келтірілетін залал туралы ашық сабақтар өткізіледі.

Ішкі істер министрлігі жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі тақырыптар енгізіліп, олар мынадай оқу пәндерінде көзделген:

1) ҚР Әкімшілік құқығы; 2) ҚР құқық қорғау органдарының әкімшілік қызметі; 3) ҚР Қылмыстық құқығы; 4) ҚР Қылмыстық іс-жүргізу құқығы; 5) Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру; 6) Жедел-тергеу қызметі; 7) Криминалистика.

Бұдан басқа, ІІМ колледждерінде «Сыбайлас жемқорлық және оның алдын алудың құқықтық тәсілдері» атты қосымша пән (16 с.) өткізіледі.

ІІМ училищелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы сабақтардың жалпы көлемі 8 сағат.

ІІМ Академиясы «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды саралау» атты оқу құралын әзірлеген.

2009-2010 жылдары ІІМ Қарағанды заң институты «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары: заң, теория және тәжірибе», авторы-құрастырушысы Әбдірахманов С.З., авторлары - Әбдірахманов С.З., Пименов А.В. «ҚР сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күресті жетілдірудің ұйымдастыру-құқықтық және тактикалық негіздері» - атты тиісті монографиялар мен оқу құралдарын әзірлеп, басып шығарған.



Агенттіктің Қаржы полициясы академиясының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқық кафедраларында мынадай арнайы пәндер енгізілген:

1.Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дәрежелеу;

2. Кедендік және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дәрежелеу.

Сондай-ақ, аталған тақырып шеңберінде 2010-2011 оқу жылына мынадай оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленген:

1. Қылмыстық құқық (Ерекше бөлім), оның шеңберінде «Мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқарудың мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа қылмыстар» тақырыбы, 2 курс тыңдаушыларына, көлемі 5 сағат;

2. Криминология, оның шеңберінде «Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және оны алдын алу», 3, 4 курс тыңдаушыларына, көлемі 4 сағат;

3. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дәрежелеу 3 курс тыңдаушыларына, көлемі 90 сағат (2 кредит);

4. Кедендік және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дәрежелеу, 3 курс тыңдаушыларына, көлемі 90 сағат (2 кредит);

Сондай-ақ, Кәсіптік дайындау және біліктілікті арттыру факультеті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пәндер енгізілген:

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дәрежелеу мәселелері (көлемі 4 сағат);

2. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы (көлемі 4 сағат);

3. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылыққа қарсы күресте жедел іздестіру қызметінің ұғымы, маңызы және мағынасы (көлемі 2 сағат);

4. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудің ұйымдастыру-құқықтық ерекшеліктері (көлемі 2 сағат).

Бұдан басқа, кедендік іс, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және тергеу әдістемесі кадефедраланың оқытушылары мектептер мен ЖОО бара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сабақтар өткізген.

Әлеуметтік және қоғамдық пәндер циклі бойынша әлеуметтік және экономикалық-құқықтық пәндер кафедрасы «Салықтық және қаржы заңнамаларын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік проблемалары», «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделі» тақырыптарында «дөңгелек үстелдер» өткізген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыпта сабақтар енгізу шеңберінде ҰҚК Академиясында сыбайлас жемқорлық саласында ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылық және жедел құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы тақырыптық-оқу жоспарын әзірлеген.

Аталған жоспарға сәйкес ҰҚК құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдардың басшылық құрамының (17 адам), сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыты бойынша жедел қызметкерлердің (18 адам) біліктілігін арттыруға арнайы курстар жүргізілген.

Сондай-ақ оқу кезеңдерінде қосымша сабақтар мынадай тақырыптық бағытта ұйымдастырылған:

«Ұлттық қауіпсіздік органдарының халықаралық есірткібизнесімен, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуі»;

«Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің ерекшеліктері»;

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-іздестіру қызметі».

ҰҚК Әскери институтында мектептен тыс кәсіптік оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сабақтар өткізілген. Өз қатарымызды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу ұйымдастырылды.
19 – тармақ. «Транспаренси Қазақстан» қаржы полициясымен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамға» журналын басып шығару және халықтың қалың жігі арасына тарату мүмкіндігін қарастыру (ҚПА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, «Транспаренси Қазақстан» ҚҚ)

Аталған тармаққа сәйкес Агенттік «Транспаренси Қазақстан» қаржы полициясымен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамға» журналын басып шығару және халықтың қалың жігі арасында тарату мүмкіндігін қарастырды.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Агенттікте Жоспардың аталған тармағын Қаржы полициясы академиясы мен тоқсан сайын басып шығаратын «Қаржы полициясы академиясы хабаршысы» журналы шеңберінде іске асыру туралы шешім қабылданды.

Бұл журнал «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға сәйкес Ұлттық Мемлекеттiк кiтап палатасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, Ұлттық кiтапханаға, сондай-ақ уәкiлеттi орган – Мәдениет министрлігіне жолданады.



Қазіргі таңда Қаржы полициясы академиясы Журналды жұртшылық арасында тарату, сондай-ақ аталған Журналда үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде «Транспаренси Қазақстан» ҚК мақалаларын тұрақты түрде басып шығару мәселелері пысықталуда.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы 2010 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша
276.78kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009–2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы»

63.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің

Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы №. 677 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөн

67.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары

Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 2011 жылдарға арналған бағдарламасын Федоров ауданында іске асыру жөніндегі 2010 – 2011 жылдарға арналған іс

73.53kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде

Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған

75.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ақпараты

Жылғы 8 шілдедегі №180-ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асы

47.03kb.

17 12 2014
1 стр.


Жыл Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Ргілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамыт

20.67kb.

23 09 2014
1 стр.


Ri әзірлеу көрсеткіштері 8

Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітіліген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 2014

263kb.

15 10 2014
1 стр.